Материктердің физикалық географиясы: эпигеосфера, кеңістік дифференциациясы және физикалық-географиялық аудандастыру


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Материктердің физикалық географиясы пәніне кіріспе.

Жоспары:

  1. Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі.
  2. Кеңістік дифференциациясы
  3. Физикалық географияның басқа ғылымдармен байланысы
  4. Физ-географиялық аудандастыру

Материктердің физикалық географиясы курсы география факультеттерінде оқылатын физикалық географиялық циклі пәндері жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.

Физикалық географияның зерттеу обьектісі-географиялық қабық(эпигеосфера), ол өзара әрекеттес жер қыртысынан, атмосфераның төменгі қабаттарынан, мұхит пен материк суларынан, топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың жеке құрама бөліктерін, немесе компоненттерін зерттеумен шұғылданатын физикалық географияға жақын және онымен тығыз байланысты ғылымдар-геология, климатология, гидрология, топырақтану, биогеография. Географиялық қабық біртұтас жүйе ретінде. Оның құрылысы, дамуы және оған тән қасиеттер мен негізгі заңдылықтар, физикалық географияның жалпы жертану деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Географиялық қабықты талдау, оның біртұтас екендігін және онда болып жатқан процестермен оны құрастыратын компоненттердің өзара тығыз байланысты және өзара тәуелді екенін көрсетеді. Бірақ географиялық қабыққа бұл біртұтастылықпен қатар, кеңістік дифференциация деп аталатын, кеңістіктегі әр тектілік, бір жерден екінші жерге өзгермелік тән болады.

Кеңістік дифференциация- бұл географиялық қабықтың оны құрайтын компоненттер мен онда өтіп жатқан процестердің қарама-қарсы әрекеттесуінің әсерінің даму нәтижесі. Географиялық қабық кеңістік дифференциация салдарынан сыртқы пішіні мен ішкі ерекшеліктеріне қарай өзгешеленетін салыстырмалы біртекті учаскелердің күрделі жүйесіне бөлінеді. Мұндай учаскелер табиғат комплекстері - геокомплекстер, геосистемалар, ландшафтар деп аталады. Географиялық қабықытың едәуір учаскелерін қамтитын және ұсақ масштабты карталарға ғана сиятын күрделі ірі геокомплекстердің ішінен ірі масштабты зерттеулерді талап ететін онан кішірек және элементарлық учаскелер бөлінеді.

Анықтау, картаға түсіру және кеңістіктік дифференциация бөліктерін сипаттау процесі - физикалық - географиялық аудандастыру деп аталады, ал физикалық-географиялық аудандастырумен және географиялық қабықтың нақтылы учаскесін зерттеумен шұғылданатын физикалық географияның тарауы - региондық физикалық география.

Жалпы жертану және региондық физикалық география өзара тығыз байланысты, өйткені зерттеу тақырыбы бір - эпигеосфера (географиялық қабық) . Бірақ біріншісі эпигеосфераны оның біртұтастық жалпылық жағынан, екіншісі- ішкі айырмашылық және региондық ерекшеліктер жағынан қарастырады. Сонымен бірге географиялық қабықтың ішкі айырмашылықтары (кеңістік дифференциация) кездейсоқ емес, бүкіл географиялық қабықтың біртұтас болмысы мен дамуын басқаратын жалпы заңдылықтардың көрінісі екендігін ескеру қажет. Сондықтан региондық физикалық география қабықтың жалпы қасиеттері мен заңдылықтарының нақтылы территориялардағы көрінісін зерттейді десе де болады және жертану региондық физикалық географиялық курстар үшін қажетті ғылыми-теоретикалық база болып есептеледі. Региондық физикалық географияны зерттеуде географиялық қабықтың дербес компоненттерін қарастыратын жеке курстардан (геология, өсімдік географиясы, топырақтану және т. б. ) алған білімдерідң де маңызы үлкен.

Региондық физикалық -география табиғи шептермен шектелген географиялық қабықтың кеңістіктік жеке бөліктерін зерттейді. Бұл бірліктер өте ірі (мысалы, тұтас материк, материктің бөлігі, мұхит), орта (материк шегіндегі үлкен табиғат регионы, мысалы, Сахара) және ұсақ болуы мүмкін. Зерттелген региондардың мөлшері менкүрделілігіне байланысты зерттеудің масштабы мен дәлдігі өзгереді, ол соған сай, оның мақсаттарымен анықталады. Ұсақ региондарды зерттеу әдетте егжей-тегжейлі талдана жүргізіледі, оның нәтижелері халық шаруашылығында практикада пайдаланылады. Үлкен территорияларды зерттеу ұсақ масштабпен, талдануы кемірек жәрежеде жүргізілгендіктен практикалықтан гөрі танымдық маңызы зор.

Ұсақ масштабты региондық география елтану ғылымымен тығыз байланысты. Елтану кең мағынада- бұл саяси-әкімшілік шекарадағы елге немесе ауданға географиялық сипаттама беру; оған- табиғатқа және табиғи ресурстарға, халқына, шаруашылығына, мәдениетіне сипаттама береді. Бірақ елтанк деп адам қоғамы үшін орта болып есептелетін физикалық-географиялық жағдайларды ғана зерттеуді де түсінуге болады. Мұндай «физикалық-географиялық» елтану мен региондық физикалық география аралығына теңдік белгісін қоюға болады.

Географиялық қабық пен оны құрайтын жүйелер-табиғат кешендер туралы айта отырып, адам қоғамының табиғатқа тигізетін әрекетінің зор әсерін ұмытуға болмайды. Тұтас алғанда географиялық қабық пен оның жеке учаскелері табиғат жүйелері ретінде жердің даму процесі барысында қалыптасқанымен, олар адам қоғамы пайда болған кезеңнен бастап, оның айтарлықтай өзгерістерге ұшырататын әсерін сезіне бастады. Қоғамның даму дәрежесіне қарай, оның қандай әлеуметтік-экономикалық формацияға жататындығына қарай, зерттейтін территорияның халқының тығыздығына қарай, табиғат комплекстерін адамның өзгертуі әр түрлі сипатта болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі.
  2. Табиғаттың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер
  3. Кеңістік дифференциациясы
  4. Физикалық географияның басқа ғылымдармен байланысы
  5. Физ-географиялық аудандастыру ұғымына түсініктеме беріңіз
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы: зерттеу объектісі, кеңістік дифференциациясы және региондық шолу
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы: географиялық қабық, физгеографиялық аудандастыру қағидалары және Евразия-Еуропа ерекшеліктері
Оңтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық сипаттамасы және ландшафтық аудандастыру
Жамбыл облысының физикалық-географиясы: ландшафттар, аудандастыру және табиғатты қорғау
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы: оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық аудандастырудың ерекшеліктері
Тынық мұхиттың физикалық-географиясы, табиғаты және аралдары
Австралия материгінің физикалық-географиялық ерекшеліктері мен аудандастырылуы
Солтүстік Американың физикалық географиясы және геологиялық-тектоникалық дамуы
Қазақстанның физикалық географиясы және табиғи ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz