Ақыл-ойдың дамуы, ақыл-ой әрекеттерінің әдістері мен тәсілдерін игеру


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Совет Одағы Коммунистік партиясының XXIV съезі педагогика ғылымы мен практикасының алдына, бүкіл совет қоғамының алдына жеткіншек ұрпақтың жан-жақты өсуін қамтамасыз ету сияқты жауапты міндет қойды. Ол үшін балалар бақшасы тәрбиешілерінен бастап бүкіл совет педагогтарыңың күш-жігері осы міндетті жүзеге асыруға бағытталуы керек.

Ақыл-ойдың дамуы, ақыл-ой әрекеттерінің әдістері мен тәсілдерін игеру, білімді саналы түрде меңгеру, оларды жаңа есептерді шығару үшін пайдалана білудің қалыптасуы жеке адамның жан-жақты дамуында маңызды орын алады. Ақыл-ойды дамыту және танымдық қабілеттерді жетілдіру қажеттігі, ойлаудың нақтылығы (айқындылығы, дәлділігі, түсініктілігі және басқа) соңғы он жылдықтар ішінде адамзат қоғамының өмірінде жасалған орасан зор ғылыми-техникалық ілгерілеулермен сабақтас жатыр.

Халыққа және ең алдымен өскелең ұрпаққа математикалық білім берудің мазмұны мен методына жаңа тұрғыдан келу талап етілді. Біздің кезімізде ғалымдар мен мұғалімдердің мектептегі математика курсына реформа жасаудың қамын ойлап жүргендері кездейсоқ емес.

Программаны қайта түзуде неге баса көңіл белінген? Негізгі ізденістер, бір жағынан, жекелеген математикалық пәндердін арасындағы бөгеттерді жоюға және А. И. Маркушевич жазғандай, «математиканың бірыңғай курсын жасау, оған жаңа мазмұн қосу, функция мен қайта құруды ең маңызды идеялар ретінде алу, аналитикалық геометрия мен математикалық талдау элементтерін енгізуге», ал екінші жағынан, қазіргі кезде математиканың қолданбалы маңызы соншалықты орасан өскендіктен (техника, экономика, корганыс, лингвистика, биология, психология, педагогика, медицина және басқа), оны физикаға және басқа да ғылымдарға пайдалануды көрсетуге барытталған.

Қазіргі ғылым математиканы әр түрлі структура жөніндегі ілім ретінде қарастырады.

Математиканы оқытудың негізгі мәселелері социалистік және капиталистік елдердің ғалымдары, математика оқытушылары, инженерлері, логиктері, психологтары, тарихшылары және басқа да мамандары қатысқан көптеген интернационалдық семинарлардың талқылайтын пәніне айналды. Осындай семинарлар Англияда, Бельгияда, Швейцарияда, Францияда, Люксембургте және т. б. өткізілді.

1962 ж. Венгер үкіметінің инициативасымен және ЮНЕСКО-ның жәрдемімен Венгрияда мектепте математиканы оқыту мәселесі бойынша Халықаралық симпозиум өткізілді; бұл симпозиумның қорытындылары мен ұсыныстары ерекше көңіл аудартады. Әр елде жүргізілген зерттеулер 12 (тіпті одан да ерте) жастан бастап балаларға арналран мектеп курсында, жиын женінде жүргізілетін қарапайым операцияларды, қатынас ұғымы мен функцияны пайдалану мүмкін екендігін көрсеткені белгілі болды.

Халықаралық симпозиум әр елде мектептерге арналған программаларға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша алда істелінетін эксперименттік жұмыстарға дем берді.

Совет Одағында бірнеше жыл қатарынан жүргізілген эксперименттік жұмыстардын, негізінде I кластан бастап бұқаралық мектепте математиканы оқытудың мұндай программасын көрнекті ғылым-математиктердің қатысуымен СССР Педагогика ғылымының академиясы жасады және мектептің бастауыш кластарына 1969 ж. 1 сентябрьден бастап міндетті программа ретінде енгізілді.

Жұмыстың жаңа жолдарын іздестірудің мәні мен жаңа программаның ерекшелігін түсіну үшін ескі программаның сипаттарымен және оның кемшіліктерімен қысқаша танысып шығу қажет.

Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әр түрлі әрекеттер процесінде жүзеге асады.

Бала өмірінің бірінші күнінен бастап, езінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай-ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қоршаран ортамен танысуы және қабылдаған объектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компоненттеріне (мысалы, тамақтандыру жағдайында) оның бейімделуін қамтамасыз етеді.

Әр түрлі өнімсіз және өнімді әрекеттер процесінде сәби жастағы балаларда өздерін қоршаған әлем жөнінде заттар әлемінің әр түрлі белгілері мен қасиеттері - түсі, формасы, шамасы, заттардың кеңістіктегі орналасуы, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардын, қарым-катынастары жөнінде (баланың өзіне, бір-біріне, айналасындағы заттарға және т. б. ) түсініктер қалыптаса бастайды. Элементар математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын сенсорлық тәжірибе біртіндеп жинала береді.

Мынадай сұрақ туады: баланың өздігінен дамуына жағдай жасаған жөн бе немесе олардың қоршаган әлемді танып білу процесіне басшылық жасап отыру қажет пе?

Оқыту мен дамыту проблемасы көптеген елдерде әлі күнге дейін шешілмей келеді. Бұл проблема бойынша психологтардың XVIII Халықаралық конгресінде (1966) жарыс сөздің өте қызу өткені кездейсоқ емес. Мұның себебі неде?

Буржуазиялық педагогика жақын жылдарға дейін баланың ішкі себептер арқылы (спонтандық) даму позициясы жарында болды. Әдетте, балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктері нақты анықталды және осыған сәйкес мектеп программалары жасалды. Алайда ғылым мен техниканың қарқындап өсуі бұл программалардың шектеулілігін және жетілдірілмегендігін ашып берді. Мектепте білім беру дәрежесін көтеру, демек түрлі жас кезеңіндегі балалардың мүмкіндіктерін де қайта қарау қажет болды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы буржуазиялық педагогикада әрқашан да ішкі себептермен пайда болған (спонтандық) процесс ретінде қарастырылды және бұл жастағы балалар үшін қатаң программаның кажеттігі теріске шығарылды. Ал мұндай көзқарастар қоғам талаптарына қарама-қайшы келді, сондықтан кептеген елдерде ең алдымен білім мазмұны бойынша кең эксперименттік жұмыстар жүргізіле бастады. Осындай эксперименттердің нәтижесінде ралымдар бір ауыздан, мектеп жасына дейінгі балаларды да қоса алғанда, балалардың танымдық мүмкіндіктері бұрынғы ойлағандағыдан гөрі едәуір кең деген қорытындыға келді.

Совет психологиясы мен педагогикасы марксистік-лениндік ілімге сүйене отырып, дамуды адамзаттың қоғамды тарихи тәжірибесін меңгеру процесі ретінде қарастырады.

Белгілі совет психолоғы Л. С. Выготский әрқашан «ең жақын даму аймағына» қарап бағдарлану керек деп атап көрсетті. Ол былай деп жазды: « . . . біз тек бүгінгі күнге дейін аяқталған даму процесін ғана, оның аяқталған циклдарын ғана, пісіп-жетілудің атқарылған процестерін ғана емес, сонымен бірге қазір қалыптасу жағдайында тұрған енді-енді пісіп-жетіле, дами бастаған процестерді де есепке алуымыз мүмкін».

Оқыту осы арқылы дамуды бастайды, дамудың қайнар көзі болып табылады.

Совет психологтары мен педагогтарының бұл көзқарасы басқа бағыттар өкілдерінің көзқарасына, мысалы, оқыту мен дамуды бір деп қарайтын американ психолоғы Э. Торндайктің және осы екі процесті айырып алатын, оқыту спонтанды даму барысына ықпал етпейді деп есептейтін швейцариялық психолог Ж. Пиаженің көзқарастарына қарсы тұрады.

Оқыту мен дамуды неге бірдей деуге болмайды? Бұлай істеу теріс болатыны мынадан: өзара байланысты осы процестердің әрқайсысының өзіндік заңдылықтары бар. «Оқу процесінің бұл сыртқы заңдары дамудың оқытумен емірге келетін процестері құғылымының ішкі заңдарымен мүлде сай келеді деп ұйғару өте үлкен қателік болар еді, - деп жазды Л. С. Выготский. Алғашқы танысу мен білімге ие болудын арасында бірталай уақыт өтеді. «Бала нақты пән бойынша ең алдымен белгілі дағдыларға ие болады, ал оларды практикада өз бетімен және саналы түрде қолдана білуге кейінірек дағдыланады». Білімсіздіктен білімге ету кезеңінде ішкі психикалық процесс жүзеге асады, яғни даму жүреді.

Бірақ ғылым мен техниканың тез өсуі педагогиканың алдына тағы бір проблема қойды: мектеп программәсы ғылымының шапшаң дамуынан қалып қоймауға тиіс, олар соншалықты тез қайта кұрыла алмайды. Сондықтан оқушылар оқу процесінде де, мектепті бітіргеннен кейін де өз бетімен білім ала білуге үйренуі тиіс. Олар ғылым мен техниканың дамуын үнемі қадағалап отырура үйренуі керек. Демек, оқыту процесінде балаларға ерте жастан бастап тек дайын білімді ғана беріп қоймай, оның ақыл-ой қабілетін де дамытып отырудың маңызы зор. Осыдан талдау, синтездеу, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, жіктеу, сериялау және т. б. сияқты ойлау операцияларын, қалыптастыруға, сондай-ақ танымдық ынтаны бақылауды, сөзді дамытуға мүмкіндік беретін окытудың дамып келе жатқан методтарын пайдалану қажеттігі жөнінде қорытынды келіп шығады.

Педагогтың міндеті - балалар әрекетін ұйымдастыру, өйткені бала тек әрекет үстінде ғана жетіледі. Баланың алдына қандай да бір міндет қойылса, онда сол міндетті шешуге талпыныс пайда болады. Бірақ ол мұны әрекеттің, мінез-құлық пен ойлаудың жаңа әдістерін меңгергенде ғана іске асыра алады. Сондықтан қажеттілік пен мүмкіндіктің арасында, белгілі мен белгісіздің арасында қарама-кайшылық кездеседі. Бұл қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші болып табылады.

Сонымен, педагогтың бағыттаған әрекеті арқылы оқыту баланың психикалық жағынан өсуіне әсер етеді.

Соңғы он жылдықтарда баланың ақыл-ойының даму проблемасына көптеген зерттеулер арналды.

Балаларға математика элементтерін оқыту методикасы үшін УССР
Психология ғылыми-зерттеу институтында Г. С. Костюктың басшылығымен жүргізілген зерттеулер ерекше назар аударады. Объектілердің белгілерін (түс, форма, шама) айыра білу дәрежесі, әдеттегіге қарағанда, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту жағдайында өте жемісті болатынын көрсетті. Балалар қатар тұрған әрбір элемент шамасының салыстырмалылығын (алдыңғыдан үлкен және кейінгіден кішкене) меңгере отырып, сериялау операциясын да табыспен игереді. Салыстырмалылықтың бұл принципі балаларды оқыту үстінде басқа да модельділікке (сан, дыбыстар т. б. ) ауыстырылады.

Оқыту жағдайында бес-алты жастағы балаларда сан ұғымы жақсы қалыптасады; сан объектілердің басқа барлық кеңістіктік-сапалық белгілерінен абстракцияланады. Көру және ішкі жиын мен жиынның, бөлімше класс пен кластың арасындағы болымсыз айырмашылықты анықтау, өз пікірі мен байымдауының шындығын дәлелдеу қабілеттері дамиды. Балалар нақтыдан абстрактыға, дұрыс ойлауға тез өтеді, оларда ғылыми ұғымдарды меңгеру үшін қажет болатын ойлау операциялары қалыптасады.

Совет Одағында жүргізілген барлық психологиялық зерттеулер окыту процесінде баланың психикалық дамуында сапалы өзгерістер болатынына көз жеткізді. «Оқыту балалардың интеллектуалдық әрекетінің төменгі структурасынан жоғары структурасына өтуін шапшаңдатып қана қоймайды. Оқыту олардың білім алуының қажетті жағдайы болып табылады. Мұндайда жаңа структуралар жай сырттан әкелінбейді, олар оқыту процесінде оқушылар қоғамдық тәжірибеде меңгеру арқылы іске асқан үлгі бойынша бұрын қалыптасқан структуралардан жасалып шығады. Бұл процесте сырттан жасалатын әсер әрқашан окушылардың ішкі белсенділігі арқылы әрекет еді», - деп жазды Г. С. Костюк.

Сонымен, совет психологтарының зерттеулері балалардың өсіп-жетілуінде оқудың жетекшілік ролін нанымды түрде дәлелдеп берді. Мұндайда оқыту методикасының тиянақты жасалуының және білімді хабарлап қана қоймай, ойлау операцияларын жетілдіріп отырудың да маңызы зор.

Бала ерте жастан бастап-ақ нәрселердің жиынтығын, дыбыстардың, қозғалыстардың жиынын әр түрлі анализаторлар арқылы (көру, есту және т. б. ) қабылдай отырып, олармен танысады, бұл жиынтықтарды салыстырады, оларды бір-бірінен саны жағынан айырады. Оқу процесінде бала жиындардың теңдігі мен теңсіздігін көрсету әдістерін меңгереді, санды сандық сөзбен атауды үйренеді. Алдымен онда элементтердің белгісіз мөлшері туралы, ал сонан соң бүтін бір бірлік түріндегі жиын туралы түсінік қалыптасады. Осы негізде жиындарды салыстыруға және ондағы элементтердің санын барынша дәл анықтауға деген талпыныс өседі, бірте-бірте бала есептеуге дағдыланады және сан ұғымын меңгереді. Мұның бәрі ересектердін, басшылығымен және өзіндік оқу ойындық сипаты бар практикалық әрекеттер үстінде іске асады.

Бала, сондай-ақ нәрселерді мөлшеріне, түсіне, формасына, кеңістікте орналасуына және баска белгілеріне қарай ерте-ақ ажырата бастайды. Ол үлкендерге еліктеп, дөрекі түрде нәрселерді өлшеуге әрекеттенеді, алдымен біреуін екіншісіне беттестіріп, сонан соң көзмөлшермен және шартты түрде қабылданған өлшеуіштің кемегімен өлшейді.

Сонымен, балалар сезімге әсер ету арқылы қабылдауға сүйене отырып, әр түрлі шамаларды ғана танып-біліп қоймайды, сондай-ақ өз ұғымдары мен түсініктерін соған сәйкес атаулармен, мысалы, көп - аз (саны жағынан), кең - тар, биік - аласа, қалың - жұқа және т. б. осы сияқты сызықтық ауытқушылықты жалпы көлем ауытқушылығынан (артық - кем, үлкен - кіші) айыра отырып, сөзбен дұрыс бере білуге алғы шарттар жасалуда. Мұндай дифференциялау, Р. Л. Березина, В. К. Котырло, Т. В. Лаврентьева, З. Е. Лебедева, Е. В. Проскур және басқалардын, зерттеулері керсеткеніндей, ересектердін, тиісті басшылығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар үшін толық жеткілікті.

Сөздердің мәнін меңгеру балаларға заттардың қасиеттерін жалпылай білуге мүмкіндік береді - өйткені кез келген сөз белгілі дәрежеде жалпылауыштық қызмет атқарады. Бұдан басқа, бала заттарды олардың қасиеттерімен, қатынастарымен енжар қабылдамайды, оларға белсенді түрде әсер етеді, оларды жаңғыртады, уақыт жағынан және кеқістікте оларды пайдалана алады.

Сонымен, қарапайым математикалық түсініктің қайнар көзі баланың ересектермен тілдесуі мен олардың оқытушылық басшылығы бойынша өзінің әрекет ету процесінде таныған айналадағы нақты шындық болып табылады.

Көптеген фактілер мен құбылыстар, нәрселердің қасиеттері оқыту болмаса баланың назарынан, қабылдауынан тыс қалар еді. Алайда оқыту күнделікті өмірде эпизодтық сипатқа ие және ол барлық баланы бір мезетте қамти алмайды. Сол себепті ол алынатын білімді жүйеге келтіруді қамтамасыз ете алмайды. Бала математика жағынан жетілуі үшін, оның жиын мен сан жөніндегі, шама, форма, уақыт және кеңістік жөніндегі барлық түсініктері мен ұғымдары белгілі бір жүйеде, бірізділікте болуының маңызы ете зор.

Н. К. Крупская: « . . . математика - бұл ұғымдар тізбегі: оның бір үзбесі түсіп қалса, одан арғысы түсініксіз болады», - деген еді. Сондықтан балалардьің математика саласынан мектепке дейін алатын білімдері қаншалықты аз болғанымен, оны балалардың дамуының нақ осы кезеңінде не беруге болатынын есепке ала отырып, біртіндеп күрделендіре беру керек. Сондықтан сабақтарда оқыту балалардың математикалық түсініктерін жетілдірудің негізгі, жетекші формасы болып табылады. Реттелген түсініктер, дұрыс қалыптасқан алғашқы ұғымдар, дер кезінде жетілген ақыл-ой қабілеті сияқты, баланың мектепте онан әрі ойдағыдай оқып кетуінін, кепілі ретінде кызмет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны және оның қасиеттері
Оқыту процесінде болашақ мұғалімдердің танымдық іс-әрекеттерін арттыру
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Оқыту психологиясының негіздері
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Оқыту психологиясының негіздері туралы
Ақыл ой тәрбиесінің мақсатынан туындайтын міндеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz