Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
І. 1. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы . . . 8
І. 2. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тапсырмалары . . . 20
І. 3. Деңгейлеп-саралап оқытудың ерекшеліктері . . . 36
2. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын оқытуда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану әдістемесі (7-шы сынып)
2. 1. Евразия материгін оқытуда деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын қолдану әдістері . . . 44
2. 2. Оңтүстік Америка материгін оқытуда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану әдістері . . . 50
2. 3. Тәжірибелік - эксперименттік жұмысының нәтижесі . . . 52
Қорытынды… . . . . . . …. … . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58
Кіріспе
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі [2, 3б. ; 3. 30-35б. ] .
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу прцесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған [4, 45-47 б. ; 5, 20-26 б. ; 6, 92 б. ; 7, 64 б. ; 8, 23 б. ; 9, 176 б. ; 10, 6-9б. ] .
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі ел басы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметтің, Білім және Ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешенін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған ҚР «Білім туралы» Заңында, 30 қыркүйек 2000 жылғы «Білім» мемлекететтік бағдараламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді [11, 3б. ] .
Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет [12, 4 б. ; 13, 81-91 б. ; 14, 4б. ] .
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технология - мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлекция негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйенің мынадай құрылымы бар: Олар:
1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу;
2) оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу; 3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын дұрыс қолдануын қадағалау;
4) тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту;
5) оқушыларға жоғары деңгейде сапалы білім беру.
Педагогикалық технологияға - В. П. Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе» - деген анықтама берген. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсаты бір - бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады [15, 192б. ] .
Бүгінгі таңда П. Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В. П. Беспалько, В. М. Монаховтың және т. б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған.
Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионованың, М. М. Жанпейсованың, Қ. М. Нағымжанованың және т. б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылуда [16, 174 б. ] .
Зерттеу нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнінен деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалану кезінде жүргізілетін жұмыстары.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы географиялық, экологиялық, экономикалық білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеу міндеттері:
1. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық деңгейдегі зерттелуі мен практикадағы күйін айқындау.
2. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнінен деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының жұмыстың түрлерін нақтылап, оған қажет тапсырмалар мен сұрақтарды анықтау.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа сай дидактикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына талдау.
Зерттеудің теориялық маңызы: Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнінен ұйымдастырылатын деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстардың ғылыми - әдістемелік жүйесі негізделген.
Зерттеудің практикалық маңызы: Беріліп отырған деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әдістемелік нұсқаулар жасалыну керек.
Зерттеу кезеңдерi:
Бiрiншi кезең (2011 жылы) оқушылардың деңгейлеп- саралап оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстың ғылыми-теориялық негiзi қарастырылды. Зерттеу проблемасына байланысты психологиялық, педагогикалық және әдiстемелiк әдебиеттер оқылды.
Екiншi кезең (2012 жылы) Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнінен сапасын арттыруға қойылатын талаптың орындалуын қамтамасыз ететiндей оқушылар орындайтын өз бетiнше орындайтын жұмыстың түрлерi мен ұйымдастыру жолдарын қамтитын тәжiрибелiк-эксперименттi мектеп өмiрiнде байқаудан өткiзiп көру iске асырылды. Жалпы жұмыс нәтижелерiн реттеу, талдау, анықтау және бiр жүйеге келтiру жұмыстары жүргiзiлдi.
Зерттеу жұмысының негiзгi базасы: Тараз қаласы №48 орта мектеп.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Деңгейлеп-саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, оның ашық демократиялық қоғам нарықтық экономикаға өтуі кезеңіндегі ұлттық мәдени бастаулары білім беруді жүйелі реформалауда кезек күттірмейтін мәселеге айналдыруда.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп атап өткен еді: «Біз жаңа технологияларды енгізу мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға бағытталған бірыңғай мемлекеттік стратегия жүргізетін боламыз». Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруіне байланысты жоғары білім беру орындарына қойылып отырған заман талабы - болашақта шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді 2010-2015 жылдарға дейін дамытудың бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарында кредиттік оқу жүйесіне көшуге байланысты жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі кезде барлық оқытушылар оқу үрдісінде географияны оқытуда жаңа технологияларды қолдануда.
Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күш тек білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін мұғалім өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді. Қазіргі таңда әлемдік оқу процесінің өзегі жаңа технологиялар мектеп практикасына енгізілген.
Педагогикалық технология мен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.
Облыс мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс бар екендігі байқалады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру сапасындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру оларды жүзеге асыратын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты оған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі заманға мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің яғы әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынған ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілеті және нақты тәжірбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға қабілітті, икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір суру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзі қоғамдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны ендіру сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті дамыған елдердің көрсетіп отырған білім деңгейлерінен көруге болады. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеруді міндеттейміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстарды атқаруы тиіс:
1) болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
2) жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми әдістемелік базасын жасау, білім беру жүйесін жақсарту;
3) дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
4) білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесін дамыта оқыту жүйесіне көшу.
Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кешіліктер баршылық:
- білім сапасының төмендігі;
- білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқытудың нәтижесі болмауы;
- директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
- оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуіне жол ашу.
Яғни осындай келеңсіздіктер КСРО-ның оқу жүйесінің тиімсіз болғандығын, аса күшті нәтиже бермегендігін көрсетеді. Сол үшін біз қазіргі кезде оқыту үрдісінде жаңа заманға сай оқытудың жаңа педагогикалық әдістерін қолданамыз.
Бұл жаңа әдістер оқушылардың оқу барысында олардың оқуға, білімге, білімділікке, ізденімпаздыққа ынтасын ашады. Жаңа бағыт береді, жалығу мен жалқаулыққа, бейғамдыққа ұрынуына аса жол бермейді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі [17, 118 б. ] .
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойына ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады .
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті [18, 7 б. ] .
Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық бірлігіне, оқу-тәрбие үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ [19, 71-91] .
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кей ғалымдар оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в обьязательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
«Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінеген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең таралса, ал Аравия, Жапония мемлекеттерде «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай қөзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.
«Ғылымның қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ басында бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «иновация» термині еш жерде аталмайды.
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы: инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американыдқтар мен европалық көлемді зерттелер иесі Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
Инновация термині қазірде білім білім берудің теория- практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтсақ Н. Р. Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «Инновация - білім беру жүйедегі жаңартудың үрдісі» - деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол инновациялық үрдіс дегеніміз - жаңалықтарды жасау, оны педагог ғалымдардың оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы деп түсіндіреді. Автордың пікірі бойынша, педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеяларды енгізуге болады: біріншіден, жаңалықты жасау классификациясы, «жаңалық критерийлері», екіншіден, оларды қабылдау проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы, үшіншіден, жаңаны білім беру жүйесінде қолдану. Яғни, инновациялық үрдіс дегеніміз педагогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми негізде қолдану [20, 6-7 б. ] .
Инновацияның жіктелуі негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.
Сонымен, мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде мұғалім субъект динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл-мұғалім арасында қарама-қайшылық туындайды.
Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгеріспен тығыз байланысты. Инновация көлемдігі оның жүйелілігі мен жіктелуін тудырады. Ғылыми жолда бұл мәселе толық анықталмаған. Осындай мәседелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі О. Т. Хонерин. Ол инновацияны төмендегідей түрлерге жіктейді:
- модификациялы, яғни педагог қауымның идеяларынан туындаған. И. В. Волков, Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Г. Шаталов жаңашыл педагогтар;
- комбинаторлы;
- радикалды, инновациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық - технология қолданылып жүргендігі мәлім. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М. М. Поташник ұсынған өлшемдерін көрсетеуге болады. Олар:
- елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі - мектепке әлеуметтік сұраныс;
- мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар;
- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- педагогикалық озат тәжірибе;
- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында:
- алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
- жүйелілігі;
- тиімділігі т. б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен - мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына төмендегілер кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
- оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
- оқу материалдарының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
- оқу -үрдісінің диагностикасы.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар:
- әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- білім беруді ізгілендіру технологиясы;
- проблемалы оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы,
- деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
- міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері:
- мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім, оқушы - оқушы.
Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz