Математиканы оқытудың теориясылық негізі


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы,

п. ғ. к., ___ П. Искакова

« » 2014 ж.

«МОА3209 Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР ЖОСПАРЫ

5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған

ТҮРКІСТАН -2014ж

Практикалық семинар сабақ жоспары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» саласындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ұсынған типтік бағдарламасы 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай жасалған. Республикалық Оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қарастырылған (Хаттама № 18, 15. 05. . 2012ж)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілген және пайдалануға рұқсат етілген.

Практикалық семинар сабақ жоспарын құрастырған: п. ғ. к., доцент. м. . а Рысбекова А. Қ.

Магистр-оқытушы М. С. Кадирова

Практикалық семинар сабақ жоспары кафедраның «_1_» _09. 2014 ж. (хаттама № 1) мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі п. ғ. д., доцент Ортаев. Б.

1, 2-семинар.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Математиканы оқытудың теориясылық негізі

1. Сабақтың жоспары:

1. БММОӘ мазмұндық ерекшелігі

3. Стандарт. Оқу бағдарламалары, құралдары

2. Сабақтың мақсаты: Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясына анықтама беру, оның қажеттілігі, актуальдылығы, қолданысы туралы қарастыру.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Курстың объектісі - бастауыш сыныптар мұғалімінің 5В010200 - бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсеби педагогикалық білімнің құрамдасы ретіндегі әдістемелік-математикалық білім.

Курстың пәні - 5В010200-БОПӘ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің математиканы оқыту теориясы мен технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы .

Курсты оқытудың әдістері : ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, бағдарламаларды, математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды теориялық талдау; педагогикалық эксперимент; бақылау; озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау; әңгіме; анкетк; тест және т. б.

Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты қысқа мерзімді сипаттағы мақсат ретінде білім, білік, дағды, құзыреттер түрінде берілетін күтілетін нәтижелерді тағайындайды; бастауыш білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне қойылатын талаптарды сипаттайды.

Негізгі ережелер

Осы стандарт

  • бастауыш білім берудің мақсатын; бастауыш білім берудің күтілетін нәтижелерін; бастауыш білім берудің базалық мазмұнын; бастауыш білім берудің базистік және типтік оқу жоспарларын анықтайды.

Бастауыш білім берудің меншік формасына, типіне, түріне және ведомстволық бағыныштылығына тәуелсіз білім беру ұйымдары осы стандарт талаптарының орындалуына жауапты.

Білім беру ұйымдары орта білім беру стандартының талаптарын орындамаған жағдайда ата-аналар (немесе олардың орнындағы тұлғалар) Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес наразылығын білдіруге құқылы.

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны

Бастауыш білім берудің базалық мазмұны түйінді және пәндік құзыреттер мен білім алушылардың оқу жетістіктерінің 2 деңгейі түрінде берілген мақсаттар жүйесіне жетудің құралы болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінің мазмұны «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану. Адам және қоғам», «Өнер және технология», «Дене шынықтыру» сияқты 5 білім салалары арқылы беріледі.

Бастауыш білім берудің базистік және типтік оқу жоспарлары

Базистік оқу жоспарында бастауыш білім берудің деңгейлері бойынша білім мазмұнының құрылымы білім беру салалары мен оқу пәндері арқылы берілген (қосымша А) . Оқу қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары бастауыш білім берудің базистік оқу жоспары негізінде дайындалған (қосымша Ә, Б, В, Г) .

Бастауыш білім мазмұнының оқу жоспары 32 оқу аптасына есептелген.

Бастауыш білім мазмұны оқу жоспарының құрылымы инвариантты (базалық) және вариативті (мектеп және оқушылық) компоненттерді құрайды.

Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігі бастауыш білім мазмұнының базалық компонентін құрайды. Инвариантты бөлікте берілетін білім беру мазмұны 1-4 сынып білім алушыларын жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарға баулиды, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайды. Оқу жоспары білім мазмұнының инвариантты бөлігі барлық білім алушыларға міндетті сабақтар арқылы жүзеге асады.

Бастауыш білім мазмұнының инвариантты бөлігі келесі білім салаларын қамтиды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану. Адам және қоғам», «Өнер және технология», «Дене шынықтыру».

Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігі бастауыш білім мазмұнының мектептік және оқушы компонентерін қамтиды.

Білім беру мазмұнының вариативті бөлігі орта білім беру ұйымдарының ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар білім беру мекемелерінің жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартынан тыс қосымша оқу бағдарламаларын жасауға және оны іске асыруға бағытталады.

Білім беру мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді; білім беруді ұйымдастыру білім алушылар мен ата-ананың білімге деген сұраныстарын ескере отырып құрылады.

Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі мектептік компонент таңдау сабақтарын ұйымдастыруға бағытталған.

Вариативті бөліктегі мектеп компонентінің мазмұнын оқу міндетті болып табылады.

Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі оқушылық компонент білім берудің тұлғалық бағдарлануын (жеке және топтық кеңес беру, белсенді сабақтар) қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен тәсілдерін жүзеге асыруға бағытталған.

Вариативті бөліктегі оқушылық компоненттің мазмұнын оқу міндетті емес.

Орта білім беруді ұйымдастырудың жұмыс жоспары бастауыш білім берудің типтік оқу жоспарына сәйкес жасалынады, ал оны қаржыландыру жалпы оқу жүктемесінің көлемі, яғни бастауыш білім берудің типтік оқу жоспарындағы вариативтік және инварианттық бөліктерінің жалпы көлемі арқылы жүзеге асырылады.

Оқу жоспарындағы инвариантты және вариативті компоненттер арқылы анықталған білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі бастауыш білім беруде:

1 сыныпта - 22 сағаттан; 2 сыныпта - 24 сағаттан; 3 сыныпта - 27 сағаттан;

4 сыныпта - 27 сағаттан аспауы тиіс.

Сабақтың ұзақтығы. Білім берудің бастауыш деңгейіндегі сабақтың ұзақтығы: 1 сыныпта - 35 минут, 2-4 сыныптарда - 45 минут. 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

Оқу аптасының ұзақтығы

Білім берудің бастауыш деңгейіндегі оқу аптасының ұзақтығы:1-4 сыныптарда 5 күндік оқу аптасын құрайды.

5 күндік оқу аптасында алтыншы оқу күні жобалық-зерттеу іс-әрекеттерін, спорттық-сауықтыру, шығармашылық іс-шараларын және т. б. ұйымдастыруға бағытталады.

Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым және оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Оның даму кезеңдері Қазақстан Республикасы мектептік білім берудің реформалаумен тығыз байланысты. XX -шы ғасырдың 70-ші жылдарына дейін оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия элементтерін біріктіре отырып, математиканы оқыту әдістемесінің негізі болады. Математиканың әдістемесіне 80-90 жылдардағы математиканы оқыту процесіне дамыта оқыту теориясының, білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру теориясының енгізілуіне орай елеулі өзгерсітер енді. Математиканы оқыту теориясы мен технологиясының педагогикалық ғылым саласы ретіндегі объектісі, пәні, міндеттері мен ғылыми-зерттеу әдістері, оның басқа ғылым салаларымен (философиямен, логикамен, математикамен, педагогикамен, психологиямен және т. б) байланысы.

Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. Олардың бірі - математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады.

Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады: ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.

Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен септігін тигізді, мұнда б. э. д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия оқытылды.

Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.

Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.

Математиканың оқу курсы үнемі математика - дамушы ғылым мен математика - оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның дамуы математикалық білім берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктерге сай болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі - бұл математиканы оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым. Ол пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсақсатында математикалық білім беру процесін оқытады және зерттейді. Математиканы оқытудың әдістемесі математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.

4. Бақылау сұрақтары

1 Нормативтік құжаттарды ата.

2. Оқу бағдарламасы және мемлекеттік стандарттың айырмашылығы неде?

3. Негізгі ережелерді ата.

4. Бастауыш білім мазмұнының инвариантты бөлігі қандай білім салаларын қамтиды?

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. Студенттердің дайындаған материалдары бойынша талқылау жасау

2. Семинар тақырыбы бойынша СӨЖ тапсырмаларын дайындау

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Сыныптар бойынша бөлінген сағат сандарын талдаңыз.

2. Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру жолдарын анықтаңыз.

3. Білім алушыларды бағалау тәртібін анықтаңыз

7. Үй тапсырмасы:

1 . Бастауыш білім берудің базалық мазмұнына конспект даярлау .

2. Сабақтарға және сыныптан тыс шараларға қатысу және оларды талдау тақырыбына презентация даярлау.

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасында «Білім туралы» заңы., 2007ж.

2. Оспанов Т. Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі., Астана-2003

3. Оспанов Т. Қ. және т. б. Математиканы оқыту әдістемесі 1, 2, 3, 4 -сынып. А. Атамұра, 1997.

4. Оспанов Т. Қ. Ш. Қ. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі., Астана-2004

5. Оспанов Т. Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі., Астана-2008

6. Моро М. И., Пышкало А. М. Актуальные проблемы методики обучения математике в начальных классах. М., 1977.

7 Қайыңбаев Ж. Т. Білім стандарты және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту. А., Жазушы, 2003.

8. Сағымбекова П. С. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы., Тараз-2010

3, 4-семинар.

Практикалық сабақтың тақырыбы: БММОӘ пәнінен сабақты ұйымдастыру формалары

1. Сабақтың жоспары:

1. Сабаққа дайындалу және жоспарлау, диагностикалау.

2. Сабақты әдістемелік тұрғыдан жоспарлау

3. Оқу әдістемелік топтама

2. Сабақ мақсаты : Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға балаларды жеткілікті түрде дайындауды үйрету. .

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Бастауыш сыныпта оқушылармен жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарының негізгі формасы сабақ. Сабақ математиканы оқыту үрдісінде де ең негізгі бөлік болып саналады. Бұл үрдістің қосымша буындарына оқушылардың үй жұмысы факультативтік сабақтар, математикадан сыныптан тыс жұмыстар, үлгере алмай жүрген оқушылармен жұмыс т. б,

Сабақтың жалпы құрылысы күрделі және ол бірнеше құраушылардан тұрады. Мысалы, оқушылардың бұрынғы білімдерін қайта жаңғырту және іске асыру әдісі - оқушылардың бұрынғы алған білімдерін еске тусіру ғана емес, сонымен қатар ол жаңа білім алуда, танымдылығын арттыруда және мұғалімнің окушы білімінің қандай дәрежеде екендігін тексеруде т. с. с. қажет болып табылады.

Математиканы сабақ үстінде оқыту үрдісінің құрылымында мынадай негізгі элементтерді бөліп көрсетуге болады:

1) Жаңа тақырыптың материалдарын білдіру. 2) Жана материалды пысықтау. 3) Есеп шығару, жаттығулар орындау. 4) Бұрын еткенді қайталау. 5) Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. 6) Үйге жанддан тапсырма беру. 7) Оқушылардың математиканы практикада колдануы. 8) Оқушылардың білім, дағдыларын бакылау және бағалау.

2. Сабақ түрлері және оның құрылымы

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т. б.

Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т. б.

Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т. б.

Жаңа сабақ - жаңа білім беру мақсатында.

Біріккен сабақ - жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.

Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында.

Панорамалық сабақ - сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.

Бекіту сабағы - білімді меңгеру деңгейін байқау.

Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту.

Семинар сабақ - оқушының білімін тереңдету.

Қайталау сабағы - пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.

Жарыс сабақ - оқушылар ойларының жетіктігін байқау.

Конференция сабақ - іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.

Сынақ сабақ - білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.

Диспут сабақ - білімі мен дағдысын қалыптастыру.

Ойын, жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.

Сахналау сабағы - оқушылар шығармашылығын дамыту.

Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.

Оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру және бақылау-бастауыш сыныптағы оқу процесінің ажыратылмайтын құрама бөлігі.

Математика сабақтарында, өзге сабақтардағыдай, оқу процесінің қайсы кезеңінде пайдаланып отырғандығына қарай, тексеру жұмысы негізінен үш түрде жүргізіледі:

Алдын ала тексеру оқу жылының басында немесе жаңа тақырыпты оқып үйренудің алдында жүргізіледі. Оның міндеті - оқушылар жаңа материялды оқы үйренуге дайын ба, соны анықтау.

Күнделікті тексеру оқу жұмысының барысында ұйымдстырылады. Ол мұғалімге жаңа материалды меңгерудің барысы қандай екенін оқушылардың бәрі бірдей жұмысқа кірісті ме жқ па, оларға қандай қиыншылықтар кездесті, соны тексеруге мүмкіндік береді.

Қорытындылаушы тексеру не тақырыпты, бөлімді оқып үйрену соңында не тоқсанның оқу жылының аяғында жүргізіледі. Оның міндеті-оқу нәтижелерін айқындау, оқушылардың алған білімдерінің, біліктерінің, дағдыларының сапасын тексеру.

Оқушылардың бағдарламалық материалды меңгерудің тексерудінң негізгі әдістеріне ауызша және жазбаша жұмыстар жатады.

Ауызша сұрау. Оқушылардан ауызша сұрағанда мұғалім олардың оқу материалын қаншалықты меңгеруін алғандарын тексеруге, сонымен бірге, барлық оқушыларды дерлік белсенді жұмысқа тыртуға тырысады.

Жазбаша жұмыстар. Өзіндік жазба жұмыстар оқушылардың білімдерінің, біліктілерін, дағдыларының күнделікті қорытындылаушы тексеру жүргізу мақсатымен өткізіледі. Күнделікті тексеру кезіндегі өзіндік жұмыстар көлемі жөнінен шағын, оған негізінен сол кезінде өтіліп жатқан тақырып бойынша енеді. Бұл жағдайда тексеру сабақ кезінде оқыту процесімен тығыз байланысты оған бағынышты. Сондықтан өзіндік жұмыста сабақтың барысында бойында екі -үш рет(3-10мин) бөліп өткізуге болады. Мысалы бір сыныпта 3 санын қосу және азайту әдістерін пысықтау жөнінен өткізетін сабақта ең алдымен өзіндік жұмысқа қосу мен азайтудың осы және бұрын қарастырылған жағдайларында 4-6 мысал енгізуге болады, сонымен есепті ұжым болып шығарған соң, осыған ұқсас есепті немесе 3 санын қосу немес азайту керек болатын бұрын қарастырылған түрдегі есепті өз беттерімен шығаруды тапсыру керек. Қорытындылаушы тексеру кезінде өзіндік жазбаша жұмысқа әдетте көбірек тапсырмалар беріліп және оларды орындауға бір сыныпта 20-25 мин, ІІ-ІІІ сын-30-40мин бөлінеді. Мұнда белгілі бір уақыт ішінде оқып үйретілген негізгі бөлім бойынша оқушылардың алған білімдерін, біліктерін, дағдыларын тексеруге тырысады.

4. Бақылау сұрақтары

1. Математика сабағының құрылысы қандай?

2. Сабақтардың ұзақтығы қанша уақытқа созылады?

3. Сабақтың қандай түрлері бар?

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. Конспект

2. Семинар тақырыбы бойынша СӨЖ тапсырмаларын дайындау

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Сабақтың типтерін талдап кестеге түсіріңіз.

2 . Сабақтарды ұйымдастыру ретін талдаңыз

7. Үй тапсырмасы:

1. Жаңа сабаққа үлгі құрастыру.

2. Біріккен сабаққа үлгі құрастыру.

3. Зерттеу сабағына үлгі құрастыру.

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасында «Білім туралы» заңы., 2007ж.

2. Оспанов Т. Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі., Астана-2003

3. Оспанов Т. Қ. және т. б. Математиканы оқыту әдістемесі 1, 2, 3, 4 -сынып. А. Атамұра, 1997.

4. Оспанов Т. Қ. Ш. Қ. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі., Астана-2004

5. Оспанов Т. Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі., Астана-2008

6. Моро М. И., Пышкало А. М. Актуальные проблемы методики обучения математике в начальных классах. М., 1977.

7. Қайыңбаев Ж. Т. Білім стандарты және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту. А., Жазушы, 2003.

8. Сағымбекова П. С. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы., Тараз-2010ж

5, 6-семинар.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Арифметикалық материалдарды оқыту

1. Сабақтың жоспары:

  1. Қарапайым түсініктер (сабақ талдау)
  2. Дайындық кезеңі ұғымдарына талдау

2. Сабақ мақсаты:

Студенттерді бастауыш сыныптарда математикалық қарапайым түсініктер және дайындық кезеңінің ұғымдарымен таныстыру әдііістемесін меңгерту.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Қарапайым түсініктер (16 сағат)

Заттарды санау (Қанша? Неше? Нешеу?)

Заттарды әр түрлі белгілеріне (түci, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру (бірдей, әр түрлі, дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) .

Заттарды ұзындығына қарай салыстыру (ұзын-қысқа, биік-аласа, қалың- жұқа) . Ұзындықты өлшеу.

Заттардың екі тобын салыстыру (артық кем, сонша) .

Кеңістік туралы түсінік (жоғарыда, теменде, сол жакта, он, жакта, астында, устінде, арасында, қатар, алдында, артында және т. б. ) . Қозғалыс бағыты (солдан оіңға қарай, оіңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай) .

Уақыт аралығы туралы түсінік (бұрын, кейәін, алдымен, содан кейін, сонан соң, соған дейін) .

Заттарды санау (Heшінші?), апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары және peтi.

Біріктірy және бөліп алу.

Сызықтар (түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық тұйықталмаған қисық сызық) . Нүкте. Сәуле. Бұрыш. Keciнді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (сантиметр) . Фигураны бөліктерге бөлу және құрастыру.

Он көлеміндегі сандар (36 сағат)

Заттарды санаудың, кесіндінің ұзындығын өлшеудің және амалдың нәтижесі ретіндегі сан жөнінде түсінік.

Цифр санды жазып қорсету ушш қолданылатын таңба. 1-ден 10-ға дейін сандардың атауы, peтi және жазылуы.

Нөл саны мен оның жазылуы. Сандарды салыстыру. Салыстыру танбалары (=, <, >) .

Бір таңбалы сандардың қатары. Он - екі таңбалы сан.

Амалдардың менмағынасы және атаулары (қосу және азайту) және олардың белгіленуі ("+" және "" танбалары) . Сандарды және сәйкес шамаларды (ұзындыктарды) қосу және азайту.

Математиканың бастауыш курсында натурал сандар қатар жөнінен нөлмен тығыз байланысты қарастырылатын өзекті мәселені бірі арифметикалық амалдар. Сандарды қосу, азайту, көбейту, және білу- арифметикалық амалдар болып табылады. Оларды белгілеу үшін “+” (плюс), “-”(минус), “. ”(көбейту), ) “:”(білу сияқты арнайы таңбалар пайдаланылады.

Әр бір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау прооцесінде нақтылы негізге сүйене айқындалады. Сонда:

қосу - ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;

азайту - жиынның бір бөлігін /ішкі жиынды/ айырып алу;

көбейту - элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;

бөлу - жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.

Бұл оқушылардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қосу амалын оқып - үйрену заттардың әр түрлі топтарын біріктірумен, ал азайту заттардың тобынан қандай бір белгісіне қарай біраз заттарды алып кетумен байланысты орындалатын практикалық жұмыс болып табылады. Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс - әрекеттермен санау қарбалас жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды орындау оқушылардың қосу және азайту амалдарын оќып үйренуге дайындайды, яғни олардың мән - мағынасын ашуға негіз қалайды да, әрі қарай қарапайым мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады.

Бастауыш сыныптарда көбейту - қосу арқылы, ал бөлу - азайту арқылы анықталады және олардың да мән - мағынасы қарапайым мәтінді жай есептер арқылы ашылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориясылық негіздері
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері
Мaтeмaтикa caбaғындa көптaңбaлы caндaрды oқыту әдicтeмeci
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Қазіргі математика кезеңі
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Математика оқыту методикасы
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz