Материктердің физикалық географиясы



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Материктердің физикалық географиясы
Жоспары:
1. Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі.
2. Кеңістік дифференциациясы
3. Физикалық географияның басқа ғылымдармен байланысы
4. Физ-географиялық аудандастыру
Материктердің физикалық географиясы курсы география факультеттерінде
оқылатын физикалық географиялық циклі пәндері жүйесіндегі маңызды буын
болып табылады.
Физикалық географияның зерттеу обьектісі-географиялық
қабық(эпигеосфера), ол өзара әрекеттес жер қыртысынан, атмосфераның
төменгі қабаттарынан, мұхит пен материк суларынан, топырақтан,
өсімдіктерден, жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың жеке құрама
бөліктерін, немесе компоненттерін зерттеумен шұғылданатын физикалық
географияға жақын және онымен тығыз байланысты ғылымдар-геология,
климатология, гидрология, топырақтану, биогеография. Географиялық қабық
біртұтас жүйе ретінде. Оның құрылысы, дамуы және оған тән қасиеттер мен
негізгі заңдылықтар, физикалық географияның жалпы жертану деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Географиялық қабықты талдау, оның біртұтас екендігін
және онда болып жатқан процестермен оны құрастыратын компоненттердің өзара
тығыз байланысты және өзара тәуелді екенін көрсетеді. Бірақ географиялық
қабыққа бұл біртұтастылықпен қатар, кеңістік дифференциация деп аталатын,
кеңістіктегі әр тектілік, бір жерден екінші жерге өзгермелік тән болады.
Кеңістік дифференциация-бұл географиялық қабықтың оны құрайтын
компоненттер мен онда өтіп жатқан процестердің қарама-қарсы әрекеттесуінің
әсерінің даму нәтижесі. Географиялық қабық кеңістік дифференциация
салдарынан сыртқы пішіні мен ішкі ерекшеліктеріне қарай өзгешеленетін
салыстырмалы біртекті учаскелердің күрделі жүйесіне бөлінеді. Мұндай
учаскелер табиғат комплекстері – геокомплекстер, геосистемалар, ландшафтар
деп аталады. Географиялық қабықытың едәуір учаскелерін қамтитын және ұсақ
масштабты карталарға ғана сиятын күрделі ірі геокомплекстердің ішінен ірі
масштабты зерттеулерді талап ететін онан кішірек және элементарлық
учаскелер бөлінеді.
Анықтау, картаға түсіру және кеңістіктік дифференциация бөліктерін
сипаттау процесі – физикалық – географиялық аудандастыру деп аталады, ал
физикалық-географиялық аудандастырумен және географиялық қабықтың нақтылы
учаскесін зерттеумен шұғылданатын физикалық географияның тарауы – региондық
физикалық география.
Жалпы жертану және региондық физикалық география өзара тығыз
байланысты, өйткені зерттеу тақырыбы бір – эпигеосфера (географиялық
қабық). Бірақ біріншісі эпигеосфераны оның біртұтастық жалпылық жағынан,
екіншісі- ішкі айырмашылық және региондық ерекшеліктер жағынан
қарастырады. Сонымен бірге географиялық қабықтың ішкі айырмашылықтары
(кеңістік дифференциация) кездейсоқ емес, бүкіл географиялық қабықтың
біртұтас болмысы мен дамуын басқаратын жалпы заңдылықтардың көрінісі
екендігін ескеру қажет. Сондықтан региондық физикалық география қабықтың
жалпы қасиеттері мен заңдылықтарының нақтылы территориялардағы көрінісін
зерттейді десе де болады және жертану региондық физикалық географиялық
курстар үшін қажетті ғылыми-теоретикалық база болып есептеледі. Региондық
физикалық географияны зерттеуде географиялық қабықтың дербес компоненттерін
қарастыратын жеке курстардан (геология, өсімдік географиясы, топырақтану
және т.б.) алған білімдерідң де маңызы үлкен.
Региондық физикалық –география табиғи шептермен шектелген
географиялық қабықтың кеңістіктік жеке бөліктерін зерттейді. Бұл бірліктер
өте ірі (мысалы, тұтас материк, материктің бөлігі, мұхит), орта (материк
шегіндегі үлкен табиғат регионы, мысалы, Сахара) және ұсақ болуы мүмкін.
Зерттелген региондардың мөлшері менкүрделілігіне байланысты зерттеудің
масштабы мен дәлдігі өзгереді, ол соған сай, оның мақсаттарымен анықталады.
Ұсақ региондарды зерттеу әдетте егжей-тегжейлі талдана жүргізіледі, оның
нәтижелері халық шаруашылығында практикада пайдаланылады. Үлкен
территорияларды зерттеу ұсақ масштабпен, талдануы кемірек жәрежеде
жүргізілгендіктен практикалықтан гөрі танымдық маңызы зор.
Ұсақ масштабты региондық география елтану ғылымымен тығыз
байланысты. Елтану кең мағынада- бұл саяси-әкімшілік шекарадағы елге немесе
ауданға географиялық сипаттама беру; оған- табиғатқа және табиғи
ресурстарға, халқына, шаруашылығына, мәдениетіне сипаттама береді. Бірақ
елтанк деп адам қоғамы үшін орта болып есептелетін физикалық-географиялық
жағдайларды ғана зерттеуді де түсінуге болады. Мұндай физикалық-
географиялық елтану мен региондық физикалық география аралығына теңдік
белгісін қоюға болады.
Географиялық қабық пен оны құрайтын жүйелер-табиғат кешендер туралы
айта отырып, адам қоғамының табиғатқа тигізетін әрекетінің зор әсерін
ұмытуға болмайды. Тұтас алғанда географиялық қабық пен оның жеке учаскелері
табиғат жүйелері ретінде жердің даму процесі барысында қалыптасқанымен,
олар адам қоғамы пайда болған кезеңнен бастап, оның айтарлықтай
өзгерістерге ұшырататын әсерін сезіне бастады. Қоғамның даму дәрежесіне
қарай, оның қандай әлеуметтік-экономикалық формацияға жататындығына қарай,
зерттейтін территорияның халқының тығыздығына қарай, табиғат комплекстерін
адамның өзгертуі әр түрлі сипатта болады.

Дүние жүзілік мұхитттарға физ-географиялық шолу.

Жоспары:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Үнді мұхиты
4. Солтүстік мұзды мұхит
Лекцияныњ мєтіні
Біздің планетаның 3\4 бөлігін су алып жатыр. Судың табиғатта жалпы тіршілік
әлемінде атқаратын ролі аса зор әрі сан алуан. Академик Вернадскийдің
сөзімен айтсақ, біздің планета тарихында су орны бөлекше Күн системасының
ешбір планетасында жер шарындағыдай мөлшерде кездесетін су жоқ. Жер шарында
мұхит жер бетінің табиғатының көптеген белгілерін айқындайды. Жиналған
жылуын атмосфераға береді. Оны ылғалдандырады. Бұл ылғалдың бір бөлігі
құрлыққа жетеді. Ол климатқа топыраққа өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
зор ықпал етеді. Мұхит адамның шаруашылық әрекетінде де маңызды рол
атқарады. Мұхит теңіз өнімдерінің көптеген пайдалы қазбалардың энергияның
көзі ауа райының қазаны және әлемдегі материктерді байланыстыратын даңғыл
жол. Мұхит бактерилардың тіршілігі арқасында белгілі бір шекке дейін өзін-
өзі тазарта алады. Сондықтан жер бетінде түзілетін кез келген қалдықтарды
мұхиттарда жояды. Мұхит суының асты қасиеттері оның тұзыдлығы мен
температурасы мұхит суының құрамынан химиялық заттардың барлығы дерлік
табылған. Онда тұздар, газдар организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде
түзілген органикалық заттар түзілген. Мұхит суының тұздылығы барлық
қабаттарда бірдей емес. Негізгі өзгерістер беткі қабаттарында байқалады.
Негізіне атмосфералық жауын-шашын мен буланудың ара қатынасына байланысты.
Ал мұның өзі ендікке байланысты өзгеріп отырады. Судың тұздылығы экватор
маңында 34% қоңыржай және поляр ендіктрде 33% тропиктерде таяу жерлерде 36%
ге жуық. Жауын-шашын мөлшері буланудан артық. Құйыдлатын өзен суы мол және
мұздар еріп жататын жерлерде судың тұздылығы кем болады. Әлемдегі ең тұзды
су Қызыл теңізде 42‰ ал Балтық теңізінің суы 11% –ден аспайды. Бетінне
келіп түсетін күн жылуы әсеріне мұхит суы дла құрлық секілді қызады. Ауданы
үлкен болғандықтан, мұхит құрлыққа қарағанда жылуды көп қабылдайды. Су
беінің температурасы әркелкі болады. Және геогарфиялық ендікке қарай
бөлінеді. Мұхит суының температурасы тереңдікке қарай өзгереді.
Дүние жүзілік мұхит беті ағыстардың таралуы.
Үздік қозғалыста болу мұхит суының ерекшеліктерінің бірі. Су бетінен түбіне
дейін бүкіл қабаты қозғалыста болады. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін
көптеген себептер бар. Оларлың ең бастысы жел. Бұлар мұхит суының
горизонталь қозғауға яғни ағыстардың түзілуіне мүмкіндік береді.
Температура мен тұздылықтың айырмашылықтары да ағыстардың тууына Мұның өзі
судың тығыздылығын өзгертіп ағын туғызады. Осының нәтижесінде мұхит суының
бүкіл қабаты қозғалысқа келеді. Ағыстардың бағыты желге ғана емес, сонымен
бірге жердің өз осінен айналуына мұхит түбінің жер бедеріне материк
пішініне байланысты. Ағыстарды екі түрге бөлуге болады:
1. Мұхиттағы жылы ағыстар
2. Мұхиттағы суық ағыстар
Соның ішінде жылы ағыстар:
Гольфстрим, Бразилия, Кариб, Куросио, Гвинея
Суық ағыстар:
Калифорния, Канар, Лабрадор, Перу, Бенгаль
Ағыстар мұхитқа жылудың бөлінуіне зор ықпал етеді. Олар мұхит пен
атмосфераның жылуын тропик белдеулерден қоңыржай белдеулерге жеткізеді. Бұл
ролді атқаратын басты ағыстар Гольфстрим, Куросио болып табылады. Суық және
жылы ағыстар бір –бірімен көбіне қоңыржай белдеулерде кездеседі. Осының
нәтижесінде қасиеттері түрліше судың түйісу аймақтары пайда болады. Соның
әсерінен құйындар туады. Мұхит суында организмдер тіршілігіне қажетті
барлық заттар бар. Мұхиттың барлық қабатында дамыған 11 000 м тереңдіктегі
Мариан шұңғымасында да тіпті жаңа жер қыртысы түзілетін жердің терең
қабаттарындағы жарықтар арқылы ыстық магма шығып жататын температурасы өте
жоғары және қысымы өте үлкен жерлерде де тіршілік бар. Мұхиттағы тіршілік
жағдайлары полюстен экваторға қарай су бетінен аса үлкен тереңдікке дейін
алуан түрлі болады. Онда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар
түрлерінің алуан түрлілігі жөнінен мұхитты құрлықпен салыстыруға болады.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша біздің планетадағы тіршілік атауланың
барлығы мұхиттан шыққан. Сондықтан мұхитты жер шарындағы тіршілік бесігі
деп атайды.
Атлант мұхиты жер аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны
ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас тауына байланысты
атаған. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15000 км –ге созылып екі жарты
шарда жатыр. Мұхит екі басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 8300 км-
ге жейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен коса есептегенде Жалпы аумағы 91,6
млн км 2 орташа тереңдігі 3597 м. Жағалауы оңтүстікпен салыстырғанда,
солтүстік жарты шарда қатты тілімделген. Теңіздері: Балтық, Солтүстік,
Жерорта, Кариб. Ірі шығанақтары: Бискай, Гвинея. Оңтүстік жарты шардағы
теңізі Уэделла теңізі. Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда
аралдар аз. Ірі аралдары: Британь.Ирландия, Ньюфауленд, Үлкен Антиль, Кіші
Антиль, Канар аралдары, Фокленд аралдары. Ірі аралдарының барлығы мұхит
жағалауына жақын орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар: Әулие Елена,
Азор, Вознесение, Бермуд. Бұл аралдардың барлығы ұсақ және жанартау
әсерінен пайда болған. Мұхит тұбі орта су асты жотасымен бөлінген. Мұхит
шығысында Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, батысында Солтүстік
Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка, Антарктида,
қазан шұңқырларымен бөлінген. Олардың тереңдігі 300-7300м-ге жетеді. Ең
терең жері Пуэрто –Рика шұңғымасы. Тереңдігі 8742м. Шұңғымалар бір-бірінен
су астындағы үстірттермен қыраттармен жоталармен бөлінген. Атлант мұхитының
климаты ерекше, себебі, Атлант мұхитында барлық климаттық белдеулер
кездеседі. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 200мм-ден асады. Қоңыржай
ендіктерде 1000-1500мм. Ал мұхиттың шығыс субтропик белдеулерінде және
Антарктида маңында жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аспайды. Атлант мұхитының
жылы ағыстары: Гольфстрим, Бразилия. Суық ағыстары: Канар, Лабрадор.
Мұхиттағы ағыстар мұхит суының температурасы мен тұздылығына әсер етеді.
Орташа тұздылығы 35,4‰ Мұхиттың солтүстік қоңыржай ендіктерінде мұз қатады.

Аса ірі порттары:
1. Роттердам
2. Марсель
3. Лондон
4. Генуя
5. Гамбург
6. Хьюстон
Атлант мұхиты арқылы мұнай және мұнай өнімдері, темір рудасы, боксит
астық және т.б тасымалданады. Жүк айналымы жөнінен Батыс Европа,
Солтүстік Америка арасындағы теңіз жолының маңызы өте зор. Атлант
мұхитының қайраңдары пайдалы қазбаларға бай. Солтүстік кариб, Бискай
шығынағында мұнай өндіріледі. Қалалардың өсуіне және кеме қатынасының
дамуына байланысты көптеген теңіздер және ашық мұхит жағалары соңғы
уақытта табиғат жағдайлары нашарлай түскен мысалы, Солтүстік теңіздің көп
бөлігін мұнай дақтары жауып кеткен, ал ішкі Жерорта теңізі дүние
жүзіндегі ең лас теңіздердің бірі болып табылады.
Тынық мұхиты екінші аты Ұлы мұхит. Жер шарындағы ең ірі және ең терең
мұхит. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15.8 мың км созылады. Шығыстан
батысқа қарай 19.5. мың км созылып жатыр. Теңіздермен қоса есептегенде
ауданы 179,679 км2 орташа тереңдігі 3984 м, ең терең жері Мариан
шұңғымасы 11022 м Жер бетінің 1\3 бөлігін немесе дүниежүзілік мұхиттың
жалпы ауданының жартысын Тынық мұхиты үлесіне тиеді. Тынық мұхитының
жағалаулары абразиялық және фиордты болып келеді. Батыс бөлігіндегі
тропик белдеуде Австралия мен Азия теңіздерімен Тасман теңізі аралығында
маржанды жағалар жақсы дамыған. Тынық мұхит аралдарының жалпы ауданы 3,6
млн км2 Тынық мұхит аралдарының геологиялық құрылымы жөніне бірнеше түрге
бөлінеді: материктік және мұхиттық Материктік аралдардың өзі
геосинклинальдық және платформалық болып екіге бөлінеді. Геосинклиналь
аралдарға Алеут , Куриль, Сахалин, Жапон, Тайвань, Филиппин, Калимантан,
Зонд, Маршалл жатады. Жаңа Каледония, Жаңа Зеландия, Соломон.
Платформалық аралдарға Әулие Лаврентий, Хайнань, Тасман, вулкандық
аралдар: Гавая, Самоа, Хуан Фернандес, Галапагос, Маржандық аралдар:
Финикс, Туамоту. Тынық мұхитының су асты материктік жиегін қайраң және
материктік беткейге ұқсас өтпелі зона құрайды. Тынық мұхитының теңіздері
Беринг, Охот, Шығыс қытай, Оңтүстік қытай, Сулу теңізі, Сулавеси теңізі
мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі шұңғымалар 3000-4000 м Мұхиттағы басты
терең су науалары Алеут 7822м, Куриль-Камчатка 9717м, Жапон 9412м,
геологиялық құрылымы жағынан шұңғымалар түбінің қалыңдығы 1000м шөгінді
қабаттан құрайды. Тынық мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай өте үлкен
қашықтықты қамтуына байланысты климаты алуан түрлі. Тынық мұхитта
солтүстік поляр белдеуден басқа барлық белдеулер кездеседі. Солтүстігінде
қоңыржай белдеу ұлан ғайыр территорияны алып жатыр. Мұнда теңіз дауылдары
жиі болып тұрады. Жалпы мұхитта буланудан гөрі оған түсетін жуан-шашынның
мөлшері көп. Сондықтан мұнда су бетінің тұздылығы басқа мұхиттарға
қарағанда төмен. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері экваторда 3000мм
қоңыржай ендіктерде 1000 мм субтропиктік облыстардың шығыс бөлігінде 100-
200мм
Порттары: Владивосток, Камчатка, Находка, Вонсан, Шанхай, Токио, Хайфань,
Сингапур, Мельбурнь, Барбариссо
Бақылау сұрақтары :
5. Тынық мұхитына физ-географиялық сипаттама беріңіз.
6. Атлант мұхиты физ-географиялық сипаттама беріңіз.
7. Үнді мұхитына физ-географиялық сипаттама беріңіз.
8. Солтүстік мұзды мұхитына физ-географиялық сипаттама беріңіз.

Евразия материгіне физ-географиялық шолу

Жоспары:
1. Жалпы шолу
2. Жер бедері
3. Климаты
4. Топырақ және өсімдік жамылғысы
5. Географиялық белдеулер
6. Халқы
Жер жүзі халқының жастысынан астамы тұратын жердегі ең зор құрлық
массиві – Евразия материгі экватор мен 77º с.е аралығында орналасқан, оны
төрт мұхит шайып жатыр. Материктің нүктелері –Челюскин мүйісі, Пиай мүйісі,
Рока мүйісі, Дежнев мүйісі. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км
батыстан шығысқа қарай 16 мың км –ге созылып жатыр. Евразияға қосылатын
кейбір аралдар материктен едәуір қашықта жатыр. Шпицберген Франц Иосиф жері
Солтүстік Жер сыртына шыққан. Малая архипелагы аралдары оңтүстік жарты
шарда 11º с.е. дейін созылады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б.
жатыр. Аралдардың ауданы 2.75 млн км 2 аралдармен қоса есептегенде
Евразияның ауданы 53.4 млн км2 Материктің зор көлемді болуы оның табиғат
жағдайларының өте күрделілігін және әр түрлілігін анықтайды. Евразия
жерінде дүниенің екі бөлігі –Европа мен Азия жатыр.
Европаның жағалауының ұзындығы -37900 км
Азияның 69900 км
Құрлықты зерттей отырып, оны мынадай табиғи аймақтарға бөлуге болады:
Шығыс Европа жазығы
Батыс Сібір жазығы
Орталық Азия
Қазақстан
Орта Сібір таулы қыраты
Қиыр Шығыс
Алдыңғы Азия
Оңтүстік Азия
Оңтүстік Шығыс Азия
Мұхиттар мен теңіздер материкке сұғына еніп жатыр. Оның шеттері әсіресе
батысы мен. оңтүстігін тілімдейді. Бірақ Евразияның зор көлемділігі
жағдайында оның ішкі аудандарфы теңіздері мен мұхиттардан мыңдаған км қашық
жатыр. Бұл материк аумағында табиғаттың қарама-қайшылығы айқындала түскен.
Евразияның батыс бөлігі , яғни шетелдік Европа өте енсіз және теңіздермен
терең тілімделген. Оның жер бетінің 13 аралдар мен түбектер және
теңіздерден ең қашық жері не бары 600 км Шығысқа қарай материк кеңейеді.
Оның Азиялық бөлігіндегі аралдар мен түбектердің үлесі жалпы ауданының ¼-
нен кем. Батыстан шығысқа қарай материктің жер беті сипаты да өзгереді.
Шетелдік европаның тілімделген рельефінің орнына кең-байтақ Шығыс Европа,
Батыс Сібір, Тұран жазығы Орта Сібір таулы үстірті жалғасады. Евразияның
бүкіл оңтүстігімен Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін созылып жатқан тау
ғимараттары беолдеуі, батыстан шығысқа қарай барған сайын зорайып, биіктіп,
Гималай және Тибет таулы қыроаты тұсында Жер бетіндегі ең биік тауға
ұласады. Евразияның батыс және оңтүстік бөліктерінде негізгі орографиялық
элементтердің жартысында ендік бойы бағыты басым. Материктің орта бөлігінде
және әсіресе шығысында ол меридиан бағытымен өзгереді. Сөйтіп, материктің
терең түкпіріне Атлант және солтүстік мұзды мұхиттардығң әсер етуіне
орография кедергі жасамайды. Сонымен бірге Евразияның ішкі бөліктері Тынық
және Үнді мұхиттарының әсерінен тау қырқаларымен бөлінген және ол
шеттерінде ғана байқалады. Евразияның зор мөлшері оның күрделі құрылысы
рельефі поляр маңы және экватор маңы ендіктері арасындағы орны, мұхиттардың
әр түрлі дәрежеде әсер етуі табиғаттың зоналық ерекшеліктерінің алуан
түрлілігі және географиялық қабықтың географиялық зоналық құрылымы
көрінісінің едәуір айырмашылығын түзеді. Евразияда құнарсыз арктикалық
шөлдер және ылғалды экваторлық ормандар таралған. Көлемді кеңістікерді
жаңбыр мүлде жаумайды жеуге болатын ағынсыз территориялар алып жатыр.
Сондай-ақ аумақты аудандарда халық ылғалдың тым артығынан азап шегуде.
Евразия үшін жер бедеріндегі биіктер мен температураның күрт өзгеріп отыруы
тән. Жер шарындағы ең биік шың ең терең құрғақ депрессия осында.
Батыста және оңтүстік батыста Евразияны Атлант мұхиты және оның теңіздері
қоршаған. Евразияға тікелей жанасқан мұхиттың солтүстік шығыс бөлігі
Орталық Атлант жотасының шығыстьа Батыс Европа қазан шұңқырын алып жатыр.
Оның ең терең жері 6000 м-ден астам. Оның астында мұхит типіндегі жер
қыртысы бар. Оның шегіде Бискай шығанағының солтүстік шығыс бөлігі жартылай
тұйықСолтүстік және Ирландия теңіздері Жерорта Балтық теңізі және оларды
мұхитпен байланыстыратын бұғаздар жатыр. Гренландия мен Скандинавияның
оңтүстік-батыс жағалауының арасындағы тереңәдігі 600м аспайтын су асты
шоңғалы Атлант пен Солтүстік мұзды мұхиттарды бөліп тұрады.
Евразияның батыс бөлігінің табиғат жағдайларының қалыптасудағы маңызды
факторлардың бірі Атлант мұхитының солтүстігі мен Солтүстік мұзды мұхиттың
оңтүстік-батыс бөлігіндегі жылы ағыстар жүйесі.
Евразияның шығыс жағаларын бүкіл дүниежүзілік мұхит ауданының жартысын
қамтитын Тынық мұхиты жауып тұр. Тынық мұхитының батыс жағалары ерекше
тілімделуімен және аралдарының көптігімен көзге түседі. Тынық мұхитының
батыс бөлігіндегші ағыстардың күрделі жүйесі Евразияның шығыс шеттері
климатының қалыптасуына маңызды әсер етеді. Екі жарты шарда да пассат
зоналарында шығыстан батысқа қарай пассат ағыстары ағып жатыр. Олардың
арасымен батыстан шығысқа қарай экваторлық қарсы ағыс өтеді. Үнді мұхитының
берлывқ дерлік теңіздері мент шығанақтары оның солтүстік бөлігінде Евразия
жағаларында жатыр. Үлкен бөлігі терең қазан шұңқырлар немесе үлкен
тереңдіктердегі опырмалы зоналар. Үнді мұхитының Евразияға тиіп тұрған
солтүстік бөлігі төменгі ендіктердегі орнымен және континент ішілік орнымен
анықталатын өзіне тән термиялық ырғаққа ие.

Евразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері

Жердегі ең зор континенттің негізін құраған Европа және Сібір
платформасы. Солардың төңірегінде Евразия құрлығының онан әрі ұлғаюы
байқалады. Олар осы уақытта дейін өзінің тұтастығын жәнге дамуының
платформалық типін сақтаған. Басында бүтін болған Қытай платформасы кейін
бөлшектенген. Екі дербес платформалық учаскеге Қытай-Корея және оңтүстік
Қытай суперплатформасына бөлінді. Европа платформасы шетелдік Европа
жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық
қалқанынан және негізгі бөлігі ТМД жерінде жатқан плитаның батыс шетінен
тұрады. Қытай платформасы шегінде кембрийге дейінгі фундаменттің үстінде
таралған қатпарлы-жақпарлы және жақпарлы таулар ежелгі фундаменттің
ойыстары сай келетін аккумуляциялық ойпатты жазықтар және үстіртермен
кезектескен. Евразияның ежелгі платформасының шегінде пайдалы қазбалардың
едәуір қоры шоғырланған: архей мен протерозой құрылымдары үшін темір
марганец, хром, рудаларының сондай-ақ кейбір түсті және сирек металлдардың
бар болуы тән. Үндістан платформасының жер қойнауында алтын, алмас, аслы
тастар бар. Евразия материгінің кең байтақ кеңістігі құрылымдарының өте әр
түрлілігімен және мезокайназой бойы даму сипатының әр алуандығымен
ерекшеленетін палезой жасындағы қатпаллылық Урал тауы жүйесіндегі және
Батыс сібір плитасында бар. Шетелдік евразияда ерте және соңғы палеозой
ғимараттары таралған. Жер бетінің қалыптасуында үлкен роль атқарғандар
бірнеше рет қайтадан жаңарған тегістеу мен аккумулияциялық процессері
сондай-ақ әр түрлі дәрежеде көрінге неоген және антропоген кезіндегі
тектоникалық жандану. Тау массивтері герцин қатпарлығындағы синеклизаларға
және тектоникалық жарылулар зонасына сай келетін ойпаңдармен бөлінген. Азия
палеоген жағасындағы қатпарлы ғимараттар әсіресе неоген –антропоген кезінде
жандануға ұшыраған, оның нәтижесінде Орталық Азияның Моңғолдық Алтай Тянь-
Шань және оның тармақтары аса биік қатпарлы жақпарлы және қайта қалпына
келген жақпарлы таулары пайда болған.
Азияның шығысы да палеозойдың негізіндегі орташа тіпті аласа жақпарлы
қатпарлы таулардың басым болуы тән. Палеозой қатпарлық құрылмдар тараған
облыстар, әсіресе шетелдік Европаның жері , түсті және сирек кездесетін
рудаларына бай.
Климаты
Евразияның климатында оның территориясының аса көлемділігімен
байланысты ерекшеліктер айқын көрінеді. Материктің негізгі бөлімінің
экватор мен солтүстік поляр шеңьері аралығында болуы шығысы мен орталық
бөліктерінің тұтастығы батыс және оңтүстік жиектерінің тілімденуі мұхит
бассейндерінің әсері күрделі орография Евразияда аса алуан түрлі климат
жағдайларын жасайды. Евразияның жиынтық радиациясы арктикалық аралдарда ол
60 ккал-ға Европаның батыс бөлігінде 70-140 ккалға, Аравияда Жер бетіндегі
ең жоғарғы 200-220 ккалға өзгереді. Ауаның батыс және шығыс бағытындағы
тасымалы және онымен байланысты циклондық әрекет Евразияның көпшілік бөлігі
үшін басты атмосфералық процесс болып табылады. Батыс тасымалымен материкке
бүкіл жыл бойы Атлант мұхитының ауасы келеді де оның шығысына дейін толық
таралады. Атлантикалық ауа Шығысқа қарай қозғалған сайын ылғалынан ажырап,
қыста салқындап, жазда жылынып, континенттік ауаға ауысады. Евразияның
батыс бөлігінің горизонтальды тым көп бөлшектенуінен және орографиялық
үлкен тосқауылдардың болмауынан Европаның үстінде трансформация процесі
біршама баяу өтеді.
Циклондық депрессиялардың қыстағы негізгі қозғалу жолдары Исландия,
Скандинавия түбегі және Баренц тенізі, сондай-ак Жерорта тенізі арқылы
өтеді. Кейбір жылдары циклондар осы бағытпен Үнді анғарына дейін енеді.
Биік Азияның тау қырқалары тропосфераның төменгі қабаттарындағы батыс ауа
ағындарының бөлініп таралуына және онын бір тармағынын Гималайдан
онтүстікке ауытқуына себепші болады.
Европа устінен циклондар жаңбырлы немесе дымқыл қарлы бұлыңғыр ауа
райы түрінде өтеді, бұл батыс европалық қыс үшін тән. Көпшілік жағдайда
коныржай ендіктерде теніз ауасынан кейін жауын-шашыннын азаюына және
температураның кенет төмендеуіне әсер ететін арктикалық ауа енёді.
Арктикалық ауа онтүстікке таралганымен, Европаның оңтүстік белігіне біршама
сиректеу өтеді, өиткені ендік тау жоталары ұстап қалады. Неғұрлым шығысқа
жылжыған сайын, соғүрлым арктикалык ауанын өтуі де жиіленеді
және ұзаққа созылады.
Батыс ауа ағыны континент үстімен қозғалу кезінде салкындайды әрі
құрғайды. Суынған жер бетіндегі атмосфера кабатынын салкындауымен
байланысты Азияның ішкі аудандарының үстінде антициклондық облыс жасалады.
Батыстан тасымалданудың транс-формацияланғлн ауасы антициклон
жүйесіне тартылып, онын. күшеюіне себепші болады. Сондай-ақ Азияның
ішкі бөліктерінен орографиясы (антицяклон калыптасатын.
Азиянын онтүстік бөлігі кыс кезінде пассаттық циркуляция әсерінде
болады. Аравия түбегі көрші жатқан Сахарамен бірге Атланттык максимумның
шығыс шетінен және онымен байланысты құрғақ солтүстік желдерінің әсеріне
ұшырайды. Үндістанда, Үнді-кытайда, Шри-Ланка аралында, Филиппиндерде және
Зонд аралдарының солтүстігінде Солтүстік Тынық мұхиттық антициклоннан,
экваторлык қолатқа карай ағатын, осы кезде онтүстікке карай жылжитын
солтүстік-шығыс пассаты үстем болады. Азия елдерінде оны қысқы муссон деп
атайды.
Евразияда кыс кезінде температура мен жауын-шашын таралуының мынадай
ерекшеліктері бар. Өйткені Атлант ауасы қыста біршама жылы масса
болатындыктан 39 - 40С с. е.-тен солтүстікке қарай радиациялық баланстың
теріс болғанына қарамастан, мұхитқа жанасып жаткан аудандарда январьдың
орташа температурасы: 0= С-ден әлдеқайда жоғары болады. Шетелдік Европа
территориясының көпшілік бөлігінде январь изотермалары меридианға жақын
бағытта болса, оңтүстік және шығыс аудандарда ендікке жакын бағытта болады.
Шығысқа қашықтаған сайын қыстың орташа температурасы төмендей берсді.
Шетелдік Европаның шығыс бөлігінде-ақ оның мәні теріс болады.
Атланттық ауа құрлыққа көп мөлшерде ылғал алып келеді де ол жаңбыр
немесе дымқыл қар түрінде жауады. Әсіресе тау беткейлерінің батыс
экспозициясына жауын көп жауады.

Евразия құрлығының климаттық белдеулері мен табиғи зоналары
Евразияның солтүстік аралдары ал шығыста солтүстік мұзды мұхитқа
іргелес жатқан материк алқабы да арктикалық белдеудің аумағында жатыр.
Евразияның шетелдік бөліктерінен Шпицберген аралдары мен Мұзды мұхиттың
батыс бөлігіндегі ұсақ аралдарға арктикалық климат тән. Арал жағдайының
және жылы ағыстар әсерінің аркасында Шпицберген аралдарына қысқы
температурасы біршама жоғары (—1б-дан—20СС-ге дейін) және бірсыпыра жауын-
шашынды (300 мм манында) болатын теніздік арктикалық климат тән.
Исландияны, поляр шенберінен солтустікте Скандинавияны жіңішке
алқаппен қамтып шығыстабіраз кеңейіп, Евразия субарктикалық белдеу кесіп
өтеді. Евразияның ең кең және көлемді бөлігі қоныржай климаттық белдеудің
аумағында жатыр, оның онтүстік шекарасы қоңыржай ендіктің жазғы фронтының
орнымен анықталатын Бискай шыға-нағыньң оңтустік жағалауынан Қара және
Каспий теніздерінің ортасы аркылы Корей тубегінің солтүстік бөлігінен және
Хонсю аралының орта бөлігінен өтеді. Қоңыржай жылы мүхиттық климаттық
облыс Исландияның онтустігін, Скандинавия тубегінің батыс шетін, Британия
аралдарын материктің шеткі батысы — Ютландия тубегін, Францияның батысы
мен солтүстігін алады. Сондай-ақ Пиреней түбегінің солтустік-батысын да
коныржай белдеудің осы облысына жатқызуға негіз бар. Онда букіл жыл бойы
батыс румбалык желдер алып келетін атланттық ауа басым және циклондык
әрекет байқалады. Кысына ең суық айдың орташа температурасы +1-тан +6°С-
ге дейін болатын жаңбырлы және тұманды тұраксыз ауа райы тән, аяз бен қар
жаууы сирек, тұракты қар жамылғысы болмайды. Жаздык орташа
температурасы +10° +18°С. Жауын-шашын бүкіл жыл бойы жауады. Оның максимумы
циклондык әрекет ерекше кушті болатын қыс кезінде келеді. Букіл облыс
бойынша жылдықжауын-шашын мөлшері 1000 м.м-ден артык болады.
Европаның Орал тауына дейінгі барлық қалған бөліктерінің климаттын
мұхиттықтан континенттікке айналатын өтпелі климат деуге болады. Атлант
ауаның трансформациясы және материктің өзінің үстінде калыптасатын
континенттік ауа массаларының әсерінің арта тусуі климаттың жасалуында аса
манызды роль атқарады. Алдағылармен салыстырғанда бұл облыс жауын-шашын
міөлшерінің аздығымен, температурасының ауытку амплитудасының үлкендігімен,
аязды кезеңдер ұзақтығының әр түрлілігімен сипатталады.
ТМД шегіндегі Азияның едәуір бөлігі, сондай-ақ Монғолия мен Солтүстік-
Батыс Кытай (Гоби мен Жоңғария) қоңыржай белдеудің материктік климаты
облысында жатыр. Олар бүкіл жыл бойы сол жерде қалыптасатын, сол сияқты
батыс тасымалымен келетін континенттік ауа массаларының әсеріне ұшырайды.
Азиялық максимум әсерінен облыста бір жерден екікші жер температурасында
күрт айырмашылықтар болатын суық қыс тән.
Субтропиктік климаттык белдеу де Евразияны Атлант мұхитынан Тынық
мұхитка дейін қиып өтеді. Оның шегіндегі батыс-шығыс тасымалы жазда
тропиктік цикруляциямен алмасады. Биік Азияның тау кырқалары жуйесінің қыс
кезінде батыс тасымалы ағынын екі тармакқа — солтүстік және оңтүстік
тармақтарға ажыратуда үлкен маңызы бар.
Евразияның субтропиктік белдеуі ішінде бірнеше климаттық. облыстар
бар. Пиреней және Апеннин түбектері, Балкан түбегінің оңтустігі мен батысы,
Кіші Азияның батысы _мен оңтүстігі, Жерорта тенізінің шығыс жағалауы,
Жерорта теңіздік аралдар мен Месо-потамияның солтүстігі жазы кұрғақ
субтропиктік климаттық облыста жатыр. Июльдің орташа температурасы +23°-тан
+28°С-ге дейін. Жаңбыр мулде жоқ кезде буланушылық нақты булаңудан 3-4 есе
асып кетеді. Азор максимумы кыста оңтустікке қарай ығысады да Жерорта теніз
алкабы батыс тасымалы мен циклондық әрекетінің жүйесіне енеді. Жауын-
шашыннын жылдық мөлшерінің 75-80% соған байланысты болады. Ең суық айдың
орташа температурасы солтүстіктен онтүстікке қарай +4°С-ден +12°С-ге дейін
артады. Жерорта теңіздік климат облысынын батыс бөлігінде атланттық ауа,
шығысындағы континенттік ауа басым болады. Сондыктан батыстан шығыска қарай
барған сайын жауын-шашын мөлшсрі азаяды да температура амплитудасы артады.
Биік Азияға ерекше, биік таулық айқын континенттік климат тән, оны
накты климаттык жағдайы бойынша емес, тек географиялық орнына қарай
субтропиктік белдеуге жатқызуға болады.
Субтропиктік шығыс сектор, сондай-ақ қоңыржай белдеудің де климаты
қоңыржай белдеудегі сиякты муссондық. Ол Янцзы өзені бассейніне және Жапон
аралдарынын онтүстік бөлігіне таралады.
Евразияның шығысында тропиктік белдеу жоқ. Ол жіңішкеріп барып,
субтропиктік белдеумен шектесетін субэкваторлық белдеудің есебінен шығып
қалады. Филиппин аралдары, Үндістан, Үнді-қытай түбектерін жән оған жанасып
жатқан Үнді-Ганг жазығы және Оңтүстік Шығыс Қытайды субэкваторлық белдеу
алып жатыр. Бұл белдеудің айқын көрінетін шекарасын , кырына дейін Үнді
мухитының муссоны енетін, Гималай тауын жасайды.
Малакка түбегінің оңтустік бөлігі, Зонд (Яванын онтүстік шығысын және
Кіші Зондты шығарып тастағанда) және Молукка аралдары. экваторлық колатка
сай келетін экваторлык белдеудің ішінде жатыр, онда екі жарты шардың
пассаттары түйіседі. Эква-торлык колат кұрлыктың таралып орналасу
ерекшеліктеріне карай жылдың барлық маусымында солтүстік жарты шарға
көбірек ығыстырылғандықтан экваторлык белдеуде экватордан онтүстікке
қарағанда солтүстікке карай созылып жатады. Евразиянын эква-торлык
белдеуіндегі климаттың ерекшеліктері атмосфераның жалпы циркуляциясына ғана
емес, сонымен қатар онын шегіне араларын бөліп тұратын су алкаптарымен қоса
аралдардың енуіне де байланысты болады.

Евразия құрлығының өсімдік жамылғысы мен топырағы
Евразияның Голарктика және Палеотропика флоралық әлемі ауқымындағы
жағдайы материктік солтүстік және оңтүстік бөліктері флораларының
қалыптасуы тарихындағы айырмашылықтарды бір жағынан флораның бүкіл кайнозой
бойы үздіксіз дамуын және материктің оңтустігі мен онтүстік-шығыс
аралдарындағы тропиктік сипатын, ал екінші жағынан климат жағдайларының
күрт өзгерістеріне байланысты солтүстік бөліктің флорасының біршама жасты-
ғын және онық күрделі генезисін көрсетеді.
Евразияның голарктикалық флорасының құрамында осы территорияда мұз
жамылғысының пайда болуына әкеліп соққан жаппай суық түскенге дейін,
кайнозойдың алғашқы жартысында қалыптасқан ежелгі жылу сүйгіш орман
флораларының элементтері бар. Бұл флоралардың элементтері негізінен екі
мұхит — Атлант және Тынық мухиттары жағалауларындағы секторларда сақталған.
Материктік ішкі аудандарынын флорасы мен жер бетін топырақ, өсімдік
жамылғысының қалыптасуы үшін материктің оңтүстігіндегі тау жүйелерінің
неотектоникалык, көтерілуіне байланысты күн суытуынын және одан соңғы
климат кұрғауынын үлкен мәні болды.
Ішкі аудандар рельефі мен климатының шұғыл езгерістеріне байланысты
флора қалыптасуының мұхит маңайындағы орталыктары бір-бірінен орасан зор
кұрғақ кеңістіктермен бөлініп қалып, кайнозойдың екінші жартысында бір-
біріне байланыссыз дамыды.
Қазіргі топырақтық-өсімдіктік жағдайларды сипаттағанда, сондай-ақ,
адамзат қоғамының көп ғасырлар бойғы іс-әрекетінің әсерімен болып жаткан
өзгерістерді де ескермесе болмайды. Биосфера компоненттері географиялық
кабықтың басқа компоненттеріне ка-рағанда адам әсерінен көбірек өзгереді,
әсіресе адамзат қоғамынын іс-әрекетінін жағымсыз жактарынан көп
закымданады.
Полярлық Шпицберген архипелагының бос кеңістіктерінде өсімдік әлемі
мүктерден, қыналардан және тасжарған, поляр көкнәрі, кейбір дәнді
өсімдіктер сияқты жер бетін тегіс жаппайтын көпжылдық аласа шөптерден
тұратын арктикалық тундра етек жайған.
Күлгін немесе.шым тезекті глейлі топырақты жерлерде өсетін аласа
қайыңдары мен жидек бұталары бар типтік тундралар Скандинавия түбегі мен
Финляндияда, ал шығысқа қарай ТМД-ның европалық территориясының
солтүстігінде және Сибирьде кездеседі.
Шығыс Европада тундралар басым болатын ендіктердің батысында орманды
тундралар немесе тіпті ормандар етек жанған. Тундралар ойпатты жерлерде
ғайып болып, Скандинавия мен Исландняның таулы аудандарына айналады, сөктіп
олар таулы тунд-ралар белдеуін құрайды. Евразияның қоныржай белдеуіндегі
зоналық өсіндіктердін аса маңызды типі — қылқан жапырақты ормаидар. Олар
шетелдік Ев-ропада, ТМД-ның европалық территориясында және Сибирьде мол
алқаптарды алып жатыр. Шетелдік Европада кылқан жапырақты ормандар
Скандинавия түбегі мен Финляндияның көп бөлігін жауып жатыр. Тұтасып жатқан
қылқан жапырақты ормандар Европаның солтүстігінде шамамен 61 ендікке дейін
болса, ал оңтүстікке қарай ормандар кұрамында жалпақ жапырақты жыныстар
кездесе бастайды. Бұл ормандардың негізгі қылкан жапыракты ағаштары —
европа шыршасы және кәдімгі карағай, оның үстіне мұхит жағалауына
жақындаған сайын ормандар құрамында шырша көбірек роль атқарады.
Қылқан жапыракты ормандар өсетін жер топырағы күлгін типті болып
келеді. Скандинавия мен Финляндияның көпшілік бөлігін күлгін топырақ альш
жатыр, олардың арасында шым тезекті қарашірік топырақтардан тұратын
сфагнумдық немесе ойпандық батпақ учаскелері бар. Солтүстік глейлі күлгін
топырақтар басым. Олардық бәрі химиялык кұрамы мен құрылымына байланысты
кұнарлылығы нашар, егіншілік үшін үлкен мелиорациялық шаралар жүргізуді
кажет етеді. Алайда қылқан жапырақты ормандардың өзі бұрыннан пандаланылып
келе жатқан мол табиғн байлық болып .табылады. Қазіргі кезде Скандинавия
тұбегінін, батыс жағалауындағы ормандар түгелдей дерлік жойылған. Қазір
олардың орындарын көк шалғын басқан. Ботника және Фин шығанақтарының
жағалаулары да ормандары жойылып, өнделген жерлерге айналған. Ішкі
аудандарда, ағаштар ежелден кесіліп келе жатқанына қарамастан, ормандар
көлдер және батпақтармен алмаса отырып, алқаптын көп бөлігін алып жатыр
Скандинавия түбегінің оңтүстігінде шыршалы жалпақ жапырақты ормандар басым,
ал Орталык Европа жазығында (Польшада) шыршадан гөрі қарағай басым болады.
Батысқа және онтүстікке қарай аралас ормандардың орнын жапырақты
ормандар басады, олардың арасынан құрамына қарай еменді-қайыңды, еменді,
шамшатты және шамшатты-кайыңды ормандар сияқты бірнеше орман типтерін
бөлуге болады. Жалпақ жапырақты ормандарды шетелдік Европаның табиғи
өсімдігінің басым типі деп санауға болзды. Шығыс Европа жазығында олар өте
аз тараған, ал Уралдан шығысқа карайғы жерде мүлде жоқ, мұның себебі
—климаттың континенталдығының үлғаюы.
Шетелдік Европанын Атлантика жағалауларындағы аудандары коңыржай
белдеуінің; оңтүстік бөлігіндегі климат жағдайлары түскен жапырақтар мен
шалғын шөптердің шіруіне және микроорганизмдердің тіршілік етуіне аса
колайлы. Бұл қылқан жапырақты ормандар өсетін жердегі топырактарға
қарағанда қарашірікке және кальций косындыларына бай, құнарлырақ
топырақтардың калыптасуына ықпал етеді. Солтүстік, және Балтық
теңіздерімен шектесетін аудандарға тән сипат - шым тезекті-күлгін
топырактардын көп болуы, ал оңтүстікке және батысқа қарай 6%-ке дейін кара
шіріндісі бар, құрамы жақсы болып табылады.
Евразияның шеткері шығыс аудандарындағы жалпақ жапырақты ормандар
орнын орманды далалар және далалар алып жатыр. Континенттік климат пен
ылғалдың жеткіліксіз жағдайында Евразияның ішкі аудандарында далалар
кеңінен етек алған.Топырақтары әр түрлі типті қара топырақ. Құрамында 6%-
тен астам гумусы бар кұнарлырақ нағыз қара топырақ. Осы аудандардың бәрінде
бұрын кей жерлерінде жалпақ жапырақты ормандар ұшырасатын шалғынды далалар
болған. Топырақтын құнарлылығы мен ауа райының қолайлылығы егіншіліктің,
бақ және жүзім шаруашылығының дамуына ықпал еткен. Қазіргі кезде Дунай
жазығында өңделген жерлер мен қолдан отырғызылған емен, терек, аққарағай
ормандар көп.
Қысы жылы, ылғалды, ал жазы құрғақ болатын Жерорта теңізінін
жағалауларындағы субтропиктік белдеудін батыс, Атлантика жағалауы секторына
топырақтар мен өсімдіктердіа ерекше типтері тән. Сондай-ақ Жерорта теціз
алқабынын флоралық кұрамы қазіргі жағдайларға байланыссыз флораның өте
көнелілігімен және мәңгі жасыл өсімдіктердін де, жапырағы түсетін
ағаштардың да ежелгі тропиктік элементтерінің болуымен ерекшеленеді.
Шетелдік Азияның коңыржай белдеуінің шөлдері жазы ыстық, қысы суық, жылдық
мөлшері 200 мм-ден аспайтын, көбінесе 100 мм-ден кем болатын, ылғал түсуі
жыл бойына біркелкі бөлініп топырақтың 0,5 метр тсреңдікте ылғалдануын
қамтамасыз ететін өз-гермелі континенталды климат жағдайында калыптасады.
Жерінің беті өсімдіктердің немесе өсіп тұрған жыңғыл, жүзген, сексеуіл
тамырларымен бекімеген, құмын жел суырып тастаған аумақты алқаптар (Такла-
Макан, Алашань, Жонғар казаншұңқырының кейбір аудандары) немесе топырак пен
өсімдіктен жұрдай тастақты және киыршық тасты шөл далалар бар. Әр түрлі
дәрежеде сортанданған топырақ жиі ұшырасады. Тау баурайларына таяу
манайларда жусанды тақырлар қалыптасады. Азия шөлдерінің ен. бағалы
өсімдігі — сексеуіл.
Аридтік жағдайлар Евразиянын Аравия түбегін, Месопотамияның және Үнді
бассейнінің едәуір бөлігін қамтитын тропиктік белдеуде де сақталуда.
Жазықтарда аумакты кеңістіктерді құмдауыт және тастақты шөл далалар алып
жатады. Өсімдіктер арасында алда-санда бір жауып өтетін өткінші жаңбырдан
соң өсетін эфемерлер, катты бұтақты шағын бұталар және құрғақ дәнді
өсімдіктер басым. Қүрғақ жылғаларды бойлай мимозалар мен карағандар,
оазистерде аса маңызды өсімдік — құрма пальмасы кездеседі.
Субэкваторлык және экваторлық белдеулердің өсімдіктері -
саванналар және әр түрлі тропикалық ормандар болып келеді.

Евразия құрлығының жануарлар дүниесі.Халқы
Евразияның үлкен, солтүстік бөлігі Голарктнкалық зоогеографиялық
облысқа, ал кіші, онтүстік бөлігі Үнді-Малайя және Эфиопия облыстарына
жатады. Олардың арасындағы шекара Үнді-Малайя облысына Үндістан мен
Үндікытай түбектерімен бірге материктің жанама бөлігі, Тайвань,
Филиппин және Зонд аралдары кіретіндей болып өтеді. Аравияның оңтүстігі
Африканың үлкен бөлігімен бірге Эфиопия облысына кіреді. Малайя
архипелагының кейбір оңтүстік-шығыс аралдарын зоологтар мен географтардың
көпшілігі Австралия зоогеографиялык. облысына жатқызады. Бұлай болу Евразия
фаунасының мезозойдың соңында және бүкіл кайнозой бойы табиғат
жағдайларының өзгеруі процесінде даму ерекшеліктерін және басқа
материктермен байланысын көрсетеді. Мезозойдын соңында бүкіл Евразия бір
тесікті және қалталы сүт коректілерден, жыландардан, тасбақалардан т с. с.
тұратын сан алуан фаунаның калыптасу ауданы болған. Плацентарлык жыртқыш
сүт коректілердіқ пайда болуынан төменгі сатыдағы сут коректілер
оңтустікке, Африка және Австралияға ығысты. Кайнозой кезінде Евразиянын
үлкен бөлігінде орын тепкен кұйрықтылар, туйелер, жылкылар, мүйізтұмсыктар
олардың орнын басты. Кайнозойдың соңғы кезінде климаттың суынуы олардың
көпшілігінің жойылуына немесе оңтүстікке шегінуіне әкеліп соқты.
Бүкіл Евразияда тундралардың фаунасытіпті біркелкі. Тундраның ең көп
тараған ірі сүтқоректісі — солтүстік бүғысы. Тундраға песец лемминг және ақ
қоян тән. Құрғақ жерді мекендейтін құстардан ең көп тарағаны — ақ құр және
тундра құры мүйізді бозгорғай. Жағалаудағы сулар, Евразияның
солтүстігіндегі өзендер мен көлдер балыққа, негізінен албырт тұқымдас
балықтарға бай.
Мұз дәуірі кезеңінде казіргі тундраларда мамонттар, жүндес
мүйізтүмсыктар, койбұкалар тіршілік еткен. Қазір олардың қалдықтары тек
қазба күйінде ғана табылады. Кейбір жерлерде (мы-салы, Шпидбергенде)
Арктикалык Америкадан әкелінген қойбұқаларды қолдан өсіреді.
Евразия ормандарының жануарлар дүниесі біршама көбірек жіктелумен
ерекшеленеді. Әсіресе дала жәве шөлдермен өзара бөлініп жататын батыстын
және шығыстың жалпақ жапыракты ормандары фаунасының айырмашылықтары айқын.
Бүкіл материкті алып жатқан тайга ормандарына жануарлар дүниесінің
біркелкілігі тән. Евразияның тайгалык, фаунасының негізгі өкілдері ретінде
қоныр аюды, сілеусінді, тиінді, ақборша тышқанды, ал қүстардан құрды,
саңырау құрды, шілді т. б. атауға болады. Бұл жануарлар мен күстар жазық
жердегі тайгада, сондай-ақ Европа мен Азияның таулы аудандарындары қылқан
жапырақты ормандарда көп тараған.
Халқы
Евразия фаунасының кұрамында приматтар отрядының екі қосымша отрядының
өкілдері бар. Олар: шала маймылдар мен адамға ұқсас маймылдар, соның ішінде
қазіргі адам тәріздес маймылдар. Евразия ауқымында қазіргі адамның ата тегі-
ежелгі гоминидтердің қалдықтары табылған. Материктің әр түрлі бөліктерінде
адамның ата тегінің дамуының әр түрлі сатысы кезіндегі қалдықтары табылды.
Бұл фактілер Евразияның адам қалыптасқан және дамыған аймаққа кіргеніне,
былайша айтканда, адам - Евразияда байырғы тұрғын екеніне, оның
территориясына сырттан келмегендігіне айғақ. Егер Оңтүстік-Шығыс Азия,
Оңтүстік Азия, Кавказ оңтүстік Европа Алдыңғы Азия ертеректе адам
мекендеген аудандар ретінде қарастырылса, Сибирь мен Европаның солтустік
аудандары одан көп кейін адам мекеніне айналған.
Евразия үшін халықтың нәсілдік құрамының аса күрделі әрі түрлі болуы
тән. Сонымен бірге Евразияның көптеген нәсілдік бөлімдері байырғы тұрғындар
болып табылады. Евразия (дәлірек айтқанда, оның шығыс бөлігі)—монголоидтар
отаны. Құрлықтың оңтүстік бөлігінде экваторлық нәсілдің мұхиттық тармағы
қалыптасқан. Солтүстік Африкамен бірге Евразияның оңтүстік-батыс бөлігі
оңтүстік европеоидтардың отаны болған, ал европоидтар нәсілінің солтүстік
тармағы Европа жерінде пайда болған.
Евразияның оңтүстік жартысында неоген дәуірі соңында өмір сүрген адам
тәріздес маймылдардың қалдықтары табылған. Кейбір табылған қазбаларға
қарағанда антропоген дәуірінің бастапқы кезінде Алдыңғы, Оңтүстік, Оңтүстік-
Шығыс Азияда. Африканың австралопитектерімен жоғарғы приматтардың өмір
сүруі мүмкін. Адамның дамуындағы алғашқы сатыны көрсететін архантроптар
қазбалары Евразияда өте көп әрі көп дау тудырмайды. 700-600 мың жыл бұрын
өмір сүрген ежелгі архантроптардың қалдықтары Явадан батылған. Сол жерден
төменгі плейстоценге сәйкес келетін неғұрлым кейінгі кезеңге жататын
арантроптар табылған. Алғашқы питекантроптар Оңтүстік –шығыс Азияда, Африка
жерінде әлі австралопитектер тіршілік етіп жатқан кезде пайда болуы мүмкін.
Евразияда палеантроптар кеңінен тараған. Палеантроптар қалдықтары – Британ
аралдарын қоса, алғанда Батыс Европа, Орта және Алдыңғы Азияда, Оңтүстік
Азияда, Явада табылған.
Өздерінің антропологиялық ерекшеліктері бойынша қазіргі адамдардан
айырмашылығы болмаған неоантроптар Европа мен Оңтустік-ШығысАзияда шамамен
40-38 мың жыл бұрын, жоғарғы палеолитке сәйкес келетін жоғарғы
плейстоценнің екінші жартысында пайда болған. Европадан қазба турінде
табылған қазіргі типтің адамдары Францияның орта тұсындағы жер атымен
кроманьондықтар деп аталды. Материкке тарай бастаған олар солтүстік пен
шығыска, Шығыс Европа мен Сибирьге енген.
Оңтустік-Батыс Азия және Орта Европамен қоса Европаныа оңтустік жартысы
адамдар ертеден мекендеген аудандар болып қана қоймайды, сонымен бірге
Солтүстік Африкамен бірге европеоидтардың ежелгі тармағы — онтустік
европеоидтық немесе Жерорта тенізі нәсілінің қалыптасу аймағына кіреді.
Оңтүстіктік европеоидтардың белгілері Батыс Жерорта теніздік тұрғындардан
неғурлым толығырақ көрінеді.
Кавказдың оңтүстік бөлігінің және алдыңғы Азиямен көрші бөліктерінің
тұрғындары арасында каспий типтерінің аралығындағы алдыңғы азиялық тип
тұрады. Солтүстік Азияның оңтүстік европеиодтардың өкілдері-таулық
тәжіктерді, антропологтардың пікірі бойынша үлкен европеоидтың нәсілдің
таза өкілдері ретінде қарастыруға болады.
Еврапеодтардың оңтүстік бұтағының белгілері шведтер мен норвеждіктері
анығырақ байқалады.
Балтық теңізінің шығысындағы аудандарда тұратын адамдар нағыз шығыс балтық
типіне жатады. Оңтүстік-Шығыс Азияның халқының антропологиялық
ерекшелктерінің қалыптасуы үшін экваторлық нәсілдің океаниялық тармағы мен
монголоидтардың арасындағы өзара қарым-қатынастың мәні зор.
Европаның солтүсітк және солтүстік батыс аудандарында адамдардың өмір сүруі
басып жатқан мұз жойылған соң ғана мүмкін болады. Қара торы, қоңырқай шашты
және қоңыр европеоидтар солтүстікке климаты қатал, жыл маусымдары айқын
аудандарға жылжыған сайын қоңырқай ренктің жаңа жағдайларда қажеті жоқ,
тіпті артығырақ болып көрінетін жақтарына айықты. Депигментация процесі –
европеоидтардың солтүстік бұтағының қалыптасуындағы аса маңызды
факторлардың бірі. Евразияның қазіргі халқының саны 3 млрд-тан астам. Бұл
бүкіл жер шарындағы халықтың жартысынан астамы. Осынша көп адамның
материкте орналасуы мейлінше біркелкі емес.
Халықтың тығыз орналасқан жерлер-Батыс Европа Шығыс Азия, Оңтүстік Азия,
мұнда үлкен кеңістіктерде орташа тығыздық 200-ден 600 адамға дейін және
одан да астам болып келеді. Европада бұл көрсеткіштің жоғарылығы қалалардың
жиі орналасуы және өнеркәсіптің даму дәрежесінің жоғарылығымен
түсіндіріледі. Муссондық Азияда ауыл тұрғындарының орналасу тығыздығы
жоғары. Орташа тығыздық 90 адам десек, Вьетнамның кейбір аудандарында,Ява
және Шығыс Бенгалияда 1 шаршы км-ге 1000-1500 адамнан келеді. Сонымен қатар
муссондық азияның көптеген таулы аудандарында немесе тропиктік орманда
басқан үлкен ойпаттарда сондай-ақ қиыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Орта азияның далалық және шөлейт аударының өзендері
Бразилия таулы қыраты
Оқушылардың білімін бағалау
Антарктида мұз жамылығысының жер беті климатына ықпалы
Оңтүстік Батыс Азия
Атлант мұхиты бассейнінің өзендері
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Пәндер