Ереулі атқа ер салмай


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ереулі атқа ер салмай

Ақынның кеңінен танымал туындысы. 1908 жылы Қазанда жарық көрген "Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұғлына айтқаны" кітабынан бері белгілі шығармасы. 1837 жылғы желтоқсан айының 12-13 жұлдызында түңделетіп Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өтіп, қырық жолдасымен далаға қонып қардың астында қалады. Тоңған сарбаздар күйзеліп жылы үй, қызыл шәйді аңсап, жүдейді. Зерттеушілер жырдың жігерлендіру сөзі екендігін айтып, шығарманың туу жағдайын, айтылған сәті мен күнін нақты атайды (Қалел Досмұқамбетұлы, "Исатай - Махамбет" жинағындағы мәліметтерге назар аударыңыз. 135-6. ) . Батыр, шешен ақынның ауыр жорықтың күйзелісті күндерінде серіктерін сергітіп, жігерлендірген қайрау сөзі.

Академик жазушы М. О. Әуезовтың осы шығармаға берген теориялық-танымдық сипаттамасы ұлттық әдебиеттану үрдісінің ерекше бір қырын ашып көрсететін терең де мәңді тұжырым. "Бұл өлең Махамбеттің барлық басқа өлеңдері сияқты ауызша айтылған, тындаушыға қолма-қол суырылып беріліп отырған өлең. Мағына жағынан да барлық жыр бір-ақ ұзақ сөйлем есепті", - деп сипаттайды. М. О. Әуезов: "Ал, қазақтың ертерек кездегі ауызша жырында екпін-тасқын аяқтағы үйқастан шықпайды; сөзі-сөздің басында келетін дыбыстар күйімен, үңдестік орайынан шығады", - деп "Ереулі атқа ер салмай" жырындағы ассонанс, аллитерацияны ежелгі ұлттық жыр поэтикасымен астастыра ой түйеді. (М. Әуезов. Шығармалары. 20 т. А. : Жазушы, 1984, 15-т. 270-6. ) . Осы "Махамбет" атты зерттеу мақаласыңца акаде-мик М. О. Әуезов Махамбет пен Бұқар жырау мұраларының табиғатын салыстыра қарастырып, бір жағынан Махамбет ақын-дығының даралық, жаңашылдық бітімін дәйектеп береді. Суреті де, ойы да, ырғағы да "қатта жымдасып, екшеліп, бір бас, бір тас" болып қалғанын жазады. Сондай шымыр, тастүйін сөз үлгісі "ыдырап жүрген ел басы қосылса, ерлер біріксе", "бір жағадан - бас, бір жеңнен қол шығарса" деген идеялық ниетті білдіреді деген терең түйіні де толғаудың тарихи мәртебесін танытады. М. Әуезов: "Осымен "Ереуіл атқа ер салмайдағы күй: Талма, қажыма, салған сайын өршеленіп өрлей бер!" деген күй бола-ды", - деп, кесімді баға берген. Ғалымның осы жырдың поэтикасының ерекшеліктерін Махамбеттің ақыңдық дүниесімен ұштастыра даралаған қорытындылары қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен әрі Махамбет Өтемісұлының ақыңдық рухын соншалық биіктетіп кеткен кесімді, дәйекті пікір болды.

Өлең Қазан басылымында (1908), Орынбор басылымыңда ("Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағының жарық көрген жылы жазылмапты), Ташкент басылымында (1925) жоне олардан бері Махамбет шығармаларының барлық жарық көрген басылымдарында жарық көріп келеді.

Кейінгі кітаптарда негізінен Ташкентте 1925 жылы Қалел Досмұқамбетұлының құрастыруымен жарияланған "Исатай - Махамбет" атты жинақтағы нұсқасы жарияланып, қалыптасты. Бұл жолғы басылымда да Қалел Досмұқамбетұлы жариялаған мәтін алынды. Қазан басылымымен салыстырғанда өлең жолдарының ауыстырылғаны, бірді-екілі тармақтың түсіп қалғаны анықтадды. Әлбетте, өлең тармақтары мағына, үндестік ыңғайына қарай дұрыс іріктелген. Қазан басылымыңда Мұрат ақынның айтуында Махамбет жырлары ұзыннан-ұзақ бір-ақ тізбектеліп берілген. Оның ішінде бізге мәлім "Бірсіндеп садақ асынбай", "Ереуіл атқа ер салмай" жырларының мәтіндері бірінің ішінде бірі орна-ласып жазылған. Бірқатар өзгеріп түскен сөздер де кездесті.

Әуелі Қазан басылымы (Мұрат ақынның айтуындағы) мен Орынбор басылымындағы (Ғабдолла Мүштақ) осы өлең сөздерін өзара салыстырып тексергеннен кейін, Ташкент басылымы бойынша сараптама жасалды. Қазан басылымы мен Орынбор басылы-мының арасыңда да көп айырмашылық бар. Оны осы кітаптың қосымша бөліміңде жарияланып отырған факсимиле мәтіндерден анық байқауға болады. Метіннің факсимилді нұсқасына осы жарияланымдағы қосымшада ғылыми сипаттама жасалғанын айта отырып, мынадай айырмашылықтарды көрсеткенді жөн көр-дік. Ғабдолла Мүштақ жинағындағы алғашқы бес жол Қазан басылымында жоқ. Яғни "Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай" деп басталатын алғашқы бес тармақ "Шайыр" кітабында ғана бар.

20. "Ереуіл атқа ер салмай" туындысындағы "ереуіл" сөзі жөніндегі ғылыми болжамдар әлі белгілі бір байламға келе қой-ған жоқ. Үзақ жылгы пікірталастар негізінен "ерулі", "ереуіл", "ереулі" түлғаларының мағыналық астарларына келіп тіреледі. 1974, 1979 жылғы басылымдарда "ерулі" делінген, одан бұрынғы мәтіндерде ондай сөз атымен жоқ еді деген пікірмен бірге, "ереулі" - ерттеулі ат" (академик Қ. Жүмалиев), "ереулі" де емес, "ерулі" де емес, "ереуіл" (академик 3. Қабдолов) деген кесімді пі-

кірлер бар. Ғ. Мүштақ "Мінмей сақланған атқа (Мінбей сақтал-ған атқа) " - деген түсіндірме жазып қылдырыпты (Шайыр. ЗЗ-б. ) .

Ғабит Мүсірепов "1925 жылы Ташкентте араб әрпімен шық-қан кітабында "ереулі" деп қате басылған, ойтпесе өлеңнің екін-ші жолындағы "егеулі" деген сөзге үйқасымы үшін қолдан өзгер-тілген, яғни жасанды сез деп ұғу қажет", - дей келіп: "Ерулі атқа ер алмай, Егеулі найза қолға алмай", - деп оқылуы тиіс деп жазады. (Қазақ әдебиеті. 1986 ж., 9 мамыр) .

Ғ. Мүсірепов пікірін қағидадай дұрыс санайтын әдебиетшілер де бар, жазушы ойы да қисынды. Әйтсе де, Ташкент басылымы-нан он-он бес жыл бұрын жарияланған "Шайыр" кітабында да "Ереулі" деп жазылған, ол да Ғабдолла Мүштақ сыңды ақын адамның қолынан өткен жинақ. Екі кітапта бірдей, екі білімдар құрастырушы да (Ғұмар Қараш, Қалел Досмұқамбетұлы) қатары-нан емле қатесін жіберуі мүмкін бе? Осындай ойлармен барлағанда қаншама қисынды десек те, Ғ. Мүсірепов тұжырымына да зерттеушілік көзқарас ретінде қараған жөн секілді.

Махамбет дәстүр жалғастырған ақындық, жыраулық мектептің әйгілі шығармаларынан ежелгі түркінің "ер" сөзінің түбірінен өрбитін ер, ерлік, мәрттік, қас асылдық, жауынгерлік мағына-ларды білдіретін туындамаларымен (Древнетюркский словарь, 1969, 175-6. ) түбірлес осы сөздің бірнеше мағыналық нәші аңғарылады. Оның бірқатары тізіп жазсақ мынадай болып келеді: "Еру қылыш", "Еру торы ат", "Еру сүңгі", "Еру жонған жебе . . . ", т. б. Бүл сөздер бірнеше жырау, қиссашылардың әр түрлі жазба-ларынан теріп алынды. Демек, "ерулі" дегеннің өзінде, "ерулі ат" "жетектегі ат" деген мәнде болын шықпайды. Керісінше, жоға-рыда мысалға келтірген ежелгі түркі, бұрынғы жыраулар шығар-маларындағы "еру" мағынасына іш тартып түпкі тегін анғартады.

Осыдан кейін барып Ғабдолла Мүштақ (Ғүмар Қараш) пен Қалел Досмұқамбетұлының араб әліпбиіңдегі жинақтарына жүгі-нуге тура келеді. Екеуінде де "ереулі" түрінде жазылған. Әрі "ереулі" келесі жолдағы "егеулі" сөзіне үндеседі. "Ереулі" сөзінің түпкі мағынасы "ереуіл" мәніндегі екендігі анық.

"Шайыр" жинағындағы "Еңку-еңқу жер шалмай . . . " дегеңдегі "еңку-еңку" Ташкент басылымында "Еңкейіңкі" деп алынған. "Еңку-еңку" деп, "Шайыр" жинағына сүйеніп редакцияланған кейінгі үлгілері дұрыс екендігіне күмән болмаса керек.

Ал, Қазан басылымындағы:

"Асыл туған ер жігіт, Төсектен шошып оянбай", Орынбор басылымындағы:

21. "Қүбыланы дөрткүл оңға алмай"

- деген жолдар кейінгі басылымдарда түсіп қалған. Алғашқы екі
жол "Бірсіндеп садақ асынбай" өлеңіңце де кездесетіндіктен, Қа-
зан басылымында солай болса да, бүл туыңцыға қайта кірістіріл-
меді. Ал, басқа шытармаларыңда кездеспейтін "Қүбыланы дөрт-
күл онға алмай" деген жол қайта қосылды. "Торт қүбылаң тең
болсын" деген мағынадағы үғым да халыққа түсінікті. "Қыбыла,
қүбыла" сөзінің мақсат, бағыт мәніндегі баламалы сипаты тағы
бар. Шығарманың мұратын білдіретін көркем бейнелеу.

"Темірқазық жастанбай" дегендегі "Темірқазық" бірде бөлек, бірде бірге жазылып жүр. "Шайыр" жинағында "Батырлардың түңце ат арқандау үшін истиғмал идулгән темір қазықтың басы-на жастық етпейінше", - деп түсіндіреді. Бұған қарағаңца, кә-дімгі Темірқазық жүдцызына қатысты мағынасы әрі бейнелі, әрі дала қазағының санасына жақын секілді. Бөлек жазылғанда мүл-де басқа мағынаны білдіретіңціктен қосып жазған дұрыс.

22. "Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей"

- деген қалыптасқан, антологиялық сипатты қос жолдың қалай
түзілгендігін жете саралау махамбеттанушы зерттеушілердің үтым-
ды ізденістерін көрсетеді. Бүл жодцар алғашқы араб әрпіңцегі
басылымдарда мынадай үлгіде кездеседі:

"Тебінгіні терге шірітпей, Терлікті сүттей ерітпей".

(Орынбор басылымы)

"Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей"

(Қазан басылымы)

Негізінен "Шайыр" жинағындағы нүсқаны өзекті мәтін етіп үстанған Қалел Досмұқамбетұлы Қазан басылымыңцағы қос жодцы ауыстырып апарып қосқанца, әрине, поэзиялық нәшін, әуезділігін де ойлағандығы анық. "Шайыр" жинағындағы: "Тер-лікті сүттей ерітпей" - дегеңцегі "ерітпей" мағыналық жағынан "ірітпей" болса керек-ті, мазмүндылығы түрғысынан алғанда терліктің іріп кететіні, жүннен, киізден жасалған бүйымдардың іріп тозатындығы дәл айтылған. Әйтсе де, өлеңнің жалпы

әуезділігі Қазан басылымындағы қос жолға үйіріліп түрғаны тағы шындық. Сол секілді

"Жанға салған малтаның, Әр түйірі ат болмай. Атыңды байлап келгеңде, Қатын, бала жат болмай" -

(Орынбор басылымы)

"Алты малта ас болмай. Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай" -(Қазан басылымы)

сынды түрлі нүсқалы тармақтардың бірін таңцау қажеттігі туған-дығы да байқалады. Бүл жерде "Қазан басылымы" мәтінінің оралымды, үтқыр жолдары таңдалып алынған. Ал:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбеттің күй мәдениеті
Махамбет Өтемісұлы өмірбаяны
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Балалар мен жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы жайында
Халықтың азаттығын көксеген күрескер Махамбет Өтемісұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz