Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 2 - 3
І - тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы . . . 4- 7
1. 1. Мектеп жасына дейінгі бала организмінің дамуы . . . 9 - 13
1. 2. Жаңа туған нәресте организмінің даму ерекшеліктері . . . 14 - 17
1. 3. 1 жастан 7 жасқа дейінгі бала организмінің даму ерекшеліктері . . . 18 - 20
ІІ - тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың организмдерін дамыту әдістемесі . . . 21- 25
2. 1. Дене тәрбиесі бойынша сабақ үлгісі . . . 26
2. 2. Ұсыныстар мен нәтижелер шығары . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
КІРІСПЕ
Зереттеу жұмысының өзектілігі : Организм - бұл тарихи қалыптасқан тұтас, ұдайы өзгеріп отыратын өзінің ерекше құрылымы мен дамуы бар, қоршаған орта мен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті жүйе. Организм қоршаған ортаның өзі бейімделген және одан тысқары тіршілік ете алмайтын белгілі бір жағдайларында ғана өмір сүреді.
Организм жекеленген дара құрылымдардан - біріңғай тұтас болып біріккен ағзалар.
Ал, мектепке дейінгі кезең - бала организмінің өте қарқынды дамитын, қалыптасқан маңызды кезеңі. Осы кезеңде организмнің бүкіл жүйелері мен мүшелері, дене және жүйелік-психикалық дамуы қалыптасады, жетіле түседі. Осыларды ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса назар аударылуда. Болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек.
Бұл мәселеге ел Президенті Н. Ә. Назарбаев ерекше назар аударуда. Елбасының тапсыруымен республикалық денсаулық сақтау жүйесін жақсарту мақсатында «Халық денсаулығы» атты ұлттық бағдарлама қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жлодауындағы «Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан - 2030 даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің N1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрі денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің төмендегідей мәселелердің шешімін тапты:
салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен байланыстары жасалып, материалдық-техникалық ресустары қамтамасыз етілді;
құқықтық-нормативтік базасы жасалды;
гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
денсаулық сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандар даярлау қолға алынды;
салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясаты анықталды, оның тұжырымдамалық негізі ретінде «Салауатты өмір салты» атты кешенді бағдарлама жасалды.
Ендеше, қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат пен дені сау бала тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақша мен барша халықтың міндеті.
Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын денсаулығы мықты баланы өсіру, бесіктен, баланың нәрестелік кезеңінен бастап, жас ерекшелігіне байланысты.
Зерттеу мақсаты : Мектеп жасына дейінгі балалар организмінің жас шағына байланысты дамуының ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеу жұмысшысы жорамалы: жалпы мектепке дейінгі мекемедегі балалар организміжақсы дамиды, егер:
мектеп жасына дейінгі тәрбиеші және ата-ана балалармен тиімді, әрі пайдалы жұмыс жасаса;
жас ерекшеліктеріне байланысты: ертеңгілік гимнастика, негізгі дамыту жаттығулары, дене тәрбиесі сабақтары, серуен, қимыл-қозғалыс ойындары жүйелі түрде жүргізілсе;
организмді шынықтыру шаралары (ауа ваннасы, су процедурасы) тиімді ұйымдастырылса.
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесіндегі оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу нысаны - Мектеп жасына дейінгі балалардың, яғни бір жастан алты жасқа дейінгі балалар организмінің дамуы.
Зерттеу көздері . Заңнамалар; жолдаулар; педагогтардың; психологтардың материалдары; мектепке дейінгі мекемелерінің бағдарламалары мен оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері . Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу.
Зерттеу міндеті: жаңа туған нәресте және мектеп жасына дейінгі бала организмінің дамуын анықтау; 1 жастан 7 жасқа дейінгі бала организмінің даму ерекшеліктерін білу.
Зерттеу жұмысының құрлымы : Курыстық жұмыс негізінен, кіріспе (зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зерттеу міндеті, зерттеу көздері, зерттеу әдістері), І-тарау (теориялық негіздер), ІІ-тарау (практикалық әдістемелік жолдар) және қорытынды (пайдаланылған әдебиеттер тізімі) бөлімнен тұрады.
І-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясының дамуы.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер мен озат практика негізінде дамиды.
Біздің елімізде жаңа педагогиканың - жас ұрпаққа жан -жақты тәрбие берудің ірге тасын қалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан - жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н. К. Крупская баға жетпес үлес қосты. Н. К. Крупская алғашқы жылдарынан бастап қоғам міндеттерін ескере отырып, тәрбиенің жаңа теориясын жасау қажеттігін меңзеді. Ол баланы дамыту, тәрбиелеу және білім беру мәселелеріне педагогика, психология мен физиология саласындағы қазіргі кездегі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, нағыз ғылыми тұрғыдан қараудың міндет екніне назар аударды. Н. К. Крупская тәрбиелеу және білім беру методикасын жасау кезінде баланың жас шамалық ерекшеліктерінің ескерілуі қажеттілігін атап көрсетті.
Н. К. Крупская баланың дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Ол шымыр да шыныққан жас ұрпақ тәрбиелеу міндетіне байланысты физкультураны айрықша маңызды деп санады. Дене жаттықтырудың бала организіміне пайдалы әсерлерін атап отырып, Надежда Константиновна организмді тек шынықтыра нығайтып қана қоймай тәрбие беру мақсатында да пайдалануға болатын ойындарды бөліп көрсетті. Ол ойынның ұжымдық нығайтудағы өзін-өзі ұстай білуге, ұйымдаса әрекет етуге, мінез қалыптастыруға тәрбиелеудегі маңызды ролін атап айтты.
Н. К. Крупскаяның мектеп жасына децінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандардың жаңа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі теориясы дамуының жаңа кезеңін айқындап береді.
Дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры орыстың көп ғасырлық халықтық педагогикасынына тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасына әсерімен қалыптасты.
ХVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - балалардыңдене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы » деп аталатын тамаша кітап жасап шыққан. Бұл кітапта балалар ойынның ерекше тарау арналады және тәрбиелік-білім берудегі үлкен мәні көрсетіледі.
Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И. И. Бецкой, Н. И Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырған.
Орыстың революцияшыл демократтары А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің айтқан пікірлерінің дене тәрбиесі мәселелерінің талдап жасау үшін үлкен мәні болды. Олар дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі екенін анықтай отырып, оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысын көрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - жүйелі жаттығу, ойнау, серуендеу және организмді шынықтыру жолымен баланың дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп біледі. Мұның өзінде олар маңызды рольді еңбек пен демалыстың алмасып келуінен, ұйқының, тамақтанудың нормаландырылуынан көрінетін режимге бере отырып, мұны сергек рухты, адамның жарқын болашақ күресіне қабілетті болуы үшін қажетті дұрыс негіз деп санады.
Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге көмектесетін қысқа мерзімді қимыл-қозғалыс орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды.
К. Д. Ушинский орыстың халықтық ойындарын қуатты құралсанай отырып, оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды осы ойындарды балалар үшін жинастыруға шақырды.
К. Д. Ушинский педагогтарға жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік етуге үлкен қателіктер жібермеу үшін оларанатомия, физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдарды білуге міндетті деп санады.
Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары, ғалымдардың, дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің отандық теориясын жасауға алғы шарт болды.
Мәскеуде дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасаушы П. Ф. Лескафт болып табылды. Аса ірі ғалым-педагог, медицина және хирургия докторы П. Ф. Лескафт өз заманының озық ойлы адамдарының қатарында болды.
П. Ф. Лескафт ғылыми-материалисттік көзқарастары оның педагогикалық жүйесінің ірге тасы болып қаланды, онда дене шынықтыру білімі теориясы басты орын алған. П. Ф. Лескафт балаларға арналған дене жаттығуларының біртұтас жүйесін жасады, оны автор дене тәрбиесімен өзара байланысты қарастырады (дене жатығуларының гимнастикалық және сауықтырушылық маңызы) .
П. Ф. Лескафт дене жаттығуларын іріктеуге балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жаттығуларды бірте -бірте күрделендіруді және түрлендіруді негіз етіп алған. Ол белгілі бір жаттығулар жүйесінің адам организмін жан-жақты дамуға және дұрыс қызмет етуге алып келуіне, оның дене күшінің бірте -бірте жаттығуына жәрдемдесуіне ұмтылды.
Дененің дамуын П. Ф. Лескафт ақыл -ой, адамгершілік және эстетикалық дамумен, еңбек іс -әрекетімен өзара байланыста ғана мойындалады. Лескафт дене жаттығуларын орындау процесін рухани және жетілуімен тұтаса бір уақытта жүретін процесс ретінде қарастырған.
лескафт мұғалімнен сабақтарға жүйелі әзірленуді талап етті. Үйрету процесінде мұғалім денеге түсетін ауыртпалықты бірте-бірте арттыруды, жаттығуларды ауыстыруды және түрлендіруді алдын ала қарастыруға тиіс.
П. Ф. Лескафт қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен әдістемесін жасады. Ол қимыл-қозғалыс ойынын «бала соның көмегімен өмірге әзірленетін жаттығу» ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға, әдеттерге ие болады, онда мінез қалыптаса бастайды. Ойындағы ережелердің заң ретінде маңызы бар, балалардың оған деген көзқарасы саналы және жауапты болуы тиіс. Оны орындау баршаның міндеті, сондықтанда оның үлкен тәрбиелік күші бар. Ойындар моральдік қасиеттері - тәртіпті, адалдық, шындықты, ұстамдықты дамытады. П. Ф. Лескафт ойынды жеке адамды тәрбиелеудің аса маңызды құралы ретінде қарастырады.
П. Ф. Лескафт теориясы балалардың дене тәрбиесі туралы ғылымды одан әрі дамыту үшін берік іргетас болып табылды.
П. Ф. Лескафттың шәкірті дәрігер-педиятр және гигиенист, профессор В. ВГориневский өзінің дәрігерлік-педагогикалық қызметінде және баспа еңбектерінде П. Ф. Лескафт дене тәрбиесі туралы ілімін тереңдете түсті.
В. В. Гориневскийдің қызметі 80-90 жылдарды қамтыды. Ол ғылыми зерттеулер базасында дене тәрбиесі, дене жаттығулары гигиенасы, организмді шынықтыру, емдік дене тәрбиесі мәселелерін талдап жасады.
В. В. Гориневский дене жаттығулары мен спортпен айналысуды жүзеге асыруға дәрігерлік және педагогикалық бақылау жасаудың негізін салушы болып табылды. Ол Лескафттың жаттығулары іріктеу принципіне сүйене отырып, дене дамуының әр жас шамалық кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік жолмен анықтады. Оның «Бегілі бір жас шамасына сәйкес дене жаттығулары» атты кестесі кеңінен тарады. Дене тәрбиесі, гигиена және балаларды шынықтыру мәселелері жөніндегі көптеген ғылыми еңбектердің арасынан «Мектеп жасына дейінгілер дене тәрбиесі» деген кітап көпшілікке айрықша белгілі болды.
П. Ф. Лескафттың және В. В. Гориневскийдің идеяларын профессор, Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, педагогика ғылымдарының доктоы, дәрігер-гигиенист Е. А. Аркин жалғастырды.
Е. А. Аркин Халық ағарту комиссариатының мектепке дейінгі бөлімінің Мәскеу халық ағарту бөлімінің тұрақты дайындаушысы болды, балабақшалар дәрігерлерін біріктірді, тәрбиешілермен үнемі байланыста болды, оларды өзінің зерттеулеріне қатыстырды. Е. аАркин оларды жоғарғы жүйке қызметінің балалар тіршілігі режимінің және оны ұйымдастырудың заңдылықтары туралы И. М. Сеченев пен И. П. Павлов ілімінің негізі қағидаларымен түсінікті де тартымды түрде таныстырды, балабақша мен отбасының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын негіздеп берді. Оның мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология және гигиена мәселелері жөніндегі еңбектері арасынан осы күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған «Мектепке дейінгі жас! Атты кітап ерекше ілтипатқа ие болды.
Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі саласында дәрігер және педагог Е. Г. Леви-Гориневскаяның үлкен рөлі бар. өз жолбасшыларының бағытын ұстана отырып, ол дене тәрбиесі теориясы мен практикасын дамытуға үлкен үлес қосты.
Оның жариялаған еңбектерінен А. И. Быковамен бірлесіп жазған «Бала организмін шынықтыру» атты кітабы, сондай-ақ оның «Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл-қозғалыстарын дамыту» атты соңғы еңбегі көпшілікке мейлінше кең тараған.
А. И. Быкова мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс мәселесін қорытып талдай отырып, балаларды қимыл-қозғалысқа уйрету процесін, оның мәнін, мазмұнын, ұйымдастыру мен әдістерін негіздеді және ашып көрсетті. Ол үйретудің, оның өзіндік өзгешелігінің тәрбиелік сипатын атап көрсетті, мұны ол ойынмен, «балалармен өткізілетін сабақтарда ойын амалдарын кең қолданумен, оларды, эмоциялы өткізумен» тығыз байланыста қарады. А. И. Быкова мен Е. Г. ЛЕви-Гориневскаяның бірлесіп жазған еңбегң мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен практикасын дамытуға Н. А. Метловтың, М. М. Конторовичтің, Л. И. Михайлованың, А. И. Быкованың ғылыми-методикалық еңбектері айтарлықтай әсерін тигізді. Басқа авторлармен бірлесе отырып, олар балалардың дене тәрбиесі жөніндегі бағдарламаларды, мектепке дейінгі мекемелер үшін қозғалыс ойындарының жинақтарын жасап шықты.
Сонғы жылдарда балалар дене тәрбиесі саласында едәуір молшерде күн режімен ғылыми негіздеуге, сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, қозғалыс ойындарының және олардың ережелерінің тәрбиелік мәніне, кеңістікті бағдарлауды, шығармашылық белсенділікті, балалардың қозғалыс іс-әрекеттеріндегі дене қасиеттерін, жарыстың тәрбиелік рөлін, негізгі қимыл-қозғалыстар мен спорттық жаттығуларды үйретуге арналған ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Зерттеулерден шыққан нәтижелер балалар дене тәрбиесі теория мен практикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді және бағдарламада, жасап жатқан оқулықтар мен оқу құралдарынада өз бейнесін табады.
Сонғы он жылдықта дене тәрбиесі процесінде үйретудің мазмұнын, ұйымдастырылуын, әдістерін жетілдіруге Э. И. Адашкявичене, Л. М. Артемова, Е. Н. Вавилова, М. П. Голощекина, А. В. Кенеман, Д. В. Хухлаева және басқаларының зерттеулері арналды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбисі теориясының қазіргі кездегі мәселелерін дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып табылады.
Сондықтан балалардың дене тәрбиесі теориясы саласындағы мәселелер сан алуан және келелі. Олар баланың псиофизиологиялық дамуына және оның туған күнінен басталатын қимыл-қозғалыстарына қатысты заңдылықтарды ас маңызды мәселелерін: балалардың потенциалды мүмкіндіктерін және олардың дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасауды зерттеуді; барлық жас кезеңдеріне бүкіл тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұны мен әдістерін-ғылыми негізделегн қозғалыс режимін, нерв жүиесінің, шынығудың гигиенасын қорытып жасап шығуға комплекісті қарауды; қажетті бағдар таба білуге тәрбиелеуді, адамгершілікті сана мен мінез-құлыққа, өзінше ойлануға, сабақтың алуан түрлерінде және ойындық іс-әрекетте шығармашылық белсенділікке, спортқа, еңбекке т. б. деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді қамтиды.
- Мектеп жасына дейінгі бала организмінің дамуы.
Баланың алғашқы жеті жылы барлық органдар мен жүйелердің қарқынды дамуымен сипатталады. Бала белілі бір туа бітетін биологиялық қасиеттермен, оның ішінде негізгі жүйке процестерінің типологиялық ерекшеліктерімен де (күш, ұстамдылық және ширақтық) туады. Бірақ бұл ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және пихикалық дамудың негізі ғана болып табылады, ал өмірінің алғашқы айларынан бастап баланы қоршаған орта мен тәрбие анықтағыш фактор болып саналады. Сондықтан баланың сергек, жағымды эмоциялық қалыпта, дене және психиқалық дамуының толыққанды болуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың және тәрбие ұйымдастырудың маңззы өте зор.
Морфологиялық құрылымның және ми қабыршағының функционалдық дамуының аяқталмауы - баланың алғашқы жылдардағы өміріндегі орталық жүйке жүйесінің ерекшелігі болып табылады. Ол бұдан кейінгі жылдарда сыртқы және ішкі қоздырғыштардың әсерімен жүзеге асады.
Туа біткен шартсыз рефлекстер ( қорғаныстық, сақтанғыштық, тағамдық, бағдарлық) негізде жоғары жүйке қызметі дамиды. Бала өмірінің алғашқы апталарынан баптап-ақ көру және есту қоздырғышына, сондай-ақ (Н. И. Касаткиннің зерттеулері көрсеткендей) алуан түрлі сыртқы қоздырғыштарға шартты рефлекстер пайда болуы мүмкін. Жас артқан сайын шартты рефлекстер пайда болуы шапшаңдай түседі.
Егер қоздырғыштардың бірін белгілі бір ізділікпен ұзақ қолданса, онда реакцияларға жауаптың бір тұтас жүйесі - динамикалық стереотип құрылады. Дұрыс тәрбиелеген жағдайда балада көптеген әртүрлі стреотиптерді қалыптастыруға болады, ол сыртқы жағдайлардан әсер алуды сйтарлықтай жеңілдетеді, жүйке жасушаларының жұмыс қабілетін арттырады. Мысалы, бүкіл күн режиміне, уақытылы ұйқтауға, ұйқыдан соң ертеңгі гимнастиканы міндетті түрде орындауға, содан соң жуынуға, стереотип жасауға болады. Дегенмен балаларда айнала қоршалған дүниеден саналы түрде әсер алу қабілетін дамыта отырып, баланың жасының, жағдайлардың өзгеруіне байланысты кейбір стереотиптерді (әдеттерді) өзгерту мақсатында баланың жүйке жүйесін жатықтыруды сақтықпен жүргізу керек. Мәселен, екі жасқа аяқ басқан бала қозғалысының даму ерекшеліктеріне ескере отырып, балалар кәдімгі жүрісті игергеннен кейін дене шынықтыру сабақтарына күрделендіділген жүрісті (жолмен, тақтайдың үстімен жүру) ендіру керек. Бала жаңа қозғалыстарға, оны орындауға ұмтыла отырып, оған ұсынылған тапсырманы оңай меңгереді. Соның нәтижесінде тек жаттығуларды орындау кезде ғана емес, күнделікті өмірде де қозғалыс дағдыларын жетілдіру жүріп жатады.
Орталық жүйке жүйесінің дамуы және тармақтануына (пісіп жетілуіне) қарай статикалық және қимыл-қозғалыстық функциялар пайда болады. Бұл функциялардың пайда болуы мен нығаюы ішкі де, сыртқы да факторлармен анықталады. И. М. Сеченов жаңа туған баланың сүйектік бұлшық еттер саласындағы инстинктік қозғалыстардың аз мөлшеріне ғана ие екенін атап көрсеткен. Ал ықтиярлы қозғалыстарда аталатындардың бәрі баланың өмірінің барысында сыртқы әрекеттер әсерімен қалыптасады.
Мұның өзінде айналадағы орта әсерлерін қабылдайтын сезіну мүшелері жай-күйінің елеулі мәні болады (баланың туар сәтіне таман оның сезіну мүшелері қозғалысқа қарағанда көбірек дамыған болады) .
М. Ю. Кистяковскаяның зерттеулері арқылы қимыл-қозғалыстардың және басқа анализаторлар арасында байланыс құруының белгілі бір ізділігі анықталды. өмірдің екінші айында кинестетикалық және сезім мүшелері анализаторлары арасында байланыс орнайды, бұл баланың әртүрлі жағдайларда: етбеттінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын көтеру және ұстау қозғалыстарынан көрінеді. Жас шамасының осы кезде қолдың кинестикалық анализаторы мен еріннің, ауыз қуысының сілекей қабығында және қолдың терісінде рецепторлар бар дене түйсігі анализаторлары аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. бұл қолдың ауызға бағытталуынан, саусақ сорудан сырттай көрініс береді. Кейінрек қолдың кинестикалық анализаторы мен көру анализаторы арасында байланыс орнайды, сол кезде бала қолын бетінен жоғарырақ көтереді және оған көз тоқтатып қарайды. Төртінші айдың соңы мен бесінші айдың бас кезінде әлде қайда күрделірек көру кинестетикалық байланыстары пайда болады, соның арқасында бала көзге түскен затқа қол созады және оны ұстайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz