Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары Симс қалпы, Фаулер қалпы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары: Симс қалпы, Фаулер қалпы.


Биомеханика (био . . . және механика) - адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т. б. ) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі ағзадағы механикалық қорғаныс туралы ғылым. Адамның қорғаныштық қасиеті ең қиын құбылыстың бірі. Адам көздеген мақсатына қимыл қозғалыс арқылы жетеді. Адам өз еркімен тоқтайды және қимыл қозғалысты бастайды. Қимыл қозғалыс белсенділігі бұлшық ет жұмысымен басқарылады

Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т. б. ) зерттейді.

Биомеханика құпияларын зерттеудің тарихы 13 ғасырдан Леонардо да Винчиденбасталады. Ол адамның қозғалысын анатомия және механика тұрғысынан зерттеген. Бұл саланың дамуына Ресей ғалымдары И. М. Сеченовтің, П. Ф. Лесгафттың, Н. А. Бернштейннің зерттеулері зор ықпал етті. Қазақстанда биомеханикалық зерттеулеракадемик Б. А. Домбровский мен академик Ф. Мұхамедғалиевтің жұмыстарынан басталады.

20 ғасырдың ортасында биомеханика тыныс алу, қан айналу, қозғалыс-қимыл биомеханикасы болып 3 салаға бөлінді:

  • тыныс алу биомеханикасы тыныс алу мүшелері (өкпе, көкірек қуысы) қимылының динамикасын зерттейді;
  • қан айналу биомеханикасы жүрек пен қан тамырларының серпімділік қасиетін, қан ағыны заңдылықтарын, жүрек жұмысын зерттейді;
  • қозғалыс-қимыл биомеханикасы анатомия және теориялық механика негізінде қимыл мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, дененің қозғалу заңдылықтарын, буын қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық ет күшінің әсерін, дене массасының дене бөліктеріне таралу заңдылықтарын зерттейді.

Биомеханика саласындағы зерттеулердің еңбек пен спорт физиологиясы, ғарыштық биологиялық, ортопедия салаларын дамыту, жасанды тыныс алу, қан айналу аппараттарын жасау, бионика принциптеріне негізделген роботтар мен манипуляторлар құрастыру үшін маңызы зор.

Қалі ауыр науқасқа күтім жасау барысында ауыртпашылық және жауапкершіліктің барлығы мейірбикеге жүктеледі. Олар науқасты керуетке орналастырады, каталкамен алып жүру, науқасты кресло-каталкамен, носикамен тасымалдау, ал тасымалдау құралдары болмаған жағдайда қолмен тасымалдайды. Науқасты тасымалдау барысында оның қаіпсіздігіне көңіл бөлу керек және тасымалдау белгілі бір тәртіппен, ұқыптылықпен жүргізіледі.

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

Мақсаты: төсекте науқасты жартылай отыру қалпымен қамтамасыз ету

Фаулер қалыпта жату - науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады. Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер жағдайы - 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды - өкпе, жүрек демікпесінде, гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады

Науқасты жоғары Фаулер қалпында жатқызу
Мақсаты: Науқастың арқасымен мәжбүрлі жату қалпы. Науқасты ішімен жатқызу.

http://shava.kz/uploads/posts/2014-04/1397737953_slayd3.jpg

http://shava.kz/uploads/posts/2014-04/1397737900_slayd6.jpg

Симс қалыпта жату - науқасты бір қырынан жатқызу керек. Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады

http://s00.yaplakal.com/pics/pics_original/2/5/4/365452.jpg

Науқасты бір қырынан жатқызу

Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына қойыңыз.

Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз.

Денебиомеханикасының бұзылуы адамнаң өздігі нен жүре алмай қалу қаупін тудырады. Өздігінен жүре алмайтын адамды (науқасты) міндетті түрде тасымал-дауға тиістіміз. Тасымалдау түрлері жоғарыда айтылғандай каталкада, кресло каталкада, зембілде, өздігінен қозғала алатындарды жаяу медбике көмегімен тасымалдау, қолға алу жатады. Тасымалдауда науқасқа ешқандай да зақым келтірмей, бөлімшеге құжаттарын толық түрде қамту арқылы жеткізуіміз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғау. Науқастың әртүрлі функциональді қалыптары. Симс қалпы, Фаулер қалпы
Медицинадағы электро термометрлер жұмыстың физикалық негіздері
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
Науқастың төсектегі қалпы
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Тірек - қимыл аппараты аурулары әдебиеттерге шолу
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Дене биомеханикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz