Математика сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін қолданудың әдістемесі мен тәжірибесі
2 – тарау. Математика сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін
қолданудың әдістемесі мен тәжірибесі
2.1. 3 – сынып математика сабақтарында халық педагогикасының
озық үлгілерін қолданудың әдіс-тәсілдері
Бүгінгі таңда бастауыш мектептегі оқу материалдарын игеру
мәселесі, оқушылардың ынта қоюын, оқу материалдарын қабылдауын және
есте сақтап қалдыра отырып, қайталау түрлері арқылы білімін
тұрақтандырудың педагогикалық – психологиялық процестерін тоғыстыру
нәтижесінде ғана мүмкін болады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте
математикадан беретін білімінің көлемі айқындалып, оны оқытудың
тиімді әдіс – тәсілдері қарастырылуда. Осыған орай,бастауыш
мектепте математиканы оқытуда халық педагогикасының озық үлгілерін
қолданудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталмақпыз.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарында Математика пәнін оқытудың басты
мақсаттарының бірі – халықтық және ұлттық болмысы дүниежүзілік
мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде
калыптастыру екендігі айтылған. Оқу әрекеті баланың ақыл – ойын
дамыту жұмысымен тығыз байланысты. Математиканы оқытуда оқушылардың
тиісті бағдарламалық материалдар бойынша сапалы да, саналы білім
алуы олардың сол мақсаттағы ақыл – ой әрекетінің белсенділігі мен
сапалылығына байланысты екендігін мұғалім әсте есте сақтауы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні ұзақ бір сарынды іс -
әрекетке тұрақтамайды, олар тез шаршағыш келеді және іле- шала
алынған білімді ұмытып қалады. Осыған орай, халық педагогикасының
озық үлгілерін қолдануда сабақта іс – қимыл түрлерінің алмасып
тұруын, балаларды сергітетін және шаршауын бәсеңдететін, түрліше
ұйымдастырылатын балалардың ойындық қимылын, математикалық мазмұнды
түрлерін қамтитындай түрлерге қамтамасыз ету жағы қарастырылуы
тиіс.
Жалпы алғанда, халық педагогикасының озық үлгілерін қолдану
бастауыш мектеп математикасын, оның ішінде 1-сынып математикасын
оқытуда қолданылатын әдістердің негізгі құрамды бөлігі болуы тиіс.
Халық педагогикасының озық үлгілерін қолданудың тиімділігі
математика сабағының әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын
дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен тәжірибесін мұғалімнің
жетік игеруіне шеберлік топтауына, ойынға қажетті материалды алдын
– ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді түрде
қатыстыруына байланысты.
Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан.
Солардың қай – қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге
бағытталған.
Халықтық педагогика – тәрбиенің бастауы және қайнар көзі.
Халық педагогикасы – ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі
іспетті – қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер,
айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, сонымен
бірге, санамақтар, ұлттық ойындар және логикалық ауызша есептер
немесе қазақтың байырғы қара есептері. Халық педагогикасының осы
асыл мұраларына терең үңілсек, халқымыздың қадым замандардан-ақ жас
баланың жалпы ақыл-ой тәрбиесіне ғана емес, сонымен бірге,
қарапайым математикалық білім-түсііктерін қалыптастыруға да ерекше
көңіл бөлгендігін айқын көруге, байқауға болады.
Халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі педагогика ғылымы
мен ілімі талаптарына сай іріктеп, өз орында қолдансақ, онда ол
сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады. Оқушының бай
жүйесін босатып, жан қуаттылығын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін,
зейінін) өрбітетінін ақын Абай сөзімен айтсақ, дүниенің көрінетін
һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілу тиіс.
Басқаша айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен
дедукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен
тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс.
Халық педагогикасының озық үлгілерін математика сабағында
пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік
ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында
халық педагогикасының озық үлгілерін сабақтың басында, ортасында,
соңында қолдануға болады. Ойынды сабақ басында қолдану жаңа
сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру
мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылса, онда
мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл – күйлерін сергіту, тақырыпты
бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында
пайдаланылады.
Ендігі ретте біз жоғарыда келтірілген халық педагогикасының
озық үлгілерін сабақтың кез – келген кезеңінде қолдануға
болатындығын қолдану әдістемесіне талдау жасамақпыз.
Халық педагогикасының озық үлгілерінің бір түрі – жұмбақтар.
Халық арасында ежелден айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп
саналады. Жұмбақтардың көпшілігі сандармен байланысты болып келеді,
оларды қандай да бір затты немесе құбылысты оның сандық
сипаттамасын тұспалдай отырып, жұмбақтау жиі кездеседі: жұмбақтарды
математика сабағында қолдану оқушыларды тапқырлыққа баулу, олардың
сан жөніндегі түсініктерін байытып, одан әрі дамытудың әдістемелік
құралы ретінде де қолданып отырған.
Математикалық мазмұнды жұмбақтарда зат сандық, кеңістіктік,
уақыттық тұрғыдан талданады, қарапайым қатынастар белгіленеді.
Жұмбақтарды оқыту нәтижесін тексеру, білім, білік және дағдылардың
қалыптасуын нығайтуда қолданған тиімді. Бастауыш мектептің
математика сабақтарында жұмбақтарды пайдалану мынадай жоспар
бойынша жүргізілуі мүмкін:
1. Жұмбақты хабарлау.
2. Жұмбақтың мазмұнын талдау.
3. Шешуін іздестіру.
4. Жауабын ашу.
Сандардың белгіленуін, таңбалануын еске түсіру мақсатында
жұмбақтарды сабақты ұйымдастыру кезінде қолдануға болады. Мысалы:
Бүкірлеумін имекпін,
Мойынында үйректің,
Сабағыңды білмесең
Мені аласың күнде сен.( 2 )
Бұл жұмбақты 2 саны және цифры тақырыбын оқыту барысында
қолданса,
Бір шеңберді, бір шеңбер,
Көтеріп тұр білсеңдер.( 8 )
жұмбағын 8 саны және цифры тақырыбын, сондай–ақ
Балғасы жоқ орақпын
Бедел бағым зор – ақ тым.( 5 )
жұмбағын 5 саны және цифры тақырыбын оқытып үйретуде қолдануға
болады.
Математика сабағында халық педагогикасының үлгілерінің бірі –
жаңылтпаштарды қолданудың рөлі зор. Сан және санау мәселелеріне
байланысты болып келетін жаңылтпаштар баланың тілін ширатып, оны
дұрыс және айқын сөйлеуге үйренумен бірге, сандардың атауларын
дұрыс айта білуін қалыптастыруда да игі әсерін тигізеді. Халық
жаңылтпаштары тақырыпқа өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып
келеді. Жаңылтпаш С.Сейфуллиннің сөзімен айтсақ, балалардың тілге
ұстартуларына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақша атқылап еркін
сөйлеуін не өз әлінше әдемі сабақ тәжірибе болатын ойын және тілдің
орамдылығын, тілдің өте ыңғайлылығын тітейтін, айтуға қиын әрі
қиынынан құралған сырлы сөздерді жаңылмай айтуға үйрету мақсатын
көздейді.
Сабақтарда жаңылтпаштарды пайдалану оқушылардың сандарға деген
зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған,
есептеу дағдыларын қалыптастырады, пәнге құштарлық сезімін
ұялатады, жалпы ой– өрісін кеңейтеді. Мысалы:
Он көлеміндегі сандар тақырыбын өту барысында 1,2,3,4
сандарын үйретуде мына жаңылтпашты қолдануға болады:
Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық,
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
Бірінші сынып оқушыларының кеңістік туралы түсініктерін
қалыптастыру үшін мысалға алынған:
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық, – деген жаңылтпашты пайдалану арқылы
үстінде, ішінде сөздерінің мән–мағынасын ашқызуға болады.
Сонымен бірге, оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыруға
арналған да жаңылтпаштар бар, ол:
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Мұндай жаңылтпаштарды пайдалану оқушылардың математикалық
білімдерін қалыптастырып қана қоймай, олардың тілдерін ширатуға,
тілдік қорларын байытуға да септігі мол.
Бабаларымыз өзінің барлық асыл сөз даналық ойларын мақал –
мәтел ретінде кейінге қалдырып отырған.
Мақал мен мәтелдердің көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем
болып келеді. Олар адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым
– қатынастарды қысқа әрі тұжырымды тілмен түсіндіреді, айтылмыш
ойды ажарлайды, анықтайды. Мақал – мәтелдер математикалық білімді,
оның қажеттігін насихаттауда кең орын алған.
Үшінші сынып математика сабақтарында жаңа материалды оқыту
және оны бекіту барысында мақал–мәтелдерді пайдаланудың мүмкіндігі
мен мақсаттылығы сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты.
Санмен, санаумен, амалдармен байланысты мақал – мәтелдердің
бірнешеуіне мысал келтірейік.
1. Аз сөйлеп, көп тыңда.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3. Сырық – қырық,
Құрық – қырық.
Қанша болды,
Құрық, сырық?
4. Қырық үш қызғыш құсқа
Қырық үш қызғыш құсты қосса,
Қанша қызғыш құс болады?
Халық педагогикасының үлгілерінің ішіндегі математика
сабағында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда
қаламақтарды қолдануға болады.
Қаламақтар оқушыларды топқа бөлу кезінде қолданылады.
Математика сабағында оқушыларды тұрақты және ауыспалы (тұрақсыз, әр
жұмыс сайын жаңадан топ құру) топқа бөлу кезінде сабақтың кез –
келген кезеңінде қаламақтың көмегімен жүзеге асыруға болады.
Мысалы: көбейту кестесінің теңдіктерін есте сақтау мақсатында
топқа бөлу керек. Немесе сыныпты екі топқа бөліп, дидактикалық
ойын, жарыс түрлерін ұйымдастыруда да қолдануға болады. Сол
қаламақтардың бірнешеуін келтірейік.
1. Бір, екі
Жердің беті
Сары шымшық
Тез ұшып шық!
2. Біреу, екеу, үшеу, төртеу,
Одан кейін бес дейміз,
Алты, жеті, сегіз, тоғыз
Санап толық бітпейміз.
3. Бәріміз боп он деп тағы
Қайта есепке көш дейміз.
Оннан қайта кері санап
Бірге дейін жет дейміз.
Халқымызда балаларға арналған көптеген ойын түрлері бар.
Солардың келесі бір түрі – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар –
сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажеттігін
өтеген сенімді оқу және тәрбие құралы. Бұл туралы көреген педегог
В.А.Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды. Ойынсыз
ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын
дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың
рухани байлығы жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқыр білуге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты.
Ұлттық ойындар сабақтың кез-келген кезеңінде, яғни үй
тапсырмасын тексеру, ұйымдастыру, жаңа материалдар өтуге дайындық,
жаңа материалды өту,оны алғашқы бекіту, сабақты қорыту кезінде
қолдануға болады.
Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша
есептеуге, жаттығуына логикалық ойларын дамытуға, танымдық
белсінділіктері мен қызығушылықтарын арттыруға толық мүмкіндік бар.
Сабақтың барысында ұлттық ойындарды қолдану оқушы назарын сабаққа
аудару, сабаққа психологиялық дайындық жасау мақсатын жүзеге
асырады. Жаңа материалдарды өтуге дайындық кезінде қолдану жаңа
материал мен өткенді байланыстыру оқушының білетіні мен білмейтін
арасын байланыстыру мақсатын көздейді.
Ұлттық ойындар негізінен далада, таза ауада ойналатын
қозғалмалы ойындар болып келеді. Оларды математика сабағында
қолдану үшін ұлттық - дидиактикалыұ түрге келтіріп алуымыз қажет.
Ұлттық ойындарда қолдану әдістемесіне тоқталу үшін оны Ойын аты,
мақсаты, шарты, жүргізу әдістемесі және нәтижесі сияқты кезеңдер
бойынша қарастыруды жөн көрдік.
Сол ұлттық ойындардың бір нешеуіне талдау жасалық.
Ойын аты Арқан тартыс.
Ойын мақсаты: Оқушыларды ауызша есептеуге, жылдамдыққа ойлау
қабілеттілігін арттыруға, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты
ажыратуға үйрету.
Ойын шарты: Екі бала ортаға шығып, бір – біріне қарама –
қарсы тұрады да, екі жаққа тартысады. Ортадағы сызықтан өз жағына
қарай тартып алса, ол жеңген болып есептелінеді.
Жүргізу әдістемесі: Тақтаға алты оқушы шығады. Тақтада екі
баланың мысалы жазылады. Алты оқушы екі – екіден бөлініп, бағандағы
мысалдарды шығарады. Қай бағандағы тапсырмалар бұрын орындалса,
соны шығарған оқушылар жеңімпаз атанады.
Мысалдар:
3·2 0·8
9·1 8·9
6·6 3·2
5·2 7·3
9:3 9:9
3:3 4:1
Нәтииже: Оқушылар тез әрі қатесіз есептеуге тырысады. Екі
таңбалы саннан толық ондықтарды азайтуға, екі таңбалы санға бір
таңбалы санды қосу,(азайту) тәсілдерін игерту, санды өрнектерді
салыстыруға жаттығады.
Келесі ойынның аты: Орамал тастамақ.
Ойын мақсаты: Оқушылардың тез ойлауын, жылдамдығын дамыту:
ойын арқылы сабаққа деген қызығушылығын ояту; сандар мен шамаларды
жіктеуге үйрету,
Ойын шарты: Мұғалім орамалды доп тәріздес түюі керек. Мұғалім
бір мысал айтып, оқушылардың біріне орамалды лақтырады. Оны қағып
алған оқушы нәтижесін айтады да орамалды мұғалімге қайтадан
қайтарады. Осылайша сыныптағы барлық оқушыларды қамтып, толық
қатыстыруға болады.
Жүргізу әдістемесі: Мұғалім мынадай тапсырма беруі мүмкін:
8 дегеніміз 2 және қай сан?
24 дегеніміз 3 және қай сан? 6 және нешеу?
28 = 4 және нешеу? 7 және нешеу?
3 және қай сан 18 болады?
10 қандай сандардың көбейтіндісі?
Мұғалімнің берген тапсырмасы мынадай 8 дегеніміз 2 және қай
сан? сұраққа оқушы жауап береді де, орамалды мұғалімге қайтарып
береді, яғни лақтырады.
Нәтижесі: Барлық оқушылар түгел қатыстырылады: көбейту
кестесін қайталайды.
Қазақтың ұлттық ойындарының мақсаты өте күрделі, оны Қуырмаш
ойынын ойнатуда байқауға болады. Бұл ойын тура және кері санауға,
рет қатынасына, саусақ – санаудың құралы екендігіне бала мен ананың
мейірімділігіне еңбек етуге баулиды.
Оқушылардың математика сабағына қызығуын арттыру мақсатында
бірнеше ойын түрлерін алуға болады. Мысалы: Қай қолымда?, Өзім
де құр қалмадым, Үш әдіс, Сөз мәнісін байқайық, Үш аманат
т.б. ойындар оқушыларды ауызша есептеу, жаттықтыру, санамақ, ой
жүйелерін жетілдіре түсуінемен бірге оларды ойнауды өздері күнде
көріп болып, білуге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында
қолдануға болады.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі математика сабағына
көптеп қолданылатын түрі – санамақтар. Олар ең алдымен, жас балаға
сан үйретудің дидактикалық құралы, әсіресе он көлеміндегі сандардың
нумерациясын үйретудің әдіс – тәсілдері ретінде қолданылған.
Біздің ойымызша, - деп жазады әдіскер-ғалым Б.М. Қосанов –
қазақтың халық санамақтарын баланың жас ерекшеліктеріне байланысты
қолданылуына қарай, негізінен екі топқа бөлуге болады.:
Жас балалардың санай білуге, жалпы сан және санау ұғымдарын
игеруге даярлау мақсатында қолданылатын санамақтар. Бұларды саусақ
ойындары деп те атайды.
Онға дейінгі санау қабілетін жетілдіріп, дамыта отырып, он
көлеміндегі сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы туралы білім
түсініктерді қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын санамақтар
тобы.
Мысалы:
Бір дегенім – білеу, Алты
дегенім – алқа,
Екі дегенім – егеу, Жеті
дегенім – желке,
Үш дегенім – үскі, Сегіз
дегенім – серке,
Төрт дегенім – төсек, Тоғыз
дегенім – торқа,
Бес дегенім – бесік, Он дегенім
– оймақ. – санамағын қолдануда оқушылар бір таңбалы сандардың
қатарын ғана біліп қоймай, қазақ халқының құралдарының атауларын,
ұйқас болатынын сезінеді.
Сонымен бірге, оқушылардың білімдерін бағалау, есепке алу
мақсатында сабақ соңында мынандай санамақ қолдануға болады:
Бір дегенім – жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Екі дегенім – нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Үш дегенім – орта баға,
Сапасы да орта ғана.
Төрт дегенім – жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
Бес дегенім – үздік баға,
Оқитын бол үздік қана!
Оқушылар математика сабағында шешендікке баулу мақсатында
халқымыздың дәстүрлі айтыс өнеріне орай Айтыс ойынын оқушының
қызығушылығын арттыру мақсатында қолдануға оқушы оның айтқан санына
ұқсайтын сөз тіркесін тауып, жауап қайтарады.
Мысалы: Бір оқушы бір – дейді, екіншісі сыныпқа кір –
дейді, оған әзіл ретінде сенің бетің кір – деп жауап беруі де
мүмкін.
Екі – Серікпен күресуге бекі
Үш – менімен жарысқа түс, Жастар алып күш.
Төрт – ол жанып тұрған өрт,
Бес – менің жолымды кес.
Алты – жақсы оқу - оқушының салты,
Жеті – мынау дәптеріңнің беті.
Сегіз – қозыларды егіз ( Асан мен Үсен егіз),
Тоғыз – сиқырлы қара қобыз.
Он – мынау қара тон,
Он бір – біздің үйге кір!
Осындай айтыс ойындарын ойнату арқылы тек сандарды ататып қана
қоймай, ұйқас табуға, яғни пәнаралық байланысты жүзеге асыруға
болады. Мұны сергіту жаттығуы ретінде де ұсынуға болады.
Бірінші сынып оқушыларына математикалық білім берудегі халық
педагогикасы үлгілерінің бірі – қазақ халқының ауызша есептері.
Қазақ халқының ауызша есептері өзінің білімділік және тәрбиелік
сипатымен де, қарапайымдылығы мен шымырлығы, математиканың
тәжірибелік мәнін түсінікті әрі бейнелі тілмен ашық көрсетуі
жағынан да ерекшеленетін халық даналығының өзгеше бір озық үлгісі
болып табылады. Ауызша есептер қазақ халқының әр дәуірлердегі
әлеуметтік – тұрмыстық жағдайымен, олардың мазмұны көбіне, мал және
егін шаруашылығы, аң аулау, сондай – ақ кәсіпшілік істермен
байланысты болып келеді. Олардың тақырып аясы өте кең және сан
алуан көптеген үлгілері бар. Мазмұн ерекшелігіне қарай олар,
негізінен, арифметикалық амалдармен шығарылатын, логикалық
ыңғайдағы және тұрмыс – салт ғұрыптарынан туып, ойнақы есептер
болып келеді.
Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, осы күнге дейін әкеліп отырған
халқымыздың ауызша есептерінің жас балаларға математикалық білім
берудің өзгеше бір әдістемелік құралы ретінде маңызы орасан зор
.Есептің шешуін іздеу барысында бала ойналады, ізденеді, сұрайды.
Бұл оның дүниетанымдық логикалық ой - өрісін кеңейтіп,математикалық
білім түсінігін молайта түседі.
Ауызша есептер бүгінгі заманда да керекті қасиетін және аз
бағасын түсіре қойған жоқ. Мысалы, қазіргі бастауыш мектепте
оқушылардан есептерді көбіне жазбаша шығару талап етілді. Мұндайда
оқушылар дайын ережелер мен үйреншікті тәсілдер жиі қолданылады. Ал
қазақ халқының ауызша есептерінің мазмұны әрқилы болып
келетіндіктен, баланың мұнда дағдылы, үйреншікті әдіс – тәсілдерді
қолдануға мүмкіндік бола бермейді. Бала әрбір жағдайда ауызша
есептерді дұрыс, лайықты және ең қолайлы жолын өздігінен табуға
тырысады.
Өзім де құр қалмадым халық ойынына тоқталайық.
Жексенбі күні еді. Атасының үйіне немерелері
келді.Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері
атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден
берсе, біреуі артылып қалады, екі – екіден берсе, жетпейді.
Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа
салып әкелген алмасы неше болғаны?”
Жауабы: 3 бала,4 алма. Үш алманы 3 немересі алады да, біреуін
атасына береді.
Сөз мәнісін байқайық – деген ойын есепті алсақ.
Мысалы: Бір үйде әжесі баласымен атасы немересімен отыр. Осы
үйде неше адам бар?
Жауабы: 3 адам.
Мұндай есептер оқушыларды ойлауға, зеректікке ұмтылдырады,
жауап
беруде индукция, дидукция қолданып, салыстыру, дәлелдеу сияқты
әрекеттер орындайды.
Қазақ зиялыларының бірі ағартушы, ғалым – А. Байтұрсыновтың
берген ауызша есептері оқушылардың математикалық түсінігін
қалыптастыруда рөлі өте зор.
Олар: 1.Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы
шықты. Қанша адам қалаға барды. (1 адам)
2. Үйдің 4 бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3
мысық отыр. Неше мысық отыр? ( 4 мысық)
3. Төлептің 4 ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір анасы, бір
қарындасы бар.Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? ( 6 бала)
Қазақ халқы – ұлттық ойындарына өте бай және оның түрлері де
әр алуан салалы болып келеді. Олардың бір түрлері логикалық ойлау
мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез ойлап,
шапшаң шешуді талап ететін өлеңмен берілген ауызша есептер.
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – апам.
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен.
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
- Бір үйде біз бесеуміз.
Содан соң 5 сананың таңбалануымен жұмыс жүргізіледі.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС – 12 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі С.Қазиева оқушылардың математикадан ой -
өрісін дамыту мақсатында ойынның рөлін баса айтып, өз –
тәжірибесінде ұлттық ойындарды көптеп қолданатынын көрсетелік.
Ойын балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі
ойынға байланысты. Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену
барысында көрсетсе, мектеп оқушылары, сабақ үстінде ойын барысында
көрсетеді. Ойын – балалар үшін күрделі элемент. Балалар білімді
ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан
сабақтағы ойын аркылы білімін шыңдап, ой - өрісін кеңейте алады. Ал
ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары
ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген
мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай әдейілеп ұжымдастырылған
ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын,
ерік – жігерін қалыптастырады жіне ле сабаққа деген қызығушылығын
арттырады.
Аса ірі психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай
болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан,
ойын адам өмір танымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған
ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері
білім үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді,
ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.
Мұғалім оқушының логикалық ойын, ой - өрісін дамыту барысында
әр түрлі ойын түрлерін қолданады.
Біз математиканы оқыту барысында ұлттық ойындарды пайдалануда
ең алдымен әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттарын анықтай отырып,
балаға ойын ережесін дұрыс түсіндіруге, сондай – ақ ойын барысында
пайдаланатын құрал – жабдықтарды алдын – ала даярлаудың қажеттігін
байқадық.
Нақты тақырыпқа сәйкес ұлттық ойындарды іріктеп ала білу
мұғалімнің шеберлігі мен шығармалық ізденісті талап етеді. Ұлттық
ойындарын оқушылардың орындаушылықпен (берілген үлгіге еліктей
отырып), біршамасын еске түсірумен (қайта жаңғыртумен) байланысты
қайсы бірін тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әр түрлі
мүмкін нұсқауларды іздестіру сияқты іс - әрекеттерді жүзеге асыруға
тырысу қажет.
Сонымен бірге халық педагогикасының озық үлгілерін қолдану
кезіндегі көрнекілік түрлерін де математика сабағының қай кезеңінде
өткізіп отыратынына ерекше мән беру керек. Мысалы, жаңа материалды
баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындар да оқушылардың нақты
белгісіне орай суретін пайдаланып, соның нақты белгісіне орай
талдау керек болса, ал өткенді тиянақтау кезіндегі ұйымдастырылатын
ойындарды оқушылардың сабақта алынған білімге жүйелеу, тиянақтау,
қорыту мақсатын көздеуі қажет.
Бірінші сынып математика сабағының кез – келген кезеңінде
нақты бір дидактикалық мақсатты көздей қолданылған халық
педагогикасының озық үлгілерін қолдану ауызша есептеуге жаттықтыру,
логикалық ойын дамытуға, ұлтын, елін, халқын сүюге мүмкіншілік
туғызады. Егер халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана алсақ,
онда ол сабақтың сапасын көтеріп, пәнге қызығушылығын арттырады,
оқушылардың ой - өрісін молайтып, білімдерін тереңдетеді.
2.2. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
Қазақ халқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz