Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ ФАКУЛЬТЕТІ

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы»

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері

Орындаған: Токходжаева З.

СМД-016 0

  1. Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013ж.

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық - педагогикалық сырттай оқу факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а

Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері.

Орындаған : ТокходжаеваЗ.

CМД-016 0

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні

1. 1 Балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері . . .

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері . . .

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі.

2. 1 Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын оқыту барысында қалыптастыру жолдары . . .

2. 2 Оқыту барысында балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі : Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстанда педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық қызығушылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. [2]

Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және бала тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.

Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі, балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық қызығушылығын дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Білім беру және оқыту теориясының балаларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі -оқу танымдық қызығушылық пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы мектеп жасына дейінгі балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі, Ал жеке тұлғаның дамуына балалардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.

Оқу-танымдық қызығушылық- баланың оқуға, білімге, ғылымға деген ынта-ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Қызығушылық баланың әрекеті және пәнімен қосылғандағы дәрежесін анықтайды. Қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі: баланың алған тәрбиесін, білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуінде.

Қызығушылыққа байланысты әлеуметтік-педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне. ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтердің талдау нысанасы болды.

Мұндай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның, К. Ушинскийдің еңбектерінде көре аламыз. Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің, тәрбиешінің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Ы. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің, тәрбиешінің ең жақсы оқыту, тәрбиелеу әдістерін таба білуінде. [3]

К. Ушинский оқу-танымдық қызығушылық мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді.

Ол тәрбиешінің жұмысын ескере отырып, баланың қызығушылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу. көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет балаларлардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.

Қазіргі кезеңде баланың оқу- танымдық қызығушылығын дамытудың тиімді жолдарының бірі - баланың өзіндік жұмысы. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Ильясова. О. Сыздықов, т. б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері т. б . [4]

Қазіргі кезде оқыту барысында балалардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру» деп алуымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

- Балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін қарастыру;

- Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктерін анықтау;

- Балалардың оқу-танымдық қызығушылығын тәрбиелеу, оқыту барысында қалыптастыру жолдарын анықтау;

- Оқыту барысында балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану;

- Тіл дамыту пәні арқылы балалардың оқу- танымдық қызығушылығын оқыту үдерісінде дамыту.

Зерттеу пәні: тіл тамыту

Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық - психологиялық әдебиеттердің мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.

Диплом жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

І Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні

1. 1 Балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.

Мектеп дейінгі мекемеде балалардың ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепке дейінгі мекемеде берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық мектепке дейінгі мекемеде оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Баланы даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда. Осыған орай мектепке дейінгі мекемеде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір баланың жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының ақыл ойын қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады.

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным - заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным - әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.

Оқу-танымдық қызығушылық - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділіктің негізінде балаларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер, психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.

Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер балалардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.

Балалардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.

Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды.

Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.

Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық қызығушылығы мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық белсенділікті оқыту құралы ретінде қалыптастырады.

И. Гербарт оқу-танымдық қызығушылықты қалыптастыру - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады.

Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы түрлі қызығу мектепке дейінгі балалардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды.

Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Баланың оқу-танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: «Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал тәрбиеші болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Балалардың оқу-танымдық қызығушылығы олардың тәрбиесі, білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің қалыптасуына тәуелді». [5]

Оқу-танымдық белсенділік оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен мектепке дейінгі балалардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру баланың танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.

Педагогтер, ақыл- ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.

Оқу-танымдық қызығушылық туралы анықтамаларға талдау жасай отырып мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:

- Оқу- танымдық қоғамдағы маңыздылық бағыты;

- Оқу -танымдық интелектуалдық сипаты;

- Оқу -танымдық қызығушылықтың реттеушілік сипаты;

Сондай ақ, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:

- балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу;

- оқу үрдісіне оқытуды кеңінен енгізу;

- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;

- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т. б.

Оқу үрдісі балалардың оқу-танымдық қызығушылығы нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдықты қалыптастыру негізінде балаларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, балалардың танымдык, белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, тәрбие беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.

Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және балалардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.

Зерттеуші ғалымдар оқудағы оқу-танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:

- оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде тәрбиеші мен баланың бірлескен әрекеті арқылы,

- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы ;

-танымдық қызығушылықты қалыптастыру арқылы ;

- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы ;

- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы,

- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы .

Мектепке дейінгі мекеме - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

.

Бұл білім стандартында балалардың белсенділіктерін дамытуды ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие үдерісінде тәрбиеші мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Тәрбиеші қызығушылық қабілетті арттыра отырып, баланың шығармашылығын, белсенділігін, қабілетін, қызығушылығын оятуға, дамытуға жол ашады.

Мектеп жасына дейңнгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу - бұл адамның саналы әрекеті.

Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін - оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э. Парондайк, У. Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:

А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып баланың белсенділігін оятуға;

Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т. б.

«Шығармашылық» - адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

«Шығармашылық» - адам бойындағы қызығушылықты қалыптастырып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру тәрбиенің, білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті ғалым педагогтар В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Л. Р. Выготский, Л. В. Занков және қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Әбділдин, ҚБ. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров т. б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан еңбектерін білеміз. [6]

Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, балалардың өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға тәрбиеші тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; тәрбиешінің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т. б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер балаға дайын түрінде берілмейді, ол тәрбие, оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі баланың іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр балада әр түрлі болғандықтан, тәрбиеші танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz