МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ОРЫНДАМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН АЖЫРАТУДЫҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 614.256:316.334.4.

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ОРЫНДАМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС
ҚҰРАМЫН АЖЫРАТУДЫҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Еркебаева А.Қ.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі: адам денсаулығы-оның негізгі байлығы.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің,
қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі
денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге басты назар
аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір
шаралар қолданып, қоғам үшін біршама өз үлестерін тигізуі қажет. Қазіргі
біздің мемлекетімізде Ата заңымызға сәйкес, денсаулықты сақтау мәселелері
жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленуде, осы бағдарламалар бойынша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс
істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат
бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір
азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. [1]. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі
медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. Осы арада денсаулық деген
ұғымға тоқтала кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі
қалыпты жұмыс істеуі.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі-бұл қылмыстарды
жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе
абайсызда зиян келтіреді, яғни адам өмірі үшін ең қымбат болып табылатын
адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.
Баршамызға белгілі, 2009 жыл 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру
жөніндегі қосымша шаралар туралы, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің
кәсіптік қызметін орындамауына байланысты жауапкершілік туралы жарлығы
қабылданды. [2]
Бұл шығарылған жарлықтардың және атқарылатын іс шаралардың негізгі
мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу
шаралары арқылы келешекте оның тамыр жаюына жол бермеу болып табылады.
Қазіргі таңда адам денсаулығы-біздің байлығымыз. Сол денсаулықтың
нәтижесінде өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандырып, оқу оқимыз, жұмыс
жасаймыз, өмірге деген көзқарасымыз толыққанды болып, толық әрекет
қабылеттілігі бар тұлға ретінде саналамыз. Ал, барлық адам тең емес. Неге?
Өйткені, кейбір адамдар өз денсаулығына өзі дұрыс қарамай, ауруды қолдап
сатып алады. Оның арты ауыр дертке айналады. Дерт- жазылмас қасырет болып
табылады. Адамға ең бірінші - жан тазалығы қажет, жанның тазалығы-ардың
тазалығы деп, халқымыз бекер айтпаған. Денсаулыққа мұқтаж мүгедек болып
жатқан адамдар қаншама? Олар бір күн болса да жарық дүниені, өз қолымен
тамақ ішіп, өз аяғымен жер басып жүргенді, өз көзімен жақсылықты көруді
армандап, зәру көріп жатқан адамдарды көріп, жанарыңа мұң ұялайды. Ең
аяғында болар іс болып, бояуы сіңіп болған соң, мына өмірдің жақсылығын
түсініп жатқан қандастарымызды көріп, жүрегің ауырып, жігерің құм болады.
Сондықтан қазіргі кезде өз денсаулығына балта шауып, айықпас зардап көріп,
ең аяғында ауруын жасырып жатқан жасөспірімдер көптеп кездеседі. Өйткені,
жастықтың буына мойынсұнбай, қоғамымызда кездесетін түрлі жиіркенішті,
табиғатымызға жат қылықтарды өзіне әдет қылып, түрлі теріс-қылықтарды жасау
нәтижесінде айықпайтын ауыр дертке шалдығады. Алайда бір күндік қызық
көріп, соңында өкініш, абыройдан мүлдем қалу болып табылады. Бұл ащы да
болса да шындық. Мұның бәрі айналып келгенде отбасы жағдайы, өз
қызметтеріне қызметкерлердің немқұрай танытып, адал қарамауы, сонымен қатар
осы денсаулық сақтау саласына, мекеме басшылығы тарапынан бақылаудың
жоқтығынан орын алып келгені мәлім. Елімізде медицина қызметкерлері өз
міндеттерін тиісінше атқармауы салдарынан сау адамның өзіне бір сәтте
дұрыс дәрі-дәрімекті қажеттілігіне сай қолдана алмағандықтан, сонымен қатар
медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігінің жоқтығына байланысты, жаны,
тәні сау адамдардың ауыр дертті жұқтырып, тамырына балта шабылып жатқандары
айтпаса да түсінікті. Осының салдарынан көптеген медицина қызметкерлері
өздерінің жұмыстарын адал атқармағандықтан мемлекет тарапынан құқық қорғау
органдарының тексерісінің нәтижесіне байланысты, ол азаматтарға тиісті
жазасын беруде. Бәленің бәрі осыған келіп тіреледі. Оның мәнісі аталған
мекеме басшылары жауапсыздыққа салынған, жұмыста кім не істеп, немен
айналысып жүргенінен бейхабар, зер салмаудың нәтижесінде болып отыр.
Қызметтік тәжірибеде кейде медицина қызметкерлерінің кәсіптік
қызметтерін тиісінше орындамағандығы үшін қылмыстық жауаптылығы туындайтын
құрамын басқа да медициналық қызмет көрсету саласындағы қылмыстан ажырату
мәселесі туындайды. Қарастырылып жатқан қылмыс құрамдары Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 1- тарауындағы
қылмыстармен, сондай-ақ басқа да тараулардағы осындай қылмыстармен
ұқсастығы бар.
Медицина және фармацевтика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Әкімшілік жауаптылықтың арнайы субъектілері
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
Кеден ісі аясындағы құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Пәндер