Математика сабағында көрнекі құралдарының қолдануының психология- педагогикалық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы: Математика сабағында көрнекі
құралдарының қолдануының психология-
педагогикалық негіздері
Орындаған:
.
Тексерген:
Алматы 200 ж.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1. Көрнекіліктің оқытуда қолдануының тарихи
мәліметтері
1.2. Оқыту-тәрбие процесінде көрнекі құралдардың
қолдануының психология-педагогикалық негіздері
1.3. Математиканы оқытудағы көрнекіліктің қолдануының
түсініктері, классификациясы, сипаттамасы, әдістемесі
1.4.Математика сабақтарында көрнекі құралдардың қолдануы
бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар
III.Қорытынды
Қолданылынған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде барлық күшті тәрбиеге,
оқушылардың өзіндік жұмыс істегенде білім мен дағдының қалыптасуына,
мұғалімнің оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігіне жауапкершілігін
арттыруға жұмсау керек. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрестің дамуының
жылдамдығы мен еңбектің шығармашылық бағытта ұстануы оқытудың жаңа түрлері
мен ұйымдастыруының әдістерін іздеуді талап етеді.
Оқыту мен тәрбие берудің жаңа мазмұны мұғалімдердің жұмысындағы әдіс-
тәсілдеріне қатал сұранысты тудырды.
Оқытудың әдістерінің жетілуі оқытудың формасына әсер етті. Оқыту
оқушыларда репродуктивті (қайталама) ғана емес, продуктивті (шығармашылық)
ойлауға бағыт алған. Сабақ енді мұғалім көмегімен белсенді өз бетінше білім
іздеу түріне айналу барысында бағыт ұстанды.
Мұғалім еңбегі мен оның тиімділігі: оқытушының ғылыми біліміне,
педагогикалық ұстамына, эрудициясына, жеке тұлғалық қасиеттеріне және де
тағы басқа факторларға байланысты болады. Әрине еңбек тиімділігіне оқушылар
да әсер етеді, ең басты мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы және де оқыту-
тәрбие процесі қандай жағдайда өтіп жатқаны әсер етеді. Ю. К. Бабанский оқу-
тәрбие процесінде қолайлы жағдайлардың болуы оқу тиімділігіне әсер ететін
бірден-бір тәсілі деген.
Оқушылар білімді саналы түрде қабылдау үшін алдымен осы білімді
материалдау және олармен жұмыс істеу тәсілдерін, оларды сыртқы формаларын
көрсету керек. Осыған дидактиканың басты принциптерінің бірі ( көрнекі
оқыту принципі сүйенеді.
Қазіргі кезде математиканы оқытудың әдістемесінің басты проблемасы:
оқыту процесін оқу құралдары мен оларды қолдану туралы әдісінің жетілмеуі,
мұғалім мен оқышының еңбегінің тиімділігін қамтамасыз ету, білім мен
дағдының сапасын көтеру саналады.
Оқу процесінде көрнекі құралдың қолдануы туралы көптеген мәселелер
талқыланған. Осындай сұрақтармен: Ы. Алтынсарин, Р. Г. Лемберг,
В.Г.Болтянский, С.Г.Шаповаленко, Я.А. Коменский және т.б. педагог-ғалымдар
айналысқан.
Қазіргі кезде көрнекілікті және ТСО-ны оқытуда қолдану туралы
көптеген әдебиеттер бар. Бірақ оларға көрнекілікті қолдануды уақыт
тиімділігі арнайы бақылау мәселесі болмағаны осы әдебиеттерді анализдеуден
көруге болады.
2
Мүғалімдердің міне осындай әдістемелік құралдардың жеткілікті
жетілмеуі мен жетіспеулігі зерттеудің бағытын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты болып көрнекі құралдардың қолдану әдістерін
ойластыру мен оларды математика сабағында қолдануында психология-педагогика
принциптерін көрсету.
Зерттеу объектісі - жалпы білім беру мектебіндегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні - оқушыда оқылатын материал бойынша нақты түсінік
қалыптастыру мақсатында математика сабағында көрнекілікті қолданып, оқу
процесін ұйымдастыру.
Зерттеудің меторологиялық негізі:
1) түтас педагогикалық процесс туралы түсінікпен;
2) оқушылардың психология-педагогикалық және жас ерекшелігімен
анықталды.
Қойылған проблема келесілерді шешуге алып келді:
1) математика сабағында көрнекілікті қолданудың психология-педагогикалық
негіздерін оқу;
2) тәжірибе-педагогикалық жұмыста математика сабағында қолданылатын
кейбір көрнекі құралдардың әдістемесін жасап, оны негіздеу.
Зерттеудің гипотезасы келесі жоруларды құрды, егер:
- көрнекі құралдар тек сабақ тақырыбына сай қолданылса;
- оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып;
- уақытты үнемдей отырып, мұғалім мен оқушылардың еңбегінің ұйымдастыруын
жақсартады;
- оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етіп, оқушылардың зейінің жақсартады.
Психология мен педагогика көзқарасы бойынша көрнекі қолданып
ұйымдастырылған оқу процессі оқушыларды жалықтырмай, шартшатпай продуктивті
түрде еңбегін арттырады.
3
Тәжірибе педагогикалық процесс үш кезеңде өтті:
1) тақырып актуалдігі анықталып, зерттеудің негізгі ғылыми аппараты
анықталып, керекті әдебиеттер ізделінді;
2) әдебиеттер мұқият оқылып, қарастырылып, мектеп мұғалімдерімен
тақырып бойынша сұхбат жүргізіліп, әдістемесімен танысу және керекті
көрнекі құралдарды жасау;
3) әртүрлі оқу кезеңдерінде көрнекі қолданылудың тиімділігі мен
мүмкіндігін педагогикалық тәжірибе кезінде анықтау.
Зертеудің практикалық мазмұны болып, зерттеудегі теориялық қорытындылар
мен ғылыми-әдістемелер ұсыныстар жалпы орта білім беру мектептерінде
кеңінен қолданыста болуы.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Математика сабағында көрнекі құралдардың қолдануының
психология-педагогикалық негіздері. деген Ⅰ бөлімде оқытуда көрнекіліктің
қолдануының тарихи мәліметтері берілген; көрнекіліктің қолданылысының
психология-педагогикалық принциптері; көрнекіліктің түсінігі, қолдану
әдістемесі бойынша мағлұмат алуға болады.
Математика сабақтарында көрнекі құралдардың қолдануы
бойынша тәжірибе-педагогикалық жұмыс деген Ⅱ бөлімде педагогикалық
практика кезіңде көрнекілікті қолдану туралы эксперименттік жұмыстың
мазмұны берілген.
Қорытындыда негізгі тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар.
4
1.1. Көрнекіліктің оқытуда қолдануының тарихи мәліметтері
.
Мектепте көрнекіліктің қолдануының тарихы терең. Ең алғаш болып
оқытуда теориядан практикаға, яғни әртүрлі көрнекілікті қолданып,
түсіндіріп оқытуды енгізген чеш педагогы Ян Амос Коменский (1542-1670)
саналады. Бұл принцип оның барлық еңбектерінде орын алған, әсіресе Ұлы
дидактикада. Коменский мектепті өмір сарынына жақындатқысы келді,
мектептің заман лебіне сай болуын қалады. Өмір мен мектепті бір-бірімен
байланыстыру көрнекі оқыту принципін ұсынуға Коменский бет алды.
Адам қоршаған ортаны тек сезім мүшелерімен ғана қабылдай алады.
Осыған ғылымның негізі негізделген. Бұдан біз көрнекілік –оқытудың негізгі
әдісі екенің көреміз.
Коменский көрнекіліктің педагогикалық негізін көрсетті. Ол тек қана
баларды жас ерекшеліктеріне ғана бөліп оқытуды емес, сонымен қатар балардың
бүтінді тез қабылдауын көрсетті, яғни Коменский бүтіннен бөлшекке,
белгіліден белгісізге көшуді ұсынған. Коменский көрнекілікті
Сезімдік таныммен байланыстырыды, ал бақылауды кез-келген білімді игерудің
негізі деп санады.
Көрнекілік туралы француз Ж.Ж.Руссо (1712-1778) да: тәжірибе сабақ
алды (Эмиль, немесе тәрбие туралы), немесе бала саналы жасқа жеткенше
идеяны емес тек бейнені қабылдайды деген пікірлер қалдырған. Руссо
кітаптық, яғни тек кітап бойынша оқуға үлкен наразылығын білдірген
адамдардың бірі. Осы жерде өз еңбегінде ол Эмиль үшін 12 жасқа дейін
ешқандай кітаптың қажеттілігі жоқ деген. Оған оқулық болып табиғаттың өзі
болып табылады деген.
Пестолоцци (1746-1827) да Коменский мен Руссо сияқты көрнекі
принципін қолдаушылардың бірі. Пестолоцци ... Мен негізінен адамзатты
оқытуда не істедім? ... Мен оқытудың ең жоғарғы, негізгі принципін
көрсеттім. Ол қабылдаудың негізі болатын – көрнекілік екенін мойындадым .
Көрнекілікті тек ең негізгі принцип деп қоймай, ол оны басқа оқытудың,
нақтылай түскенде, сөздік оқытуға қарама қарсы қойды. Көрнекілікті
бақылаудан негізін алған шындық, сөйлеудің керек еместігін көрсетеді
деген. Песталоцци бақылау ( абстрактілік ойлау дамуының бірінші қадамы ғана
деп түйді. Геометрия пәнінің мектептерде оқытылуына үлкен мән бере отырып,
Песталоцци бастауыш мектептерде алдымен оның көрнекілік қимылдары арқылы
берілуін кейінірек – Евклид геометриясының қажеттілігін талап етті.
5
Педагогика ғылымының классиктері Коменский, Руссо, Пестолоцци
көз қарастары бойынша олар мектеп жұмысын ғылым негіздеріне негіздеп,
балалардың қабылдауыны байланыстырған. Қабылдау дегенді олар әр қайсысы
әртүрлі түсініп, осыдан көрнекіліктің әр түрліше түсініктерін қорытқан.
К.Д.Ушинский (1824-1870) өзінің көрнекілк туралы түсінігінде тереңдей
түскен. Ол: Бала пішіндермен, түстермен, дыбыстармен, сезімдермен,
ойлайды; баларға көрнекі оқыту қажеттілігі туады,
ол түсініктер мен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты
бейнелерге негізделген деген.
Осыдан біз Ушинскийдің көрнекілік туралы түсінігі оның замандастарына
қарағанда кең екенін көрсетті. Ол көрнекілікті тек көру қабілетімен ғана
емес, сонымен мәнерлеп оқу, мазмұндау деп түсінген.
Ушинский психология мен физиология ғылымдарына сүйеніп, оқыту нақтыдан
абстрактіге қарай бағытта болу керегін көрсетті.
Қазақстанның білім саласына өз үлесін қосқан, ағартушы-педагог
Ы.Алтынсарин (1841-1889) болды. Алтынсарин ең алғаш Қазақстанда-
жалпыпедагогикалық, дидактикалық, әдістемелік, көрнекілік, оқытудың
мақсаты, тәрбиелік т.б. ғылыми түсініктерді енгізген. Мектеп алдына қойған
Алтынсариннің негізгі мақсаты болып Мектеп көрнекі және практикалы түрле
айналадағы өмір мен табиғат туралы түсінік беру керек. Ол тек кітап арқылы
ғана емес, көрнекі көрсету түрінде болу керек., - деген.
М.Жұмабаев Педагогика атты кітабында Балаға бір пікірді
түсіндірмекші болсақ жалаңаш пікірді айтуға қасиет жоқ болса, пікірді
көрнекілік көмегімен түсінгені дұрыс - деп тұжырымдайды.
Көрнекілік принципті жүзеге асыру құралы туралы М.А.Данилов пен
М.Н.Скаткиннің Орта мектеп дидактикасы еңбегінде, А.М.Пышкало мен
М.И.Мороның еңбектерінде қарастырылған. Мұнда математика сабағында көрнекі
құралды пайдалану нақтылық пен абстрактылықтың бірлігін оқытудағы
көрнекілік принципін іске асыру дейді. Көрнекілік дегеніміз – қарастырып
отырған құбылысты нақтылау. Математиканы оқыту процесінде оқу көрнекі
құралдарының атқаратын қызметі, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге,
оларды пайдалану мақсаты сабақтың мазмұнына, оқушылардың дайындығына тығыз
байланысты.
Тағы да көрнекі туралы қызықты зерттеулер жүргізген Р.Г.Лемберг,
С.Г.Шаповаленко, Н.Д.Хмель, В.Г.Болтянский т.б.
6
1.2.Математика сабағында көрнекі құралдардың қолдануының
психолого-педагогикалық принциптері.
Көрнекі оқу құралдары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келу
керек. Көрнекі құралдарды пайдалану оқушылардың белсенділігін, ынтасын
арттырып, кейбір ұғымдарды тез оңай игеруіне әсерін тигізеді. Сабақты ылғи
көрнекілікпен де негіздеуге болмайды.
Көрнекілікті қолданудың негізінде қарапайым психологикалық процестер
анықтамасы жатыр.
Баланың өмірінде кезектесіп үш түрлі ойлаудың формасы қалыптасады.
Ол: көрнекі - әрекеттілік, көрнекі - бейне және абстрактілі - теоретикалық
(түсінушілік). Бірақ соңғысы алдындағы екеуін мүлдем ығыстырып жібермейді.
Оқыту процесінде абстрактілі - теоретикалық қана емес көрнекі
-әрекеттік және көрнекі - бейне ойлау бір - бірімен тығыз байланыста дамып,
қалыптасып отырады. Бұл қатынас, көрнекі мен абстрактілі ойлау, ауызша
және жазбаша түрдегі мәтіннің пішіндер, бейнелер тіліне көшкенде орнайды.
Абстрактілі ойлау көрнекі ойлаусыз пайда бола алмайды деген тұжырымға
әкеледі. Біз түзуді тек оны жүргізгенде ғана, ал шеңбер ұғымын тек оны
салғанда ғана, үш өлшемді кеңістік туралы тек үш перпендикулярды бір
нүктеде ғана қиылыстыру арқылы ғана ой -түсінік қалыптастырамыз - деп
жазған Кант.
Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін,
құралдар пайдаланып немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу. Бірақ
сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып өткізуге кейде
мүмкіндік те болмайды. Сондықтан көрнекі оқытудың басқа түрлері де
кездеседі.
Көрнекі оқытудың бұл түрі сабақта өтілетін жаңа материалдарды
оқушының бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Көрнекі
оқытудың осы түрі де, оқушылардың сабақ меңгеруінде негізгі роль атқарады.
Өйткені мұғалім күрделі оқу мазмұндарын оқушыларға жеткізу үшін, ол неше
түрлі тәсілдер арқылы олардың өткен кезде басынан кешіргендерін қайта
жаңғыртады. Сөйтіп, жаңа мазмұнды оқушының бұрынғы білетіндерімен
байланыстыра отырып, мұғалім оны білмейтінін білуге жетелейді.
Көрнекіліктің тағы бір түрі заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың
бейнелерін, сызықтар, суреттер жатады. Көрнекіліктің соңғы түрі заттар мен
құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмаған жағдайда
7
қолданылады. Көрнекіліктің осы түрі заттардың дәл өзіндей болмағанымен, сол
заттардың көрінісі жайында оқушыларда нақты бейнелер туғызады және оқу
материалын түсіндіруде оқушының өз басынан кешіргендерін жаңғыртуға
мүмкіндік береді.
Көрнекіліктің бұл түрлерінің қайсысын қандай жағдайда пайдаланудың
тиімді екені оқушылардың жасына, пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Көрнекілікті дұрыс пайдалануға, мынадай бірнеше талаптар қойылады.
Мысалы: көрнекі құрал сабақтың белгілі бір кезінде қажет болғанда
көрсетіліп, осыдан соң оқушылардың көңілін оған бөлмеу үшін жиналып
қойылады. Сыныпқа әкелген көрнекі құралдарға бала қызығып, мақсатпен мән
беріп бақылаудың орнына, оған жай қызығушылықпен қарайды да, сабақтың
нәтижесіз болуына әсер етеді. Сонымен қатар сабақта көрнекіліктерді үнемі
көрсетуге әуес келе бермей, оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен
көрнекіліктерді ұштастырып және осыларды бірінен соң бірін алмастырып отыру
керек. Сабақты осылай етіп, түрлендіріп отырудың тиімді екені мынадан: егер
мұғалім оқу мазмұнын үнемісөз арқылы түсіндіруге әуес келсе, онда балалар
тез болдырады. Ал сабақ материалы үнемі алмасып, сабақтың бір жері сөзбен
баяндалып, өзге жерлері көрнекілікпен ұштастырып отырса, онда мидың бір
алабы ғана қозып қоймай, басқа орталықтары да кезекпе-кезек қозып, оқушылар
іске ұзақ мезгіл болдырмайтын келеді.
Көрнекі құралдардың психологиялық функциясы деген сұраққа жауапта
А.И. Леонтьев Көрнекілік білімді меңгеру процесінде мұғалімнің
басшылығымен балаларда ішкі әрекеттің сыртқы тірегі болып саналады,
деген.
Оқытудың негізінде әрдайым зерттелінетін объектілерді қабылдау
жатқанын ескерсек, оқушы ең алдымен оқушының сезім мүшелеріне әсер етуге
тырысады. 6-7 жастағы бала өте қарапайым деңгейде болса да кеңістікте
бағдарлау тәжірибесінен құр алақан емес. Енді баланың табиғи дамуына қарсы,
алдымен жазықтықтағы фигураларды, көп жылдық үзілістен соң ғана орта
мектептің 10-11 сыныптарында кеңістік денелерін оқып-үйренуге көшу
психологиялық зерттеулерге қарағанда қеңістікті сезіну қабілетін жоғалтуга
әкеледі. Жоғары сынып оқушыларында геометриялық денелердің сүлбелерін
қалыптастыру - оқушылардың психикалық дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне
бетбұрыс жасау .
Кеңістіктегіні елестету, кеңістікті ойлау т.с.с. ұғымдар психология
ғылымына тән, сондықтан кеңістіктік ұғымдарды енгізу барысында бірқатар
психологиялық ерекшеліктер ескеріліп отыруы тиіс. Сонымен қатар, кез-келген
геометриялық материал пәннің өзіне тән логикасына
8
сәйкес мазмұндалады. Баланың психикалық даму заңдылықтарына сәйкес елетін
кеңістікті елестету топологиялық қасиеттерден метрикалық қасиеттерге көшу
арқылы дамиды. Ал, мектептерде дәстүр бойынша бұл үрдіс кері ретпен
жүргізіліп келеді.
Кеңістіктік ойлаудың өзі сүлбелерді жасау, оларды түрлендіру, және
кеңістікті бағдарлау сияқты үш маңызды псикалық үрдісті қамтиды және
олардың әрқайсысы ойлаудың қажетті, бірақ жеткіліксіз құраушылары болып
табылатыны белгілі. Кеңістіктегіні елестету ойлауды емес, ес пен түйсікті
іске қосудың нәтижесі болса, кеңістіктегі сүлбілерді түрлендіру ойлаудың
жемісі, ал кеңістікті бағдарлау ( субъектінің немесе объектінің кеңістегі
орны мен бағытын анықтауға бағытталған іс-әрекет.
Осы мәселелерді шешу мақсатында геометрия сабағында, әрине,
көрнекліктер көптеп қолданылып жатады. Дидактикалық тұрғыдан көрнекіліктер
когнитивті және пайымдаушылық роль атқарады. Бірінші жағдайда ол
проблеманы шешудің үрдісін, амалын, ретін көрсетсе, пайымдаушылық функциясы
шешілген есептерді бейнелеумен шектеледі. Осы тұрғыдан алғанда когнитивтік
көрнекілік оқытудың дамытушы функциясын іске асырса, пайымдаушы көрнекілік
оған кері әсер етеді.
Оқушылар геометриялық кеңістіктің нақты кеңістіктен ерекшелігін
түсінуі үшін сабақ барысында көрнекі құралдарды қолдануға психологиялық
тұрғыдан сауаттылықпен қарау керектігі қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы
психолог - мамандардың мектеп геометриясын оқытуға қойып отырған
талаптарының бірі.
Ендігі кезекте әрбір көрнекіліктің педагогикалық принципіне тоқтала
кеткен жөн болар.
Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып
табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың
сызба-нұсқасын өндеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өндей білуге және оны
тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей
білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні
зор.
Демонстрация.
Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процестерді,
объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен
игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуге, заттарды сыртқы пішінімен
таныстырғанда кеңінен қолданады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы
немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттар, құбылыстар мен процестердің,
9
керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске
асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау
дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация
өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы
танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы,
геометриялық фигуралардың өлшемдері игеруге көмектеседі.
Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып,
демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін
аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктігіне қарай
пайдалана білу үшін қолданылады.
Бейне әдістері.
Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды
көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың
процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суреттер,
схемалар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен қолданылады. Көрнекілік іс-
тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр.
Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән
беру керек. Көрнекі құралдардың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық
процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған
мәселесі – иллюстрациялық материалдың оптимальды көлемін анықтып алу.
Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар,
таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны
пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.
Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайды, оны бақылауда, бекітуде,
қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті
кеңінен атқарады.
Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген,
индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың
түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным
процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген.
Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқылатын құбылыстардың
көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың
қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін
10
жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын , дәптер
тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық
және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды
ұйымдастырады.
Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді.
Бұл әдіс:
← жаңа білімді беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді,
яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам
процестерді бақылау;
← түрлі іс-әрекет түрлерін алгоритмде орындалуын оқыту;
← өмір мен білім байланысын бекіту;
← тест өткізуді ұйымдастыру;
← алдын-ала жұмыстар, жаттығулар, моделдеу, қажетті өлшемді жасау;
← сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық
жағын ұйымдастыруды компьютерлік есепке алу;
← оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару
сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптимальды
жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.
Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен
тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруғы қатаң талаптар қояды,
олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді.
Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы
біліктілігін, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар
жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.
Кейбір көрнекіліктер әсіресе карточкалар немесе жеке тапсырмалар
оқушылардың жекелей бағалап қана қоймай, оларды өз бетімен жұмыс істеуге
үйретеді. Бұл өте маңызды, себебі әр шығарылатын есепті тек өз бетінше
шығару барысында миға, түйсікке құйып алуға болады. Бұл өздігінен есептің
шығарылу жолын есте терең сақтап қана қоймай, болашақта осындай есепті
шығарғанда еш қиындық туғызбайды.
Көрнекілікті өз қолымен жасағанда барлық гигиеналық талаптарды ескеру
керек. Бұл дегеніміз жасалған көрнекілік үлкен әріптермен жазылып артта
отырған оқушыларға жақсы көрініп, әріптердің, жазудың түсі тым жарқын
немесе тым ашық түстермен жазылмау керек. Себебі тым ашық немесе жарқын түс
қолданылып жазылған мәлімет баларға психологиялық тұрғыдан қарағанда
әртүрлі әсер етеді. Жасалатын
11
көрнекілік түсінікті әрі қарапайым, мазмұнындағы мәліметті тез арада
түсініге болатындай болу керек.
Көрнекілік құралдарды математика сабақтарында қолданар алдында оның
педагогикалық және психологиялық принциптерін міндетті түрде ескеру керек.
Әрине алдын ала болжау жасау керек. Оның негізгі идеясы қолданылатын
көрнекіліктің оқушыларға психологиялық тұрғыда қандай әсер қалдыратынын
білу және де көрнекілік қолданылысында сабақтың яғни тақырыптың қаншалықты
жақсы игерілетіндігін, қандай жетістіктерге жететіндігін білу міндетті.
1.3. Математиканы оқытудағы көрнекіліктің қолдануының түсініктері,
классификациясы, сипаттамасы, әдістемесі.
Математикалық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі
және техникалық құралдарды (модельдерді, таблицаларды, сызбалар мен
суреттерді, арнайы диа-кинофильмдерді) тиімді пайлану арқылы іске
асырылады.
Көрнекі құралдар оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен
конструктивтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мәселен, өзара тең екі
үшбұрыштан параллелограмм салу есебін шығарғанда сызбаға қарағанда үшбұрыш
модельдерінің берері мол. Сонымен бірге, көрнекі құралдар оқушылардың
кейбір практикалық іскерліктерін шындауға ықпал етеді. Расында, егер оқушы
қолына эклиметрді (бұрыш өлшегішті) ұстап көрмесе, қанша айтқанмен оның
вертикаль жазықтықтағы бұрышты өлшеу жөніндегі түсінігі қажетті дәрежеге
көтерілмейді. Сондай-ақ көрнекі құралдар математикалық объектілерді
жүйелеуге және сараптауға жәрдемдеседі. Мысалы, алгебра курсында шамалардың
арасындағы тәуелділіктерді графиктік түрде кескіндеу арқылы оқушылардың
тәуелділікті түсінуін жеңілдетеміз.
Алайда көрнекі құралдарды орынсыз пайдалану оқушылардың абстрактілі
ойлауын тежеуі мүмкін, соның нәтижесінде сызба сызғанда, есеп шығарғанда
қажет болатын кеңістік жайлы түсініктері тиісті деңгейде дамымай қалуы
мүмкін. Сондықтан төменгі класта көрнекілікті басымырақ пайдаланып, сынып
жоғарлаған сайын көрнеклікті азайта түсіп, абстарктілі ойлауға, сызбаларды
елестету арқылы салуға машықтырған жөн. Дегенмен, көрнекілік пәлен сыныпта
басталып, түген сыныпта аяқталсын, анау тақырыпта көбірек, мынау тақырыпта
азырақ пайдаоан деп кесіп айту
12
қиын. Көрнекі құралдарды пайдалану сыныптағы нақты жағдайға қарай
анықталады. Мәселен, қайсыбір стереометриялық есептерді шығарғанда, алдымен
оқушылар берілген фигураның сызбасын салу тиіс. Ол сызбаны бірден
сызатындары да, сыза алмайтындары да табылады. Міне, осы жерде мұғалім
кейбір оқушыларға түсіндіріп, ал кейбіреулеріне диафильдерді,
диапозитивтерді немесе оның моделін көрсетіп, өз мақсатына жетуі мүмкін.
Математиканы оқыту барысында:
а) модельдер мен макеттер;
ә) таблицалар;
б) диапозитивтер, слайдтар, кодограммалар және проекциялауға
арнаған дидактикалық материалдар, диафильдер;
в) кинофильмдер мен кинофрагменттер сияқты көрнекі құралдарды
пайдаланады. Сондай-ақ, көрнекі құралдаға әр алуан геометриялық, есептеу
және өлшеу аспаптары жатады.
Мектептегі дәстүрлі көрнекі құралдардың бірі(таблицалар. Олар
өздерінің дидактикалық функциясы жағынан анықтама таблицалар және жұмыс
таблицалары болып екіге бөлінеді.
Анықтама таблицалар оқушылар жұмыс үстінде еске түсіруге тиісті
материалдарды немесе сынып жұмысы кезінде қажет болатын мағлұматтарды
қамтуы мүмкін. Мұндағы маңызды мәселе оқушыларды анықтама таблицалармен
жұмыс істеуге машықтандыру. Мәселен, егер оқушы латынның b әрпін қалай
оқуды білмесе, онда мұғалім ол әріптің бэ деп оқылатынын айтумен бірге,
сыныпта ілулі тұрған Латын алфавитінен көрсетуді талап етуі керек.
Оқушылар формулаларды толық түсініп игергенше анықтама таблицалардың
ілулі тұрғаны дұрыс. Анықтама таблицалар қайталау сабақтарында да,
өздігінен жұмыс істегенде де пайдалы.
Жұмыс таблицасы бірсыпыра міндеттерді жаппай шешуге арналған. Кейбір
жағдайда таблицаның бір бөлігі жұмыс таблицасы болады да, екінші бөлігі
анықтама таблица болады.
Дегенмен, өндірісте даярланған таблицалардың мазмұны кейбір
мұғалімдерді қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім өзіндегі
таблица қорын байыту үшін оларды қолдан жасауы керек. Технологиялық
тұрғыдан таблицаларды қолдан жасау қиын емес. Бірақ анықтама таблицаларды
жасау тек формулаларды қағазға түсірумен шектелмейтінін есте сақтау керек.
Сондықтан таблицаға қажетті материалды сұрыптау, оларды пайдалану
әдістемесін таңдау, материалды таблицада ретімен орналастыру,
психологиялық, физиологиялық және
13
гигиеналық талаптарды ескеру мұғалімнің міндеті болып табылады. Сонымен
бірге, таблицалармен қатар, сабақ диапозитивтері мен кодопозитивтері
анықтама материалдардыңролін атқаратынын ескерген жөн.
Математика сабақтарында материалдарды түсіндіруді жеңілдету
мақсатымен, әр алуан модельдер мен приборлар кеңінен қолданылады. Олардың
көпшілігі өндірісте даярланады, ал кейбіреулерін қолдан жасауға болады.
Олар 7-9 геометриясы бойынша жылжымалы модельдердің жиынтығы, бұрыштың,
үшбұрыштың, төртбұрыштың, топсалы модельдердің жиынтығы, стеорияметрия
бойынша демонстрациялық материалдар (авторы А.А. Стуканов), стереометриялық
фигуралар жиынтығы (авторы И.Н.Середа), стереиометриялық прибор (авторы
А.И.Раев), стереометриялық жәшік және т.б. олардың кейбіреулеріне ғана
тоқталамыз.
Топсалы модельдердің жиынтығы топсамен біріктірілген стерженьдер иен
түтікшелерден тұрады. Олардан үшбұрыштар мен төртбұрыштар құрастыралады.
Стереометриялық модеьдерді құрастыруға арналған тетіктердің жиынтығы
(авторы И.НСереда) Түзулер мен жазықтықтар, Көпжақтар, Айналу
денелері тарауларын қамтиды. Сонымен бірге, осы тетіктердің көмегімен
шарға іштей сызылған призманың, пирамиданың, цилиндрдің, конустың,
цилиндрге іштей сызылған пирамида мен призманың комбинацияларын көрсетуге
болады. Жиынтықтың тетіктерінен құрастырылған модельдердің көпшілігі
жылжымалы болып келеді.
Стереометриялық денелер комплектісі (авторы И. Б.Вейцман) екі
денеден: куб пен тік бұрышты параллелепипедтен және пластмассадан жасалған
он қуыс денеден тұрады. Куыс денелер (жарты шардан басқасы) құрама
қақпақтардан жинақталған. Олар табаны тік төртбұрышты параллелепипедті,
табаны квадрат тік бұрышты параллелепипедті, табаны үшбұрыш тік призманы,
табаны тік төртбұрышты пирамиданы, цилиндрді, табаны мен биіктігі
цилиндрдің табаны мен биіктігіне тең конусты, табанының диаметрі жарты
шардың үлкен дөңгелегінің диаметріне, ал биіктігі-жарты шардың радиусына
тең конус пен жарты шардан тұрады.
Қуыс денелердің негізгі мақсаты-оларға сиятын судың көлемін тікелей
өлшеу арқылы геометриялық денелердің көлемдерінің формулаларын жуықтап
қорыту.
Магнит бекіткіші бар приборлар да мектепте өте кең тарған. Магнит
бекіткішітің басты жетістігі-тақтаның бетіндегі приборды кез келген бағытта
жылжыту және әр алуан жағдайда жапсыру мүмкіндігі. Магниттік тақтаны
бөлшектерді, жазық фигуралардың аудандарын, функциялардың
14
графиктерін және т.б. тақырыптарды өткенде кеңінен пайдалануға болады.
Бүгінгі таңда өндіріс орындары координаттық тор көзді магниттік тақталарды,
көшірмелі магниттік тақтаны, магниттік тақтаға арналған қисықтардың
жиынтығын, Аудандарды өлшеу, Үлес және бөлшек магниттік пиборларын
жасап шығарады.
Сабақ үстінде фигураларды, графиктерді жедел кескіндеуге резеңке
штемпельдер жиі падаланылады. Оқушылар өздеріне қажетті кескіндерді,
мәселен, кубтық немесе тік бұрышты параллелепипедтің кескінін салу үшін
штемпельді арнайы штемпель бояуына бояп алып, қағаз басу жеткілікті.
Әсіресе есеп шығарғанда қажетті кескіндерді салу үшін дәптерге штемпельмен
сызбаны сызып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік алады. Оқушыларға жазықтықта әр
түрлі фигураларды салуға машықтырғаннан кейін штемпельге көшкен жөн. Сондай-
ақ, көп нұақалы есептер құрастырғанда штемпельдің пайдасы зор. Мысалы,
призма кескінделген 20-30 сызба даярлап алып, элементтеріне әр түрлі
өлшемдер беріп, жеке жұмыс істеуге арналған тапсырмалар жиынтығын жасауға
болады.
Математика сабақтарының пәрменділігін арттыруға сызба аспаптары зор
септігін тигізеді.
Сыныпта жүргізілетін әр түрлі өлшеу және есептеу жұмыстарына
бірсыпыра геометриялық денелер пайдаланылады. Бұл денелердің құрамына 12
фигура: екі параллелепипед (үшбұрышты, алты бұрышты, сегіз бұрышты), үш
призма (үш бұрышты, төрт бұрышты, алты бұрышты, сегіз бұрышты), төрт
пирамида, конус, цилиндр және шар енеді.
Мектеп практикасында дифильмдер, диапозитивтер, кодопозитивтер және
кинофильмдер сияқты оқытудың экрандық құралы берік орын алды. Бұл
құралдарды математика сабақтарынды пайдалану сабақтың пәрменділігін
арттыруға, уақыт үнемдеуге, білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік
туғызатыны тәжірибе көрсетіп отыр.
Диафильмдер мен диапозитивтерді таблица мен кинофильмдердің
арасындағы аралық буын деп есептеуге болады. Таблицаға тән қасиеттерді
сақтай отырып, диафильм мен диапозитивтер теориясының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz