МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ
АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі кезеңде Егемен еліміздің жиырма
жылдығы тұсында жалпы орта білім беретін білім берудің барлық деңгейіндегі
тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және
демократияландыру – жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде
жұмыла көтеруді одан әрі жетілдіру күн тәртібінен түспейтін мәселе болып
саналады.
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде атты еңбегінде біздің елімізде оқушылардың дүниеге ғылыми
көзқарасын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру оларды оқытудың,
тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі болып, бүкіл оқу
жылдары бойында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті.
ХХІ ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен
күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның аждамгершілік
қасиет сапаларын, ар намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
Себебі, жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын
шиелене түсуде. Бұл біріншілен, барша саланың ғаламдануы, ал екіншіден
рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда
республикамызда күнен күнге нашақорлық, маскүнеидік, жұмыссыздық, тастапнды
балалар санының көбеюі, қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып қолды
болуы сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тәрбие процесінің
күрделенуіне түскендігін байқатады.
Сондықтан мектепке дейінгі кезеңнен балалардың қазақ салт-дәстүрлер
негізінде адамгершілік құндылығын қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде
де өзектілігін жоймай, үнемі педагогика ғылымының зерттеу нысанасы болудан
таңған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану
қажеттілігі мен теориялық педагогиалық негіздері Аристотель, Сократ,
Платоннан бастап, алыс және жақын шетел педагогтары Я.А.Коменский,
ЖЖ.Руссо, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко, Б.С.Гершунский,
И.П.Подласый, И.Ф.харламов, Н.Е.Щуркова сияқты ғалымдар жалғастырып,
психологтар В.Франкл, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
Ж.Намазбаева; Қ.Жарықбав ғылыми теориялық тұрғыдан тереңдеткен.
Бүгінгі таңда елімізде болашақ ұрпақтың адамгершілік құндылқтарын
қалыптастыруды С.Назарбаева, Қ.Қ.Жанпейсова, А.А:Бейсенбаева,
Г.К.Нұрғалиева, А.А.Калюжный, Б.Ы.Мұқанова, Р.К.Төлеубекова,
Э.А.Урынбасарованың ғылыми-практикалық негізін зерттеулерінде айқындалған.

Қазақстанда білім мен тәрбие ісінің даму мәселелері, жастар тәрбиесінде
халық педагогикасы қырларын тиімді пайдалану мен тұлғаны халықтық
педагогиканың туындылары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жолдары алыс,
жақын шетел ғалымдары: Т.С.Виноградов, Г.Н.Волков, В.Ф.Афанасьев,
Я.И.Ханбиков, Н.Сафаров, К.Пирлиев, А.Э.Измаилов қарастырды. Ал
қазақстандық ғылым докторлары: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,
Қ.Бөлеев, Ә.А.Қалыбекова, Ә.Табылдиев, Қ.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсембинова,
Ш.Құлманова, З.Әбілова, Ж.Асанов және т.б. халық педагогикасы идеяларын оқу-
тәрбие процесінде пайдалану мәселелерін қарастырғанымен, бұл еңбектерде
адамгершілік тәрбиесі жалпылама түрде сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі
Н.Құлжанова, Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, С.Н.Жиенбаева, Ә.Әмірова,
Г.Қалимолдаева және т.б. еңбектерінде өз зерттеу бағыттарына сәйкес
халықтың іс-тәжірибелерінің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің тәрбиелік
мүмкіндіктерін түрліше қарастырған. Дегенмен, зерттеу барысында бүгінгі
қоғам сұранысының талабына сай мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру
процесінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі
теориялық және әдістемелік тұрғыда шешу қажеттілігі мен мектепке дейінгі
ұйымда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданудың әдістемесінің жеткіліксіз
қолдануы арасындағы қарама-қайшылықтар бар екендігін аңғартты. Аталмыш
қарама-қайшылықтың педагогикалық білім теориясы мен практикасында
жеткіліксіз зерттелуі және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігіне
байланысты зерттеуіміздің тақырыбын Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ
халқының салт-дәстүрлері негізінде адамгершілік құндылығын қалыптастыру
деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер
негізінде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілк
құндылықтарын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және
әдістемесін дайындау.
Зерттеудің болжамы: мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыруға болады, егер қазақ
халқының салт-дәстүрлерін саралап, оның мектепке дейінг кезеңнен тәрбиелік
мүмкіндіктері ғылыми педагогикалық тұрғыда негізделсе, адамгершілік
құндылықтарды қалыптастырудың әдістемесі әзірленсе, онда қоғам талабына сай
бастапқы азамат дайындауға болады, өйткені қазақ халқының тәжірибесінің
тәрбиелік әлеуеті жоғары.
Зерттеудің міндеттері:
мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылықтарын қазық халқының
салт-дәстүрлері негізінде қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда
негіздеу;
қазақтың салт-дәстүрлері негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың
адамгершілік құндылығын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін
анықтау;
мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құдылығын қалыптастырудың
өлшемін, көрсеткіштерін және деңгейін айқындау;
мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқы салт-дәстүрелі негізінде
адамгершілік құндылығын қалыптастырудың әдістемелік нұсқауын ұсыну.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдеби
еңбектерге теориялық шолу, ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен еңбектерге
салыстырумалы талдау, қоғамның әлеуметтік даму жағдайында халық даналығының
тәлімдік мұраларына талдау, білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген
мемлекеттік құжаттармен танысу; педагогикалық эксперименттер (анықтау,
қалыптастыру, бақылау) өткізу барысында әңгімелесу, педагогикалық
ситуацияларды даму деңгейін сапалық сандық деректерін білдіруде
статистикалық әдістерді қолдану, педагогикалық бақылау, сауалнамалар
жүргізу. Алдыңғы қатарлы тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінмен танысу.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері болып философтардың,
психологтардың, педагогтардың жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға жалпы
адамзаттық мұралар негізінде диалектикалық даму заңдылықтары, таным
теориясы және ғалымдардың әлеуметтік ғылыми тұжырымдамалары мен
адамгершілік тәрбие теориясы құрайды. Қазақстан Республикасы үздіксіз
тәрбие тұжырымдамасы басшылыққа алынды.
Зерттеу көздері: Білім және ғылым Министрлігінің халық
педагогикасын, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге байланысты тұжырымдамалары,
халық даналықтарының тәлімдік мұралары мен ұстаздардың қазақ халық
педагогикасын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы озық тәжірибелері;
Қазақстан және алыс-жақын шетел ғалымдарының адамгершілік тәрбие беруге
байланысты ғылыми-зерттеу еңбектері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2010-2011 жж.) мектеп жасына дейінгі балалардың
ұлттық салт-дәстүрлер негізінде адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне
арналған философия, әдебиет, педагогика, психология салаларындағы
еңбектерге талдау жасалынып, ғылыми аппараты, негізгі бағыттары айқындалды.
Тұлғаның бойына адамгершілік құндылықты қалыптастырудың теориялық
негіздемесі жасалынып, мерзімді баспа материалдары зерттеліп жинақталды.
Екінші кезең (2011-2012 жж.) Әлеуметтік қоғамның даму жағдайында
мәдени мұраларымыз салт-дәстүрлер негізінде мектеп жасына дейінгі
балалардың адамгершілік құндылығын қалыптастырудың теориялық және
практикалық жұмыстары талданып, соның негізінде тәрбие жұмыстарының
бағыттары айқындалды. Жұмыс формалары мен әдістері анықталды. Ғылыми
мақалалар басылым көрді. Ғылыми-зерттеу жұмысы қорытындыланып, тәжірибелік-
педагогикалық сынақтан өткізілді, магистрлік диссертациялық жұмысының
нәтижесі қорытылып және талаптарға сай рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде мектеп жасына дейінгі
балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәні мен мазмұны
анықталып, теориялық негіздемесі жасалынды;
- мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері анықталды;
- қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде мектеп жасына дейінгі
балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың өлшемдері,
көрсеткіштері және деңгейлері айқындалды;
- мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың білім салалары бойынша жүзеге
асыру жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетілді.
- мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған Ата-баба салт
дәстүрлері - балабақшада атты бағдарламасы адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру жолдарын жетілдіре түседі.
- Ата-баба салт-дәстүрлері- балабақшада атты бағдарлама
тәрбиешілердің білімін жетілдіру мен қайта даярлау ниститутында, қолданысқа
ұсынылған әдістемелік нұсқаулар.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесіне сәйкес “құндылықтар”,
“адамгершілік құндылық”, “салт-дәстүр” ұғымдарына педагогикалық-
психологиялық тұрғыда мәндік мағыналық сипаттамасы берілді.
- қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде мектеп жасына дейінгі
балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың өлшемдері,
көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды.
- қазақ халқының салт-дәстүрлері тәжірибелік-педагогикалық жұмыста
мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың
тиімділігі дәлелденген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі: мектеп жасына
дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық қағидаларымен, әдіс-тәсілдерді
қолданумен сипатталады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-
практикалық конференцияларда баяндамалар жасалды, төрт ғылыми-әдістемелік
мақала республикалық ғылыми басылымдарда жарық көрді.
Зерттеудің нәтижелерінде мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда салт-дәстүрлердің педагогикалық тәжірибеде
негізгі ұйытқы күш болатыны дәлелденді.
Зерттеу базасы: Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты теориялық
материалдар негізінде жасалған оқу-әдістемелік құралдар Алматы қаласы №64,
139 мен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы №15
балабақшаларының оқу-тәрбие үдерісінде сынақтан өткізілді.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, пәні,
міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері, кезеңдері, ғылыми
жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалары,
дәлелділігі мен негізділігі, тәжірибеге енгізілуі қарастырылды.
“Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқының салт-дәстүрлері
негізінде адамгершілік құндылығын қалыптастырудың теориялық негізі ” атты
бірінші бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесіне сәйкес “құндылықтар”,
“адамгершілік құндылық”, “салт-дәстүр” ұғымдарына педагогикалық-
психологиялық тұрғыда мәндік мағыналық сипаттамасы берілді. Мектепке
дейінгі кезеңнен балаларды ұлттық құндылықтарға тың серпін берудің
педагогикалық қырлары мен мүмкіндіктері айқындалды.
“Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлері
арқылы адамгершілік құнлдықтарға тәрбиелеу әдістемесі ” атты екінші бөлімде
мектеп жасына дейінгі балалардың салт-дәстүрлер негізінде адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру мазмұны, формалары, әдіс-тәсілдері қарастылып,
педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды; балаларға адамгершілік тағылымы бар
салт-дәстүрлерді меңгертудің педагогикалық-тәжірибелік әдістемесі берілді;
адамгершілікке бағытталған материалдар сұрыпталып Ата-баба салт-дәстүрлері-
балабақшада атты бағдарлама ұсынылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың
нәтижесіне талдау жасалынды.
Қорытынды бөлімде: Зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары түйінделді,
эксперименттік іс-тәжірибелер негізінде қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қосымшада тәрбиешілерге және ата-аналарға арналған сауалнамалар,
сабақтар мен тақырыптық кештердің үлгі-жоспарлары берілді.

Негізгі бөлім

Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып,
жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Елімізде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің саны жылдан жылға
көбейіп, балабақшаларға деген халықтың сұранысы арта түсуде. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырып, халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында 2010-2014 жылдарына арналған Балапан
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Балаларға саналы тәрбие мен білім беруде
халқымыздың баға жетпес мұралары - этнопедагогика материалдарын балабақша
өміріне кеңінен қолдану негізінде бүлдіршіндердің тілін, ақыл-ойын,
дүниетанымын дамыту өзекті мәселе.
Мәдени мұра – орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және
әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім және мәдениеттің де қайнар
көзі. Бұл, табиғи байлықтармен қатар, ұлттың өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік
қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында: ...
жеке тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажетсіне ме, оларды меңгеруге
ұмтылысы, өзін-өзі халқына сәйкестендіруге ықыласы бар ма? деген мәселе
өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың әрқайсысын қалыптастырудың нақты
жолдарын қарастыруға, тұлғаны ана тілі мен төл мәдениетті меңгертуге
ынталандырып, жан-жақты жәрдем көрсетуге тиіс деп атап көрсетілген
болатын.Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданудың
маңызы зор.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңнен болашқ ұрпақты өздерінің
дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті
арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне,
өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын,
елін-жерін сүйетін, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды
тәрбиелеуге бағдарлануы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда мектепке дейінгі
кезеңненәлеуметтік дамуын қамтамасыз ету және баланы әлеуметтендіру
жағдайлары қарастырылуы қажет.
Мектепке дейінгі балаларға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру – қазiргi
балабақшаның ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң
қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының ролi барған сайын артып,
моральдық фактордың ықпал аясы кеңейiп келедi.
Тәрбие ұзақ және күрделi процесс. Адамзат дамуының қай кезеңiнде
болмасын тәрбиенiң тиiмдiлiгiн жетiлдiру iсi жүзеге асырылып келедi. Бұл
iстi жүзеге асыру процесi әрбiр қоғамдағы мемлекет қажеттiгiне бағындырады.
Өйткенi мемлекет қажеттiгiнiң орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен
саясатына тәуелдi екендiгi белгiлi. Олай болса тәрбие тиiмдiлiгiнiң ең
басты шарты мемлекет мүмкiндiгiнен туындайтын қажеттiкке сай тәрбиенiң
мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар мәселесі көне заманда да, қазіргі кезеңде
де философ, педагог, психолог және тарихшы мамандардың шұғылданып келе
жатқан мәселесі. Зерттеу барысында қарастырылып отырған мәселенің теориялық-
әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге шолу жасау арқылы
құндылық, адамгершілік құндылық, жалпы адамзаттық құнддылық
ұғымдардың анықтамаларына, олардың өзара байланысына мазмұндық сипаттама
беруге талпындық. Бұл тұрғыдан біз зертеуімізге байланысты аксиологиялық
құндылық теориясына сүйендік. Философиялық сөздікте аксиология – құндылқтар
жаратылысы туралы, оның нақтылығы орны мен құндылықтың әлемдегі құрылымы
арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім деп түсіндіріледі.
Осы ретте біз зерттеу проблемамызға баййланысты бірнеше ұғымдарды
ғылыми тұрғыда жан-жақты қарастыру қажеттіліген тоқталамыз. Л.П.Буева,
А.Г.Здравомыслов, А.Ф.Шишкин, В.А.Ядов, В.А.Блюмкин ғалымдар құндылық
ұғымын ғылыми тұрғыдан жіктеп негіздеген. Біздің ойымызша құндылық
мәселесін түсіндіруге келгенде ең жүйелі тұрғыда ғылыми көзқарс білдірген
философ В.А Блюмкиннің пікірі: Құндылықтар иерархиясы әртүрлі негіз
бойынша құрастырылуы мүмкін, алайда олардың ішіндегі ең маңыздысы адамзат
қажеттіліктері мен пайда-мүдделерінен құралатын құрылымдар болып табылады,
оларды адамдар өз іс-әрекеті барсында негізгі және негізгі емес деп
жіктеген. Осы ретте біз құндылқтардың маңызына қарай жоғары, төмен деп
қарастыруға болатынын анықтадық. Төменгі құнлықтарға адамның қажеттліктері
үшін материалдық игіліктеріді жүзеге асыруының амал-тәсілін жатқызсақ, ал
жоғарыға адамның ең жоғары және ең маңызды қажеттіліктеріне жауап бере
алатын, бірі-бірі толықтыратын өзара тең бағаға ие болатын, адам мен
адамзат игіліктері үшін жасалатын құндылықтарды жатқызуға болатындығына
көзіміз жетті. Сайып келгенде, бүгінгі күні қоғам өзгерістерінің шешуші
факторы – Адам. Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде
адамгершілік құндылықтар жетекші роль атқарады. Жалпы Адам-Қоғам,
Адам–Әлем қатынастарының адамның дүниеге деген көзқарасы ғылыми
ұстанымдарға, принциптерге сүйенетіндігін байқаймыз. Өйткені, әлемді рухани-
адамгершілікпен игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары
арқылы қарастырады. Бұл қоршағна ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның
сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше
эмоциональдық реңке ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге
қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзгеге адамдарға , қоршаған
дүгниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік тұрғысынан бағаланады.
Адамгершілік құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталатындығымен
айқындалады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Білім туралы заңына және Білім мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамытуды қалыптастыру
жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.Осыған орай, жастарды
ұлттық генезисіне ана тілінің ,ауыз әдебиеті мен фольклорының, классикалық
жазба әдебиетінің әлем таныған нұсқаларын терең оқыту қолға алынуда. Тілге
байланысты жеке тұлғаның: ұлттық сана-сезімі, ой-өрісі, ұлттық болмысы,
ұлттық құлық, ұлттық руханият, ұлттық өркениеттік құндылықтар, ұлттық
абырой, ұлттық беделі қалыптасады.
Бұл күрделi де бiр-бiрiне жалғасып жатқан сұрақтар тiзбесiне жауап
iздеу үшiн ойшылдар мен философтар, ағартушылар мен тарихшылар, психологтар
мен педагогтар еңбектерiне тиянақты талдау жасау арқылы мәселенiң ғылыми-
теориялық негiзiн дәлелдеу мақсатымен “құндылық”, “адамгершiлiк құндылық”,
“жалпы адамзаттық құндылық” ұғымдарына объективтi анықтамалар беру үшiн
келесi кезекте олардың байланыстарын анықтау қажеттiгi туындап отыр.
Қай дәуiрде болсын “әке жолын қуса игi” дегенде ұлт өмiрiн өркендетушi,
саналы, ұлтжанды, рухы биiк, ақыл-парасаты мол, жеке басының мәдениетi мен
бiлiмi жоғары, елiн ойлайтын, жерiн қорғайтын, қоғам алдындағы басты
мiндеттерiн абыроймен орындайтын ұрпақты тәрбиелеу туралы асыл мұраттары
тұрған. Әрине, әрбiр халық өмiрден озық, әдiлеттi iзгi деп есептелiнген
ойлар мен тәжiрибелердi жинақтап, қоғамдық-тарихи жағдайларға сай игерудi
мақсат тұтқан. Ақыл-ой елегiнен өткiзiп, тәрбиелiк мәнi үлкен қоғамдық iс-
тәжiрибе арқылы адамдарды өмiрге дайындаған.
Елбасы 2005 жылдың 18 ақпанындағы ретi бойынша 10-шы Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында ұлттық құндылық жайлы өзi ерекше мәндi, әрине, мазмұны
әлемдiк пiкiрлер жиынтығы бойынша жасампаздық, нағыз ұлы ойдың, еңбектiң
жемiсi, ғылыми болжамдар көрiнiсi жүзеге асатын жоспарлар мен бағдарламалар
қабылдануы педагогика ғылымына бағыт-бағдар беріп отыр. Аталған терминалды
- мақсат құндылықтарды өз кезегiнде құндылықтар жүйесi негiзiнен
адамгершiлiк құндылықтарды, яғни адалдық, тазалық, адамдық құндылық,
мейiрiмдiлiк, iзгiлiктi құрайды деген ойға келемiз.
Құрал-құндылықтары жалпы құндылықтарды толықтырып, жүйенiң мән-
мағынасын арттырады және нақты тарихи жағдайлардағы ерекшелiктерге қатысты
қамтиды. Құрал-құндылықтары байқасаңыз, моральдық құндылықтардан тұрады
және қоғамды, жеткiншектердi тәрбиелеушi, реттеушi қызметтерiн арттырады.
Сонымен бiрге жеке, топтық, қауымдастық, ұлттық, жалпы адамзаттық
құндылықтар иерархиясы адамгершілік болатындығы байқалады.
Адамгершiлiктiң өрiсi кең, бұл қасиет әр адамның еңбекте, қоғам
өмiрiнде, тұрмыста, көпшiлiк орында өзiн ұстауынан, басқалармен қарым-
қатынасынан, жүрiс-тұрыс, iс-қимылынан байқалады. Адамгершiлiгi мол адам -
бақытты, ел-жұртына қадiрлi, қоғамға пайдалы, яғни маңындағыларға үлгi-
өнеге болатынын ғұламалардың терең ойларынан байқауға болады. Сондықтан жас
ұрпақты адамгершлікке тәрбиелеуде олардың маңыздылығы арта түсетіні анық.
Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген
еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсаты рухани жан дүниесі
адами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Елдің
ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген әрбір адам өзінің ұлттық мәдениетін,
тарихын және құнды ата-баба мұраларын игеруі тиіс. Жастардың ұйымшыл,
көпшіл болып қалыптасуы үшін өнерлі болудың маңызы зор. өнер адамның
дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік асыл қасиеттерінің қалыптасуына
септігін тигізеді. Сондықтан әрбір жастың өнердің сан-саласынан толық
мағлұматы болуы абзал. Болашақ мамандарды өнерге баулу, оның пайдасын
түсіндіруге үйрету барысында Қабуснамадағы мына терең ойларды пайдаланып,
олардың сана-сезімін оятуға болады: Ей, перзентім, есіңде болсын, өнерсіз
жан - өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да,
көлеңкесі жоқ тікенді шоңайпаға ұқсайды. өзіне де өзгеге де пайдасыз
болады.... Бұл ұлағатты сөздер жастарды өнердің пайдасын, қадір-қасиетін
түсінуге шақырады. Ал Егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткені өнерсіз ақыл
- киімсіз дене, яғни кескінсіз адам сияқты деуге болады. Білім - ақылдың
ажар-көркі - деп, босқа айтылмаған. Аңдасаң, ақыл деген - бір қымбат
нәрсе. Оны ұрып алып кете алмайды, ол отқа жанып, суға ақпайды... - деген
тұжырымдар өнер-білімнен, ақылдан жұрдай ақымақтардан жирендіріп, өнерлілік
- адамның тамаша рухани бейнесі екендігіне жастардың назарын баса аударуға
мүмкіндік береді. Бұл да бір құндылықтың көрінісі де.
Қоғамның саяси-мәдени тұрғыдан дамуының қазіргі кезеңінде жаңаша ой-
пікір мен педагогикалық сананың қалыптасуын қамтамасыз ету үшін ұлтымыздың
тарихын сараптап, тәлімдік-тағылымдық мәні зор еңбектерді бүгінгі күннің
кәдесіне жарату аса қажет. Сондықтан өткен ерте ғасырларда өмір сүрген
ғұламалардың бірі Ж.Баласағұнидің тәлімдік идеяларын жас ұрпақ тәрбиесінде
тиімді пайдалану үшін оның тарихи-педагогикалық мәнін ашып көрсетудің
қажеттілігі артып отыр. Адамгершілік тәрбиесінде даналық, қарапайымдылық,
кішіпейілдік сияқты абзал қасиеттерді жастардың бойына сіңіру міндеті де
ерекше мәнге ие болады. Ей, перзентім, қанша дана болсаң да, сен өзіңді
халықтан данамын деп есептеме, сен өзіңді кіші санасаң, ұлық боласың, надан
санасаң, дана боласың, өзін қарапайым ұстап, білімсізбін дейтін білімдар -
нағыз дана сол-деген ұлы сөздер даналықтың белгісі халқыңды қадірлеу,
еліңді сүю, үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ізгі сапаларды
жастардың санасына қалыптастыруға ықпал етеді.
Сайып келгенде, адам үшiн ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмiр.
Өмiр - адамның күнделiктi және өмiр бойында жалғасатын тiршiлiк. Тiршiлiк
иесi ертеңiн ойлап еңбек етедi, бiлiм алады, тәжiрибе жинақтайды, қуаныш
пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ
сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетедi.
В.Франкл “Адам өмiр мәнiн iздеуде” атты шығармасында өмiр мәнiн жоғалту
адамның материалдық және әлеуметтiк тұрғыдан емес депрессиясымен ұштасады.
Ол дегенiмiз сары уайым және қайғырумен байланысты екендiгiн бiлдiредi.
Дамыған қоғамда материалдық қажеттiлiктi қанағаттандырудың адамға өмiр
мәнiн сезiнуге ықпалы жеткiлiксiз.
В.Франкл өмiр мәнiн адам жаны ұмтылатын рухани нысана, сонымен бiрге ол
мақсатпен байланысты, құндылық деп түсiндiредi. Өмiр мәнiн түсiну әр түрлi
жас кезеңiнде және әртүрлi жағдайда пайда болуы мүмкiн, сондықтан адам өз
тiршiлiгiне өзi мән беруi тиiс, әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ.
Өмiрдiң мәнi жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмiр бойы жинақталады. Өмiр
мәнiн iздестiру адам үшiн табиғи құбылыс болып саналады. Сонымен адам
өмiрiнiң мәнi жоғары құндылық жүйесiн түзедi:
1. Санадан тыс құндылық бұл құндылықтар адамды өлiм туралы ойлауға,
оған мән беруге әкеледi. Олар идеологиялық жүйенi бiрiктiредi, құрайды,
қоғамды бiрiктiредi, адамның тiршiлiгiне әсерi бар.
2. Әлеуметтiк-мәдени құндылықтар: тiл, саяси мұраттар, мәдениет,
мемлекет тарихы, мемлекеттiк шекара; дәстүрлер, аймақ, т.б. Халқына, елiне,
жерiне, Отанына қызмет жасаудан өмiрдiң мәнiн, түсінгендей болады.
3. Жеке бас құндылығы: денсаулығы, яғни бiрiншi байлық - денсаулық деп
санап, достығы, табысы, қарым-қатынасы, әрине, махаббаты, т.б. қасиеттерi
бар адамды жатқызамыз.
Табиғат пен адам, өмiр мен өлiм саналы ұғымға тiптен түсiнiксiз,
таңғажайып құпия құбылыс болып келедi. Өмiрдiң құндылығын түсiндiруге
негiзделген Ш.Уәлихановтың түсiнiгi бойынша адам және оның өмiрi басты
құндылық, табиғаттың тамаша жемiсi.
Шоқан Уәлиханов адам санасындағы құбылыстардың, әртүрлi сенiмдердiң
себептерiн табиғаттан iздестiрiп, табиғат пен адам бiрлiгiн түсiне бiлуге
әрекеттенген. Ыбырай Алтынсарин де Шоқан Уәлиханов сияқты адам өмiрiнiң
адамгершiлiк мәнiн қазақтың, жалпы адамзаттың тарихи және шынайы мысалдары
арқылы көрсетедi. “... Шариғат, мысалы, әртүрлi ғылымдарды, өнердi қай
халықтан болса да үйренудi ешбiр жерде терiс демейдi”, - деп нақты тұжырым
жасайды.Бұл пiкiрдiң мәнi қазiр де ойландырады, ғылым мен өнердi қай
халықтан үйрену ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланад
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Республикасының Заңы тілі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан - жақты дамыту
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани -- адамгершілік мәселелері
Пәндер