Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1. Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар

Сыртқы ортаның организмге әсері. Организмнің дұрыс дамып еңбек етуіне
қажетті сыртқы ортаның колайлы жағдайлары - оқушылардың денсаулығын
сақтауға, күшейтуге арналған шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның к-птеген жағдайлары әсер етеді. Олардың
қалыпты шамада өзгеруі денсаулыкты бұзбайды, себебі әрбір организм сол
өзгерістерге нервтік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп отырады.
Сыртқы ортаның әсерлерін дұрыс пайдалана отырып, адамның денсаулығын
жақсартып, оның корғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге болады. Мысалы,
суықтың әсерін дұрыс пайдаланып, организмді шынықтырып, оның салқынға
төзімділігін арттыруға болады. Шынықпаған жағдайда сыртқы ортаның жағымсыз
әсерлері адамның сырқаттануына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік,
әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.
Химиялық әсерге ауаның, судың, топырақтың, азықтың құрамындағы заттар
жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне,
денсаулығына қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөлшерден асса не азайса,
сырқаттың пайда болуына себеп болады. Мысалы, тамақтың құрамындағы йод
жеткіліксіз болғанда эндемиялық зоб ауруының пайда болуы немесе таулы
жердегі ауаның құрамында оттегі аз болғандықтан биіктік ауруының, немесе
ауада көмірқышқыл газы, хлор т.б. заттар көбейгенде адамның ұлануы мүмкін.
Физикалық әсерлерге температуралык, ылғал, ауа қозғалысы, атмосфералық
қысым, күн радиациясы, айқай-шу, электромагниттік өріс т. б. жатады.
Бұлардың да көпшілігі организмнің өмір сүруіне қажет. Ал қажетті мөлшерден
артык болған жағдайда, мысалы, ыстык ауада күннің өтуі, айқай-шудан керең
болу, не құлақтың мүкістенуі т. с. с., жағымсыз әсер етеді.
Биологиялық әсерлер - ауру тудыратын микроорганизмдер, Вирустар, құрттар
т. б. олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялык, паразиттік ауруларды
тудырады.
Психогендік әсерлерге сөз, ұжымдык қарым-қатынас тәрізді адам
қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдайлар жатады. Олар адамға жағымды не
жағымсыз коңіл-күй тудырып, организмін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін.
Әлеуметтік әсерлер - еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық, химиялық, биологиялық және
психогендік әсерлермен байланыса отырып, олардың адам организміне әсерін
күшейтеді. Ғылыми зерттеулер арқылы кейбір аурулардың халыққа көп тарауы
қоғамдық әсердің ықпалынан екені танытып отыр. Мысалы, құрт ауруының,
нервтік психикалық аурулардың ауқатты адамдарға қарағанда жағдайы төмен
кісілердің арасында көп кездесетіні мәлім. Дегенмен организмге тек сыртқы
орта ғана әсер етіп қоймайды, адамның өзіне де байланысты. Денсаулықты
сақтау, оны күшейту және үй тұрмысын, тамақтану, еңбек жағдайларын жақсарту
үшін адам өзіне пайдалы жағымды өзгерістерді тудырады. Басқа организмдерге
қарағанда адам саналы түрде физиологиялық, әлеуметтік қажеттерді өзгерту
арқылы сыртқы ортаның өзгерістеріне белсенді бейімделеді.

2. Мектеп гигиенасы

Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Мектептің
орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады
(26-кесте). ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы,
алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орынын ауыстырып
отырғызған жөн. Бұл талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі
қисаймай дұрыс өсіп, тек жақыннан немесе алыстан көру жағдайының пайда
болуына кедергі болады, яғни оқушылардың дұрыс өсіп жетілуіне қолайлы
жағдай жасалынады. Партада немесе үстелде отырғанда оқушыньщ денесі тік
орналасып, орындыққа терең отыру керек (46-сурет). Кітап оқып, қағаз
жазғанда баланың басы сәл алға еңкейеді. Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40
см шамасында болу керек. Оқушының кеудесі мен парта аралығында 3-4 см
немесе оқушының жұдырығы өтетіндей аралық болу керек. Оқушының арқасы
орындық арқалығына сүйеніп отырғанда оның бел омыртқасы, сегізкөз сүйектері
мен жауырынының төменгі бұрыштары орындық арқалығына тиіп тұрады. Ұршық
және тізе буындары тік бұрыш жасап бұгіледі, аяқтары еденге немесе партаның
аяқ қойғышына тіреледі, білектері үстелдің үстінде еркін орналасады.
Оқушының екі иығы бір деңгейде болғанын қадағалап отыру керек. Партада
дұрыс отырып үйренген жағдайда окушылар сабақ кезінде шаршамай еркін
отырады, көздері талмайды, бар зейіні сабакта болады. Егер дұрыс отырмаса,
арқа, аяқ-қол еттері тез шаршап, баланың сабаққа зейіні төмендейді,
қозғалақтай береді.
Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигиеналык талаптар. Сынып
тактасы - оқу бөлмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің
алдыңғы қабырғасының дәл ортасында бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7
сыныптарда - 95 см, жоғарғы сыныптарда — 100 см биікте ілінеді. Тақтаның
ұзындығы көбінесе 3 м, ені 1,2 м, беті біртегіс, бірақ өте жылтыр емес,
түсі - қоңыр немесе қою жасыл болады. Сызу-сурет сабағының бөлмесінде ғана
қара бояумен сырлауға болады. Тақтаның негізі — линолеум, релин,
пластмасса, жұқа тақтай іспетті жеңіл, тегіс, су сіңірмейтін материалдардан
жасалады, ал оның жақтауын ағаштан не жеңіл металдан жасайды. Тақтаның
жақтауының төменгі шетіне бор ұнтақтарын жинайтын жіңішке астауша не жұқа
тақтай орнатады да бір шетіне бор, су шүберек қоятын кішкентай қорапшаны
бекітеді. Тақтаның тұсына арнайы жарық шамын іліп, қосымша 300 вт шаммен
жарықтандырады. Сынып тақтасын мата перделермен жабуға болмайды, себебі
олар бор ұнтақтары мен шанды жинап, балалардың тыныс мүшелерінің ауруына
себеп болады.
Сыныптағы шкафтар артық көрнекі құралдар мен оқулықтарды сақтау үшін
қажет. Дегенмен шкафтар көп орын алмайтын, бөлмені тарылтпайтын ықшам
болғаны жөн. Әр сыныпқа 2-3 шкаф жеткілікті. Олар сол сыныпта оқитын
балалардың бойына лайық, денесіне зиян келтірмейтін, көңілге жағымды болу
керек. Шкафтарды бөлменің артқы қабырғасына орналастырады. Соңғы жылдары
салынған мектептерде қабырғада жасалған шкаф-нишалар пайдалануға өте
ыңғайлы.
Мұғалімнің үстелі мен орындығының мөлшері ересек адамға арналған, отырып
тұруға қолайлы болу керек. Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында
немесе ортада орналасады. Окушы партасы мен мұғалім үстелінің арасында
кемінде 15-20 см аралық қалдырады.
Кейінгі кезде оқу-тәрбие жұмыстарында оқу-техника құралдарын жиі
пайдалануға байланысты оларды орналастыру гигиенасы пайда болды. Оқу-
техника құралдары, яғни киноаппарат, диапроектор, теледидар, магнитофон,
радиоаппараттар т. б., шамадан кеп болып, бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаң
жинамайтын жағдайларды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде
шкафтарда немесе арнайы бөлмелерде сақтау керек. Диафильмдерді 7-15 минөт,
кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минөттен артық көрсетуге
болмайды.
Соңғы кезде оқу-техника аспаптарын жеке кабинетке орналастырып,
мұғалімдер кезекпен пайдаланатын жағдай тудыруда. Ондай кабинетгер үлкен,
15-20 оқушы сиятындай болуы тиіс. Бұл бөлмелердің есік-терезелері мықталып,
кілті арнайы лаборанттың жауапкершілігінде болады. Соңғы кезде информатика
пәнін өтуге байланысты мектепте 1 немесе 2 кабинетке компьютерлер
орналастырады. Компьютерлерді терезеден түсетін жарық дисплейіне тікелей
түсіп, шағылыспайтындай етіп орналастырады. Әрбір компьютердің арнайы 1
кісілік орындықтары болуы тиіс. Бұл бөлмеге информатика мұғалімі жауапты
болады.
Мектеп лабораториясының жабдықтар ы н а бір немесе екі кісілік
лабораториялық үстелдер мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі
жатады. Онда кен орынды үстелдерді қоюға болмайды, себебі олар әрбір
оқушының еркін жұмыс жасауына қолайсыз болғандықтан, балалардың
жарақаттануына себеп болады. Tap жерде химиялық ыдыстар сынып, ондағы
ертінділер оқушылардың киіміне, денесіне зиян келтіреді. Тәжірибелерді
дұрыс орындау үшін бір кісіге 65-70 см еңістік қажет, сондықтан
лабораториялық үстелдердің ұзындығы 130-140см, ені 60 см, биіктігі 75-76 см
болады. Үстелдің кітап, дәптер салатын орыны немесе тартпасы болады.
Үстелдерді 3 қатар етіп орналастырады. Қатар аралығы кемінде 70 см.
Лабораториялық үстелдерді орнықты бекітіп, оған су, электр сымы өткізіледі.
Электр сымы арнайы тақтайдың бойымен немесе үстелдің алдыңғы сирағының
бірінің бойымен өткізіліп, жасалады. Химиялық лабораториялардағы үстелдер
ыдыстарды қоюға ыңғайлы, орнықты болуын көздеп арнайы сөре және 3 жақ
шетінде кедергі тақтайша (биіктігі 7-15 см) орнатылады. Үстелдің үсті
қышқыл-сілтілерге төзімді заттардан жасалады және ол тәжірибелердің
нәтижесін жазуға қолайлы болуы тиіс.
Физика лабораториясындағы үстелдердің беті тегіс, саңлаусыз, төгілген
заттардың бөлшектерін жинауға қолайлы, электр сымдары қауіпсіз, аспаптар
сыртына электр өткізбейтін болуы тиіс.
Лабораториялардағы орындықтар үстелдердің биіктігіне сәйкес алынады:
отырғыштары еденнен 44-46,5 см.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см. Үстел
лабораториялық бөлменің алдыңғы жағында сәл биіктелген арнайы орында
тұрақты бекітіледі.
Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды лабораторияның
қосымша препараторлық бөлмесіне орналастырады. Шкафтардың ішіне ұлы заттар,
күшті сілтілер мен қышқылдар сақтауға болмайды. Оларды арнайы орында,
балалар ала алмайтын жерде ұстайды да, қажетті мөлшерде ғана тәжірибе
алдында лабораторияға аздап қана әкелуге болады. Химиялық лабораторияда
ұлы, иісті заттарды тартатын сорғыш шкафтар болады. Олардың ұзындығы, ені,
биіктігі бөлменің келеміне және болмедегі жиһаздарға сай болады. Сорғыш
шкафтар 2 бөлімнен түрады: төменгі бөлімі заттар коятьш сөрелерден, жоғарғы
бөлімі ауа сорғышы бар шкафтан түрады. Жоғарғы бөлімінің асты, қабырғалары
сілті-кышқылдарға төзімді заттардан жасалған материалдармен қапталады.
Мектептегі барлық лабораторияларда қ а у і п с і з -дік ережелері,
алғашқы дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-дәрмектер жинағы, өрт
қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болуы керек.

