Қазақ балалар әдебиетіндегі фантастика


Қазақ балалар әдебиетіндегі фантастика
Аннотация
Бұл мақалада фантастика және оның әдебиетте алатын орны жөнінде жазылған. Мектепке дейінгі балалар әдебиетіндегі фантастика жанрының маңыздылығы мен басты бөлігі түрлі аңыз - ертегілердің ғажайып кейіпкерлері мен таңғажайып жағдайларға тап болуы жөнінде айтылған. Сонымен қоса, фантастиканың балалардың дамуына қосатын үлесі туралы, қалай қиялдап, қандай сезімде болатыны жайында сөз болмақ.
В данной статье рассмотрены толкования о фантастике как в целом так и в казахской литературе. Большая часть рассказывает о понятии «фанастика» и вся его суть. Что касается фантастики в дошкольном образований в детской литратуре, то можно увидеть что, основная часть - это различные мифы, сказки с фантастическими способностями и сюжетами. Показывается так же роль фантастики в развитии детей.
This article examines the interpretation of science fiction in general and in Kazakh literature. Most of the talk about the concept of "fanatic" and its entire essence. As for fantasy in children's literatures, one can see that the main part is different myths, fairy tales with fantastic abilities and plots. It also shows the role of fiction in the development of children.
Кіріспе
Балалар әдебиеті - әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі - тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.
Балалар әдебиеті - бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығамашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.
Балалар әдебиеті - балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы - балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.
Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның қоғамдық ірі мәні бар. Өйткені балалар әдебиеті - жас ұрпақтарға ұлттық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелейді, озық ойларымен қаруландырады. Қандай қиыншылықтарды болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер - қайратын арттырады.
Мектепке дейінгі балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, оның жетіле түсуіне көрнекті қайраткерлер жанашырлықпен тікелей ат салысып келеді. Көп жанрлы қазақ балалар әдебиетінің тақырыптық молдығы мен жан-жақтылығы, идеялық мазмұнының байлығы және балалар әдебиетінің нақтылы мәселесін ашу ісі жайында нұсқаулар беріп отырды. Мектептің өмірмен байланысын күшейтуде балалар әдебиетінің тәрбиелік рөлі күшейіп зор міндеттер атқарды. Сонымен қазақ балалар әдебиеті де басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі, үздіксіз даму, өсу жолында болды.
Адамзат баласының дамуы ерте кезден бастау алатыны белгілі. Ежелгі халықтардан бізге жеткені - аңыздар мен әпсаналар, түрлі мифтік әңгімелер мен фантастикалық жанрлар және тағысын тағы. Олардың маңызы мектепке дейінгі 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді елестетуге, қиялдауға, түрлі бейнелерді суреттеуге үйрету, дағдыландыру.
Фантастика - энциклопедиялық анықтамада былай берілген: әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры. Ғылыми түсінік жоқ кезде фантастика мифологиялық және діни шығармаларда орын алған ғылымның дамуына байланысты халык қиялынан шыққан туындылар жарық көре бастады. Мысалы, ғылыми-фантастикалық әдебиетте ғылым мен техниканың перспективалары, адамзаттың табиғат сырларына тереңірек үңілуі өмірдегідей тартымды суреттеліп, басты идеясы ғылымда негіз бар, бірақ әлі іске аспаған жаңалықтармен ұштасып жатады. Ал, балалар әдебиетіндегі фантастика, балалардың ойлау, қиялдау, армандау, елестету сияқты психологиялық қабілеттерін дамытады. Балаларды қызықтырып, өмірдің ақ пен қарасын ажыратуға мүмкіндік береді.
Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, "Ер Төстікте", "Керқұла атты Кендебайда", "Қырық өтірікте" фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба әдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Құнанбайұлының "Масғүт", "Ескендір" дастандарында, С. Ерубаевтың "Келешек соғыс туралы" повесінде, М. Әуезовтың "Дос - Бедел дос" және "Елу жылдан соң" пьесаларында да бар. Қазақ кеңес әдебиетінде фантастика 1950 жылдан басталады.
Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы бір фантастикалық жанр - фэнтези әдебиет әлемінің есігін ашты. Аталған жанр біріншіден, әдеби ертегінің шекпенінен шыққандықтан пайда болу жолы да сан қилы, фэнтези кейде шындық өмірден қашып, миф пен аңыздарды қайыра ой елегінен өткізуге бағыт ұстанса, оның түп тамыры әдеби ертегі белгілі бір ұлт үшін сын сағаттар болған сәтті оны ертегілік образдар мен мотивтер арқылы таныта біледі; екіншіден, фэнтези жанрындағы туынды басқа жанрлардың мәтіндік бөлігі бола алмауымен әдеби ертегіден ерекшеленеді.
Фэнтези - мифологиялық және ертегілік мотивтерді пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиет түрі. Заманалық әдебиет түрі ретінде XX ғасырда өмірге келді. Қазіргі деңгейіне жетуі үшін Джон Рональд Руэл Толкин ересен еңбек сіңірді. Оны кейбірде фэнтезидің әкесі деп атайды.
Фэнтези туындылары көбіне тарихи-шытырман оқиғалы туындыны еске түсіріп, ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы баба дәуіріндегі, орта ғасырлардағы тыныс-тіршілігін танытатын ойдан шығарылған әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерекше қылып жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен аяусыз күреске түседі. Кейбірде фэнтези архетиптік сюжеттер негізіне құрылады. Осы қырынан алғанда Т. Рымжановтың кейбір ертегі-хикаяттары фэнтези жанрына жататындығын аңдаймыз.
Фэнтезиге бет бұру қазіргі қазақ әдебиетінде енді-енді кең тарала бастаған құбылыс. Тіпті, реалист жазушы деп саналатын М. Мағауинның өзі - «Қыпшақ аруы» хикаятында осы жанрдың кейбір қағидаттарын басшылыққа алып, постмодернистік туынды жазып отыр.
Кеңестік кезеңде қазақ соцреализмінің идеологиялық жүйесі күйреуге ұшырай бастаған кезде ұлттық фэнтезидің алғашқы нышаны М. Дүйсеновтің, Б. Соқпақбаевтың, Р. Тоқтаровтың, Т. Рымжановтың т. б. белгілі қаламгерлердің туындыларында ұшыраса бастады. Ғылыми фантастика кеңестік режимге қызмет етсе, фэнтези бұған көнбеді. Өйткені, ол сана мен қисынға емес, сезім мен арманға арқа сүйегендіктен бейсанасыз болып келіп, ешбір идеологияның ырқына көнбейді. Сондықтан бұндай жанрға ескіні көздеушілік деген таңба басылып, аяқ басқан қаламгерлер билеуші топтың кәріне де ілікті.
Сонымен, фэнтези жанрлық нышан-белгілері:
1) біздің шындық болмысымызда болуы мүмкін емес қасиетке ие бұл дүниеде жоқ әлем.
Оған Т. Рымжановтағы «Шайтандардың жерасты жұмағы», жер астындағы жылан патшалығы, жер астындағы диюлар патшалығын т. с. с. қосамыз.
2) магия мен фольклорлық персонаждардың қажетті элемент ретінде қолданыс табуы;
3) авантюрлық сюжет (әдетте - іздеу, саяхаттау, соғыс т. с. с. ) .
4) технология мен сиқыршылық арасындағы жасырын қарсылық;
5) бірінші орынға қаһарманның іс-әрекеті мен көңіл-күйі қойлып, қиял-ғажайыптық пен ертегілік көмекшілік рөл ойнайды;
6) жақсылық пен жамандықтың арасындағы күрес негізгі сюжеттүзуші тін болғанымен, ертегідей тек қана жақсылыққа ғана басымдық бермей, таразының басын тең ұстайды. Еретегіде бәрі бақыттылықпен бітсе, фэнтезиде қайғы мен қуаныш аралас аяқталады;
7) өзге әлемнің болуы мен оның көрініс табуы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz