Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігінің индикаторлар жүйесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігінің индикаторлар жүйесі
(1 жастан бастап 6 жасқа дейін)
әдістемелік құрал
Астана 2010
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігінің индикаторлар жүйесі. - Астана 2010ж. - 219 бет.
Авторлар: Т. М. Калашникова
Рецензенттер:
Р. Үсенбаева Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жалпы психология кафедрасының аға оқытушысы, п. ғ. к. доцент.
А. Ж. Салиева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының орынбасары, п. ғ. к., доцент.
Берілген әдістемелік құралда қарастырылған құзіреттілікті анықтаушы индикаторлар мектепке дейінгі ұйым тәжірибесінде диагностикалық жұмыс жүргізуге кең мүмкіндік береді.
- © « Мектепке дейінгі балалық шақ»республикалық орталығы 2010 жыл
МАЗМҰНЫ
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында ұлттық білім беру жүйесін жаңарту саясаты белгіленген.
Білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі оның сапасына байланысты.
Мектепке дейінгі білім беру сапасы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процестерінің жай-күйімен және нәтижелілігімен айқындалады. Мектепке дейінгі білім беру сапасын жүзеге асыра отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың құзіреттілігін дамыту деңгейлеріне сәйкестігін анықтауды қарастыратын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін белгілеу қажет.
Мекепке дейінгі білім берудің жаңа сапасына қол жеткізудің басты стратегиясы баланың дамуына диагностика және болжам жасау болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік стандартын іске асырудың толықтығы мен сапасы әрбір баланың жетістіктерінің қорытынды диагностикасы бойынша бағаланады, ондағы іс-әрекеттің негізгі нәтижесі білім, білім, дағдылар жүйесімен қатар дамуда ілгерілеу, оның құзіреттілігін дамыту деңгейінен көрінеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі құзіреттіліктері оның дамуының негізгі нәтижелері ретінде баланың жеке ерекшеліктерін, әлеуметтік орта ерекшеліктерін қарастырады және, тұтас алғанда, оның қабілеттілігін, ықыласын, қарым-қатынастағы, іс-әрекеттегі, ақпаратпен жұмыс істеудегі, өмірде түрлі қолжетімді міндеттерді шешудің тиімді нұсқаларын таба білу белсенділігін көрсетеді.
Мұнда мектепке дейінгі тәрбие сапасы нәтижеcінің мақсатты бағдарлары мен көрсеткіштері ретінде баланың құзіреттілігін дамыту индикаторлары, яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтас даму деңгейінің көрсеткіштері болады.
Мұндай жол мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне, ата-аналарға баланың жеке білім беру траекториясын құруға негіз болатын «қатаң емес» диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.
Индикаторлар жүйесінің мақсаттары:
- баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, құзіретті дамуының сәйкес деңгейін қамтамасыз ету;
- сапалы диагностика және мониторингтің көмегімен балаларды күту және білім беру қызметін жүзеге асыратын түрлі типтегі мектепке дейінгі ұйымдардың тиімді қызметі;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қажетті деңгейін және оның мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық прогреске және тәжірибеге сәйкестігін қамтамасыз ету.
Баланың құзіреттілігін дамытуды бағалау ретінде индикаторлар жүйесінің белгілі құрылымы бар: білім беру саласы, бөлім, стандарт мақсат, көрсеткіш ретінде педагогтерді, ата-аналарды балалардың құзіреттілігін дамыту параметрлері жайлы бастапқы ақпаратпен, сондай-ақ балалардың бір жас кезеңінен келесісіне өтуіне көмектесетін қабілеттіліктері мен құзіреттілігін анықтайтын негізді қамтамасыз етеді.
Индикаторлар жүйесінің сапасы бірқатар жағдайларға байланысты:
- әр баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және ата-аналардың тілегіне негізделген мектепке дейінгі білім берудің гуманистік жүйесін қамтамасыз ету;
- педагогикалық бағалаудың бала жетістіктерінің шамамен алғандағы көрсеткіштеріне бағытталуы;
- баланың дамуына мүмкіндік беретін және оның даралығын сақтауды қамтамасыз ететін білім ортасын құру;
- білім беру процесін аса көп реттеуден іс-әрекетті еркін таңдау, шығармашылық және жеке даралықты көтермелеуге ауысу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, индикаторлар жүйесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, оның жеке әлемін ашуға, қоршаған ортамен қарым-қатынас және өзара әрекет тәжірибесін жинақтау қабілетіне бағытталған педагогикалық процестің тұтастығын қарастырады.
«Индикаторлар» мазмұнында балалар құзіреттілігінің көрсеткіштері барлық білім беру салалары мен бөлімдері бойынша берілген.
Құзіреттілік көрсеткіштері:
1. Қандай да бір әрекеттерді жаңғыртады.
2. Нені орындағанын түсінеді, белгілі білім қорын меңгереді.
3. Білгенін шығармашылықпен және стандарттан тыс жағдайларда қолдана алады.
Педагогтер балалардың даму процесін жылына үш рет қарап қадағалауы тиіс: жылдың басында, ортасында және соңында (межелік бақылау, аралық бақылау және қорытынды бақылау), ал нәтижелерді:
+. жаңғыртады, түсінеді, қолданады;
- жаңғырта алмайды, түсінбейді, қолданбайды;
Қ-. қиналады
шартты белгілерінің көмегімен «Бақылау парақтары» жинақ ведомосіне (немесе парақтарға) жазады.
Алынған мәліметтер негізінде бала дамуының жеке картасы толтырылады. Ол жылына үш рет әрбір мониторингтен кейін толтырылады (межелік, аралық және қорытынды) .
Бұл болжау «картасы» және бақылау «парағы» баланың жеке даму траекториясын құруға мүмкіндік береді, педагог диагностиканың әр кезеңінен кейін педагогикалық процестің міндеттері мен мазмұнын анықтайды.
Оларды толтыру мен талдау жасау бойынша Қосымшада осы құжаттар мен нұсқаулықтардың үлгілері беріліп отыр.
Бала дамуындағы ілгерлеу көрсеткіштері әр білім беру саласында көрсетілген.
«ДЕНСАУЛЫҚ»
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Дені сау, шымыр, көңіл-күйі жайдары балаларды өсіру тек қана ата-аналардың мәселесі ғана емес, сондай-ақ, әрбір мектепке дейнгі ұйымның мәселесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеті - денсаулығын және дене дамуын жақсарту, жұмыс қабілеттілігін арттыру, өсіп-жетіліп келе жатқан ағзаның функционалды мүмкіндіктерін кеңейту, қимыл дағдыларын қалыптастыру және қимыл сапаларын тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі балаларда салауатты өмір салты, күнделікті дене жаттығуларын орындау әдеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, ақыл-ой қабілеттілігін дамытумен тығыз байланыста болады,
Дене тәрбиесі алғашқы алты жылда ғана жалпы тәрбиемен өте тығыз байланыста болады. Мектепке дейінгі балалық шақта бала денсаулығының, ұзақ ғұмыр кешуінің, жан-жақты дайындығының және үйлесімді дене дамуының негізі қаланады.
Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі дұрыс дене бітімінің қалыптасуына, аурулардың алдын алуға, бала ағзасының ішкі мүшелері мен жүйелерінің қызметін жақсартуға мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі ұйым жағдайында дер кезіндегі және толыққанды дене дамуында келесі факторларды ескерген жөн:
- жағымды, эмоционалды хал-ахуал және тиімді гигиеналық жағдайлар құру;
- нақты белгіленген күн тәртібін қамтамасыз ету;
- дұрыс тамақтануды ұйымдастыру;
- бала ағзасын жүйелі түрде шынықтыру;
- өмірінде дене жаттығуларын кеңінен қолдану;
- түрлі аурулардың алдын алу.
1 жастан бастап 2 жасқа дейін
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Балаларда өз бетімен тамақтану және жуыну дағдыларын дамыту.
Қажетті реттілікті сақтай отырып, қалай дұрыс киіну керектігін көрсету.
Жеке қолданатын заттардың неге арналғанын түсіндіру.
Жаман әдеттердің алдын алу.
Өзінің физиологиялық қажеттіліктерін түсінуге және реттей білуге үйрету.
Дене шынықтыру
Балаларда табиғи қимыл түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Түрі, көлемі, түсі, қолданысы әртүрлі заттармен және ойыншықтармен ойын әрекеттерін орындаудың қимыл тәжірибесін байыту.
Мақсатқа сәйкес заттық-ойын ортасын құру.
Дербес қимыл іс-әрекеті
Балалардың ойынға арналған атрибуттарды дербес қолдануын көтермелей отырып, қимыл белсенділігін қолдау.
Балаларды қимылды ойындарға ынталандыру.
Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дербес қимыл іс-әрекетіне басшылық жасау.
Өмірлік қауіпсіздік
Топта психологиялық жайлылық ахуалын құру, балада қорғалу, сенімділік, қауіпсіздік сезімдерін дамытуға сеп болу, кез келген жарақаттың алдын алу.
Балада қажет болған жағдайда ересектердің көмегіне жүгінуге мүмкіндік беретін мінез-құлық дағдыларын және өзін қоршаған заттарды дұрыс қолдана білуді қалыптастыру.
2 жастан бастап 3 жасқа дейін
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Мәдени-гигиеналық дағдыларға жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Жеке қолданыс заттарының атауларын бекіту.
Мейірімділікке және бір-біріне көмек беру ынтасын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Тәрбиешіге еліктеу немесе оның айтуы бойынша бірлесіп әрекет жасай білуді қалыптастыру.
Балаларды түрлі заттармен ойын түріндегі жаттығуларды орындауға үйрету.
Дербес қимыл іс-әрекеті
Іс-әрекет түріне байланысты мақсатты түрде әрекеттенуге үйрету.
Ересектер мен құрбы-құрдастарына еліктей отырып, таныс кейіпкерлердің әрекеттерін жаңғырту.
Белгілі ептілікті көрсете білуді қалыптастыру.
Өмірлік қауіпсіздік
Өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік туғызатын қарапайым мінез-құлық. Өз денсаулығын сақтаға қабілетті болуға қарапайым ережелерге үйретуді жалғастыру.
Балалардың эмоцияналдық икемін қолдау; топтағы балаларды ізгіниеттілік қарым-қатынасқа жасай алуына көмектесу. Тазалық пен реттіліктен қанағат сезіміне бөленуге, ересектердің нұсқауларына мұқият болуға және олардың өтініштерін қуана орындау. Дөрекілікке, сараңдыққа қарама-қарсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
3 жастан бастап 4 жасқа дейін
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Мәдени-гигиеналық дағдыларды өздігінен орындауды қалыптастыру. Балалардың назарын өз сыртқы келбетіне аудартып, өздігінен кем-кетік жерлерін жөндеуге шақыру. Тамақ ішу әдебін үйретіп, өз бойы мен келбетін таза әрі әдемі ұстап, ұқыптылыққа шақыру. Бір-біріне қол ұшын беріп, көмектесу ниеттеріне түрткі болу.
Дене шынықтыру
Балаларға өз кеудесін тік ұстап тұрып, көрсетілген бағыттық қимылдарды дұрыс сақтай отырып, барлығына ортақ жаттығуларды бір қарқында орындауға үйрету. Дене буындарының дұрыс қалыптасуына, мүсіннің сымбатты болып өсуіне септігін тигізетін негізгі қимыл, қозғалыс түрлерін үйретуді жалғастыру. Педагогтің айтқанын тыңдауға жетелеу, оның жасап көрсеткен қимыл, қозғалысын барлық балалармен бірге бір келкі орындауын дамыту және тәрбиешінің нұсқауын зейін қойып тыңдап, мүлтіксіз қайталауға, жаттығу кезінде топ құрған қатардан өз орнын табуға үйрету.
Балалардың дене шынықтыру жаттығуларына деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Қимыл, қозғалысты тәжірибені әртүрлі дене шынықтыру жаттығулары мен шапшаң, ширақ, қозғалысқа толы ойындармен байыта түсу.
Балаларға қимыл, қозғалысты белсенділіктің ұжымдық түрлерін ұйымдастырып, оған деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиешінің нұсқауына сәйкес баланың кеңістікте тепе-теңдікті сақтай отырып, өзіне таныс қимыл, қозғалыстарды жеңіл әрі емін-еркін, ырғақпен орындауын қалыптастыру. Сонымен бірге, баланың бойына шапшаңдықты, ширақтықты, тапқырлықты дамыту.
Өзіндік қимыл, қозғалыс қызметі
Өзіндік қимыл, қозғалыс қызметіне деген қызығушылықты қолдай келе, қолда бар дене шынықтыруға арналған құрал - жабдық, саймандарын қолдануға ынталандыру.
Салыстырмалы түрде жеңіл және күрделі емес қимыл, қозғалысты тапсырмаларды нақты қоя білуді дамыту.
Салауатты өмір сүру салты
Адам туралы білімін пысықтау: мен, менің достарым, отбасым; адамның дене мүшелері және олардың атқаратын қызметтері туралы. Кей кезде, бөтен жерде тығырық жағдайға тап болғанда өз-өзін ұстап, байқап барып, әрекет етуге; бейтаныс адамдармен кездескенде абай болуға үйрету.
Баланың өз денсаулығын сақтаудың қарапайым амалдарына үйрету. Баланы өзі қандай да бір сырқаттанып немесе науқастанып тұрғанын байқаса үлкендерден көмек сұрауға үйрету. Көшеде жаяу жүргінші ретінде қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.
4 жастан бастап 5 жасқа дейін
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Балалардың алғашында үйренген мәдени-гигиеналық дағдыларын, өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен дастархан басында өз-өзін ұстай білу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы әдеттерді қалыптастыруға ықпал жасау. Топқа жалпы берілген тәртіптік үдерісті орындау барысында баланың бойына ауызбіршілік пен ұйымшылдық дағдыларын дарыту.
Дене шынықтыру
Қимыл, қозғалыстың үйлесімділігі мен тепе-теңдігін жетілдіру; балаларды әртүрлі қимыл жаттығулары кезінде өз денесінің жай-күйін байқап отыруға үйрету. Балаға кеудесін тік ұстап, қолдарының табиғи еркін қозғалысымен жүруді; жеңіл, бір қалыппен, ырғақпен жүгіруге үйрету. Шаңғымен жүру және велосипед тебуді қалыптастыру. Әртүрлі сапқа тұрып немесе сол сапта қозғалып келе жатақан уақытта ара қашықтықты сақтай отырып, кеңістікте тұспалдай білуді үйрету.
Өзіндік қимыл, қозғалыс қызметі
Баланың қимыл, қозғалысқа негізделген доп, құрсау, басқада ойыншықтар қолданылатын ойындарға әрдайым қызығушылығын қолдай келе, баланы өз бетімен дене шынықтыру құрал-саймандарын пайдалануына ниеттендіру. Қимыл, қозғалыс қызметін түрлендіріп, баланың жеке мүмкіндігі мен жас мөлшерін ескере отырып берілетін жүктемелерді реттеп отыру.
Салауатты өмір сүру салты
Балаларды сырқаттанудың алғашқы белгілерін шырамытуға және науқастанып қалған кездің өзінде негізгі әрекет қағидаларын үйрету. Өмірдегі әртүрлі жағдайларға икемделуіне орай өз-өзін жазатайым жарақаттардан, соққылардан, құлаулардан сақтап, жазатайым қауіптің алдын-ала байқап, көре білуге және олардан қашып, құтылу жолдарын табуға үйрету.
Егер балаға бейтаныс бір адам кезіккенде өзін сол жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету. Көшеде, оның ішінде жол мен қиылыстарды кесіп өткенде ережелерді сақтауға үйрету. Балаларға күн тәртібін сақтау, шынығу, өз бойыңа, денеңе күтім жасау денсаулықтың кепілі екендігін түсіндіру. Адам денесінің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы білімдерін ұлғайту.
Мектепке дейінгі ересек жас
5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Балалардың алғашында үйренген мәдени-гигиеналық дағдыларын өздігінен істеуін үйрету. Балалардың бойындағы дербестік дағдыларын және көңіл күйдің жақсаруына себеп болатын жағымды әдет-қылықтарды дамытуды қолдау. Әрдайым балаларға кеудесін тік ұстап жүруді ескертіп, естеріне салып отыру. Дастархан басында отыру мәдениеті мен этика ережелерін қалыптастыруды жалғастыру.
Дене шынықтыру
Қимыл, қозғалыс техникасымен және олардың орындалуындағы қолдануға болатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну. Спорттық жаттығуларға, жарыстарға, сайыстарға қызығушылықтарын арттыру. Өз қимыл, қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына шығармашылық тұрғысынан қарау қажет. Әртүрлі жағдайда кеудені тік ұстауды үйрету.
Бағытты түрде физикалық қасиеттерді және жалпы төзімділікті, шапшаңдылықты, жүйріктікті, тәсілқойлылықты, тепе-теңдік сезімі мен қимыл, қозғалыс координациясын дамыту. Амалшылдық, тапқырлықты бойларына дарыту. Балаға көзбен шамалауды үйрету. Спорттың әр түрімен таныстырып, спорттық үлгі-нұсқаларға еріп отыру.
Өзіндік қимыл-қозғалыс қызметі
Балалардың өзіндік әрекеттерінде қимыл, қозғалысқа негізделген сайыс пен жарыстың элементтері бар ойындар, спорттық ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастыру және оларды ынталандыру. Бірлесе, бірге әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру және ұйымдастырушылық қабілеттілікті дамыту. Өзінің физиологиялық мүмкіндіктерін түсінуге және соған сәйкес әрекет етуге үйрету.
Салауатты өмір сүру салты
Баланың бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын ұғыну және зақымдық қауіпі бар заттармен қызмет барысында қажетті қағидаларды ұстануды қалыптастыру. Балаларды бейтаныс адамдармен және инфекциялы қауіпті науқастармен қарым-қатынасқа баруын шектеу ережелерімен таныстырып, қажет жағдайда полиция қызметкерлеріне көмек сұрап баруды үйрету.
Балаларға үйсіз, күйсіз жүрген жануарларға және өзіне бейтаныс өсімдік, жидек, саңырауқұлақ жинақтарына кезіккен жағдайда қауіпсіздік сақтау ережелер негіздеріне үйрету. Балаға өз ағзасының сауықтыруға деген қызығушылығын арттыру және валеологиялық алған білімдеріне сәйкес өз денсаулығын сақтау мен шынықтыру әдіс-тәсілдерін үйрету.
Жеңіл жарақаттанып қалған кезде өзіне және басқаларға алғашқы қарапайым көмек көрсетуге үйрету.
ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Стандарт:
- өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережесін сақтауға;
- қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;
- денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеруге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz