Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға қолданылатын қатысымдық-ойын әдісі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға қолданылатын қатысымдық-ойын әдісі

Меңдаяхова Қ. М. - п. ғ. д., профессор (Алматы қ ҚазмемқызПУ)

Оқытудың мақсаты - тілді меңгеруде тілдік бірліктер арқылы қатысымды жүзеге асыруға үйрету. Ол үшін қатысымның түрлі жағдайлары қолданылады. Сөйлесуге сабақта баланыы сөйлеуге жетелейтін қатысымдық міндеттер қойылады. Қатысымдық-ойын әдісіне қандай тұрғыдан қарағанда, ойынға қатысушы жеке тұлға, әрекет жасаушы субъект деп қаралады, ол ойынға қатысушылармен ойын кезінде тілдік қатынасқа түседі. Тілдік қатынаста тіл мәдениетімен танысады, баланы тәрбиелеуге негіз болады, сана-сезімін дамытады. Бұл оқыту әдісі баланың жас ерекшелігіне ерекше мән берілетіндіктен, оқыту материалдарын тыңдау, оқыту тәсілдерін таңдауда баланың жас ерекшелігіне сәйкестігі бірінші орын алады. Жас балалардың тілін дамытуда көрнекілік пен ойын өте күшті қызмет атқарады.

Ғылымдағы қатысымдық - ойын әдісін тіл дамыту мақсатында қолданғанда, мына мәселелерге көңіл бөлу керек: а) ойын мазмұнды болу керек; ә) сөйлесім әрекеті ойын негізінде құрылу керек; б) сөйлеушінің сөзі тыңдаушыға бағытталуы керек; в) сөйлесу дұрыс орфоэпиясымен, интонациямен орындалуы керек; г) сөйлесімдік қатысым бұл талаптарға сай құрылуы керек.

Балабақша балаларының тілін дамытуда ойын арқылы сөйлеу жағдаятын туғызу өте ұтымды әдіс деп саналды. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.

Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.

Ойын-жаттығудың өзіндік белгілерін анықтап алайық. Ойын-жаттығулар мына талаптарға сәйкес келуі керек.

  1. Ойын-жаттығулар баланың қолынан келетін жағдайларға арналуы керек.
  2. Ойын-жаттығулар баланың сөйлесім қажетіне жарайтындай болуы керек.
  3. Ойын-жаттығу баланың жоспар бойынша белгіленген тілдік деректерді қайталауына, бекітуіне қолданылуын қалыптастыру мақсатына сай болуы керек.
  4. Қатысымдық бағалылығы тіл арқылы балада адамгершілік, эстетикалық сезімін тәрбиелейтін және бірнеше тақырыпта қолданарлық болуы керек.
  5. Ойын-жаттығуда қолданылатын тілдік деректер баланың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын, балаға қажет болуы керек.

Ойын-жаттығулар қатысымдық -ойын әдісінде қолданылады. Қатысымдық ойын әдісінде ойынды екі түрлі қолдануға болады, олар: 1) жаттығу ретінде; 2) ойнау әрекеті ретінде.

Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:

  1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
  2. Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын боуы керек.
  3. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.
  4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы керек.
  5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды.

Ғалымдардың айтуынша, дидактикалық рөлдік ойын, ойнау тәсілдері ойын жүйесінің қорын, негізін, бағасын құрайды. Мәселен, ойын-қиял ойыны дидактикалық рөлдік ойында мысал бола алады. Онда балалар шындық өмірді қайталайды, оның көшірмесі болады немесе өмірде жоқ жағдайда қиял жағдайына түседі.

Балабақшаның ересектер тобында ойын - қиял мен ережелі ойын (жарысу элементі бар ойын, жасыру мен табу ойыны т. б. ) түрлі тілдік жағдайды жасауға, қатысымға өте қолайлы саналады. Ондай ойындарда балалар бір-бірімен эмоционалды қарым-қатынаста сөйлеседі, біріне-бірі көмектеседі, достық қарым-қатынасқа түседі, жеңіс нәтижесі ортақ қуанышқа бөлейді. Алайда, бір ойынды өзгеріссіз қайталаудан сақ болу керек, ондайда балалар тез зерігіп, ойынға қызықпайды.

Дидактикалық рөлдік ойынның міндетті компоненті болып қиял жағдайы саналады. Қиял жағдайы ойынды қызықты етеді. Орынбасар заттар, маскалар балаларды қиял дүниесіне жетелейді.

Ойындағы рөль ойынның компоненті болып саналады. Ойын нәтижесі де ойынның негізгі компонентіне жатады. Ойынның нәтижесі туралы тәрбиеші жақсы дайындалуы керек. Ол нақтылы зат болуы керек те емес, ол қиялдағы құнды зат, балалар құмар заттардың аты т. б.

Ойынның нәтижесін шығаруда мектеп бағасын қолданудың қажеті жоқ. Онда эмоционалды баға дұрыс, ол жұлдызшалар, флажоктар т. б. Мазмұнды бағаға тәрбиешінің баланың еңбегіне дұрыс пікірі, нәтижені жақсарту үшін тәрбиешінің кеңесі, жіберілген қатені, қиындықты түзету жолын көрсетеді.

Баланың тілін дамытуда қатысымдық - ойын әдісі тәрбиеші мен баланың арасындағы, бала мен баланың арасындағы тілдік қатысымды іске асыратын оқыту әдісі брлып табылады.

Ойын-жаттығулардың нәтижелі болуы тәрбиешіге байланысты. Ойын-жаттығуларда алдымен тәрбиеші ойында балалармен бірге ойынға қатысушы екіншіден, ойынды басқарушы көш басшы. Олай болса, тәрбиеші өзінің ерекшелігімен, шеберлігімен ойын-жаттығулардың нәтижелі болуын іске асырады.

Қазіргі мектепке дейінгі білім тәрбиеші мамандығына, оның жеке қасиеттеріне жаңаша талаптар қояды. Ол талап бойынша тәрбиеші өз мамандығын, білімін үнемі жетілдіріп отыратын болуы керек. Тәрбиешінің жоғары мамандық дәрежесі оның өз мамандығын, білімін жүзеге асыра білуімен, өзін-өзі дамыта білуімен, өзін-өзі тәрбиелей білуімен байланысты. Тәрбиеші де баланы неге үйрететінін, қалай үйрететінін, қандай әдістер қолданатынын, балалардың психологиялық ерекшелігін, қай материалды қашан, қандай жағдайда қолданатынын жақсы білуі керек. Сонымен бірге балабақша мәселесінде ғылымда болып жатқан жаңалықтарды біліп, оларды тәжірибеде қолданып отыруы керек. Әр тәрбиеші бұл талаптарға сай келсе, және ол өз жұмысын ұнататын, балаларды жақсы көретін болса, ол тәрбиеші балалармен жақсы жұмыс жүргізе алады деуге болады. Бұл - жалпы талап. Ал, қатысымдық - ойын әдісінің өз талаптары бар. Тәрбиеші балалардың тілдік қатысым әрекетін кезінде бағалап, дұрыс бағыт бере білуі керек, баланың тілдік қатысымдағы қатесі елеусіз қалмай, сыпайы түзетіліп отыруы керек. Сабақта тәрбиеші тілдік қатысым әрекетінің дұрыс екенін білдіру үшін басын изеп, қате болса, басын шайқау сияқты т. б. вербальді тілдесуді де қолдануына болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Сөйлеудi дaмыту оқу-қызметiнде еpесек топ бaлaлapының бaйлaныстыpып сөйлеуiн қaлыптaстыpудa қосaлқы тәсiл pетiнде ойындapды қолдaну шapттapын aйқындaу
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz