Балаларды санауға үйрету барысында ойын жаттығуларын қолдану
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
пәні бойынша Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырып Балаларды санауға үйрету барысында ойын жаттығуларын қолдану
Баға
Жетекші:
қызметі, ғылыми дәрежесі
(фамилиясы, аты-жөні)
. Қолы күні
Студент
Топ
Қолы күні
2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
І БАЛАЛАРДЫ САНАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... .
5
1.1 Сан туралы ұғым. Сандардың шығуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
5
1.2 Математикалық ойындардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
8
ІІ БАЛАЛАРДЫ САНАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... .
12
2.1 Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
12
2.2 Мектепке дейінгі балалар математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
15
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектепке дейінгі ұйымға келетін физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектепке дейінгі ұйымдағы оқуға, мектеп өміріне даярлау[1].
Балабақшада балаларды оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес пәндердің өзіндік дамыту мақсат-міндеттері мен білім берушілік, тәрбиелік сипаты анықталған.
Балаларға ойын іс-әрекетінің оқыту барысындағы ықпалы және балалардың танымдық белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыруға әсер етуі туралы атақты ғылым-педагогтар К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренколар және қазақтың белді ағартушы-ғылымдары Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров өз еңбектерінде атап көрсетті. Ойын іс-әрекетінің тәрбиелік маңызы туралы В.И. Петрова мен О.С. Богдановалар жазды. Олар ойынның баланы тұлға етіп қалыптастыруға әсер етуші негізгі фактордың бірі екендігін дәлелдеді.
Балалардың логикалық және абстаркті ойлауына, қиялы мен елестетулеріне, есте сақтауына тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер - ойын әрекеттері болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымға баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде балабақша өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және баланың жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды[2].
Зерттеудің мақсаты: математика сабағында санауды ойын арқылы үйрете балалардың ой-өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау. Ойын арқылы баланың логикалық ойын дамыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және жеке тұлға ретінде игі қасиеттерге тәрбиелеу. Ойын элементтерін үйрету арқылы, сандарды санауға үйрету, қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеудің міндеті:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау.
2. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балаларды ойын санауға үйрету жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде балаларды ойын арқылы санауға үйрету жолдары.
Зерттеу объектісі: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде балаларды ойын санауға үйрету процесі.
Зерттеу әдістері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде балаларды ойын санауға үйрету процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу болжамы: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде балаларды ойын санауға үйрету процесінен мынадай нәтижелер байқалады:
- Балалардың математикалық ұғымдарға деген қызығушылықтарының артуы;
-Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жұмыстарының қызықты өтуі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БАЛАРДЫ САНАУҒА ҮЙРЕТУ МЕН ОЙЫННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сан туралы ұғым. Сандардың шығуы және дамуы
Карл Гаусс математиканың сан салаларына сарапқа сала келіп арифметиканы математиканың патшасы деп бағалаған. Ал арифметиканың негізгі ұғымы - сан.
ХІХ ғасырға дейін математика тарихы жөнінде қалам таратушы авторлардың көбісі сандар мен сандарға амалдар қолдану әрекетін құдайлар немесе кемеңгер философтар шығарған деп түсіндіріп келді. Өткен ғасырдағы ең мықты алгебрашылардың бірі Кронекер бүтін сандарды құдай жасады, қалған дүниені адам жасады, - дегені мәлім. Ескі аңыздарды сандарды біресе Пифагор, біресе Прометей немесе басқа бір пайғамбар шығарыпты-мыс деген тұжырымдар көп ұшырасады. Бұлардың барлығы, әрине, шыңдыққа келмейтін жалаң қорытындылар.
Шындығында, арифметиканың өзі айрықша ғылым болып бертінде қалыптасқанмен, оның басты ұғымы - сан ұғымы өте ертеде, адамзат жазу, сызуды білмеген заманда пайда болған.
Адам баласының ең бірінші қолдана білген математикалық амалы санау болды. Тіпті аз ғана санды білетін жабайы тайпалардың өзі көп нәрседен тұратын жиындарды санауға дейін әрекет жасаған. Бұл жағынан қарағанда адам саннан бұрын-ақ санауды, түгендеуді білген деуге болады. Қайта осы санау, түгендеу ірекеттері негізінде сан ұғымы туады, біртіндеп кеңейеді. [3]
Сан туралы ұғым адамзат мәдениетінің тууымен және оның дамуымен тығыз байланысты. Шынында , егер осы ұғым болмаса, өзіміздің рухани өміріміз бен практикалық қызметімізді тиісті дәрежеде көрсете алмас едік. Есеп - қисап жүргізу , уақыт пен қашықтықты өлшеу , еңбек нәтижесінің қорытындысын есептеу сан ұғымынсыз мүмкін емес.
Сан әуел баста заттарды санаудың қажеттілігінен туған математикалы ұғымдардың бірі. Кейін ол математикалық білімнің дауына қарай жетілдірілді. Бұл ұғым өте ерте заманда адамдардың практикалық қызметтерінінен қажеттілігінен келіп туды.
Жалпы алғанда сан ұғымы басқа ешқандай емес тек шындық дүниеден шыққан . Өте ерте заманда пайда болған сан ұғымы көптеген ғасырлар бойы жалпыланып, кеңейе түсті. Сонда сан жайындағы түсініктер адамзаттың практикалық мұқтаждығына, мәселен, шамаларды өлшеудің қажеттілігіне және математиканың өзінің ішкі мұқтаждығына байланысты кеңейіп отырғандығы байқалады. Мысалы, шамаларды дәлірек өлшеудің мұқтаждығы оң бөлшек ұғымының тууына себепті болса, теңдеулерді шешу тәжірибелері мен осы санаудағы теориялық зерттеулерге байланысты теріс сандар пайда болды. Бастапқыда санның жоқ екенін белгілеу үшін қолданылған нөл саны теріс сандар енгізілгеннен кейін сан ретінде қарастырылатын болды.[4]
Математиканың алғашқы ұғымы - сан ұғымының тууына түрткі болған адамның еңбек әрекеті. Еңбектену әректінде оған бұйымынң мөлшерін өлшеп білу керек болды. Әрине бұл ұғым бір күннің, әйтпесе бір жылдың тіпті, бір ғасырдың ішінде қалыптаса қойған жоқ. Сан ұғымының қалыптасуына мыңдаған жылдар керек болды.
Мәселен, жас бала сануды жаңа үйрене бастағанда сандарды саналушы заттардан ажыратпайды, оларды бір-бірімен біріктіріп қарайды, мысалы, бес саусақ, бес асық, жеті қарандаш т.б. Міне, осы сияқты сан ұғымы алғаш пайда болғанда саналушы заттармен біріктіріліп қаралды. Бірақ сонан бара-бара сан ұғымы саналушы заттардан ажыратылып абстракциялық (дерексіз) ұғымға айналды.
Адамзат мәдениет есігін ашабастаған шақта, ең алдымен натурал сандарды қолданды. Олар мыналар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12... Жеке заттарды санаудың нәтижесінен келіп шыққан бұл сандар адамзат мәдениетінің ең негізгі табыстарының бірі болып табылады. Егер сан ұғымы болмаса, рухани өміріміз бен практикалық қызметімізді өз дәрежесінде көрсете алмаған болар едік, есеп қисап жүргізу, уақытты, қашықтықты өлшеу, еңбек нәтижелерінің қорытындыларының есептеп шығару сан ұғымынысыз мүмкін болмаған болар еді[5].
Ертедегі грек математикасының іргесін қалаушылардың бірі Пифагор сан жөнінде былай деген екен: сан - дүниенің заңы және оның байланысы, барлығын анықтайтын және танып білетін құрал, заттар дегеніміз сандарға еліктеу, заттардың түпкі мәнісі және олардың жаратылысы - сан, әр түрлілікті бірлікке келтіруші және гармониян туғызушы - сан.
Заттардың өздерінің - өздеріне немесе басқаларға қатынастары сансыз және оның мәнісінсіз ешкімге де айқын болмаған болар еді. Санның жаратылысы және оның құдыреттілігі тек тәңірі ісінде ған кездесіп қоймайды, оның адамзаттың бүкіл әрекеттерінде, қолөнерлерінде істеген кәсіптерінде бүкіл өнер мен музыкада да кездестіруге болады.
Сандарды табиғат құбылыстарын зерттеуге қолданудың өзі, осы сандардың материалдық дүниеден пайда болғанын көрсетеді.
Дүниеден табиғат құбылыстарын зерттеуде сан негізгі құрал болып табылады. Қазіргі дәуірдегі сан туралы берілетін ұғымды күрделі және ұзақ тарихи даму процесінде пайда болған нәтиже деп қарау керек.
Жазудың пайда болуымен байланысты натурал сандардың әрқайсысын таңбалау ісі қолға алынды. Бұл таңбаларды цифрлар деп атайды. Сандардың аталуының және таңбалауының әрбір жалпы тәсәлін санау жүйесі да талай ғасырлардың жемісі. Өз уақытында мәдениетті болған және жазуы бар халықтарда тиянақты санау жүйесі де болды.
Қазірде екіден артық сандарды қолданбайтын халықтар бар. Мәселен, Австралия мен Полинезиядағы көп тайпалардың санаға қолданылатын барлық сандары 1 мен 2 ғана. Осы екі санды бір-бірімен үйлестіріп, олар бірімен үйлестіріп, олар 3-ті, 4-ті, 5-ті, 6-ны т.б құрастрып айтатын көрінеді. Торрес бұғазындағы аралдарды мекендейтін тайпалардың да санау үшін қолданылатын сандары 1 мен 2[6].
Шынында адамзат мәдениет құшағына жаңа ене бастағанда, ең тұңғыш рет пайдаланған жүйесі осы екілік жүйе еді. Ғылым мен техниканың орасан дамыған қазіргі біздің заманымыздағы екілік жүйенің маңызы тіпті үлкен. Мысалы, электрондық есептегіш машина осы екілік жүйе бойынша есептейді.
Ауызша санау және жазбаша нөмірлеу үшін екілік жүйе тіпті қолайсыз, себебі бір санды жазудың өзі көп орын алады. Осындай қолайсыздығына қарамастан екілік жүйенің артықшылығы да бар. Мысалы, екілік жүйеде қосу, көбейту және бөлу амалдары тіпті оп-оңай жасалады.
Қазір жер жүзіндегі барлық мәдениетті халықтардың, қолданатын санау жүйесі - ондық жүйе. Бұл жұйе - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі, оны ойлап табуға бүкіл халық болып атсалысты деуге болады. Мәдениеттің даму тарихында адамзаттың тәжірибелік қимыл әрекеті үшін ондық жүйедегідей үлкен ғылыми прогресс жасаған, терең ықпал тигізген мысалдар көп емес.
Ондық жүйенің пайда болуы он саусақ бойынша санаумен байланысты болғанынына шүбә келтіруге болмайды.
Сан және фигура ұғымдары, - деп жазды Энгельс, - басқа ешқайдан емес, тек шындық дүниеден алынған. Адамдардың санауға үйренген, яғни алғашқы арифметикалық есеп шығаруға үйренген он саусағын не десеңіз ол деңіз тек әйтеуір ол ақыл-ойдың еркін шығармашылығының жемісі емес1 .
Санау жүйесінің негізіне оннан басқа да санды алуға және бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшуге болады.
Ертедегі вавилондық астрономдар санау негізі үшін алпыстық жүйені алған. Сағаттың және бұрыштық градустың алпыс минутқа, секундқа бөлінуі де осылан қалған болу керек.
Математика өз алдына ғылым болып қалыптасқанша, әр елде санау жүйесі әр түрлі болды. Мысалы, Скандинав түбегіндегі елдердің тілінде бестік жүйе ізінің күштілігі, ал француз, ағылшын, голланд тілжерінде жиырмасыншы жүйенің сақталғаны байқалады.
Егер санау жүйесінің негізіне оннан артық, мәселен, он екіні алса, онда сандарды таңбалау үшін біздің қолданып жүрген цифрларымыз жетпеген болар еді.
Санау процесінде адамзат әрбір жеке сандардың арасындағы байланысты тауып меңгерумен бірге барабара сандарға тән жалпы заңдарды тапты, мысалы, қосынды қосылғыштардың орналасу ретіне немесе заттарды санау нәтижесі осы санау қай ретте жүргізілгеніне тәуелді емес екенін тәжірибеден байқады[7].
Адамның айналысатын практикалық жұмысы неғұрлым көлемді және күрделі болған сайын, соғұрлым оның алдына қойылатын талаптар да келелі болады. Заттардың мөлшерін білумен және олардың саны туралы пікір алысудан басқа, санаудың нәижесін белгілеу қажет. Бұл талапты орындау үшін сандардың аттарын кәмілдікке жеткізуден басқа, ол сандардың әрқайсысын таңбалау керек болды. Санды таңбалау дегеніміз оны дыбыс жүзінде емес жазу жүзінде атау. Егер жеті деп атайтын болсақ, онда ең алдымен біз жеті деген ұғымды түсінбеміз, 7 цифрды елестетеміз.
Сандарды таңбалаудың маңызы, біріншіден, дерексіз сан ұғымын нақтылы түрде көрсетуге, екіншіден, сандарға жүргізілетін амалдарды іс жүзінде асыруға үлкен мүмкіндік берді. Ойша есептеуден гөрі, қағаз жүзінде есептеу әлдеқайда жеңіл екендігі әркімге мәлім.
Ертедегі Қытайда, Индияда, т.б. кейбір елдерде мультипликативті тәсілге негізделген я жүйелері болды. Мұндай жүйелерде шамалары бірдей сан бірліктері, ондықтары, жүздік немесе мыңдықтары үшін ұқсас символдар қолданылды, бірақ әрбір символдан соң, оң разрядының атауына сәйкес белгі қойылып отырды.
Қазіргі ондық санау жүйесі біздің заманымыздың V ғасыры шамасында Индияда пайда болды. Бұл жүйенің тууына ең үздік шешім болып саналатын - жоқ санды - 0 цифры арқылы жазу тәсілі себепші болды.
0 қалай пайда болған десек, оған бастау вавилондықтардың нөлдік разряд, белгілетін арнайы символы бар екен. Біздің заманға дейінгі ІІ ғасыр шамасы: вавилондықтардың астрономиялық еңбектерімен грек ғалымдары танысады. Солардың есептеу кестелерімен бірге гректер вавилондық санау жүйесін алады, бірақ 1-ден 59-ға дейінгі санда гректер өз алфавиттік нөмірлеу тәсілімен жазып шығады. Мұның ең тамаша ерекшелігі грек астрономдары нөлдік мәнді белгілеу үшін 0 символын алады (ештеңе деген грек сөзінің алғашқы әрпі). Осы белгі, біздің пайымдауымызша, қазіргі нөлдің алғашқы нұсқасы болып шығады.
1.2 Математикалық ойындардың маңызы.
Баланың математикалық түсініктерді меңгеруі, оның дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты балабақшадан басталады. Тәрбиеші күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығуларды қолданады. Дидактикалық ойындарды оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан-жақты, бағыт-бағдар беріп отырады. Яғни балалардың ой-өрісін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс-тәсіліне үлкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс-әрекеті балаларға пайдалы, қызықты болады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселерге назар аударылады[8].
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың да рөлі ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың да рөлі ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады[9].
Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Ата - аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез - құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым - қатынасы қалыптасады. Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер - мемлекетіміздің мығым тірегі - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері - мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.
Зерек бала бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4 - 5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі - балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті - рөлдік ойындар Почта, Дәріхана, Дүкен, Аурухана, Кітапхана, Отбасы, Балалар бақшасы болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінісе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.
Ойын түрлері:
Дидактикалық ойындар;
Шығармашылық ойындар;
Сюжеттік ойындар;
Қимылды ойындар;
Ұлттық ойындар;
Педагогикалық ойындар.[10]
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету мынадай топтарға бөлінеді:
- Сан және санау;
- Көлем;
- Пішін;
- Уақытты бағдарлау;
- Кеңістікті бағдарлау.
Сан және санау көлемінде балалар 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер, шағын әңгімелер арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілермен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгереді.
Көлем бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл - қозғалыс үйлесімдігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар үлкен кіші қысқа қысқарақ сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді.
Ал Уақытты бағдарлау бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс - әрекеті мен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды
(таңертең ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйықтаймыз, күндіз ойнаймыз) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс - әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар қолданылады.
Кеңістікті бағдарлау бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді, оның жоғары және төменгі оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
Пішін бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру.
4 - 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор. Сонымен қатар балаларға тағы бір ойын түрі саусақ ойының ойнатуға болады.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. [11]
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: Саусақтар сәлемдеседі ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. Адамдар келеді. Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген қуырмаш ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.[12]
ІІ БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ САНАУҒА ҮЙРЕТДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның өзі оларға білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгеріп, өмір туралы түсініктерін жетілдіріп еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеудің маңызы өте зор. Ата - аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез - құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдыларды жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады.
Зерек бала бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4-5 жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік құралға сандар, цифрлар, геометриялық фигуралар, логикалық тапсырмаларға байланысты қызықты ойындар мен жаттығулар қазіргі әдіс-тәсілдерге сай алынған. Ондағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер жаңа әдіс-тәсілдермен өткізіледі, бұл баланың тыңдаушы болып қана қоймай, оқу іс-әрекетіне тікелей қатысып отыруына мүмкіндік береді. Балалар дидактикалық ойындар арқылы пайымдауға шығармашылық тұрғыдан ойлануға өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға үйренеді.
Әдістемелік құралдардағы тапсырмалар оқу бағдарласамы бойынша мынадаый топтраға бөлінеді:
Сан және санау
Көлем
Пішін
Уақытты бағдарлау
Кеңістікті бағдарлау.
Сан және санау көлемінде балалар 1-ден 5-ке дейінгі цифрлармен
танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттанды үйренеді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге берілген тапсырмалар мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптасыруға арналған. Балалар ертегілер, шағын әңгімелер арқылы ретті санаумен танысады. Ертегілермен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгереді[13].
Көлемі бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл-қозғалыс үйлесімдігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар үлкен кіші қысқа қысқарақ сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді.
Ал Уақытты бағдарлау Бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс-әрекеті мен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды (таңеретең ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйықтаймыз, күндіз ойнаймыз).
Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс-әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар қолданылады.
Кеңістікті бағдарлау бөлімінде балалар бұған дейін алаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz