Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту


Кіріспе
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген болатын.
Егемендік алған алғашқы жылдардан бастап елімізде білім беру ісіне аса мән берілуде . Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой - санасын калыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Сонымен бірге бастауыш мектептердің негізгі міндеттері - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге тілдік қарым-қатынастың карапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. Сонысымен кейінгі -негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Біз М. Әуезовтың “Ел боламын десең бесігіңді түзе” деген ұлағатты сөзін еске түсірсек, сол бесігі - мектептің бет алысы, бағыт бағдары айқындалмай, аяқ алысы бекіп, көші түзелмей мемлекеттің әлеумет- қуаты түзелмейтіні анық. Олай деуге себеп, ұлт мектептерінде республиканың жергілікті халкы - қазақ ұлтының болашағы өсіп жатыр. Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты - жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы калыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану -аса маңызды міндеттердің бірі. Өйткені қазір қоғам дамуындағы нарықтық зкономика талаптарына байланысты кез келген адам өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Бұл өз ретінде адам мүмкіндіктерін, оның мүдделері мен ұмтылыстарын жаңа талап тұрғысынан шешуді, оқушылардың жеке тұлға болып калыптасуына динамикалық үрдіс ретінде қарауды қажет етеді. Ал қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе.
Еліміздің Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері бәсекелестік қабілеті түрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек» деп атап көрсеткен.
Қазакстан халықтарының барлығының бақуатты, берекелі түрмысқа қол жеткізіп, жақсы жайда өмір сүруі, ең алдымен, мемлекеттің негізгі - қазақ халқының рухани ықпалы, интелектуалдық әлеуметін нығайтып, әлемдік даму кеңестігіне өтуіне, өркениетті елдер деңгейіне көтерілуіне тікелей қатысты екендігін қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, олардың озық ойлы, білімді азаматтары да жиі қайталайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа карым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі қазақ халқының ұллтық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективтік қажеттіліктері туды. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғүрып дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысу қажеттігі бірінші орында түр. Өйткені, мүндай негіздерді білмей, өз халқының ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыра түсуі мүмкін емес. Тәрбиені ұйымдастыруға сыртқы ұқсастықтарға карап, тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп айтуға болмайды деген заңдылық осыдан туындайды.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, иновациялық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға кабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындардың да берері мол. Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-объективтік сұранысын орындауда балалардың танымдық адамгершілік, ақыл-ойы және логикасының дамуын педагогикалық түрғыдан шешу қажеттілігімен, оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогиканың бір саласы қазақтың ұлттык ойындарын пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтың бар екендігі орын алып отыр.
Осы қайшылықты шешу үшін диплом жүмысымның тақырыбын 1 - сынып математика сабағында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалудың жолдарын қарастырып отырмыз.
Матеметика оқыту процесінде қолданылатын ұлттық ойындардың түрлері.
Ұлттық ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін баланың ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын ойындардың түрі. Ұлттық ойындарда әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдерімен оқушыларды үйрету, ауызша санату, мысалдарды шығарту. Ұлттық ойындар оқушылардың еркін, зейінін дамытуга мүмкіндік жасауы тиіс. Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету.
Ұлттық ойындарға қойылатын талаптар оны үйрену, жүргізу методикасына жете мән беріледі.
Ұлттық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, өткен материалды берік меңгерту, сондықтан да ұлттық ойынның пәндік мазмұны басқаша назарда болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілеті дамиды. Білімділік, тәрбиелік мақсаты жетіледі. Ұлттық ойындардың ерекшеліктері балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы шарт. Оның үстіне ойынға деген деген материалдармен мен көрнекіліктерге жете көңіл бөлу керек.
Баланың таным қабілетін жетілдіру, логикалық ой-өрісін кеңейтіп сабаққа деген ынтасын арттыруда ұлттық ойынды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Оқытудың ойындық тәсілдері ұлттық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымактастыққа бірлескен, бала ерікті түрде таңдап алған тәсілге айналады. Е. Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабында үзақ жүргізілген жинау, зерттеу жүмыстарының нәтижесінде ұлт ойындарының тақырыбына мазмұнына ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөліп топтастыруды лайық деп тапқан. Бұл өте орынды, аса кұнды пікір. Атап айтқанда: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары; оймен кететін ойындар.
Баланы дамытудың, жеке басын қалыптастырудың маңыздылығы ұлттық ойындарды математика сабағында пайдалана отырып деген қызығушылығын және ынта, зейінін арттыруға болады.
Ойындар әсіресе, «ұлттық ойындар» көмегімен геометриялық фигуралар төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер туралы анагұрлым түсініктер алуан жағдай жасайды және арифметикалық амалдарды шығаруда логикалық ойлауға дағдыландырады. Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және мүмкіндігін дұрыс қалыптасыру мақсаты үшін де қолданылады. Мысалы, математика сабағында кезек-кезек жауап беру аркылы киіз үйлер құру. Сұрақтар киіз үй суреті сыртындағы сандар, өрнектер және геометриялық фигураларға байланысты қойылады.
-Шаңырақ геометриялық қандай фигура?
-Дөңгелек.
-Киіз үй құрған арқандар қандай сызықтар?
-Түзу жэне қисық сызықтар.
-Киіз үйдің есігі қандай геометриялық фигура?
-Төртбұрыш.
-Басқада киіз үй сыртында қандай геометриялық фигуралар бар?
-Үшбұрыш.
Міне осы жоғарыда айтылған ұлттық ойын түрлерін үш сала бойынша топтастырып, жинақтап оку программасына сәйкестендіріп бастауыш мектеп оқу тәрбие жұмысында математика пән бойынша кеңінен пайдалануға болады. Әрине сабақта ол ойындардың бәрін бірдей өзгертпей түп негізі бойынша жүргізу мүмкін емес. Оларды материалдық мазмұнына процесіне де әсер етеді, оқушылардың тапқырлығын ой - өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойғы салт-дәстүрін, ата-мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады. Қазақ халқының ауыздан-ауызға тараған есептерінің арасында ұлттық иден өтіп, басқа халық даналығымен астарласып жатады.
Мұғалім әр сабақта ұлттық ойын турлерін қолдану арқылы, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндерде білімге ынта-ықыласын калыптастыруды көздейді.
Ойындарда ежелгі заман көріністерінің молынан сақталу себебі олар халқымыздың ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кәсібіне тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы болады. Ойындар арқылы балалардың тәні де жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған. Көпшілік ортасында өзін-өзі үстаудың, қысылғанда жөн табудың, қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар болған десек асыра айтқандық емес.
Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын отырып та козғалып жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Олардың арасынан түрлі затарды пайдалану арқылы және сөзбен ойналатын ойындар көбінесе қимыл қозгалыстармен байланысты өрбиді. Ондай затгар айнала қоршаған ортада және тұрмыс тіршілікте кездесетін тас, агаш, балшық, құм, шыбық, сүйек, сүлгі, орамал, бөрік, бе:ібеу, жіп, ияе, т. б. болып келеді.
Ойындардың енді бір тобында негізгі қызметті сөз атқарады. Мұндай ұлттық ойындарды балалар көбінесе бір жерде отырып ойнайды. Сөзге негізделген ұлттық ойындардың басты мақсатын балаларға дұрыс сөйлеуді, түрлі құбылыстарды, іс-әрекеттерді түсінікті, жатық етіп сипаттауды үйрету, сөйлегенде шешен, тапқыр болуға тәрбиелеу. Осындай ойындардың ішінде әсіресе жан-жануарлардың даусын, төлдердің даусын дұрыс айтуға дағдыландыратын. «Қалай айтуды білемін», түрлі сөйлем айтуға төселеді. Егер айтылған сөзді есте сақтауға машықтандыратын ойындарының тіл ұстартудағы маңызы зор.
Математика сабағында ұлттық ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып, ерік жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабактан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.
Қазақтың ұлттық ойындары тек денені емес ойды жаттықтырушы болып табылады. Ойын бала табиғаты мен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады.
Ұлттық ойындарды пайдалану арқылы мұғалім балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің нығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау қызметтерінің ішінде айрықша орын алатыны шаруашылыққа, еңбек-кәсіпке баулу қазақ өмірінің негізігі күн көру кәсібі төрт түлік малға байланысты болғандықтан, олардың бейнесі ойындардан да мықтап орын алған. Ойында койшы, қой, қасқыр, ит («Акбұлақ», «Қасбұлақ»), түйе, бота («Ақбайлақ», «Түйе-түйе») сиыр, бүзау («Көксиыр») теке («Соқыр теке») рольдеріне еніп, олардың арасындағы қарым - қатынастарды көрсету. Таза көшпелі тіршіліктен туған, көшпелі тұрмыс - тіршіліктің негізінде пайда болған, мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласында кең тараған. Түлі-түсті боямен боялған асықтармен қорғасын құйып арнайы даярланған, сақамен сан түрлі ойындар ойналған. Кейінгі жылдары олардың көбі ұмыт болса, енді біразы
жаңаша тәртіппен ойналуда.
Математика сабақтарында тиімді пайдаланатын ойындар, сергітулер, логикалық есептер. «Қазақтың байырғы есептері» деген кітаптан көптеген логикалық есептерді, ойындарды пайдалануға болады.
Сондықтан да оқыту ісінде жаңашыл ұстаздардың тиімді әдіс-тәсілдерін жиі қолданып, өз тәжірибесін молайту әрбір ұстаздың міндеті.
Мысалы, «Бәйге» ойынын пайдаланғанда мұғалім ұлттық жарыс түрі, оның тәртібі жайында қысқаша әңгімелеу арқылы ұлт мәдениетін қастерлеу сезіміне тәрбиеленеді. Ұлттық ойындарды математика сабағында пайдалануға сәйкестендіре өндеп, дидактикалық ойындар ретінде пайдалануға болады. Ол үшін ұлттық ойындарын мазмұнына математикалық тұрпат беру керек, сонда ойын - сипаты бойынша ұлттық, мазмұны бойынша математикалық болады, яғни ондай ойындар дидактикалық ойындар болады.
Халық аузындағы есептер әр тұста туғандықтан, олар өз заманының жүгін көтереді, тілін пайдаланады. Сондықтан көне сөз, атаулармен таныстыру, оның мағынасын ашу, елдігіміздің бір көрінісі, тарихи дамуымыздың сынығы. Есептің тарихын айту да, оның кейіпкерлерімен таныстыру да, ел мен жер атына көңіл бөлу де есептің алдына қойған мақсатын түсінуге, оны есте қалдыруға көмектеседі. Тарихи шындықты білуге құштар етеді. Халық қазынасын сақтауға тәрбиелейді.
Ұлттық мазмұнды есептердің практикалық өмірден туғаны, есепте бейнеленген жағдайдың өмірде кездесуі, алған білімінің күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері оқушылардың танымдық кызығушылығын арттыруға себепші болады. Ұлттық мазмұнды есептердің көпшілігінде сұрақтар қалыптан тыс қойылган. Мысалы «Кім бұрын?», «Жете ме?», «Қалай болуы мүмкін?» т. с. с. Осындай сұрақтар мен есептерді оқушыларға қызықты етеді, өйткені мұнда тек арифметикалық амалдар орныдау ғана емес, қарапайым дәлелдеу жүргізу де ұйғарылады. Соның ішінде логикалық материалдарға сәйкес ұйымдастырылатын ұлттық ойын түрлерінің материалдарын жинақтап олардың негізгі түрін жан-жақты зерттеп өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөлу. Ойындарды еріккеннің ермегінен туа салған дерексіз қиялдау көрінісі деп ұғыну үлкен қателік. оның астарында әлеуметтік терең мән жатыр. Байыппен қарасаң, кез-келген ойыннан халық өмірінін тікелей де, шартты да жинақталған көшірмесін көреміз. Олардың ішінде әлеуметтік жағдайға «Орныңды тап», «Қамалды қорғау», «Белбеу тастау», «Көрші-көрші», еңбек-кәсіп шаруашылыққа «Қалай айтуды білемін», «Сен тұр, сен шық» наным сенімге аңшылыққа байланысты пайда болған ойындарды ажырату қиын емес. Ойындардың енді біреулері қөшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарынан жаугершілік дәуірдің бітімін, рулық қауымның жол жоралғысын өзінше қайталайды. Олардың қатарына «Теңге ілу», «Қыз қуу», «Жігіт қуу», «Итеріспек» сияқты іс әрекет ойындарын жатқызуға болады. Ойындардың осындай және оларды қалыптастыру тиянақтау, бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ұлттық мазмұнды есептер мазмұны көбінесе қазақ халқының тұрмысының жағдайымен мал жэне егін шаруашылығы, аң аулау кәсіпшілік істерімен байланысты. Ол жағдай оқушылардың ой өрісін кеңейтеді, халық еңбегімен таныстырады, оқудың өмірмен, практикамен байланысын көрсетеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жануарлар мен өсімдік әлеміндегі фактілер мен мәліметтер қызықтырады.
Алдымен сабаққа лайықты түрі мен қолдану мөлшерін анықтау керектігін ұйымдастырған жөн.
Ұлттық ойын ырғағын сақтау мүғалімнің шеберлігін танытады. Ойын тым тез қарқынмен жүрсе, оған көпшілік балалар ілесе алмайды, сөз бен істі түсінбейді, ал ойын жәй сылбыр болса онда оған деген ынта- ықылас төмендейді.
Көптеген педагог ғалымдар Шанцский, Сухоминский, Менчинская, Выгытский өз ой- пікірлерінде баланың мектепке дейінгі өмірі мен мектептегі алғашқы жылдарындағы өмірінің арасындағы айырмашылық бірте-бірте жүзеге асқан жөн деп есептейді. Сондықтан мектепте бастауыш сыныпта кез-келген пәнді оқыту барысында ойынды пайдаланбау мүмкін емес. Бастауыш сынып математикасында үлттық ойындар мынадай шарттарға қанағаттандыруы тиіс. Ойын шарттары:
1. Ұлттық ойын сабақ тақырыбына, мақсатына сәйкес болуы тиіс.
2. Ұлттық ойын мақсаты балаларды ұйымшылдыққа, сабырлылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеуі тиіс.
3. Ұлттық ойын сабақтың мақсатын іске асыруға оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
4. Ұлттық ойын балалардың логикалық қабілеттерін жетілдіретіндей немесе соған әсер ететіндей болуы тиіс. Ұлттық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндет атқарады. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталмаған математикалық білім білік және дағдылар жайында түсінік беру бағдарламаның талабына карай өзгертулер енгізе отырып, ыңғайлап орынды пайдалану - ұстаз шеберлігіне, ізденісіне байланысты.
Халықтык педагогиканың қайнар көзі - ата-бабаның тәрбиелік мұрасы.
Ұлттық ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Ұлттық ойынды үйымдастырудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылды. Мәселен ұлттық ойын жарыс түрінде ұйымдастру, аралық және ақтық нәтижелерді көрсету үшін карточкалар салынған цифрлармен таңбаларды пайдалануға болады. Ойындарға ұлттық сипат берілсе немесе белгілі үлттық-ойындарға пәнді оқытудың мазмұны сәйкестендірілсе және олар оқыту барысында қолданылса әңгіме ұлттық ойындар жайында болуы тиіс. Олай болса сабақта қолданылатын ойындардың барлығы максаты, міндеті және мазмұны тұрғысынан алғанда ойындар болады да, ал олардың атауларының әр алуан түрде, соның ішінде ұлттық ойындар түрінде кездесуі мүмкін. Қалай болғанда да ойын элеметтері оқыту әдістерінің құрамды бөлігіне айналуы қажет. Сонда ғана ойын процесі мен оқу процесі бір-бірінен ажырамайды. Бала ойын іс-әрекеті үстінде кандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға араласып кеткенін өзі аңғармай қалуы керек. Сонда ғана ұлттық ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік пен дағдының қалыптасуына толық ықпал жасайды. Демек ойынды ұйымдастыру қандай да бір мақсатпен міндетке бағындырылады.
Қазақ халқының тарихи көне ғасырларының эпостары мен лироэпостарының қай - қайсысын алып қарасақ та олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Манашұлы Тұяқбай жырында
«Балаларым ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды», - деп түйіндейді.
Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік -экономикалык жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып арнайы материалдың әзірліксіз айнала психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.
Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.
1 - сынып математика сабағында ойынды қолданудың жүзеге асыру жолдары.
Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата бабаларының психологиялык, болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап жете білулерін, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп, «мәңгүрттік» атаулыға тосқауыл қоюларына септігін тигізбек.
Бастауыш сынып математикасында ұлттық ойындар мынандай шарттарды қанағаттандыруы тиіс. Ұлттық ойын шарттары:
1. ұлттық ойын сабақ тақырыбына, мақсатына сәйкес болуы тиіс.
2. ұлттық ойын мақсаты балаларды ұйымшылдыққа, сабырлылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеуі тиіс.
3. ұлттық ойын'балалардың логикалық қабілеттерін жетілдіретіндей немесе оған әсер ететіндей болуы тиіс.
- ұлттық ойын сабақтың мақсатын іске асыруға оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптатыруға көмектесуі тиіс.
Ұлттық ойындар ата - бабамыздан бізге жеткен өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың әсіресе, жас жеткіншектерге заманымызға сай білім беруге, тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz