Шаруалар көтерілісінің шығу себептері



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім, шабуын таппай
кетілдім, қайраса қайта жетілдім... (Махамбет.)
Шаруалар көтерілісінің шығу себептері. Қазақ халқы талай қиын
кезеңдерді басынан кешірді. Елін, жерін, қорғап, азаттығы үшін ішкі, сыртқы
жаулармен де сұрапыл айқасқа түсті. Ерлік, елдік көрсетті. Халық
тарихындағы сондай елеулі оқиға—XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ішкі
Бөкей ордасында болтан көтеріліс еді.
Хан мен сұлтан, төре мен төлеңгіттер Еділ мен Жайық арасындағы
шаруалардың оза шауын, кен жайлаған жерін тарылтты. Отаршыл патша өкіметі
кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан-билерге таратып берді. Оның
үстіне шаруаларға алым-салықты да көбейтті. Ел еркінен айырылып, күйзелген
үстіне күйзеле берді.
Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет
басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды.
Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік деп ұран көтерген ел
Исатай мен Махамбет төңірегіне сондықтан мол күш топталды. Олардың ойлағаны
өздерінің жеке басының қамы емес, көп қамы, қалың қауым — ел қамы. Олар ел
үшін әділ жаннан түңіліп, қанды жорыққа аттанды.
Демек, кетерілістің шығу себебі: біріншіден, халықтың шұрайлы
қонысынан, жер-суынан, еркінен айырылуы болса, екіншіден, хан-сұлтандар мен
патша үкіметінің өзгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды.
Махамбеттің балалық, жастық шағы. Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы осы
күнгі Орал облысының Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында туған.
Махамбет жас кезінде хан ордасында болтан. Арабша да, орысша да хат
білген.
Жасынан-ақ шешендігімен, ақындығымен көзге түскен Махамбетті хан өзіне
тартып, өзінің сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, ханды мадақтап, даңқын жайып,
беделін көтеретін сарай ақыны етуді ойлаған. Бірақ Махамбет Жөңгірдің бұл
ойынан шықпаған. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз
көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастайды.
Халық намысының аяққа басылғанына зығырданы қайнап жүрген өжет ақын
бас кетер демей, ханмен ат құйрығын кесісіп, онымен ашық күреске шығады.
Махамбет көтеріліс кезінде. Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр-
тіршілігінің мазмұны деп білген, Махамбет қолына қоңыраулы найза алып,
асқақ жырымен Исатай басшының соңынан ерді.
1829 жылы ол түрмеге қамалады. Бұл оқиға намысты, әр жанның ханға
қарсылығын онан сайын өршіте түседі.
Үлкен айқас 1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады.
Жәңгір мен Исатай қолы осы жерде кездеседі. Хан жасағыш Қарауылқожа
Бабажанұлы бастаған. Күші өктем жау ержүрек сарбаздарға өлім үйіре
ұмтылады, бірақ ерлер берілмейді, қас жауына қаһар шаша қарсы тұрады. Саны
көп қалың қолдың тегеурінінен Исатай жасағы сирей бастайды, ығыса береді.
Сонда Махамбет:
Ханнан қырык. туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы! —
деп, сарбаздарға дем береді. Жігерін қайрайды, ұрысқа ұмтылдырады. Қарадан
туғандарды хан әулетіне қарсы қанды айқасқа, кек алуға үндейді. Ашынған
жасақтар кектене қимылдап, қайсарлана түседі. Жауына оқтай атылады. Исатай
жасағы ханның биі Талқы Құдайбергеновтың аулын шауып, Қарауылқожа аулын
ойрандайды. Осы оқиғалар-шабыстар көтерілістің шырқау кезі еді 1837 жылы 2
қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына екінші
рет аттанады. Орданы қамап алады. Мол қарулы жасақ. Орданы шауып алуға
Исатай күші жеткілікті. Көтерілісшілер күші әлдеқайда басым. Жауға лап
беруге әзір. Ханға деген халық ашуы шегіне жеткен. Әбден титығына жеткен
халық жарылуға дайын. Тек басшының қас-қабағына қарайды. Атойлап ұран
салса, лап етуге қомданған.
Осы оқиға Махамбеттің Исатай атынан шығарған Әй, Махамбет жолдасым
деген өлеңінде айтылады. Батыр аңғал дейді ғой халық. Исатай ханның
жалған сөзіне сеніп, арбауына түсіп қалады. Орданы қоршап алған кекті
жігіттердің сұсынан хан да, оның төңірегіндегілер де қатты үрейленеді.
Сасқан хан мен билердің сол шағын ақын:
Ауыр әскер қол ертіп,
Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған,
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай,
Жанымды қи деп сұрады-ай! —
деп керемет суреттейді. Қылышынан қан тамған, қабағынан қар жауған қайсар
да қайратты қол алдындағы ханның мүшкіл халін шебер өрнектеген. Құты қашып,
үрейленген хан Исатайға елші жібереді. Бар тілегін орындаймыз, тек он
күнге мұрсат берсін деген тілек айтады. Сезімтал да сергек ақын әрі батыр
Махамбет: Көк бедеуді бауырлап, шабамын,— деп өрлейді. Исатай басшы
білсін деп, ауыр әскер қол тұрды.
Елі үшін еңіреген ер, сол халқы үшін егеулі найза қолға алған Исатай
хан сөзіне сенеді. Орынсыз қан төккісі келмейді. Бейбіт жолмен мақсатына
жетпекті ойлайды. Атаңа нәлет хан ұлының зымияндығын біле алмай қалады.
Алданып қалғанын кейіннен ғана білген ақын:
Ерлікпенен алданып,
Өзіме-өзім қас қылдым...—
деп, өз қателігін мойындайды, өкінеді.
Исатай атынан жазған Әй, Махамбет, жолдасым деген өлеңінде ақын сол
алданып, опық жегендерін жыр еткен.
Махамбеттің Соғыс өлеңі сол замандағы ұрыс құралымен қаруланған
патша үкіметінің Гекке басқарған әскерімен қанды шайқасқа түскен шешуші
айқасты бейнелейді. Соғыс Бекетай құмында болған. Сол бір сәтті ақын:
Әскер жиып аттандық,
Бекетей еді тұрағым.
Айқайлап жауға тигенде,
Ағатай, Беріш ұраным.
Бекетей құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды, —
деп бейнелейді.
Гекке басқарған орыс армиясымен соғыста 1838 жылы шілденің 12-сі күні
Исатай қаза табады. Махамбет бір-неше жолдастарымен әскердің шебін бұзып
шығып құтылады.
Махамбет бұл жолы патша әскерімен табан тіреп соғыса алмайды. Өйткені
Геккенің соғыс техникасын жақсы білетін, күшті қаруланған 500-ден аса
әскерімен белдесіп соғысуға тірі қалған аз адаммен шамасы келмейді.
Исатайдың қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде. Исатай
қазасынан кейін Махамбет түңілушілікке, жалғыздыққа сәл бой алдырады.
Жырларында мұңаю сарыны пайда болады. Қарулы жасақтың көпшілігі тарап,
қасында тек азғана топ қалады. Бытырап кеткен қолдың енді басын қосу қиын.
Ел де үрейленген. Жау бейбіт халыққа қысым-қиянатын бұрынғыдан да үдетіп,
Махамбеттің ізіне шам ала түседі.
Қуғын-сүргінге түсіп, жалғыз қалғанын білген сабаз ақынның:
Жалғыз қалдым...
Адасып қалған үйректей.
Немесе:
Бұл фәнидің жүзінде
Махамбеттей зарығып
Мұңды болған қайда бар, —
деуі де содан. Ол тіпті: Қаумалаған қасымда қарындастың кемі үшін, — деп
жанында қалған елдің аз екенін айтып мұңаяды:
Қайтейін енді дүние-ай,
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.
Бірақ қайсар батыр, от ауызды ақын еңсесін тез көтеріп алады. Қайғы-
дертінен тез айығады. Күрес туын қайта көтермекке бел байлайды, қайратқа
мінеді. Өзін де, жолдастарын да жауына қарсы айқасуға шақырып:
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды
Жолдастарым, мұнайма! —
деп жігерлендіреді. Ол: Ісім жөнге келгенде, қамалаған көп дұшпан, әлі де
болса, қойдай қылып айдармыз, — деп, қайратты әр мінезінен қайтпайды.
Жасқұстағы Жәңгір хан ісіне... құса дерт болған Махамбет тағы да қол
жинау мақсатымен Хиуаға кетеді. Хиуа ханынан әскери көмек алып келмекші.
Оның Айныман деген өлеңі осы оқиғаға байланысты туса керек.
Махамбет тағы да қуғын-сүргінге ұшырайды. Жәңгір де, Орынбор генерал-
губернаторы да оның соңынан қуғыншылар жібереді. Ақынды қолға түсіріп,
Орынбор түрмесіне айдайды. Сондағы жолдау қағазда: Жасы 37-де, бойы екі
аршын және 5 вершок, шашы, қасы, мұрты, сақалы қара, бетінде дағы жоқ, қара
торы, қой көзді, — деп сипатталады ақынның түр сипаты.
Махамбетті түрмеге қамайды, тергеуге алады. Ақын ағайын-туғандарын, үй
ішін сағынады. Соларды бір көруге зар болады. Тұтқын азабын, ауыртпалығын
тартқан қапастағы ақын:
Кеше біз зынданда жатып құбылдық,
Қамалаған көп дұшпанға қор болдық.
Терезеден телміріп,
Ағайын мен туғанды
Бір көруге зар болдық, —
деп, іштегі сағынышын, қайғы-қапасын өлеңмен сыртқа шығарады.
Махамбеттің ісі әскери сотқа беріледі. Бірақ батыр мұнан ақталып
шығады. Орынбордың генерал-губернаторы: Махамбет Өтемісұлы жазадан
құтқарылып, шекарадан өткізіп салынсын, бірақ оның бұдан былай шекараға
жақындауына тыйым жасалсың, егер де бұл тыйымды бұзса немесе Ішкі Ордаға
өтсе, ол қатал жазаға тартылсын, — деп үкім шығарады.
Шекара комиссиясы бұйрығымен Махамбетті Кіші жүздің сұлтаны Арыстан
Жантөриннің қарауына, бақылауына жібереді.
Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстап бермек боп, талай топ құрады,
алдап та, арбап та көреді. Шақыртып кісі де жібереді. Бірақ Баймағамбет
сияқты ата жауларының сырына қанық Махамбет оның алдауына түсе қоймайды.
Сөйтіп жүрген шақтарының бірінде ақын ойламаған жерден Баймағамбетпен
ұшырасып қалады.
Әрі арыстан жүректі батыр, әрі жалынды ақын Махамбет үйге
кіріп келгенде, сұлтан да, оның нөкерлері де сескеніп қалады, бірақ сыр
білдірмеуге тырысады. Ал Махамбет Баймағамбетке де, оның маңындағыларға да
амандаспай отыра кетеді. Екі жағы да сақ, арбасып отыр.
Әңгіме үстінде Баймағамбет: Исатай екеуің не істемекші едіңдер, соны
айтшы? — дейді. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны дейтін әйгілі
өлеңі табан астында, осы арада шығарылған екен. Төрелер бірдеме дегісі
келіп, бұған Баймағамбет қалай қарар екен деп жарамсақтана қарайды. Бірақ
Баймағамбеттің батылы бармайды. Біреу бірдеңе десе, қантөгіс боларын сезеді
де: Бұлай айтпаса, ол Махамбет бола ма, ондай сөзді
көтермесем, мен хан боламын ба? — деп көлгірсіп, жалтақтай
сөйлейді. Қайсар батырдың сұсы басып кетеді. Сұлтан Махамбетті ұстап
берген жанға 1000 сом беремін деп жар салады. Халық адал ұлын хан
баласына сатпаған. Жер ала, бұлт шала дегендейін, екі жүзді жандар ғана
асыл ерді қапыда өлтіруге барған. Ол — ақынның алыс туысы әрі досы боп
жүрген Ықылас деген опасыз, қанішер. Елінің қорғаны болтан ақынын ол
түлкідей жылмаңдап келіп, зұлымдықпен өлтірген. Ашық айқаста емес,
Махамбеттің адал дастарқаны үстінде дәм-тұзын татып отырған шақта, жалған
досы Ықылас сырт жағынан кеп, басын шауып алады. Дүние құлы болған
жеңдеттер шауып алған ақын басын Баймағамбетке тартуға әкетеді. Сөйтіп,
ардагер ақын 1846 жылы 42 жасында дүние салады. Ақынның зираты Атырау
облысы, Махамбет ауданындағы Қарой деген жерде.
Қазір ол жер Махамбет ойы делінеді. Сол жердегі ауыл Махамбет атымен
аталады.
Қара қазан, сары бала қамы үшін. Исатай мен Махамбетке ереуіл атқа
ер салдырған да, егеулі найза қолға алдырған да, беркініп садақ
астырған да сол —
қара қазан, сары бала қамы. Оларды толарсақтан саз кештіріп жүрген
де сол, қарындас қамы — ел қамы. Олар Еділ бойы ен тоғайға ел қондыруды,
жағалай жатқан сол елге мал толтыруды, елге еркіндік, молшылық өперуді
армандады. Махамбет өзінің Қызғыш құс атты өлеңіңде еліне, халқына
сүйіспеншілігін, Отанына деген сезімін:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен...—
деген психологиялық параллелизм арқылы барынша тебіреніп, тамаша
бейнелеген. Қызғыш құстын көлсіз тіріпілігі болмаса, ақынның туған елінсіз,
туған топырағынсыз тіршілігі жоқ. Сол өлеңінде, Махамбет:
Сені көлден айырған —
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған
Хан Жәңгірдің екпіні, —
деп, қас жауының кім екенін айқын аңғартады. Ол Баймағамбет сұлтанға айтқан
сөзінде:
Өздеріңдей хандарды,
Қарны жуан билерді,
Қабырғасын сөгілтіп,
Қабырғадан аққан қара қан,
Ат бауырына төгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат артына өңгердік, —
деп, қара қазақ баласы үшін сол қиянатшыл хан-сұлтандарға қарсы күрескенін
айтады.
Нарынды ақын Отан бейнесінде алады. Сол Нарында:
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қарындас, халқым, көп қалды-ау,
Қатын менен бала бар, —
дейді. Нарын — атамекені. Ақынның:
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін жасырман... —
деген жалынды, отты сөздері тек елім деп еңіреген ердің аузынан ғана
шығады. Ақын халқын ерлік күреске үндейді:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға,
Қас үлектен туған көтепті.
Қара нар керек біздін бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске...
Бұл —неге күресіп жүргенін түсінген, халық мүддесін жеке басының
мүддесінен артық санаған, халық үшін өз жанын пида еткен ердің сөзі.
Махамбетті халықтың қадірлейтіні де, оны аңыз етіп сөйлейтіні де, оның
сөздерін айрықша сүйіп оқитыны да сондықтан.
Махамбет — халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген
ақын.
Ереуіл атқа ер салмай. Махамбет өлеңдерінде романтизм элементі жиі
кездеседі. Ол — көпшілікті күреске шақырған оптимистік, прогресшіл
романтизм. Романтикалық пафос күрес мақсатымен ұштасып жатады. Мысалы,
Ереуіл атқа ер салмай өлеңінде:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңқу-еңқу жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Арып-ашып шел көрмей,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастақбай,
Ерлердін ісі бітер ме?!—
дейді.
Бұл өлеңде сары уайымның (пессимизмнің) ұшқыны да жоқ, тура күреске
шақырады. Алға қойған мақсатты орындап шығу үшін қанша қиыншылық болса да
шыдауға, хан, патша, төре, сұлтан, билермен күресте қажымауға, торықпауға,
табанды болуға үндейді.
Тағы бір өлеңінде ол осы пікірін бұдан да гөрі ашық айтады:
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Қасарысқан жауына,
Қанды көбік жұтқызбай,
Ерлердің ісі бітер ме?! —
деп, күрес максатын айқын танытады.
Сонымен, Махамбет өлендеріндегі романтизм — басынан аяғына дейін
жұртшылықты күреске шақырған, жақсылықты алдағы күннен күткен прогрестік,
олтимистік романтизм. Жеңіліп қалғаннан кейін де:
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол тартып,
Жау тоқтатар күн қайда?! —
деп, өршіл, күресшіл бетінен қайтпайды.
Арманын іске асыру үшін Махамбет О, Нарын! өлеңінде көпшілікке
мынаны ұсынады:
Алтын жақса жарасар,
Жалтыраған күміске.
Он екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1836 – 38 ж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Тайпин көтерілісі және Тайпин мемлекетінің құрылуы
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Сауда қатынасының дамуы
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
1840 – 1860 жж Франция
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Пәндер