3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын талаптар

Мектептегі оку төрбие жұмыстарының басты міндеті -жастардың ой өрісін
дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін
шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық,
организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының
ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының
организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы
оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп
отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп
тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші
тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының
алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа
тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп
бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта
жеңілденеді.
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді.
Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді.
Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл
бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында
еңбек кабілеті күшті болғандыктан негізгі материалдарды, жаңа такырыптарды
өтеді.
Мектептегі сабак кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар
оқушылардың апталык, айлык, токсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне
сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі
күнінің аяғыңда шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері
апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс кабілеті төмендейді.
Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында
қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабақка
зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл
күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі
күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын
пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды.
Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері
жатады. Қиын сабақтардың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі
денешынықтыру сабағыңда балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да
келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика,
математика, грамматика, химия пөндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне
денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия,
биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-
сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері
3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып
оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан
оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер
мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру
керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ
кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту
мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан,
5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс.
Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар
апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі
бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға
7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыстарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын
тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2
әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми
қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды.
Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы
зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш
мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез
шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету
керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минөттен басталып,
біраздан соң 30-35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады. Сабақты
ұзарту үшін балалардың психикасын алдын ала дайындап, ескертіп қойған жөн.
Дегенмен сабақ ішінде физкультузілістер жасап, оқушыларды демалдырып отыру
мүғалімнің міңдеті.
Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп
оқулықтары тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс қағаздан
жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші және 2-ші номерлі A және Б
маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мұқабасы мықты, ұзақ
пайдалануға болатын, салмағы жеңіл, оңай дезинфекцияланатын болуы тиіс.
Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялык қара
бояумен басылады, 1-ші сынып оқушыларына арналған окулықтардың әріптері мен
цифрларының биіктігі 2,8 мм, әліппелерде — 4,5-3,5 мм, 2-4-ші сыныптар үшін
2,1-1,75 мм, 5-11-ші сыныптарға 1,75-1,50мм. Кітаптардың ішіндегі суреттері
әдемі, әр түсті, көз тартатындай болу керек. Сөздердің аралығы 2 мм,
әріптер аралығы 0,5 мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық талап
бойынша 1 см2 жерде 1,5 еріптен аспау керек. Әріптер жолының ұзындығы 100-
110 мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын тез түсінуге
ыңғайлы.
Оқушылар дәптері 170 х 250 мм. Дөптердің жолдары көк, көзге анық
көрінетіндей, тік сызықтар көлденең сызықтардан сәл жалпақтау болу керек.
Себебі көлденең сызықтар көзге оңай көрінеді. Дәптердің қағазы өте тегіс,
жылтыр, ақ түсті тығыз қағаздан жасалады.
Көрнекі оқу құралдары (сызбалар, кестелер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
«Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінің барлық топтарға арналған практикалық сабақ жинағы
Бостандық ауданына қарасты №72 бөбекжай –бақшаны кешенді түрде тексеру
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы
Дене тәрбиесі міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Балалар мекемесінің гигиеналық талаптары. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері
Пәндер