Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы зеиінің психологиялық ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары.
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы зеиінің психологиялық ерекшеліктері.

I. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 4
1. Зейін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Зейінің құрылымы мен түрлері және
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрнекетіндегі зейіннің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.1. Мектепке дейінгі баланың тұлғасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 13
3. Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15

II. Қорытынды.

Мектеп жасына дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының психологиялық
ерекшеліктері және зейін.

Мектепке дейінгі балалық шақта организмнің қарқынды жетілуі жалғаса
түседі.Жалпы өсумен қатар тканьдар мен мүшерердің анатомиялық қалыптасуы
және функционалдық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық
еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен
маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамннан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми
сыңарлары қабықтарының реттегіш рольі мен оның ми қабығы астындағы
орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болуы
жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда
болуымен сипатталады. Мектеп жасына деиінгі баланың айналадағы адамдар
арасынан алатын орынының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі
айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.
Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет
ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастары мен
жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы белгілі. Мектеп жасына
дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз
“менінің” және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен,
үлкендердің ішкі дүнтесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-
қатынысына ерекше қызығумен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері
оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік рольдік ойындардан көрініп
отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген зейін, білім мен
іскерліктердің болмауымен ұштасып келуі баланың сол өмірде өзінің шамасы
келетін ойын формасын игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың зейінінің дамуы үшін айрықша қолайлы жағыдайлар мектепке дейінгі
қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде
балаларды оқыту, зейінін қалыптастыру, прогграмасы жүзеге асып, олардың
бірлескен іс-әрекетінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікірі пайда
болады. Арнайы жүргізілген зертеулердің нәтижесі көрсеткендей, психикалық
дамуының жалпы дәрежесі мен зеиін көлемінің кеңдігі, зейінінің тұрақтылығы
және мектепке оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер
балабақшаға барма ғандардан жоғарырақ болады. Бала зейінінің дербестігінің
арта түсуі үшін, тәрбие мен оқу жағдайында және ойын процесінде қоғамдық
тәжірбиенің жаңа формаларын игеру қажет.

1.Зейін.

Зейін дегеніміз-адам санасының белгілі бір затқа бағытала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда зейін деп-айналадағы
обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психологиялық
әрекетімізді тұрақтата алу.Мысал келтіріп өтетін болсақ. Оқушы
математикалық есеп шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұның психикалық
кейпі жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығу жоспарын ойлайды, оның бірінен
кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін
тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін,
түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекетінің
әр бір түрінде өз зейінін ұйымдастырып, басқа обьектілнрден ойын бөліп
отырады.
Адамға тән әрекетің кез-келген түрлерінде зейін орын алмаса, оның
нәтижесі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушински (1824-1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. “ Зеиін адам санасынан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірден-бір сөзі соқпай өте алмайды,
егер де соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды” деген
болатын. Оның бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда,
дидактикалық зертеулерде күні бүгінге деиін өзінің ерекшелігін дәлелдеп
келеді.

1.1. Зейінің құрылымы мен түрлері және қасиеттері.

Зейінің адамның еркіне қарай –Ырықты, Ырықсыз және Үйреншікті болып үш
түрге бөлінеді.

Ырықсыз зейінің- психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар. Кейбір
зертеулерде пассивті зеиін, енді бір құралдарда эмоциялық зеиін деп те
аталады. Сыртқы дүниенің кез-келген обьектілері кейде ырықсыз –ақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мысалы: Зейінің бұл түрі әсіресе жас балаларда
жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері
белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте
нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Үйдегі мултфильм көріп отырған
кішкентай бала , сыртан естілген достарының даусына зейіні еріксіз-ақ
ауады. Қызығу – ырықсыз зейінің бұлағы. Өйткені үлкендердің көңілі қызықты
іске, балалардың көңілі қызықты ойынға тез ауады.

Ырықты зейін-ерікті және активті зейін деп те аталады. Сананың әрекетің
белгілі шартары мен байланысты болып, бір обьектіге бағытталуын ырықты
зейін дейміз. Ырықты зейінің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі
алға қойған мақсаты мен, ерік күшімен байланысты.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін
қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін бастауыш сыныптарда
оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастырылуға
тиісті. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліртеріне қарай түрліше жүргізіп
отыру керек. Мысал келтірер болсақ, Мектепке дайындық бөлімінің
оқушыларының зейінін мұғалім өзіне аударып, әріптерді үйрету үшін түрлі-
түсті әріптерді қолданғанда балалрдың еріксіз яғни ырықсыз зейіні пайда
болады. Кейін балалар ол әріптерді танып, әріптерден сөз құрай бастағанда
оларда ырықты зейіні пайда болады. Осылай ырықсыз зейінді ырықты зейінге
аударып отырыу қажет.

Ал Үйреншікті зейін- зейінің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғандай, ол
ырықты зейінен кейін жасалады. Сонымен үйреншікті зейін дегеніміз- қажетті
әрі құнды болып саналатын обьектіге адам санасының шоғырлануы. Күнделікті
балалардың достары мен ойнауын үйреншікті зейінге жатқызуға болады.

Ал енді зейінзің қасиеттеріне келетін болсақ. Зейінің Тұрақтылығы хәне
Жинақылығы.

Зейінің тұрақтылығы деп- адам зейінін бір обьектіге немесе бір
жұмысқа ұзағырақ тұрақтата алуын айтамыз
Зейінің осы қасиетінің ойын процесінде маңызы зор. Ойын үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге, мысалы:
кубиктерден үлкен әсем үй салуға әрекеттендіру қажет. Сонда бала есейген
кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті обьектіге жинақтай алатын
болады.

Зейінің аударылу деп- бір обьектіден екінші обьектіге назарымызды
көшіруді айтады. Мәселен:Мектеп жағыдайында балалардың зейінін бір пәннен
екінші пәнге , жұмыстың бір түрінен екінші түріне аудара алуын айтамыз.

Зейінің бөлінуі. Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара
білу мүмкіншілігін зейінің бөлінушілігі деп атайды.мәселен: Кішкентай бала
ойнап жургенде, ойнаумен қатар өзінің жаттаған тақпағын айтып жүруін айтуға
болады.

Зейінің көлемі деп- бір уақыттың ішінде оның қамтитын обьектілерінің
санын айтады. Зейінің көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірбиелерді
тахистаско деген аспаппен тексереді.
Адам бір мезгілде орта есеппен әр түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын, 12-
14 әріптен тұратын мағанасы бар сөзді де қамтитынын көрсетіп отыр. Зейінің
көлемін артыру үшін мұғалім балаларды комплекстік заттарды байқай алуға,
оларды бір обьект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Бірден біраз
нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін деиді де, обьектілерді
жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін деп атайды.

Алаң болушылық деп- белгілі бір обьектіге саналы түрде зейінді
ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Мектеп жасына дейінгі балаларда
алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен
айналыспағандықтан зейінің жоғарғы түрлері өз дәрежесінде болмайды.

II. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетіндегі зейіннің негізгі түрлері.

Мектеп жасына дейінгі балалардыңзейінінің қалыптасуында ойын әрекеті
ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі обьектілерді көред, естиді,
баиқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар
аудара бастайды. Ойын үстіндегі балаларда зеиіннің рүрлі қасиеттері жақсы
байқалады. Айтылып өтілгендей, мектепке деиінгі шақта жетекші іс-әрекет
ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің
көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем
араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер
туғызады.
Негізінен баланың ойнауына нендей нәрсе түрткі болатыны туралы,
өткен ғасырдағы Шиллердің айтуы бойынша, бала қозғалмай, немесе ешнәрсемен
айналыспай көп отырса, соның салдарынан “ жұмсалмай қалған қуаты” жиналады
да, соны жұмсау қажетілігі оны ойнауға итермелейді. Бұл пікірге көпшілік
психологтар қарсы болғаны мен тек жұмсалмай қалған күші барлар емес, күш-
қуатын тауысып, шаршап отырған баладан “ойнайсың ба?” деп сұраса “
ойнаймын” деп жауап береді. Осыны еске алып Австрия психолыгы К. Боллер “
жұмсалмай қалған қуат ” теориясы баланың не себептен ойнайтынын дәлелдей
алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахатану
теориясы, әуелгі пікірге қосышалығы да болуы мүмкін. Себебі бала ойыны сол
кезде мәз болып рахатанумен ұштастырылмаса, екінші рет ол ойнағысы келмес
еді.
Неміс психологы К.. Грос кішкентай балалардың ойынын зерітеп
өзінің осы жөніндегі пікірін жариалады. Оның айтуынша, бала өзінің
күшін, ақыл – ойын дамытып дағдылануы үшін ойнайды. Осы пікірін
дәлелдеуде Грос мынандай деректер келтірді. әсіресе төмендегі
даму сатысында тұрған жануарлардың өзгерілмеитін соқыр сезімі көп
болғандықтан, олардың балапандары ойнамайды, тек инстинктері аз
жануарлардың балапандары ғана ойнайды. ойнайтын себебі олардың туа
берілген инстинктері аз болғандықтан, осыған байланысты ептілікті,
машықтану арқылы толықтырғысы келеді дейді. Бұл пікірге Голандия
Психологы Е. И . Бойтендайк қаосы шықты.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы ббірлескен
іс-әрекет негізінде қанағатандырыла алмайды. Бұл қажетілігін балалар ойын
үстінде қанағатандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып,
еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым қатынасты да
нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы ерекше орны оның үлкендер өміріне
араласуының айрықша түрі боллып саналатын рольдік ойындардың пайда болуының
негізіне аиналады.
Сонымен, егер ойыннйң сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және
қарым-қатынасымен танысуға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны
балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге
үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайында, балалардың
осы тобының талаптарына және өзінің жеке- дара қабілетеріне сай ұстауға
үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік
мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп төстеуді ұнататын,
сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың
ойында алатын орыны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекес жасау жағыдайында баланың басқаларға
өзін таныту қажетігі байқалады. Өзін таныту қажетілігі ойындағы статустық
рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
күрделенеді. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер
бөлінгеннен кейін ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Осы айтылғаның
бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі
жобаланып және нығайып отыратын кейбір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі
деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу
қабілетін үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен
алмастырыға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастытуды бала
үлкендерден үйренеді. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана
қоймай, зат, жануар, басақа адамдар орынына өзін де қолданады. Мысалы:
мылтықпен атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі,
қиялдағы теплавозды жүргізеді әрі өзі теплавоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық
ала бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады.
Символикалық оиын, баланың символдарды қолдануы- оның психикасының дамуының
елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір обьектіні екінші обьектінің көмегі
арқылы ауыстыра білу қабілеті яғни зейінің кеңейуіне, кейінірек әлеуметтік
таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық
функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-
ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді.
Бір затты екінші заттардың орынбасарлары реінде кең қолдану балалар
ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді.
Бала орынбасар заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен: дүкен
ойынына материалдар іріктегенде бадырған балмұздақ орнына ақ кірпіш,
шұжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл
дөңгелектер қолданылса қанағатануы мүмкін.
Ойын іс- әрекеті ырықты зейін ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын
жағдайларында балалар лабараториялық тәжіобиелер жағдайларындағыдан зейінін
жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау
және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай
ажыратылады. Ойынның шартарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін
затарға ойналатын іс-әрекетер мен сюжет мазмұнына зейінін жинақтауды талап
етеді. Егер де бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы
келмесе, ойынның шартын есінде сақтамаса, онда оны құрдасьтары ойынан қуып
жібереді. Қарым- қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік
балаларды мақсатты түрде зейінін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр
етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын
үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары
оны жақтырмайды. Бұл жағдайға эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер
болады.
Ойын ақыл- ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-
әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағанасын қолдануды тағы басқаны
үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекекетінің түрлі
формаларының шарты болып табылады. Мәселен: затпен қимылдар жасай отырып,
ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі
ойын жағдайына қажетті затың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда,
таңдалған нәрсе, біріншіден жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір
сыртқы тірегі және екіншіден, осы затпен жасалатын шынайы іс-әрекеттер
тірегі ретінде көрінеді.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске
түседі. Мектепке деиінгі кейбір кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны
үлкендердің шынайы затармен жасайтын шынайы іс- әрекеттерін ойын
затары арқылы қайта жаңғыртатын іс- әрекетерді орындау болып
есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар стол сүртеді, еденді
сыпырады тағы сол сияқты. Іс- әрекеттерді қайта жаңғырту мектепке
дейінгі кішкентайлардың ойынының негізгі мазмұны, міне осында. Бұл
кезеңдегі кейбір балалар, әдете жеке дара ойнайтынын атап өткен
маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің арнайы
ұйымдастыруымен бірікеннің өзінде олардың ойыны бәрібір бірлесіп
ойнау емес, қатар ойлау. Балалар бір – бірінің ойынына аз көңіл
аударады, әр қайсысы өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.
Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер
сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс - әрекеттерді орындай
отырып, осы іс - әрекеттерге сай рольдерді ойнай бастайды. Мәселен
қуыршақты тербетіп отырған екі – үш жасар қыз бұл жерде өз
мойнына мама рольін алмайды да бұл жағыдайда: Сен кімсің ? -
деген сұраққа өз атын жауап береді. Ал бес – алты жасар қыз
болса, өзін мамамын деп таныстырады. Бұл жерде бала енді іс -
әрекетті сол әрекетті өзі үшін жасамайды. Олар ролге кіріседі.
Енді сіз кең жайылған қайталама іс - әрекетерді көре алмайсыз.
Балалар жасайтын әрекеттер азды – көпті ықшамдала бастайды. Ойын
дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында болатын қарым –
қатынастар қызықтыра бастайды. Әрекеттерді қарым – қатынастарды
өрістетудің құралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай тұрып –ақ
балалар кімнің кім болып ойнайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын
айтылып өтілгендей, әлеуметтік ролдер игеріледі. балалаор көп
жағыдайларда балалар болып ойнайды. Мұндай жағыдайларда олар
адамдар қарым – қатынасы жүйесіндегі өз орындарын жақсы түсініп,
өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.
Өмір тәжірбиесінің жоқтығы мен бәрін де тезірек білуге
тырысушылық баланы ғажап максималист етеді. Осылай болады,
бұлай болмайды, бұл жақсы, бұл жаман - балалар бағалануының
кең тараған формалары. Осыдан барып ережелерді ұнату туындайды.
Мектепке дейінгі ересек балаларда ойын мазмұнының бастысы –
ережелерге бағыну, өзін - өзі тежеу, қарым – қатынас тәртібі
алдыңғы кезекке шығады. Ойын үстінде балалар өз әрекеттерін тез
үйлестіріп, бір – бірінің айтқандарына көніп, бағынып отырады,
өйткені бұл олардың өздері алған рольдердің мазмұнына енеді.
Әрекетерді рольдік қатар бағындыру мен келістіру кезеңі
кейбір құрбыларына біршама тұрақты ықылас пайда болумен сай
келеді. Ойын енді белсенді қарым – қатынас үшін желеуге айналады.
Басқа балалар мен бірлесіп әрекет жасау әлеуметтік қарым –
қатынас түзеп, оның ықыласынан айылыоып қалмау үшін бала өзара
түсінік жолдарын іздестіреді. Қарым – қатынастағы кейбір жеңілтектік
ойындағы серіктерін жиі алмастыру адамдар қарым – қатынастарын
игеруге ұмтылудан туындайды. Жиі – жиі жаңа достық қарым –
қатынастар жасай отырып, бала т құрбыларының тобында өзіне
белгілі еркіндік беретін көптеген мінез – құлық нормаларын
игереді.
Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында
елеулі рольді сурет салу, мүсміндеу, аппликация, конструкциялау
тәрізді жемісті іс- әрекет атқарады. Оның әр қайсысы белгілі
берілген сапалары бар нәтиже ауға бағыталуымен сипаталады.
Балалардың іс- әрекет процесі дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмцесі
дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдцың өзінде де тииісті
нәтиже алуға үирену, түпкі ниетін жасау оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Балаға тым жанашырлық таныту
Балардың ойлау ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту
Пәндер