МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


МАЗМҰНЫ
ҚОСЫМШАЛАР . . . 68
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2008.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2008.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
Кәсіптік-білім беру бағдарламасы. ҚР МЖМБС 5. 03. 007-2006. Негізгі ережелер. 2006. - 8 б.
Білім беру бағдарламасы. ҚР МЖМБС 5. 01. 021 - 2008. Негізгі ережелер. 2008. - 8 б.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Оқу үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.
Оқу жоспары (ОЖ) : білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
Оқу жоспарының тұрақты бөлігі - оқу жоспарының өзгертуге жатпайтын бөлігі. Бала тұлғасын жалпы адамзаттық мұраттар мен мәдени дәстүрлерге сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз етіп, мемлекет аясында тұтас білім кеңістігін құрады.
Оқу бағдарламасы: ә рбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Кәсіби дайындық - белгілі кәсіп бойынша арнаулы білім, дағды, шеберлік, еңбек тәжірибесін қалыптастыру. Кәсіби дайындық кәсіби біліктілігінің күрделілігі мен әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе төмен білім түрлеріне бөлінеді.
Құзыреттер - студенттердің оқыту үдерісі кезінде алған білім, іскерлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.
Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.
Кәсіби құзыреттілік - маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби - педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби сипаттама.
Дидактикалық жүйе - оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы.
Портфолио білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.
Пәнді оқыту нәтижелері - игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыреттіліктер.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖОО - жоғары оқу орны
ЖБП - жалпы білім беру пәндері
БП - базалық пәндер
КП - кәсіптендіру пәндері
ОӘК- оқу-әдістемелік кешен
СӨЖ- студенттердің өз бетімен жұмысы
ОБСӨЖ - оқытушының жетекшілігімен орындайтын студенттердің өзіндік жұмысы
ББСМТД - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығы
БОПӘ - бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
ОБТ - оқытудың бірыңғай технологиясы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет!», - деп атап көрсетті [1] .
Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт» - дейді Е. А. Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты оқу іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Сонымен тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.
Көптеген философтар, педагогтар және психологтар ойынды білім беру үдерісінде пайдалану мәселелері көптеген еңбектерінде орын алып отыр. Ойынның педагогикалық дамытушы мүмкіншіліктерін И. Г. Пестолоцци, Р. Оуен, Ф. Фребель, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, Л. Н. Толстой, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко және т. б. жоғары бағалаған.
М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова, Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. отандық ғалымдардың еңбектерінде қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырғанын атап көрсетуге болады.
Д. Б. Эльконин, А. В. Запорожец, Л. С. Выготский, А. Н. Льеонтев, П. П. Блонский, т. б. ойынның бала дамуы мен оның тұлғасының қалыптасуында алатын орны туралы ойынның теориясы мен практикасы мәселелерімен белгілі психологтар өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев және т. б. баланың психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы айтып кеткен.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.
Е. А. Аркин, Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде еңбектерінде көрсетілген.
Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзiнің алғышарттары осы мектепалды кезеңінде қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Ойынды қалыптастырудың негізгі бағыты - баланы қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, шығармашылық қабілетінің қалыптастыру арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.
Ф. Н. Блехер, Джафарлы, Г. И. Камаева, Г. А. Ляпина, Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, А. К. Никифорова, Н. Н. Страздас, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова, Т. Иманбеков зерттеуінде елімізде балабақшадағы балалардың ойын әрекеті туралы және оның ішінде дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын, мектеп жасына дейінгі балалардың дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілет әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын сюжетті-ролдік ойындар арқылы мақсаттарын жіктеген.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балаларға ойындар арқылы қалыптастыруда озық дәстүрлердің жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі заман балаларына заманауи озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың әлі де аз болғандықтан арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері» атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді. Осыған орай зерттеудің негізгі мәселесі сюжетті-ролдік ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты - Ойын іс-әрекетінің мектепке жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде бала қиялын дамытуға ойынның әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі ойындардың педагогикалық-психологиялық мәнін жан-жақты ашу.
- Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамуына әсерін көрсету.
- Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолымен мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын технологиясын пайдалану рөлін айқындау.
Зерттеу нысаны - мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиялы.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, фольклористикалық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық және ғылыми-әдістеме тұрғыда талдау, сипаттама беру, сұрақ-жауап, әңгіме т. б. әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы :
Зерттеу жұмысында іс-әрекет туралы Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес психологтарының теориялары кеңінен қарастырылады. Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті туралы К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, К. Бюллер, З. Фрейд және т. б. көптеген зерттеушілер мен ойшылдардың көзқарастары қосып қарастырылады. Әлеуметтік өмірге жалпы белгілі бір қоғамға бейімделуге баланың көркемдік, шығармашылық белсенділігін арттыру үшін, сонымен қатар баланың тәрбиесінде ойындарды қолдану. Ойын іс-әрекеті арқылы баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін көрсету.
Мектепке дейінгі балаларға арналған әдістемелерді қолдана отырып, баланың қиялына ойынның ықпалын көрсету.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Эксперимент барысында алынған нәтижелерді ата-аналарға және балабақша тәрбиешілеріне ұсыныс ретінде ұсынуға болады.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Қазақстан - 2030 даму стратегиясы»; Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»; Елбасының жолдаулары; зерттеу мәселесі бойынша философтардың, тарихшылардың, әдебиеттану мен педагог, психологтардың еңбектер;
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «Алия» балабақшасы.
Диплом жұмыстың құрылымы: Белгілеулер мен қысқартулардан, анықтамалар мен нормативтік сілтемелерден, кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі ойындардың педагогикалық-психологиялық мәні
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде қалыптасады деп алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі болады. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз әл-Фараби, Қ. А. Ясауи, М. Х. Дулати, Ж. Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған.
Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский оқыту арқылы балалардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, М. Жұмабаев, Т. Сабыров, т. б. өз еңбектерінде балалардың өз бетінше жұмыс орындауда ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрибесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды көздейді.
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен оқу іс-әрекетте ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес балабақшадағы барлық буын балаларының білімін ойын түрлері тұрғысынан дамыту, жетілдіру-педагогика ғылымының міндеті болып табылады.
Осыған орай білімнің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігін, оны дұрыс ұйымдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек. Оқу-тәрбие процесінде ойынды қолдану барысында әр баланың жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс [2] .
Оқу іс-әрекет барысында әр баланың ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы, қабілеті әр түрлі. Ең бастысы - әр баланың жеке басын құрметтеу, оның адамдық қасиетіне нұқсан келтірмеу.
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, ойын барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.
Тәрбиеші балалармен ойынды ұйымдастырып, оларды үйрету, қалыптастыру үшін ең алдымен балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі керек [3] :
1. Мектеп жасына дейінгі баланың бойындағы психикалық процестер: зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер. Осындай психикалық процестер баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.
Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде, ойын барысында шешеді. Мектеп жасына дейінгі балаларының психологиясы психикалық дамуды, заңдылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке бастың қалыптасуын зерттейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясын білу оқыту, тәрбиелеу практикасын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Баланың психикалық даму ерекшелігі - ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие үдерісі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау, эксперимент әдістері болып табылады.
Тәрбиеші баланың ойын барысында мінез-құлқын табиғи жағдайда мақсат қоя отырып зерттейді.
Тәрбиеші бақылау процесінде зерттелуші бала мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана қадағалайды. Мысалы: Баланың іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылын.
Бұл жағдайда тәрбиеші бақылаудың екі түрін қолданғаны жөн. Олар [4] :
1. Жаппай бақылау
2. Ішінара бақылау
Зерттеуші жаппай бақылауда - баланың мінез-құлқының көп жағын қамтып жүреді.
Жаппай бақылау-баланың психикалық даму заңдылығын анықтау үшін фактілер негізінде жүргізіледі. (А. Д. Павлова, Ж. Пиаже, В. Штерн) .
Ішінара бақылаудың жаппай бақылаудан айырмашылығы - баланың мінез-құлқының бір жағы немесе бір мезгілдегі мінез-құлқы алынады, зерттелінеді. Мысалы: баланың ойын кезінде, тамақтануы кезінде т. б. Ч. Дарвин, А. Н. Гвоздов сияқты мамандар өз ұлдарына ішнара бақылаулар жүргізіп арнайы қорытынды бойынша бақылаулар жүргізген.
Көп жағдайда балаға эксперименттер балабақшада, оқу іс-әрекет үстінде, ойын, ойын барысында өткізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалары өздерін қызықтыратын іс-әрекеттермен айналысады. Іс-әрекеттің түрі оны атқаруға және жетілдіруге қажетті қимылдарды психикалық сапаны игеруге көмектеседі.
Оқу іс-әрекет ойында қолдануда жаңа іс-әрекеттерді игеру баланың мүмкіндігін арттырады.
Ойын барысында баланың қажеттіліктері мен құштарлығы, қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып отырады.
Бала ойын барысында жаңа іс-әрекеттерді, материалды игеру барысында үлкендердің басшылығымен, көмегімен игереді. Содан кейін өз түсінігі бойынша ары қарай дамытуға, жалғастыруға, ойын ортаға салуға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалары оқу іс-әрекет барысында, оқу-тәрбие тыс уақытта іс-әрекеттің барлығын түгел қамти алмайды.
Сондықтан да баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларының психикалық дамуы барысында пайда болған және жаңа қасиеттер мен қызығушылыққа итермелейтін іс-әрекеттің жаңа түрлерін игеруге бастайтын қайшылықтар техникалық дамудың күштері болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту процесінде ойындарды пайдалануда балалардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері бар [5] .
Олар:
1. Ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2. Ойында қандай тәсілді қолданудың жоспарын түзу.
3. Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін бала өзін-өзі бақылап отыруын қадағалау.
Балалары оқу пәнін игеру барысында өздігінен жұмыс істеуге дағдыланбаса, оның оқу іс-әрекет үлгерімі жақсы болмайды. Бұл кезде баланың оқу іс-әрекетке деген қабілеті, зейіні төмендейді. Соның салдарынан оқу пәніне деген қызығуы, оқу іс-әрекетке үлгерімі нашарлап, үлгермеушілер қатарына қосылады. Сондықтан тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі-балалармен ойындарды шеберлікпен қолдануы керек.
Ойын барысында балалардың дербестігін арттыруда олардың оқуға деген табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға үйретудің маңызы зор.
Психолог, педагог мамандар өздерінің зерттеу жұмысында: мектеп жасына дейінгі балалары оқу іс-әрекет барысында дидактикалық ойынды тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізгенде ғана жақсы нәтиже беретіні дәлелденген.
Мектеп жасына дейінгі балаларына тапсырмалар берерде тәрбиеші тапсырманың дұрыстығын балалардың қаншалықты дұрыс түсініп, меңгергенін анықтауы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің жемісті болуы - оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.
Педагог-психолог мамандар оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа бөледі [6] :
1. Баланың жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданылатын тәсілдер.
а) жоспарлау
ә) уақытты дұрыс пайдалану
б) оқу мен демалуды дұрыс ұйымдастыру
в) бала өз жұмысын бақылау
2. Баланың оқуына тікелей байланысты қолданылатын тәсілдері
а) жаңа білімдерді игеру
ә) өздігінен білімді меңгеру
б) ойындарды қолдана білу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz