География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . .
:
Мазмұны:

1 География сабақтарында инновациялық технологияларды

пайдаланудың ғылыми негіздері

:
Мазмұны:
  1. География сабақтарында инновациялық технологияларды

пайдаланудың тиімділігі . . .

:
Мазмұны: 1. 2 Модульдік оқыту технологиясын пайдалану жолдары . . .
:
Мазмұны:
  1. Материктер мен мұхиттар географиясын оқытуда модульдік

технологиясын пайдалану әдістемесі

:
Мазмұны:
  1. Материктер мен мұхиттар географиясы курсындағы сабақты

өткізудің әдіс-тәсілдері мен сабақ түрлері . . .

:
Мазмұны:
  1. Материктер мен мұхиттар географиясы курсын оқытуда модульдік технологияны пайдалану жолдары . . .
:
Мазмұны: Қорытынды . . .
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары білім жүйесіне енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар мен оқыту болашақ маман даярлаудың халықаралық стандарттары талабының бірі болып табылады. География сабағында білім берудегі инновациялық технологиялардың басты ерекшелігі білім алушылардың білім деңгейі мен сабаққа ынта-жігерін және ой-өрісін арттыру.

Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларына ғана қолдау көрсетіп, іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әр түрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды: ақыл - ой қалыптығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарынды балалардың қабілетті дамуына зиян келтірген болар едік.

Егеменді Қазақстан Республикасының ағарту саласындағы бағдары білім беру мекемелеріндегі прогрессивті үрдістерге, реформаға нақты алғы шарт болуда. Осыған орай ағарту саласында да жаңа сипаттағы білім беру мекемелерінің ашылуы, білім беру мазмұнының жаңартылып жасалынуы, жаңа педагогикалық технологиялардың қарқынды дамуы мен қолданылуы, дүниежүзілік білім беру тәжірибелері мен тенденцияларының ескерілуі сияқты инновациялық іс - әрекеттер өзекті болып табылады. Сондықтан да дәстүрлі оқу үрдісін ізгілендіру, инновациялық іс - әрекеттер, жаңарту бүгінгі күннің талабы.

Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдимасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект - субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектелендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Бүгінгі таңда П. Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модельдік оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модельді оқыту техноло гиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспольконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж. А. Қараев, Ә. Жүнісбек, Ш. Т. Таубаева, Қ. Қ. Қабдықайыров, С. Н. Лактионова, М. М. Жанпейсова және Қ. М. Нағымжановалардың және т. б. ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолданылуда [2] .

Әлемнің әртүрлі елдерінде (АҚШ-та, Ұлыбританияда, Бельгияда, Ресейде және т. б. ) жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. М. Поташниктің пікірінше, бұл бір жағдайларда - технолог ғалымдар жасаған “индустриалдық” нұсқасы, оның мәні бекітілген ережелер мен тәсілдерді қатаң сақтау болып табылады, ал басқа жағдайларда құрылымның “жұмсақ” нұсқасы, ол өзгерістер мен түзетулерді қажеттілікке қарай енгізуді ұғынады.

Географияға байланысты арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар: Ә. С. Бейсенова, Ә. Б. Бірмағамбетов, М. Белгібаев, М. Ж. Жандаев, М. Ж. Жапбасбаев, Г. М. Жаналиева, М. И. Иманкулов, Қ. Карпеков, А. Медеуов [4, 5, 6, 7, 8] . Солардың еңбектерінің негізінде мектеп географиясының талабына сай әр түрлі ғылыми еңбектер, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, бағдарламалар жазылды.

Зерттеудің нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептегі Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы сабақтарында модульдік оқыту технологиясынан пайдаланудың оқу үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Модульдік оқытудағы мақсат оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету. Осы теориялық білімдерді практикамен ұштастырса, онда оқушылардың өз беттерінше ойлауға, болжай білуге, тұжырым жасауға қабілеттері дамиды.

Зерттеудің мақсаты: Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың маңызды түрлеріне талдау жасап, оларды қолдану арқылы негізгі бағыттарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

1. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың теориялық педагогикалық негіздерін айқындау.

2. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың жолдарына талдау жасап анықтау.

3. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

  • тақырыпқа байланысты бұрын - соңды шыққан жаратылыстану, педагогикалық, әдістемелік және ғылыми - теориялық еңбектермен танысып, талдау жасау;
  • библиография түзу;
  • озат мектептердің іс - тәжірибелерін жинақтап, талдау жасау;
  • тәжірибе жүргізу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда модульдік оқыту технологиясы пайдалану жолдары негізделген.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс - тәсілдері, үлгі - жоспарлары анықталады және ол үлгі - жоспарларды география пәні мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануларына болады.

.

1 География сабақтарында инновациялық технологияларды

пайдаланудың ғылыми негіздері

  1. География сабақтарында инновациялық технологияларды

пайдаланудың тиімділігі

Қазақстанда қазір білім берудің ұлттық модулін орнату жүріп жатыр. Бұл процесс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүріп жатыр(парадигма грек тілінен «мысал, үлгі») . Теориялар мен әдістемелердің негізгі жетістіктерінің жүйесі үлгіге алына отырып білім және пән бойынша зерттеу практикасы ұйымдастырылуда. Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде “инновациялық”, “жаңалық тану” үрдісін іске асыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын ролі зор. Қазіргі мектептердегі географияны оқыту әдістемесіне талдау жасайтын болсақ, дәстүрлі оқу жүйесінің басымдылығы байқалады. Бұл дәстүрлі оқыту жүйесінің жеткіліксіз жағы мұғалімнің авторитарлық ролінің басымдылығы, яғни мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді, келесі сабақта оны оқушы қаншалықты меңгергенін тексерумен ғана шектеледі. Бұл жерде оқушы объект ретінде қалып қояды, оқушының өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өздігінен дамуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мектепте географиядан білім беруді жетілдіру, яғни оқыту мақсатына сәйкес күтілетін нәтижені жоспарлау қажетті туындап отыр. Осыған орай болашақта географиядан білім саласын қамтамасыз ету үшін оқу нәтижелерін анықтау, оқу процесін ұйымдастыру, оқушының компоненттілігі/біліктілігі/ алдыңғы орынға шығу керек. Географиядан білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін анықтаудың бұл жолы баланы оқу материалдарын дайын күйінде алуға емес, өз бетімен ізденуге, өзіне қажетті білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырады. Соның ішінде географияда кеңінен қолданылатын салыстырмалы тәсіл оқушылардың өзіндік жұмысын орындауға, әрі танымдылығын арттыруға, критикалық талдау жасауға мүмкіндік жасайды.

Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде «инновациялық», «жаңалық тану» үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақтың білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзгерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады / 1 /.

«Технология» термині шетел әдістемесінен алынған. «Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі» . Оқыту технологиясы-оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады.

Технологияның екі түсінігі бар:

а) тиімді оқыту әдістемесін жасауды білдіретін оқыту технологиясы; б) оқыту барысында технологияны пайдалану. Соңғы оқыту технологиясы технологиялық құралдарды оқыту үрдісінде пайдалану деп түсіну керек. (ЭВМ, компьютер бағдарламалары, оның ішінде географиялық жаңа мультимедиялық оқулықтары және т. б) . Бірақ екі жағдайда технологияны қолдану дидактикалық есептерді шығару кезінде оқушыларға әсер ету тәсіледерін жетілдіруге бағытталған. / 2 /.

Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі -оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогикалық технологиялар болып табылады. Педагогикалық технология -практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз-белгілі бір қабілеті бар дара тұлға қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.

Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы-сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасының өзгеруімен байланысты. Сабақтың басты мақсаты- ұстаз оқушыларға білім беру керек болатын, ал мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулу болады. Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым -қатынастағы өзгеріс оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ бікелкі, күнделікті жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әртүрлі формаларын қамту керек, сондықтан сабақты саяхат -сабақ, диспут-сабақ, конференция -сабақ түрлерінде өткізуге болады /3/.

Көптеген география оқулықтарына енгізілген, журнал беттерінде жарық көрген оқытушылардың жұмыс тәжірибесінен және мақалаларда жарияланған технологияларының бірі оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы. Бұл технологияда оқу әрекеті оқушылардың дәрістегі белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қаарстырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу көмегімен білім алуға бағытталған. Егер қалыптасқан әдістеме мұғалімге не істеу керек екенін жазса, оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы оқушы оқу тапсырмаларын қалай шешу керек екендігі түсіндіреді. Сабақ алдында сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен диагностикалық тексеру жүргізіледі. Оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы, оқу тапсырмаларының жүйесін мұғалім қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын ұйымдастыру жобаларын жасайды және тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т. б. ) алуға болады. Бұл технологияны қолдану В. П. Сухов, В. Я. Ромм және В. П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.

Дифференциалдық оқыту технологиясы да география әдістемесінде жақсы белігілі. Оны қолдану кезінде сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктері ескеріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың оқуға жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық деңгейі ескеріледі. Тапсырманы орындау мазмұны, көлемі, күрделілігі, әдісі мен тәсілдері бойынша және оқыту нәтижелерін диагностикалау үшін әртүрлі деңгейлестірген бағдарламалар жасалған.

Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологиясын қолданудың едәуір тәжірибесі жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту технологияларының бірі- оқу жұмысы әрекеттерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы әрекеттерін қалыптастыру технологиясында ережелер, үлгілер, алгоритмдер және географиялық объектілердің жазбалары мен сипаттамаларының жоспары келтіріледі. Бұл технология бірқатар география оқулықтарында, әдістемелік нұсқауларда жеткілікті түрде орын алған және көптеген география мұғалімдері жұмысында жақсы игерілген.

Георафияны оқыту процесінде бұрыннан бері Шаталовтың - тірек сигналдары технологиясы ( логикалық тірек конспектілері-ЛОК) жеткілікті түрде қолданылып келе жатыр. Географияны оқытудағы логикалық байланыстар схемасының ролі туралы Н. Н. Баранский былай деп жазған ! «Схемалар басты және негізгіні айыруға үйретеді, логикалық байланыстарды іздеуге, анықтауға және сабақты игеруге оқушыларға әдеуір көмек береді» /4/. Жасалынған тірек конспектілер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, және оқу жұмысы нәтижелерін өз бетімен бақылауды іске асыруда тіреу болады/5/. Байланыс схемаларын мұғалімдер үнемі пайдалануда. Практикада мұғалімдер бұл технологияны жақсы меңгерген. Бұл технологияға байланысты бірқатар мақалалар мен кітаптар жарық көрді.

Көптеген география мәселелері теория сабақтарда деңгейлеп, саралап оқу әдістемесін пайдаланады. Теория сабақтарында деңгейлік, саралау әдісін қолдану әр оқушының жеке қабілеті бойынша жұмыс істеп, ойлау өрістерін дербес таныта алады. Мұнда оқушының өздігінен жаңа тақырыпты игеруіне қолайлы және қызықты тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды таңдау әр оқушының өз еркіне қалдырылады. Өйткені әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті. Деңгейлік тапсырманың ерекшелігі сонда, қиын деңгейді таңдағандарға уақыт аз бөлініп, сұраққа тікелей жауап беру талап етіледі. Оқушыға жауап тыңдауға ерік беру оның жігерін көтеруге, өзіне деген сенімінің молаюына алып келеді.

География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті технологиясы кеңінен тараған. Географиялық ойындар еркін шығармашылық іс-әрекет ретінде оқушының ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын молайтып өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыратын, ойлау қабілетін дамытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелейді және тапқырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойын үстінде оқушы іскерлік пен түрлі дағдыны меңгеріп, бекітуге қорытынды жасауға үйренеді.

Модульдік технология географияны оқытуда да кеңінен қолданылуда. Модуль деп-оқыту материалының мазмұны мен оны оқушылардың игеру технологиясын біріктіретін ерекше функциялық түйінді атайды. Кеңінен қолдау тапқан озық технологиялардың бірі М. М. Жанпейісованың «Оқытудың модульдік технологиясы»/6/.

Модульдік оқыту технологиясын мынандай сапалық белгілер ерекшелейді:

Икемділік /Оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделуі/;

Оқытудың түрі мен іс-әрекетінің тәсілдері;

Жекелеген тақырыптардың ішіндегі модульдердің өзара байланыстылығы;

Модульдік сабақтарда оқу процесінің әртүрлі кезеңінде өткізу мүмкіндігі;

Мүғалім мен оқушының қарым-қатынасының формасының өзгеруі

Ақпараттық жарылыс көптеген пролемаларды тудырады, оның ең маңыздысы білім беру мәселесі. Білім беруді автоматизациялау ерекше қызығушылық туғызады, өйткені «қолды әдістер» техникалық құралдарды қолданбай өз мүмкіндіктерін аша алмайды. Білім беруді автоматизациялаудың аса тиімді жолы (ЭВМ) ЭЕМ -н қолдану, яғни оқушыларды оқыту мен олардың білімін бақылап тексерудің нәтижелерін өңдеуде машина уақытын қолдану болып табылады. Компьютерді барынша қолдану әдістемелік құралдарды жасауда жеңілдіктер туғызады. Сонымен қатар «электронды оқулықтар» мен әдістемелік құралдарды компьютерде көрсетудің көптеген маңызды артықшылықтары бар.

Геоақпаратты жүйе географияда тұтас саланы - географияда ақпаратты жүйелерді қолдану туралы ғылыми- геоинформатиканы бөліп қарастырады. Геоақпараттық технологияның негізгі өнімі әртүрлі объектідегі сандық атлас карталарын өңдеу жолымен қажетті ақпараттарды генерализациялау болып табылады.

Жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушытің білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмегі зор. Қазіргі кездегі жаңа технологиялың тиімділігі 1- суретте көрсетілген.

1 - сурет. Қазіргі кездегі жаңа технологиялың тиімділігі

Мектеп мұғалімдерінің инновациялық білім беру технологияларын дұрыс таңдап алуы және оны тиімді пайдалануы оқытудың сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Жалпы география пәндеріндегі инновациялық, іс - әрекеттер педогогикалық білім берудегі инноватикалық білімнің дамуына байланысты. Соңғы он жылдықта «инновация» ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңаруының айғағына айналды. Инновациялар бірнеше мәселелер тоғысында пайда болады және одан ауытқымай жаңа мәселелерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына мүмкіндік береді.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс-жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Практикаға барған уақытта мұғалімдердің инновациялық технологияларды қолдануға ұмтылғаны байқалды. Инновациялық технологиялардың түрлері өте көп. Мысалы:

1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы:

● ынтымақтастық педагогикасы;

● ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы;

● адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі

(Е. Н. Ильин. ) .

2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:

● ойын-сабақ технологиясы;

● проблемалық оқыту;

● модульдік оқыту технологиясы;

● Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;

● Е. И. Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.

3. Оқушы процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:

● бағдарламалап (программалап оқыту) ;

● дифференциалдап оқыту;

● даралап оқыту;

● ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;

● компьютерлік технология.

4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:

● ірілендірілген дидактикалық бірліктер;

● мәдениет диалогы;

● «экология және дидактика» жүйесі;

● ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы.

5. Табиғаттәнділік, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:

● «Сауаттылыққа тәрбиелеу» Кушнир технологиясы;

● М. Монтессори технологиясы.

6. Альтернативті оқыту технологиясы:

●Вальдорф педагогикасы;

● Еркін еңбек технологиясы;

● Кешенді политехнологиялар;

● «Школа самоопределения»;

● «Школа для всех»;

● «Школа парк».

География мамандарын даярлауда инновациялық білім беру - оқу және әлеуметтік тәрбиелік іс - әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке маманның және жалпы қоғам іс - әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады. Географияны оқытуда инновацияны енгізу мен таратудың көпшілігі оны дамытушы болып табылатын маманға байланысты.

География пәндері біркелкі бағдарлама мен біртектес әдістемемен, біркелкі оқу жоспарымен жұмыс істейді. Сондықтан кейінгі жылдары география ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұғымдардың бірі инновация болып табылады. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс - тәсілдерді оқу орындары өміріне кеңінен енгізу оқушылардың саналы да, сапалы білім алуының бірден - бір шарты болып табылады.

География сабақтарындағы инновациялық технологиялар қазіргі заманға сай сабақ құрылымын жаңаша құрудың жолдарын іздестіреді. Ол үшін сабақты жаңаша құрудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып, оның жаңаша әдіс - тәсілдерін үйрену және қайта құрудың негізгі жолдарын талдап зерттеу керек. Ең тиімдісі сабақты жаңаша қайта құрудың жолын анықтау қажет.

Оқытудың стратегиясы дегеніміз - сол пәннің мақсатын ашу, оны оқушыларға жеткізу үшін ең жоғарғы ғылыми жетістіктермен жасалған іс жоспар.

Оқытудың тактикасы дегеніміз - стратегиялық ғылыми жоспарды өте жоғары әдіс - тәсіл арқылы оқушыларға түсіндіре білу. Жаңа педогогикалық технология бұл әрбір сабақта пайдаланылатын өте қажетті және сол тараумен тақырыпты оқушыларға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі.

Қазіргі кезде білім беру үдерісінде бірнеше жаңа педогогикалық технологиялар қолданылады. Ғылымға мықтап енген “педагогикалық технология” ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
GPS навигациялық жүйелерді қолдану
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Оқушыларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Мемлекет тарихы институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz