Махамбет Өтемісов пен Исатай Тайманов: 1836-1838 жылғы Батыс Қазақстан шаруалар көтерілісі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСОВ

Махамбет ақын 1804 жылы қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған.

1824 жылы Ішкі Орданың ханы Жәңгір жиырма жасар Махамбетті өзінің ұлы Зұлхарнайына қосып, Орынборға жібереді. Мұнда төрт-бес жылдай хан мұрагеріне атабек болып жүреді. Махамбет ағасы, ер тұлғалы Исатай сияқ-ты қара халықтың ішінен шыққан карапайым шаруа тұқымы еді. Сондықтан болар ел десе ер намысы ерте оянып, езгі мен зұлымдықта жаншылған бұқара халықтың бейшара тұрмысын көріп, хан өктемдігіне қарсы тұруға серт етеді. Осындай өжеттігімен ханға қарсы өз пікірін тура айтудан тайсалмаған Махамбетті сезікті адам деп тұтқындап, түрмеге де жабады.

1836-1838 жылдары Батыс Қазақстан патшалық Ресеймен ел озбырларының екі жақты езгісіне қарсы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі бұрқ еткенде ер Махамбет үдей соққан дауылдай жауды жапырған батырлығымен бірге көтеріліс көсемдерінің бірі болып, оның бас ұраншысына айналды.

1836-1837 жылғы бұл көтеріліс 1790 жылы Сырым Датов қол бастаған қазақ халқының бостандық пен бақыт жолындағы күресінің үзілмеген жал-ғасы болып табылды. Ержүрек Сырым тыныш жатқан ел ішіне ойран салған казак әскерлерінің сойқан істерін II Екатеринаға әлденеше рет ескертіп, хабар жіберген еді. Алайда, қазақ шаруаларының бұл арыз-тілегіне Ресей құлақ аспады. Бұдан соң Сырым Датов секілді ақ сұңқардай сойылды сарбаздар сайланып, құтырған казак әскерлеріне қарсы қалың халық көтерілді.

ИСАТАЙ ТАЙМАНОВ

1791-1838 ж. ж.

Исатай Атырау облысында 1791 жылы туған. Ол кезінде Жоңғар шапқыншылығында қаһармандық көрсеткен атақты Ағытай батырдың ұрпағы. Исатай жас кезінен қарапайым шаруа халықтың қамы үшін ел ісіне белсене араласқан. Бұл Бөкей хандығының орнаған кезі еді.

1812 жылы Бөкей хан өжеттігін танып, Исатайды өз жағына тарту мақсатымен Жайықтағы Беріш руына старшын етіп тағайындайды.

1814 жылы 25 қарашада Орынбор шекаралық комиссиясы Бөкей ханның бұл ұсынысын құптайды да старшындыққа оны бекітеді. Оның қарамағына Каспий теңізі жағалауындағы тұрғындар да қарады.

1817 жылы сол шекара комиссиясы Исатайды старшын Өтеміс Құлмани-язовты шаптың деп Сарайшық қаласының түрмесіне жапты. Ел-жұрт сыйлы старшынды өздері қаржы жинап, түрмеден шығарып алады. Шамырқанған шар болаттай Исатай олардың бұл әділетсіздігіне түңіліп, қара қазақ баласының қамы үшін шаруа қауым жағына біржола бет бұрады. Өйткені, бұл кезде бұқара халық Ресей шенеуніктері мен жергілікті төре, би-болыстардың зұлымдық пен зомбылығына қарсы бой көтеріп, буырқанып тұрған еді. Орынбордың генерал-губернаторы В. А. Перовский мен Жәңгір ханға езгідегі елдің ауыр халін айтып хат жазады. Оған жөнді жауап алып, айтқан арызы өтпеген соң ер Исатай егеулі найзасын қолға алып, садағына сар "жебені салдырып қалың халықты соңына ертіп, көтеріліске шығады. 1836 жылы Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі халықты көтеріліске шақырады. 1837 жылы бұл қозғалыска көрші ауылдар да келіп қосылады. 1937 жылы Исатай қол жинап, сол Баймұхамед сұлтанның ордасына шабуыл жасамақ болады, бірақ оны торыған, андыған ішкі-сыртқы жаулары Ақбұлақ өзенінің жағасында жасақтарын қоршап алып, 12 тамызда Исатай ерлікпен мерт болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы жетекшілігіндегі Бөкей ордасының 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі
Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісов бастаған 1836-1838 жж. халық-азаттық көтерілісі
Махамбет Өтемісов: өмірі, шығармашылығы және 1836-1838 ж. шаруалар көтерілісіндегі рөлі
Исатай мен Махамбет бастаған 1836-1838 жж. Бөкей хандығындағы шаруалар-азаттық көтерілісі: себептері, кезеңдері және салдары
Исатай Тайманұлы (1791-1838): 1836-1838 жылғы Батыс Қазақстан шаруалар көтерілісінің көсемі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісов бастаған 1836-1838 жж. Ішкі Орда көтерілісі: себептері, барысы және тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы (1791-1838): Бөкей ордасындағы 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің жетекшісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі: себептері, Ақбұлақ шайқасы және тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі (1836-1838): себептері, кезеңдері және салдары
1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі: шығу себептері, өрлеу кезеңі және жеңілу себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz