Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
КІРІСПЕ
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі –
медицина саласы. Себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың
денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші. Сондықтан
медицина саласы бойынша білікті маман тәрбиелеу ісінде мемлекеттік тілдің,
қазақ әдеби тілінің атқарар рөлі ерекше. Қазақ әдеби тілінің танымдық әрі
коммуникативтік қызметінің сан-қырлылығын көрсететін де осы сала. Медицина
саласында қазақ тілінде атаулық және әрекеттік мәндегі терминдер де, сөз
тіркестері де, фразеологизмдер де, мақал-мәтелдер де қалыптасып орныққаны
белгілі. Сондықтан да болашақ медицина саласы мамандарын термин
мүмкіндігін қамтитын медицина атауларын қолдануға, қалың көпшілікпен
медицина тілінде еркін қарым-қатынасқа түсуге жетелейтін оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздерін анықтау көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Осы мақсатты орындауда, төмендегідей міндеттер қойылды:
- қазақ тіліндегі медицина лексикасын қатысымдық тұрғыдан оқытудың
ғылыми-теориялық негізін анықтау;
- медицина лексикасын қатысымдық тұрғыдан оқытудың педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік-тәрбиелік мәнін ашу;
- медицина лексикасын оқытудың басты ұстанымдары мен қағидаларын
айқындау;
- медик мамандарға қазақ тілін үйретуге қатысты лексикалық минимум мен
мәтіндерді жүйелеу;
- медицина лексикасының шығу арналарын анықтап, оларды оқытудың жүйелі
әдістемесіне ұсыну;
- медицина лексикасындағы сөз мағынасының түрленуін игерту;
- медицина лексикасын қатысымдық тұрғыдан оқытуды эксперименттен
өткізу.
Медицинадағы терминдік лексика қоғам тарихымен, оның ішіндегі тіл
тарихымен бірге қалыптасты. Тарих шежіресіне үңілсек Орта Азияның атақты
дәрігерлері Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина медицина терминдерінің
негізін қалыптастырды.
Өзінің қалыптасуы мен даму ерекшелігіне қарай қазақ медицина терминдік
лексикасының тарихы өте ертеден басталады. Бұған дәлел бұдан бес ғасыр
бұрын өмір сүрген шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлының өз тәжірибесінен 1467
жылы медицина туралы жазған Шипагерлік баян атты еңбегі.
Қазақстанда тарих пен ғылыми медицинаның революцияға дейінгі кезеңі
туралы материалдарды Түркістан уалаятының газеті (1870-1883), Дала
уалаятының газеті (1888-1902), Қазақ газеті (1913-1918), Айқап (1911-
1915) журналы сияқты мерзімді баспасөз беттерінен кездестіруге болады.
Сол кездегі оқу-ағарту мәселесімен бірге, халықтың денсаулығы туралы да
көптеген жұмыстарды басқаруда Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаев еңбектері ерекше
болды. Ж.Аймауытов Психология атты еңбегінде ұлттық ғылыми психологиялық
терминдерді бір ізге түсіріп, жалпы терминдер қорына енгізген. М.Жұмабаев
алғашқы шыққан Педагогика атты ғылыми еңбегінде қазақтың ұлттық тілінде
қазақ мінездері көрініп тұрады деген. Тәрбиені дене, жан, ақыл, сұлулық
пен әдеп деп төртке бөліп, олардың бір-бірімен байланысты жолдарын
түсіндіреді.
Республикада денсаулық сақтау ісі мен медицина ғылымының интенсивті
дамуы соғыстан кейінгі жылдарда ерекшеленеді. Сол жылдары медицина
ғылымының дамуына атақты ғалымдар А.Н.Сызғанов, Х.А.Барлыбаев,
И.К.Қаракулов, С.Р.Қарынбаев елеулі еңбек сіңірді. 1950 жылдары дәрігер-
ғалымдар Г.Тарабаева, Ш.Қарақұлов, С.Омаров Медицина ғылымының терминдері
атты сөздікте 978 медициналық терминді қамтыған.
1960-70-жылдары анатомия терминологиясын лингвистика жағынан зерттеген
диссертациялық еңбектер пайда болды. Соның бірі 1978 жылы К.Жидебаевтың
Анатомические названия в казахском языке атты диссертация жұмысында
анатомия терминдерінің шығу тегіне морфологиялық талдау жасаған. И.А.Алиев,
М.С.Тыналиева, М.С.Мамбетов екі тілде медицина сөздігін құрастырған. 1960
жылы медицина терминіне үлкен үлес қосқан ғалым-дәрігер М.Исамбаевтын Орыс-
латын-қазақ терминология сөздігі медицинадағы 10 мың клиника терминінен
тұрады.
1977 жылы шыққан К.Жалмұхамедовтың Көз ауруларының орысша-қазақша
терминдер сөздігі 400-ден аса лексиканы офтольмологиялық жағынан жинақтап,
жүйелеуге игі ықпал етті.
Қазақ тіліндегі терминдердің дұрыс жолға қойылуына ҚҒА Тіл білімі
институтының 1970-2003 жылдар аралығындағы жұмыстары айтарлықтай әсер етті.
Терминге көптеген пайдалы принциптерді ұсынған академик Ә.Қайдаров Қазақ
тілі терминологиясына жаңаша көзқараспен қарайық деген проблемалы
мақаласында: мемлекеттік әдеби тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы
терминологияның реттілігімен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс
аясының кеңдігімен өлшенеді [2], – дейді. Ғалым мақаласы лингвистерге
термин туралы көрсетілген жол-жоба болып есептеледі.
Осы тұрғыда академик Ө.Айтбаев Қазақ терминологиясының дамуы мен
қалыптасуы деген еңбегінде термин жайлы үлкен сараптау жасаған.
Терминология ғылымы шеңберінде мынандай мәселелер қарастырылып, шешімін
табуға тиісті. Терминді талдап іріктеп тізу, терминдер жүйесін жасау,
олардың белгілі-бір аспектіде қолданылу заңдылығын ашу [3, 14 б.], – деген
ғалымның тұжырымды пікірі басшылыққа алынып, дәрігер қауымын қазақша
сөйлетуде жол-жоба болды. Дәрігер қауымы науқаспен қарым-қатынасқа түсуде
сөзді тез тауып алуға лайықты жеңіл түрдегі қысқаша сөздіктер жүйесі
құрастырылды: 1) Тақырыптық сөздікте ауру түрін анықтауға арналған ауру
нышандары мен анықталған ауру түрінің аттары тақырыптарға бөлінді. 2) Ұялы
әдістегі сөздік дәрігерлердің науқастарға Дәрігерлік кеңес беруге
арналған сөйлем құрау тиімділігін байқатты. 3) Түсіндірме сөздік орыс
тілінен енген кірме сөздерге түсінік беріліп, дәрігер-студенттердің сөздік
қорын молайтуға пайдалы болды. Үш сөздік те лингвистикалық негізі, аурухана
мен емханаларда дәрігерлер арасында кеңінен қолданыста жүр.
Бірінші бөлімнің Медицина лексикасын оқытудың лингводидактикалық
негізі деген екінші тармақта орыс тілді бөлімдегі дәрігер-студенттерді
қазақша сөйлету әрекетіне үйрету қазақ тіл білімінін лингвистикалық
негізіне (тіл заңдылықтарына, грамматикалық ережелеріне, лексика құрылымын
түсіну, т.б.) байланысты. Лингвист ғалымдар Д.М.Изаренко, Г.Е.Сахарова,
А.В.Текучев, Б.М.Машимбаеваның еңбектерімен таныстыру дәрігер қауымын
сөйлетудің басты материалы диалогтың қатысымдық қызметін анықтауға арқау
болды. Тақырыптың лингвистикалық негіз келесі мәселерді қамтиды:
- оқытудың мақсаты (дәрігер ретінде науқастармен тілдік қарым-қатынасты
жүзеге асыру) мен міндетін (дәрігерлер тілінде қазақша еркін сөйлесе алуды
қалыптастыру) нақтылау;
- мақсат пен міндетті орындауда тілдік деректерді нақты іріктеп,
тақырыптарын дәл тауып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, ұтымды жұмыс түрлерін
белгілеу;
- күнделікті қарым-қатынастағы сөйлеу жағдайында қолданатын лексика-
грамматикалық минимумды таңдап, терминдер мен мәтін тақырыбының мамандық
пен тілдік орта ерекшелігіне сай қажеттілігін анықтау;
- дәрігердің науқаспен тілдік қатынасқа түсінуіне мәжбүр жасайтын
факторды, яғни тілдік орта жағдайын анықтау.
Студент-дәрігерлерге жұмыс барысында қолдануға өте қажетті сөйлесім
мәтінін өздеріне құрғызудың (негізін монологты мәтіннен алу) нәтижесінде
дәрігердің қазақ тілінде сөйлеу қабілеттері артады. Олар үйренген сөйлесім
түрлерін жұмыс барысындағы қолданыста тиімді пайдалана алады.
Лингвистикалық білім беру жүйесі модульдік мәтін негізінде монологты,
диалогты, мәтіндердің тақырыбын және осы мәселеге байланысты жаттығу
түрлерін қамтитын теориялық ережелер мен заңдылықтарды жинақтайды.
Оқыту материалдарын тілдік жағдаятқа байланысты мамандық ерекшелігіне
қарай дәл іріктеу дәрігердің лексиканы игеруге деген белсенділігін тудырды.
Бірінші бөлімдегі екінші тармақтың бірінші тармақшасы Медицина
лексикасын модульдік құрылым негізінде оқытуға бағытталған қазақ тілі
бағдарламасы атты тақырыпқа арналды. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы жоғары
оқу орнында мемлекеттік тілді әлеуметтік тапсырысқа сай, білім сапасын
көтеріп, студенттердің кәсіптік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа
технологияны қолдана оқытуға негізделеді.
Бағдарлама бойынша қазақ тілін оқытудың мақсаты – медицина мамандығын
меңгеруге қажетті лексикалық қорды тілдік қатынаста қатысымдық тұрғыдан
жаңа технология арқылы іске асырудың амал-тәсілдерін іздестіру, оның
нәтижесін көрсету. Сабақты жаңа технология арқылы жүргізуде көңіл бөлетін
мәселелер мынадай:
- жаңа технологияны оқу процесіне еңгізу, оған керекті материалды
жинау арқылы оқыту үрдісіне лайықталған білім жүйесі болуын
қарастыру;
- қазақша сөйлетуге арналған мәтіндер мен модульдік құрылымды
ұйымдастыру;
- лингафон курсы бойынша сабақ ұйымдастыру;
- теледидар арқылы сабақ өткізу;
- сабақ барысында компьютерді пайдалану.
Жаңа технологиялық амал-тәсілдердің бір түрі -модуль жүйесі. Модуль
арқылы тілді меңгерудегі мақсат – студент-дәрігерлердің болашақ жұмыс
жасауына тиімді тілдік материалды жинақтап, жүйелі түрде өзара
сабақтастықта игеруге мүмкіндік жасау және қажетті лексикалық, тілдік
материалдарды сұрыптап, топтастыру.
Бағдарламада ұсынылып, талданған мамандыққа байланысты медицина
лексикасының модульдік құрылымы төмендегі кестеде ұсынылды (1-кесте).
І-модуль
Жүрек қан-тамыры аурулары бойынша дәрігер қабылдауы
1-блок 2-блок
Жүрек ауруы бойынша мәтіндер Бас ауруы бойынша мәтіндер топтамасы
топтамасы
ІІ-модуль
Ас қорыту жүйесі бойынша дәрігердің қабылдауы
1-блок 2-блок
Асқазан аурулары бойынша мәтіндердің Ішек аурулары бойынша
түрлері мәтіндердің түрлері
3-блок.
Несеп жүйесі ауруы бойынша дәрігер қабылдау
ІІІ-модуль
Ауыз қуысы аурулары бойынша қабылдау
1-блок 2-блок
Тіс ауруларының мәтіндері Тіс еті ауруларының мәтіндері
ІV-модуль
Балалар ауруы бойынша дәрігер қабылдауы
1-блок 2-блок
Баладағы жұқпалы ауру бойынша Бала аурулары бойынша мәтіндер
мәтіндер
1-кесте – Мамандыққа байланысты медицина лексикасының модульдік құрылымы
Модульдік оқыту бағдарламасын түзуде мынадай талаптар ескерілді:
- болашақ маман иелерін ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, кәсіби білікті
маман ретінде, адамдармен сауатты қатынас жасай алатын тұлға ретінде
қалыптастыруға жол ашу;
- дәрігердің қазақша тілдік қатынасты жүйелі, тиімді меңгерудің амал-
тәсілдерін жинақтау.
Модульге алынған блоктық мәтіндердің әрқайсысы белгілі бір ауру түрін
көрсетеді. Мәтіндердің сұрыпталу ұстанымы халық арасында тараған аурулардың
жиілігіне және әр мамандықтың ерекшелігіне байланысты анықталды.
Сегіз модульдік құрылымның әрқайсысы адам дене мүшелерінде кездесетін
ауруға байланысты дәрігер қабылдауына арналған қажетті тілдік материал
ретінде қызмет көрсетуге бағытталып, әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Бағдарламада модульдер бойынша игерілетін лексикалық және грамматикалық
минимумдар ұсынылды. Қатысым әдісінің негізі болып саналатын сөйлесім
әрекетінің түрлерін (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім) жан-
жақты іске асыру тиімділігі деңгейлік жаттығулар жиынтығы арқылы
анықталды.
Бірінші бөлімнің үшінші тармағы М
едицина лексикасын мамандыққа байланысты оқытудың психологиялық негізі деп
аталып, онда болашақ дәрігерлердің тіл үйрену барысында науқастардың
психологиялық күйіне байланысты ойды жеткізу, өзара пікір алысу, түсінісу
қызметінде сыпайы, мәдениетті түрдегі қарым-қатынастың мәнін ашуға
бағытталды.
Психологиялық негізі мына ғалымдардың пікіріне сүйеніп анықталды:
В.А.Артемов, Б.В.Беляев, И.М.Сеченов, И.П.Павлов, А.С.Выготский,
А.А.Леонтьев. Ы.Алтынсарин Хрестоматиясында жасөспірімдердің жан
дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруда мектеп пен ата-ана рөлін ерекше
көрсеткен. Ғұлама ғалым Абай еңбегінде адамның іс-әрекетінің нәтижесі ар-
ұят, ожданымен байланысты десе, ақын С.Торайғыров пікірінен адам дүниені
тану арқылы ақыл-ойын дамытады деген пікір түйінін байқауға болады.
Студент-медиктерге қазақ тіліндегі медицина лексикасын игертудің
психологиялық негізі болашақ дәрігер маманның интеллектуалды ойлау
ізденісін қалыптастырудан тұрады. Бұл тұрғыдан тілдік қарым-қатынаста
диалогты сөздің әсері ерекше. Екі адамның бірінің екіншісіне деген ізгі
қарым-қатынас жасауы олардың қандай мақсат ұстануымен сипатталады және екі
жақты қарым-қатынаста психологиялық процестер жүріп жатады, сондықтан
дәрігердің науқастың психологиялық күй-жағдайын түсіне бағыттап оқыту
көзделеді.
Ой – сыртқы дүние бейнесін сөз арқылы жеткізудегі психикалық процесс.
Ой процесінің анализ, синтез компоненттерімен бірге, ойлаудың салыстыру,
абстракция, нақтылау операциялары медицина лексикасын игеру әрекетінде
қолданылады. Мысалы: анализ процесінде ойлау арқылы түрлі заттарды жеке
бөліп құрастырсақ, синтез процесінде ойлау арқылы заттың барлық элементтері
біріктіріледі.
Медицина лексикасын игеруде бұл әрекеттер былайша іске асады. Әр сөздің
беретін мағынасын ашу арқылы сабақта анализ процесі іске асырылса, жеке
сөздерден грамматикалық формалар арқылы сөйлем құрастыру әрекетінде синтез
процесі орындалып, ой арқылы заттың барлық элементтері біріктіріледі.
Оқу процесінде лексика мен грамматикалық формалардың орыс тіліндегі
баламаларымен салыстыра отырып түсіндірілуі салыстыру деп аталатын ой
операциясы арқылы жүргізіледі. Сол сияқты ой операциясының күрделі түрлері
жалпылау мен нақтылау процестері де медицина лексикаларын оқытуда кеңінен
қолданылады. Мысалы: Дәрігерлерге арналған тақырыптық сөздікте
медицинадағы қазақ тіліне тән лексикаларды семантика жолымен ұқсастық
белгілерін тауып, жүйелей отырып тақырыпқа бөлу. Бұл – ойдың жалпылау
операциясы (бір текті заттардың ортақ қасиетін оймен біріктіру) арқылы
дайындалған жұмыс. Сөздіктегі тақырыптар Ауру аттары (374 сөз), Ауру
нышандары (170 сөз), т.б. осы жолмен кұрастырылған.
Бұл сөздіктегі лексикалар ойдың нақтылау операциясы (жеке заттар туралы
ой) мен аналогияға (ұқсастық бойынша ой қорытындысы) сүйене отырып
сұрыпталынды. Мысалы: көз – глаза, томпақ көз – пучеглазый, көз алмасы –
глазное яблоко, көз артериясы – глазная артерия, көз бұршағы – хрусталик,
көздің ағы – белок глаза т.б.
Бұл сияқты ой операциялары арқылы жүргізілген жұмыстың түрлері
болашақта студенттер ойын түйіндей білуге баулиды.
Оқи жүріп студенттер өздерін қоршаған ортаның шандығын таниды. Таным
үдерісі арқылы меңгерілген білімнің тиімділігі практикалық қолданыста
тексеріледі. Бұл таным процесі бойынша меңгерген білімді нақтылау болып
саналады. Нақтылаудың тиімділігі абстракты ойлауды практикалық әрекеттерге
көшіреді.
Зерттеу барысында жаттығу, жаттау, еске сақтау, бекіту жұмыстары жүзеге
асырыла отырып, студенттің білімі нығайтылды. Сабақ барысындағы жаттықтыру
жұмысынан студенттердің танымдық білімі қалыптасты.
Бірінші бөлімнің төртінші тармағы Медицина лексикасын мамандыққа
байланысты оқытудың педагогикалық негізі деп аталады.
Заман қажеттілігінен туған, қазақша сөйлеуге үйрету дәрігер-студенттің
ой қабілетін дамыта отырып, пәннің қажеттігіне сенуін қалыптастыру
бағытында болуға тиіс. Дидактика бойынша оқыту процесін ұйымдастырудың
тиімді амал-тәсілдері маңызды рөл атқарады.
Медицина лексикасын оқытуға келесі педагог ғалымдардың А.С.Макаренко
(оқытушы шеберлігі туралы), Л.И.Божович (пәннің қажетігін ұғындыру),
М.И.Калинин (оқушы мәдениетін көтеру), Н.К.Крупская (ұжымның тәрбиелік
мәні), Т.А.Ильина (еңбек тәрбиесі туралы) пікірлері негізге алынды.
Қазақ тіліндегі медицина лексикасын оқытудың мақсаты – халыққа
дәрігерлік қызмет көрсетуде түрлі аурудың болу себебі мен емделу жолдарынан
Дәрігерлік кеңес ретінде мағлұмат беретін дәрежеде сөйлей алуға жеткізу.
Студенттерге қазақ тілін оқыту тұжырымдамасында мынандай міндеттер
белгіленген:
- студенттердің сөздік қорын молайтуға арналған түрлі тақырыптағы
сөздіктер жасау;
- студент-дәрігерлер науқастармен қарым-қатынас жасауға арналған әр
мамандық бойынша түрлі ауруға арналған тілашар құрастыру.
Медицина лексикасын оқыту жүйесі – сұрыпталып алынған грамматикалық
және лексикалық (сөздіктер мен мәтіндер) материалды игертудің әдіс-тәсілін
табудан тұрады.
Дидактикалық ұстанымдар әр сабақты өткізуге арналған жоспарда мақсаты
мен міндеті және әрбір топтағы медицина лексикасының ерекшелігіне қарай
оқытудың мазмұны мен әдістерін белгілеуде басшылыққа алынды. Мәселен,
оқытудың ғылымилық ұстанымы медицина лексикасының шығу тарихы, толығу
жолдары, сөз тіркестерінің тарихы, лексикалардың аналитикалық, синтетикалық
(морфологиялық) жолдар арқылы жасалуы мен басқа тілден енген кірме
сөздердің жасалуын ғылыми теория жолымен түсіндіру бойынша ескерілді.
Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымының негізінде дәрігерлерге
қазақ тілінен алған білімдерін практикалық жұмыста (емхана мен аурухана,
дәріханада) қолдана білу тәсілдерін үйрету, практикалық жұмыста қолдануға
тиісті материалды дайындау жүзеге асырылды.
Дәрігер-студенттің психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы қазақ тілі
пәнін оқытуда болашақ мамандардың психикалық қасиеттері мен қабілеттерін,
олардың оқуға бейімділігін, икемділігін, сенімін, танымын, қызығуын, эмоция-
сезімдерін байқай отырып, медиктерге берілетін тапсырма мен жұмыс істеу
тәртібін белгілеуге тірек болды. Болашақ мамандықтарының ерекшелігіне орай
олардың науқаспен арадағы қатынасын қалыптастыруға қажетті бұл ұстаным
мемлекеттік тілді меңгертудің талаптарымен бірлікте қаралды.
Түсініктілік ұстанымын медицина лексикасын игеруде ескерудің орны
ерекше. Тілдік материалдарды студенттердің саналы игеруі үшін жеңілден
ауырға қарай ұғындыру амалдарын қолдану көзделді. Бұл орайда дәрігер
танымына қажетті, қысқа, мамандыққа сай мәтіндер ұсынылды.
Саналылық пен белсенділік ұстанымы қазақ тілін оқытуды саналылық
заңдылығына сүйене отырып жүргізу үдерісінде маңызды рөл атқарды. Саналы
білім пәннің қажеттігін түсінуден туатыны белгілі. Сол себепті мәтіннің
мамандыққа сай алынуы, сөйлемдердің науқас пен дәрігер арасындағы қарым-
қатынастарға байланысты болуы болашақ дәрігердің өз мамандығына деген
құрметін арттырып, ынтасын оятады.
Көрнекілік ұстанымы қазақ тілін оқытуда тілдік, лексикалық материалдың
сурет, кесте, сызба түрінде ұсынылуы барысында,студенттердің есте сақтау
қабілетін жетілдіру мақсатында басшылыққа алынды.
Бірінші бөлімнің төртінші тармағындағы бірінші тармақшасы Медицина
лексикасын мамандыққа байланысты оқытудың тәрбиелік және әлеуметтік мәні
деп аталады.
Педагогика саласында оқыту мен тәрбие бір-бірімен тығыз байланыста
жүргізілетіні аян. Медицина лексикасын мамандыққа сәйкес оқытуда бұл екі
ұғымның өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап, бірлесіп жұмыс істеу
қадағаланды.
Тәрбие мақсаты медицина лексикасын оқытуда жастарды жеке тұлға ретінде
қалыптастыруды ұлттық идеямен тығыз байланыста меңгерту болды. Сондықтан
дәрігер студенттермен тәрбие жұмысын жүргізудің міндеттері: пәнді оқыта
отырып, білімін практикалық жұмыста пайдалана білуге үйрету; адамдармен
қарым-қатынастағы мәдениетті сөйлеу нормаларын сақтай отырып, түсінушілік,
мейірбандылық, ізгі ниеттілік, адамгершілік қасиеттеріне баулу болып
белгіленді.
Жеке түлғаның әлеуметтенуінің ең басты жолы – өз бетінше іздене
отырып, өмір тәжірибелерінің жақсы қасиеттерін бойына жинап, қоғамдық
ортаға бейімдеу. Тұлғаны тәрбиелеудің осы жолы туралы ғалымдар
К.Д.Ушинский, Ж.Б.Қоянбаев, Г.Садыков, Т.А.Ильина өз еңбектерінде кеңінен
тоқталған. Еңбек тәрбиесі туралы ғалым Ж.Б.Қоянбаев былай дейді: ...
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек – шешуші факторлардың бірі
[4, 129 б.].
Студент-дәрігерлердің эстетикалық мәдениетін тәрбиелеуде туған өлкесі
мен өскен ортасының өнері мен әдебиетінен, табиғатынан, тұрмыс жағдайы
сияқты факторлардан мағлұмат берген дұрыс. Сол арқылы олардың эстетикалық
танымын дамытуға болады.
Студент-дәрігерлерді адамгершілік тұрғысында тәрбиелеуде халық
педагогикасының мәнін Қ.Жарықбаев пен С.Қалиев еңбектері айырықша атап
өтеді. Бұл ғалымдардың айтқан тұжырымдары әрбір елде, халық мүдесіне қарай
тәрбие беру жүйесін ұйымдастыру керектігін байқатады.
Медициналық лексиканы оқытудың жана технологиясы атты екінші бөлім
төрт тармаққа жіктелді.
Екінші бөлімнің бірінші тармағы Модульдік құрылым бойынша медицина
лексикасын оқыту әдістемесі деп аталады.
Әдістемелік оқу құралдарының негізі мен шығу көздері алғашқы кездегі
тіл білімі саласына өз үлестерін қосқан ғалымдардан бастау алады. Әсіресе
басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуға арналған Ш.Х.Сарыбаев, С.Жиенбаев,
Т.Шонанов еңбектерінің орны ерекше.
Бұл тұрғыда көптеген ғалымдар мен оқытушылардың техникалық оқу құралын
пайдаланудың жолдарын қарастырған еңбектерін атап өткен жөн. Қ.Қадашева,
Қ.Жақсылыкова, Р.А.Шаханова еңбектермен танысу барысында білікті маман,
іскер тұлға дайындауда дәрігер-студенттерді арнайы лексика арқылы оқытуды
жаңаша құру, білім беру жүйесін қажеттілікке сай өзгерту көзделді.
Модульдік құрылыммен оқытудағы басты мақсат – студент-дәрігерлерге
әрбір ауруға байланысты тақырыптың ерекшелігін түсіндіріп, оны практикалық
жұмыста қолдану тиімділігін танып білу арқылы өз мамандығына лайықты
материалды нәтижелі меңгерту.
Модульдік жолмен оқытуды ұйымдастырудағы міндет:
- дидактикалық материалмен модуль бағдарламасын жүзеге асыру;
- дәрігер қабылдауына арналған пікірлесім материалын модульдік үлкен
тақырыптарға шоғырландыра топтап, оларды блоктық бөлшекке бөлу;
- студенттерді деңгейлік топқа бөліп, әр топ ерекшелігін сақтай оқыту;
- модульдік оқу әрекетін блоктық әдіспен топтастыру;
- материалды жеңіл игерту тұрғысында көрнекілікпен қамтамасыз ету;
- модульдік оқытудың өзіндік құрылымын, ұстанымдарын, әдіс-тәсілдерін
нақтылау.
Студент-дәрігерлерге медицина лексикасын модульдік құрылым бойынша
игертудегі материал мазмұны былай белгіленді:
- медицина лексикасының құрылымына алынған модульдік материалдар
нақтылы мамандық ерекшеліктеріне сай топтастырылды;
- модульдік материалды қарым-қатынас құралына икемдеудің логикалық
құрылымы – сөйлесім әрекетінің түрлері оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым,
тілдесім арқылы қалыптастырылды;
- бағдарлама мазмұны қатысымдық тұрғыдағы мамандық ерекшелігіне сай
модульдік ірі мәтіндердің тақырыптары мен блоктық ұсақ мәтіндер негізінде
белгіленді;
- студенттің өзін-өзі басқару ісіне кеңесші боларлық материалдың
қажеттілігін ұғындыру арқылы белсенділік туғызылды;
- материалды терең, толық меңгеру мақсатында студенттің ойлау қабілетін
дамытып, өз бетімен белсенді жұмыс істеуіне жағдай жасалды;
- студенттердің қызығушылығын оятуға бағытталған материалдар қажетті
мотивтерге негізделді.
Екінші бөлімнің бірінші тармағындағы бірінші тармақша Медицина
лексикасын модульдік құрылыммен оқыту деп аталады.
Модуль материалдарын студенттерге меңгерту жүйелі түрде мыңадай
тапсырмалар бойынша жүргізілді (2-кесте).
1. Ізденімдік тапсырма 2. Игерімдік тапсырма
Тілдік жаттығу Шығармашылық деңгейдің дамуы
Алмастыру Болымсыздық Өздік жұмысы
жаттығуы жаттығуы
Блоктық мәтін (аудирование)
Айтылым, жазылым Тындалым, айтылым, жазылым
Тест Рейтинг
3. Танымдық тапсырма 4. Шығармашылық тапсырма
Фонетикадан дайындық жаттығу Сөйлесім әрекетінің тілдік жаттығу
Тындалым Айтылым Көшірме жаттығу Сұрақ-жауап
жаттығу
Пікірлесімнің жалпы сұрағы Сөйлесім әрекетінің жаттығу түрлері
Оқылым Жазылым Айтылым
5.Біліктілік тапсырма
Дәрігер тілін толық игеру (диалог, монолог)
Диагноз (еркін айту)
Дәрігер кеңесі
Емделуге кеңес Тамақтану тәртібі Дем алуға кеңес
2-кесте – Медицина лексикасын мамандыққа қатысты оқытудағы жұмыс топтамасы
Ізденімдік тапсырма өздік жұмыс түрінде жүргізілді. Жаттығудың мақсаты
– дәрігер тілінде сөйлетуге керекті лексика-грамматикалық формаларды
іріктеп, үйрету арқылы өз бетінше ізденуге жетелей отырып, студенттердің
білім дағдысын қалыптастыру. Міндеті: практикалық қолданысқа өте қажетті
сөздерді грамматикалық формалармен байланыстыру заңдылығын компьютер арқылы
үйрету. Бұл бағытта қатысымдық жаттығуы ауру тарихынан бастап, жалпы
сұхбаттасуға қажетті жеңіл сөйлемдерді құрғызып үйрету, студенттерді
іздендіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Игерімдік тапсырма студентті ойландыратын, игерген білім деңгейлерін
практикалық қолданысқа пайдалана алатындай, науқаспен қарым-қатынас жасауға
бағыттайтын жұмыс түрлерін меңгеруге үйренеді. Макродидактикалық (модулдік)
материалды блоктық материал негізінде диалогты мәтін құрастыру жұмысы сұрақ-
жауап түрінде (белгілі бір ауру түрін анықтауға арналған дәрігер сұрағы мен
науқастың жауабына бағытталған) жаттықтыру жұмысы орындалады.
Танымдық тапсырма бойынша дыбыстардың орфография мен орфоэпия
нормаларын меңгеру арқылы сөз құрылымы фонетикалық, лексико-грамматикалық
тұрғыдан ұғындырылып, дәрігердің сөз байлығы танымдық мақсатта
жетілдіріледі.
Шығармашылық тапсырма студенттерді дәрігер тілінде сөйлету шеберлігіне
бағытталды. Игерілген лексика, грамматикалық материалды қорыту арқылы
творчестволық жұмыс жүргізу көзделеді. Шығармашылық деңгейде блоктық
мәтіннен түсінгендерін қатысым жаттығуындағы әртүрлі жұмыстар арқылы
сөйлесім әрекетінің түрлері – оқылым, айтылым, жазылым бойынша дамытып,
білім деңгейлерін практикалық қолданысқа дайындайды.
Біліктілік тапсырма студенттің жинаған білімі мен сөздік қорын өмірде
кеңірік іске асырып, өз біліктілігін дамытуға бағыттайды. Модульдік құрылым
материалдарын (диалог, монолог) меңгерудің қорытындысы практикалық жұмыста
емхана мен ауруханада науқастарды қабылдау кезіндегі білім нәтижесімен
аяқталды.
Екінші бөлімнің бірінші тармағындағы Модульдік блок құрамындағы
монологты игерту деп аталатын екінші тармақшада жаңа технологияны игерудің
жолдары сөз болады. Студент-дәрігерлердің науқаспен қарым-қатынастағы
сөйлесім әрекетін игерту мақсатында жаңа технология еңгізу көзделді. Жаңа
технология студенттердің алған білімін іскерлікпен қалыптастырып, дамытуға
арналған әдістемелік жүйе.
Бұл тұрғыда жаңа технологияның бірі модульдік құрылым ұйымдастырылып,
дәрігерлердің сөйлесім қажеттігін қамтамассыз ететін монологты (әр ауру
бойынша), диалогты (науқасты қабылдауға арналған) мәтіндер топтамасы
іздестіріліп, өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінің әдістемесі
белгіленді.
Студент-дәрігерлердің науқаспен қарым-қатынастағы сөйлесім әрекетін
игерту мақсатында жаңа технология еңгізілді.
Жаңа технологияның бірі модульдік құрылым ұйымдастырылып, дәрігерлердің
сөйлесім қажеттігін қамтамассыз ететін монологты (әр ауру бойынша),
диалогты (науқасты қабылдауға арналған) мәтіндер топтамасы іздестіріліп,
өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінің әдістемесі белгіленді.
Студент-дәрігерлердің сөйлесім әрекетінде науқаспен қарым-қатынаста өз
пікірін ауызша да, жазбаша да жеткізудегі ең басты құрал мәтін болды.
Монолог түріндегі микромәтіндерді магнитофон, компьютер, техника құралымен
орындалып, тест арқылы тексерілді. Мысалы: 1-модульдің 1-блогындағы жүрек
ауруы мәтіндері деп аталатын тақырыптың бір блоктық элементі жүрек
демікпесі ауруы бойынша мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрін айтсақ болады.
Ізденімдік тапсырма бойынша оқытушы жүрек демікпесі мәтінін
магнитофонның аудиокассетасына түсіріп дайындап қояды. Студенттердің
аудиомәтінді тыңдауы алдында кестеге жазылған мәтін ілулі тұрады. Ең
алдымен мәтінді оқытушы оқып шығады.
Жүрек демікпесі (сердечная астма) мәтіні
Бұл — адамды кенет тұншықтыратын ұстамалы ауру. Ол жүрек күре тамырының
склерозында, жүрек бұлшық етінің іруінде, қан қысымы артқанда, жүрек
ақауларында және басқаларда кездеседі. Демікпеге қалыптан тыс ауыр жұмыс
істеу, қатты тебірену, мешкейлікке салыну да себеп болады. Жүрек
демікпесі адамның қатты ұйқыдағы кезінде алқынып, тынысын тарылтады,
тұншықтырып оятады. Жүрегі сыздайды, шаншиды. Денесін суық тер басады,
жүрек тез соғады. Науқастың аузынан көбіктенген қақырық түседі. Аурудың
беті қайтқанда ауру ұйықтайды. Ауру қатты басталса қайталуы мүмкін.
Ауруды басу үшін кардиомин, морфин дәрілерін ет пен тері арасына егеді.
Аудиомәтінді бірнеше студент мәнерлеп оқиды. Мәтін ішіндегі жаңа
сөздерді іріктеп алып талдады. Мәтін жоспарында көрсетілген: сөздікпен
жұмыс (жаңа сөзді аудару, сөз тіркесінен сөйлем құру, т.б.); мәнерлеп оқуға
үйрету; мәтінді мағыналық тақырыпқа бөлу; мәтіннен тірек сөздерді табу;
тірек сөз арқылы мәтін мазмұнын әңгімелеу; мәтінге сұрақ қою арқылы бекіту
тәрізді жұмыс түрлері орындалды.
Сөздікпен жұмыстың мақсаты жаңа сөздердің баламасын тауып мағынасына
талдау жасау арқылы мән-мағынасын дұрыс түсінуге дағдыландыру болған еді.
Тапсырма бойынша мәтіндегі медицина лексикасы ішінен жүрек ауруына
байланысты ауру нышандарын бір бөлек және жай сөздерді бір бөлек аударып
жазып, белсенді. Белсенді емес сөздерді тапты: белсенді сөздер: жүрек
демікпесі – сердечная астма, тұншықтыру – удушье, ұстамалы ауру –
приступообразные заболевания, күре тамыр – артерия, жүрек бұлшық етінің
қабынуы – миокардит; белсенді емес сөздер: кенет – внезапно, тұншықтыратын
– удушающий, ұстамалы – приступообразный.
Танымдық тапсырма бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізілді: сөздікпен
жұмыс жүргізу кезінде жинақталған сөздер ішінен бір-бірімен ішкі байланыста
тұрған сөздер тапқызылып, мағыналары саралай түсіндірілді. Мысалы:
студенттер жүрекке байланысты жүректің қысылуы, жүректің батып ауруы,
жүректің шаншуы, жүректің сыздауы сияқты жүрек ауруының нышандары
(белгілері) мағына жағынан бір-бірімен ішкі байланыста екендігін білді. Сөз
мағынасы контекстегі орнына қарай түрленіп отыратынын да мысалмен
түсіндірді. Мысалы: осы мәтінде кездесетін жүрек бұлшық етінің іріуі
(инфаркт миокарда) деген аурудың атындағы іру сөзінің сөйлем контексіне
қарай әртүрлі мағына беретінін ұқты. Бір контексте іру сөзі сүттің іруіне
байланысты қолданылса, екінші контексте адамның ара қатынасының іруіне
пайдаланылады. Ал экспериментте алынып отырған дәрігерлік мәтінде жүрек
ауруына байланысты үшінші бір мағына- жүрек етінің іруінен пайда болатын
ауру түрінің мағынасы берілгендігін байқады. Іру сөзінің түрлі мағынасын
студенттердің өздері тапты.
Шығармашылық тапсырма бойынша мәтінді компьютерден мәнерлеп оқуға
үйретуде ерекше дыбыстарға мән бере оқу, әрбір байланысты тіркестен соң
пауза, дауыс ырғағын сақтап дауыстап оқу сияқты тапсырмалар орындалды.
Мәтін тақырыптарға бөлініп, мәтіндегі тірек сөздер тапқызылды, әңгіме
жүргізілді. Демікпе ауруының себебіне қатысты тірек сөздер ретінде жүрек,
бұлшық етінің іруі, қан қысымының артуы, жүрек ақауы, қатты тебірену сияқты
сөздер алынды.
Ауру себебін науқасқа түсіндіру үшін студент-дәрігер мәтін бойынша
клиникалық сөйлеу әрекетін өздері әңгімеледі.
Сіздің ауруыңыздың себебі өте ертеден басталып, асқынып отыр. Бұл ауру
жүрек ауруынан алғашқы кезеңдерін емдемегендіктен асқынудан пайда болған.
Алғашқы жүрек бұлшық еті босап миокардит ауруы басталған. Ол
емделмегендіктен демікпеге айналып отыр.
Демікпе ауруының басталуына қажетті тірек сөздер анықталды.
Ауру белгілері: кенет тұншығу, қатты ұйқы, алқыну, тынысы тарылу.
Тірек сөзбен сөйлеу әрекетіне құрылатын сөйлемдер аурудың белгілерін
көрсетуге тиісті. Ол белгілер: Сіз кенет тұншығасыз. Сол кезде дәрі алып
ішуіңіз керек. Кейде қатты ұйқыдағы кезіңізде алқынып оянуыңыз мүмкін.
Тынысыңыз тарыла бастағанда дереу дәріні пайдалануыңыз қажет.
Блоктық мәтінді оқыту нәтижесінде: жүрек демікпесі ауруы бойынша
студенттердің өз бетімен құрастырған мәтін жатқа айтқызып бекітілді.
Аурухана мен емханада еркін қолдануға дағдыландырды.
Екінші бөлімнің екінші тармағы Медицина лексикасын меңгертуге
бағытталған жаттығулар жүйесін компьютер арқылы игерту деп аталады.
Қазақстанда кейінгі жылдары білім беру жүйесінде бүкіл дүние жүзіндегі
жүріп жатқан компьютерлену үрдісіне сәйкес өзгертіліп отыр.
Білім беру жүйесіне студенттердің алатын білім дәрежесін, мамандыққа
сай игеруге бағытталған оқытудың жаңа компьютер технологияларын еңгізу
мақсаты көзделуде.
Компьютерлік технология бағдарламасын қолданудың маңызы мынада:
- оқытушылар өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру жұмысын қайта
қарауға мүмкіндік алды;
- студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыру тұрғысында модульдік және
блоктық материалды өз бетімен шығармашылық тұрғыда талдап, саралау
арқылы жаттығулардың кешенді түрі енгізілді.
Медициналық лексика бойынша мамандыққа байланысты сөйлетуге арналған
жаттығу жұмыстары студент-дәрігердің сөйлесу дағдысын қалыптастырып,
практикалық жұмыстағы қолданыста өз тиімділігін көрсетті.
Модуль құрамындағы монолог мәтіндер компьютер арқылы игеріліп, бір-
бірімен семантикалық байланыста болғандықтан, үйренетін сөздер әр ауруға
арналған мәтіндерді қайталау арқылы есте сақталды. Монолог мәтіндер
модульдік макромәтіндердің құрылуына тірек болды.
Науқастарды қабылдауға арналған диалог мәтінді теледидар арқылы игерту
әдісі талдана көрсетілді.

тиімді нәтижеге қол жеткізді.
Ізденімдік тапсырма бойынша сөз орнын ауыстыру арқылы сөйлем мағынасын
өзгертуге болатыны компьютердегі бірнеше карточкамен жаттықтырылды.
Мәселен:
Карточка
Тапсырма. Сөйлемдегі асты сызылған ауру атын ауыстырып, орысшаға
аударыңыз. Науқасқа диагноз қойып үйреніңіз.
Сіздің бауырыңыз қабынған.
(орындалуы):
сіздің бүйрегініз
жуан ішегіңіз қабынған
жіңішке ішегіңіз
Бала дәрігерінің (педиатрының) қойған диагнозы:
Сіздің балаңыз қызылшамен ауырған.
(орындалуы): қызамықпен
сіздің балаңыз шешекпен
ауырған
тұмаумен
Карточка
Тапсырма: Мына сұраулы сөйлемдерді, болымсыз сөйлемге ауыстырыңыздар.
Жүрегіңіз қысыла ма?
Жүрек ауруы дене еңбегіне байланысты ма?
Аяғыңыз құрыса ма?
Тамыры тартыла ма?
(Жауап: Болымсыз сөйлемге ауыстыру.
Жүрегім қысылмайды. Жүрек ауруы дене еңбегіне байланысты
емес.
Жүрегім қысылған емес. Жүрек ауруы деген еңбегіне
байланыспайды.
Жүрегім қысылған жоқ. Жүрек ауруы ұзаққа созылмайды.
Аяғым құрысқан жоқ (емес). Жүрек ауруы ұзаққа созылған емес,
Аяғым құрыспайды. Тамыры тартылған жоқ (емес).
Тамыры тартылмайды.)
Бұл жаттығу нәтижесінде студенттер сөйлемнің жасалу жолдарын игеріп,
дәрігер ретінде тілдесімге қатысты сөйлесім әрекетіне үйренді.

арналған мәтіндерді қайталау арқылы есте сақталады. Монолог мәтіндер
модульдік макромәтіндердің құрылуына тірек болды. Бұл диалог түріндегі
сұхбаттасу (науқас пен дәрігер арасындағы пікірлесу мәтіні), бүкіл
игерілетін блоктық мәтіндердің (практикада) қолданылатын қорытындысы болып
есептеледі және тақырыбы ел арасында жиі кездесетін ауру түріне байланысты
іріктелді.
Екінші бөлімнің екінші тармағындағы Сабақта теледидар бейнекөрінісін
пайдалану деп аталатын тармақшасы теледидарға түсірілген бейнежазба
көрініс арқылы науқас пен дәрігер арасындағы рөлдік қарым-қатынасты
көрсетуге арналды. Студенттердің бірі дәрігер, екіншісі науқас рөлінде
сөйлесу қатысымдық ойындар арқылы белгілі бір ауру түрін анықтауға
мүмкіндік берді. Бұл құрал бойынша монологты мәтіндегі сөйлеу тілін
диалогтық түрге ауыстыру арқылы өз білімдерін қалыптастыра отырып бекітуге
негіз болды.
Бейнежазбаны сабақта қолданудағы мақсат дәрігер-студенттерді медицина
лексикасы бойынша сөйлеуге үйретуде нақты бейнекөріністерді жағдаятқа сай
пайдаланып, коммуникативтік сөйлеу әрекетін жетілдіру деп белгіленді.
Оқытушы міндеті:
- интерактивті технологияның бірі қатысымдық ойындар арқылы үйренуші
студенттердің игеруін жеңілдететін, ынталандыратын қозғаушы күшті табу;
- медицина лексикасы арқылы қазақ тілінде дәрігерді науқастармен қарым-
қатынасқа түсіре алатын, ең қажетті материалды қарастыра білу.
Теледидар арқылы игеруге арналған бейнекөрініс сабақтарды жүргізудің
әдіс-тәсілін екі түрлі жолмен көрсетуге болады.
Бірінші клиптегі сабақтың теледидардағы көрінісі науқастың емханадағы
дәрігер қабылдауында болуынан басталады да, қойылған диагноз бойынша
ауруханаға жолдама алумен аяқталады.
Екінші клиптегі сабақ көрінісі ауруханаға келген науқасты тіркеуші
мейірбикенің қабылдауынан басталып, емделу кезеңіндегі дәрігердің беретін
кеңесімен аяқталады.
Клиптегі бірінші көрініс бойынша студенттерге медициналық материалды
меңгерту әдістемесі төмендегідей болды:
1-клип. Қағазға басылған модульдің макромәтіні (бұрынғы сабақтарда
құрастырылған) студенттерге таратылаы. Теледидардағы көрініс студенттерге
тұтастай көрсетілді. Дәрігер мен науқас рөліндегі студенттер белгіленіп,
олар мәтінді көрініске қоспай тұрып, өз рөлдерінде мәнерлеп оқып шығады,
теледидардағы дыбысты сөндіріп, студенттер тек бейнекөрініске қарап, бірі
дәрігер, екіншісі науқас рөлінде қағаздағы сұрақ-жауап жазылған диалогты
мәтінді оқыды. Мәнерлеп оқыту әдісі бірнеше рет қайталанды. Қайталау арқылы
сөйлемдер есте сақталды.
Бейнекөріністегі дыбысты қайта қосып, студенттер рөлдері бойынша оқиды
да, теледидардағы дыбысты тоқтатып, тек бейнекөріністі қана көрсетеді. Бұл
кезде студенттер өз рөлдеріне кірісіп, бейнетаспа арқылы кейіпкер ретінде
мәтіндегі сөйлемдерді бірнеше рет қайталауға тиісті.
I-көріністегі оқыту клипі науқас адамның емханаға кіруінен басталады.
Емхананың тіркеу бөліміне енген науқас, мейірбикеден ауру тарихы
жазылған кітапшасын“ (история болезни) тауып, терапевт дәрігерге жолдама
қағаз (номерок) беруін өтінгені түсірілді. Бұл көріністегі тілдік қатынас
танысу тақырыбындағы сұрақ-жауап түрінде жүргізілді.
Мейірбике:
- Аты-жөніңіз кім?
- Аты-жөнім - Асанов Хамит
- Маған терапевт дәрігерге номер беріңізші.
- Мінеки номер, 2-қабат 6-бөлмедегі дәрігер Есеноваға барасыз.
2-көріністе науқас қолындағы кітапшасымен 2-қабатқа көтеріліп, 6-
бөлменің алдында кезек алғаны көрсетілді.
Науқастың бөлме алдына келіп, қабылдауда отырған адамдармен тілдік
қатынасы былайша жалғасады (бұл жаттығу жүргізу кезінде үйретілді):
- Терапевт дәрігеріне соңы кім екен?
- Менмін деп отырған науқас жауап береді.
3-көрініс науқастың терапевт дәрігері бөлмесіндегі тілдік қатынасына
арналды.
Науқастың ауруының түрін анықтауға арналған коммуникативті қатынас
Дәрігердің қабылдауы деп аталатын тақырып бойынша жүргізіледі. Ақ халат
киген дәрігердің алдындағы науқаспен сұхбаты түсіріледі. Дәрігер науқаспен
танысу барысында жалпы сұрақты бере отырып, жауабын ауру тарихы
кітапшасына жазып отырады. Тілдік қатынастағы сұрақ-жауаптардың материалы
алғашқы танымдық тапсырмада үйретілген:
- Қайда тұрасыз?
- Осы қалада Төле би көшесінде тұрамын.
- Қайда жұмыс істейсіз?
- Мектепте мұғаліммін.
4-көріністе дәрігер ауру түрін анықтау үшін клиникаға байланысты
сұрақтарды береді. Науқасқа сұрақ:
- Қай жеріңіз ауырады?
- Ауа жетпей тұрған сияқты сезінемін.
- Ентігесіз бе?
- Басқышпан көтерілгенде ентігемін.
5-көріністе дәрігер панендоскоп аспабымен науқастың кеуде тұсын
тыңдап жатқан кезін терең дем алыңыз, дем алмай ауаны ішіңізде ұстаңыз
деген сөйлеу әрекеттерін түсірді.
6-көріністе дәрігер:
- Жүрегіңіз қысыла ма?
- Жүрегіңіз шаншып ауыра ма?
- Жүрегім сыздап, батып ауырады?
- Қай кездерде ауырады, жұмыс кезінде ме? Көп жүргенде ме?
- Қатты ренжігенде ауырады, жұмыс кезінде ренжуге тура келеді.
- Сіз жүрегіңізді №4 бөлмедегі кардиограммаға түсіріп, қорытындысын
маған әкеліңіз.
7-көріністе науқас адам №4 бөлме алдында кезек алғанын, күтіп отырғаны
көрсетілді. Бұл арада кезек күтіп отырған адам рөлін жаңадан бір студент
алады.
8-көріністе науқас адамның шешініп, кардиограммаға түсіп жатқаны
көрсетілді. Көрініс кардиолог дәрігердің науқасқа ауруы туралы қорытынды
қағазды беріп жатып:
- Қорытындысын терапевт дәрігерден біліңіз, сол кісі ажыратады – деген
сөйлеу әрекетімен бітеді.
9-көріністе терапевт дәрігер кардиограмма қағазын талдай ажыратып:
- Сіздің жүрегіңіздің бұлшық еті әлсіреген. – Бұл миокардит. Яғни,
жүрек бұлшық етінің қабынуы деген диагноз қояды.
Емхана дәрігерінің кеңесі:
Миокардит ауруын емдеуге болады. Асқынып кетпей тұрғанда
ауруханаға жатып емделуіңіз керек. Егер асқынып кетсе мұның келесі
сатысы – стенокардия деп аталатын жүректің ұстамалы ауруына айналады.
Мына жолдаманы ауруханаға апарыңыз.
Бірінші кезеңдегі клиптік әдістеме көрінісі осымен аяқталды.
2-клип. Теледидардағы клипке арналған әдістеменің 1-көрінісі
„Кардиология ауруханасы“ алдында есікті ашып жатқан науқасты көрсетуден
басталды. 2-көрініс қолындағы жолдаманы қабылдау бөліміндегі мейірбикеге
ұсынып жатқаны, аурухана дәрігері мен науқас арасындағы диалогты қатынас
алты түрлі көрініспен берілді. Науқасты үйге шығарып жатқан мезгілдегі
аурухана дәрігерінің кеңесімен аяқталды.
Теледидарға түсірілген бұл сахналық көріністегі тіл дамыту жұмысы
Дәрігердің қабылдауы деген тақырыппен алдымен камера көрінісіне
(видеокамераға) түсірілді. Бұдан кейін бейнетаспа көрінісіне
(видеокассетаға) түсіріп, видеомагнитофон арқылы теледидардан көрсетілді.
Клипке түсірілген материалдың құндылығы дәрігер қауымының сөйлеу
әрекетін, яғни қазақ тілінің коммуникативтік функциясын (қызметін), ақиқат
шындыққа жанасатын ортада дәл, анық көрсетуінен, еске сақтау қабілетін
дамытуынан көрінді.
Екінші бөлімнің үшінші тармағы Медицина мамандығына қатысты лексиканы
көрнекі құрал арқылы оқыту деп аталады.
Көрнекі құралдар теориялық материалды практикамен байланыстыратын
грамматикадағы түрлі заңдылықтарды анықтауға, тіке байланыс ұстанымын іске
асыра отырып қорытынды жасауға көмектесті. Бұл студенттің байқағанын сөзбен
айтып беру арқылы тіл дамытуға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында түрлі граматикалық құбылыстарды түсіндіруде үлестірмелі
кеспе, кесте сызбаның рөлі зор. Кесте мен тірек сызба меңгерілуі қиын,
күрделі грамматикалық ережелерді түсініп, ізденіс пен шығармашылық жұмыс
арқылы өздігінен ой топшылай алуын, біліктілік қабілеттерін дамытуға
көмектесті. Мысалы, оны төмендегі үлгіден көруге болады.
1-сурет – Архаизм мен неологизмді салыстыра талдаудың үлгісі
Ал медицина лексикасының тілдік қолданыстағы көп мағыналы қызметін
толық түсіну үшін оған төмендегі үлгімен карточка беруге болады.
Карточка
Медицина лексикасының көп мағыналы болуына сөйлем құрыңыздар
(бір сөздің бірнеше мағынасы болып, туынды сөзді жасауға болады).
адам көзі
жүзіктің көзі
Көз бұлақтың көзі көп
мағыналы
байлықтың көзі
(тура мағына) керегенің көзі
адам мүшесі
аяқ төсектің аяғы көп
мағыналы
үстелдің аяғы
сөздің аяғы
жұмыстың аяғы
Кеспе көрнекілікпен жұмыс – тіл дамытуда уақыт үнемдеуге пайдалы
бірден-бір керекті құрал. Кеспе көрнекілік барлық тақырыптағы түрлі жаттығу
түрлерін орындатуда, әсіресе, тілдік және сөйлету жаттығуларына тапсырма
түрлерін өзгерте отырып, материалды тез де жеңіл игеруге ұтымды. Мәтіндерді
(монологты, диалогты) оқытуда үлестірмелі кеспе таблицасының көмегі (тірек
сөздерді беру, сұрақтарды қою арқылы мәтін мазмұнын сөйлету немесе өз
бетінше жүргізілетін жұмыс түрлері, сөздік қорды молайту жұмысында, т.б.)
ерекше.
Екінші бөлімнің төртінші тармағы Mедицина лексикасын мамандыққа
қатысты оқытуда тестік бақылау жүргізу және рейтинг жүйесін қолдану деген
тақырыпқа арналды.
Дәрігерлік оқу орнындағы жүргізілетін қазақ тілі пәнінің сапасы: теория
жүзінде алған білімін тәжірибеде іскерлікпен пайдалану және пәннен алған
біліміне жауапкершілікпен қараудан көрінеді. Ол үшін қазақ тілінен
берілетін білім сапасын үнемі бақылап, қорытындылап отыру дәрігердің өз
мамандығына сай тиянақты білім алуын қамтамасыз етері сөзсіз.
Тестілеу мәселесіне ғалымдар Ф.Ш.Оразбаева, Р.А.Шаханова,
К.Б.Жақсылықова, К.Қадашева, И.Я.Лернер, В.М.Полонский, А.К.Қағазбаева өз
еңбектерінде ғылыми және практикалық тұрғыда қарастыра келіп, өз
тұжырымдарын ұсынады.
Әдіскер-ғалым Ф.Ш.Оразбаева ғылыми әдістемелік еңбегінде [5] тесттің
алты түрінің бар екенін көрсетеді: 1) Баламалық тест; 2) Таңдамалық тест;
3) Қосымшалық тест; 4) Жұмбақтық тест; 5) Толықтырмалық тест; 6) Өлшемдік
тест.
Бұл тесттің екінші түрін өзімізге тиімді деп есептеп, қазақ тіліндегі
медицинаға тән лексикалардың меңгерілу дәрежесін білуге арналған тест
жұмыстары ұйымдастырылды.
Тест туралы ғалым Р.Ә.Шаханова өзінің зерттеу жұмысында: ... тест
арқылы оқыту әр мәселені студенттің қалай меңгергенін анықтау үшін
қолданылады немесе пәннің белгілі бір бөлімін, не пәнді түгел қалай
меңгергенін анықтау үшін қолданылады [6], – деп тест туралы түсінікті
кеңейте түседі.
Рейтингтік жүйенің ең басты міндеттері белгілі бір пән бойынша
тексерудің барлық түрін қолдана отырып, балл арқылы студенттердің теориялық
білімін практика түрінде қолдануға бейімділігін бағалау болып табылады.
Рейтинг үш кезеңнен тұрады: күнделікті, аралық және қорытынды
тексерістер.
Күнделікті тексеріске белгілі бір тақырып бойынша практикалық білім алу
кезіндегі дайындық жұмысы жатады. Тексерістің түрлері: конспектілер,
аудиторияда және аудиториядан тыс үйде орындалатын жаттығулар.
Аралық тексеріс дегеніміз – өтілген арнаулы тақырыптар бойынша аралық
кезендерде өткізіліп тұратын бақылау жұмыстары мен коллоквиумдар.
Күнделікті және аралық тексерісті әдетте практикалық сабақта жүргізуші
оқытушының өзі жүзеге асырады.
Қорытынды тексеріс (емтихан) кафедра меңгерушісі, аға оқытушы, кейде
сол топтың негізгі сабағын жүргізген оқытушының қатысуымен жүзеге асады.
Оқу процесінің тексеруін нақты ұйымдастыруға курстың модульдік
құрылымының көмегі ерекше. Модуль – курстың өзіндік бөлімі. Әр модуль нақты
құрылымы бар тексерістер жүйесінен тұрады. Модуль бойынша оқыту аралық
тексеріспен аяқталады. Аралық тексерістердің жиынтығы қорытынды тексерісті
құрайды.
Әр түрлі тексеріс арасындағы баллды іріктеу, бөлу. Көп баллды жүйеде
тексерістің сан алуан түрінің өз бағасы берілуі тиіс. Студенттердің
белсенділігін көтеру мақсатында ынталандыру балдары қойылғаны жөн. Белгілі
пән бойынша рейтингті жоғарылатуға студенттің әр түрлі конференциялар мен
олимпиадаларға қатысуы бағаланады.
Студенттің рейтингісін қалыптастыру ережелері. Студент өзінің дайындық
деңгейі бойынша семестр бойы әр түрлі балл санын жинауы мүмкін, сондай-ақ
өз рейтингісін қосымша баллдар арқылы көтеруіне болады.
1.Аралық (аттестациялық) тексеріске себепсіз келмеген студенттерге 0
(ноль) балл қойылады. Ол өтілген тақырыптарды қосымша белгіленген уақытта
қолма-қол тапсырса, дұрыс бағаланады.
2.Жыл бойындағы тексерістің барлық түрінен өтпеген студенттер,
сессияның алғашқы аптасында қажетті баллды жинап үлгерген күннің өзінде
сынақ, емтиханға жіберілмейді.
3.Жоғарғы баға алу үшін қайта тапсыру болмайды, себебі рейтинг бір-екі
аптада ғана емес, бүкіл жыл, семестр бойы қалыптасады.
Студенттердің үлгерімін қорытындылау. Көп баллды жүйе бойынша шығатын
нәтижелер 2 деңгейде қойылуы тиіс: І) кафедраларда – жеке пәндер бойынша;
2) факультеттерде – сессиядағы барлық пәндер бойынша. Әр пән бойынша
күнделікті үлгерім нәтижелерін семестр бойы әрбір оқытушы қойып отырады.
Медицина лексикасының арналары мен мағыналық түрлерін оқыту
әдістемесі атты үшінші бөлім төрт тармақтан тұрады.
Бірінші тармақ Медицина мамандығына қатысты жалпыхалықтық лексиканы
оқыту деп аталады.
Медицина лексикасындағы сөз мазмұны өзінің өнімділігіне қарай өте
құбылмалы, ол тілдің белгілі бір даму кезеңіне байланысты. Олар халық
тіліндегі медицинаға байланысты атаулар (ерте уақыттағы түрлі қолжазбалар
мен кейбірі ел аузынан жиналғандар).
Халықтық лексиканы оқытудағы мақсат – қазақ халқының тарихындағы
тұрмыс, тіршілік көрінісін, ескі наным-сенімін, кездескен қиындықты (ауыр
дертті) жеңу жолындағы тапқан ем түрлерінен мәлімет беру арқылы студент-
дәрігерлерге танымдық білім беру; ескі дәуірде қолданылған ем-домдарды
талдай отырып, мән-мағынасын кеңінен ұғындыру арқылы, халық емінің
түрлерімен таныстыру. Жалпыхалықтық лексиканы игерудегі міндет: жалпыхалық
тіліндегі материалдың ішінен бейнелі сөздерді немесе сөйлемдерді тауып,
олардың бұрынғы уақыттағы мағынасы мен қазіргі қолданылу жолдарын, даму
аясын түсіндіру.
Қазақ тілінің ежелгі халық лексикасы – ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы
халықтық тілдің медицинаға нақты ұғым беретін бөлігі екендігін білгізу.
Күнделікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz