Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді, - деген сөзімен толықтай келісуге болады. Себебі, біз қазіргі уақытта шектеліп қалған ел қатарында емеспіз, әрі қарай даму үстіндеміз. Демек, аталарымыздың аңсаған арман - тілектерін, мүдделерін толықтай жүзеге асырудамыз.
Алаш сөзіне тоқтала кетсек: Алаш - осы төрт-ақ әріптен құралған мазмұны терең, елеулі сөз, былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр. Ия, Алаш сөзі - киелі ұғым. Алаш (ежелгі түрік сөзі -- бауырластар, қандастар, туыстар) -- көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.
Алаш - Қазақстанның Мәңгілік ел ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы. Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.
Алаш - Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.
Алаш қозғалысы -- 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ол күш -- сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар, кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған "Қазақ", оның артын ала өмірге келген "Бірлік туы", "Сарыарқа", "Ақжол" газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш қозғалысының басты мақсаты -- қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемлекет тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.
Алаш қозғалысының жетекшілеріне қысқаша тоқталып өтсек:
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7 - ауылында дүниеге келген. Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, техник мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде - ақ саяси талас-тартысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты.Сол кездің өзінде саяси белсенділігі үшін патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ - мінезі салмақты, шындықты бетке айта білетін ақылды да беделді адам болған. Мырзалығы сондай, немересі Ахмет дүниеге келгенде, құтты болсын айтқан адамдарға бір ат, бір түйеден сүйінші беріпті. Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылады және сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 жылдан бастап ұлттық Қазақ газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік обылыстарына жер аударылады.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған. Бұл тұлғалар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
Бұл диаграмма бойынша Алаш қозғалысына қатысушы ұлт-зиялыларымыздың шыққан жерлері көрсетілген. Басым бөлігі қай өңірден шыққандары белгісіз. Тағы біразы Ақмола облысынан шыққан қайраткерлер. Ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының шыққан тамырлары жайындағы мәлімет осындай көріністе.
Қазақ елінің егемендігін, саяси тәуелсіздігін, ұлттық бостандығын аңсаған зиялыларымыз Алаш қозғалысының басына тұрды. Алаштың жергілікті ұйымдары Қазақстанның көптеген аймақтарында пайда болды. Соның ішінде, біздің Павлодар уезінің жерінде мұндай саяси ұйымның қызметі Алаш Орданың жергілікті қалалық комитетінің төрағасы ретінде бекітілген Қабыш Бердалиннің және Алаш Орданың Павлодарлық комитетін құруда көп еңбек сіңірген Мұқыш Боштаевтың есімдерімен байланысты.
Павлодар уездік қазақ съездері - І уездік съезі 1918 жылдың 15 ақпанында өткізілді. Съезде, негізінен, ұлт қазынасы мәселесі қарастырылды. Съезге қатысушылар Алаш қозғалысын қолдап, тілектестіктерін білдіріп, оған қаржылай көмектесуге бәтуаласты. ІІ уездік съезі 1918 жылдың 23-26 маусымында өткізілді. Бұл кезде облыстық және қазақ комитеттерінің күшімен Павлодарда совет үкіметі құлатылған болатын. Осы съезде Алашорданың Павлодар уездік Кеңесі құрылды. Кеңеске 5 мүше енді. Төрағасы - Қабыш Бердалин, орынбасары - Ахметолла Барлыбаев, мүшелері: Иманқұл Бәдісов, Мұхтар Жәлелдинов, Омархан Күзембаев. Осы съезде құрылған уездік Алашорда Кеңесі Павлодар уездік земствоға кандидаттар дайындауды міндетіне алды. Бұл мәселе кеңес мүшесі А.Барлыбаевқа тапсырылды. Алашорданың Павлодар уездік Кеңесі Семей облыстық Алаш комитетіне ұйымдастыру, Алаш идеяларын насихаттау жұмыстарына үлкен көмек жасады.
Кереку өңірінен қатысқан қайраткерлерге келетін болсақ, олар: Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбікей Сәтбаев, Қошмұхамед Кемеңгеров, Асылбек пен Мұсылманбек Сейітовтер, Мұқыш Боштаев, Арынғазы Боштаев, Мұхтар Саматов, Ахметолла Барлыбаев, Әмре Айтбакин, Қартқожа Тоғанбаев, Хабиболла Лекеров, Мұхтар Жалелдинов, Григорий Потанин Николаевич, Базыкен Өскенбаев, Бәдісов Иманқұл, Әденов Бұлқайыр. Зерттеуіміз бойынша табылған тұлғалар тізімі жоғарыда көрсетілгендей. Енді оларға қысқаша мәлімет беріп кетсек:
Аймауытов Жүсіпбек (1889 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келген) - Алаш қозғалысына қатысушы, жазушы, драматург, аудармашы, публицист. 1917 ж ақпан төңкерісінен кейін алаш қозғалысы жаңа қарқын алып облыстарда алдымен азаматтық, содан кейін қазақ комитеттері құрыла бастаған Семей қаласында да қазақ комитеті де құрылады. Семей облысы қазақ комитетіне Аймауытұлы 1917 жылдың көктемінде мүшелікке кандидат болып қабылданады. Осы кезеңде Семей облысы қазақ сиездеріне де қатысады. Алаш идеяларының ықпалымен М. Әуезов екеуі 1918 ж алашшыл бағыттағы Абай жұрналын ашады. Жұрналда оның ұлтшылдық бағыттары публицистикалық шығармалары жарияланып тұрды. Жазушының Қартқожа, Ақбілек романдарында Мансапқорлар, Ел қорғаны, Шернияз, Қанапия - Шәрбану атты драмаларында ХХ ғ. Алғашқы ширегіндегі қазақ даласындағы оқиғалар шыншылдықпен бейнеленіп, автор осы және басқа да көркем туындылары төңкерістік кезеңдегі ұлт тағдырын шеберлікпен сүреттеді. Оның 1920 ж әңгімелерінде және сын мақалаларында кеңістік дәуірдің саясатын қабылдамау ерекше байқалады. Әсіресе, Елес әңгімесінде және Әдебиет әңгімелері атты сын мақаласында осыны аңғарамыз. 1930 ж Қазақстандағы ұлтшылдық ұйымымен байланысы бар деген жаламен абақтыға қамалып 1931 ж Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылған.
Боштаев Арынғазы Сүлейменұлы (1884 ж Семей облысы Павлодар уезі, Ақбеттау болысы) - Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. 1903-1908 жж. Қазан ветеринария институтында оқыған. 1917 ж 27 ақпан - 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезінде облыстық қазақ комитетіне сайланған. Зайсан уездік Алашорда кеңесінің төрағасы болған.
Боштаев Мұқыш (1897 Семей облысы Павлодар уезі) - Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Қазан университетінің заң факултетін бітірген (1917). Уақытша өкімет тусында Павлодар уезінде сот төрағасы болды. Семей облысы қазақ комитетінің жұмыстарына белсенді түрде ат салысты. І жалпы қазақ сезінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына Алаш партиясы атынан депутаттыққа ұсынылды. ІІ жалпы қазақ сезінде Алашорда үкіметі құрамына мүшелікке кандидат болып сайланған. Семей облыстық және қалалық кеңесінің атқару комитетіне 1918 ж. 22 - 23 наурызда болған жиылыста сот ісі бөліміне мүшелікке енгізген.
Ақбайұлы Жақып - ұлт азаттық қозғалысының қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрі. 1905-1907 жылдары Омбы, Петропавл, Семей Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында наразылық шерулеріне қатысады. ІІ ші мемлекеттік думаға сайлануға тырысқанымен, патшалық режим оны бұл мүмкіндігінен айырады. Омбыдағы Степной край газетіне сол кездегі ұлт басындағы қиын ахуалдың заңды құқықтық жағын тереңінен қозғап жазады. Алаш қозғалысы үшін аса жауапты кезеңде ұлттың құқығын қорғай алған заңгер. Ж. Ақбайұлы оқығандарға, қарапайым халыққа сауатты күресудің жолын көрсетті. Ол Омбыда жүрген қазақ жастарын өз төңірегіне топтастырып, әлемдік жаңғырудың, демократиялық жаңғырудың негізін түсіндірді. Жастарда, үлкендерде оны Жақып мырза деп атайтын болды.
Нұрекенов Темірғали (1858-ө.ж.б) - қоғам қайреткері,ІІ Мемл. Дума депутаты. Семей обл. Павлодар у-нің Сейтен болысын басқарған. 1905 ж. Қарқаралы, Павлодар уезі қазақтарының атынан Ішкі істер министрлігіне наразылық білдіріп, петиция жазуға қатысқан. Петицияны қазақ тілінен орыс тіліне аударған. 1907 ж. ІІ Мемл. Думаға Семей облысынан депутат болып сайланып, Мұсылман фракциясының мүшесі болған.
Потанин Григорий Николаевич (1835, Павлодар у., Ямышев-1920, Томск)- ғалым саяхатшы,географ. 1852 ж. Омбыдағы кадет корпусын бітіріп, 1853-1858жж.Семейде,Омбыда әскери қызмет атқарған. 1859-61 жылдары Петербор университетінің жаратылыстану бөлімінде оқыған. 1861 ж. студенттердің толқуына қатысқаны үшін Сібірге жер аударылған.1863-1864 жж. Орыс география қоғамының Зайсан көлі мен Тарбағатай тауын зерттеген арнайы экспедицияның құрамында болған. 1865ж. Сібірдің тәуелсіздік қоғамы атты жасырын ұйымға қатынасқаны үшін қамауда отырған.
Тоғанбаев Қартқожа Жананұлы (1896, қазіргі Павлодар обл. Баянауыл ауд. - 1938, Алматы )- қоғам қайраткері. Ауыл мектебін орыс-қазақ мектебін , мұғалімдер курсын, Омбы рабфагын, Томск технологиялық институтын бітірген. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан, 1-дүниежүз. соғыстың қара жұмысына алынған. 1917-20жж. Алаш қозғалысының қайраткері, Баянауылда кеңес қызметкері, ревком мүшесі болды. Халық жауы деп айыпталып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1958ж. ақталды. Тоғанбаевтың өмірі мен қызметі Ж.Аймауытовтың Қартқожа романында сүреттелген.
Барлыбаев Ахметолла Ақтайұлы (1880-1937)- мұғалім, 1911-17ж. Павлодардағы 2 сыныпты орыс-қазақ училищесінде сабақ берген. 1911-1914 ж. осы училищеде Қ.Сәтбаев, Ж.Аймауытов және т.б. білім алған.1917-1919 ж. Семейдегі Алаш қозғалысының жұмыстарына белсене араласқан. Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан. Түрксіб темір жолы Кеңестік халық комитетінің прокуроры болған (1920-1937), 1937 ж. қуғын - сүргін құрбаны.
Бердалин Қабыш - Алаш қозғалысының қайраткері. 1868 ж. Павлодар уезінде туған. Белгілі би Қазанғап Сатыбалдыұлының немересі. 18 наурызда Павлодар уездік комитетінің мүшесі. Осы жылы Екінші жалпықазақ сиезіне А. Барлыбаев екеуі Павлодар уезінен депутат болып сайланған. 1918ж. 15 ақпанында Павлодар уездік комитетінің төрағасы болып бірауыздан сайланды. Бұл сиезге Алашорда жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатов қатысқан. 1918 ж. 13-26 маусымында Павлодар уездік екінші қазақ сиезінде бес адамнан тұратын Алашорда кеңесі құрылды. Кеңес төреағасы болып Қ. Бердалин сайланды. Ол басқарған Алашорда кеңесі идеологиялық жұмыстармен бірге Алашорда билігінің Кереку өңірінде орнауына нақты жұмыстар жүргізді. Мәселен, Павлодар уезінде большевиктермен күресу үшін 150 жігіттен тұратын Алаш отряды құрылды.1918 ж. Уақытша үкімет туысында қалалық Дума мүшесі, Семей облыстық земство басқармасының мүшесі сияқты қызметтер атқарды. Алашорда арасындағы байланыстардың қалыптасуына үлес қосты. 1928ж. Бердалин Ақтөбе округіне жер аударылған. 1930ж. Сібірге жер аударылады. 1935ж. Кемеров облысының Тайга станциясында қайтыс болады.
Енді олардың қатарына баянауылдық зиялылардың бірі Хабиболла Лекеровты қосуға толық негіз бар. ҰҚК мұрағатындағы №270 істің I томымен танысқаннан кейін осындай байлам жасадық. Іс 1933 жылы ақпан айында басталған, сол жылы аяқталған, бірақ істің жабылған айы мен күні белгісіз. Тергеу материалдары 455 парақты құрайды. Істе Лекеров Хабиболла, Сыздықов Асқар, Анафин Сұлтан, Ботабергенов Шоқан, Серікбаев Әбілге тағылған саяси айыптаулар бойынша материалдар жинақталған. Жоғарыда есімдері аталғандармен қатар тағы бір адамның тегі көрсетілген, бірақ, жазылуы түсініксіз, оқу мүмкін емес. Тергеу материалдарына қарағанда, Хабиболла Лекеров Қызылтау болысының №19 ауылында дүниеге келген. Ол ауылды Қозған-Күлік ауылы деп көрсетіпті. 1901 жылы Хабиболланы әкесі Лекер қажы Шаукин Семей губерниясының Сенташ болысындағы медресеге оқуға жіберген. 2 жылдан кейін Х. Лекеров басқа медреседе балаларды оқытады. Көп ұзамай Қызылжар (Петропавл) қаласының орта діни білім беретін оқу орнына түседі. 1905 жылы оны аяқтап, Троицк қаласына барып оқуын жалғастырып, білімін көтереді. 1916 жылдан бастап Ғабдолла хазірет медресесінде орыс, қазақ, араб тілдері, география, арифметика пәндерінен сабақ берген. Кейін М.Сералин ашқан және редакторлық қызмет атқарған Айқап саяси-әдеби журналына тілші болып орналасады. Журнал Троицк қаласында айына 2 рет шығып тұрған. Айқаптың шығуына А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Торайғыров, т.б. зиялылар белсенді атсалысқан. Әйтсе де, Айқап жабылған. Одан соң Қазақ газеті ашылған, редакторы - А.Байтұрсынов, жауапты хатшысы - Ә.Бөкейханов. Хабиболла Лекеров енді сол газеттің авторларының бірі әрі үгітші-насихатшысы, таратушысы болған. Сөйтіп жүріп қазақ саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, саяси өмірге араласады. 1917 жылы Орынбор қаласында өткен қазақтардың жалпыұлттық съезіне қатысқан. Бұдан соң 1918 жылы Семейде өткен Алаш Орданың облыстық жиналысына Қарамола болысынан делегат болған. Семей сол кезде Алаш Орданың астанасы ретінде белгіленіп, жария етіледі. Губернияға 5 уезд қараған, солардың бірі - Павлодар уезі. Жиналысқа Хабиболла Лекеровпен бірге Дайырбай Шашкин (белгілі жазушы Зейін Шашкиннің немере ағасы) және Масұғұт Қыдырбаев қатысыпты. Жиналысты Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Ахметолла Барлыбаев басқарыпты. А.Барлыбаев - Баянауылдың Қызылтау болысының тумасы, Алаш Орданың белсенді мүшесі, Орынборда өткен I съездің делегаты. Х.Лекеров 1930 жылдан бастап аудандық оқу бөлімінде хатшы, мектеп инспекторы болып істеген, кейбір кездерде меңгеруші міндетін уақытша атқарған. Сол кезде оқу бөлімінің бастығы Ысқақов деген адам екен. 1933 жылы Хабиболла Лекеров байдың баласы, Алаш Орданың белсенді мүшесі, Кеңес Одағына қарсы саясат жүргізуші, діни идеяларды таратушы деген айыптаулар бойынша тұтқындалған. ОГПУ-дің аудандық бөлімінің абақтысында онымен бір камерада Асқар Сыздықов, Сұлтан Анафин деген азаматтар отырыпты. Сол кезде Хабиболла 47 жаста екен, Маий, Сәруар, Рашат атты 3 баласы болған. Кейіннен Рымжан мен Бақыт туған.
Тергеу түсініктемелерін, бетпе-бет кездестірулердің хаттамаларын, ОГПУ-дің шешімін зерделегенімізде Х. Лекеровтың саяси маңызы бар мәселелер мен өзіне қатысты кейбір мәліметтерді жасырып отырғаны байқалды. Мәселен, жоғары діни білімі бар екенін айтпаған. Бірақ бұл жайында онымен бірге тұтқындалған Рахметолла Ахметов деген шәкірті Хабиболланың Уфа қаласындағы атақты Ғалия медресесін бітіріп, өздеріне мұғалім болғанын айтып берген. Айыптау қорытындысында ОГПУ тергеушісі осы жайтқа тоқталған. Х. Лекеров сөйте тұра, кейбір күрделі емес мәселелерді жасырмапты. Мысалы, Атбасарда Алаш партиясына қаржы жинағанын, Міржақып Дулатовпен бірге фотоға түскенін жазады. Ж.Аймауытов, Қ.Тайшықов, Шайманов, Мұстафин, Қасымов тәрізді азаматтарды, т.б. тек танимын деп жазған. Көп сұрақтарға білмеймін, есімде жоқ, не болмаса бұрмалап жауап береді. ОГПУ-дің Төлеубеков деген қызметкері Михайлов деген басшысына жазған баянхатында Х. Лекеровтың өзімен бірге тұтқындалған жолдастарымен келісіп алып жауап бергенін баяндаған. Сот үкімі бойынша Хабиболла Лекеров кеңестік Қылмыстық кодексінің атышулы 58-бабының 7-10 тармақшалары бойынша бос бостандығынан айыру жазасына кесіліп, 5 жыл мерзімді жазасын өтеу орындарында болып келген. Осылайша, ҰҚК мұрағатындағы №270 іспен танысуымыздың нәтижесінде баянауылдық Алаш қайраткерлерінің бірі Хабиболла Лекеровтың тағдыр-талайының кейбір кезеңдерімен танысудың сәті түсті. Ал елінің жарқын болашағы үшін басын бәйгеге тіккен есіл азаматтың халқына сіңірген еңбегін барынша анықтап, жұртшылыққа жария ету - уақыттың еншісінде. Жалпы, бодандық кезеңінде ел егемендігінің жолында саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналған боздақтар аз емес қой.
Сонымен қатар, Алаш қозғалысы іс - әрекетінде қазақ халқының көрнекті ақыны, философ - ойшыл, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да Жасасын, Алаш жасасын деп ұран салып үн қосқанын білеміз. Жалпы Сұлтанмахмұт пен алаш зиялылары арасында орын алған байланыс кеңес үкіметі кезеңінде зерттеушілер арасында пікірталас туғызып, ақын - ойшылды ұлтшыл, алашордашыл, байшыл, ұсақ буржуазияшыл деп тануға негіз берді. Абырой болғанда, сұлтанмахмұттанудың негізін қалаған ғалым - зерттеушіміз Б. Кенжебаевтың Сұлтанмахмұт адасыпты деген арашалауы арқасында ғана Торайғыров мұралары аман қалды. Дегенмен, ақынның Алаш ұраны, Таныстыру, Айтыс атты ұлтымызға аса құнды, алаштың рухы бар еңбектеріне тиым салынған - ты. Тек қазақ елінің тәеілсіздік алуы ғана бізге жеткен ақын шығармаларының толығымен қалың бұқара назарына ұсынылуына жағдай туғызды. Сұлтанмахмұт пен алаш қозғалысы арасында орын алған қарым - қатынастарды зерттеу, аталмыш қозғалысқа қатысты оның ой - пікірлерін анықтау, осынау аласапыран кезеңде жазылған еңбектерін талдау қазақ ойшылының дүниетанымдық ұстанымын, әсіресе тарихи көзқарасын тұтастай айқындауға көмек береді. Торайғыровтың алаш қозғалысының негізін құрған қазақ оқығандарымен байланыс орнатуы оқу - білім іздеп келген Троицк шаһарында басталған. Сұлтанмахмұттың тұңғыш библтографы Жүсіпбек Аймауытов ақын өмірінің Троицкі кезеңіне қатысты келесі мәліметті келтіреді: ... (Сұлтанмахмұт - А.Қ.) медреседе оқып жүргенде әлеумет жұмысына кірісе бастайды. Елге жазған хатында Қазақ газеті шығатын болғаннан, кейбір шәкірттер шекпеіне дейін сатып жарна керектігін жазады. Демек, дарынды жас келешекте алаш зиялыларын өз қанатының астына жинақтап, біріктірген қазақ газетінің жарық көруін аса күткен, азда болса қаржылай көмек берген. Бұған қоса 1913 жылы 2 ақпанда Қазақта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz