Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы
сипаттама.
2 Математика пәні оқу материалдарын оқытып – үйретудің жоспары.
3 Математиканың жаңа білім мазмұнынының ерекшеліктерін талдау.
Қорытынды
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған
жоқ.
Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы
және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді
шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеті артып, қазіргі
таңда кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы" заңында “Азаматтардың білім
алу құқығын мемлекет ҚР Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту
мен білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы
қамтамасыз етеді” – деп көрсетілгендей білім беріп, оқытуды тиімді етуге
елімізде білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңістігіне өту мақсаты қойылуда.
Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы
мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда, тура
пропорционал, яғни тура тәуелділік бар екенін көрсетті.
Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық
білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті
жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі. Осындай жағдайларды түйіндеген
әлемнің іргелі елдері бір кездері математиканы орта мектептің жоғары
сыныптарындағы барлық оқушылар оқуға тиісті міндетті пәндердің қатарынан
алып тастағанымен, соңғы он жылда оқу жоспарларының инвариантты
бөліктерінен орын беріп, өз қателіктерін түзеуде.
Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың
қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде ...
адамзат өмірі үшін білімді математикаландыру кезеңі деп аталатын жаңа
кезең басталды.
Міне осы “ математикаландыру кезеңінде орта мектептегі 1-сыныптан
бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын бірден-бір пән ол математика
пәні болып табылады.
Бастауыш математиканың білім мазмұны ... дүние жүзіндегі аса дамыған
және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес болу керек.
Өйткені, Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, БҰҰ бастап әлемдік
деңгейдегі әр түрлі қоғамдастыққа мүше мемлекет. Яғни, қазір біздің бүкіл
әлем елдерімен ресми жағдайда да, жеке адам ретінде де байланысымыз күннен
–күнге нығайып келеді.
Сондықтан, бүгінгі, әсіресе, ертеңгі Қазақ елінің азаматтары әлем
елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен
тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтаң қай саладан
болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін
кешірілмес күнә.

Математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы
сипаттама
Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты
бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім
мазмұны тұжырымдамасында: Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық
дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің
мақсаты түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік
білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін
қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады -
делінген.
Осыған байланысты, соңғы жылдарда елімізде білім бару саласын
реформалаудың тиімді жолдарының бірі әлемдік стандарттық деңгейге көшу
бағытында 12 жылдық оқыту жүйесі таңдалып алынуына байланысты баспа
беттерінде туындаған көптеген пікірлер мен ұсыныстар жариялануда. Солардың
ішінде ерекшелерінің бірі – Қазақ білім академиясы қоғамдық бірлестігінің
президенті А.Құсайынұлы мен осы академияның академик - хатшысы
Р.Башарұлының Білім берудің ұлттық модельін дұрыс таңдай алдық па? -
тақырыбында жарияланған мақаласында әлемдегі елдердің білім беру
жүйесіндегі түрлі үлгілерін, оның ішінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы
әлем мойындаған Кеңестер Одағы мектебінің 10 жылдық (4+3+3) үлгісін, осы
бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің жапондардың (6+3+3) үлгісінің
жоғарыда айтылған Кеңестер Одағы үлгісінің баламасы екендігін, оның тиімді
жақтарын тілге тиек етуі. Сонымен қатар, жапон мектептерінің бастауыш
сыныптарында оқытылатын пәндерінің негізі ана тілін оқытуға (1377 сағат)
бағытталса, басқа пәндер (барлығы 8 пән) арифметика, өнер, еңбек, рухани
-әлеуметтік, қоғамдық пәндерді оқытуға жоспарланғандығы айтылған.
Елімізде қалыптасқан 4 жылдық бастауыш сыныптарда білім беру
бағдарламаларының өзгертіліп шамадан тыс күрделенуі, оқушылардың ойлау
қабілеті мен танымалдығын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың
көпшілігінің оқуға деген ынтасын жоғалтуға мәжбүр етуде.
Сонымен қатар Елбасымыздың білім беру саласының алдында қойып отырған
мақсаттарының бірі- тілдердің үш тұғырлығы идеясын, бүкіл еліміздің
ұлттық мүддесі деңгейіне көтеруіміз қажет.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық
қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте
оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде нені оқыту керек
сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат
жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім
беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары
арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да
мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси,
идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз
ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық
қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі,
Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп
түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап
етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін
тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте
оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40
жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік
бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.

2 Екінші сынып математика пәні оқу материалдарын оқытып – үйретудің
жоспары
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік–экономикалық және саяси өзгерістер
білім беру сапасын жетілдіруді және ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды,
оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді, соның негізінде білім
алушыларды қоғамның дамуына өз үлестерін қоса алатындай жеке тұлға ретінде
қалыптастыруды қажет етіп отыр.
Білімді, өнерді, ақыл-ойды, іскерлік пен дағдыны меңгерудің
қажеттілігін түсініп, талғамына қарай таңдап тауып, игеруді өзі ұйымдастыру
сияқты іс-қимылды баланың орындауын П.М.Эрдниевтің Келешек тиімді
математика оқулығы түсіндірілуі жүйеленген теориялар мен жүйеленген
жаттығулар негізінде ғана құрылады деген пікіріне сүйеніп оқу материалы
мен теорияны қолдану әдісін, егжей-тегжейлі бірнеше санмен баяндайтын
жаттығулардың кестесі түрінде жүйелеуді жөн көрдік. П.М.Эрдниевтің
тәжірибесінде есептің, санның, сызбаның, графиктің кестесі (матрица) жан-
жақты қолданылған.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен маңызы бастауыш
сыныптардағы оқушылардың математиканы оқыту теориясы мен технологиясынан
білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен маңызын қарастыра
отырып, оқытудың әдістері, ғылыми-педагогикалық әдебиет-терді,
бағдарламаларды, математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды
теориялық талдау; озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері Ә.Б.Ақпаева,
Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір
жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.)
оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді
оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы
болып табылады.
Математика оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, Математика
және информатика білім беру саласының мазмұнына енеді, оқушылардың
математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш мектеп
жасындағы оқушының математикалық сауаттылығы математикалық тілді,
математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін меңгеру, алынған білім мен амал
тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі жағдайларында қолдануда көрінеді.
Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті
орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді
қалыптастыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Пәндер