Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жанұямен танысқанда алған пікірлерді талдау. Жанұямен қарым-қатынаста жеткен жетістіктерді және қиыншылықтарды талдау.

Кіріспе
І. Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты.
0.1. Жанұяға ғылыми психологиялық көзқарастар.
0.2. Жанұя - тұлға қалыптасуындағы негізгі фактор.
ІІ. Жанұялық қарым - қатынас мәдениетінің теориялық негізі.
2.1. Жанұялық қарым - қатынастардың психологиялық құрылымы.
2.2. Жанұялық дау - дамайлардың балалар психикасына ықпалы
Зерттеу - тәжірибелік бөлім.
Қорытынды.
Әдебиеттер.


Кіріспе
Көкейкестілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалды, рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің, қалыптасуының негізі - оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі.Отбасындағы ата - ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған Балалар құқығы туралы Конвенция (1995), Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы (1999), Қазақстан Республикасының Балалардың құқығы туралы заңы (2002), Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының 2030-жылғы жолдауындағы, мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз болары сөзсіз. Ұрпақ қамы - ертеңгі ел қамы. ХХІ-ғасырда өмір сүріп, еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт талабынан өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану - кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.
Өсіп келе жатқан бала үшін жанұяның тәрбиелік ықпалының қаншалықты екендігін ресейлік М.И. Лисина, И.В. Дубровина, А.Г. Фузская т.б. және де Қ.Т. Шерьиазданова, С.М. Елеусізова, К. Оразбекова сияқты отандық педагог - психологтардың зерттеулерінен көруге болады.
Жанұяда баламен қарым - қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білулері керек. Бүгінгі күндері әкелер түрлі себептерге байланысты (экономикалық, әлеуметтік) өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Жанұя тәрбиесіндегі ана ең алдымен баласын түсіне білуі керек. Ана бала туралы өз міндетін дұрыс атқармайтын жандарды Л. Никитина қорқақ ана, азап шегуші ана, жылауық ана, ментор ана, және көкек ана деп топтайды. Үлкендердің зекуі, бұйрықты түрде сөйлеуі өсіп келе жатқан бала мінезіне теріс ықпал етеді. Теріс тәрбие беретін нашар әдеттерді көрсетіп, ата - аналар өзің айнытпай қайталайтын еліктегіш жан барын ұмытады. Осы тұрғыда Ж. Қоянбаев жанұядағы тәрбиенің қиындығы мынада деп түсіндіреді: әке мен шеше өздерінің кемшіліктерімен күреспейді, қайта оны жуып- шайады, солай бола тұрса да, олар балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Мұндай жағдайлар балаларды дұрыс жолдан тайғызып, оларды екіжүзділікке итермелейді- деп түсіндіреді.
Жанұялық тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көптеген ұлы ғалымдар зерттеп, ол туралы құнды пікірлер айтқан. Біздің қарастыратын мәселеміздің өзектілігі ретінде және тақырыбын жанұядағы дау - дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы деп белгіледік.
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төл тума этнопсихология мен этнопедагогиканың орны зор. Оның өзекті арқауына ұлтты сана сезім, қадір - ққасиет, ар - ождан, ұлт жандылық, отан сүйгіштік, ізгілік, ізетттілк, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. басқалар жататыны, олардың өмірдегі мән - маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдықпен батырлыққа, сөзбен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудін орны ерекше.
Жанұяда, әсіресе ата- ананың, туған - туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылдап жатқан шешімдерге берген бағаларды жас бала арнайы тындап, мән бергенімен, ойын арасында естігнін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналауы мүмкінү
Зерттеу нысаны: балалар мен ата - аналардың жанұядағы қарым - қатынас әрекеті, дау - дамайлар және баланың жеке басының қалыптасуына ықпалы.
Зерттеу пәні: жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениетінің теориялық негіздері, дау - дамайлар және оларды болдырмау жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қарым - қатынас мәдениеті қалыптасқан жанұя тәрбие үрдісін баланың жеке басының жан- жақты қалыптасуына ғылыми тұрғыдағы негізделген бағытта ұйымдастырса, баланың жеке басының сапалы қалыптасу мүмкіндіктері туындайды.
Зерттеу міндеттері :
1. Жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениеті мен дау - дамай мәселесінің психологиялық негізін анықтау.
2. Жанұядағы қарым - қатынас мәдениеті ерекшеліктерін анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.
3. Жанұядағы дау - дамайлардың бала жеке басының қалыптасуына ықпалын көрсету.
4. Жанұядағы дау - дамайларды болдырмау мен алдын- алудың әдістемелік нұсқауларын әзірлеу.
Жетекші идея: Нарықтық экономика мен ғылыми - техникалық прогресс жағдайында жанұя мен балалардың қарым - қатынас мәдениетін жақсарту негізінде баланың жеке басының парасатты, белсенді, дарынды, креативті, ұшқыр ойлы қасиеттерін қалыптастыруға болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері мен деректі көздері: жеке тұлға дамуындағы іс - әрекет және өзара қарым - қатынас теориялары, этномәдениет және этнопсихология ғылымдарындағы қарым - қатынас жайлы ілімдері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар, Балалардың құқығы туралы Конвенция т.б.)
Зерттеу әдістері: психологиялық, философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, мәдени әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ - сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға, дау - дамайларды болдырмауға арнайы ұйымдастырылған ойын жаттығулар, ата - аналарға арналған семинарлар арқылы қалыптастыру көрсетіледі
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Жанұядағы қарым - қатынас мәдениеті, жеке тұлғаның мәдениеті ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметтері анықталады.
2. Жанұядағы дау - дамайларды болдырмау мен алдын - алу жолдары, әдістемелік нұсқаулары жасалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайдағы жанұя мен балалар қарым - қатынасының ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделіп, жанұядағы қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептің, бала - бақшаның оқу - тәрбие үрдісінде, ата - аналарға пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Семей қаласы Жас қанат балалар орталығындағы мектепке даярлық тобында жүргізілді.Зерттеуге 25 бала, 18 ата - ана қатысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жанұядағы жағымды қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру баланың жеке басының қалыптасуында алғы шарты болып саналады.
2. Жанұядағы қарым - қатынас мәдениеті ұғымының психологиялық сипаттамасы.
3. Жағымды қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тәжірибелік - зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І. Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты.
1.1.Жанұяға ғылыми психологиялық көзқарастар

Жанұя - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысаны, яғни тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі.
Жанұя қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Жанұяда бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар азаматтық кәмелетке толғанша тәрбиеленеді. Жанұя сондай-ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ошағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі әлеуметтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Жанұя негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды. Алайда, жанұя тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана емес, сонымен қатар адамдардың ұрпақтарын байланыстыратын ата-ана мен балалардың қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі жанұяға аса маңызды әлеуметтік сипат береді. Жанұяның мәні оның міндеті мен құрылымы мүшелерінің атқаратын рөлі деген ұғымдар арқылы көрініс табады, жанұяның міндеттері, бір жағынан жанұямен қоғамның, екінші жағынан жанұямен жеке адамның өзара іс-қимылын көрсетеді.
Жанұяның аса маңызды міндеттері - артына ұрпақ қалдыру және оны тәрбиелеу мен асырау, жеке меншікті мұраға қалдыру.
Жанұяның құрылымы дегеніміз туыстық қатынастамен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар, яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл қатынастың жиынтығы.
Дәстүрлі қатынастарғы сәйкес әйел үй шаруасын қамдады, бала туып, тәрбиеледі, ал еркек қожайын болды, көбінесе жер мен мүлік иесі рөлін атқарады, жанұяның экономикалық дербестігін қамтамасыз етті. Келе-келе жанұядағы әйелдерде өндірістік қызметтерге араласып, жанұялық ортақ міндеттерді шешуге тең дәрежеде қатыса бастады. Мұның өзі некелік жанұялық қатынастардың ерекшеліктеріне, бала туу деңгейінің өсуіне әкеліп соқты.
Жанұя аса маңызды әлеуметтік құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып отыр. Ағылшын этнографы Л.Морган Көне қоғам (1884) атты еңбегінде жанұя тарихын дұрыс бағытта талдады. Марксизм жанұяны дара және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс деп қарады.
Жанұяның негізі - еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас нысаны болып табылатын неке. Өйткені қоғам өмірінде жүріп жататын аса күрделі үдерістердің бір парасы - халықтың өсіп-өнуі мен табиғи тығыздығының артуы, өмірге келіп жатқан жаңа ұрпақтың рухани және материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, балалардың ата-ана тәрбиесінде және қамқорлығында болуы осы қатынастық қалыпты жағдайы мен сипатына, мазмұндылығы мен баяндылығына байланысты. Жанұяның неғұрлым кең тараған тұрпаты - нуклеарлық, ол балалы және баласыз бір жұптық жұбайлардан құралады. Нуклеарлық жанұя толымды және балалы ерлі зайыптылардың біреуінен ғана құралатын толымсыз жанұя да болуы мүмкін. Толымсыз жанұя не ерлі - зайыптылардың ажырасуынан, не ерлі - зайыптылардың бірінің қайтыс болып, жесір қалуынан, не некеге тұрмаған ананың некесіз бала табуынан болады. Қолайсыз экологиялық және психологиялық жағдайлар да, отбасындағы қатыгездік ықтимал әлеуметтік қатерге айналып отыр. Жанұялық тұрмыстың тұрақсыздығы, дағдарысты құбылыстардың белең алуы, өтпелі кезеңде ел басынан кешіріп отырған әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға ғана ішінара байланысты болып отырған жоқ, сонымен бірге ең алдымен ажырасушылық санының көбеюінен де көрініс тапқан. Әрбір жанұяның жұпқа шаққанда бала саны ұдайы қысқарып келеді.
Өткен замандарда жастар ата - ананың құда түсіп, қыз айттыруы жолымен некелескен болса, қазіргі заманда жастардың көбі некеге тұру туралы шешімді өздері қабылдап, некелесетін жұбайларды өздері таңдайтын үрдіс қалыптаса бастады. Осыған орай ерлі-зайыптылар арасындағы, әке-шеше мен балалар арасындағы қарым-қатынас та, жанұядағы жетекшілік құрылым да өзгеріске ұшырап келеді. Ал дәстүрлі жанұяда ұсталатын дәстүрлі салт-ғұрыптар мен құндылықтардың мәні төмендеп, жекелеген жанұядағы жеке басылық қарым-қатынас барысында үрдіске айналып келе жатқан әбес мінез-құлық нормалары мен үлгілері етек ала бастады. Сонымен, жанұяның негізгі атқаратын қызметтерін айтатын болсақ:
- қайта өндіру (репродуктивті) - ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі)
- шаруашылық - экономикалық, (орта шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жек дар ықпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптерімен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті - отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпқа келу (рекреативті - бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік - мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әлеуметті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі әлеуметті отбасы - ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды).
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқозтығын туындатын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екі жүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдаумен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен елінеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көиектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.
Либералды стилдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіресе сүйіспеншілігін қорғаныс етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екі жүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлықпен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті стилді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды. Бүгінгі таңда ауқымды мәселелердің бірі - жағымсыз жанұяның қоғамға әсері жайында көптеп талқылануда. Жалпы, жағымсыз жанұяның өзін біз бірнеше топқа бөліп қарастырамыз:
- криминогендік жанұя;
- аморальдық жанұя - алкогольдік және жыныстық, тәртіпсіздік сипат алған;
- проблемалық жанұя - үнемі конфликтілі қарым-қатынаста болады;
- толымсыз жанұя.
- тәрбие әдісін дұрыс пайдаланбайтын жалған жағымды жанұя, әке-шешесінің тым қатал болуы, баланы ұрып-соғу, жәбірлеу.
Жағымсыз жанұяны сақтандыру негізіндегі алғашқы мәселе бұл криминогенді және аморальды жанұялардың ерте пайда болуы болып табылады. Әсіресе, бұндай жанұялар өздерінің балаларын тәрбиелеуден бас тартады, яғни өздерінің маңызды конституциялық міндеттерін дұрыс атқармайды.
Балаларды тәрбиелеудегі тиісті міндеттердің бұзылуы, ата-аналар жанұялық - құқықтық жауапкершілікке тартылады. Бұндай жауапкешіліктің шаралары ата-ана құқығынан айырылу, ата-анасынан баланы алып, басқа адамдарға беру. ҚР Отбасы құқығы 11-тарау, 67 бап, 68-69 бап.
Жанұялық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі мақсаты - ата-аналарының жағымсыз әсерінен баланы изоляция жолымен зардаптарды тоқтату. Жалпы, жанұяны сақтандырудағы қиындықтардың бірі бұл криминогенді проблемалық және жағымсыз жанұяларда көрінеді. Егер криминогенді және аморальды жанұяларда ата-аналардың балаларға деген жағымсыз әсерінен көрінетін болса, онда проблеманы және жағымсыз жанұяларда бұндай негативті әсерлер жасырын болып келеді. Алғашқыда, бұнда жанұяларға балаларды тәрбиелеуде дұрыс емес әдістерді қолдану тән болған. Сонымен қатар балаларымен қарым-қатынасты орната алмаушылыққа, олардың мінез-құлқын бақылай алмаушылыққа әкеп соқты. Ең соңында бұл балалардың ата-анасынан жатырқаушылық туындады. Сонымен бұндай жанұялар өзінің педагогикалық сауатсыздығымен және ата-ананың жауапсыздығымен ерекшеленеді. Педагогикалық сауатсыздықтың кең тараған формасы - тәрбие тәжірибесіндегі денеге күш салу, жазалау, қорлау, зорлықты қолдану болып табылады. Бұндай жазалаудан кейін балаларда негативті зардаптар байқалады - балалар мейірімсіз, ашуланшақ, қайырымсыз, қорқақ және екі жүзді, көнгіш және қорғалақ болыд табылады. Ата-ананың жауапсыздығы бірнеше формада көрінуі мүмкін.
Әлеуметтік қауіпті формасы ата-ананың балаларын тәрбиелеуде міндеттерді атқармауы. Ата-ана жауапсыздығының екінші формасы - жасырын әлсіздік деп айтуға болады, яғни тәрбиеге әкенің қатыспауы. Бұл әсіресе ұл балаларға қатты әсерін тигізеді.
Ата-аналар жауапсыздығының көп таралған формасына рухани кереңдік жатады. Яғни балалар, әсіресе жасөспірімдер мен ата-аналар арсындағы жатырқаушылық. Бұл феномен ата-аналардың балаларының ішкі өміріне ынтасыз қатынасын және немқұрайлығынан көрінеді. Ата-аналар мен рухани байланыстың болмауы жасөспірімдер үшін ауыр. Олар көп уайымдағаннан тұйық болып, ата-аналарымен өзінің қуанышымен және қайғысы мен бөлісуден бас тартады. Жасөспірімдердің ата-аналарынан жатырқап кетуі - құқықты бұзудың ең маңызды әлеуметтік психологиялық себептерінің бірі болып табылады. Ата-ана жауапсыздығының тағы бір формасы - тәрбие функциясын қоғамдық мекемелерге тапсыру, яғни ата-аналар өз балаларын көптеген секцияларға, музыкалық мектептерге орналастыру деген талпыныстан көрінеді. Олар балаларының тәрбиесін ұйымдастырушыларға, педагогтерге, жаттықтырушыларға толығымен тапсырады.
Ата-ана жауапкершілігін жоғарлатудың негізгі жолдарын қарастырайық. Ең біріншіден бұл - ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыртастыру болып табылады. Педагогикалық білімнің негізгі қайнар көзіне: арнайы педагогикалық әдебиеттер, ұстаздардың, оұытушылардың кеңесі, радио мен теледидардағы бағдарламалар, журналдар мен газеттердегі материалдар болып табылады. Ата-аналарды педагогикалық мәдениетке ынталандыру үшін мектептердегі педагогикалық факультеттерді ұсынуға болады.
Келесі, ата-аналардың жауапкершілігін жоғарлату жолына келсек бұл - жанұядағы тәрбие әдістерін өзгерту. Тәрбиенің авторитарлы әдістерінің орнына ата-аналардың демократиялы әдістерге көшуі қажет, яғни балаға кеңес беріп, онымен шын жүректен сөйлесіп, оны жиі қолдап отыруы тиіс. Бұл ата-анамен балалар арасындағы рухани байланысты орнатуға, жанұядағы психологиялық климаттың қалыпқа келуіне көмектеседі. Сонымен қатар қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейтіп, тығызды эмоционалды байланысты және өзара түсунушілікті орнатады, ата-аналарының өз балаларының рухани өміріне кіруге, олардың қарым-қатынасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.
Сонымен ата-ана жауапкершілігі жағымсыз жанұяның ең маңызды ескерту құралы болып табылады. Қазіргі кезде жағымсыз жанұяның ең тиімді ескерту құралы болып, әсіресе проблемалы жанұяларда - жанұялық психотерапия болып табылады. Оның негізгі мақсаты тұлға аралық қарым-қатынасты өзгерту және жанұядағы эмоционалды бұзулыларды жою.
Бүгінгі таңда криминогенді сақтандырудың негізгі қиындығын толымсыз жанұядан көруге болады. Жалпы, толымсыз жанұяның пайда болу себебі ата-аналардың ажырасуы болып табылады. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың көбі толымсыз жанұядан шыққандығы мәлім. Сондықтан да ажырасудың алдында ата-аналар балалары үшін жанұялық ажырасудың жағымсыз зардаптары жайлы ойлануы тиіс.
Қазіргі күні жас жанұяны сақтау аса ауқымды проблема болып отыр. Өйткені бұндай жанұяда ажырасу жиі кездеседі. Сондықтан да жас жанұяны сақтауда жанұяның алдында тұлғаның жауапкершілігін қалыптастыру, оның жанұялық міндеттерін орындауға дайындық қажет.
Міне жағымсыз жанұяны алдын алудың негізгі жолдарын айтатын болсақ: бала мен ата-ана арасындағы жатырқаушылықтың пайда болуын алдын алу және олардың арасындағы тұрақты эмоционалды байланысты орнату, ата-ана жауапкершілігін тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен қатар Бала тәрбиесі - бесіктен демекші бұндай жағымсыз жанұяларда дүниеге келген баланың алдағы өмірі жақсы болады дегенге ешкім де кепіл бере алмайды. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Жағымсыз жанұяларда туындаған конфликтер, қақтығыстар, жоғарыда айтып кеткендей аморальдық, проблемалық және криминогендік жанұялардағы жағымсыз әрекет қылықтар бала санасына психикасына қатты әрі ауыр әсер етеді. Бұны көрген бала ертең әрине бұл әрекеттерді қайталауы мүмкін.
Жалпы, бала қылмысы дегеніміз не? Бұл жас балалармен жасөспірімдердің қоғамға қауіпті әрекеті деп айтуға болады. Капиталистік мемлекеттерде аштық, қайыршылық, теңсіздік, панасыздық бала қылмысын көбейтетін. Мысалы, АҚШ-та 1963 жылды 1953 жылмен салыстырғанда 4,2 есе, Англияда 1962 жылы соғысқа дейінгіден 3 есе артқан болатын. Ал 2005 жылы Алматы қаласы бойынша сынақ жүргізу барысында жасөспірімдердің 106 қылмыстық ісі қозғалғаны айтылды. Яғни, 2004 жылға қарағанда 20,5 %-ға өскенін көріп отырмыз. Міне күннен-күнге көз алдымызда қылмыс және қылмыскерлердің саны ұдайы өсіп барады. Неліктен?
Бұл сұрақтың жауабын көптеген атақты ғалымдар, қылмыстық іспен айналысатын азаматтар табуда. Олардың ойлауынша, жасөспірімдердің қылмыс жасауына әр түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Айталық, отбасының тұрмыс-тіршілігі, яғни күн көріс қиындығы әсер етеді. Сондай-ақ ата-анасы ала дорбасын арқалап күн көріс қамымен базарда жүріп, баласының күнделікті немен шұғылданып жүргеніне мән бере қоймайды, оның үстіне кәмелетке толмаған баланы қадағалауға міндетті мектептің де, мұғалімдердің де тарабынан бақылау төмен. Рас, тәрбие жұмыстары соңғы кезде қолға алына бастады. Бірақ кезінде арқауы босап кеткен нәрсені бірден қалпына келтіру оңай болмас. Яғни, түп негізінде біз қайтадан тәрбиеге келіп тірелеміз Тәрбиелі адам -тағалы атпен тең. Бұл жерде, осы айтылғанның бір жағына ғана, яғни тәрбие негізінің бірі - тәрбиеленушілерге талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай күннен бастап талаптар қойып, міндеттер жүктеп олардың орындалуын отырмаса, жас өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне машықтандыру қиынға түседі.
Жалпы, жанұяда тиімді тәрбиеленудің белгілі ережелері қалыптасқан:
баланы бір қалпында сүю; құрметтеу қажет;
- балаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
- баламен қатынас, оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да, ең қонымды тәрбие әдісін таңдап қолдануға болады;
- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланың намысына тиіп, қорламаңыз (еш уақытта бала жаман емес, оның қошығы жаман);
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарпынан айтылған сын-пікірлерден қорытында жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн; өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыс;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
- өз балаңызға қанша рет жоқ деп бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;
- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-насының өз өміріне шын ықыласпен арласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;
- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып, тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;
- баланы қиындықтар құрсауында жападан-жалғыз қалдыруға болмайды. Жанұя тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау болып табылады. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу қажет. Міне сонда ғана жазбалану жолы Ұлы жол болады деп айтуға болады. ҚР Отбасы құқығы 10 тарау 62 бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар және оған міндетті.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жаупкершілікте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілікті шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. (ҚР Отбасы құқығы. 9 тарау. 52-бап). Бала тәрбиесінде біз әсіресе жасөспірімдік кезеңге көп көңіл бөлуіміз қажет. Себебі бұл кезеңде баланың дамуындағы барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Яғни, организмнің сана сезімі қарым-қатынасының әлеуметтік өзара іс-ірекет әдістерінің, мінез-құлқының және оларға арқау болатын моральдық этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылу нәтижесінде ересектік элементтер пайда болады.
Жасөспірімдік кезең 11-12 жастан 14-15 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңді оның жалпы дамуындағы ерекше орнына, күрделілігі мен маңыздылығына сәйкес өтпелі қиын кезең деп атайды.
Жасөспірімдік шақта эндокриндік және нерв қызметтеріндегі бүрынғы тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе - теңдік қалыптасады. Бұл қайта құрылу жасөспірімнің ішкі жағдайларына - көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқадақытығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, мезгіл - мезгіл селқостылығынын, енжарлығынын негізі болып табылады. Жеткіншек өзін ересекпін деп сезіне бастайды. Жолдастарымен қарым - қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие болады. Оларда бір жағынан құрдастарымен қарым - қатынаста бірлесіп, іс - әрекет жасауға ұмтылу, коллективте өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, ал екінші жағынан, жолдастарының арасында қабылданып, танысуға, олардың оны сыйлауына деген ұмтылыстан көрінеді, бұл ұмтылыстар түрліше болып келуі мүмкін. Мысалы, өз қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау, сондай - ақ қиқандап, сайқы мазақтану, күлдіруге тырысқан іс - әрекеттер, өтірік - шыны аралас әр түрлі жайларды айтуда болуы мүмкін. Әрбір жасерекшелік топ көптеген психологиялық ерекшеліктермен сипатталады. Жасөспірімдердің мінез - құлық спецификасын көп жағдайда өздеріне тән мінез - құлықтың стереотиптерімен түсіндіруге көмектеседі. Немесе А.Е.Личко ұсынған жасөспірімдер реакцияларынан көруге болады.
Эмансипация реакциясы - ересектердің қорғалуынан, бақылауынан, басшылықтан, қамқорлығынан босатылуға деген талпыныс. Бұл қыздарға қарағанда, ұл балаларда жиі байқалады.
Қызығу реакциясы - хобби реакция - жасөспірімдерге тәне ерекшелік жеткіншек өзінің барлық бос уақытын қандай да бір қызығушылық түріне арнайды.
Жасөспірімдердің мінез - құлық акцентуациясын А.Е.Личко толығымен зерттеп, ұсынған болатын. Акцентуацияның кейбір типтеріне тоқталып өтейік.
Гипертимді тип. Бұл типке жататын жасөспірімдер бала кезінен мазасыздығымен, тынымсыздығымен, дербестігімен тіпті мықтылығымен де ерекшеленеді. Олар көбіне қауіп - қатерді және соқыр тәуекелділікті ұнатады, өзінің ұшқалақтығымен ересектерге ауыр күш әкеледі, сыныптастарын олардың күші, тапқырлығы, қиын жағдайлардан шыға алатындығы айбындырады.
Олардың негізгі белгісі - көтеріңкі көңіл - күй. Гипертимді типке жататын балаларға эмонсипация реакциясы айқын көрінеді. Гипертимді жасөспірімдердің әлсіз жері - бір қалыпты жағдайларға төзе алмауы болып табылады.
Тәрбие, бақылаудың жоқтығынан олар жағымсыз серіктестікке елігіп кетуі мүмкін, яғни алкогольге, нашақорлыққа әуестеніп, ерте жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін.
Лабильді тип - бұндай жасөсіпрімдердің негізгі белгісі - көңіл - күйінің тұрақсыздығы. Көңіл - күйдін ауысуы жас өспірімдердің қоршаған орртамен қарым - қатынасына әсерін тигізеді. Жақын адамдарын жоғалтып алса, оны өте ауыр қабылдайды. Олар адал достыққа бейім болып келеді.
Эмонсипация реакциясы бірқалыпты, ол тек жағымсыз жанұя жағдайларында жоғарылайды. Топта лидерлікке аса талпынбайды.
Шизоидті тип. Бұл типке жататын жасөспірімдер - тым тұйық болып келеді. Интуицияның дамымауына байланысты олар құрбы - құрдастарымен байланысты орната алмайды.
Эпилиптоидті тип. Кейбір белгілері балалық шақта байқалады. Бала көп уақыт жылап отырып алады, оны тоқтату, жұбату қиынға соғады. Сонымен қатар бұндай балалар жануарларды азаптап, балаларды мазақ етуді ұнатады. Кішкентай кезінен өте агрессивті болып келеді.
Эмонсипация рекциясы өте ауыр өтеді. Лидерлікке талпынып, өзін көрсеткісі келеді.
Истероидті тип. Бұл типте эгоцентризм (менменшілдік) анық көрінеді. Қоршаған ортаның көңілін аударту үшін, олар көбінесе өтірк алдап, өз персонасын көркемдей түседі. Кішкентай кезінен үйден қашуға бейім болып келеді. Алкоголь және нашақорды қолдануды ұнатады.
Тұрақсыз тип. Кіші кезінен мазасыз, тілді алмайды, сонымен қатар қорқақ, бөтен балаларға жеңіл бағына салады. Мінез - құлқынын қарапайым ережесін қиындықпен қабылдайды. Бірінші сыныптан бастап, оқуға деген тілегі төмен. Бос уақытында қыдырғанды қалайды. Кішкентай кезінен темекі шеге бастайды. Барлық жаман әдеттер осы типке жабысып алғандай болады. Оларды не оқу, не еңбек қызықтырмайды.
Конформды тип. Негізгі белгісі - барлығымен келісе берушілік. Олардың негізгі қасиеті және өмірлік принципі - барлығы сияқты өмір сүру, барлығы сияқты ойлап, әрекет жасау, талпыну. Әрқашан қоршаған сай келуге талпынғаннан, оған мүлде қарсы шыға алмайды. Конформды жасөспірімдер - толығымен өзінің микроортасының жемісі болып табылады. Жақсы ортада болса, олар жаман емес балалар, яғни тәрбиелі орындаушы. Ал егер жаман ортаға түсетін болса, олар күннен - күнге жаман әдеттерге, әрекеттерге, салт - дәстүрлерге машықтанып кетеді. Құқық бұзушылықтың қатарына елігіп кетуі мүмкін. Конформды балалар оқу және еңбек іс - әрекетінде өздерінің потенциалды мүмкіндіктерін жасырып, ағыс бойынша жылжуды қалайды. Оларға бір топтан екінші ауысу қиындыққа соғады. Бұндай балаларға инициативтілік, мықтылық, шешімділік тән.
Конформды жасөспірімдердің әлсіз жері - жағымсыз әсерге қарсы тұра алмау қабілеті.
Аталған жасөспірмдердің мінез - құлқының ауытқушылығын А.Е.Личко келесідей зерттейді: тұрақсыз типтің мінезіне сай 76 пайыз, құқық бұзушылық тән, эпилептоидті типке 61 пайыз, истероидты - 52 пайыз, шизоидтіге - 44 пайыз, гипертимдіге - 36 пайыз және лабильдіге де - 36 пайыз.
Құқық бұзатын жасөспірімдерді зерттеу барысында мінез акцентуациясының жиі типтеріне : тұрақсыз, эпилептоидті және истероидті типтер жататындығы анықталды.
А.Е.Личконың айтуы бойынша әрбір құқық бұзушының мотивтері әр түрлі болып келеді. Мысалы, гипертимді жасөспірімдердің ұрлыққа түсуі - өзінің жолдастырына өзінің мықтылығын көрсету, дәлелдеу болып табылады.
Көбінесе жасөспірмдердің қылымысты істеуі топ қылымысының арқасында жүзеге асады, яғни жолдастарын қолдаудан соқыр талпыныс сияқты мотивпен топ ішінде авторитетке иемдену.
Криминогенді топ спецификалық психологиялықмеханизмдер арқылы өздерінің мүшелеріне жан-жақты әсерін тигізеді:
1. Криминогенді топ қылмыстық әрекеттің негізінде жатқан бағдарлардың және көз-қарастардың қалыптасуының базасы болып табылады.
Психологиялық механизмімен топ өзінің мүшесіне қылым көрсетсе, ол конформизм деп аталады. Бұндай топтардың қаншалықты антиәлеуметтік бағыты көрінетін болса, онда конформизм соншалықты қатты болып келеді.
2. Криминогенді топпен жасөспірімдердің идентификациясы қылмысты орындаудағы кедергілерге деген ішкі мотивтерінің әлсіздеуіне әкеп соғады. Бұл құбылыстың негізінде психологиялық қорғаныс механизмдері жатыр. Әсіресе осның негізінде орындалған және орындалатын қылмыстық істің жауапкершілігінен іштей босатылады.
3. Криминогенді топ өзінің мүшелеріне қылмыстық әрекеттің психологиялық механизміне конформизм сияқты, енді еліктеу қосылады. Жасөспірімдердің еліктеуге бейімділігі олардың жас ерекшелік ерекшкліктерімен анықталады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша криминогенді топтың бір мүшесі қалғандардың көзінше қылмысты орындайды. Содан кейін құрбы-құрдастарымен әңгіме барысында қылмыстық әрекетіне мақтанып, олардан қолдау алады.
Жасөспірімдер істеген күштеу, зорлау қылмыстарына: бұзақылық, өлтірушілік, денеге ауыр зардаптар түсіру, зорлау жатады. 1995 жылдың аяғында жасөспірімдердің қылмыстық құрылымы: қастықпен әдейі өлтіруі - 0,6 %, ауыр дене зардаптары - 0,9%, золау - 0,8%, бұзақылық - 7,5% құраған.
Сонымен көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыстық ісі көбінесе бұзақылық әрекетінде жиі байқалады. Сондықтан да ауыр дене зардаптары және өлтірулер негізінде бұзақылық мотивтері жатыр. Криминология лық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық істің негізінде жасөспірімдердің өзін таныту қажеттілігі басым болып келеді. Өзін таныту қажеттілігі әрбір адамға тән, бірақ бұл жасөспірімдік кезеңде анық көрінеді. Жасөспірімдердің күштеу мотивациясы жоғары эмоционалдылық және ситуативтілікпен сипатталады. Жеткіншектердің күштеу әрекет - қылығы қайырымсыздықпен байланысты болып келеді.
А.В.Филонов қайырымсыздықтың гензисін зерттей келе, мынадай қорытынды шығарды, яғни жасөспірімдердің қайырымсыздық әрекеті көп жэағдайларда 11-16 жас аралығында тым қатты байқалады. Психологтардың ойынша бұндай қайырымсыздықтың, мейірімсіздіктің көрінуі көп жағдайда баланың ересектермен өзара қарым-қатынасындағы қайырымсыздықтан, әсіресе ата-анасымен қарым-қатынасына туындайды.
Тұлғаның балалық шақта дұрыс дамымауына көптеген ғалымдар көңіл бөлген. Әсіресе , Б.Холыст, Н.Ф.Кузнецова. Кузнецованың айтуы бойынша, ерте балалық шақтағы қарым-қатынас потологиясы аяғында бұзақылықты және күштеу мотивациясын ескертуі мүмкін.
Бала тұлғасына қатты әсер ететіні анасының жоқ болуы, ана махаббатынан айырылуы. Қазіргі заманның ағылшын психиатры Д.Боулби жағымсыз жанұядан шыққан,ана махаббатынан айырылған баланы көп уақыт бойы бақылап жүрген. Оның ойынша 6 айдан 3-4 жасқы дейінгі баланың анасының болмауы, бала интеллектісінің төмендеуіне, кінә сезімінң болмауы.
Сонымен, баланың қалыпты дамуына, әсер ететін, құқық бұзушылар қатарына итермелейтін көптеген факторларды қарастырып өттік. Ол, яғни, қоғамның әлеуметтік жағдайы: қоршаған орта, жағымсыз жанұя, ата-ананың жауапсыздығы,тәрбиесі, баланың жолдастары және т.б.
Бүгінгі күні жас балалар мен жасөспірімдерге арналған көптеген бірлестіктер ашылуда және оның балалар өмірінде маңызы өте зор. Балалар және жасөспірімдер бірлестіктері тәрбиеленушілердің қызығулары мен қажеттерін қанағаттандыру негізінде олардың мүмкіндіктерін дамыту мен іске асырңуда көмегін тигізеді. Мұндай бірлестіктер әр балаға өз қалағанымен айналысуға, өз мүдделерін қорғауға, өзіндік басқару жұмыстарына арласуға мүмкіндік береді.
Тәрбиеленушілер әрқилы мақсаттар төңірегінде бірігеді. Ондай мақсаттар түрлері келесідей болуы мүмкін: өз құрбаларымен ресми емес қарым-қатынасқа түсу; қарым-қатынас шеңберін кеңейту; тұрмыстағы өз орны мен беделін анықтауда, қарым-қатынастары мен еркіндігін қорғауда, ересек өмірге дайындалуда жәрдем алу.
Ерекшк тәрбиелік мүмкіндіктерге ие уақытша бірлестіктер де (балалар лагері, жастардың ауыспалы топтары, нұсқау беру жиындары) маңызды істер атқаруда. Мұндай қысқа мерзімді ұжымдарда бала кең өрісті әрі жедел қатынастарға түсіп, құрбы-құрдастарымен тез тіл табысып, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін іске асыруға қолайлы мүмкіндіктер алады. Уақытша бірлестіктерде жасөспірімдер өз тіршілігін өз бетінше ұйымдастыруға ұмтылып, бастапқы енжар бақылаушы қалпынан белсенді ұйымдастырушы тұлға дәрежесіне көтеріледі.
Бірлестіктегі ересектер мен құрбыларының ықпалынан тәрбиеленуші бойында орнығып, көрінетін әлеуметтік әрекет-қылық үлгілері балаға өзін белсенді субъект ретінде тануға, игерген тұрмыс, тәлімдік қалып, талаптарды орындауда жол болады. Мысалы, Алматы облыстық прокуратурасы 2006 жылы 19-ші шілдеде Балдырған сауықтыру лагерінде Талдықорған қаласындағы Айналайын балалар үйі мен облыстық ПД-не қарасты кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, ақтау және өмірге қайта бейімдеу орталығы балаларға арналған Балалар құқы - заң қорғауында атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Облыс прокурорының көмекшісі А.Бекеев ересек жастағы кәмелетке толмағандармен құқықтық тақырыпта әңгіме өткізіп, ақыл-кеңестер берді. Онда кәмелетке толмағандардың мүлікке, тұрғын үйге қатысты құқықтары төңірегінде айтылды. ҚР Отбасы құқығы 9-шы тарау 52-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы.
1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отьасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқылы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтеуіне құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқы да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Педагогика. Оқулық
Православ діни философы
Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары
Конфуцийлік-Даостық мәдениет
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Пәндер