Мектеп алды даярлық топ балаларының ойын арқылы тілін дамыту


Мектеп алды даярлық топ балаларының ойын арқылы тілін дамыту.
А. Қ. Егенисова,
п. ғ. к., доцент, Ш. Есенов атындағы АқтМУ
Мектеп алды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалрдың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып юөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында бала ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға тілегі мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдстрының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қаюілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Сонымен, блалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский, П. Г. Самарукова, психолог ғалымдар Д. Б. Эльконин, А. В. Черков, Р. М. Римбург, А. В. Запорожец және т. б. зерттеп еңбектер жазған Н. К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организімі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе жатқан бала организіміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық сезімталдық, инициатива көрету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді»-деген болатын.
Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.
Баланың шығармашыық қиял, қабілетін, тілін дамытуда ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ш. Уәлиханов, ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин, қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев . б. атап көрсеткен. М. Жұмбаев «педагогика» еңбегінде балалрға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жн көріністерін (есту, сипп сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған.
Балалрдың ойынға деген қызығушылығы және оның бала өміріндегі мәні психологияық-педагогикалық мақсаттарда пайдаланылады. Балалрды физикалық, тілдік тұрғыдан дамытуда, өлшем бірлігімен, түс және форма ұғымдарымен таныстыруда дидактикалық ойындар таңдап алынды. Бұл ойындар балалардың ерік күшін, тілін, қимыл-қозғалысын, ақыл-ойымен қажырлығын қалыптастырады.
Балалар қозғалысқа құрылғн дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жс кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол. Ойынның мектеп алды даярлық топ балларына тәрбиелік тұрғыдан ықпал ететін мүмкіндіктерінің бар екені күмәнсіз: дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардың тілін ғана дмытып қоймай сабаққа, еңбекке баулиды. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл баланың көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінде емес, ойын баланың психикасына сапалық өзгерістер туғызып, тілін дмытуға ықпал ететіндігімен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандайда бір рөлді алады да, ол рөлге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиншісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер- баланың өз басыеа алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және т. б. міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың рөлін орындайтын басқалардың құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез-келген затты жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқы бар.
Кезінде, К. Д. Ушинский байқаған ерекше мәнді дидактикалық бір жағдайға тоқталайық: үнемі баланың тілін жөндеп отыру(болмай қоймайтын жай, өйткені баалар енді ғана тңлді меңгеруде ғой) тіпті балаларға елеусіз іс болып қалады, өйткені тілден кеткен қате жол-жөнекей түзетіледі немесе балаларды жалықтырып жібереді. Балаларға тілін үйрету мұндай қателерді болдырмау жағын ойластыруға мүмкіндіктер береді, сол арқылы тәрбиеші бұл істен босатады, ал баланы оның қатесін түзетуден сақтандырады. Әрине, бұл ережені ерекшелеп байыптауға болады, лайда тіл үйрету процесі өзінен-өзі-ақ оның дұрыс дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, оқыту жайшылықта нашар дамиды, біраз жекелеген ерекшеліктер арқылы көрінетін тіл дамуындағы сапаларды да қамтиды. Балалар ойын кезінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауды сүйеді. Алайда, мектепке дейінгі балалардың бәрі бірдей тілінің дұрыс қалыптаспауының салдарынан ойын кезінде қарым-қаиынас жасауда еркін араласа алмайды. Балалардың тілін дамытуда заңдылықтарды ескере отырып жасалған жоспарлы ойын арқылы оқыту тәсілдері баланың тілін қалыптастыруды жеңілдетеді.
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, мектеп алды даярлық тобында балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызғылықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапларын дамытатын басты нәрсе:білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:
1. Мазмұнды бейнелі ойын:отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындры:ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, оқыр теке, жырадағы қасқыр
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлн тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шнберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды ипатта, сандардың орнын тап, жоғары төмен, дүкен көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылыс ойындары:лото және басқа конструкторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар:футбол, волейбол, теннис, хаккей, баскетбол;
6. Рөлді-сюжетті ойындар:адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлге бөле отырып орындау.
Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді. Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар) биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырды. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына юаға береді. Ұлттық қимылды ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындрда балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасды, кеңістікте уақытты бағдарлауға үйренеді, батырлық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдылық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Бұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның рөлі ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілікпен жігерлікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызғылықты. Олар, «Алақан соқпақ, Тақия тастамақ, айгөлек, Аңдардың айтысы»т. б. Мәселен, «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтасып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің тәрбиеленуші үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзра қарым-қатынасын бақылап, ерік жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ұлттық ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, біріншіден, ұлттық ойындар мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Ойын балалардың ақыл ойының белсенді жұмыс істеуіне, дүние танымының кеңеюіне, қоршаған ортаға деген көзқарасын нақтылап, барлық психикалық процестерді жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Екіншіден, ойын ережелерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін үлкен тәрбиелік мән бар. Ұлттық ойындар тәрбиеленушіге халықтық салт-дәстүрімен тұрмыстық шаруашылық еңбегінен түсінік береді. Үшіншіден, тәрбиеленушінің қимыл-қозғалысын дамытып, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Төртіншіден, бала қиялын, ақыл-ойын, дене қимылын дамытатын тәрбие құралы. Бесіншіден, ұлттық ойындар баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, зерделілікті, кеңістікті бағдарлай білу, әрекет үйлесімділігін, өжеттілікті тапқырлықты шапшаңдықты, төзімділікті, мергендікті, батылдықты дамытады. Тақырыбымызға орай таңдап алынған мектеп алды даярлық топ балаларымен ойналатын ұлттық ойындар: «Қасқыр қақпан, Арқан тарту, Ақсерек-көксерек, Айгөлек, Асық ойыны»т. б. балалардың ширақтық, қозғалғыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, тілі дамып, сөздік қоры молаяды және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz