МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларының бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық

мәселелері . . . 6

1. 2 Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипаты . . . 21

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Балабақшада ұйымдастырылған іс-әрекет негізінде ұлттық дәстүр арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің әдістері . . . 41

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын үйретудің жолдары . . . 49

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қоысмша . . . 63

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз Егемендігін алып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын, халқымыздың еңсесін тік ұстап болашаққа сенуін елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында айтып, халықты бірлікке, ынтымаққа, білімділік пен төзімділікке шақырып отыр. 12-жылдық мектеп реформасын жасауды, балабақшаларды көбірек іске қосуды, оларға маман дайындауды, білім мен ғылымға тереңірек көңіл бөлуді халыққа аманаттап отыр. [1]

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы 50 елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында (2003 ж. ) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.

Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы - ана тілі. Б. Момышұлы: “ . . . анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту” - деп жазған.

Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және басқа этностардан ерекшелендіреді.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Елімізде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің саны жылдан-жылға көбейіп, балабақшаларға деген халықтың сұранысы арта түсуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырып, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2010-2014 жылдарына арналған «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Балаларға саналы тәрбие мен білім беруде халқымыздың баға жетпес мұралары - этнопедагогика материалдарын балабақша өміріне кеңінен қолдану негізінде бүлдіршіндердің тілін, ақыл-ойын, дүниетанымын дамыту өзекті мәселе.

Мәдени мұра - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім және мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл табиғи байлықтармен қатар, ұлттың өзін-өзі сыйлауы және әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында: « . . . жеке тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажетсіне ме, оларды меңгеруге ұмтылысы, өзін-өзі халқына сәйкестендіруге ықыласы бар ма?» деген мәселе өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың әрқайсысын қалыптастырудың нақты жолдарын қарастыруға, тұлғаны ана тілі мен төл мәдениетті меңгертуге ынталандырып, жан-жақты жәрдем көрсетуге тиіс» деп атап көрсетілген болатын. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданудың маңызы зор.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңнен болашақ ұрпақты өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеуге бағдарлануы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда баланың мектепке дейінгі кезеңнен әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету және әлеуметтендіру жағдайлары қарастырылуы қажет.

Мектепке дейінгі балаларға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру - қазiргi балабақшаның ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының ролi барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейiп келедi.

«Ел болам десең - бесігіңді түзе» дейді біздің дана халқымыз. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі қасиеттерінің бірі. Бала - ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын көрсеткен.

Осындай керемет үлгілерімізден айрылып қалардай уақыттарды бастан кешкен халқымыз мына жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды қайта бір жаңғыртқандай.

Сонау заманда адам баласының мәңгі жасауын арман еткен Қорқыт атамыздың тәлім-тәрбиелік әңгімелері мен мақал-мәтелдері, әл-Фарабидің білім, ғылым, тәрбие жөніндегі тұжырымдары, А. Ясауи ілімдері, Жүсіп Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы. Алтынсариннің тәрбиелік ойлары, А. Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, М. Жұмабаевтың «Педагогикасы», Ж. Аймауытовтың қазақ психологиясын зерттеуі бәрі де біздің қасиетті де құймақұлақ, шешен де пайымды халқымыздың болашағы үшін тер төгіп, халықтың қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар.

Бүгінгі таңда осы проблеманы қолға алып, оқулықтар жазып, жанашырлық көрсетіп отырған Оразбекова К, М. Оразаев, М. Смаилова, Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, С. Ғаппасов, С. Қалиев, Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабаев т. б. ғалым-зерттеушілеріміз тәрбие ісін жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің түрлі жолдарын көрсетіп, мақсатын жеткізе білді [2] .

Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын пайдаланудың заңдылықтарын меңгерту.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларының бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық мәселелерін айқындау;

  • Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипатын анықтау;
  • Балабақшада ұйымдастырылған іс-әрекет негізінде ұлттық дәстүр арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің әдістері мен жолдарын қарастыру.

Зерттеу нысаны : мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға салт-дәстүр тәрбиесін беру үрдісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді талдау, зерделеу, жинақтау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау, бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.

Зерттеу көздері: Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңы, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықна жолдаулары және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтар еңбектері, зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогиалық басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларының бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық

мәселелері

Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, мектептің басты борышы.

Қоғам барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.

Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәрбиесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.

Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына.

Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.

Ы. Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетеді. Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта жаңғырту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір педагог-тәрбиешінің басты борышы болуы қажет.

Қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлттының салт санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің жас жеткіншектеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

А. Байтұрсынов қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.

Халық педагогикасының арқауы-ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері-ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы-тұжырымды ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеуші дарынды ақын, аудармашы, қазақ тілі бөлімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама - А. Байтұрсынов жан-жақты зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерделей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми теориялық негіздерін жасады [3] .

М. Жұмабаевтың ”Педагогикасы” нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш халық этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені, Мағжан ”Педагогикасының” басты ерекшелігі - оның қазақ топырағымен тығыз байланыстылығында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге тәлімгерлерді даярлау туралы ой-пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде мектепте оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық мазмұн беру қажеттілігімен сипатталады [4] .

Ж. Аймауытов - ақын, жазушы, драмматург, сыншы, публист, аудармашы педагог. Ұстаз жазушы ”Тәрбие жетекшісі” деген педагогикалық еңбек жазып, қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіндегі елеусіз жағдайларды ашып көрсетті де, тәрбие ісінде баланы ынталандыру тәсілдерін ұсынды. Баланы шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу үшін, оған талап қоя білу, қойған талаптың орындалуын қадағалау, баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, оны арман-тілегіне қарай демеуші тәсілдерді қолдау әдісін уағыздайды.

Дарынды зерттеуші 1926 жылы қазақтың ұлттық жан тіршілігін терең көрсетіп, бүкіл адамзаттық психологияның негізінде оқулық жазып, оны «Психология» яғни оны «Жан жүйесінің ғылымы» деп атады [5] .

Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі - ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасын қадірін халыққа таныта білді.

М. Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып ”Қыз Жібек”, ”Қозы Көрпеш - Баян сұлу” сияқты ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды.

Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының ”Манас” эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ халық педагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап береді.

Халық педагогикасының ауқымды бір саласы - ертегілер. Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, ”Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады”- деп көрсетеді. Педагог жазушы:… ”Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ халқының тілін байытады” - дейді.

Торайғыров Сұлтанмахмұт қазақ халық педагогикасының ой-мақсаттарын өз шығармасы арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. Өз өмірінде біраз жылдар журналистік, педагогтық қызмет атқарған ақын ұлттық білім, халықтық тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерделей зерттеп, ұрпақтың үмітін оздырып, келешегіне кемелді жол сілтеді.

Дарынды жазушы, ”Қамар сұлу” романы мен ”Кім жазықты”, ”Кедей” т. б. поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Халық педагогикасының негізгі бір саласы - ұлттық салт-дәстүрлердегі ”қалың мал” беріп еріксіз үйлендіру, еріксіз ”аттастыру” т. б. кесір дәстүрлерге жол беру - ұлттық мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтты.

Ақын ”Мен кіммін”, ”Қала ақыны мен дала ақыны” деген шығармалар арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып, ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе, халықтың қайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, ”Бишараны шын досқа санар едім” сол үшін оқ астыма барар едім” деп қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді [6] .

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.

Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:

Бірінші ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демокрит ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының қолжазбалары десек, ІІ жартысы - ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхаммедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов т. б. болды. Яғни, кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең 35-40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.

«Этнос» гректің тайпа халық, ұлт, ұлыс деген сөзден шыққан. Ғылымда халық терминінің орнына этнос термині қолдана бастады.

Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлықтың құрылысы ұрпақтан ұрпаққа көшкен сайын өзгеріп отырады. Ол этностың үнемі әлеуметтік дамуда болатындығының айғағы.

Этностар өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайлардың себебінен бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Этностар орта есеппен 1200-1500 жыл өмір сүреді. Бірақ ол түрлі географиялық, экономикалық - әлеуметтік жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы ықтимал.

Әр халықтың тархи өзіне көрші халықпен тығыз байланысты. Тіпті бір-бірінен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп салдарлық байланыстың болуы мүмкін.

Иә, қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан сапалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы қазынаның түп төркіні санау VІІІ-ХІ ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі жазбаларынан басталады [7] .

Халықтық педагогиканың мұрасының бірі - дәстүр. Дәстүр - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.

Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саласы - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәсімдер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық мәдени үлгі - өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады.

Қазақ халқының өсіп игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады.

Бұл - ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.

Игі әдептердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның бір жола өмір заңдылығына айналуы - салт дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр -қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің ”нұсқауынсыз” еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал ”әменгерлеп”, ”атастыру” салты бірте-бірте өмірге қолданудан қалды.

Қазақ халық педагогикасындағы салт-дәстүрлерінің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы - салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші-ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани - адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ.

Ол - халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.

Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер, бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында[8] .

Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлер бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz