Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететін факторлар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететін факторлар.

Жоспар

І Кіріспе . . . 3-5

ІІ Негізгі бөлім.

І тарау.

1. 1. Мектепке дейінгі жаста баланың жеке басының даму

шарттары . . . 6-16

1. 2. Мектепке дейінгі жаста баланың ақыл-ойының дамуында қабылдау әрекетінің қалыптасуы және сенсорлық эталонды меңгеруі . . . 16-20

ІІ тарау.

2. 1. Мектепке дейінгі жаста баланың сөз қорының дамуы . . . 21-30

2. 2. мектепке дейінгі шақты, зейінді, есті, қиялды дамыту

жолдары . . . 30-40

ІІІ Қорытынды . . . 41-42

ІV Падаланған әдебиеттер . . . 43

Кіріспе

Үш жастан алты жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп салмағы артады. Жоғарғы нерв миының дамуы да жылдамдайды ойы да өседі. Үш жаста 8 -10 см өссе 4 жаста оған қарағанда баяу 4 -5 см төмендейді 5-6 жаста 6-7 см артады. 6 жаста 7-8 см өседі. 7 жаста 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді, бұлшық еттері дамиды, денесі кішкентай кезіндегі мен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық еттерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналымының системалық жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жаспен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуыда жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді. Бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырларының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады яғни 3 жаста мың екі жүз грамм болса 7 жаста мың екі жүз елу грамм болады. 3 дейін баланың екінші ми системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік септігін тигізеді. Өйіткені бала өз құрбы - құрдастарымен айналасындағы үлкендермен тілдік қарым -қатнаста болады. Бұның өзі баланың логикалық ойлауын өзгелік санасын есін, қабылдауын қиялын зейнін дамытады. Соның нәтижесінде бұрынғы мен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым - қатынасы артып баланың жасерекшелігіне тән өзіндік қабілеті қалыптасады.

Ерте сәбилік шақта қалыптасқан баланың жеке басы дамуындағы алғышарттар төңірегіндегі, адамдар тарапынан балаға ықпал жасалуының жаңа жолдарының негізін қалайды. Өсіп жетіле келе бала мінез-кұлықтың жаңа формалары мен психологиялық белгілерін игереді, осының арқасында ол адамзат қоғамының кішкентай мүшесі болады.

Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.

Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау - өзекті талапқа айналады.

Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберінен шығарьш, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формаларының байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.

Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын қалыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді, одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады. Адамның жеке басының даму шарттары дамудың өзімен тығыз кіріккендігі сонша, оларды практика жүзінде ажырату мүмкін емес.

Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы -баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы - сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақ-тылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.

1. 1. Мектепке дейінгі жаста баланың жеке басының даму шарттары.

Балалардьң жеке басының дамуына үлкендер ықпалының негізгі жолы - олардың адамдар қоғамындағы мінез-құлқын реттейтін мораль нормаларын игерулерін ұйымдастыру. Бала бұл нормаларды мінез-құлық ережелері мен үлгілерінің ықпалын арқылы тигізеді. Балалар үшін мінез-құлық үдгілері - үлкендердің өздері олардың іс-қылығы, өзара қарым-қатынастары болмақ. Балаға оның айналасындағы ең жақын адамдардың мінез-құлқы айтарлықтай ықпал етеді. Балаларға еліктеуге, олардан үлгі алуға, олардың адамдарға, оқиғаларға, заттарға берген бағасынан тәлім алуға бейім тұрады. Әйтсе де ісі жақын адамдармен бітпейді. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендер өмірімен көптеген жолдармен: олардың еңбегін бақылау, әңгімелер, өлеңдер, ертегілерді тыңдау арқылы танысады. Айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне, қошеметіне бөленген адамдар бала үшін үлгі болады. Құрдастарының балалар тобында қолдау тауып, кең тараған қылықтары да бала үшін үлгі болуы мүмкін. Ақырында, белгілі бір моральдық қасиетке ие кейіпкерлерінің әрекеттерінде көрініс беретін мінез-құлық үлгілерінің мәні аз емес.

Бала төңірегіндегі адамдардың мінез-құлық шеңберінен тысқары шығатын мінез-құлық үлгілерін игеруге шешуші сәт - ол баланың өзі жақсы көретін және ол үшін пікірі ерекше беделді болып саналатын адамдардың өзге үлкендерге, балаларға, әңгімелер мен ертегілердің кейіпкерлеріне берген бағасы.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мінез-кұлық үлгілеріне қатты назар аударады. Мысалы, ертегіні немесе әңгімені тыңдағанда олар кімнің жақсы, кімнің жаман екенін міндетті түрде анықтауға тырысады, бұл жағынан ешқандай екі ұштылыққа төзбейді және осы тұрғыдан тіпті жансыз заттарға да баға беруге тырысады. Тоғайда адасқан және ағаш кесуші шаруа кұтқарып алған баланың тарихын тыңдаған жасар баланың айтатыны: «Ағай - жақсы кісі, ол баланы тауып алды, ал орман жаман, ол баланы адастырды». Ақымақ Иван жөнінде бірқатар орыс ертегілерін тыңдаған төрт жарым жастағы баланың берген сұрағы: «Апатай, ақымақтар жақсы ма, әлде жаман ба?»

Үлкендер балаға мінез-құлық ережелерін үйретеді. Мектепке дейінгі балалық шақ бойына күрделене беретін ережелер балалардың күнделікті мінез-құлқын қалыптастырады, жағымды қылықтар жаттығуларын қамтамасыз етеді. Балаларға талап қою және олардың қылықтарына баға беру арқылы үлкендер балалардың ережелерді орындауына қолдарын жеткізеді.

Балалардың өздері біртіндеп айналасындағылардың олардан қандай мінез-құлықты күтетіні жөніндегі түсініктерді негізге ала отырып, өз қылықтарын бағалай бастайды.

Мектепке дейінгі кішкентайлар режимді сақтаумен, мәдени-гигиеналық дағдылармен байланысты ережелерді, ойыншықтарды ұстап-тұту ережелерін меңгереді. Олар тек үлкендердің талаптарына бағынып қана қоймайды, сонымен бірге ережені өздері меңгеріп алуға тырысады. Балабақшада балалар шағымдарың және құрдастарының мінез-құлқын бұзғандығы жайлы тәрбиешіге айта бастайды. Балалардың бұл мәлімдемелері ережені бекіту жөніндегі өзіндік өтініш, оның баршаға міндетті екенін көрсету болып табылады. [2; 141-143]

Балалар бөлме ортасына дөңгеленте қойылған аласа орындықтарда отыр. Олардың алдында осындай орындықта қолына кітап ұстаған тәрбиеші отыр. Қазір ертегіні оқу басталады.

Балалар бос тұрған орындықтың кез келгеніне отыруға болатындығын және орындықтарды қозғауға болмайтындығын біледі. Дегенмен балалардың әрқайсысы тәрбиешіге жақынырақ отыруға тырысады, әдемі суреттері бар кітап әрқайсысын өзіне тартады. Шыдамы жетпеген балалардың бірі өз үстелін екі қолымен ұстаған күйі, орындықтан тұрмастан тәрбиешіге қарай жылжытып әкелді.

Бірнеше дауыс бірден:

- В. А. ! В. А. ! Ал, ол сізге қарай жылжып келеді. Ол сізге карай жылжып келеді.

Лорик. пен Люса да ережені бұзған жолдасы сияқты орындықтарды мықтап ұстап алған, бірақ орындарында. Бұл екеуі өзгелерден көбірек ай-ғайлайды. Бүкіл денесімен тәрбиешіге қарап жылысып келеді. Олардың айқын тұрысы мен бет пішіндерінеи Лорик пен Люсаға орындарында отырып қалудың олар үшін қанша қиындыққа түскенін керіп отырмыз.

- Олай жасауға болмайды, - деді, тәрбиеші сабырлы түрде тәртіп бұ-зушыға қарап, - бәрің де өз орындарыңа отыруларың керек.

Тәрбиеші ережені бұзған баланы өзінің орнына отырғызды, бәрі де тыныштала қалды.

Кейбір жағдайларда өзге баланың мінез-құлқы жөніндегі айтқандары жаңа, белгісіз ережені анықтауға бағытталады, олай істеуге болатыны не болмайтыны жөніндегі берген сұрақ, мағынасында да болады.

Мектепке дейінгі естияр және әсіресе ерсек шақта өзге балалармен қарым-қатынас ережелерін игеру бірінші орында болады. Балалар іс-әрекет күрделенуі жиі жолдасының көзқарасымен, оның праволары және мүдделерімен есептесу қажеттігінің пайда болуына әкеп соктырады. Балаларға өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру оңайға түспейді және олар бастапқы кездерде берілген нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін түсінбестен осы ережелерді үстіртін қолданады. Өзара қарым-қатынас ережелерін меңгеру тек қана осы ережелердің практикада өзгеруінен, бұзылуынан, қалпына келуінен балалар алатын тәжірибенің нәтижесінде ғана болады.

Мектепке дейінгі жас ішінде балалар мінез-құлық ережелерін орындай бастаудың түсіну дәрежесі өзгеріп отырады. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлар мінез-кұлық ережелерін орындауға әдеттеніп алады. «шамадан тыс тәртіп сүюшілікті» көрсетеді және тәртіптің сәл ғана бұзылуына да келіспейді.

Мектепке дейінгі ересектердің ережелерді дағды бойынша : орындауы олардың мәнін түсінуге негізделген саналы орындау мен алмасады. Бұл кезеңде балалар ережеге тек өздері бағынып қана қоймайды, оны өзге балалардың да орындауын қадағалайды.

Мінез-құлықтың үлгілері мен ережелерін игеруде мектеп жасына дейінгі балалардағы мақтаныш пен ұят сезімдерінің үлкен мәні бар, олар балаларды, өз қылықтарын үлкендердің бағасы және үмітімен үйлестіруге жетелейді.

Мектеп жасына дейінгі бала тек үлкендер мақұлдайтын істі орындау себебінен ғана емес, сонымен қатар өз басының жағымды қасиеттерінің (батылдықтың, әділдіктің, өзгелермен бөлісуге әзірдігінің) себебінен де мақтаныш сезіміне ие болады. Ол дұрыс баға берілетін үлгілерге өзінің мінез-құлқын теңестіреді әрі оларға ұқсас болу оған өзін мақтан етуге негіз беретінін түсіне бастайды.

Ерте сәбилік шақта әдетте үлкендердің тікелей араласуымен пайда болатын ұялу сезімі мектеп жасына дейінгі балада өзгелердің одан күткен үмітін ақтамағанын, ережені бұзғанын, дұрыс бағаланатын үлгіні аттағанын түсінген жағдайларда пайда болады. Бала қорқақтық, дөрекілік, қараулық, әдепсіздіктің т. б, көрсетуден ұялады. [ 5; 138-140]

Мектепке дейінгі баланың жеке басы дамуына құрдастар қарым-қатынас жасаудан тиетін ықпал маңызды роль атқарады. Ерте сәбилік шақта өзге балаларға деген іш тартушылық мектепке дейінгі балада кұрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне айналады. Жанында жоқ жолдасын алмастыруды ұсынған анасына қарсы болған алты жасар баласы бұл қажет-тілікті: «Маған балалар керек, ал сен бала емессің»- деген сөздермен жақсы сипаттап берді.

Араласу қажеттілігі балалардың ойындарда, еңбек тапсырмаларын орындауда бірлескен іс-әрекеттер жасау негізінде дамиды.

Бала өзге балалармен үнемі бірге және әр түрлі қарым-қатынастарда болатынын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жағдайларында балалар қоғамы қалыптасады. Бұл қоғамда бала коллективтегі , мінез-құлықтың төңірегіндегі ақылшылармен емес, өмір мен іс-әрекеттің өзіне тең қатысушыларымен бірлескен өзара қарым-қатынас асаудың алғашқы дағдыларын игереді.

Баланың жеке басының дамуына өз құрдастары тобының тигізетін ықпалы алдымен құрдастарымен араласу жағдайларында бала өзге адамдарға қатысты мінез-құлықтың игерілетін нормаларын іс жүзінде қолдану бұл нормалар мен ережелерді әр түрлі нақтылы жағдайларға икемдеу қажеттілігіне үнемі душар болып отыруынан. Балалардың бірлескен қызметінде іс-әрекеттерді, үйлестіруді, құрдастарына қайырымдылық көрсетуді, жалпы мақсатқа жетуге бола жеке басының тілектерінен бас тарта білуді талап ететін жағдайлар үнемі пайда болып отырады. Мұндай жағдайда балалар мінез-құлықтың қажетті тәсілдерін таба бермейді. Әр бала құрдастарының праволарымен санаспай, өз праволарын іске асыруға тырысатын кезде балалар арасында қақтығысулар да жиі болып қалады. Қақ-тығысуға араласа және оларды жөнге сала отырып тәрбиеші балаларды мінез-құлық ережелерін саналы орындауға үйретеді.

Қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекет балалардық дұрыс іс-қылыққа жаттығуын қамтамасыз етеді, ол балалардың мінез-құлық нормаларын біліп қана қоймай, оларды іс жүзінде пайдалана білу де мүлде қажет.

Балалар қоғамы ықпалының екінші жолы болып балалардың жеке басының дамуына олардың игерген мінез-құлық ережелерінің топта қалыптасатын қоғамдық пікірі саналады.

Үш жастағы балалар тобында белгілі бір заттар, оқиғалар, іс-қылықтар жөнінде әлі ортақ пікір болмайды. Әдетте бір баланың пікірі екінші баланың пікіріне ықпал етпейді. Ал төрт-бес жаста балалар өз кұрдастарының пікіріне құлақ аса бастайды, тіпті егерде ол пікір өз әсерлері мен білімдеріне қайшы келе тұрса да көпшіліктің пікіріне бағынады. Көпшіліктің пікіріне бұлайша бағыну конформдылық (бір түрлестік) деп атьлады. Конформдылық тәжірибеде байқалады. Оның мысалы ретінде үстел үстіне жиыстырып қойған ақ және қара пирамидалардың бәрінде ақ пирамидалар деп айту үшін балаларды әдейі көндіріп қоюды атауға болады. Келісімге қатыспаған ба-ладан: «Пирамидалар қандай түсті?» - деп сұрағанда, ол екі-үш құрдасының пікірін тыңдап алып, - «Екеуі де ақ түсті», - деп жауап береді.

Алты жастағы балаларда конформдылық едәуір төмендейді. Мектеп жасына дейінгі балалардағы конформдылық өз пікірін келістіре білудің өткінші кезеңі болып табылады. Бірақ кейбір балаларда ол бекіп алып, жеке басының жағымсыз қасиетіне айналуы мүмкін.

Балалардың өз кұрдастарына беретін бағасы әуелгі кезде тәрбиешінің берген бағасын қайталау болып табылады. Үш-төрт жастағы балалардан: «Сіздің топтағы ең жақсы бала кім?»-деп сұрағанда, олар: «Біздегі жақсы бала Лена, өйткені ол тамақты жылдам ішеді» немесе «Біздегі жақсы бала Ви-тя, өйткені; ол үнемі айтқанды тыңдайды» деген жауаптар; қайтарады. Баға беру біртіндеп неғұрлым мазмұнды бола бастайды. Көптеген ойынды білетін, ойыншықтарын жолдастарымен бөлісетін, әлсіздерді корғайтын т. с. с. балаларға жақсы бағалар беріле бастайды.

Төрт, бес жастан кейінгі балаларға өз тобы тарапынан берілетін баға ерекше маңызды. Олар құрдастары тарапынан қолдау таппайтын қылықтардан бас тартуға, олардың жағымды қарым-қатынастарына ие болуға тырысады.

Балабақшадағы топта баланың белгілі орны оғай құрдастарының қалай қарайтындығымен сипатталады. Әдетте жалпыға танылған әйгілі екі-үш бала болады: олармен көпшілік бала достасуға, сабақта қатар отыруға, оларға еліктеуге олардың өтініштерін шын ықыласымен орындауға, ойыншықтарын беруге дән риза. Бұлармен қатар кұрдастары арасында сүйкімсіз деп екі-үш бала жүреді, олармен онша араласпайды, оларды өз-ойындарына қабылдамайды, ойыншықтарын да бергісі келмейді. Балалардың қалған бөлігі осы «полюстер» арасынан орын алады. Баланың өзгеге танымдылығының дәрежесі көптеген себептерге: оның біліміне, ақыл-ойының дамуына, міңез-құлық ерекшеліктеріне, өзге балалармен қарым-қатынас орната білуіне, сырт пішініне, қара күшіне және төзімділігіне т. б. байланысты.

Құрдастары тобындағы баланың орны жеке басының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Баланың өзін қаншалықты сабырлы, қаңағаттанғандық сезімде ұстауы, құрдастарына қатысты мінез-құлық ережелерік қандай дәрежеде игергендігі осы орынға байланысты. Құрдастарды тарапынан жан ашырлық жәрдем күтпейтін танылымы төмен балалар көбіне өзімшіл, томаға-тұйық мінезді болып шығады. Ерекше жоғары танымал балалар шамадан тыс көкіректік пен тасығандықтың «ауруына» душар болуы мүмкін. Тәрбиешіден балалар арасындағы қарым-қатынасты, топта жалпы тілеулестік жағдай жасауға, топтағы әр түрлі баланың алып отырған орнын теңестіруге бағытталған зор жұмыс талап етіледі.

Үлкендер мен құрдастары тарапынан балаларға тигізілетін ықпал негізінен іс-әрекет процесінде жүзеге асады. Үлкендер балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып ойындар мен суреттердің сюжеті жайында кеңестер мен нұсқаулар береді, бейнелейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарымен және амалдарымен балаларды таныстырады, балалардың өздерінің іс-әрекеттері мен құлықтарына белгілі талаптар қояды, оларға баға береді, іс-әрекеттер барысында пайда болатын қиындықтар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі. Балалар қоғамының негізін және оның мүшелерінің жеке басын дамытуға көмектесетін бірлескен іс-әрекетті орындағанда ғана балалар бірігеді және өзара әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.

Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық. ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда оның өз ісіне деген жауапкершілігін, ал дәрігердің ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады.

Ойын балаларды баулап алады. Бейнеленетін кейіпкерлер басынан кешетін сезімдер ауруларға, балаларға деген сүйіспеншілік, жан ашу, үлкендерді сыйлау т. б. - оларды шынымен-ақ толғандырады. Ойында пайдаланылатын қуыршақтарға, ойыншық жануарларға балалар сүйіспеншілік, сүйемелдеушілік, мейірімділік көрсетеді.

Ойынға қызығу рольді жақсы орындап шығу тілегінің күштілігі сонша, тіпті бұл жағдайларда балалар былайша алғанда қиын, тартымсыз іс-әрекеттерді орындап шығады немесе ойын барысында пайда болатын өзге тілектерін қанағаттандырудан бас тартады. Мектеп жасына дейінгі балалар мектеп оқушыларын бейнелегенде бір әріпті бірнеше қайталап жазу секілді жалықтырарлық бір сарынды іспен ұзақ уакыт бойы және тырыса шұғылданады. Темір жолдағы буфетші әйелдің ролін ойнайтын бес жасар қыз бала өзінің қолындағы печеньені жемейді, өйткені бұл қылық жолаушылар мүддесіне қайшы келеді. [4; 145-146]

Әйтсе де, ойында қол жеткен табыстарды балалардың тікелей басқа жағдайларға, өздерінің күнделікті мінез-құлқына аударуы мүмкін деп ойлаудың қажеті жоқ. Дәрігер ролінде ауырған қыз балаға жаңа ғана қамқорлық көрсеткен бала бірінеше минуг өткен соң, сол қыздың қолындағы ойыншықтарды оның жылағанына ешбір назар аудармай, қымсынбастан тартып алып жатқанын жиі көруге болады.

Балалар өздері алған рольдерге сәйкес ойнап шығатын әрекеттерімен өзара қарым-қатынастар оларға үлкеңдердің мінез-құлқындағы, қылықтарындағы, сезімдеріндегі белгілі себептермен, жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, бірақ әлі де балалардың оларды игеріп кетуін қамтамасыз ете алмайды. Ойын балаларды сюжеттік жағымен ғана емес, онда ненің бейнелейтіндігімен де тәрбиелейді. Ойың жөнінде өріс алатын шынайы өзара қарым-қатынастар процесінде, яғни ойынның мазмұнын талқылағанда, рольдер мен ойындар материалдарын тағы басқаларды бөліскенде балалар шынында да жолдасының мүддесін ескеруді, оған тілектестік білдіруді, жол беруді, жалпы іске өз үлесін қосуды үйрене бастайды. Ойынды өткізу мен ұйымдастырудың кейбір кезеңдері жөнінде балалар арасында дау жиі пайда болып тұрады. Әдетте мұндай даулардың себебі болып өз жоспарлары мен іс-әрекеттерін үйлестіре білмеу саналады. Мұндай жағдайларда тәрбиеші жәрдемге келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Баланың ақыл ойының дамуы
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Балалар психология пәні
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы туралы
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz