Математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері.

(4-сынып) .

Орыс дидактикасының әкесі К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық шығармаларында балаларды онға дейін санау жүйесінің көрнекі құралдармен саусақтармен, жаңғақтармен тағы басқа сындыруға келетін, бөлуге болатын заттар, олардың жартысын екіден бір ретінде көрсетуге болатын көрнекі құралдармен үйреткен жөн. Санаған кезде басынан аяғына дейін және кері қарай, бірден онға дейін, оннан бірге дейін бала оңай үйренуі тиіс. Одан кейін оларды қос-қостап, үштеп, бесеулеп, яғни онды екіге бөлгенде беске тең екенін түсіндіру керек. Осы ондықты жай ғана еркін бөлу, көбейту, бөлшектеу бойынша балаларды үйрету қажет деп тапқан. Педагогика тарихында математика жүйесі бойынша балалардың математикалық дамуына М. Монтессори жүйесі негізінен қолданылады. Оның мәні алты жасар бала мектепке келгенде 20 мен 30-ға дейін санай алады. Одан кейін номерлеуге оңай үйренеді. М. Монтессори өзінің жүйесінде ақшаны қолданган. Ол ақша ауыстыру, айырбастау баланың көңілін аударып санауға үйретеді. Сонымен қатар методикалық жаттығуларды қолдануда бірнеше ондаған таяқшаларды әртүрлі ұзындықпен балаға береді. Бала бұл таяқшаларды ұзындықтары бойынша қойып, оларды қызыл және көк түстерін санауды үйренеді. Бұл жаттығуда баланың сезім қабілтеттігі дамиды. М. Монтессоридің «Балалар үйінде математикалық түсінігі осылай жүргізілді.

Неміс педагогы В. А. Лай балаларға санау түсінігін бірнеше зат бойынша оннан он екіге дейін оларды дұрыс қою бағытымен үйреткен.

Атақты психолог Прейнер өзінің зерттеулерінде көз алдында белгілі бір заттарды көрмейінше оныда санау «Түсініксіз санау» деп атауға болады деген.

Егер көз алдымыздағы сандар біздің көріп тұрған заттардан артық болса оларды танып білу, санау қиынға түседі. Санау негізінен сандарды жаттаудың бірден-бір процессі. Бұл сандарды қабылдауды жаттаушылардың бірден бір көзқарасы. Айтылғандардың ішіндегі екі тәсілде бір-бірін қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Арифметика методикасындағы даулы сұрақтардың бірі болып сандық фигираулар болып саналады. Бұл сұрақ негізінде неміс әдебиетінде сандық фигуралардың отаны туралы сөз қылған. Олардың пікірінше сандардың төрт түрлі мәні бар. Олардың бірі балаларға сандық түсінікті жеткізе білу. Екіншісі сандық фигуралар арқылы балалардың қабылдауы. Үшіншісі балалардың сандық фигуралардың есептеуге арналуы. Төртінші мәні сандарды цифрларға айналдыра білуі және бірліктерді сан бойынша көрсетуі.

Арифметиканы үйретуде суреттер көрнекі құрал ретінде қолданылады. Яғни көрнекі құралдар міндетті түрде заттық түрде болғаны жөн.

Олардың өмірдегі қалыпты жағдайында жұмыс көрсеткіші ойын арқылы болуы тиіс. Қоршаған ортаны қадағалай отырып балалар, қабылдау мен есептеу жүйесін біртіндеп қабылдап, оқып үйренеді. Қазіргі кезде кіші мектеп жасында бірнеше бағдарлама құрылған, соның бірі ретінде балалық бағдарламасы келесідей:

1) Мақсаты: балалардың танымдық және шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту;

2) Классикалық құрылымы:

Математикаға дейінгі қызметі Математикаға кезіндегі қызметі

- салыстыру; - санау;

- теңестіру; - өлшеу;

- жинақтау. -есептеу.

Логика және математика элементтерін қоса алғанда.

3) Тәсілдермен әдістер:

- практикалық (ойын арқылы) ;

- эксперименттік;

- модульдік;

- қайта қалыптастыру.

4) Дидактикалық құралдар:

- көрнекі құралдар (кітаптар, компьютер) ;

- модельдер.

5) Балалар қызметін ұйымдасгыру формасы:

- жеке шығармашылық қызмет;

- топтастырылған шаруашылық қызмет;

- оқу ойындық қызмет (танымдық ойындар, сабақтар) ;

- ойындық тренингтері.

Осылардың барлығы дамушы ортаға тіреліп, келесідей көрсеткіштермен айтуға болады:

1) Математикалық ойыңдар:

- жазықтықтағы модельдеу ойындары (Пифагор) ;

- бас қатыру ойындары;

- жұмбақтар мен әзілдер;

- кросвордтар;

- ребустар.

2) Дидактикалық ойындар

-модельдік;

-арнайы ұйымдастырылған педагогикалық сабақтар;

Дамытушы ойындар.

Бұл ойындар ақыл-ой мүмкіншіліктерін шешпеді. Осылайша математика ғьлымы қазіргі кезеңге сәйкес баланың тұлғалық дамуына бағытталып отыр.

Балаларға Е. А. Носованың айтуынша келесідей мәселелерді айту қажет:

1) Түсініктерді таныту

2) Геометриялық формаларды:

Дөңгелең, ұшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш т. б. түзу және қисық сызықтарды таныстыру;

3) Сын есімнің күшейтпелі формаларын түсіндіру - үш заттан таңдап

ең үлкен ең ұзын деген сияқты күшейтпелі сындарды түсіндіріңіз.

4) . Суреттер мен заттарды қатар бойынша орналастыру:

-заттардың өсу мөлшері;

-заттардың кемуі бойынша;

-балалардың күндік тәртібі бойынша адам, жануар, өсімдіктің

өсуі бойынша;

- ертегінің көркемделуі бойынша.

5) Төрт бөліктен тұратын суретті жинау бойынша;

6) Онға дейін жатқа білу;

7) Саны бойынша орналастыру;

8) Саны бойынша бірдей элементтерді тауып салыстыру үшін;

9) Жүзге дейін жатқа білу;

Балалардың математикалық түсінігі методикалық элементерді қалыптастырумен оларды зерттеу нәтижесін байыту мен дамытуға педагогикалық тәжірибе қажет. Қазіргі уақытта ғалымдардың тәжірибесінен балалардың математикалық түсінігін дамыту алға қойылған. Оның негізгі элементтеріне: мақсат, мазмұн, тәсілдер, жабдықтар мен ұйымдастыру формалары жатады.

Бар технологияны әр мұғалім түрліше іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті белгілі бір ерешеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті, оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі роль атқарады.

Белгілі психолог А. С. Выготский: «Оқыту, білім беру, дамудың алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған процесс ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре аласың, - дейді.

Мақсатымыз талабымызға сай, балалардың психологиялық ерекшеліктерін, табиғи қабілеттерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балалардың сабаққа ынтасын арттыру, ой - өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту. Сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беру.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы -сабаққа лайықты әдіс, тәсілдерді дұрыс таңдау.

Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерудің, содан кейін оны оқу мазмұны, оқушыларды жас және психолгиялық ерекшеліктеріне қарап таңдап пайдалудың маңызы зор.

Әрбір ұстаз өзінің әдістемелік лабораториясына оқытудың жаңа технологияларымен және оны қолдану туралы карта, схемалармен толықтырып отыру керек.

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі

Сабақтың мақсаттары:

1) Көпбұрыштың қабырғаларын өлшеу және олардың ұзындықтарының қосындысын табу, көпбұрыштың периметрі жайында түсінік беру;

2) Есептерді құрастыру және шығаруды пысықтай түсу; қарапайым әріпті өрнектің мәнін табуға және теңдеуді шешуге машықтандыру;

3) Оқушылардың өздеріне жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті бор, геометриялық фигуралар.

Сабақ өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық.

Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алдым. Яғни:

Кел, балалар, келіңдер,

Математиканы көріңдер.

Қане, қарап шығыңдар.

Білім барда оқу бар, - шумағын баяу, шапшаңырақ, өте жылдам үш қайта айттық.

2. Қызықтыру. Ой ашар.

"Геометриялық эстафета'4

Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың көпбұрыштарды еркін өлшеммен сызу және оның элементтерін анықтау дағдыларын қалыптастыру. Құрал жабдықтар: тақта, түрлі-түсті борлар, сызғыштар.

Мазмұны: Үш топқа бөлініп, оларға: "Тақтада кез келген бес бұрыш сызып, оның элементтерін ажыратып көрсетіңдер" деген тапсырма беріледі. Осыған сәйкес алғашқы үш оқушы тақтада еркін өлшеммен бес бұрыштың бір қабырғасын, келесі үш оқушы екінші қабырғасын, т. с. с. сызулары керек. 6-оқушы оның төбелерін көкпен, 7-оқушы қабырғаларын қызылмен, 8-оқушы бұрыштарын жасылмен ажыратып, көрсетуі керек. "Не білемін"кестесін толтыру.

4. Жаңа сабақ. "Не білгім келеді?" кестесін толтыру. Мағынаны ажырату.

(Мәтінмен жұмыс. ) Периметр

Маусым айында Египет астанасында жарық жұлдыз- Сириус көрінеді. Әдетте бұл ісүні Ніл өзені тасып, жағалаудағы егістікке жайыла бастайды. Соңынан су қайтып, Ніл өзені бастапқы арнасына түседі. Сол кезде, өзен тасыған күндерде, суы әлі де сарқыла қоймаған егістікте қолына жіп пен таяқ ұстаған адамдар қаптайтын. Ана жерде, мына жерде талас шығып, керілдескен дауыстар естілетінді.

Істің мәнісі мынада еді: Ніл өзені тасыған шақта әр семьяның иелінде егістіктің шекарасы сумен шайылып кететін. Әрбір су тасқынынан кейін жер учаскілерге қайта бөлінетін. Егіншінің перғауын (фараон) қазынасына төлейтін салығының мөлшері де осы учаске ауданын есептеу дәлдігіне тәуелді болатын. Ал ауданды есептеу қиын еді. Ирелеңдеген өзен жағалауындағы учаскелердің шекаралары түзу сызықты болып келетін. Әйтседе адамдар өлшенбекші ауданды тік төртбұрыштар пішініндегі учаскелерге бөле отырып, аудан өлшеуді де меңгеріп алды.

Ерте кездегі адамдарға тек фигуралардың ғана емес, әртүрлі денелердің көлемдерін де есептеуге тура келген. Көпбұрыш кез - келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әрбір бөлігі көпбұрыштың қабырғасы, ал олардың ұштары көпбұрыштың төбелері деп аталады. Көпбұрыштың барлық қабырғасының қосындысы оның периметрі деп аталады.

Периметр гректерден аударғанда айнала өлшеймін деген мағынаны білдіреді.

Оқу-танысу. Топпен жұмыс. Әңгімелеуге дайындық. Сұрақ қою. Оқулықпен жұмыс. №6. 9+5-14 14-5-9

19+5-24 24-5-19

29+5-34 т. с. с. 34-5=29т. с. с ■

№5(ауызша)

Бос торкөздерді толтыр. Мәні 16-ға тең болатын қосындыларды бір

бағанға жаз және. Оларға сәйкес айырмаларды тағы да екі бағанға жаз

және мәндерін тап.

Математикалық өлең-есеп «Кетті бірге нешеуі?».

Кездесіп бір топ аңмен,

Болады отыз бас, малменен

Олар кетті ьам достасып,

Үш тұлкімен қоштасып,

Әуре болып қүмар басқа,

Күлкі болма зерек досқа.

Теңдеуді ойлап құрыңыз,

Сан қанша, айта тұрыңыз?

Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

I Білімділік:

Оқушыларды жылдамдық, уақыт, қашықтыққа байланысты есептер шығаруға үйрету.

ІІ Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін дамытып, шығармашылық ойлауын арттыру.

III. Тәрбиелік

Оқушыларды есептер шығарту барысында шапшаңдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап оқыту әдісі, сұрақ - жауап

түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: қозғалысқа байланысты сызылған схема,

графиктер, ребус, қиындылар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

1. Оқушылдардың зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын пысықтап, қортындылау. - Жай оқушылармен жұмыс

А - Даръшды оқушылармен ж^мыс.

а)

- Велосипедші сағатына 20 км жылдамдықпен 40 км жол жүрсе, ол

қанша уақыт жол жүреді?

- Демек, 40-ң ішінде 20 дан қанша рет болса, жолды жүруге сонша уақыт жібереді.

- Яғни, 40 : 20 = 2 (сағ) сонда 2 сағат жолда болғаны.

э) 90 : 45 = 2 (сағ)

- демек км/сағ деген өлшем бірлігі 1 сағатта жүрген жолын білдіреді. Автобус 1 сағатта 45 км жол жүреді десек, 90-ң ішінде 45 екі рет бар. Сол себептен 2 сағат болады.

б), в) ауызша шығарылады.

- Осы есептерден қандай қорытынды шығаруға болады?

- Жүрілген жол мен қозғалыс жылдамдығы белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады?

- Демек

2 - есеп

90 : 45 = 2 (сағ)

270 : 90 = 3 (сағ)

280: 70 = 4(сағ)

Уақытты қалай таптық?

Кестедегі мәліметтерден не байқадыңдар?

3- есеп (ауызша) Деңгейлік тапсырмалар беру

С: Жылдамдықтың өлшем бірлігш көрсет

К: Жүк машинасы 70 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жолда болды. Ол

неше км жол жүрді.

Қ: \/ График бойынша велосипедшінің қозғалысын анықтап,

сұрақтарға жауап бер.

1) Велосипедші жолда неше сағат болды?.

2) Неше рет аялдады?

3) Бірінші аялдағанда неше уақыт тұрды?

4) Бастапқыда велосипедші қандай жылдамдықпен жүрді?

5) Қандай жылдамдықпен кері қайтты?

4 -есеп

А - 23 м/с, 69 м 69 : 23 = 3 (сағ)

Ж-15 м/с, 90 м 90:15 = 6(сағ)

Қайсысының уақыты кем неше есе? 6:3 = 2 (есе) Жауабы: Арыстанның уақыты 2 есе кем.

5 - есеп

I м- 12сағ, 400кмарт. ? км 12-8 = 4(сағ)

П м - 8 сағ, ? км 400:4= 100(км/сағ)

жылдамдықтары бірдей 12 ' 100= 1200 (км)

8-100 = 800 (км) Жауабы: 1200 км, 800 км.

Өзбетінше жұмыс

6-мысал

5078 м = 5км78м 6м = бОООмм

6787 м = 6 км 787 м 7 дм = 700мм

28458 кг = 28 т 458 кг 25 см 9 мм = 259 мм

5780 кг = 5 т 780 кг 25 мм 18 с = 4018 с

30мин45с=1845с

\/5 бірдей сандармен келесі жауаптарды шығарыңдар. 1= 1 =(2 + 2 + 2) : 2-2

2= 2=2-2-2:2:2

3= ., 3 =(2 «2 -2-2) : 2

4= 4=(2 + 2 + 2 + 2) :2

5= 5= (2 • 2 • 2 + 2) : 2

Математикалық диктант

а) 2540 кг 4 киллограмнан неше есе артық 2540 : 4 = 630 ә) 483072 - ні 3 есе кеміт 483072:3 = 161024

б) 36 тоннаны 5 ц- ге бөліп 7 есе артыр 36000 : 500 • 7 = 504

в) 90500 ден 260 пен 550-ң қосындысының

а - ға бөліндісін азайт мұндағы а = 9. 90500-((260+550) :а)

III. Сабақты қортындылау

1. Сұрақ - жауап арқылы

Қозғалысқа байланысты ұғымдарды атаңыз?.

Жылдамдық өлшем бірліктерін ата?

Қашықтықты қалай табамыз?

2 Шығармашылық жұмыс

IV Үйге тапсырма:

4(а) - есеп 7 - мысал

V Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

З. Ойлау қабылдау мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушылар сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің тиянақты қалыптасуына мұғалімнің айрықша қамқорлығы керек.

4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Ол үшін оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта баланың ойлау логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану қажет.

5. 0йлауды тәрбиелеу бала психикасын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құштарлығын, тану қызығуын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізіледі.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Мұғалім сабақ беру барысында оқушының түрлі ойлау қабілеттерін дамытып баруы керек. Ойлау қабілетінің 7 түрлі параметрі болады:

1 . Ойлаудың жылдамдығы;

2. Есте сақтау;

З. Логикалық ойлау;

4. Сын түрғысынан ойлау;

5 . Шығармашылық;

б. Комбинаторлық (синтез) ;

7. Ақпаратқа төзімділік;

Ойлау қабілетінің түрлерін сабақ үстінде арнайы сергіту жаттығуларын пайдалану арқылы дамытуға болады.

І. Ойлаудың жылдамдығын арттыру үшін сабақтың барысында 3-5 минут көлемінде сергіту жұмысы жүргізіледі. 1-100 саны аралығында кез-келген санға ретімен 1, 2, 3 . . . 7, 8, сандарын қосып үйретеміз. 7, 8 сандарын сынып мүдірмей қосып үйренген кезде, сынып мұғалім берген ақпаратты өз деңгейінде қабылдауға дайын, яғни ойлау жылдамдығы соған сәйкес болып есептеледі.

2. 0перативтік есте сақтау қабілетін дамыту үшін арнайы сергіту түрі пайдаланылады. Мысалы: сабақтың басында (3-5) оқушыларға 2, 3, 4, 5 . . . таңбалы сандарға 1, 2, 3, сандарын қосқызу керек. 22+1; 342+1 т. с. с.

Сабақтарда тірек сөздерді де пайдаланып солармен жұмыс істеу арқылы дамытуға да болады. Мысалы, 7, 14, 21 тірек сөздер беріледі. Олар алдын ала тақтаға жазылып, есте сақтау үшін 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін тірек сөздер өшіріледі де, оқушылар сол сөздерді есте қалғаны арқылы орнына қайта жазады.

З. Логикалық ойлауды дамыту үшін - берілген сөздерді мәтіннен тауып осы сөздерді пайдалана отырып, тақарыпты ашады және сөздердің өзара байланысын табады.

4. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін берілген тақырып бойынша арнайы шатастырылған сұрақтар немесе есептер беруге болады. Сұрақтардың, есептердің жауаптарын алғашқысында бірде біреуін дұрыс емес етіп, кейінгілерінде біреуін немесе екеуін дұрыс етіп беруге болады.

5. Шығармашылық қабілетін дамыту үшін - оқушыларға тақырып бойынша қорытындылау сұрақтары беріледі. Бұл сұрақтар арқылы олар осы тақырып бойынша өздерінің стандартты емес пікірлерін айтулары қажет.

б. Комбинаторлық (синтездік) қабілеттерін дамыту үшін оқушыларға тапсырманы орындаудың басқа тәсілдерін қолдана білуі немесе тірек сөздердің басқа балама мағыналарын аша білуге үйрету арқылы дамытуға болады.

7. Ақпаратқа төзімділік - сабақтың соңғы қорытынды кезеңі болып саналады. Мұнда егер бала ауқымды жұмыс орындап шаршамаса онда сабақ өз мақсатына жеткені. Бүкіл сабақ барысында әр кезең бойынша уақыт қатаң түрде шектеледі және тақта алдында сауал беруден жеке дара жұмыс жүргізуден бас тарту керек. Негізгі мақсат - 45 минут ішінде барлық балалар өздерінің қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алуы тиіс.

Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Сол себепті мұғалім алғашқы жылдан бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, қолынан не келетінін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын есепке алып, оқу үрдісін ұйымдастыруы шарт.

Бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге адам, қоғам, қоршаған дүние туралы танымдарын қалыптастыру, жеке бастың қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу - бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады. Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ізгілендіру процесі - баланың еркін дамуының белсенді, шығармашыл болуын талап етеді. Мектеп бітірген баланың өмірде кездесетін сан түрлі қиындықтардан қиналмай өтуі оның ақылының, еркінің, сезімінің және оның жалпы дамуының деңгейіне байланысты. Сондықтан да бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесіне ерекше мән беруіміз қажет. Себебі білім негізі бастауышта қаланады. Бастауыш сынып мұғалімі ең алғашқы күннен бастап өз шәкіртінің психологиясын жан - жақты зерттеп, одан әрі тілі мен ойын дамытуға, еркін сөйлей алуына, өз ортасында жақсы қарым -қатынаста болуына басты қадамдар жасап, оны жалғастырудың, дамытудың жолдарын іздестіру керек. Мұндай жұмыс түрлерін жүйелі ұйымдастырғанда ғана жоғары көрсеткіштерге жетуге болады.

Кейбір оқытушылар оқулықтағы біліммен ғана шектеледі. Тақырыптың мақсатына түсінбей, оның ішкі жүйесіне тереңірек үңіліп жатпайды. Ал оқулықтағы білім оқушыға аздық етеді.

Сабақтың тиімділігін және оқушының зерделік еңбегінің өнімділігін көтеру мақсатымен экспериментті жүргізу барысында дамыта оқытудың жетілдірілген қағидалары жетекшілікке алынады. Бұл қағидалар төмендегідей тұжырымдалады:

- оқу үрдісі оқушыны материалды игеруге ынталандыра түсетіндей болып ұйымдастырылса;

- оқыту барысында оқушыларга берілетін бүгінгі тапсырма кешегіге қараганда қиындау болып, оны қосымша ізденуге жетелесе;

- әрбір тапсырма еңбектену барысында оқушыны аз болса да жеңіске жетелейтіндей, қол жеткен табысқа мақтанатындай болып берілсе;

- оқушының еңбегі орындау нәтижесі үшін емес, орындау тәсілін шешкен үшін бағаланса;

- оқушының білімді игерудегі табысына қатарындагы құрдасымен емес, өзінің бұған дейінгі деңгейімен салыстыру арқылы бағаланса;

- пікір сайысына қатысу, конструкторлық тапсырмалар орындау арқылы «сыртқы» ғылым оқушының ішкі біліміне тасымалдану шаралары ескерілсе, сонда ғана оқыту ісі дамымалы болмақ.

Белгілі психологтар Л. С. Выготский мен С. Л. Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқытуды, дамытуды артына салып отырады.

Оқыту дамыта және тәрбелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі - шәкірттердің таным қабілеттерін дамыту.

Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті- «Ең таяу даму зонасын» жасау.

Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының тұжырымды ұсыныстарымен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмендегідей:

- таным қабілетінің дамуы - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.

- оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі.

- оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

- мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білім-дарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құ-ралдарының бірі.

Соңғы жылдары мектептерде дамыта оқытуға көңіл бөлініп, ол іс жүзінде қолданылуда. Осындай оқытудың жүйелерін пайдалана

отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқумен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез-құлықты қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көп көңіл бөлінуде.

Оқушыға дамыта оқыту арқылы білім берудің бұған дейін қолданыста болып келген ұстанымдарымен салыстырғанда, осы жұмыстарды орындау барысында жетілдірілген дамыта оқыту әдісінің көптеген ерекшеліктері бар. Дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім - оқулық -оқушы әдісі қолданылса, дамыта оқытуда оқушы - оқулық - мұғалім әдісімен мұғаліммен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырылып, оқушылардың берілген тапсыр-маларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңыз береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауымен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Математиканы оқытудың заманауи әдістемелерінің әдістемелік принциптері
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz