Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . 3
І Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуындағы іс-әрекеттер . . . 5
1. 2 Сенсориканың бала тәрбиесіндегі ролі . . . 9
ІІ Бала санасының дамуы
2. 1 Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамыту . . . 12
2. 2 5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы . . . 17
2. 3 Ойынның бала өміріндегі ролі және оның түрлері . . . 21
2. 4 Мерекелер және ойын сауықтар . . . 24
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142, 1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.
Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38, 7 %-ын құрайды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.
Елдегі демографиялық процестер - республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20, 8 мың балаға өсті.
Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегі жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.
Бағдарламасы елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. [1]
Мамандардың айтуынша, балалардың сенсорлық дамуы - олардың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі кезең - балалардың сезу мүшелерін дамытуға ең қолайлы шақ. Үш-төрт жастағы баланы сенсорлық тәрбиелеуде оның көру, есту, дәм сезу секілді қабілеттерін күшейту үшін оның түрлі ақпарат алуына жағдай туғызу қажет. Осылайша сезім мүшелеріне әсер ету арқылы баланың миының жұмысы жақсарады. Сонымен сенсорлық тәрбие барысында сәбидің жалпы әлемді сезіне білуіне, болашақта өзін қоршаған орта туралы толыққанды ақпарат алуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде педагогикалық тәжірибеде сенсорлық тәрбие кеңінен қолданылуда. Айталық, 2-3 жастағы бала түстерді ажырата білуі үшін оған негізгі жеті түстің біріне ғана боялған заттарды көрсету керек. Бала сенсорлық тәрбиеде біршама жетістікке жете бастаса, жаттығуларды күрделендіре түсуге болады. Жаттығулардың өте қызықты болуы шарт. Балаларды сенсорлық тәрбиелеуде ата-ананың рөлі өте маңызды.
Көлем. Өздеріне таныс заттарды салымтыру нәтижесінде, ұзындау, қысқалау, бірдей сөздерімен атап айтуға үйретумен қатар, заттарды қарама-қарсы және бірдей көлемде салыстыра білуге үйрету көзделеді. Белгілі бір заттың көлемін анықтауда оның ерекше белгілерін салыстыра отырып қолдану және салу тәсілдерін пайдалану қажет.
Жоғарылау, төмендеу, биіктігі жағынан бірдей, жуандау, жіңішкелеу, жуандығы жағынан бірдей деген сөздерден белгілеп салыстыра білуге үйрету.
Мысалы таспаларды, киіз үйдің ішінде, керегеде ілулі тұрған үлкен және кішкене қоржындарды салыстыру, олардың біреуі жоғарыда, екіншісі төменірек ілінгенін айтқызу. Үлкен және кішкене, жалпақ, жіңішке құрақ көрпелерді көрсетіп түсіндіру, салыстырып айтуға, көлемін ажырата білуге үйрету. Үлгі бойынша дайын оюлардан көрпеше құрастыру барысында үлкендеу, бірдей деген сөздерді қолдана салыстырып, заттардың ұзындығы, биіктігі, кеңдігі, жуандығы, жіңішкелігі жағынан қарама-қарсы және бірдей көлемде екенін ажырата білуге үйрету. Мысалы, жүк жинайтын сандықтың - кішкене, жіңішке, қысқа, аласа екенін салыстырып түсіндіру. Пішін. Дөңгелек және шаршы сияқты геометриялық пішіндерді ажыратып атай білуге үйрету. Мысалы бет орамал, түстері әртүрлі доптар, сүлгі, жастық, арбаның дөңгелегі, тағы басқа дөңгелек, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Киіз үй дөңгелек, теледидардың беті шаршы, үйдің шатыры үшбұрыш екенін айтып түсіндіру. Түстері әртүрлі геометриялық пішіндерді таратып беріп, үлгіге қарап көрпеше құрастыру.
Кеңістікті бағдарлай білу. Оң, сол қолдарын ажыратып, атап айтуға, заттарды оң қолмен алып, сол жақтан бастап қоюға үйрету. Мысалы оң жақта киіз үй, сол жақта ат байлайтын ағаш, құрылыс материалдарынан аласа шарбақ, биік қақпа құрастыру. Өзі тұрған жерден бастап, кеңістік бағыттары (алға, кейін, артқа, оңға, оң жақта, солға, сол жақта, желідегі құлын, сыртта жайылып жүрген қойлар) . Атпен жарысып шауып келе жатқан екі бала, Нұрланның аты алда озып, Ерланның аты кейіндеп келе жатқанына назар аударту. Өзі тұрған жерден бастап кеңістік бағыттарын ажырата білуге жаттықтыру. [2]
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуындағы іс-әрекеттер
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңі процесінде ересектермен және құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру ары қарай жалғаса береді.
Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орындағы мінез-құлық мәдениеті мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды.
Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.
Балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру барысында бала дербестігінің, өзінің және құрдастарының өзін-өзі ұстау мінез-құлқының артқандығын сезіне білуі, яғни ересектер тарапынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалысын дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады.
Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Баланың эмоциясын және қимылдарын дамытуға әсер ететін жас ерекшелігіне сай тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану керек.
Бейнелеу шығармашылығынан, драмалау ойынан, сахналаудан тұратын балалардың түрлі дербес көркем әрекетін ұйымдастыру қажет. Өнімді іс-әрекет түрлерімен айналысу сабақтарында балаларды құралдар, атрибуттар әзірлеуге қатыстыру. [3]
Ойын іс-әрекеті алуан түрлі бола түседі, балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым-қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.
Жыл соңында ересектер тобындағы балаларда болашақтағы мектеп оқушысы ретінде үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылықты тәрбиелеу қажет.
Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру оқыту мен тәрбиелеу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Заттық дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан оның балалардың денесін, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы ескеріледі.
Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта әртүрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады. Мысалы, тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру көзделеді.
Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді қатыстырып отыруы керек.
Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп - кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады, екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы бала өмірінің екінші жылын ерекшелейді.
Екі жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170, 0-190, 0 г, бойына - 1 см қосып отырады. Екі жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12, 0-12, 7 кг, бойының ұзындығы 85, 0-86, 0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5, 5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12, 5 сағатқа дейін қысқарады.
Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.
2 жаста қарқынды даму бағыттары айқындалады. Бұл ересек адамдардың тілін түсіну және сөйлеу қабілетінің дамуы, сенсорлық даму, заттармен әрекеттің, ойындардың, қимыл-қозғалыстарының, дербестіктің дамуы. Дамудың әр бағыты басқа бағыттармен байланысты дамиды. [4] Мысалы, заттармен әрекет жасаудың және ойынның дамуы қимыл-қозғалыстың дамуымен, ал 1 жас 6 айдан кейін сөздерді түсінуімен тығыз байланысты. Дамудың бұл бағыттары осы жаста ерекше маңызды, өйткені олар едәуір күшті болып табылады және жағымсыз факторлар әсеріне (нашар анамнез, аурушандық, педагогикалық әсерлердің жетіспеушілігі және т. б. ) аз ұшырайды. Белсенді тілдің дамуы - жағымсыз факторлардың әсеріне едәуір сезімтал жаңа бағыт.
Екі жас - тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды.
Тілді түсіну біртіндеп болатын процес. Бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.
Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді.
Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады.
2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі - қоршаған ортамен қарым-қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір сұрақтарына жауап бере алады. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.
Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, «үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді. [5]
1 жас 3 айдан бастап, 1 жас 6 айға дейін бала жаңа іс-әрекеттерді орындай бастайды, ересектер мен жасы үлкен балалардың іс-әрекеттеріне қарай отыра, тәрбиешінің қимылын қайталап, көргендерін орындайды. Ол бейнелеу әрекеттері деп аталады, 2 жастың соңына қарай біртінділікті қажет ететін сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында ауыстырғыш заттарды қолданады, үлкендердің қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.
Ересектер балаларға белгілі талап қойып, оларды орындауға көмектеседі. Өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін орындап, ұқыптылықты сақтауға үйретеді. Белгілі міндеттерге сәйкес үй тұрмысындағы заттарды қолдана білу біліктерін қалыптастырады. Құрал ретінде кейбір тұрмыстық заттарды қолдана білу қабілеттерін дамытады. Баланың мінез-құлқын жетілдіруде, тілді меңгеруде және ойын әрекеттерін дамытуға баланың еліктеу қабілеті маңызды орын алады: бір жарым жастан кейін бала ересектердің қимылдарын қайталап қана қоймай, өзі көрген қимылдарды қайталай бастайды.
Екі жаста негізгі қимылдардың барлық түрлері жетіледі, ол кейбір анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы баланың аяқтары қысқа, басы үлкен, денесі ұзын; қимылдарды үйлестіру мен сыртқы белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз.
Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі - бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.
Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен олардың қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т. б. ) қабылдау қабілеттері жетіледі. Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді. [6]
1. 2 Сенсориканың бала тәрбиесіндегі ролі
Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Екі жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. [7]
Сенсорика
Мақсаты: заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу, осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгерту.
Міндеттері:
1. Балаларды заттардың сенсорлық қасиетгеріне зейіндерін аударуға үйрету, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыру.
2. Балалардың өздеріне жақсы таныс нысаналардың ерекшеліктерін жеткізе алуы үшін заттардың белгілерін өз еріктерімен қолдануларын бекіту.
3. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Мазмұны:
Заттық әрекет
Зат құралдарын қолдануларын үйретуді жалғастыру. Арнайы су толтырылған немесе суы жоқ ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен аулау үшін ауды, ожауды қолдануды ұсыну. Еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану Өз әркеттерінде зат құралдарды балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық әрекеттерде қолдануларын мадақтау. Қол мен саусақ ұштарының қимылдары және сенсомоторлық кеңістіктік «көз - қол» үйлесімділігін дамыту.
Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша, ), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету.
Балалар жылдың басында көлемі (үлкен - кіші), пішіні (шаршы - дөңгелек, үшбұрыш - сопақша және т. б. ), түсі (қызыл - көк, сары - қара, қызыл сары -күлгін және т. б. ) бойынша көзге бірден түсетін біркелкі заттарды, содан соң заттардың көлемі, пішіні (дөңгелек - сопақша, тік төртбұрыш - шаршы), түсі (қызыл - қызыл сары, көк - күлгін) бойынша бір-біріне ұқсайтындарын топтастыруға үйрету.
Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz