Қазіргі кезде елімізде өтіп жатқан окытудың мазмұны мен әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. МАТЕМАТИКАДАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ, ТЕКСЕРУ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
2. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. БІЛІМ БЕРУ ДИАГНОСТИКАСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
4. БАҚЫЛАУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...31
5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕНГІЗУГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН 12-
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ
ТАЛАПТАР ... ... ... ... ... ... ... 47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..51
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Қазіргі кезде елімізде өтіп жатқан окытудың мазмұны мен
әдістерін қайта құру кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын шынайы
тексеру және оларға дидактикалық сипаттама беру көкейтесті проблемалардың
біріне айналып отыр. Кез-келген адамға білім беруді бастаудан бұрын оның
білім деңгейіне диагностика жасап, анықтап алу заңды құбылыс. Себебі
дидактикалық диагностика оқытушыға нені және қалай оқыту керектігіне жол
сілтейді, әрбір білім алушының деңгейлік сипаттамасын көрсетеді. Балалардың
білім деңгейін саралап алмайынша ешбір дифференциалдық оқыту іске асырыла
алмайды. Білім берудің әрбір кезеңінен, тіпті сабақтың әрбір кезеңінен
екінші кезеңіне өтуде алынған білім, білік, дағдылар мен шығармашылық
қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін тексеріп алмайынша білім берудің ары
қарай жүзеге асырылуы мумкін емес. Сондықтан, математикадағы тексеру
жұмыстарының маңыздылығы алғашқы оқуды бастайтын кезден көкейтесті
мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың мақсаты. Математика сабағындағы тексеру жұмыстарының
маңызын әдістемелік негіздеу.
Тақырыптың міндеті. Бұл жұмыста математика сабақтарындағы тексеру
жұмыстарының маңызы, әдіс-тәсілдері және бақылау жұмыстарына даярлықтар,
тесттерге, сынақтарға, емтиханға қойылатын талаптарға, т.б. орта мектептегі
дидактикалық тексеру жұмыстары қарастырылады және келесі міндеттерді
орындау көзделеді:
• математика сабақтарындағы тексеру жұмыстарының орнын анықтау;
• математикадан сабақ процесінде және сыныптан тыс жұмыстардағы
тексеру жұмыстарының оқушылардың білімін жетілдірудегі ролін айқындау;
• Математика сабақтарындағы бақылау, тексеру жұмыстарының
түрлерін басқа елдердегі білім деңгейін тексеру жұмыстарымен салыстыру;
• Математика сабақтарындағы тексеру жұмыстары арқылы оқушылардың
білімі мен біліктілігін қалыптастырудың тиімді әдістерін жасау.
1. Математикадан білім беру саласындағы бақылау, тексеру түрлері
Тексеру тәсілдері: ауызша (жеке, топтық); жазбаша (диктант,
мазмұндама, сынақ, зертханалық жұмыс); өз бетінше тексеру жұмысы, емтихан.
Тексерудің көбі үлкен тақырып, бөлім аяқталғанда жүргізіледі. Әрбір
сабақта, сабақтың әр кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын
тексеруден басқа, ауызша және жазбаша тексеру жұмыстарына бағытталған
бақылау жұмыстарына арналған сабақтар, зачет, емтихан, қабылдау, тест т.б.
өткізу қажеттігі туындайды. Сабақ үрдісінде өткізілетін тексеру
жұмыстарының бәрін қадағалап отыру үшін тақтаның бір бөлігіне немесе
компьютердің белгілі бір файлына әрбір оқушының атын жазып, тұсына қойылған
сұрақтарға берген жауаптарын (мысалы, плюс, минус, т.б.) белгілеп
отырған жөн. Кейде мүғалім оқушылардың өздері белгілеп отыруын ұсынады. Бұл
сабақтың соңында білім алушылардың өздерінің білімін өздері бағалауына
мұғалімнің қойған бағасы мен білім алушының өзі қойған бағасының
ынтымақтастықта қойылуына, бағаларға комментарий жасауға кететін уақытты
үнемдеуге септігін тигізеді.
Тексеру жұмыстарының өткізілу уақыты мен оның ұзақтығы оқушыларға
алдын ала хабарлауды қажет етеді. Бұл оқушылардың психологиялық бейімделуін
қамтамассыз етеді. Бақылау жұмысы немесе емтихан алдындағы қорқыныш
сезімдерін жеңуге, стресс ахуалының алдын алуға септігін тигізеді. Бақылау
жұмыстарының материалдарын жасағанда оқытушы қазіргі заманғы техникалық
көбейткіш ксерокөшірме, компьютердің проектрлеуші қондырғылардың
мүмкіндігін пайдаланып, жұмысын жеңілдеткені жөн. Сонымен бірге осындай
тексеру сабақтарының жоспарын жасағанда білім алушылардың білімінің
деңгейлік саралануын ескеріп құрылатын тапсырмалардың шешімдері мен
жауаптарын сабақ жоспарына міндетті түрде ендіруі тиіс.
Тексеру сабақтарының мынадай түрлері болады: ауызша және жазбаша;
оқылған тақырыптан соң бірден алынатын бақылау жұмыстары және біраз уақыт
өткізіп барып алынатын бақылау жұмыстары, көп уақыт өткізіп барып алынатын
бақылау жұмыстары, яғни уақыт өткен сайын алынған білімдердің беріктігін
тексеруге арналған жұмыстар т.б. [1]. Олардың дидактикалық мақсаты тек
білім деңгейін тексерумен ғана шектелмейді. Тексеру сабақтары білім беру
функциясын да атқарады, окушылардың даму деңгейін де анықтайды. Жазбаша
тексеру жұмыстары сабақтың бір бөлігіне немесе бүтін бір немесе екі сабаққа
есептеліп беріледі. Мазмұнында міндетті бөлікпен қатар математикаға
қабілетті оқушылар үшін қосымша бөлігі жоспарланады [2]. Оқушылардың
үлгірім деңгейіне байланысты нұсқалар саны көп болғаны, тіпті әрбір білім
алушының аты жөні жазылған, арнайы текстер берген тиімді. Тәжірибеміз
көрсетіп жүргендей, оқушы өзінің аты жазылған арнайы тапсырма алғанда, оның
жауапкершілігі артып, жұмысқа ықыласпен қарайтыны байқалады. Мұғалім
бақылау жұмысында оқушылардың бәрі түгел тиімді жұмыспен айналысуын
қадағалап, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды жазылған жұмыстарды
уақытында өткізуге үйретеді.
Келесі сабақтың бір бөлігін немесе түгел бақылау жұмыстарын талдауға,
жиі кездесетін қателер мен жеке оқушылардың жіберген қателеріне, жұмыста
жіберілген грамматикалық, символикалық, логикалық қателеріне талдау жасап,
сараптауға арнаудың маңызы өте зор. Бұл осындай қателердің келесі бақылау
жұмысында болдырмаудың кепілі бола алады және оқушыларды сауатты жазуға,
логикалық ойлауын, сөз байлығын, шығармашылық кабілетін дамытуға ықпал
етеді.
Бақылау жұмысын нашар жазған оқушыларға қателерін талдап, көрсеткеннен
кейін қосымша нұсқа беріп, бақылау жұмысын қайта жазуға мүмкіндік беріледі.
Жазбаша бақылау жұмыстарының тестік тапсырмалардан бір артықшылығы
оқушылардың жазу стиліне, математикалық сауатты жазуына, есептерді
шығарғанда сөз байлығын пайдаланып, түсініктемелер, тұжырымдар жасауын
тексеруге, сол арқылы олардың жазу сауаттылығы мен сөз байлығын,
шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын тексеруге мүмкіндік беріледі.
Ал, тестік тапсырмалар уакытты үнемдеуге, оқушының да, тексерушінің де
артық жұмыстарын азайтуға, білім беру функциясын т.б дидактикалық
функцияларды іске асыруға мумкіндік береді [3].
Оқыту өнімділігінің санмен, сапамен, толықтылығымен,
дерексізділігімен, тереңділігімен, әділ бақылаумен тығыз байланыстылығы
әдістемелік процестің ең жоғарғы заңдылығы ретінде қарастырылады. Оның іс-
әрекетке айналып кетуі үшін бақылаудың тиімділігін негіздеп, әсер етуші
факторларды ажыратып, түсінікті нақтылау қажет. Қазіргі теорияда әлі
“баға”, “бақылау”, “тексеру”, “есеп” және осылармен байланыстыларды
ажырататын үйлесімділік жоқ. Оларды бір мағынада жиі алмастырып та,
қолданып та жүр.
“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай оқушының білімін, біліктілігін
бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан
тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, оқушымен оқытушы арасындағы кері
байланысты анықтайтын мұғалімнің оқушының нені дұрыс меңгере алмағанын,
жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті.
Тексеру тек оқушылардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен
бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа
бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды.
Баға үлгерім табельдерінде, сынып журналдарында, мәліметтер жинағында т.б.
белгі ретінде (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы)
қойылады.
Оқушылардың үлгерімін бағалау негізі бақылау (нәтижесі) қорытындысы
болып табылады. Сонымен қатар оқушы жұмысының сапасы да, саны да
ескеріледі. Сандық көрсеткіштерінің артықшылығы пайыз бен балл түрінде, ал
сапалық – “жақсы”, “қанағаттанарлық” т.б. өлшеммен белгіленеді. Әрбір
бағалау пікірге алдын-ала келісілген (белгіленген) ұпай, көрсеткіш (мысалы,
“өте жақсыға” – 5 ұпай) қоса жазылады. Мұнда баға тек қана нәтиженің өлшемі
мен айқындаушы емес, бағалау пікіріне қосымша мағына үстейтінін түсіндіру
керек. Санды қолдан жасап қою бағалау пікірмен қайшылық келтіреді. Әлемнің
көптеген елдерінде сандық өлшемге қызығушылықтан сақтану үшін әріптік
белгілерді қолданады. Мысалы, А, В, С т.б.
Осы критерий бойынша бағаны анықтау үшін ұсынылған мәліметтер мен
игерілгендердің көлемін өлшеуді білу қажет. Бұл міндет ыңғайлы практикалық
технология деңгейінде шешілген. Баға қызметі, бізге белгілі болғандай
оқытылу деңгейімен ғана өлшенбейді. Баға – педагогтың жеке тұлғаның оқуын
реттейтін, жағымды құралы. Әділ бағалау арқылы оқушы бойында өіне-өзі сын
көзбен қарауы, өзін бағалауы қалыптасады. Сондықтан бағаның ең басты
маңыздылығы, оның қызметінің түрі оқушының оқу әрекетінің барлық жағында
оны жан-жақты аша алатындығында. Осы көзқарас негізінде қазіргі білім,
біліктілікті бағалауда баға жүйесін диагностикалау маңызымен қоса қайта
қарастыру қажет. Оқытуды диагностикалаудың, бақылаудың принциптері болып
маңызы әділдік, жүйелілік, көрнекілік (жариялылық) болып табылады.
Әділділік – педагогтың оқытатын шәкірттерінің біліктілігін, білімін
диагностикалық тестерді (тапсырмалар, сұрақтар) диагностикалау тәртібін
дәл, нақты, өзара түсінікті қатынас арқылы ғылыми негізге арқау ету болып
табылады.
Диагностикалаудың практикалық әділдігі диагностикалау көрсеткен
педагогтың кез-келген бақылау құралдары мен қолданған әдістерімен қойған
бағасы үйлесімділік тауып отырады. Бастапқы білімді қабылдаудан бастап,
оны практикада қолдануға дейінгі барлық әдістемелік процесс диагностикалық
бақылау жүргізу – жүйелілік процестің түрлері болып табылады. Оқу
мекемесінде үнемі жүргізілетін диагностикалау оқитын шәкіртінің бірінші
күнінен аяғына дейін дейін барлық әрекеті жүйелілік пен қамтиды. Мектеп
бақылауы оқушылардың нені біліп, атқару керектігіне жиі әрі маңыз бере
жүргізілуі тиіс. Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары,
тексерулер, бағалаулар бірлікке, бір мақсатқа біріктірілуі, диагностиканы
кешенді жүргізуде жүйелілік принциптерін талап етеді. Жеке әдістер мен
диагностикалау құралдарының жан-жақтылығын қарастырған дұрыс.
Барлық оқушыларды бір ғана және сол ғана критерилермен ашық сынақ
жүргізумен түйінделеді. Диагностика процесінде әр оқушының салыстырмалы,
көрнекті рейтингісі шығарылады. Сонымен бірге жариялық принципі бағаны
жариялап әрі дәлелдейді. Баға – оқушылардың өздеріне деген талап үлгілерін
және педагогикалық әділділігін салмақтайтын бағдар. Диагностикалық кесім
қорытындыларын, жаратылыстану мұны қажет деп есептейтін адамдардың қатысын
талқылауы мен сараптамасы, кемшіліктерін жою үшін келешекке жоспарлар құру
- бұл принциптің қажетті шартты болып табылады. Оқушылардың білік, білімін
бағалау, тексеру, бақылау, диагностикалау оны қалай жүргізілетініне қисынды
ізбен жүргізіледі.
Оқушылардың білім деңгейінің алдын ала шығарылған көрсеткішін тексеру
жүйесінің ең бірінші құрамдас бөлігі деп есептеледі. Ол оқу жылының басында
оқушының өткен оқу жылындағы білімін анықтау үшін жүзеге асырылады. Алдын
ала тексеру біліміндегі, дағдысындағы кемшіліктерді жою мақсатымен сәйкес
жүргізіледі. Мұндай тексеру оқу жылының ортасында да, жаңа тарауды бастар
алдында да жүргізуге әбден болады. Әр тақырыпты меңгеру процесіндегі,
ағымдағы бағалар білімді тексерудің екінші құрамдас бөлігі болып табылады.
Бірақ ол әр сабақта жүргізілсе де оқушылардың белгілі бір өткен, меңгерген
тақырыбы бойынша ғана диагностикалауға мүмкіндік береді. Ағымдағы
тексерудің ағымдағы функциясы – оқытушылық.
Мұндай тексерулердің әдістері мен формалары оқу материалының мазмұны,
оның қиындығы, оқушылардың жас ерекшелігі, дайындық деңгейі, оқыту мақсаты
мен көлемі, нақты шарттар сияқты түрлі факторларға байланысты болады.
Ағымдағы бағалар сияқты тақырыптық қайталап тексеру біліктілік пен
білімді айқындаудың үшінші құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқушылар жаңа тақырыппен қоса бұрын өткен материалды да қайталап
оқиды. Қайталап тексеру білімді бекітуге ықпал жасағанымен оқу жұмысының
қозғалысын, меңгерілген білімінің беріктік деңгейін диагностикалай алмайды.
Диагностикалаудың әдістері мен түрлерін басқаларымен үйлестіре жүргізгенде
мұндай тексеру қажетті нәтиже береді. Бұл жүйе құрастырылған бөлім болып –
оқушының бір тарау бойынша немесе курстың маңызды бөлігін білетін білімін
кезең бойынша тексеру болып табылады. Мұндай тексерудің мақсаты – оқушының
бір курстың әр тарауынан алған білімдерінің сапасын оқу материалымен
байланыстыра диагностикалау. Кезеңмен тексерудің негізгі қызметі – жүйелеу
және жинақтау. Оқушылардың әдістемелік процестің барлық кезеңінде игерген
біліктілігімен білімінің есебіне қорытынды тексеру, тексеруді
ұйымдастырудың бесінші құрамдас бөлігі болып табылады.
Үлгерімнің қорытындысы есеп әр тоқсан аяғында және оқу жылы
аяқталғанда жүргізіледі. Ол алынған бағаларды орташа арифметикалық балға
қосып жай ғана есептелмейді. Ол ең алдымен осы кезеңдегі алға қойған мақсат
пен нақты оқытылғанның деңгейін диагностикалау. Кешенді тексеру арнайы
тексеру түрі болып табылады. Оның көмегімен оқушының игерген білімді басқа
пәндерде, практикалық іс-әрекетті шешуде қолдана білу қабілеті
диагностикаланады. Мәселен, жеке қожалықтығы құс өсіру шаруашылығының
тиімділігінің есебін білу үшін физикалық, химиялық, математикалық,
биологиялық, географиялық және басқа да пәндерден алған білімді қажет
етеді.
Мұндай тексеру практикада аз қолданылғанмен, оқу курсына
көпсалалылықты енгізуге байланысты, оның маңызы әлі өседі. Аталған курстар
мектепте оқылған пәндер арасындағы алшақтықты жою мақсатында енгізілуде.
Кешенді тексерудің басты міндеті – пәнаралық байланыс сапасының жүзеге
асырылуын диагностикалау, оқушының құбылысты процестерді, оқиғаларды, тұтас
мәліметтерге сүйене отырып, оның ішінде оқылған пәндерінен алған білімін
атай отырып түсіндіру қабілеті көбінесе кешенді тексерудің практикалық
критерийі болып табылады.
Педагог әр бағанға қойған сайын ойлауды басшылыққа ала отырып,
қолданып жүрген критерилерді орнықтылайды. Тәжірибелі мұғалімдер бұл
жайында жақсы білетіндіктен оларды оқушылардың қақтығысынан сақтап, үнемі
осындай орнықты негізге сүйенеді. Мұғалімнің білімді бағалаудағы
субъектілік себептері әр түрлі. Тәжірибенің бірінде педагогтарға оқушының
“жеке ісін” бағалау ұсынылады. Оқушының интеллект деңгейін, ата-анасының
мектепке қатысуын, сонымен бірге оқушының болашаққа жоспарын анықтауды
қажет етеді. Тек құпиясы сол сарапшыларға бірдей: “Жеке іске” қоса тартымды
және тартымсыз фотосуреттер беріледі. Педагогтар “тартымды” балаларға нақты
байламмен барынша жоғары интеллект деңгейін беруі, сыныптастары арасында да
орнын жоғары белгілеп, ылғи да бағасын көтермелеп қоятыны белгілі.
Мұғалімнің алдыңғы партада отыратын оқушыларға да еріксіз көңілді көбірек
бөліп, оларға да жоғары баға қоятыны көрінді.
Көп нәрсе мұғалімнің субъектілік бейімділігіне де байланысты.
Мұғалімдер жазуы әдемі, яғни “каллиграфистерге” де жақсы пейіл танытады
екен. Педагогтар тілінің дұрыстығына көбірек көңіл бөліп, ал тіл мүкістігі
бар оқушыларды әділетсіз жазалайды.
Педагогтік бағаның тағы да бір әділетсіздігінің қыры бағалаудың
критерилерін жеткіліксіз әзірлеуінде.
1. Оқытуда танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақтың әр
кезеңіне әр түрлі – тәсілдерді пайдалану.
Әрқалай бірқалыпты сабақ өту (мысалы, ауызша түсіндіру), оқушылардың
ынтасын, көңілін төмендетеді, ұйқысын келтіреді. Ұйқысұрау баланың - өзін
қорғауы болып табылады. Себебі, бала іс-әрекеттің басқа түрін іздеумен
болады да, мұғалімнің айтқанын меңгере алмайды. Сондықтан сабақтың әр
кезеңінде оқушы әрекетінің тәсілдерін өзгертіп отыру қажет.
Бұл үшін таңдап алынған әдіс-тәсілдер – оқушының әрбір дене мүшесіне
әсер етуі керек.
Бірақ іс-әрекетті өзгерту баланың жас өзгешелігіне, сыныпқа
байланысты болуы керек. Оқушылардың бәрі бірдей әр түрлі іс-әрекетте
бейімделе алмайды.
2. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – көңіл-күй. Көңіл-күй
оқушылардың жаңа білімді меңгеруде іс-әрекеттің маңызды түрінің бірі.
Мұғалімнің қатты дауысы, ымдау әрекеттері кері әсер етуі мүмкін.
3. Әр сабақта оқушылардың білімі үздіксіз есепке алынып отыруы
керек. Сабақтың тиімділігін арттыру үшін мұғалім оқушылардың оқу материалын
меңгеру деңгейін, ескеріп отыруы керек. Мұғалім бірақ, оқушыларды түгел
сұрап үлгермейді. Сондықтан, оқушылардың білімін тексерудің әр түрлі
формаларын пайдалануы қажет. Мысалы компьютерлік программалар, жазбаша
жұмыстар, сауалнама, перфокарталар, т.б.
4. Әрбір сабақ өзінің жағымды ұйымдастырылуымен жақсы нәтиже беруі
керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім үшін де, оқушы үшін де ілгерілеу болып
табылуы керек. Мұндай өрге басу, оқушылар мен мұғалімді қанағаттандырып,
оқуға белсенділігін тудырады.
5. Әрбір сабақта жүйелі түрде қайталау жүргізілуі керек.
Көрнекіліктер, жабдықтар, техникалық құралдар кейін бостан босқа уақыт
жібермеу үшін, алдын-ала даярланып, іске қосылып тексерілуі керек.
Кейде әдеттегі сабақ барысы (сұрау, түсіндіру, пысықтау) уақытты
жоғалтып қоюы мүмкін.
6. Әрбір сабақ техникалық және дидактикалық жағынан жабдықталған
болуы керек.
Таным - сезу мен қабылдаудан басталады. Бірақ көрнекілікті көріну
үшін қолдану қажет емес, техникалық құралдарға қиянат жасауға болмайды, ол
үшін сезім шаралары қажетті. Мұғалімнің сабақ көрнекілігін жасауға,
даярлауға кеткен барлық уақытын, оқытудың нәтижесінен көруге болады.
7. Әрбір сабақтың әр пәнімен өткен және келесі сабақтармен
байланысы. Кез-келген сабақ басқа сабақтардан бөлек қарастырылмауы керек,
ал жалпы сабақтар жүйесінде негізгісі болуы керек. Әрбір оқытушы өзінің
мүмкін шараларын қолданып сабақ материалын өткен сабақтың материалдарымен
байланыстырады. Келесі сабақтың мазмұны мен құрылымын елестетуі керек. Бұл
бастауыш педагогтеріне өте маңызды.
8. Сабақтың барлық, яғни максимал уақытын нәтижелі қолдану. Сабаққа
дайындау алдында оқушылардың 45 минут түгел жұмыс істеуі жайында ойлану
керек. Сынып мұғалім назарынан шықпауы керек, көптеген тапсырма сұрақтары
т.б. дидактикалық материалдарды барлық сынып үшін беру керек.
9. Сабақ барысында оқушылардың оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету.
Мұғалім әр оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, талап ете
білуі керек.
Көптеген мұғалімдер оқушылардың назарын аударта алмайды. Оқушы
мұғалімге қарап қана қоймай, тыңдай да білуі қажет.
Сабақ – оған көп дайындық жасалса да, ол спектакль емес.
10. Сабақтың мамандандырылған бағыты. Кез-келген сабақ, оқыту
пәнінен тәуелсіз, кәсіптік бағыты болуы керек. Қандай да бір мамандық иесі
болу үшін, әр уақытта оқып, үйреніп жүрген материалдың маңызды жерінің
астын сызу керек.
11. Үй тапсырмасының нәтижесі және оның міндетті түрдегі тексерілуі.
Оқытушы оқушыларға үй тапсырмасын бергенде, барлық оқушылар тапсырманы
орындап келетіндігіне сенімді болуы керек. Кей кезде қиынырақ тапсырмалар
беріледі, сол кезде мұғалім тапсырманы түсіндіріп, мазмұнын, және қай
қағида бойынша орындау керектігін айтуы керек.
Орындалған үй тапсырмасын міндетті түрде тексеру керек, болмаса
оқушылардың өзіндік жұмыс жасауға қызуғышылығы жоғалады.
12. Жоғарыда сабаққа қойылатын он екі талап аталып өтті, бірақ бұл
талап тізімін жалғастыруға болмайды деген сөз емес және де мұғалім оның
бәрін әрбір сабақта орындауға да тиісті емес.
2. Тест тапсырмаларының берілу тәсілдері
Тест (test, ағылшын сөзі) - тексеру, сынау, байқау. Тест туралы
көптеген еңбектердің авторы - Ресей математигі Вадим Сергеевич Аванесов
болып табылады. 1864 жылы ағылшын Дж. Фишер алғаш рет тест бойынша
тексеруді қолданған. 1883 жылы тестілеу мәселесінің теориялық негізін
салған ағылшын психологы Фрэнсис Гальтон болды. Тест терминін 1890 жылы
алғаш рет ғылымға ендірген Америка психологы Дж. Кеттелл. Ал, француз
психологы В. Штерннің еңбектерінде тест мәселесі ары қарай дамыды. Сол
кезеңде тест жеке адамның ақыл-ой деңгейін, интеллектуалдық коэффициентін
анықтау т.б. психологиялық-танымдық мүмкіндіктерін бағалау бағытында
қолданылған.
Американ ғалымдары К. Спирмен мен Э. Торндайктің еңбектері арқылы
педагогика саласына енгзіле бастаған тестер XX ғасырдың 20 жылдарынан
бастап кеңес мектептерінде де қолданыла бастады. Бірақ 1936 жылдан бастап
Кеңес Совет Республика Одағында тест қолдануға тиым салынған еді. Бұның бір
себебі сол кездегі идеалогияда еді: адамдардың барлығы бірдей болып
туылады, егер ол дұрыс жеке адам болып қалыптаспаса оған кінәлі тек қана
мұғалім, деген қағиданы басшылыққа алған және әртүрлі ойлауға, әртүрлі
дүниетанымға мүмкіндік бермей, тек қана қоғамның идеологиясын қолдайтын
адам тәрбиелеуге ұмтылған мектепте тест мәселесінің дамуы мүмкін болмаған
еді. Тест педагогикадан алынып тасталғанмен психодогияда, спорт сияқты
салаларда қолданыстан түскен жоқ. Кеңес Совет Республика Одағында 1980
жылдан бастап тест педагогикада біртіндеп қолданыла бастады [4].
Қазіргі кезде әлемнің көптеген дамыған елдеріне тест оқушының білім,
білік, дағдыларын тексеруден бастап Президентке үміткердің интеллектуалдық
коэффициентін анықтауға дейінгі қоғамның көптеген салаларында қолданылады.
Бұл елдерде, тесттер құрастырумен бірнеше алып орталықтар айналысады, олар
өз идеяларын таралымы жүз мыңдап саналатын журналдардың көмегімен таратады.
Тіпті қазірі кезде педагогика, өлшеу теориясы математикалық
модельдеу, математикалық статистика, автоматизация сияқты ғылым салаларының
қиылысуынан педагогикалық тестология деген ғылым саласы,
педагог тестолог деген мамандық пайда болды. Бұл мамандық иесінің мақсаты
ғылым саласының маманымен бірге, тестология теориясының негізінде яғни,
тест құрылымы, мазмұны, формасы т.б. сияқты мәселелерді ескере отырып,
ғылымның әр саласы бойынша тесттер дайындау.
Біздің елімізде де соңғы жылдары қоғамның көптеген салаларына,
әсіресе білім беру салаларына тесттер батыл ендірілуде. Себебі дәстүрлік
оқытуда баға қою кезінде субъективизмге ден қоюшылық болады. Мысалы, 2002
жылы орта мектепті ерекше үлгідегі аттестатпен бітірген 834 оқушы жоғары
оқу орнына түсу кезінде ең төменгі 40 балды да жинай алмаған. Тест
теориясымен таныс емес адам тест жауаптарын тұспалдап, болжап-ақ қойып
кетуге болады деп ойлауы мүмкін. Бірақ оның ықтималдығы өте аз екенін
ескерген жөн және оның тест қорытындысының объективтілігіне әсері шамалы.
Тест тапсырмаларының түрлі формасы бар. Олар:
1. Жабық формадағы тапсырмалар
2. Ашық формадағы тапсырмалар
3. Сәйкестікті белгілейтін тапсырмалар
4. Ақиқатты белгілейтін тапсырмалар
Жабық формадағы тапсырмалардың берілу тәсілдері №1 желіде
көрсетілген.
№1 желі. Жабық формадағы тапсырмалар. Берілу тәсілдері
Математикалық тест тапсырмаларымен
жұмыс жасау жолдары:
1) Әрбір тапсырманың берілген шартын нақты түсініп, не
берілгенін, нені табу керектігін анықтау;
2) Уақытты үнемдеу үшін есептеудің қысқа жолдарын таңдай білу;
3) Барлық тапсырмаларды қысқаша жазып, есептеуге дағдыландыру;
4) Белгілі уақыт аралығында барлық тапсырмаларды жылдам тез
орындау.
Жабық формадағы тапсырмалар үш түрге бөлінеді:
1.Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2.Бірнеше ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3.Ең дұрыс бір ғана жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
Осыларды №2 желіден көруге болады.
№ 2 желі. Жабық формадағы тапсырмалар
1. Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар бірнеше
түрге бөлінеді: екі жауапты, үш жауапты, төрт жауапты, бес жауапты т.б.
Мысалы, екі жауапты тапсырмалар:
a) Бұрыштарының саны үшеу болатын көпбұрышты үшбұрыш деп атауға бола
ма?
1. ия 2. жок
ә) Үшбұрыштың бұрыштарының саны нешеу?
1. төртеу. 2. үшеу
Қарастырылған екі жауапты екі тапсырманың бір-бірінен айырмашылықтары
бар: бірінші тапсырма жауабы қарапайым (ия, жоқ; тура, тура емес; ақиқат,
жалған) сұрақ түрінде, ал екінші тапсырма (формалды-логикалық) нақтыланған
формада берілген сөйлем: сұрақ пен бір жауапты біріктіріп ақиқат немесе
жалған пікір алуға болады.
б} Үш жауапты тапсырмаға мысал: 7 - а = 4 теңдеуінің шешімі
1.6 2.2 3,3
Бір ғана ақиқат жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмаларды құрастыру
барысында басшылықка екі қағидаларды алу қажет. Олар:
1) тапсырманың жауабын құрастыру барысында басшылыққа алынатын
қағидалар;
2) тапсырманың мазмұнын құрастыру барысында басшылыққа алынатын
қағидалар;
1. Тапсырмалық жауабын құ
б) Біртектілік қағидасы
в) Қамту (камуляция) қағидасы
Алғашқы екі қағидалардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы қайшылық
қағидасында бірінші жауапты екінші жауап теріске шығарса, қарама-қарсылық
қағидасы бойынша іріктелген жауаптың біріншісін екіншісі жоққа шығарады,
яғни бірінші жауаптағы тұжырым растыру барысында басшылыққа алынатын
қағидаларды №3 желіден көруге болады:
а) Қайшылық қағидасы
ә) Қарама қарсылық кағидасы өзіне аноним тұжырыммен алмастырылады.
а) Қайшылық қағидасы
Тапсырма жауабын бұл қағида бойынша құрастыру барысында бірінші жауап
екінші жауап арқылы теріске шығарылады. Сондықтан көбінесе жауаптың
логикалық схемасы А және А емес түрінде болып келеді. Мысалы:
а) 5 + 3 жазуы
1) өрнек 2) өрнек емес
ә) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш:
1) шаршы емес 2) шаршы
ә) Қарама-қарсылық қағидасы
Тапсырма жауабы бұл қағида бойынша құрылғанда міндетті түрде бірінші
жауапты екінші жауап теріске шығаратындай болуы керек. Мысалы:
а) 3,7,11,15,19. ... сандарының қатары:
1) өседі 2) кемиді
№3 желі. Жабық формадағы тапсырмалардың қағидалары
б) Біртектілік қағидасы
Тапсырма жауаптары ұғымды, жан-жақты емес, біржақты бағалайтындай
яғни ұғым белгілі бір көзқарас, белгілі бір бағыт бойынша ғана
қарастырылады. Мысалы:
а) 5
1) жұп сан 2) тақ сан
Бұл тапсырмада а) жұп сан, ә) екі таңбалы сан деген жауаптар бола
алмайды, себебі, олар біртекті емес,
ә) 444 саны:
1) бір таңбалы 2) екі таңбалы
3} үш таңбалы 4) төрт таңбалы
5) бес таңбалы
в) Қамту (камуляция) қағидасы
Бұл қағида бойынша тапсырма жауаптарын құрудың ерекшелігі мынада.
Бірінші жауапты екінші жауап, екінші жауапты үшінші жауап т.с.с. қамтиды.
Мысалы: а) Шаршының
1} Қарама-қарсы қабырғалары тең
2) Қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштары тең
3) Барлық қабырғалары мен қарама-қарсы бұрыштары тең
4) Барлық қабырғалары мен бұрыштары тең
Бұл жағдай оқушыларды қандай-да мәселе жайлы толық білім жинақтауға,
толық жауап беруге үйретеді. Алайда, мұнда міндетті түрде ең соңғы жауаптың
ғана дұрыс болуы міндетті емес. Мысалы:
ә) Метр кандай шаманың немесе шамалардың өлшем бірлігі?
1) Ұзындықтың
2) Ұзындық пен массаның
3) Ұзындық масса және жылдамдықтың
4) Ұзындық, масса, жылдамдықтың және уақыттың
5} барлық шамалардың
Келесі қағидалар тапсырманың мазмұнын анықтау барысында басшылыққа
алынатын қағидалар.
1. Тапсырма мазмұнының фасеттік қағидасы.
(Фасет дегеніміз - бір ғана тапсырманың әр түрлі нұсқада жазылу
формасы). Бір тапсырма қиындығы әртүрлі деңгейде құрылып, оқушылардың білім
деңгейіне қарай үлестіріледі.
Мысалы: а) Бұрыштарының саны 4-еу (3,4,5,6) болатын көпбұрыш
1. үшбүрыш
2. төртбұрыш
3. бесбұрыш
4. алтыбұрыш
5. жетібұрыш
ә) 80 саны (5,7,9,16) қалдықсыз
1. 0-ге
2. 3-ке
3. 6-ға
4. 10-ға
5. 7-ге бөлінеді
Тапсырмада бір емес бірнеше фасет болуы да мүмкін. Мысалы
(6.7,8,9,10) сандары (2,3,4) сандарына қалдықсыз
1.бөлінеді
2. бөлінбейді
2. Имплнкация қағидасы
Бүл кағида бойынша тапсырма мазмұны Егер ... , онда ... формасымен
құрылады. Мысальг:
а) Егер әр қосылғыш 5- ке бөлінсе, онда қосынды 5-ке
1.бөлінеді 2. бөлінбейді
ә) Егер кез-келген натурал санға бірді қосса, онда .
1. келесі сан шығады 2. кейінгі сан шығады
б) Егер көпбұрыштың (үш, төрт, бес, алты, жеті) бұрышы болса, онда
ол: 1. жетібұрыш
2. бесбұрыш.
3. алтыбұрыш
4. үшбұрыш
5. төртбұрыш деп аталады [8.- 32-34 бб.].
Тапсырманы қүрастыру барысында қолданылатын қағидалардың бірнешеуі
бір тапсырманың өзінде де үйлесімді қолданылады.
Мысалдар
1) Көбейткіштерге жіктеңіз:
a )
b )
c )
d )
Е)
Жауабы: d
2) Бөлшектің бөлімін ирроционалдықтан құтқарыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: a
3. Әдетте тырналар үшбұрыш жасап ұшады алдында біреу (басшы) оның
артында екеу, олардың артында үшеу т.с.с. Егер соңғы қатарда 15
тырна болса, барлық тырналар нешеу
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: d
4. Функцияның туындысын табыңыз:
a) 1
b) 0
c)
d)
e)
Жауабы: b
5. Функцияның туындысын табыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: c
6. Теңсіздікті шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: a
7. Теңсіздікті шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: c
8. Бір сыныптағы оқушылардың 14-і ұл балалар, ал қыздардың одан 7-еуі
артық. Сыныптағы оқушылардың неше проценті ұл балалар?
a) 14%
b) 40%
c) 41%
d) 66%
e) 66.7%
Жауабы: b
9. Сөйлемді аяқтаңыз:
Синус пен косинус функцияларының анықталу облысы - ....
a) Барлық бүтін оң сандар жиыны
b) Барлық натурал сандар жиыны
c) Барлық бүтін теріс сандар жиыны
d) Барлық нақты сандар жиыны
e) Барлық рационал сандар жиыны
Жауабы: d
10. Теңдеуді шешіңіз:
a) 2
b) 7
c) 4
d)
e)
Жауабы: a
11. Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 1, алтыншы мүшесі 32 тең.
Алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңыз.
a) 125
b) 131
c) 129
d) 127
e) 124
Жауабы: d
12. функциясының туындысын табыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: c
13. функциясы үшін алғашқы функциясының жалпы түрін табыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: c
14. Трапецияның орта сызығы 7см тең, ал табандарының бірі екіншісінен 4
см-ге артық. Трапецияның табандарын табыңдар.
a) 7см және 1см
b) 12 см және 8 см
c) 9 см және 5см
d) 10 см және 6 см
e) 11 см және 7 см
Жауабы: c
15. Теңдеуді шешіңіз:
a)
b) -2
c) 2
d) -1
e) 1
Жауабы: e
16. Теңсіздікті шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: b
17. Шар секторының табанындағы шеңбердің радиусы см-ге, ал шардың
радиусы 3см-ге тең. Шар секторының көлемін табыңыз.
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: a
18. Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см, ал қабырғасы келесісінен 6 есе ұзын.
Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз:
a) 144
b) 48
c) 196
d) 112
e) 96
Жауабы: e
19. Теңсіздікті шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e) және
Жауабы: e
20. болса, арифметикалық прогрессия құрайтын тізбектің айырмасы
неге тең болады?
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: a
21. Теңдеуді шешіңіз:
a) 1; 6
b) -3: 4
c) -3: 6
d) -4; 3
e) -4; -3
Жауабы: d
22. Теңдеуді шешіңіз:
a) 0.5.
b) 2.
c)
d) -
e)
Жауабы: Е
23. Теңсіздікті шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e) .
Жауабы: a
24. Ықшамдаңыз:
a) -1.
b) -2.
c) 2.
d) 1.
e) 0.
Жауабы: d
25. Теңдеуді шешіңіз:
a) 4.
b) 3.
c) 5.
d) -3.
e) 2.
Жауабы: b.
26. Теңдеуді шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: a
27. Көп мүше түрінде жазыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: e.
28. Квадраттың диагоналі 10 см болса, квадраттың ауданын табыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: e.
29. Көбейткіштерге жіктеңіз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: a
30. Функцияның туындысын табыңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: d
31. Сөйлемді толықтырыңыз:
“Сызықтық функцияның графигі ... болады”.
a) кесінді
b) гипербола
c) түзу сызық
d) сәуле
e) парабола
Жауабы: с
32. Теңсіздікті шешіңіз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: d
33. Интегралды есептеп шығарыңыз:
a)
b)
c)
d)
e) 0
Жауабы: a
34. Сөйлемді толықтырыңыз:
“Кез келген жұп функцияның графигі ... ... қарағанда симметриялы”
a) ордината осіне
b) координаттар басына
c) Оx оң жарты осіне
d) Оу оң жарты осіне
e)абцисса осіне
Жауабы: a
35. Ықшамдаңыз:
a)
b)
c)
d)
e)
Жауабы: d
36. Өрнекті ықшамдаңдар:
a)
b)
c)
d)
Жауабы: a
37. Көбейткіштерге жіктеңдер:
a)
b)
c)
d)
Жауабы: b
38. Ықшамдаңдар:
a)
b)
c)
d)
Жауабы: a
Ашық формадағы тест тапсырмаларында дайын жауаптар берілмейді Мұнда
тест тапсырушы қажетті жауаптарды тауып, берілген тұжырымға қосып жазу
арқылы ақиқат немесе жалған пікір алуға тиіс. Егер пікір ақиқат болса
жауаптың дұрыс, ал жалған болса жауаптың қате болғаны[9].
Мысалы:
• Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы оның ... деп аталады.
Жауабы: периметрі.
• 1,2,3,4,5 сандары ... сандар деп аталады.
Жауабы: натурал.
• Егер екі өрнектің айырмасы оң болса, онда азайғыш азайтқыштан ...
Жауабыы: үлкен немесе тең.
• Пифагор теоремасы. Тік бұрышты үшбұрыш гипотенузасының квадраты оның
... квадраттарының қосындысына тең болады.
Жауабы: катеттерінің.
• Шеңбердің центрлік бұрышы деп төбесі шеңбердің ... жататын жазық
бұрышты атайды.
Жауабы: центрінде.
• (Синустар теоремасы) Үшбұрыштың қабырғалары қарсы жатқан ...
синустарына пропорционал болады.
Жауабы: бұрыштардың.
• Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып және қиылысу
нүктесінде қақ бөлінетін болса, онда бұл төртбұрыш ...
Жауабы: параллелограмм.
• (Косинустар теоремасы). Үшбұрыштың кез-келген қабырғасының
квадраты қалған екі қабырғасы квадраттарының қосындысынан осы
қабырғалар мен олардың арасындағы бұрыш косинусының ...
көбейтіндісін шегергенге тең болады.
Жауабы: екі еселенген.
3. Білім беру диагностикасы
Диагностиканы педагогикалық қызметтің оңтайлы шешімі десек,
диагностикалауды іс-әрекеттің барысы (негізгі бөлшегі) деп айқындаймыз.
Диагностика немесе баға өлшемі, тағы да еске сала кетейік -
әдістемелік құбылыс ағымындағы барлық жағдайдың ашылуы, нәтижесінің нақты
анықталуы. Бағалау өлшемінсіз әдістемелік іс-әрекетті тиімді басшылыққа
алу, әрі бар жағдайды жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Оқыту өлшемін нәтижемен, қол жеткен табыспен, оқытумен ажыратылады.
Оқытылу көздеген мақсатқа қол жеткізуі сәтіндегі өлшемнің дәрежесі есебінде
қарастырылады. Әдістемелік бағалаудың мақсаты оқыту процессінің ағымы, оның
тиімді жағдайына байланысты сараптау, бағалау, дер кезінде анықтау -
әдістемелік бағалаудың мақсаты болып табылады.
Көріп отырғанымыздай диагностика ауқымына оқушының біліктілігін,
білімін дәстүрлі тексеруден гөрі кеңірек, әрі тереңірек мағына сияды.
Тексеру тек қана нәтижені ғана шамалайды да, оның шығу тегін анықтамайды.
Ал бағалау өлшемі (диагностирование) оқытудың нәтижесінің жолдарымен
байланысты табыстың әдістері.
Диагностикалау оқытуда қол жеткен табыстардың жолдарымен байланыстыра
отырып, оқыту өнімділігінің динамикасын, тенденцияларын қарастырады.
Диагностикалау бақылауды, тексеруді, бағалауды, статистикалық
мәліметтердің жиынын олардың сараптамасын, динамикасын анықтап, іс-
әрекеттің ары қарай дамуы болжамын да қоса-қарастырады. Оқушының
біліктілігіне бақылау жасау, білімін бақылау диагностикалау негізгі қажетті
бөлім ретінде кіреді.
Бұл педагогикалық технологияның екі көне құрамдас бөлігі.
Өркениет тұсында да бақылау жасау мен бағалау мектептің дауысыз
серігіне айналса, оның дамуына қоса ықпал етеді. Дегенмен, күні бүгінге
дейін бағалау маңызы мен технология төңірегінде қызу талас тоқтаған емес.
Педагогтар бұдан жүз жыл бұрын да талас тудырған.
Баға сапаны анықтаушы ма, әлде оқушы үлгерімінің тұжырымды анықтамасы
ма немесе, керісінше, артық жерін көрсетуші, әлде оқыту әдістемесі
жүйесінің кемшілігін анықтауыш ретінде қызмет етеді ме деген сауал
төңірегінде болады.
Педагогтар бағалауда өз құқықтарын ақылмен, әрі салмақты пайдаланады.
Мектеп бағасының қайшылығын Я.А. Коменский де ескерткен. Оқытып отырған
тұлғасының білімін бағалауда әділ бақылау талаптары арқылы педагогтардың
адамгершілігі оның бүкіл әдістемелік жүйесін көрсетеді. К.Д.Ушинский өз
заманында бақылау түрлерін қатты сынға алған. Оның кемшіліктерін атап
көрсете отырып, қолданылып жүрген тәсілдер оқушылардың ақыл-ой әрекетін
басып тастайтынын ескерткен.
Әдетте мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан сұрап жатқанда қалғандары
бұл істен шет қалады да өзін бос сезінеді. Олар күту арқылы толқып уақытын
бос жіберіп, күштерін өшіреді. Мұндай жағдайда оқушы қызығушылығын да,
бастамашылдығында көрсете алмайды.
Жаңа демократиялық мектепте жасанды бақылау болмауы тиіс. Әдістемелік
бақылау өзіндік оқыту әдісі арқылы оқушының өзіне дамытушылық бағыт, өзін-
өзі бақылау, қажетті әрі пайдалы болатындығын ашық көрсетуі керек. Мектеп
бақылауын өзгерту жөніндегі ескі әрекеттер жаңа енгізулер мен барлық
ұсыныстар төңірегінде болғандықтан ештеңе бермейді. Өйткені сұрақ біреу
ғана болды – бағаны мектепте қолдану керек пе, жоқ па? Халық
Комиссариатының 1918 жылғы мамыр айындағы “Бағаны өзгерту жөніндегі
қаулысына байланысты бағалармен қоса емтихандар алынып, тасталынып,
оқушылардың білімін бағалаудың ең қарапайым әдістері мен бақылаулар
енгізілді. Осы мақсат пен оқушылардың жеке мүмкіндіктерін көрсететін
ерекше есеп дәптерлер, “қызыл”, “қара” тақталарда озаттар мен үлгерімі
төмен оқушылардың аты-жөндері жазылды, “социалистік жарыстар”, т.б.
енгізілді. Бірақ бағасыз “бақылаусыз ешқандай тұрақты нәтиже берілмеді.
Білім қабылдаудың жарқын болашағы” сонымен бірге “білімге табиғи
құлшыныстың” оқыту әрекетінде ынталандыра алмайтындығы белгілі болды.
Мектеп өмірін демократизациялау бақылаудан бас тартпайды, керісінше
оқуға бағалаудың көмегі арқылы ынтаны оятуды көздейді.
Оқушылардың жаңа оқу әрекетін ынталандыру жеке бастың пайдасы емес,
тәрбиелеу мен оқытуда жаңа күштерді іздестіру көзделеді.
Баға диагностикалау жүйесінде ынталандыру құралы ретінде жаңа сапаға
ие болуда. Диагностикалау нәтижелері жеке тұлғаны айқындауда бәсекелестік
қоғамда негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Оқыту еркіндігінде баға өткен кезеңдерде оқушыларды зорлықпен оқытуды
қаламайтын құралынан өркениетті қоғам адамның маңызды көрсеткіші болып жеке
рейтингті тиімді қолдану аламастырады.
Кейбір батыс елдерінде мұғаліммен оқушы арасында шарт жасасқанда
мынандай сұрақ туындайды: “Бақылаусыз, әлде бақылаумен оқығыңыз келе ме?”,
“Баға алғыңыз келе ме, әлде бағасыз бағыт меңгересіз бе?”
Егер оқушы бақылаусыз, бағасыз оқығысы келсе, онда қатаң бақылау
жағдайында оқыған мен әділ бағалаудан гөрі оқуға төлем құны 3-4 есе төмен
болады. Неге? Мұны сіз қалай түсіндіресіз?
Оқытуды диагностикалау деген не? Жоғарыда айтылған балалардың ішінен
дұрысын, басқаларға қарағанда орнықтысын таңдап алыңыз.
1. Оқытуды диагностикалау – бұл оқушының білім мен биіктігін
бағалау және бақылау.
2. Оқытуды диагностикалау бақылауды, бағалауды, тексеруді,
статистикалық мәліметтерді қамти отырып, олардың
сараптамасын, динамикасын нәтижелердің болжамын анықтайды.
3. Оқытуды диагностикалау – бұл (белгіленген критерилер
бойынша) білімді, біліктілікті бағалау.
4. Оқытуды диагностикалау – бағаны емтихандарды өзгертуді,
бақылаудың басқа формаларын талап етеді.
5. Оқытуды диагностикалау - әрбір оқушының жеке рейтингісін
қалыптастыруды жүзеге асырады.

күніне дейінгі барлық әрекеті жүйелілік кіреді. Мектеп бақылауы оқушылардың
нені біліп, атқару керектігіне жиі әрі маңыз бере жүргізілуі тиіс.
Бақылаудың түрлі формалары әдістері мен құралдары, тексерулер, бағалаулар
бірлікке, бір мақсатқа біріктірілуі, диагностиканы кешенді жүргізуде
жүйелілік принциптері талап етеді. Жеке әдістер мен диагностикалау
құралдарының жан-жақтылығы мұндай шешімді қаламайды.
Сабақтың құрылуындағы талаптар:
1) Сабақтың орны мен уақыты жоспарға сай келуі керек.
2) Сабақтың құрылымы мен кезеңдері орынды, ара қатынастық байланысы
уақытқа сай келеді.
3) Ғылымилық және мұраттық.
4) Эстетикалық тәрбиелеу, сабақтың әсерлілеу жақтары.
5) Жаңа материалды тарату.
6) Білім беруді дамытатын қағидаларды сақтау.
7) Өмір мен байланысы
8) Көрнекіліктер
9) Оқулықпен жұмыс
10) Жаңа атау, түсініктердің пайда болуы, тану қуанышы
11) Жаттығуларды таңдау
12) Оқушылардың өз бетімен жұмыс атқаруы
13) Белсенділігін және инициативасы
14) Оқушылардың істің әртүрлі формаларымен қамтылау
15) Ауызша және жазбаша қамту
16) Жеке-жеке тіл табысы
17) Білімін тексеруді ұйымдастыру
18) Білімнің тереңдігі және қарапайымдылығы
19) Бағаның сай келуі
20) Үй тапсырмасының берілуі
21) Сабақтың барысының жылдамдығы
22) Мұғалімнің педагогикалық өзін ұстауы
23) Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
24) Дұрыс айту формалары
25) Грамматика мен лексиканың оқытылуы
26) Фразиологиялық жұмыс
27) Оқу техникасы
28) Сөйлеу мәдениеті және жазу
29) Әдеби кітаптар оқу
30) Жазбаша жұмыстар жүйесі
Сабақ жақсы дайындалған, ұйымдастырылған, жабдықталған болуы керек.
Шығармашылық – мұғалім іс-әрекетіндегі маңызды ерекшелік. Бастауыш
мектептерде сабақ жүргізілген кезде шығармашылық, өнертабыстық, ынталылықты
көрсеткен маңызды. Кіші сынып оқушылары үшін маңыздысы, оқу материалын
олардың өздері оқыған, оларға қызықты болады. Оқу – күрделі және қиын іс-
әрекет, әсіресе кіші сыныптар үшін. Сабағындағы материалды шығармашылық
және өзіндік оқып үйренсе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz