Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

« Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету »

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі, 23-бабында «Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады» [1] - деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылы 10 ақпандағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Халыққа Жолдауында «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жекеменшік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар-бұл мемлекеттік мекемелерге балама», -деп жекеменшіктегі балабақшалар мен білім беру орталықтары мемлекет құзырына қайтарылып жатыр.

Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасы әзірленіп, және 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды іске асыруда[2] .

Балабақшада білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның кешелекте білім алуы нәтижелі болады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы-бастауышқа дейінгі білім беру) -баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.

Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса; ал атқарылатын міндеттері:

- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

- баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу [3] . Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына қатысты, ол мектепке дейінгі балалар мекемелері туралы мәселеге тоқталды. Елбасы Үкіметтің осы мәселе жөнінде көп жұмыс атқаруын талап етті. Міне, осы мәселелеге байланысты соңғы жылдары мектепке дейінгі мекемелерде көптеген өзгерістер қарқын алып, алға жылжып келеді. Жабылып қалу алдында тұрған балабақшаларға бюджеттен қаржы бөлініп, топтардың саны көбейтіліп, мүмкіндігі болған жерлерде балабақшаларды қайтадан ашуға жол ашты. Себебі, еліміздің президенті Н. Назарбаев «Ел болам десең бесігіңді түзе деген» халық нақылын ұстануымызды алға тартып, еліміздің болашағын отбасынан онан соң балабақшадан тәрбиелеуіміз керек екенін айқындап көрсетіп беріп отыр.

Демек, ұлттық құндылықтарды игерген, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру мәселесімен жұмыс істеу керек. Ең бастысы - тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, тәрбие және білім беру. Мәселен, ғұлама ұлы бабамыз Әл-Фараби "Тәрбиесіз қолға білім салма "десе, А. Байтұрсынов «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет» д еп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын атап өтеді. Еңдеше осы қағидаларды біз әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құңдылықтарды сыйлайтын, сүйетін тұлға тәрбиелеуге тырысуымыз қажет.

Ғұлама ойшылдарымыз Баласағұн, Қашқари, Иассауидің еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін тендесі жоқ қазыналар болып табылады. Сондай-ақ Асан қайғы, Ақтамберді сияқты ақын-жыраулардың толғаулары мен дана өсиеттерінің қазіргі жастардың тәрбиесі мен біліміне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама?! Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының орны ерекше. Жарық жұлдыздарымыз Шоқан, Ыбыраймен қатар XX ғасыр басында тәлімдік ой-пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжандардың педагогикалық, психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесіп жатыр.

Бүлдіршіндердің рухани адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген азамат тәрбиелеу бүнінгі күн талабы.

Сөйлеу - адамдар арасындағы өз ара қатынас құралы. Сөйлеп үйренудің көмегімен балалар мен ересек адамдар арасында түрлі қарым-қатынас пайда болады. Сөйлеп үйренудің лайықты шегіне жетпейінше балалар арасында жағымды қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Сөйлей білу баланың психикалық процестері дамуына да үлкен әсер етеді. Ең алдымен сөйлеудің әсерімен баланың қабылдауы, түйсігі өзгереді. Бала (сөйлей алмайтын шақта) заттардың тек сыртқы сапасы ғана емес, сол затты түгелімен толығымен түсіне алады.

Балалардың тілінің шығуы, сөйлеп үйрену мерзімі тәрбиелену жағдайына, әсіресе ересек адамдардың, ата-аналарының бірден-бір әсер етуіне байланысты. Тілі шығып сөйлеп үйрену ересек адамдармен қарым-қатынас барысында дамитындықтан: 1) Тәрбиешінің әрбір баламен жиі сөйлесіп, тұруын қамтамасыз ету керек; 2) Баланың ата-аналармен және басқа балалармен сөз арқылы қарым-қатынас жасауды қажет ететіндей жағдай туғызу қажет. Баланың тәрбиешімен жиі сөйлесу қажеттігін тудыру үшін баланың әрбір сөзіне мейлінше дұрыс қанғаттанарлық жауап беріп отыруы керек [4] .

Ғалым Т. Аяпова «Сөйлеу- адам баласының көп іс-әрекеттерінің бірі, олай болса, сөйлеу баланың танымының өсуіне бағытталған ерекше бір іс-әрекет болып табылады деп тұжырымдай келіп, сөйлеу әрекеті деп отырғанымыз не деген сұраққа зерттеуші мына төмендегідей анықтама берген.

Сөйлеушінің белгілі бір қажеттігіне негізделген мақсатының белгілі бір жағдаятқа байланысты сөйлеу арқылы тындаушысына жетуі яғни, баланың сөйлеу жолы (механизмі) ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің қызметі мен сол тілде сөйлейтін адамзат тәжірибесіне негізделеді де, баланы биологиялық дамуына, әлеуметтік мүмкіндіктеріне жеке басының тілдік қабілетіне, еңбегіне және басқа да көптеген факторларға тәуелді. Баланың сөйлеуі, тілінің ерте немесе кеш шығуы, тез немесе баяу дамуы осы факторларға тікелей байланысты екендігі дәлелденген [5] .

Тәрбиеленушілер тілді өздігінен меңгере алмайды. Тек ата-ана, мектепке дейінгі мекемелер баланың сөйлеу қызметін ұйымдастыруға үнемі көңіл бөліп отырған кезде ғана оның тілін дамытуда жақсы нәтижелерге жеткізуге болады.

мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: 1) балардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) балаларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өзсезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай, дағдылар, біліктер қалыптастыру; 3) балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми табысы негізінде балалардың жазу тілін дамытуға септігі тиетініншығарма жұмыстарының (картинаға қарап сөз құрау) оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну; 5) шығарма мен мазмұндама мәтіндері арқылы балаларды өз Отанына берілген шын патриот, бір-біріне достық, туысқандық рухта, бауырластық сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу. [6]

Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың ең негізгісі - баланың тілін дамыту, ана тілінде дұрыс сөйлей білуге үйрету. Сондықтан баланы ана тілінде анық, таза, жүйелі сөйлей білуге үйрету тәрбиешілерге үлкен міндет жүктейді. Ана тілі - баланың ақыл-ойын, адамгершілік және басқа жақсы спаларын қалыптастырудың қайнар бұлағы, әрі көркем сөз өнеріне, мәнерлі сөйлеу үлгілеріне, көркем әдебиет шығармаларын түсінуге, мазмұнын байланыстырып баяндап айта білуге үйретудің негізі.

Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісін көркем әдебиеттің алатын орны ерекше .

Б. Баймұратқызы т. б. «Отбасында баланы мектепке дайындау» атты зерттеуінде балалардың тілін дамытудың әдістері мен тәсілдерін жүйелеп сараптайды. Атап айтсақ: «Баланың тілін дамыту әдістері: баламен әңгімелесу; күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылау; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген-білгені туралы әңгімелеп беруге үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар орындату; әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату; түсінгені бойынша оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Тәсілдері: 1. Затты бақылатып көрсету; 2. Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу. 3. Сол бақылаған оқиғалар туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру. [7]

Тіл -бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ұлт болашағы тілге байланысты екендігі баршаға аян. Өйткені тіл игеру арқылы бала айналасындағы дүниені таниды, оның әдет-дағдыларының рухани толысуының көзі де сол - ана тілі. Яғни оның кең ауқымды тілі - баланың дүниетануының, рухани интеллектуалдық жағынан қалыптасып, дамуының көздерінен сусындап оны бүкіл жан дүниесімен түсініп, қанына сіңуінің, сонымен біте қайнасып, өзі соның бір парасатты, білікті өкілі болып өсуінің әмбебап құралы деп түсінуіміз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Сұрақтарға жауап беру
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Байланыстыра сөйлеу әдісінің түрлері
Монолог кітап стилінің тілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі - құралдар
Сөйлеу дағдысын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz