1966ж-1976ж Қытайдағы Мәдени революция саясаты



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе:

I -Тарау:
ҚКП-ның негізін салушылардың бірі-Мао Цзедун.

I. Қ.Х.Р.(Қытай Халық Республикасы 1949ж- қазан) құрылуы.
II. 1958ж-60ж Қытайдағы Үлкен секіріс саясаты.

П-Тарау:
1966ж-1976ж Қытайдағы Мәдени революция саясаты.

I. Хувэйбиндер мен цзаофондар отряды.
II. Жаулап алушы билік жоспары.

Қорытынды:

Жұмыстың маңыздылығы:
Біртұтас майдан ыдырағаннан кейін және азамат соғысының басталуына
байланысты. Қытай компартиясы өзін құртып жібертпеу үшін қарулы күреске
шықты. 1927ж соңымен 1936ж дейін бұл күрес кеңестер түрінде жұмысшы табы
мен шаруалардың революциялық диктатурасын орнату ұранымен жүргізілді. ҚКП
үкімет әскерлерінің бөлініп шыққан жеке топтармен, шаруалардың
өздерін қорғау отрядтарымен, әскери құрамалардың, жасырын ұйымдармен т.б.
жалпы саны 300 мыңға жететтін (1933ж) жартылай партизандық Қызыл армия
құрды. Қызыл армия гоминьдонның төрт жазалау жорығына тойтарыс
берді.Орталық Қытайдың бірнеше провинцияларының түйісінде бірнеше тұрақты
кеңес аудандары құрылды, олардың ішіндегі ең ірісі Цзяньси провинциясындағы
Орталық кеңес ауданы болды. Осы жерде 1931ж қарашасында Кеңестік аудандар
өкілдерінің I Бүкіл Қытайлық съезі өткізіліп, ол Қытай Кеңес Республикасын
жарияланды. КҚП Орталық Атқару Комитетінің төрағалығына Мао Цзедун
тағайындалды.
1941-949жж азамат соғысында Қытай Коммунистік партиясы жеңіске жетеді.
Гомииньдон мен Чан Кайшидің жеңілуінің бірнеше себептері болды. Жапондарға
қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясымен үкіметі өз беделін түсіріп
алады, гоминьдонның реформашылдық саясаты сарқылды, Қытай шенеуніктері
үшін үйреншікті сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы жағын азғырды, сөйтіп
олар Жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шықты.
Компартия керсінше соғыс жылдарында өз күштерін қалпына келтірді, азат
етілген аудандардың территорияларын кеңейтті, КСРО-ның көмегімен соғысқа
қабілеті бар армия құра алды. Соғыс аяқталғаннан кейін компартия қалың
бұқараға түсінікті, қарапайым ұран көтере білді. Жапонияның Маньчуриядағы
Квантун армиясын талқандау, бұл миллиондық топты қарусыздандыру және ол
қарулардың Қытай коммунистеріне берілуі армияны қарумен қамтамасыз етті.
Азамматтық соғыс жылдарында сенімді тыл жасалынды. АҚШ-тың осы кезде
гоминьдонға көрсеткен көмегі мардымсыз болды.
1949ж қазанда Қытай Халық Республикасы кұрылғаннан кейін социалистік
құрылыс басталды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды.
Аралас экономика құрылды ішінара мемлекет қарамағына алу арқылы мемлекеттік
сектор пайда болды. Ол жеке кәсіпкерлікпен қатар өмір сүріп отырды. Бірақ
1958ж шешуші бетбұрыс –Үлкен секіріс басталды. ҚКП басты бағыты дамуды
шапшаңдатып қысқа мерзім ішінде, коммунистік қоғам орнату болды.
Индустрияландыру жедел қарқынмен жүргізіліп, барлық өнеркәсіп иелерінен
сатып алынып, қоғамдастырылды,теңдей бөлісу принципі енгізілді.
Осы кезеңде кеңес-қытай қатынастары қатты шиеленісті. ҚКПОК төрағасы
Мао Цзедун дүние жүзілік революцияның келуін тездету мүмкін деп есептеп,
компартияларды батыл қимылдар жасауға итермеледі. Бұл араңдатушылық бағыт
көтеріліс бастаған Индонезия компартиясын толық жойылып кетуіне себеп
болды. –Үлке.н секіріс сәтсіздікпен аяқталды. Өнеркәсіп және ауыл
шаруашылық өндірістері қысқарып кетті. Елге аштық қаупі төнді. Мао Цзедун
партияның ішінде де оппазицияға тап болды. Мәдени революция деген
басталып, оның барысында Ұлы жолбасшыға шексіз берілген жастар
отрядтарының көмегімен Мао және оның- жақтастары партия кадрларын қуғынға
ұшыратып, көпшілігін жойып жіберді.
Зерттелу деңгейі
Мао Цзедунның Мәдени революциясы жылдары Қытай тарихында
өшпейтін әрі естен кетпейтін қарама-қайшылыққа толы уақыт кезеңі
болды. Мао Цзедунның айтқан сөздерінің жиынтығы жазылған кішкене
қызыл кітапшаны әрбір Қытай азаматының қолынан көруге болады.
М.Ф.Юрьев История стран Азии и северной Африки после второй
войне.1945-1950г.г.М-1994г. кітабы Маоның жасаған „үлкен секіріс",
„Мәдени революция" оқиғасын түп-төркінін түсіну және түсіндіру
жолындағы талпыныс еді. 1958ж шешуші бетбүрыс -„Үлкен секіріс" -елде
индустрияның жедел дамуы мақсатында жасалынып, партия съездерінде
15 жылда Англияны қуып жетіп, өнеркәсіпте қажетті тауар мөлшерінен
асып түсу. -деген сияқты сөздер айтылып, бұл бойынша ауылды жерлерде
халық коммунналары құрылып, өнеркәсіп өнімдерінің дамуы
жеделдетілгенмен жүргізілген іс-шаралар сәтсіз аяқталғанын, халыққа
тигізген зардабын ашып көрсетеді. Сонымен қатар мәдени революцияның қытай
халқына әсері,сол жылдары миллиондаған адамдардың сауатсыз деңгейде қалуы,
қоғамның бөлшектенуі,үлкен көлемдегі репрессия, моральдық террорлар
баяндалды.
2 3арубежный восток и современность П-том под.ред. Б.Т.Пофуров М.1974г.
Сталиннің жеке басына табынушылық сияқты, Мао бүкіл Қытайға өзінің қатаң
режимін орнатып,саясаттына қарсы шыққан партия мүшелері, интелегенцияларды
қуғындап,к өпшілігін жойып жіберді, шығыс еліне Маоизм идеясының таралуы
мен халықтың кейбір бөлігі ғана қолдап ел ішіндегі бөлшектену мен олардың
арасындағы қақтығыстар жайында сөз етеді.
3 w.w.w. rambler, ru. – Бұл интернет жүйесінде Мао Цзедун өмірі саясатқа
араласқан күннен бастап, өмірінің соңына дейін атқарған қызметі
бейнеленген.
Мақсаты мен міндеті.
1. „Мәдени революцияның" дүниеге келуі.
2. „Мәдени революцияның" Қытайдың ішкі саясатына әсері.
3. Революцияның Қытай тарихындағы орны.
Хронологиялық шеңбері
І940ж -Мао Цзедун ҚКПОК-нің орынбасары болып. 1893ж-1976ж оның
төрағасы қызметін атқарады. 1949ж-ҚХР-сы құрылғаннан кейін 1954ж-1959ж оның
төрағасы болып сайланады. 1958ж-1960ж Қытайда үлкен секіріс саясатын
жүргізеді. Ал,1966ж-1976ж аралығында қытай тарихындағы қарама-қайшылыққа
толы он жылға созылған мәдени революция саясаты. Революцияның алғашқы
кезеңі 1966ж-1969ж аралығында болды. Осы он жыл ішінде Қытай халқының
миллиондаған бөлігі сауатсыздыққа ұшыраса миллиондаған адамдар репрессияның
құрбаны болды.
Құрылымы.
Бұл жазылған жұмыс 2-тараудан, 4-тараушадан тұрады
І-тарау ҚКП негізін салушылардың бірі Мао Цзедун.
І-ҚХР құрылуы. І-тараушада қарастырылатын негізгі мәселе ҚХР-ның
құрылуы,сол кездегі қытайдың ішкі-сыртқы саясаты,Мао Цзедунның ҚКП ғы
атқарған қызметі жайында айтылады.
П-1958ж-60ж Қытайдағы -„Үлкен секіріс" саясаты.2-ші тараушада Мао Цзедун
ҚХР төрағасы болып тағайындалған кезінен бастап жүргізген саясата соның
ішінде -Үлкен секіріс бағдарламасын жүзеге асыруы баяндалады.
ІІ-тарау 1966-1976ж Қытайдағы мәдени революция саясаты.
І-Хунвэбиндер мен цзаофондар отряды. Өздерін қызыл қорғаушылар деп
атаған бұл отрядтың негізгі мақсаты ұлы жолбасшыға шексіз беріліп Мао ның
сөздерін өздеріне бұйрық етіп қабылдап, оның жүргізіп отырған саясатын
қолдай отырып, соңына дейін жеткізу еді.
П-Жаулап алушы билік жоспары мәдени революцияны жасаушы Мао мен оның
жақтастары бүкіл қытайға жасаған зорлық-зомбылығымен қатар кәсіпорындарды,
мекемелерді, архив,банк жүйелеріне өз биліктерін жүргізу үшін, мәдени
революцияға кедергі жасаушыларды езу үшін жаулап алу билігі күшейеді.
Қорытынды.
ҚХР-сы құрылған кезде ҚХР-ның басқару аппараттары елді басқаруда әлсіз
болып, ішкі-сыртқы саясатта келіспеушілік мәселелері көп болатын. Ел
тізгінін қолына алған Мао Цзедун өз жақтастарымен біріге отырып, бүкіл
Қытай жеріне қатаң билік жүйесін орнықтыруға ашық түрде қаруланды.
Мәдени революция Қытай тарихы сахынасында қарама-қайшылыққа толы,
қоғамның бөлшектенуі мен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының бірде
өркендеп ал кейде тоқырауға ұшырауымен бейнеленді.
Мао Цзедунмен оның жақтастарының әрекеті орталық билікті нығайтуға,
экономикаға жоспарлау элементтері бар мемлекеттік реттеу тәртібін енгізуге,
өндірісті ынталандыруға, таптық қайшылықтарды бәсеңдету мақсатында
әлеуметтік реформалар жүргізуге ақырында бұл саясатты қолдамағандармен ашық
түрде күресуге бағытталды. Кейбір бағыттарда бұл саясат әжептеуір
тиімділігінде байқатты. Мәселен: үлкен секіріс кезеңінде ішкі өнім 6,5
есеге,ауыл шаруашылық өнімі 2,5 есеге өсті.
1966ж-1976ж арлығындағы „мәдени революция" жылдарында өнеркәсіп өнімі
20% төмендеді.ҚХР-да жүздеген тіпті миллиондаған мамандар жетіспеді. Білім
беру орындарының жабылуының салдарынан білімсіз адамдардың қатары көбеюіне
алып келді.
1976ж Мао Цзедун қайтыс боласалысымен билік үшін күрес күшейіп. Ел
азамат соғысының алдында тұрды. Бұл күресте „мәдени революциясы" кезінде
қуғынға ұшыраған Дэн Сяопин бастаған топ жеңіске жетті.ҚКП жаңа
басшылығының әрекеттерінің бағдарламасы реформалар жасау болдды. Мао Цзедун
саясаты қате деп жарияланды, секірістер мен реттеу науқандары елге
және халыққа үлкен зиян келтірген құбылыстар ретінде айыпталды. Аралас
экономика құруды, рынок механизмдерін пайдалануды, шет ел капиталын
қарастырған ұзақ мерзімді бағыт белгіленді. Біреулер қытайлық сипатты
социализм құрамыз десе, екіншілері қытайлық ерекшеліктері бар капитализм
құру керек деді.
Реформалар жүйесіндегі басты шара -деревняда коммуналарды
таратып, кооперативтік құрылысты жою,отбасылық мердігерлік енгізу
болды. Өнеркәсіпте тұрмыс техникасын шығаруға баса назар
аударылды. Бұл үшін өнеркәсіптік құрылымдық қайта құру
жүргізілді. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен қамтамасыз
етсе,өнеркәсіп, телевизорлар ,тоңазтқыштарға, жиһаздарға күнделікті
сұраныстарды қанағаттандырумен айналысты. Ұсақ бизнеске қолдау көрсетілді.
Жағалаулық қалаларда еркін немесе жеңілдікпен пайдаланатын кәсіпкерлік
аймақтары ашылды.
Мәдени ревалюцияны жасаушы ххғ қатыгез тираны Мао Цзедун, классиканың
үш азаматы: Энгельс, Маркс, Ленин саяси ойдың көрнекті қайраткерлері болып
саналады.
Мейірімсіз, мақсаттылық, және табандылығымен ерекшеленген Қытайдың
коммунистік партиясы (ҚКП) және Қытай Халық Республикасы (ҚХР) негізін
қалаушысы Мао Цзедун 1893ж 26-желтоқсанда Хунань провинциясында дәулетті
шаруа Мао Женымен отбасында дүниеге келеді. Жергілікті бастауыш мектепте
классикалық Қытай білімін алады.
1911ж болған ревалюцияның салдарынан оқуын жалғастыра алмайды, күрес
Сунь Ятсеннің бастауымен Маньчжур династиясына Цинді тақтан түсіруге
бағытталды. Моа жарты жыл әскер қатарында қызмет етіп, отрядтың
міндеттемелерін орындады.
1912-13жж ата-анасының айтуымен ақылы мектепте оқуға тура келеді. Осы
жылы аралығында Мао педогогикалық училищені оқыған қаласы әкімшілік орталық
болған Чаншанда тұрады. 1918-19жж Пекинге келіп. Пекин университетінің
кітапханасында қызмет атқарады. 1918ж сәуірде жақтастарымен бірігіп, Мао
Чаншанда Жаңа халық қоғамын құрады. Мақсаты: Қытайда жаңа жолмен және
жаңа әдістермен қайта құру еді. 1919ж Мао саяси қызметте жақсы атаққа ие
болады. Осы жылы бірінші рет марксизммен танысып, осы бағыттың
жақтаушыларындың біріне айналады. 1920ж Бұл жағдаймен толық танысады. Мао
мәдени оқу қоғамының ревалюциялық идеяға таралуын ұйымдастырады. Чаншанда
коммунистік топ құрып, өзінің ұстазының қызы Ян Кайхайға үйленеді. Келесі
жылы ол Хунань провинциясының негізгі өкілі болады. 1921ж Шанхайда өткен
ҚКП-ның ұйымдастырған сьезінде Мао ҚКП мүшелерімен бірге 1923ж Гоминьдон
халық партиясына қосылады. Жылдың соңына қарай Мао денсаулығының
нашарлауына байланысты Хунаньға қайтуына тура келеді. Бұл жерде ол жұмысшы
және шаруа одағын құрып, олардың түтқындалуына тізгін жасауға қызмет етті.
1925ж күзінде Мао Кантонға оралды. Кейінірек оған Чан Кай-ши көңіл бөліп,
үгіт-насихат бөлімі Гоминдонның қолбасшысы болып жарияланады. Көп уақыт
өтпей Чанмен арада саяси келіспеушіліктер туындап, 1925ж мамырда Мао өз
мойнына алған міндеттемелерден бас тартады. Ол ҚКП-ның солқанатының
ұсынуымен шаруалар қозғалысының бастауыш қолбасшы жұмысын атқарады.1927ж
сәуірде Чан Кай-ши ҚКП-сын таратып, ҚКП-сының мүшелеріне өзінің Солтүстік
жаулап алу жорығында көп қысым көрсетеді.
Мао ҚКП-нан құпия түрде кетіп тамызда революциялық армияны құрады. 8-9
қыркүйекте күзгі егін кезінде көтерілісті жариялады. Бірақ көтеріліс
сәтсіз аяқталып, Мао ҚКП-нан қуылады. Жауап ретінде қалған барлық күшін
жинап, ҚКП-нан қуылған Чжу Дэмен бірлесіп, тауға шегініп, 1928ж Линя на,
массы армиясын құрды. Біріккен Мао және Чжу Цзингон тауында Хунань және
Цзянси шекарасында өзіндік кеңес республикасын құрып,1934ж 15млн халқы бар
елді-мекен бұларға қосылады. Осылайша, Гоминьдон және Чан Кайшиге ашық
наразылығын білдіреді. Мао және Чжу кеңестерге қарсы қала шаруаларын
қолдады.
1924-193 4жжпартизандық әдісті қолдана отырып кеңестерге қарсы шықты.
1930ж Гоминьдондықтар Маоның әйелі Ян Кайхайды дарға асады. Кеңестерге
қарсы 5 рет шабуылынан кейін 1934ж 86000 әйел мен ер азаматы бар Цзинганды
тастап кетуге мәжбүр болады. 1935ж Мао өзінің жақтаушыларымен 40000 адамнан
тұратын жаңа партияның штаб пәтерін құрды. Бұл жағдай ҚКП мен Гоминьдонның
бірігуін талап етеді.1936ж Мао Чан Кайшймен татуласты. Мао 100 полктың
шабуылы атты операцияны қабылдап, 1940ж 20тамыз-30қараша аралығында болған
екінші жағынан Жапондарға қарсы операция ҚКП-ның солтүстік Кореяға өзінің
бағытын нығайтуға барлық назарын аударды. 1940ж наурызда ҚКПОК-нің
орынбасары болып тағайындалады. Соғыс кезінде Мао шаруаларды ғана
ұйымдастырады 1945ж орталық партия комитетінің орынбасарына жүктелген
міндеттемесіндегі бағдарламаларды жүзеге асырады. Мао соғыс кезінде
коммунизімнің негізгі Қытай вариантының дамуын жасады. Ол партияның 3
негізгі жұмыс стильін бөліп көрсетті: парактикамен теорияның бірігуі,
халықпен тығыз байланысы. Партия әскери қорзғалысын 40000 мүшесімен
бастады. 1945ж соғысқа аттанғанда қатарда 2000000 адамы болды.
Соғыс аяқталғаннан кейін ҚКП мен Гоминьдон арасындағы уақытша бітімде
аяқталды. Елде азамат соғысы басталды.1946-1949жж Маоның әскері Чан Кайшй
эскерін жеңіп, оларды Тайванға қашуға мәжбүр етті. 1949ж Мао және оның
жақтаушы коммунистер құрлықта ҚХР жариялады.
Біріккен штаттар Чан Кайшиді қолдап, Маоны Сталиндік кеңес одағымен
дипломатиялық қатынас орнатуды тапсырды. 1949ж Мао КСРО-ға ресми сапармен
келеді.Ол премьер Чжоу Эньлаймен бірге Сталинмен келіссөздер жүргізіп,
1950ж ақпанда Қытай-Кеңес достық қарым-қатынаспен одақта өзара көмектесуге
қол қойылды.
1949-195 Ожж аралығында Мао партияны өзінің жауларынан тазартты. Ол
ірі жер иелеріне қарсы мүрагерлік иеленуге өз бағдарламасын жариялады.
1950ж қарашадан-1953ж шілдеге дейін ҚХР Маоның бұйрығымен солтүстік және
оңтүстік Корея соғысына араласты, яғни коммунистік Қытай және біріккен
штаттар күрес алаңында қақтығысты. Бұл уақытта Мао коммунистердің ортасында
үлкен маңызға ие болды. 1953ж Сталиннің қаза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАО ЦЗЕДУННЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Мао Цзедун Қытайдың мемлекеттік және саяси қайраткері
Мао Цзэдун
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басындағы Қытай
Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі
Ежелгі Қытай ғылымы
Қытайда европ
Ұлы Морав мемлекеті
Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны
Пәндер