ХVІ ғасырдағы жетісу аймағындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы



Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған. ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді [1]. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді [2]. Ал мұндай жағдайда Қасым хан Бұрындықтың жанында болуды қаламайтын. Егер жанында болса оған құрмет жасауға тура келетін. Оған құрмет көрсетілмесе аға алдында немесе хан алдында сынға ілінуі сөзсіз. Сол себептен Қасымхан Бұрындық ханнан іргесін аулақ ұстауға тырысатын. Бұрындық ханның ордасы Сарайшық қаласында орын тепсе [3], ал Қасым хан Жетісу аймағында Қарайол өзенінің бойында орналасқан. Ханның мұнда қыстауы да бар еді. Бұл көрсетілген хабарлардан Қасымның беделінің қандай зор болып Бұрындықтың тірі кезінде-ақ хандық дәрежеде болғандығын көреміз. Мұндай жағдайға шыдамаған Бұрындық хан Самарқандтағы Михр Сұлтанханым деген

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ

САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Н. Дәуірбаева

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркістан қ.

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз
байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми
зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей
ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның
Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде
кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді,
бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді [1]. Ал екінші бір
жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал
Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы
мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ
хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның
інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі
келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек
ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп
олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы
болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары
Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға
көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал
қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек
ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да
өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып
Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды
өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының
алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді [2].
Ал мұндай жағдайда Қасым хан Бұрындықтың жанында болуды қаламайтын.
Егер жанында болса оған құрмет жасауға тура келетін. Оған құрмет
көрсетілмесе аға алдында немесе хан алдында сынға ілінуі сөзсіз. Сол
себептен Қасымхан Бұрындық ханнан іргесін аулақ ұстауға тырысатын. Бұрындық
ханның ордасы Сарайшық қаласында орын тепсе [3], ал Қасым хан Жетісу
аймағында Қарайол өзенінің бойында орналасқан. Ханның мұнда қыстауы да бар
еді.
Бұл көрсетілген хабарлардан Қасымның беделінің қандай зор болып
Бұрындықтың тірі кезінде-ақ хандық дәрежеде болғандығын көреміз. Мұндай
жағдайға шыдамаған Бұрындық хан Самарқандтағы Михр Сұлтанханым деген
қызының қасына көшіп кеткен. Оның онда вакфтық жері болған [4]. Бұл шамасы
1511 жылы күз айында болса керек. Бұдан соң Жәнібектің баласы Қасым 1511
жылдың тақыр күзінде толыққанды хандық дәрежесіне көтеріледі.
Қасым ханның билік басына келген кезі Орта Азиядағы біраз өзгерістері
болған уақытта тура келген. Оның біріншісі Мұхамед Шайбани хан Иран шахының
қанжалына түсіп 1510 жылы Мерв түбінде қаза болды. Оның әскерілері де
қызылбастардың толық талқандауымен аяқталып Бұқара, Самаркандт және
Түркістанның бірсыпыра қалаларында Темір ұрпағы Бабырдың қолына уақытша
болса да көшкен еді.
Бұл жағдайлардың Қасым хан дер кезінде пайдаланып өзінің оңтүстік
Қазақстанда билігін нығайтуға тырысты. Алайда дәл осы кезде тілегенге
сұраған дегендей Сайрам (Испиджап) қаласының әкімі Кеттебек өзінің бір
елшісін Қасым ханға жіберіп қаланы өзінің қарамағына алуды сұраған. Хан
Сайрамның кілтін алған кезде Кеттебек Қасымға адал қызмет ететіндігіне уәде
береді [5]. Бұдан ары Қасым Ташкенді алуға аттанды.
Алайда оны билеп отырған Әбілхайыр ханның баласы Сүйінші хан қалаға
бекініп алады. Қасым хан қаланы бір күн қоршап одан артық уақыт өткізбеуді
ойлап Сайрамға қайта оралады. Қасым ханға қаланың аймағының мал жайылымына
қолайлығы қатты ұнаған. Сонда малын жайды деп жазады. М.Х.Дулати [6].
Қасым ханның Сүйінші ханға шабуыл жасағанын естіген моғол ханы Саид
Қасымға барып қосылу үшін Ташкенге қарай асығады. Алайда Қасым ханнның
қайтып кеткенін Кендірлік деген жерге келгенде естіп, енді Қасым ханның
Ордасы тұрған Шу бойына ат басын бұрады.
Бұл М.Х.Дулати ауырып бара алмаған. Саид ханның Қасым хан өзін қалай
жақсы қарсы алғандығы туралы айтып бергендігі туралы өзінің Тарихи Рашиди
еңбегінде жазған. Моғол ханның Қасым ханға баруындағы басты мақсаты ¤збек
хандығына бірігіп жорыққа шығып оған соққы беру іді. Алайда Қасым хан өте
сыпайыгершілікпен бұл жорықтан бас тартқан. Оған біріншіден күз айы келіп
қалды, алда қыс келе жатыр, бұл кезде әскер жинаудың қиын екендігін,
екіншіден қысқа дайындалып қыстау қамын ойлау қажеттігін айтқан. Үшіншіден
Қасым ханның жасы да ұлғайып қалған еді. Осындай себептерді айтып Моғол
ханы Саидты өте сыпайы шығарып салған еді. Алайда ханның М.Х.Дулатиге
айтуына қарағанда Қасым хан Моғол ханын өте жақсы қарсы алып қазақ халқының
қонақжайлылығын, қонақ күту дәстүрін көрсеткендігін ұзақ жылдар бойына
өмірінің соңғы кезіне дейін айтып жүрді деп жазады.
Екі ханның арасында дәм-тұз, ас алу кезінде де әңгіме-дүкен құрылады.
Қасым хан қымыз құйған кесені ханға ұсынып тұрып, егер дәмін татсаңыз біз
үшін үлкен мәртебе болмақ дейді. Алайда Қасым ханға ол ішімдікті осыдан
біраз бұрын тастағандығын айтып қымызды ішуден бас тартады. Қасым хан бұл
ішімдіктің басқадай ішімдіктерге ұқсамайтынын мұның жылқы сүтінен
дайындалатынын емдік қасиетінің күшті екендігін айтып, қымызды ішпесе
ренжігендей түр көрсетіп отырады. Саид хан қайтеміз сертті бұзамызда деп
қымызды ішемізде дегенде Қасым хан Моғол ханына риза болып қуанып қалады.
Шамасы қымыз ханның денсаулығына шипа болған болуы керек. Саид хан жиырма
күндей қонақ болып күнде кесе таусып қымыз ішіп екі хан әртүрлі мемлекеттік
жағдайда келісім жасасқан.
Моғол ханның қайтар кезінде Қасым хан өзінің жайылып жатқан үйір-үйір
жылқысын көрсетіп, біздің қымбат байлығымыз жылқы, оның еті біздің ең дәмді
тамағымыз болса, ал сүті ең сүйкімді сусынымыз оның қымызы. Менің екі
арғымағым бар әрбіреуі бір үйір жылқыға татиды деп екі сәйгүлікті алып
келіп көрсетеді. Саид ханның мұндай тамаша сәйгүліктерді ешқашан
көрмегендігін айтады. Қасым хан Саид ханға осының екеуінің бірін алыңыз.
Сіз менің құрметті қонағымсыз дейді. Саид хан Оғлан Түрүк арғымағын алады
[7]. Сөйтіп екі хандықтың арасында достық қарым-қатынас орнаған. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
ХVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу
ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Ноғай ордасы мен саяси тарихы
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
Қасым ханның қасқа жолы заңдары
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихы
XIV - XV ғ. ғ. мемлекеттер
Пәндер