Инновацияның мәні, белгілері және түрлері



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1.1.Инновацияның мәні, белгілері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-6
1.2.Инновациялық процестің негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6-9
1.3.Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10-15
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары ... 16-19
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... .20-25
2.3.Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-28
3.1.Инновацияны жүзеге асыру шарттары мен факторлары ... ... ... ... ... ...29
3.2. Инновациялық әлеует ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-30

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржыларына және қарыз қаражаттарынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.
Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу жүйесі болып табылады.
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері.
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі жаңғыру немесе жаңару әлде зат жасаудың жаңа жолы деген мағыналарды білдіретін, innovacyon сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
* жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
* өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
* жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
* өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
* ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
* жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
* техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
* жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық (новизна). Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді. Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық және іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде өзінің жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді орындау уақытында пайда болады.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
1. Жаңалығына байланысты:
* базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
* жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
* жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
2. Қолданылуына байланысты:
* өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
* технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
* әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
* нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
3. Шығу көздеріне байланысты.
* ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
* өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
* нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
4. Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
* тұтыну инновациялары;
* инвестициялық инновациялар.
5. Масштабына байланысты:
* күрделі инновациялар;
* жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.
Инновациялық процесті идеяның тауарға айналу реттілік процесі ретінде қарастыруға болады және іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтудегі ─ технологияларды коммерциализациялау процесі.
Инновациялық процесс әр түрлі жағдайлардан және әр түрлі дәрежедегі нақтылаудан қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден, ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалықтың, инновациялықтың, өндірістік қызметтің және маркетингтің параллельді-реттілік түрдегі жүзеге асырылуы.
Екіншіден, жаңалықтың өмірлік циклның идеяның пайда болуынан бастап оның өңдеуі мен таратуындағы уақытша кезеңдері ретінде.
Үшіншіден, жаңа өнім түрі мен қызмет көрсетуді өңдеу мен таратудағы қаржыландыру мен инвестициялау процесі ретінде.
Жалпы инновациялық процесс жаңа табыстарын алудан және коммерциализациялаудан, жаңа технологиялардан, өнім және қызмет түрлерінен, өндірістік, қаржылық, әкімшілділік немесе басқа сипаттағы және басқа интеллектуалдық қызметтің нәтижелерінен тұрады.
Изменение характера инновационного процесса атты еңбегінің авторы Рой Росвелл инновациялық процестің бірнеше модель буынын ұсынды.
Фундаментальды зерттеулер
Маркетинг
Өтім
Қолданбалы зерттеулер
Өнеркәсіпті нұсқа
Тәжірибелі нұсқа
Өндіріс
Инновациялық процестің мәнінің желілік жолын ол 1950 және 1960 жылдардың ортасына жатқызады, яғни инновациялық процестің бірінші буынына, бұл технологиялардың әсерлерінен алға жылжып отырады. (1-сурет).

1-сурет. Инновациялық процестің бірінші буыны.
Росвелл бойынша, инновациялық процестің екінші буыны 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басына жатады деген. Бұл да желілік-тізбектілік модель, бірақ нарық маңыздылығына тіреледі және қажеттіліктерге ҒЗТКЖ әрекет етуді. (2-сурет).
Жаңалық ашу
Мүмкіндік
Қажеттілік
Өнім іздеу
Пайдалану
Жаңа орта
Идеялар
Идеялар

2-сурет. Инновациялық процестің екінші буыны.
Жаңа қажеттілік
Идеялар концепциясы
Жаңа технология мүмкіндіктері
Іздеу
Өндіріс
Маркетинг, сауда
Нарық
Технология мен өндірістің даму деңгейлері
Қоғам қажеттіліктері және нарық
Үшінші буын: 1970 жылдардың басы ─ 1980 жылдардың ортасы. Түйіндес модель. Маңызды түрде бірінші мен екінші буындардың қиыстырылуы технологиялық қабілеттер мен нарық қажеттіліктері мен мүмкіндігіне байланысты. (3-сурет).




3-сурет. Инновациялық процестің үшінші буыны. Инновациялық процестің интерактивті моделі.
Төртінші буын: 1980 жылдардың ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне және сыртқы көлденең және тік байланыстарға назар аударуымен ерекшеленеді. Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы іс-әрекетті орындау негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта жұмыс жасау қарастырылады. Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.
Бесінші буын: қазіргі уақыт ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар, стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл есептеу техника жүйесін, информатиканы қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу процесі және солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.
Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану мүмкіндігі фундаментальды кезеңде және іздестірушілік зерттеулерінде, қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесі жаңа ғылыми білімдерді алуға бағытталған фундаментальды зерттеулерден (ФЗ) басталады. ФЗ-ның мақсаты ─ құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашу, табиғаттың даму заңдылықтарын түсіну. ФЗ теоретикалыққа және іздестірушілікке бөлінеді.
Теоретикалық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарда , жаңа түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде, жаңа теорияларды жасауда көрініс табады. Іздестірушілікке негізгі міндетті қамтитын идеялар мен технологиялардың жаңа прициптерін ашудағы зерттеулер жатады. Іздестірушілік ФЗ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдістерін экспериментальдік тексерумен және дәлелдеумен аяқталады. Барлық іздестірушілік ФЗ академиялық мекемелерде, ЖОО-да, сонымен қатар ірі ғылыми-техникалық өнеркәсіптік ұйымдардағы жоғары ғылыми білікті персоналдарында жүргізіледі.
Инновациялық процестің келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстар. Олардың орындалуы теріс нәтижелерді алумен байланысты болып келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге құралдарды салу кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер инвестициялар инновацияда тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді инвестициялар деп аталады.
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу.
Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және инновациялық процестің басқа нәтижелері жатады.
Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға негізделген:
* инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады және өлшенеді;
* өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. әсер түрлері қарастырылады;
* кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
* әсерлерді өлшеу үшін сапалық және мөлшерлік әдістер қолданылады;
* әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша өлшенеді және бағаланады, инновация идеяларынан бастап коммерциялық іске асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
* инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең бойынша әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
* алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін көлемдердің барлығы қарастырылады.
Инновацияны жүзеге асыру кезінде пайда болатын нәтижелер әр түрлі деңгейлер мен бағыттарда өлшенуі мүмкін. Жалпы екі негізгі деңгейді қарастыруға болады: микро және макродеңгейде. Микродеңгейде, яғни кәсіпорын деңгейінде, бөлек инновациялық жоба бағаланады, бұл жаңа өнім жасауды, енгізуді немесе қызмет көрсетуді, технологияларды, жоспарлау жүйелерін, есептеуді және т.б. қарастырады. Бір кәсіпорын деңгейінде жүзеге асатын кешенді жобалар сериялары бағаланатын болса, онда макродеңгейлік бағалауды айтуға болады. Бұл жерде, саладағы лидердер болып табылатын ірі кәсіпорындар туралы айтылған. Макродеңгейге әр түрлі саладағы кәсіпорындар мен кооперация шеңберінде іске асатын инновациялық жобалардың кешендерін жүзеге асыру нәтижелері жатады. Салалық немесе халықшаруашылық бағытындағы инновациялардың іске асуы кезінде пайда болатын әсерлер макродеңгейде бағалануы және өлшенуі керек.
Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде бірнеше техникалық тектес және өзара байланысты синергетикалық әсерлердің жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың өңделу нәтижелері болып табылады.
Инновациялық қызметтерден әсерлер.
Техникалық әсерлер
Экономикалық әсерлер

Басқа әсерлер

Тікелей
Тікелей емес
Тікелей
Тікелей емес
Жүйеліктер
Индивидуалды
Объект бірліктері үшін ерекше түрде анықталады
жаңа технологияларды меңгеру, оқу
айналысты жоғарлату
бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі
экологиялық
ғылыми қабылдау

ноу-хау
табысты көбейту
әсекелестердегі шығындардың көбеюі
әлеуметтік
өзін таныту

патенттер,артықшылықтар
шығындарды төмендету

басқарушылық

әлсіз орындарды табу
нарықтың өсім үлесі

4-сурет. Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері.
Жоғарыда айтылғандай, инновация процесінің барлық нәтижелер түрлері бағалану және өлшену қажет.
Техникалық әсерлер. Инновациялық жобалардың әр қайсысына техникалық әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері анықталуы керек. Мысалы, техникалық инновация процесі кезінде сенімділік, беріктілік, тезқозғалғыштық, уақыт мерзімдік және т.б. берілген сипаттамалар жүзеге асуы мүмкін.
Басқарушылық инновация сферасындағы техникалық әсерлерге, мысалы, шығындардың пайда болу орындарына байланысты олардың дәл есептеулерін көтеру, құжат айналым уақыттарын қысқарту және т.б. жатқызуға болады. Тікелей техникалық әсерлерді объективті бағалау зерттеушілердің, инженерлердің, технологтардың және инновацияның объектісі бойынша басқа мамандардың көмегі арқылы алынуы мүмкін.
Тікелей әсерлермен қатар тікелей емес әсерлер болады. Тіпті егер инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет, әдістер мен амалдарды меңгеру аймағында оқытулық әсерлер пайда болады. Сонымен қатар, бөлек ноу-хау және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу жүзеге асуы мүмкін, сонымен бірге техникадағы әлсіз орындарды, технологияларды, кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.
Экономикалық әсерлер. Шешім қабылдау сатысында инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау есептемелерін және инновацияның жүзеге асудағы коммерцияның бастапқы фазасында бағаланатын экономикалық әсерлерден айырып білу керек. Біріншілері ─ инновацияның ең қолайлы баламаларын таңдауда қолданылады, екіншілері ─ кәсіпорын қызметтерінің нақты жағдайларын қоса алғанда, таңдалған баламаларды жүзеге асырудағы нәтижелерді бағалау үшін қолданылады.
Экономикалық әсерлерді техникалық әсерлер сияқты тікелей және тікелей емес деп бөлуге болады. Тікелей әсерлерге пайда өсімін, айналыстың жоғарлауын, нарық өсімін, шығындардың төмендеуін және т.б. жатқызуға болады. Қарастырылған экономикалық әсерлер түрлерін белгілі уақыт аралығында және де өнім бірлігінде де өлшеуге болады. Өлшеу әдісін таңдау инновацияның түріне байланысты.
Тікелей емес экономикалық әсерлер ең алдымен бәсеке аймағында көрініс табады: бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі, бәсекелестердегі шығындардың жоғарлауы және т.б.
Басқа әсерлер. Жүйелік және индивидуалды аймақтағы әсерлерді бағалай және тани білу керек. Инноваторлардың сәттілігінің индивидуалды аспектілерінде маңызды орынды жариялауда қабылдау, беделді премия алу және т.б. алады. Қазіргі кезде жаңа өнімдерді және технологияларды жасау саласында қоршаған ортаға зиянды әсер етудің төмендеуі инновацияның сәттілік көрсеткіші болып табылады.
Инновацияның жүзеге асырудың әлеуметтік нәтижелері ретінде жаңа жұмыс орындарын жасауды, жұмыс жағдайын жақсартуды, жаңа басқару әдістерін енгізу арқылы ұжым арасында адамдық қатынастарды жасауды айтуға болады.
Инновация табысты ма немесе табысты емес пе? деген қорытындының дұрыстығы табыс көрсеткішінің қандай уақытта өлшенгендігіне байланысты. Мысалы, инновациялық процестің жүзеге асырылуындағы тікелей экономикалық әсерлер өлшенетін болса, онда өнімді шығарғаннан кейін өлшеуді жүргізу керек. Бұл жерде жыл ішінде белгілі бір сату көлеміне жеткеннен кейін өлшеуді бір жылдан, екі жылдан кейін жүргізу керек.
Инновациялық әсерлерді өлшеу мен бағалауда маңызды орынды бағалау субъектісін таңдау алады. Оның сайма-сайлығы, толықтылығы, аспектілері, әділдік деңгейін бағалауды кім жүргізгеніне байланысты. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері 5-суретте көрсетілген.

Бағалау субъектілері
Құрылымдандырылған бағалау жүйелерін иемденбейтіндер
Жақтас тұлғалар
Кәсіпорын қызметкерлері
Топтар
Индивидуумдар
Сыртқы топ консультанттар
Ішкі топ мамандары
Құрылымдандырылған бағалау жүйелерін иемденетіндер

Экономистер, финансистер
Инженерлер технологтар
Генералистер
Мамандар



5-сурет. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері.
Инновация әсерлерін өлшеу концепциясы инновациялық процестің барлық кезеңдерін реттілік түрде қамтуына негізделген. Осы концепцияға сай өлшеуді процесс алып жүреді, ал нәтижелер басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Кезеңнің аты, аралық нәтижелердің түрлері, сандық өлшеуіш, бағалау субъектілері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте.
Инновациялық процестің кезеңдері бойынша бағалау және өлшеу.
Кезеңнің аты.
Аралық нәтижелердің түрі
Нәтижелердің сандық өлшеуі
Бағалау субъектісі (сатыны бағалаушы)
Өнім(қызмет) идеясы
Бірнеше өңделген идея мен ұсынысты сипаттайтын хаттама
Идеялар саны, альтернативалар
Техника бойынша эксперттер
Зерттеулер, өңдеулер
Конструкциялар, прототиптер, экспериментальды қондырғылар
Өндірістіліктің өсімі, жылдық өнімнің шығуы, ресурс шығындарының төмендеуі, техниканы дамыту
Техника бойынша эксперттер
Жаңалық ашу
Патенттер, публикация, премия
Аталған нәтижелердің саны
Ғылыми қызметкерлер
Инвестициялар, шығару, маркетинг
Нарықтық өнімдер, жүзеге асырылатын технологиялар
Техникалы-экономикалық жақсарулардың толық сипаттамасы
Маркетинг бойынша менеджерлер, инженерлер
Инновацияларды нарыққа немесе өндіріске шығару
Айналым, шығындарды экономдау, пайда
Ақша құралдарының абсолютті сомасы, индекстер, уақыт бойынша салыстыру көлемі, бағалы қағаздар курсының өсімі
Маркетинг, өндіріс бөлімдері, тексерушілер, сала бойынша эксперттер, банкирлер
Ағымдық сауда немесе қолдану
Нарық, шығын, пайдалар үлесінің өзгеруі

2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
* өнімділік;
* үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбейгейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологиялардың жаңа түрін пайдаланып ұштастырады.
Процестік инновация ─ бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келгеннен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
* жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
* өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
* жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
* қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтардан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
* жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
* қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
* қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
* лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
* инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Әлемнің дамыған елдерінің басты мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда үлкен көлемдегі өндіріс, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер туралы айтылады.
Экономикалық өсім өндіріс тиімділігінің жоғарлауымен, жұмыссыздықты азайтумен, баға мен қаржылардың тұрақтылығымен, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюімен және басқа да оң нәтижелі экономикалық, әлеуметтік процестермен бірге жүреді.
Экономикалық өсім ұлттық экономика және өнеркәсіптің барлық салаларындағы кәсіпорындардың табысты қызметінің нәтижесі болып табылады.
Ресейлік Эксперттік институтының экономистері өнеркәсіп саясатының мәселелерін зерттеу барысында мынадай қорытынды жасады: экономикалық өсімнің негізіне екі процесс жатады. Олар:
1. технологиялық укладтың ауысымы, бұл жаңа тауарлар өндірісін жасауға және бұрын меңгерілген тауарлардың өндіріс тиімділігін көтеруге ықпал жасайды;
2. елде технологиялық укладқа негізделген өндіріс өсімі ─ тауар мен қызмет өндірісінің техникалық тәсілдер жиынтығы және оларға шаруашылық қызметтегі ұйымды-экономикалық формаларының неғұрлым тепе-тең болуы.
Технологиялық укладтың концепциясы соңғы үш ғасыр кезеңінде технология эволюциясында бес толқулар болып өтуіне негізделген. Осылардың әрқайсысы технологиялық укладтың белгілі типін қалыптастырды.
Бірінші уклад (1785-1835) текстильді өнеркәсіпте жаңа технологиялар және су энергиясын қолдану негізінде қалыптасты.
Екінші уклад (1830-1890) теміржол транспортының және бу двигателін қолдану негізіндегі барлық өнім түрлерін өндірістік механикаландырудың дамуымен байланысты. Сонымен қатар шағын фирмалармен бірге мыңнан астам жұмыс орны бар ірі кәсіпорындар дамыды және кәсіпкерліктің жаңа формалары, акционерлік қоғамдар пайда бола бастады.
Үшінші уклад (1880-1940) өнеркәсіптік өндірісте электроэнергияларды қолдануға, ауыр машина жасау және электротехникалық өнеркәсіптің дамуына, химия және химиялық кешен саласындағы жаңалықтардың дамуына негізделген. Үлкен фирмалар, картельдер, трестер, шағын компаниялар дамыды, шағын компаниялар үлкейе бастады және орта буынды басқаратын басқарушылар пайда болды. Нарықта үстемдік жағдайға монополиялар мен олигополиялар ие болды, бірақ сонымен бірге мемлекет не бақылау жасайды, не мемлекет толық табиғи монополияларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның мәні, мақсаты, түрлері
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Озат педагогикалық тәжірибе
Инновациялық маркетингтің басқару
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері
Пәндер