Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Н5-33
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КЖ. 050101. 12.12.17.СБ.
Тақырыбы:

Жетекші: п.ғ.к., проф.
Қолы - - - - - - - - - күні
Орындаған студент
тобы қолы - - - - -
Павлодар 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
І. Мектеп жасына дейінгі балаларға әдеби шығармалар арқылы эстеикалық талғамын қалыптастырудың ғылыми негіздері
5
1.1 Көркем шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру тралы зерттеулерге шолу
5
1.2 Бала тілін дамытуда фольклорлық шығармалардың маңызы
8
Тәжірибелік бөлім
14
2.1Балабақшадағы бағдарламаларда қолданылатын көркем шығармалар
14
2.2 Балалар фольклорын талдау
18
ҚОРЫТЫНДЫ
25
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
26
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Еліміздің төл Конституциясында Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамының , сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселеріне ерекше көңіл аударылған.[1]
Әр халықтың эстетикалық дүниетаным, мәдениеті, эстетикалық талғамы өнер және әдеби туындылармен ерекшеленетін өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде халық көркем шығармалары баланы сұлулық заңдылықтарымен таныстыру және әсемдікке баулу құралы екені сөзсіз. Өйткені, көркем әдебиет жанрларын балалар бар жан-жүрегімен қабылдайды, сезінеді, сол арқылы өмірді танып, оған көзқарасы қалыптасады, мінез-құлық, мәдениеті жетіліп, қоршаған орта туралы білімі дамиды.
Сондықтан, мектепке дейінгі мекемелерде, халықтың бай қазынасы көркем шығармаларға балалардың қызығушылығын дамыта отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі жайында қарапайым түсініктер беріледі. Бұл орайда көркем шығарма арқылы баланың эстетикалық талғамын, сезімін, өызығушылығын, қабылдауын, мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогкалық жұмыстармен танысу, отбасы тәрбиесінің ұлттық дәстүрлерін талдау балаларды ауыз әдебиетінің түрлеріне, ертегілерге, жұмбақтарға, мақал-мәтелдерге, жаңылтпаштарға, санамақтарға қызығушылығын ерте бастан оятып дамыту басты міндет. Бұл орайда көркем шығарма арқылы баланың эстетикалық талғамын, сезімін, қызығушылығын, қабылдауын, мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді, байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру) жетілдіріп, олардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтеді, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Сондықтан, эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы - мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды.
Филология ғылымында балалар фольклоры деп аталатын мазмұны кең, балалардың жас ерекшеліктеріне арналған және сол балалар аузымен ғана айтлып, өмірге талғам-сезімін дамытатын мөлдір бұлақтың бар екендігі. Яғни, балаларға арналған халық шығармалары сәбилер мен жеткіншетердің табиғи ерекшеліктеріне лайықтала тұрса да, олар халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, діни наным-сенімімен өмірімен, өмірімен қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшілігіне, қоғамдық даму сатыларына қарай жетіліп, атадан балаға ауысып отыратын ұлттық нәрі мол қастерлі мұра. Көркем шығарманың дүниетанымдық ықпалы, тәлім-тәрбиелік маңызы жайлы зерттеу дәстүрі ертеден қалып алып, дамып келеді. Кезінде қазақ даласындағы ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари т.б) болашақ жастарды имандылық, адалдылық, шыншылдық, әсемдік, сұлулықты тани білуге шақырған халық даналығын жас ұрпақтарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп есептеген.[2]
Олардың эстетикалық, рухани даиуына , қоршаған орта, табиғат, заттар мен құбылыстардың әсемдігі мен рекшелігі, үлкендердің еңбегі, адамдардың тұрмысы жайындағы дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына көркем шығарманың зор ықпалы туралы теориялық ой-пікілер, ерте грек ойшылдардың (Аристотель, Платон) философиялық, эстетикалық пікірлерінен, орта ғасыр ғұламаларының (Августин, Ф. Аквинский) ой топшылауларынан, қайта өрлеу дәуіріндегі (Леонардо да Винчи, Л. Альберти, А.Дюрер т.б.) қайраткерлердің еңбектерінен, француз ағартушыларының (Руссо, Дидро, Вольтер), ағылшын философтарының (Э.Хатчесон, Аддисон, Д.Юм, Г. Хом) философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алады.
Эстетикалық тәрбиенің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін зерттеуде К.Д.Ушинский, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, А.П. Усова және т.б ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Ұлттық мәдениет пен жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуындағы көркем шығарманың әсері мен оқу, білімнің маңызы туралы Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов сынды халқымыздың ағартушы - қайраткерлері құнды пікірлер айтқан. [3]
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан зерттеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық беру жүйесін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
- Қазақ балалар фольклорын сараптау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру маңызын анықтау.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу болжамы: Егер, балабақшада тіл дамыту сабақтарында фольклорлық шығармаларды пайдаланса, онда балалардың эстетикалық талғамы қалыптасады.
Зерттеу әдістері: Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.

1.1 Көркем шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру жайлы
Қазіргі заман талабынан туындайтын мəселелердің бірі - жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, əлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, əдебиет пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дəстүрдегі сұлулықты, жақсы мен жаманды ажырата білуге тəрбиелеу. Олай болса, ата- бабаларымыздың салт-дəстүрлерін,əдет- ғұрпын, əдеби, мəдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып, парасатты, эстетикалық талғамы жоғары азамат eтіп тəрбиелеп өсіру баршаның міндеті. Ал эстетиканың ғылым ретінде жеке философиялық пəнге айналу кезеңі XVIII ғасырдан басталғаны белгілі. Яғни эстетикалық тəрбие- қоғамдық дамудың əрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс.[4]
Философиялық әдебиеттерді алып қарайтын болсақ, эстетика деген сөздің өзінде былайша түсініктер берген. Эстетика - көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.
Ал эстетикалық дегеніміз не, бұл сөз нені білідреді?
Бұл гректің сөз, оның тікелей аудармасы сезінушлік дегенді білдіреді. Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы - бұл адамдардың сезінуі. Бала мен балалардың өзара қарым-қатынасынан эстетикалық тәрбие туындайды. Қарым-қатынас қоғамды, адамдардың рухани өмірі үшін, яғни қай сала болмасын, адамдардың көзқарасын, позициясын бірте-бірте өзгеруіне алып келеді.
Адамзат баласының жеке бір тұлға болып дамуы мен қалыптасуы өте күрделі процесс. Осы қалыптасу барысындағы оңай емес бір жағы - оған эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие айналаны қоршаған табиғат әдемілігі мен таңқаларлық сұлулықты, көркемдікті көре, сезе білуге, соншалықты оны терең сезінуге үйретеді. Шын мәніне келетін болсақ, көркем шығарманы қадірлеп, түсіну арқылы қабылдайды.
Эстетика термині қазіргі ғылымда мәдениеттің эстетикалық құрамдас бөлігін көрсету үшін де қолданылады. Кейбір оқулықтарда (мысалы, Ю. Боревтің) қазіргі эстетиканың әлемдік көркем тәжірибені қорытатындығы айтылады. Ю.Б. Боревтің айтуынша, эстетика - жалпыадамзаттық құндылықтар мәні, олардың тууы, болмысы, оларды қабылдау және бағалау, сонымен қатар адамның кез келген іс-әрекеті процесінде дүниені эстетикалық қабылдаудың жалпы принциптері туралы философиялық ғылым болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алдына қойылатын мақсаттардың бірқатарын жеке бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бұл әсемдікті сезінуді тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі. Екіншіден, бұл өмірдегі және өнердегі әдемілікті көре және қабылдай білу, бағалай алу қабілеттерін қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің мақсаты - көркемдік талғамды қалыптастыру. Төртіншіден, өзіндік шығармашылыққа және әсемдікті өзі жасауға қабілеттілікті дамыту. Эстетикалық тәрбиенің мәнін өзінше түсіну оның мақсаттарын анықтаудың тұрғыларын таңдауға әсер етеді. Сондықтан эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтау ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Ең бастысы - тұлғаның іс-әрекетте жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық құндылықтардың жасаушысы болуына, олардың және қоршаған ортаның әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Адамның болмыс пен өнерге эстетикалық қатынасын қалыптастырумен қатар эстетикалық тәрбие олардың жан-жақты дамуынан да әсер етеді. Ол адамның адамгершілігін қалыптастыруға жағдай жасайды, оның ойлауы мен қабылдауын, ұйымдастырылуын, тәртіптілігін, ерік-жігерін сомдайды.
Кез келген мақсат міндеттер арқылы ғана іске асатыны мәлім. Педагог-ғалымдардың басым бөлігі үш негізгі міндетті бөліп көрсетеді. Біріншіден, белгілі бір элементарлық эстетикалық білімдер мен іскерліктердің қорын жасау, оларсыз эстетикалық маңызды заттар мен құбылыстарға қызығушылық, ынта тумайды. Эстетикалық тәрбиенің екінші міндеті - алынған білімдер және эстетикалық қабылдау қабілетін дамыту негізінде адамға эстетикалық маңызды заттар мен құбылыстарды қабылдауға және бағалауға, олардан ләззат алуға мүмкіндік беретін оның әлеуметтік-психологиялық сапаларын қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенің үшінші міндеті әр тәрбиеленушіде эстетикалық қабілеттердің қалыптастырылуымен тығыз байланысты. Ең бастысы - тұлғаның индивидті белсенді жасаушыға, эстетикалық құндылықтарды құрушыға айналдыратын, оған дүниенің әдемілігінен ләззат алып қана қоймай, оны әдемілік заңдарына сәйкес өзгертуге мүмкіндік беретін қасиеттері, қажеттіліктері мен қабілеттерін тәрбиелеу, дамыту. Бұл міндеттің мәні - адамның әсемдікті сезініп қана қоймай, одан ләззат алып, бағалап қана қоймай, өзінің де өмірдегі, өнердегі әдемілікті жасауға қатысуында.
Жоғарыда атап өткен міндеттер эстетикалық тәрбиенің мәнін ашуға септігін тигізеді, дегенмен олар мәселеге педагогикалық тұрғыдан келуді ғана көрсетеді. Бұл жерде эстетикалық тәрбиенің психологиялық тұрғысын да естен шығармауға тиіспіз. Олардың мәні - эстетикалық тәрбие процесінде адамда эстетикалық сана қалыптастыруда. Эстетикалық сананы педагогтар мен психологтар эстетикалық тәрбиенің мәнін көрсететін және адамның эстетикалық мәдениетінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар категорияларға бөледі. [5]
Эстетикалық және көркемдік тәрбиелеу мақсаттарында балаларда әсемдікті сезінуді дамыту, көркемдік талғамдарды, әсемдік, әсіресе өз аймағының мәдениет, әдебиет пен көркемөнер туындыларын түсіну мен бағалай алу қабілетін қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз болады. Бұл ұлттық мәдениет, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет салаларындағы ең жоғары жетістіктерді негіз етіп алуды көздейді. Ал ол өз кезегінде рухани мұраны айрықша және жүйелі түрде қабылдауды, халық үшін ең жақсы, алдыңғы қатарлысын, жақын әрі маңыздысын сұрыптап алып, дамытуды, мәдени құндылықтар бетпердесі арқылы түкке тұрмайтын және жалған заттардың еніп кетуіне кедергі жасап, жат және қас нәрселерді алып тастап, жеңуді қажет етеді. [5]
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезеңінде тіл дамыту әдістемесінің негізін салған Е.А.Флерина мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың маңызын ерекше зерттеді. Ғалым туындылардың тілі арқылы баланың эстетикалық тәрбиеге баулуына өсетінін дәлелдеді. Көркем шығарманың өнердің ең биігі екенін, оны балаларға таңдап беруге мұқияттылық қажеттігін атап көрсетті. 1930 жылы жарық көрген Балабақшадағы жанды сөз атты педучилищелер мен институттарға арналған еңбегінде көркем әдебиет туындылар арқылы балаларды әңгімелесуге үйрету, мәнерлеп оқу және мазмұнын қайталап айтқызу мәселелерін көтеріп, әр мәселеге қатысты әдіс-тәсілдерді ұсынды[6] .
Адамдардың түрлі рухани қажеттіліктерін эстетикалық мәдениет, оның ішінде ұлттық өнер, әдебиет сияқты толыққанды қанағаттандыра алатын шығармашылық саласы жоқ.
Мектеп оқушыларына қазақ этнопедагогикасы, қазақтың декоративті-қолданбалы қолөнері негізінде эстетикалық тәрбие беру мәселесі туралы белгілі ғалым-педагогтар С. Ұзақбаеваның, А.А. Бейсенбаеваның, М. Балтабаевтың, К. Әмірғазиннің еңбектерінде сөз болды.
С. Ұзақбаеваның айтуынша эстетикалық тәрбиенің қалыптасып, дамуына қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі поэтикалық және музыкалық шығармашылығы (мақал-мәтелдер, ертегі, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, эпос, жыр, терме, айтыс, ән-күйлер) орасан үлкен рөл атқарды және бүгінгі күнге дейін атқарып та келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келген оның таңдамалы үлгілері өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына айналды. Халықтың көркемдік шығармашылығының бұл түрлерінің ішінде XVIII-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларының да орны ерекше.
Қазақ ғалымдары ішінде әдебиет пәнінің балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық тәрбиесіне әсерін жан-жақты қарастырған Ш. Әлібеков болды. Автор өз еңбегінде қазақ әдебиетінің үлгілері арқылы халықтың әсемдік, сұлулық жайындағы ойларын ашуға тырысқан. Халық мұрасы өзінің әсем сырымен, өмірлік тәжірибелік қазынасымен қазіргі заман өнерімен үндесіп, оның сонылығын, эстетикалық бағалылығын айқындай түсуге көмектеседі деп айтқан Ш. Әлібеков қазақ фольклорының эстетикасын халық өнерінің алуан түрімен қатар алып зерттеу оның мазмұн байлығын, суреттеу тәсілінің молдығын, эстетикалық бағалылығын арттырады, халық шығармашылығының барлық саласы - поэзия, музыка, қол өнері, пластика, сәулет өнері сияқты түрлерінің көркемдік жолының бір екендігін, өзара тығыз байланыста өсіп қалыптасқандығын танытады дейді[7].
Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени мұрасын, соның ішінде ауызекі шығармашылығын меңгереді. Алайда шектеулі жоспармен өтілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде халықтың ауызекі шығармашылығы, оның бір ғана бағыты - ертегіні толығымен меңгертіп шығу мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде балалардың қызығушылығына, таңдауына қарай ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының рөлі ерекше.[8]
Халықтың фольклорлық шығармаларының бір мол саласы - ертегілер. Қазақ халқы ертегіге бай елдердің бірі. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, А. Алекторов, П. Мелиранский, Ш. Уәлиханов сияқты беделді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары "Дала уалияты", "Айқап", "Туркистанские ведомости", "Туркистанкая газета", т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді.
Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмашев, Е. Ысмайыловтар белсене араласты. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар а) мифологиялық, (қиял-ғажайып) етегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; б) тұрмыс - салт ертегілері.
Ертегіні оқып-білу балалардың эстетикалық талғамын, құндылық көзқарасын қалыптастырумен бірге, эмоциялық сезімін және адами асыл қасиеттерін жетілдіреді.
Халықтың ауызекі шығармашылығының мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде пайдалануды тек бүгінгі күннің мәселесі деп қарауға болмайды. Ол қайсібір кезеңдерде болмасын педагогика ғылымының зерттеу объектісінен түскен емес.[8]
1.2 Бала тілін дамытуда фольклорлық шығармаларлың маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланың дүние танымын, ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу тілінің лексикалық қорын жетілдіру, эстетикалық талғамын оятып, адамгершілкке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең-әндер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісіне тиек болғаны белгілі.
Сөз - тілдің негізі. Көркем мәтіндегі сөздер тілдің бейнелік кұралдары болып табылады, кылыштай кесіп түсетін өткірде дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратын болгандықтан, сабақтың барысында баланың жүрегін толқытып, бойын балқытып, киялын шарықтатындай жағдай туғызуы керек. Мектепке дейінгі бағдарламада бала
тілін дамыту жұмысына баса көңіл бөлінген. Бұл жай құбылыс емес керісінше балаланың техникалық қасиеттерінің дамып жетілуіне әсер ететін процесс. Сондықтан мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы, бұл тәрбие жұмысының ұйытқысы. Балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, айналасын танып, бағдарлай білуге үйретіпү қатынас құралы ретінде көркем шығармаларды пайдаланудың маңызы аса зор[7].
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде пайдаланылатын шығарма түрлері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел, санамақ және басқалар.
Балдырғандар көркем шығарма оқиғасын шынайы өз мағынасында түсінеді. Психологтардың пайымдауынша балалар көркем шығармадағы іс-әрекетті, оқиғаны тура мәнінде қабылдайтын екен. Бұл әңгіме, ертегі, естілгеннен кейінгі алған әсерін олардың іс-жүзіне асыруға ұмтылуынан байқалған. Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-әрекеттері балдырғандарға қатты әсер етеді. Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінен көрінеді. Кейіпкерлерге еліктеу олар үшін өмір шындығын сезініп, тану мектебі іспетті. Есейген сайын мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі айналадаағы заттарды түсіну негізінде молайады. Балалар енді айтылған сөзді көбірек түсінеді. Оларды оқытуда ертегі, әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады. Баланың айтқан сөзді ұғынуы ой-түйсігінің дамуын ілгерітіледі. Сөйлеу кезінде грамматикалық құрылымды ұғынуды, байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды қалыптастыру кез-келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
Халқымыз сәбидің өсуінің әр кезеңін халық жыр-өлеңімен қоштап, әлпештеп өткізуге қам жасаған. Халық жыры - баланың құлағына ең алғаш естілетін көркем шығарма сөздер.
Мазмұны жағынан халық жыры әр-түрлі. Көбі бөбек туралы, оларға деген ата-ананың махаббаты, игі тілегі, қамқорлығы жайында.
Кішкентай бөбегі бар үйде Бесік жыры бүгін де ежелгі әуенмен айтылады. Қоңыржай әуенмен айтылатын бұл жыр нәрестені уатады, ұйықтатады. Көбіне бесік жыры баланы жеке уатуға арналады. Халық жырларының мазмұны көбінесе көңілді, сергек болады. Осыған орай интонациясы да әр түрлі естіледі. Бөбектерге арналған жыр мен төрт түлік мал және оның төлдері туралы тақпақтарды ауызша айтқандығы интонациясы жылы леппен, мейірімді үнмен шықса керек. Ермек тақпақтарын айтқандағы интонация көңілді, күлдіргі болуға тиіс. Тәрбиеші халық жырын топта да, баланы жеке ойнатқанда да пайдалануына болады. Тәрбиеші күлдіргі тақпақтарды айтқанда, баланы ойната отырып, интонациямен де, қимылмен де мәз-мейрам етіп, көңілдендіреді, күлдіреді.
Сәбилер тобында Саусақтай балақан тақпағын үйлесімді ырғақпен айтқанда мәз болып алақандарын соғады.
Балаларға арналған халық жырларының көлемі шағын, сондықтан тәрбиеші оны мән-мәнеріне келтіріп, жатқа айтуға тиіс. Оны бөбектер де сол естіген сазымен естерінде сақтап айтып жүретін болады.
Бала неғұрлым жасырақ болған сайын оқуды соғұрлым қимылдармен, көрнекі заттардың көмегімен қоса жүргізгенді ұнатады. Ал ересек топтағы балаларға ауызша сөзбен көмек беру пайдалы. Тек прозалық шығармалар - ертегі, әңгіме, повестер ғана әңгімеленеді. Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап алу. Оны мәнерлеп сол мамандықты жетік меңгергендігінің басты белгісі. Балаларды көркем шығармамен таныстыру сабақтарын олардың жас айырмашылықтарына байланысты жүргізуді тәрбиешілер әртүрлі ұйымдастырады. Өте кішкене балалардың әрқайсысымен жеке - жеке және 2 - 6 адамнан тұратын топтарға бөліп өткізеді. Кішірек жастағылар тобын оқығанда немесе әңгімелегенде тыңдай білу үшін 2 бөліп өткізеді.[10]
Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры - халық фольклорының арналған салаларының бірі. Ол халықтң дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған қазақ балалар фольклоры балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығармалар қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логикалық жүйелігімен, музыкалық әуенімен, өнегелі мазмұнымен,ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай - үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақтар, жаңылтпаштар, шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:
Әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да - ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі.
Жеткіншектер поэзиясы. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтығынмен ғана ерекшеленбейді, поэтик құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орыдауында қатар өмр сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады.
Ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ пен өлең ойындарды(тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басм көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңытпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады.
Балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күндлікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.[11]
Қазақ халқының ауыз әдебиеті берері мол, сан салалы рухани мұра. Ғасырлар бойы зерттеуші ғалымдар ауыз әдебиетінің жанрларын жинақтап, алуан түрінің сыр сипатын, табиғатын анықтап жатса да халқымыздың бұл салада бай өнері сарқылар емес. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.
Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында аздыкөпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.[12]
Балабақшадағы маңызды әдістің бірі - мәтіндерді, өлең-тақпақтарды балаға тыңдату әдісі деп көрсетті ғалым Әбдікәрімова Т. өзінің мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі деп аталатын еңбегінде. Бала ықыласпен тыңдауға үйренгенде ғана сөздердің мағынасын, жалпы мәтіннің мазмұнын саналы қабылдайды. Бала тыңдайтын шығармалар оның жасына лайық болуы тиіс. Сөзі түсініксіз қиын мәтіндердердің бала ешқашан да оң қабылдамайды. Сондықтан оларды таңдауда арнайы оқу бағдарламаларындағы материалдарды тауып ұсыну қажет. [13]
Осы талапты ескеріп, балабақшаға арналған бағдарламаларда 3-4 жастағы бала үшін С. Көбеевтің Шал мен балалар, Ә. Ақпенбетұлының Лақтар мен қасқыр, Көкқұтан мен бақалар; халық ертегілерінен Түлкі мен ешкі, Ат пен есек секілді шығармаларды, ал 4-5 жастағы естиярлар тобына Ы. Алтынсариннің Әке мен бала, А. Тоқмағанбетовтың Аяз Ата, халық ертегілерінен Түлкі мен қоян, Қаз бен түлкі, Қарлығаштың құйрығы неге айыр секілді шығармаларды мәнерлеп оқып, мазмұнын қайталап айтқызу ұсынылған. 5-6 жастағы ересектер тобына С. Көбеевтің Атасы мен немересі, Қ. Мырза Әлінің Желім атты шығармалары мен ауыз әдебиеті үлгілерінен Түлкі мен бөдене, Жан жануарлардың дауласқаны т.б. берілген шығармаларды балаларға жас ерекшеліктеріне қарай ауызша оқып немесе үнтаспадан тыңдатуға болады. Біртіндеп мазмұны ғана емес, танымдық жағы да күрделеніп отыратын мұндай шығармаларды тыңдату арқылы баланың сөйлеуге мүдделігі дамытылады. Ал бұл өз кезегінде сөздік қордың табиғи тұрғыдан дамуына әкеледі[14].
Отандық зерттеушілерден Р. Жұмағожина 1980-жылдары Халық ауыз әдебиеті үлгілерін балабақшада қолдану атты зерттеу еңбек жазды. Ол еңбекте Р.К. Карпинскаяның Художественное слово в воспитании детей деген әдістемелік құралындағы теориялық тұжырымдар негізге алынды[15].
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда әдістердің ішіндегі балалардың тілін дамытудың тиімділігі түсіндіру әдісі екендігі осы еңбектерде сарапталған. Бұл әдіс балаға жаңа сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Мысалы, балаға шығармаларды оқып болғаннан кейін, Кім? Не? Деген сұрақтарға жауап бере беретін қандай сөздер айтылғанын сұрау олардың зейінділігін дамытуда өзіндік рөл атқарады. Бұл - оқылым кезінде және жазылым барысында жүзеге асыруға ыңғайлы әдіс.
Оқу-тәрбие үдерісінде алға қойылған көркем шығармамен таныстыру жұмысы тәрбиешіге де, әдіскерге де жүктелетін күрделі жұмыс. Балабақша баласы өздігінен әрекет етуі үшін айналасымен жанды қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Бұл орайда ең тиімді әдіс интегративтік әдіс деп саналады. Интегративтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеграция деген ұғымнан келіп шығады. Бұл әдістің негізгі мақсаты - оқу-тәрбие үдерісінің барлық сатысында біріктірілген әрекеттерге жағдай тудыру.
Бала тілін жетілдіру бағыттары туралы ақпарат құралдарында қазіргі балалардың көркем туындыға үрке қарайтыны, олардың компьютер, теледидар бағдарламаларынан ажырамай бара жатқаны айтылған.
Десек тағы Әр балада көркем поэзияға деген сүйіспеншілік туғызуға болады дейді Р.И. Жуковская, ол нәтижеге жетудің 8 түрлі жолын көрсетеді.
Өлеңнің мазмұнына қызықтыру;
Өлеңдегі суретке-образға қызықтыру, оның суретін салғызу;
Баланың шығармашылық қабулетін (тақпақ оқу, сахнадан сөйлеу т.б.) ояту, педагогтің баланы өз күшіне, қабілетіне сендіруі;
Үлкендердіің мәнерлеп оқи білуі, тақпақтарды, өлеңдерді, мысалдарды, ертегілерді персонаж атынан айтылатын өлеңді мәтіндерді қабылдату жолдарын ғалым өз еңбегінде осылай жүйелеп берген[16].
Топ ерекшеліктеріне қарай әдеби шығармаларды оқу мен арнайы көркем әдебиет сабақтарын жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек:
1. Әр шығарманы оқу алдында баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, сәбилер (3-4 жасар балалар) алғаш рет балабақшаға келді. Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақщада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының барлығы, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өткізіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (өт күрделі емес) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.
2. Көркем шығармаға арналған жоспар 14-15 күнге лайықталып жасалады. Онда қандай шығарма оқылуы, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындары нақты көрсетілуі тиіс. Әрбір шығарма бойынша ұйымдастырылатын ойынның мақсаты (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру) белгіленуі керек.
3. Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
4. Сәбилер тобында (3-4) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыра, шығарманы тиісті дауыс реңкімен, интонацияны балалардың көз алдына жанд суреттер әкелетіндей қоя білуі міндет. Мәнерлеп оқу техникасын жақсы ұстанған тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды тыңдауға еліктіре түседі. Балалардың әрқайсысы тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. Кіші топ балаларына тақпақты арнайы жаттау қиынырақ. Алайда тәрбиеші өзі жатқа айтқанда, шығарманың қажетті шумағын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz