Медициналық психология пәні



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
3 деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ПОӘК
042-14.05.01.20.1703-2012
Медициналық психология Баспа №3
пәнінің оқу-әдістемелік 26.02.2010 орнына №4
кешені ---------------

Медициналық психология ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050503 Психология мамандықтарына

Семей

2012

Алғысөз

1. ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К.
Хаттама № 1 “______” ____09______
2012ж

2.ҚАРАЛДЫ

1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология”
кафедрасының отырысында
Хаттама №______”__________ 2012 жыл

Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С

2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №______”__________ 2012 жыл

Төрағасы _______Г.Григорьева

3.БЕКІТІЛДІ
3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және
баспаға ұсынылды
Хаттама №______”__________ 2012жыл

Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев

Мазмұны:

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5. Студенттің өздік жұмысы

1. Глоссарий – түсініктемелер.

№ Термин атауы Термин мазмұны
1 Абсанс қас – қағым сәтте есінен талуы, қимыл –
қозғалысының шектелуі.
2 Адаптация тітіркендіргіштердің күшіне бейімделуі.
3 Аггревация аурудың белгілері мен ауру адамның шағымын күшейту.
4 Агнозия ми қыртысының зақымдануы нәтижесінде көру, есту,
сипап сезу тітіркендіргіштерінің дұрыс қабылдай
алмауы.


5 Акцентуация адамның екпінденуі
6 Анамнез аурудың шығу тарихы, ауру адамның тарихы.
7 Анестезия туа біткен ақыл – ой кемістігі. организмнің
сезгіштік қабілетінің әлсіздеуі.
8 Антероградты жәнеес процесінің патологиялық жағдайлары: антероградты
ретроградты – ауырғаннан кейінгі, ретроградты – ауырғанға
дейінгі ақпарат – мәліметтерді ұмыту – естен
шығару.
9 Вербальды зона мидың сол жарты шары сөздік жарты зонасы (оң
қолымен жазатын адамдардың миының сол жарты шары).
10 Деменция жүре пайда болатын ақыл – ой кемістігі.
11 Дереализация дүниенің, адамның өзіне таныс жағдайдың басқаша
көрінуі.
12 Диссимуляция аурудың өзін және оның белгілерін жасыру.
13 Галлюцинация елестеушілік (қабылдаудың зақымдануы).
14 Гиперамнезия естің өткірлігі; гипоамнезия – нашарлауы;
парамнезия – жалған ес, естің кемістіктерін ойдан
шығарып толықтыру.
15 Гипостезия тітіркендіргіштерді жоғары түрде қабылдау.
16 Иллюзия сағым (қабылдаудың зақымдануы).
17 Клоникалық және эпилепсияның клиникалық көрінісі.
тоникалық
талмалар
18 Нейропсихология жүйке – жүйесінің психикалық заңдылықтарын
зерттейтін ғылым саласы.
19 Олигофрения психикалық дамуда кемістік жоқ; бірақ мінез –
құлық, іс - әрекетінде көрінетін ауытқуларды
зерттейді
20 Парестезия күйдірген не шошынған сияқты сезімдер
21 Психопатология пато- бұзылу, ауытқу, яғни психикалық бұзылулар
мен ауытқуларды зерттейтін сала
22 Ремиссия психикалық аурудың, келесі кезеңіне дейінгі сауығу,
аурудың әлсізденуі.
23 Сенестопатия бұлшық еттердің жансыздануы не созылуы сияқты
ұнамсыз түйсіктер.
24 Симптом кез – келген ауруға тән белгі.
25 Симуляция жоқ ауруды бар деп мида бейнелеу.
26 Синдром симптомдар комплексі немесе сол ауруды даралайтын
ерекше белгі.
27 Сопор түрлі рефлекстер сақталғанда санасының толық
жойылуы.

28 Сөздік праксис қалыптасқан сөздік қозғалыстардың
автоматттандырылған қимылдары
29 Ступор толық қимылсыздық, сана зақымдануындағы жағдай.
30 Эидетизм айқын бейнелерді еске түсіру.
31 Экзогендік сыртқы себептер.
32 Эндогендік ішкі себептер, туа біткен.

Дәріс материалдары

№ 1- дәріс

Тақырыбы: Медициналық психология пәні.

Сұрақтары:

1.Медициналық психология жалпы психология ғылымының саласы.

2.Медициналық психология пәні мен зерттеу обектісі.

3.Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері.

Медициналық психология курының негізгі мақсаты- жеке адамға әр
түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу
себептерін, нервтік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу
Медициналық психология жалпы психолгия ғылымының саласын зерттеу объектісі
– жеке адам, оның нервтік—психикалық жүйесі. Қазіргі медициналық
психологияның негізгі бөлімдері:

Патопсихология-(пато-бұзылу, ауытқу, ауру)- психикасындағы ауытқушылық.

Нейропсихология- психикалық құбылыстар мен мидың физиологиялық құрылымын
ара- қатынасын зерттейтін психология саласы(нейрон- нерв клеткасы
единицасы.

Психопатология- психика паталогия( психиканың бұзылуы)

Патопсихологиямен психопатолгия- бір ұғым.

Медициналық психологияның негізгі міндеттері:

- Нервтік – психикалық және соматикалық аурулардың барысы мен емдеу
кезінде психолгиялық факторлардың зерттеу барысында.

- Әртүрлі сырқаттар психиканың өзгерістерін зерттеу.

- Әртүрлі ауытқушылық жағдайлардың психикаға әсерін зерттеу.

- Сырқат адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасын зеттеу

- Психикалық ауытқушылықтарды қалыпқа келтіруде лабораториялық
эксперименталды- психологияның жаңа әдістерді қолдануды зерттеу

- Психикасы сырқат адамның жоғарғы нерв жүйесінің зақымдану мөлшерін
зерттеу, анықтау

- Психотерапия жетістіктерін қолдана отрырып, науқас адамды сауықтыру.

Психотерапия- психикалық әсердің көмегімен емдеу жолдарын қарастыратын
ғылым.

Психофармалкалогия- адам психикасына әсер күші

Психоневролгия- адамның нерв жүйесі туралы жалпы ғылым

Психопат- психикалық аурудың белгісі байқалатын адам

Психоз- рухани сипаттағы ауру, жындану

Психопрофжәне гигиена- адам денсаулығымен оны нығайтуға арналған шара

Психиатрия- психиклық аурулардың шығу тегін патогинезін клиникасын,
емдеумен аурудың алдын алуы зерттейтін ғылым.

Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың

мінезқұлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни
көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой-
пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім
жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен
адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен
Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне
аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан
жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-Насыр-әл-Фараби (870-950жж)
Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-1198жж) сияқты орта
ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім
өркендеді.

Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази
(865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым
жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді.

ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше
шығармалар жазды ізгі қала тұрғындары АзаматтықСаясат аристотельдің
Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан тәнімен бұрын өмір
сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми
пайда жасаған

№ 2 дәріс

Тақырыбы: Медициналық психологияның даму тарихы.

Сұрақтары:
1. Медициналық психологияның шығуы мен даму тарихы.
2. Ғылымилығы мен маңыздылығы.
3. Ғылым саласындағы орны.

Медициналық психология ұзақ және қиын даму жолынан өтті себебі Әр
бір дәуірдегі философиялық көзқарастармен тығыз байланысты. Әрбір
дәуірдегі философиялық көзқарастардың тығыз басым болуы медициналық
психологияның дамуына әсер етіп отырады.

Медициналық психология тек психоздарды зерттеп қана қоймай, әр түрлі
соматикалық ауруларда болатын , психикалық өзгерістерді де зерттейді.
Алғашқы қауымдағы адамдардың арасында психикалық аурулар болды деген болжам
жасауға болады. Көне грек және Рим ғылымдарының еңбектерімен мифолгиядан.
Мысал Спарта патшасы Клеоманның өзі-өзі кескілеп өлтіру: Сирия патшасы
Свенденің өгей шешесіне іштей ғашық болуы себебінен депресивті жағдайда
болуы т.б. Көне заманның оқымыстарымен дәрігерлері психиканы мимен, жалпы
материямен байланыстырады. Олардың ойлары бойынша психикалық ауру адам төрт
негізгі бөлігінің қарым- қатынасы байланысы. Олар қан, шырыш, сары және
қара өт.Ұлы математик Пифагор қояншықты мидың ауруымен түсіндіру.Оның
ойынша ақыл – ми да сезім жүректе. Гипократтың ойы бойыша ми – білу және
адамның ортаға бейімделу мүшесі. Ол жаратылыстың қызметінің әртүрлі
типтерін ашты, Бірнеше ғасыр өткен соң И. П. Павлов осы көрсетілген
типтердің бар екенін анықтады ( флегматик , сангвиник, хол, мелей).
Пепократтан басқа көне заман ның дәрігерлері( Галент.б.) бірнеше
психологияның көріністері туралы жазады. Осы күнге дейін қолданып жүрген
Мания, менайхолия, эпилепсия солардан қалған атаулар.

Б. з. 3 ғасырдан бастап көне Рим және Грек мемлекеттері құлап, ғылым
мен медициналық шіркеудің қарауында болды да медицина дамымай қалды. Орта
ғасырда психикалық ауру адамдарда нақұрыс, шайтан, жын- пері сиқыршы деп
санады. Оларды жанын шайтанға сатқан деп есепдеді. Осы көзқарастың
арқасында ауру адамдарды шайтанмен қарым- қатынас жасады деп , әр түрлі
жабайы әдістермен жасаған. Мыстандарды жоюды папа8 Инокентий шіркеу
арқылы заңдастырған. Наұрыс деп күмәнданған адамдарды отқа жағып, қыздырған
темірмен қинаған.

16-17 ғасырларда жыншайтанды қуу эпидемияға айналып психикалық
ауруларды түгелдей жойған. Ауру адамдарды қинау халықтың көзінше
өткізілгендіктен сендірудің және өзін- өзі сендірудің әсерінен психоздардың
эпидемиясы басталды. Батыс Европада психикалық ауру адамдарға тағылық
көзқарас болғанда шығыста медициналық прогресі байқалды. Тарихта алғашқы
психиатриялық ауруханалар ашылды. Каирда, Данаскіде, 854 жылы Каирда
алғашқы психиатриялық аурухана салынған. 156 Туркияда Константинопольда
Сулеймен сұлтан психикалық ауру адамдарға арнайы, өте қолайлы аурухана
салдырды.

Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-Әли Ибн – Сина (Авиценна)
психоздарды дәділермен емдеуге көңіл бөлген. Оның ойы бойынша миы шатасқан
адамдарға үрей мен жалғыздық залалды болып саналады, көңілдерін көтеріп,
жұмыс істетіп, өлең айтқызған жөн. Кейбір шетелдік медицина(Англияда,
Францияда, ФРГ, АҚШ, Испания, Латын) антипсихиатрия жайылды. Бұл ағым
бойынша психикалық аурулардың шығуында биологиялық себептер емес,
әлеуметтік және психологиялық факторлар басты роль атқарады. Олардың ойынша
психикалықаурулар болмайды, ал психикалық ауруларды емдеуді жазалау деп
санайды.

Антипсихиатрия теориясы экзистенциялизм сияқты идеалистік ілімге
негізделген. Бұл ілім бойынша экзистенциялизм бірінші, ал объективті әлем
екінші орында. 9-10 ғасырдан бастап 18-ғасырға дейін. Ресей жерінде
псхикалық ауру адамдар монастырлерде өмір сүрген, сауыққанға не өмірінің
ақырына дейін болған. Монахтар мүмкіндігінше ауру адамдарды тыныш және
мазасыз деп бөліп емдеген.18 ғасырдың аяғында және 9 ғасырдың басында қала
және ондағы тұрғындар санының өсуіне байланысты монастірлер психикалық ауру
адамдардың қамқоршысы ретін халықты да,мемлекетті де қанағаттандыра
алмады.Психикалық ауру адамдарды жекелейтін арнайы мекемелерді қажеттілігі
туды губернияларда көптеген мәліметтер жиналды.

1776ж.Мәскеуде 1779ж.Петербургте психикалық ауруларға арналып
–долгауз үйлер салындар.Сары бояумен бояп сары үйлер деп аталды
тыныштандыратын көилектер,байлағыш белбеулеу пайдаланады.Мазасыз ауруларға
шынжыр тағылып,қолдарына кісен салынады. 19ғ.бірінші он жылдықтанда
декабристтерді жазалағаннан соң,қоғамның барлық бөліктерінде жандану
болып,бөлімге құштарлық көбейте бастайды. Халықтын мәдениеті өркендеп
материялисттік көзқарасты интелегенция пайда болды.Осы жағдайда психиятияны
оқыту басталды.Оқытушы дәрігерлер психиятрияны материялистік тұрғыдан оқуға
тырысты.

1860 жылдары И.М.Сеченовтың Мидың рефлекстері деген кітабы үлкен роль
атқарды.Бұл кітап психиканы зерттеуде жаңа көзқарас тудырды, психиканы
физиологиялық тұрғыдан зерттеудің басы болды. Сондайақ, психиканы зерттеуде
И.П.Павловтың мектебі үлкен жұмыс жасады.1857ж .психиятрия жеке ғылым
ретінде бөліп шықты.И.П.Мерживский мидың нашар даму себебін арғы ата
тегінен қайталауынан емес, жоғарғы жүйке жүйесінің дамуының тоқтауымен
байланыстырады. Бірнеше ғылыми жұмыстар шықты. И. П Мерживскийдің мұрагері
И. М. Бехтерев өзінен кейін ми анатомиясын зерттеу туралы белгілі
еңбектерін қалдырды. Оның ғылыми еңбектері түрлі психикалық бұзылудың
анатомиялық- физиологиялық негізін табуға тырысты.

№ 3 дәріс

Тақырыбы: Қазіргі заманғы медициналық психологияның негізгі бөлімдері

Сұрақтары:

1.Қазіргі заман медициналық психологиясы пәні, салалары.
2.Нейропсихология, патопсихология, психопатология

3.Емдеу және реабилитациясы.

Қазіргі медициналық психология- жеке адамға әр түлі психикалық
факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін,
жүйкелік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу мәселелерін
шешуге бағытталған. Медициналық психологияның негізгі бөлімдері: а)
Нейропсихология, б) Патопсихология, в) Психиатрия психикалық дамудың
бұзылуын, қалыпты адамның жағдайындағы өзгерістерді, мөлшерден тыс
өзгерістер мен қалыпты жағдайларды, қалыпты жағдайлар туралы түсініктер
береді.

Қазіргі медициналық психологияда медицина ғылымының теориялық
негіздері жайлы ғылыми деректер жан жақты зерттелуде, кез келген ауру жайлы
түсініктердің адам психикасына әсері мен ықпалы өзекті мәселелердің біріне
айналуда. Ауру жайлы түсініктер батыс және шығыс елдердің халықтарында
әртүрлі түсіндіріледі. Ғылыми деректерде ауруды организмнің қалыпты
жағдайынан ауытқуы деп түсіндірсе, тибет халқында ауруды организмдегі
жиналған кір ретінде қарастырады және адамның кірленген жерді тазартуға
мүмкіндігі мол екендігіне ерекше мән береді.

Кез келген аурудың өзіне тән белгілері мен себептері бар. Аурудың
белгісін симптом, ал белгілердің жиынтығын немесе тек сол ауруды ғана
айқындайтын белгіні синдром деп атайды. Бір белгілер көптеген ауруларда
кездеседі, мысалы: бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, көңіл күйдің
жайсыздығы, т.б. Ал аурудың ерекше белгісінің айқындалуы-синдром, мысалы:
гепатит, апендицит, дизентерия және т.б.

Ауруды тудыратын себептер: эндогенді және экзогенді болып екіге
бөлінеді.Эндогенді немесе ішкі себептер, экзогенді немесе сыртқы себептер.
Ауруды үлкен екі топқа бөлеміз: жан немесе психикалық, тән немесе
соматикалық аурулар. Аурудың кез келген түрі адам психикасы мен жүйке
жүйесіне әрқашанда әсер етеді.

Психиканың дамуын ауытқушылығын және шығу тегін, патогеезін
зерттеуде көптеген жетістіктер бар. Бұл жағдай генетика, эмбриология,
биохимия, теротология сияқты биологиялық ғылымдардың акушерлік таным
педнатрия психиатрия сиқты клиникалық пәндердің жетістіктеріне байланысты.
Осыған байланысты әртүрлі этиопатогенезі бар психикалық ауытқушылардың
жалпылама тобы өздерінің шығуы мен патогенезі сай жекеленген клиникалық
түрлерге бөлінеді.

Медицинадағы психолгияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен
әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас
адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар
бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б.
Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды
анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше.

Науқас адам дәрігерге келуі аномнез толтырудан (яғни адамның
өмірбаяны, қашан және қандай аурулармен туғаннан бері ауырғаны, қандай
шағымдармен келгені, сырқаты қалай басталғаны, т.б.) – тарихынан басталады.
Анамнез медициналық психологияда ең негізгі психодиагностикалық құрал болып
табылады. Анализбен толық танысқан соң-диагноз қою болады, яғни сырқатты
жойып, болдырмаудың шараларын белгілеу мен денсаулығын қалыпқа келтіру.

Медициналық психологияның, сондай-ақ психиатрияның негізгі міндеті
белгілі бір психикалық ауруларға тән жекелеген белгілері мен синдромдарын,
осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу. Тексеру барысында психикалық
процестердің; түйсік, қабылдау, ойлау, ес, назар эмоция интеллект пен сана
сияқты психикалық, қызметтердің қалыпты жағдайдағы мөлшерін, ауытқуын,
тексеріп синдромына қарай диагнозын анықтайды.

Синдром- жалпы патогентикалық негізі бар, іштей өзара байланысты
белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер аусуы мүмкін.
Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Әрбір
аурудың дамуында белгілі стеретип, белгілі бір жол болады.

Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу
заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі. Кейде аурудың
өрісінанықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның
өрісін болжауға болады.Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым
болатыны анықталды. Синдромды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын
қоюда мәні өте көп. Дұрыс диагноз ауру адамға жедел көмек крсету мүмкін
емес. Мысалы, ойы алжасқан адамда( қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға
жатқызу керек. Себебі, ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол
сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек.
Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы
мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады; Сананың бұзылуы және сананың
бұзылмауы.

Диалектикалык материализм тұрғысынан сана-адамның айналадағы, шындықты
бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында
пайда болып, адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады.

№ 4- дәріс

Тақырыбы: Медициналық психологияның салалары. Медициналық психологиядағы
психологиялық диагностика

Сұрақтары

1.Медициналық психология салаларына сипаттама.

2. Ғылыми – зерттеу әдістері.

3.Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер

Медициналық психологияның салалары бір бірімен тығыз байланысты
және адамның жан саулығы мен тән саулығына жағымды әсер етіп, денсаулыққа
байланысты ауытқу (отклонение ), бұзылу (патология), кемістік (дефект)
жағдайларды болдырмау мен қалыпқа келтіруге –реабилитациялауға бағытталған.
Медициналық психологияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу
жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның
денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ,
ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың
барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда-
диагностикалауда алатын орны ерекше

Сондайақ, медициналық психологияда психологиялық диагностика
әдісі психикалық аурудың шарттарын анықтауда өте маңызды. Психотерапия мен
психокоррекциялық әдістемелік шаралар аурудан айықтыру мен сауықтыру
жағдайларында тиімді қолданылады. Науқас адамның психикасы мен жүйке
жүйесіне жағымды әсер етерде жас кезеңдердегі өзгерістердің психикаға
әсері де ескеріледі.

Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-
құлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста
ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер
өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа
сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану
ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің
,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа
да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-
Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-
1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның
жандүниесі жайындағы ілім өркендеді.

Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази
(865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым
жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді.

ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін
бірнеше шығармалар жазды ізгі қала тұрғындары АзаматтықСаясат
аристотельдің Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан
тәнімен бұрын өмір сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да
алмайды деген ғылыми пайда жасаған.Содан-ақ,ол дүниеге келісімен адамның
бойында түрліше күш қуатпайда боладысол күш-қуат қабілетін негізгі түрлері
мынандай деп көрсетті

-адамды қуаттандыратын күш (арабиа-әл-қуат әл-газина)

-түисіну қуаты

-қиялдану қуаты

-ақыл-ой не ойлану қуаты

-қозғаушы күш

-белгіні бір іс-әрекетке ұмтылу қуаты

Адам бойындағы күш-қуатын Әл-Фараби атаған түрлері жеке психологиялық
пойестерді атауы мен мәніне дәл келеді. Ал Екінші ұстаздың сөз (ақыл-
ой)мағынасы туралы ой-толғамдары дейтік еңбегіндегі психикалық
процесстердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен
жасалып отыратын материалисттік құбылыстар деп анықтап, әсіресе адам
жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп
көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетін ерекше
жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психологияда дәл осы
мағынада қарастырады. Фарабидің психикалық жайындағы мұндай ой жүйесін
адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен
көзқарас деуге болады.

Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан
іздестірген арб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста Ибн Сина, ал
батыста Ибн Рошд болды. Ибн Синаның мед қағидасы деп аталатын еңбегі бес
жүз жыл бойы жұмыстар дүниенің әр тарабына таралып, барлық деңгейдегі
медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Оның көзқарастарындағы
маңызды мәселе – жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан
қарастырған бір-біріне қайшы пікірі. Оның анықтауынша жан туралы түсінік
ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Адам психикасының ми
қызметіне тәуелді болып отыратындығы материал тұрғыдан қарастырылады.

№ 5- дәріс

Тақырыбы: Норма және патология мәселелері

Сұрақтары:

1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері

2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі.

Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және
психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты
жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің,
шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне
сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі
өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан
адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды.
Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде
ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың
патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады.
Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын
анықтаған.

Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама-
қайшы көріністері жатады. Патология гректің патос- уайым, қайғы, ауру,
бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың
көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады.
Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне
ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық
шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын
дамуды патологиясын тудырады. Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір
бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама-
қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония-
үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей
психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі
келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де
тұрақты күйде болуы керек.

Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның
дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі
дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы
қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік,
эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған
ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы
арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда
мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы,
белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен
пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге
жетумен үйлесіп отырады.

Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау
жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға
дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар
мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады.

Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық
өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым-
қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының
адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін.

Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады.
Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып,
аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін
табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке
қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды.

Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда
болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә)
тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне
шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның
шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында
алғаш рет психогенияның моделі – байқау невроздары табылды. Жануарлардан
алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән
екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт

Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан
қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс
қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ
бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына
сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке
жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы
сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды
(мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы
бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ
ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы
ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде
барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық,
өкпешілдік,ренжігіштік сезім- сензитивтік, стеникалық - айқындалса,
екіншілерінде табандылық, қажырлылық – экспансивті- сезім байқалады.
Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді
(психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен
ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде
кездеседі.

Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан,
сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді
болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет
тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан
айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны
тамақтандырмауы да мүмкін.

Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір
шеңбердің ішіне сурет қылып салып; өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде
жоқ -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа
сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым,
гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.

Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы
қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды
өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында
есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық
түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым
болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық
дағдарыс) білінеді.

Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне
ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық
ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп
есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті
жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі,
денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға
бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.

Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты
психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті
қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей
алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол
жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын
дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке
ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен
көксеу тән.

Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір
белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық
жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте
мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады
( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай
балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі
болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен
кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын
белгілері.

№ 6- дәріс

Тақырыбы: Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктік парадигмалары

Сұрақтары:

1.Клиникалық психологиядағы себеп-салдарлық байланыстар

2. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары.

3. Аномальды даму психологиясы

Психика дамуындағы клиникалық жағдайлардың пайда болуы көбінесе ішкі
себептерге байланысты.Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты
балалардың дамуы жылдамдап физиологиялық акселерация деген түсінік пайда
болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар
. Дене бітімі дамуынан психикалық дамудың артта қалуы ретардация деп
аталады. Ретардация физикалық және психикалық болып 2-ге бөлінеді .Дене
бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты.

Эндогендік себептерге жаскезеңдік өзгерістерге байланысты туындайтын
себептер мен адамның ауруға дейінгі ағзалық ерекшеліктері жатады. Жас
адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы:
истериялық реакциялар ұстамсыз адамдарда жиі дамиды. Жабысқақ түрдегі
невроздар: мазасыз, күдікшіл адамдарда жиі болады.

Психиканың клиникалық жағдайларының дамуына эндогендік себептердің ықпалы
өте зор. Жүйке жүйесі зақымдануына байланысты туындайтын аурудың зардабынан
(менингит, энцефалит,менингоэнцефалит, полимилит) болған және бассүйек ми
зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан
кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең
аз(минемальды дисфункциясы ММД не ерте резидуальды –органикалық мидың
кемістігі деп аталады)

Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған
уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық
әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды
оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады .

Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан
басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар . Бір жағынан
тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды , екінші
жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті .

Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқуларына мутациялардың (сыртқы
себептердің-мутагендердің арқасында пайда болады , мысалы клеткаларға
сәулелелердің, химиялық заттардың әсері) ықпалдары зор. Артынан бұл
өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ару тудыратын фенотип пайда
болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым
қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор .

Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық
өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық
жағдай, анемия-сөзі қан аз немесе аз қан деген ұғымды білдіреді . Бұл
жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады.
Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады . Гемоглобин
оттегімен байланысып , әрбір клеткаға , органдарға , тканьдарға оттегін
тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің
жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы
(себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі
.

Анемияның негізгі үш топқа бөлуге болады: көп қан жоғалтқандағы анемия
; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары
бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік
себептері негізінде қарастыруға болады . Әртүрлі аурулар мен
жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл
көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру
және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит
көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның
асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің
біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу , жүрек соғуының жиілеуі, бас
айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы .
Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі
. Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан
түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп
кеткен: асқазан –ішек жарақатына , ісіктеріне байланысты.

Гелюлитикалық анемияның негізгі ерекшелігі эритроциттер бұзылудың
күшеюі. Олардың екі түрі бар: туа біткен және жүре пайда болған.
Гелюлиздің себептеріне қарай: клетканың ішіндегі эритроциттер кемістігінен,
эритроциттердің бұзылуынан және эритроциттермен байланысты факторлардың
бұзылуынан болатын түрлерін ажыратамыз. Гелюлиздің негізгі
себептеріне: анемия,сарғаю (сары түстің басым болуы), билирубин
құрамындағы өзгерістер, кіші дәреттегі уротилиногеннің көбеюі,
лейкоцитоз бен тромбоцитоздың дағдарысы , эритроциттер мерзімінің
қысқаруы . Туа пайда болған микросфероцитарлық анемия-анемияға
бейімділікті балалық шақтан байқауға болады. Клеткадағы эритроциттерді
бұзатын кемістіктерден аталған ауру пайда болады . Негізгі себептеріне
инфекциялар әсер етеді. Микросфероцитарлық анемия жағдайында жұлында ,
бас мида өзгерістер , қол –аяқта жаралар , жалпы дамуда ауытқушылықтар
кездеседі . Балаларды 5- жастан асқанда инемесе 9-10 жасқа дейін емдеуге
болады . Ал үлкен адамдарда емдеу жолдары өзгеше .

Анемияның жүре пайда болған гемолитикалық түрі инфекциялық аурулармен
(сепсис , малярия және т. б.) ауырғанда ,гемолитикалық улармен (фосфор
,фенилгидразин, анестезин, акрихин, жылан және саңырауқұлақ уларымен)
уланғанда ,қатты күйгенде не аяздағы үсікке ұшырағанда пайда болды.
Сыртқы себептердің арқасында гелюлиз жоғарлап , эритроциттің бұзылуына
әкеледі. Сондай-ақ кейбір дәрілердің өздерінде эритроциттің бұзылуын
тудырады. Мысалы амидопирин,хинин, сульфаниламидтық дәрілер. Бұл дәрілер
қандағы клеткалар және белоктармен қосылып, қанға әсіресе
эритроциттерге қарсы түзілулер құрайды, әсіресе қан тамырлары ішінде
. Бұлар адамның иммунитетін бұзады не төмендетеді.Ииммунитет-
организмнің кез-келген жағымсыз ықпалдарға ,ауруларға күші.Иммунитетке
зиян келтіретін жағдайлар сәйкес келмейтін қанды (резус факторлары мен
топтары) құйғанда байқалады . Бұл ауру бірден байқалады : адамның дене
қызуы жоғарлайды (39-40градус) әлсіздік , денесі сары туске боялады ,
жүрек қан тамырлары ұлғаяды , бауыры ұлғаяды кіші дәреттің түсі
өзгереді (қара түске ) ,бүйрек тамырлары өзгереді.

Анемиялық теміржетіспеушілік түрі- әсіресе қыз балардың жыныстық
жетілуі кезінде байқалады . Бұл жағдай хлороз деп аталады . Жасы ұлғайған
әйелдерде де байқалады. Негізгі себебі: темір жетіспеушілік. Организмнің
өсу кезінде және алғашқы етеккір келуіндегі қан кету кезіде
организмнің темірге деген қажеттілігі артқанда қана
теміржетіспеушілік байқалады. Адамның басқа жас кезеніңдегі хлорозды,
анемияның патогенезін тудырытын факторларға; асқазан ахимиясы; етеккір
мерзімінің бұзылуы және қанның көп кетуі; эстроген секрециясының
жетіспеушілігі (жүктілікте және баланы емізу кезінде) темір қорының азаюы
жатады. Бұл аурудың себептері мен ағымы ауру адамның терісі мен шырын
қабаттары реңсіз. Адам шыдамсыз, ашуланшақ, тез шаршағыш, жүрек соғуына,
құлағындағы шуға, бас айналуына ,үнемі ұйқысы келетіндігіне шағым айтқыш
болады. Тамақ талғау тәбеті бұзылады: тамақпен бор, саз , шикі тағамдарды
талап ету байқалады. Тырнақтарында өзгерістер , дисграфия симптомы
байқалады.

Етеккірдің мерзімі бұзылып, маткада(жатырда)фиброматоздық ағым
байқалады .Қанның тусі өзгереді . Бұл ауру көбінесе көктем мен күз
мезгілдерінде асқынады.

В12және фолиевожетіспеушілік анемиясы өте бояу, ұзақ уақыт дамитын
түрі. Организм эритроциттің төмендеуіне біртіндеп бейімделеді. В12
витамині жеткіліксіз болса ,әсіресе асқазан сөлінен бөлінетін –
асқазанның шырынды қабатының бұзылуында аталған ауру болпады. Қалыпты
жағдайдағы адам организмдегі бауырда 1000-5000у кобамид –коэнзим В12
–нің қоры болады. Ал фолиево қышқылының қоры аз .Организмге тамақтану
арқылы В12 –витамині жетіспегенде және резорбцияның бұзылуында
,асқазанның асқынған ауру түрлерінде болады. Сондай –ақ жүктілікте де
аз болуы мүмкін .Бұл аурудың өзіне тән ерекшеліктері : анемия ,
асқазан –ішек құрылысы мен жүйке жүйесі нің өзгеруі . Адам терісінің
реңі сарғаюы , тілінің өзгеруі , іш өтуі , асқазан ішек құрылысына
шағымдану салмағының азаюы болады. Жүйке жүйесіндегі өзгерістер негізіде
түйсіктің зақымдануымен: денесіндегі құрт –құмырсқалардың көмескіленуін
шағымданумен сипатталады.

Гемоглобиноздар ақырғы екі онжылдықта үлкен адамдардың гемоглобин
құрамында қалыпты және патологиялық жағдайлар болып тұрады. Бұл жағдай-
гемолитикалық анемияның гемоглобиноз тобын құрайды. Зерттеулердің
дәлелдеуінше гемоглобиннің бірнеше қалыпты (А1;А2;F) және гемоглобиннің
патологиялық мөлшері (S,H, C,D, және т. б.) анықталған. Қазіргі
көзқарастарға сүйене отырып гемоглобиндегі патологияның пайда болуын
бірнеше себептермен байланыстыруға болады.Қалыпты помлипептид тізбегінің
болмауы , анилюқышқылдағы альфа немесе бета полипептид тізбектерінің
алмасуынан және т. б. Әсіресе гемоглобин патологиясына тұқымқуалаушылық
үлкен әсерін тигізеді . Кейбір адамдарда тұқым қуалаушылық арқылы
гемоглобиннің күрделі патологиясы ,ал кейбіреуінде жеңіл түрі
қайталануы мүмкін.

Патологиялық белгілердің тұқымқуалау арқылы берілуі доминанттық
жолмен қайталанады. Гомозиготалық некеде –яғни әкесінде ,шешесіндеи
патологиялық белгілерді тасымалдаушы болса , ауыр түрі қайталанады . Ал
гетерозиготалы некеде –жұбайлардың біреуі патологиялық белгілерді
тасымалдаушы., болса ,келер ұрпақта қанның азғантай құрамына беріледі
және тасымалдаушы болады.Анемияның гелюлитикалық түрінде байқалатын
белгілер : дамудың тежелуі ,сүйек құрамының өзгеруі ,остеопороз ,
периоститтер , бас сүйек өзгерісі , эритроцит құрамының өзгерістері.

Жұлын функциясы өзгерістерімен байланысты анемияның апластикалық
және гипопластикалық түрлері бар. Апластикалық және гипопластикалық
анемиялардың дамуына қанның түзілуіне ықпал ететін сыртқы факторлар
мен эндокриндік жүйенің туа біткен жетіспеушіліктері әсер етеді.
Жұлындағы қан түзілуіне кедергі келтіретін көптеген
физикалық,химиялық ,биологиялық заттар бар. Оларға дәрілік заттар
(амидопирин,метилтиоурацил,новэмбих ин,тиофосфамид,сарколизин,стрептоли цин,ле
вомицетин және т. б.) химиялық препараттар (бензол, бензин, сынап,мыс,
висмут және т.б.) энергия сәулелері (рентгендік сәулелер , радий,
изотоптар), инфекциялар (сепсис,грипп, туберкулездің кей түрлері)
жатады.Гипопластикалық анемияның ауыр және асқынған түрлеріндегі
белгілері бірдей. Апластикалық және гипопластикалық анемиялар бір
топтағы ауру ағымына жатады . Жұлындағы қан түзілудің өзгерістерінен
лимфа тканьдардың салмағы кішірейеді . Соның салдарынан қара өтте
атрофикалық (дамымау) өзгерістер болады. Бұның салдарынан бауырдың
қызметі нашарлайды, бауырдағы тканьдарда гипоксия (улану) пайда болып,
анемияның асқынған ,ұзақ түрге әкеледі

Агранулоцитоз- клиникалық гемотологиялық белгілерге жатады . Бұл
ауруда гранулацитоздың аяқ асты төмендеуі байқалады.Ауруды тудыратын
себептер: инфекциялық (жұқпалы аурулар) агенттері-тасымалдаушылар
(сепсис,өкпеге суық тигенде ,сүзек және т.б.) медикаментоздар
(хинин,барбитураттар,метилтиоурацил ,сульфаниламидтер, стрептомицин , ПАСК
эжәне т.б.)сәулелер (рентген сәулелері, радий,радиоизотоптар).
Агранулоцитоздың және инфекциялық және медикаментоздық түрлері жиі
кездеседі. Аурудың себептері мен ағымы: аурудың басталуы аяқасты.
Ангинаның язвалық турінде дене қызуының жоғарлауы , организмнің
улануы байқалады Көптеген жағдайларда . пневмонияның асқынуы
байқалады. Сондай –ақ жақсуйектерінің асты, мойын , қолтық астындағы
лимфа тармақтарының ұлғаюы байқалады.

Қан құрамында күрделі өзгерістер байқалады : эозинофиялардың
төмендеуі мен плазма клеткаларының ұлғаюы байқалады. Адам аурудан
айыққанның өзінде көптеген жұқпалы ауруларға (грипп, тыныс жолдарының
тарылуы ) төзімділігі нашарлайды және аталған ауруларға тез берілу
байқалады.

№ 7-8 дәріс

Тақырыбы: Психикалық бұзылудағы жас ерекшеліктер

Сұрақтары:

1.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері.

2.Жас кезеңдік дағдарыстар.

3. Психикалық бұзылуларға сипаттама

4. Психикалық бұзылулардың түрлері.

5. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың
көрінісі

Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және
психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық
зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас
кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-
невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық
қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм,
гебоидтілік синдромдары жатады.

Невропатия синдромы- конституционалды синдромы немесе туа біткен
баланың кейігіштігі, шамамен 3 жастағы кезеңде пайда болады. Ол
висцеровегетативті функциялардың жетілмегендігімен сипатталады. Ең алғаш
түс көрудің, тәбеттің бұзылуынан, диспепсикалық құбылыстар, дене қызуының
ауытқуы, тахикардия, тахипноэ, демікпе, аллергиялық реакцияларға
бейімділіктен, метеотроптылық, жоғары жүйке-психикалық қозғыштықпен сәйкес
келетін тамақтану жағдайынын өзгеруіне сезімталдық, сыртқы
тітіркендіргіштерге реакциясы аффективті-респираторлық ұстамалар түрінде,
қыңырлық, қорқақтықпен көрініс береді.

Бұл синдромның алғашқы көріністерін нәрестілік кезеңде
соматовегетативті зақымданулар түрінде дагностикалауға болады; олар яғни,
түс көрудің инверсиясы, жиі құсу, дене қызуы субфебриалдыға дейін ауытқуы,
гипергидроза.Жас өскен сайын біртіндеп 1-ші орынға психогенді және
экзогенді әсер етудің салдары ретінде эмоционалды-гиперэстетикалық
зақымданудың элементтері шыға бастайды.Жиі және ұзақ жылау байқалады. Ең
кең таралғаны оралма деп аталатын симптом болып табылады.Психогенді
тітіркендіргіштерге реніш және ашу-ыза, айғаймен байланысты наразылық
реакциясы пайда болса, ол аффективті –респираторлық талмаға әкеп соғады,
яғни:тыныс шығарудың жоғарысында көмей бұлшықетінде тоникалық қысым пайда
болады, дем алуда кідіріс болады, беті бозарады, соңынан акроцианоз
білінеді. Тіпті сананың қысқа мерзімді өшуі және жеке клоникалық
тырысқақтар болыу мүмкін. Ұзақтығы 10 секундқа дейін созылады. Терең дем
алумен аяқталады. Невропатия синдромында балалар жоғарланған жалпы және
вегетативті қозғыштыққа бейім келеді.

Невропатия синдромы- көбінесе разидуальді-органикалық жүйке-психикалық
зақымданулар және невротикалық реакциялар кезінде кездеседі. Жас өзгерген
сайын оның көріністері басылуы мүмкін, бірақ одан да күрделі невротиклық
және неврозтәріздес синдромдардың дамуына қолайлы тірек болады.Балалық
кезеңдегі шизофренияда, ереже бойынша невропатия синдромы психикалық
процесстердің диссоциациясымен үйлестіріледі.

Балалық аутизм синдромы (ерте балалық аутизм,Каннер)- психофизикалық
дизонтогенездің нұсқасы (асинхрония). Дисгармониялы психикалық дамумен
көрінеді. Бұнда бір психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және
басқаларының артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте
кезеңде көрінеді:туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды
бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады.
Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі кездеседі.
Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар баланың
психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, дамиды және тасымалданады.

Басты симптомдары- өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас
орнатуда айқын қиындық туады; эмоционалды әсер етудің әлсіздігі;
стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар; жағдайлардың өзгерісіне
және жаңалыққа деген қорқыныш (неофобия). Міндетті симптомдар- қорқыныш
(фобиялар), түс көру мен тамақтанудың бұзылуы. Қосымша симптомдар- жақсы
механикалық ес, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет.Балалық
аутизмде ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейі кездесуі мүмкін. Бұл синдром
мына жағдайларды қамтиды:

1.Шектетілу – бұл кемістік, яғни қарым-қатынас қажеттілігінің толықтай
болмауы, жалғыздыққа деген белсенді ұмтылысы, телефоннан қорқыныш
(қоңыраудан, әңгімелесуден).

2.Коммуникативті қасиеттердің бұзылуымен сәйкес келетін сөйлеу дағдысының
озық дамуы жиі кездеседі:

- автономды сөйлеудің жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3-
ші жақтан сөйлеу,т.б.;

- сұрақ қоюға бейім, бірақ жауап қайтаруға бейім емес;

- жақсы ес, әсіресе ритмикалық информацияға (музыка, өлеңдер, тақпақтар),
өлеңдер мен әуендердің айтылуы жаман емес, бірақ өтініштер мен
тапсырмаларға жауап ретінде емес, қандай да бір ішкі заңдылықтарына
байланысты;

- таңдаулы стереотипті қолданулар (көбінесе орынсыз) немесе қиын жеке
сөздер мен сөз тіркестерін айта салуы (электрофикация, квант, т.б.)
немесе бірнеше рет сұрақтарды қайталуы (өмір дегеніміз не?);

-сөз дағдысының патологилық формалары: эхололия, фонография- бұрын
естігендерін сөзбе-сөз қайталауы, неологизмдер, өзіне қатысты есімдіктер
мен етістіктерді 2-ші және 3-ші жақта қолдануы.

3. Өзінің сөзін кеңістікке, өз-өзіне үндеуі, оның монологтігі, табиғи
емес модулирленуі.

4. Эмоционалды әсерленудің әлсіздігі (эмоционалды блокада). Эмпатиясы
мен құштарлығы жақындарына деген симбиотикалық тәуелділікпен алмастырылған,
бірақ олар шын мәнінде оларға талғаусыздықпен, немқұрайлықпен қарайды.

5. Протодиэкризис- адамдарды, басқа да жанды және жансыз объектілерді
саралай алмауы.

6. Көру және есту тітіркендіргіштеріне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық психологияны қалыптасу тарихы
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы туралы мәлімет
Жоғары мектеп психологиясының пәні
Клиникалық психологияның теориялық және практикалық міндеттері
Патопсихология жайлы мәлімет
Патопсихология жайлы түсінік
Басқару психологиясына кіріспе
Медицина психологиясының қалыптасу тарихы
Пәндер