Туған тілге деген сүйіспеншілік


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауысы алмаймыз. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса қиынға соғады. Жас бүлдіршіндерді өз тілін құрметтеуге үйретіп патриоттық тәрбие, адамгершілік тәрбие беру әр ұстаздың міндеті.

Ал, бүгінгі таңда мектептің мұғалімінің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан - жақты дамыған жеке, дарында тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет - салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп - тамырына жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстамдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түркі жасау - міне, бүгінгі білім беру пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «мәнін» ашу, сол мәнді шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай «науқандық» өтпеліктер көтере алмайтыны белгілі. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.

Оқыту мен тәрбие үрдісінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлауы және оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Біз оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз.

1. Алдын ала тапсырма беру;

2. Мақсатқа жету үшін көмек - бағдар, бағыт ұстау;

3. Жаңа сабақта ең алдымен олардың олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындауына назар аудару. Ұжым болып талдау. Жеткен жетістіктерін талдау.

4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі.

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез - келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Қазақстан Республикасы ғылыми техникалық, экономикалық ресурстың және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ білім беру сапасына оның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгеймен қамтамасыз ету, оларды отандық ұлттық және әсемдік мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет болып қала береді. Өйткені елдің ертеңі оқу - білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамуды қажет етеді.

Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

2. Білім мен біліктілігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас әке мен бала арасындағы қарым - қатынастай ыстық һәм әсерлі болса, сонда ғана қоғам алға қарай өркендемек. Өйткені, қоғамның дамуы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты.

Менің ұстаздық жолдағы мақсатым - тақырыпты өмірмен байланыстыру, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым - қатынасьысақтау. Сондай - ақ сапалы білім беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі ғылыми педагогикада оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру көзделуде.

Оқушы жүйелі білім беру үшін оқу мен тәрбие үрдісі қатар жүрі керек. Екеуінің бірі өз деңгейінде жүргізілмесе, сапалы білім беру ақсайды. Сол себепті «оқу мен тәрбие - егіз» дейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Патриоттық тәрбиенің мәні
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Ұлттық патриотизм ұғымы
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz