Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері.



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...6
1.2 Экологиялық тәрбиенің басты
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Экологиялық мәдениет туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2 Ересек топ балаларын айналамен таныстыра отырып, оларға
экологиялық тәрбие беру
2.1 Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының табиғатпен қарым-
қатынасы ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылатын әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ел президенті Н.Назарбаев “Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде біздің елімізде
оқушыларды дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың,
тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл
оқу жылдары бойында жүзеге асырса дұрыс болатындығын, ол оқушлар арасындағы
сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап
көрсетті.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясында
болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу
қажеттілігіне тоқтала келе: “2010-жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз
мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті
қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек”-деп атап көрсеткен.
Бүгінгі таңда оқушыларды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жету үшін
қазіргі ұрпақ тәрбиесінің негізі болып отырған мектептің негізгі мақсаты
оқушыларға тек оқыту процесі кезінде ғана тәрбие берумен шектелмей,
оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтіп, өміргедеген құштарлығын
арттыратын жұмыстарды ұйымдастьіру арқылы тәрбие беру болып табыладыдеп
көрсеткен.
Қазіргі заманда мемлекетке білімді де білгір ұшқыр ойлы әрі іскер
адамдарды керектігіне, ал оларды оқыту және тәрбиелеу білім процесіне жаңа
педагогикалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізуге
тікелей байланыстылығына ешкімде шұбаланбайды.
мектеп жасына дейінгі оқыту саласына үлкен үлес қосқан ғалымдар Қ.А.
Аймағамбетова, Т. Әбдікәрімова, К.Бозжанова,С.Рахметова, М.Жұбанова,
Т.Сабыров, Т.Оспанов, О.Сатқанов, Р.Уаисов және т.б. өз еңбектерінде мектеп
жасына дейінгі мекемелердегі оқыту мәселелерін, оқыту мазмұны мен әдістерін
терең зерттеп, тәрбие жұмыстарын да қарастырады. Мектеп жасына дейінгі
сыныптағы білім мазмұнын жетілдірудің педагогикалық негіздерін, оқу
үрдісінің тиімді жолдарын, тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра зерттеп
қарастырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталады.
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми – техникалық
прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым –
қатнастың қарама – қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жұйенің өзін-өзі реттеп отыру
ырқынан шығып кетті.
Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір
сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатнастың
үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп – жетілуіне
ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды
мәселелердің бірі болып отыр.
ҚР Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресустар мемлекеттің
меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.
Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа
экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір
қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы ҚР жалпы білім беретін
мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы ҚР білім беру туралы
заңында, 1996 жылғы ҚР эколгиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында
көрсетілген.
Сонымен қатар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 89 –
бабының әрқайсысы еліміздің болашағын, экологиялық жағынан қаматамасыз
етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге
тиісті міндеттер белгіленіп, эологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға
бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына
себепші – адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш
болашақ бомайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі
иелеріне бүгінгі күннен бастап, табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын
жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.
Ғылымда экология деген ұғымды алғаш айтқан адам – Эрнест Геккель.
Ол экология деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің
табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген экология сөзін дәлме
– дәл аударғанда үй туралы ілім, тұрақ ( мекен) туралы ғылым деген грек
сөзінен шыққан.
Келесі бір экологиялық сөздікте экология (гректің ойкос үй, тұрақ,
мекен және логос– білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған)
қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, олардың өзара қатнастарының, табиғи орта мен байланыстарын
зерттейтін ғылым деп сипаттаған.
Зерттеу объектісі: Бала бақшаның экологиялық білім беру мен мәдениетін
қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру мен
қатар олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында бірнеше
материалдарды теориядық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік
пен ұлтық әдеп ғұрыптарды қалыптастыра отырып,бала-қоғам таби,ат арасындағы
толық үйлесімді қалыптастыру және дамыту.
Зерттеу міндеттері:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктерін дамыту;
2. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттерін жүзеге асыру;
3. Экологиялық мәдениет туралы түсінігін қалыптастыру;
4. Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениеттерін арттыру ;
5. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының табиғатпен қарым-қатынасын
қалыптастыру.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері

Экологиялық тәрбие – жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті
өмірлік мәселеге айналып отыр. Мұның мәні – адамдардың бойында табиғатты
қорғау белсенділігін қалыптастырып, қажетті білім және икемділіктермен
қаруландыру деген сөз[1].
Қазіргі кездегі мекемедегі экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсаты – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын
үнемді пайдаланудың орасан маңызды мәселе екенін ұғындыру, табиғатқа дұрыс
қарым - қатынас жасау жөніндегі біліммен және дағдылармен қаруландыру.
Табиғатқа ұқыпты қарауға жеке және жауапкершілік сезімі сәбилік кезден
бастап тәрбиеленуі тиіс. Бұл жұмыс неғұрлым ерте басталса, оның
педагогикалық тиімділігі соғұрлым жоғары болмақ.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды.
Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия
ғалымы Чарльз Дарвин. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша тіршілік үшін күресу
ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын
көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға
қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға
ықпалы.
Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін
және өзара қатнасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен
өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу
жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал
соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа
көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның
байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған
байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер
бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы,
рақымсыз іс - әрекетінің нәтжесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын,
сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптер
( химия, мұнай, көмір,АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы
заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары
шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының
қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы
тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға
бастайды[2].
Соңғы жылдары экологиялық тәрбиеге қалам тартқан Кеңес Одағының
педагог – ғалымдары: И.В.Зверев, А.Н.Захлебный, И.Т. Суравегина,
Ю.К.Бабанский А.П., Сидельниковский, В.П. Иоганзен, В.А.Курбановтвр
экологиялық тәрбиенің психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтап,
экологиялық білім берудің мазмұнын толықтырды.
Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім – тәрбие беру
республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Д. Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.
Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Р.Айтмамбетова,
А.А.Бейсенбеава, т.б. еңбектерінде зерттелінді.
Экологиялық тәрбиенің бағыт - бағдарын, оның әдістемелік жүйелерін
айқындаған қазақстандақ педагог – ғалымдар : А.Бейсенова, Р.Байсекеева,
Н.Нұғыманов, К.Жүнісова, Д.Жангельдина, К.Бұзаубақова, А.Ш.Икрамова Н.С.
Сарыбеков, , А.Тұрдықұлов және т.б.өздерінің зерттеу жұмыстарында
оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін арттырудың педагогикалық тәсілдерін
дамытып, нақтылы әдістемелік жолдар, практикалық ұсыныстар
енгізді.Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің
мақсаттары мен міндеттері анықталынады.
Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге
байланысты биологиядан Ә. Қарамергенов, Л.П.Салеев, Т.В.Машарова, физикадан
Э.А.Тұрдықұлов, М.К. Хакимова, табиғаттанудан М.Н. Сарыбеков, Д.І.
Жангельдина, геогафиядан І. Есназарова, қазақ тілі мен әдебиетінен
Ө.Танабаевтар айналысты.
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас
ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатындығы туралы
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов
еңбектерінде де көп көңіл бөлінеді.
Мәселен, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай өз өлеңдерінде табиғат
пен адам өмірін, тұрмыс – тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға
келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады.
Сондай – ақ С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, С.
Торайғыров сияқты қазақ әдебиетінің негізін салушылар да тамаша табиғат
әсемдігін ашатын лирикалық шығармалар қалдырды.
Табиғат әсемдігі, әсіресе жануарлар дүниесі қазақ композиторлары
Д.Нұрпейісова, А.Жұбанов, С.Кәрімбаев, Қ. Сағырбаев шығармаларында музыка
арқылы енеді.
Жоғарыдағы ғұламалардың асыл ойларын, ғалым – педагогтардың ұсыныс
тұжырымдарын ескеріп, экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты ғылым
салаларын саралап құндылық нормативтік көзқарастарын айқындап табиғатты
аялауды, оны тиімді мөлшерде ғана пайдалануды насихаттау жолдарының ұлттық
тәрбие тұрғысында өлкелік принціпке негізделіп, үш мәселені қамтуы тиіс:
бірінші, балаларға, ата – ана, оқу орны, қоғамдық бірлестігімен
ұштастырылып экологиялық тәрбие жұмыстарының ұлттық, тәлімдік тағылымға
негізделіп қарастырылуы; екінші, табиғат өнімдерін тиімді пайдалану
шараларын, оның көптүрлілігін, зат алмасу заңдылықтарын, тепе – теңдік
қасиетін және қайта қалпына келу мүмкіндігін пайымдау; үшінші, адам
өміріне, оның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды анықтап, олардан
сақтану жолдарын қарастыру және туған өлке табиғатының өсімдіктер әлемін
аялап, қорғап – еселендіруде экологиялық біліктілік, ұлтжандылық,
табандылық таныту.
Адамзат қоғамының даму сатысында өзі туып - өскен ортасын сақтау,
қорғау, аялау мақсат – міндеттеріне жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі
күнделікті өмірде өз орнын табуда. Оған дәлелді мысал ретінде атақты ғұлама
ғалым Әл – Фарабидің дүние құбылыстарын философиялық тұрғыдан негіздеп,
соның ішіндегі табиғаттың адам өмірімен байланысын ашып, этикалық (
экологиялық) және заң нормаларымен байланыстырып, қоршаған ортаны қорғауды
мінез – құлық нормаларына айналдырып, жастардың рухани адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеуге нұсқаулар беруі.
Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Хас Баласағұни, Мұхаммед Әл –Қашқари,
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы және де басқа ғұламалар өздерінің шығармаларында
жаратылыс табиғат, жер, адамдарды жаратушы күш – Тәңір жайлы ойларын
түйіндей келе табиғатпен (дүниемен) тілдесіп, онымен адамша сұхбат
жасаған. Ал, дүние болса - әрбір адам болмысы, ғұмыры. Сондықтан да
адам баласы басқа адамдармен табиғатпен етене бірлікте болып
шапағатты мейірімділікпен, кісілік – қасиеттермен қарым – қатнас жасап
отыруы керек[3].
Ақын – жыраулар (Қорқыт - ата, Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал, Дұлат,
Ақтамберді, т.б.) поэзиялық еңбектерінде қазақ халқының өмір бойы
табиғатпен байланыста болып, жеке адамның сана - сезіміне ақыл –ойын
тәрбиелеуде оның сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген.
Қазақ зиялылары: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет
Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев,
Мұқтар Әуезовтер асыл туындылары арқылы табиғатты аялап, қорғаудағы ұлттық
дәстүрлерді дәріптеп, жастарды білімді, іскер, парасатты, арлы, ұятты
табиғатқа шын мәнінде жанашыр азамат етіп тәрбиелеуде баға жетпес үлестерін
қосты.
Өркениетті елдердің экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғаудың
жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, соған байланысты іс – шараны үйлестіріп
отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет ( ЮНЕСКО)
жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Сол себепті ЮНЕСКО
–ның Бас директоры Ф. Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына
өзек ете отырып, оны мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу
орындарына дейін жүргізу, мұғалімдер мен басқару аппаратын осы бағытта
дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп
есептейді. Оның: Біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымыз
бен өзендерімізді, егістік пен орманымызды жанымыздай сүйе білуге тиіспіз,
осы қарапайым қағиданы әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіре білмесек, онда
қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жадағай
түсінік болып қала береді, - деген болатын.
Алғаш рет әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп
көрсеткен профессор В.Н. Скалон: Гүлденген табиғат арман емес, бұл –
шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу
іскерлігімізге байланысты дей келіп, Баланы жастайынан тірі затты
аяушылыққа дағдыландыруға тиістіміз, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол
өсімдік болсын - деген еді.
Ал көрнекті ағартушы М.Жұмабаев Балалық шақта алынған әсер ер
жеткенде адамның ақылының, ой – пікірінің hәм мінезінің қандай дәрежеде
болуына негіз салады деді. Балаға кішкене кезінде табиғат әсері күшті
болатындығына ерекше мән беріп, жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар.
Бала бұлақтың былдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін,
теңіздің гүрілдегенін естісін, жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатырды,
түрлі – түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс
сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Осылайша балада сұлулық
сезімдері еріксіз оянады - деген тұжырым жасайды. Әрине, жас кезінен
табиғат сұлулығынан әсер алып өскен баланың оны аялай білу сезімі де қатар
дамитындығына шек келтіруге болмайды деп жазды.
Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезімімен ғана емес, олардың
біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де
адамдар экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және
жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс - әрекеті осы
заңға сәйкес жүргізілсе ғана осы кезге дейін жиі болып тұрғандай адамның
табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып
табылады[4].
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік
іс - әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны
әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және
өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Мектеп жасына дейінгі табиғат байлығын ауыл шаруашылығында әр түрлі
және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы
іске асырылады.
Мектеп жасына дейінгі табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану
жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім –
кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заңдарын қалай пайдаланумен танысады.
Мектеп жасына дейінгі оқу бағдарламасы төмендегі іскерлікті, дағдыны
қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңінде фенологиялық
бақылау жүргізу; мектеп қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту; тұрмыста
электроэнегияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Орта және жоғары мекемелерде кең көлемде экологиялық біліммен
қаруландыру қажет.
Бүгінде Қазақстан Республикасында көпшілікке және жас
жеткіншектерге экологиялық білім беру мен тәрбие берудің құқылық
негіздері жедел түрде жасалынып іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Жарлығымен қабылданған Қазақстан
Республикасының стретагиялық тұрақты даму проблемаларына арналған 2030
бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздігін сақтау концепциясы (1997), Қазақстан Республикасында
экологиялық білім беру мен тәрбие берудің стратегиясы (1998),
Экологиялық білім бағдарламасы (1999), т.б. заң актілері. Бұлардың
ғылыми – теориялық , ғылыми - педагогикалық маңызы орасан зор.

Баладардың табиғатқа, қоғамға дұрыс дүниетанымының қалыптасуы –
оларға экологиялық тәрбие берудің іргетасы. Экологиялық тәрбие жайлы білім
берудің бөлшегі ретінде қалыптасуына бағыт алған.
Туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті неғұрлым ерте кезден
отбасында, балалар бақшасында, оқудың алғашқы күндерінен – ақ тәрбиелеу
қажет[5].

1.2. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері

1. Өмірде және нақты еңбек іс - әрекетінде экологиялық білімді қолдана
білу, іскерліккке төселу;
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық
пайдалы еңбекке қосу;
3. Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.
Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын
қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді
жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық
жұмыстың орталығына айналдыру.
4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты
жерде экологиялық штабтар құрады, жорық, саяхат ұйымдастырады.
Балаларға тәрбие беру барысында маңызды мәселелердің бірі ретінде қоршаған
ортаның таза болуына көңіл бөлуіміз қажет.
Балаларға бұл мәселелер үшін, әрқайсысына өздерінің үй іргесінің,
ауласының, сыныбының, мектеп төңірегінің тазалығын сақтау қажет екендігін
түсіндіруден бастаймыз. Тазалықты сақтауды ескерте отырып, оның орындалуын
да талап етеміз. Мұның нәтижесінде, біріншіден, арнайы тәрбие сағаттарын
өткізу көзделеді. Тәрбие сабақтарының тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін.
Мысалы:
- Туған ауылым тамаша;
- Таза ауа – денге дауа ;
- Тазалық – денсаулық кепілі, т.б.[6]
Екіншідден, арнайы апталық, айлықтар өткізіледі, оған барлығы толық белсене
қатысып отырады. Бұл кезде ауқымды жұмыстар орындалады. Мәселен, көше
бойындағы арықтар тазартылады, аулалардан қоқыстар шығарылады, ағаш
отырғызылып, ауылды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлеріне тоқталар болсақ:
1. Ауыл мекемелерінің оқу – тәжірибе үлескесіндегі бағалы ағаштар
тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді
көгалдандыруға пайдалану.
2. Мекемелердің орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады.
Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі. Сонымен бірге орманды
қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың
негізгі істейтін жұмыстарының түрлері көшет материалдарын өсіру,
ағаш отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман –
тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу, дәрі өсімдіктерін дайындау,
жидек, саңырауқұлақ, т.б. жемістерді жинау, пайдалы хайуандарды
қорғау және олардың есебін алып отыру, фенологиялық бақылау
жүргізу.
3. Балаларға ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе
жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдардың
басшылығымен жүргізіледі.
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай іс – шаралар
ұйымдастырылады. Олар: кеш, дәріс, әңгіме, көрме, сайыс, оқушылардың
шығармашыық рефератттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыптарына
арналған плакаттар, т.б. Осылардың бәрі оқушылардың табиғи ортаны қорғау
мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралды.
Балаларға экологиялық тәрбие беру барысында маңызды мәселенің бірі ретінде
табиғатты қорғауға атсалысып, күресуді айта кетуге болады. Бұл мәселе
мынадай іс – шаралар арқылы жүзеге асырылады:
а) Табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күресу;
ә) Қорықтық ережелерді бұзушыларды анықтау;
б) Экологиялық сананы жете түсіну, қолдану ережесін бұзушыларды әшкерелеу.
[7]
Табиғатты қорғау - өз алдына жеке іс, дара мақсат емес. Табиғат
қорғау – Отанын қорғау, адамды қорғау. Оның қазіргісі мен келешегін
қорғау, өзімізден кейінгі ұрпақтардың өміріне қамқорлық жасау.
Балаларға экологиялық тәрбие беру кезінде олардың табиғатқа
сүйіспеншілігін, мейірімділігін, оң көзқарасын қалыптастыру үшін, туған
өлке табиғатымен таныстыру керек. Ол үшін, жас ерекшеліктеріне сай мектеп
оқушыларымен: тарихи орындарға, мұражайларға, өзен – бұлақтарға, ежелгі
тарихи қала орындарына танымжорық жасап, оларды парасаттылықққа
тәрбиелеуіміз қажет. Балалардың қайырымдылық, жанашырлық және басқа
ізгілік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласуы
жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде
қысым мен шектеулікке душар болады.
Балаларға экологиялық тәрбие беруге байланысты сыныптан және
мектептен тыс жұмыстардың түрлері өте көп, бірақ олардың әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да бірдей орындалуы тиісті мынадай ортақ
ұстанымдары бар:
1. мекемеден тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыту тек
қана ерікті түрде іске асырылады.
2. Жүргізілген қандай жұмыс түрі болса да, оның белгілі бір қоғамдық
бағыты болуы керек.
3. Мекемеден тыс және мектептен тыс жұмыс түрін білгілеуде әрбір
баланың өзіндік көзқарасына, ұсынысына, қызығуына сүйенген жөн.
4. Ұйымдастырылған жұмыс түрлері оқушыларды белсенді қатысуға, ізденуге
бағыттайтындай болуы керек.
5. Жұмыс нәтижелі болу үшін, оның белгіленген күні, мерзімі, кестесі
болуы тиіс.
6. Экологиялық тәрбие жұмысын кешенді түрде іске асыру талабы үнемі
сақталып отыруы қажет.
7. Мекемеден және мектептен тыс экологиялық тәрбие жұмысына балалардан
түгелдей қатыстыру жолдарын қарастыру.
8. Балаларға психологиялық – физиологиялық дамуын және жеке бас
ерекшеліктерін, қабілеттерін ескеру қажет.
Балаларға табиғат қорғауға тәрбиелейтін мектептен тыс жұмыстарды
мақсаттарына қарай мынадай етіп топтауға болады:
1. Балаларға өз бетімен жүргізетін жұмыстары.
2. Табиғат аясында істейтін жұмыстары.
3. Экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары.
4. Қоғамдық пайдалы еңбек.
5. Балаларға экологиялық білімдерін тексеру жұмыстары.
6. Табиғатқа сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс – шаралар.
7. Өлкетану жұмыстары.[8]
Мектептерде жүргізілетін жұмыстар әрдайым тәрбиелік мәні бар, ертеңгі күні
оқушылардың өміріне қажетті болатын, мектеп бағдарламасында көзделгендей
болып, білімдерін іс – тәжірибелік жұмыстармен ұштастыру көзделеді.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты, адамдардың қоғам мен табиғаттың іс -
әрекеті мен адам мен қоршаған ортаның өзара үйлесімді көзқарастарын
сезінуі, сонымен бірге табиғатқа ақылға қонымды, ғылыми негізделген әсер
ету жауапкершілігі болып табылады.
Бұл негіздер бала кезден ( анасының баласына гүлдің әдемілігін
көрсетіп, оның хош иісін сезінгенде, гүлді суаруға, болмаса, гүл қойған
ыдыстың суын алмастырған кезден) қалыптастырылады. Одан басқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Пәндер