Мектеп мұғалімінің шыгармашылдығы


Мектеп мұғалімінің шыгармашылдығы
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен элеуметтік іс-әрекетіне дайындау - мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, эрбір мұғалім орта немесе жоғары дэрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларга тэрбие және білім берудің теориясы мен практикасынан дамытудың қозғаушы күші жэне шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырга, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін жэне оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу жэне тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету жэне тэрбиелеу.
Үстаз бүгінге емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуына артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дэрежесін, ғылыми-теориялық білімін жэне педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім ез мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мэселелерді, жоғары оқу орындарында қойылатын талартарға сэйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тэрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мэліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жагдайды болджырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның
і
шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру- оқушыларға білім мен тэрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла бастаган жэне асырылатын ең басты мэселелер: оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; октудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциялық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тэрбие жүйесінде алатын орны; кэсіптік бағдар беру, техникалық кұралдары, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану т. б болып отыр. Осы мэселелерді іс жүзінде асыру мүғалімнің тікелей психологиялық жэне педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол< балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология жэне педагогика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұгымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиги байланыстылығын, атақты физиологтар И. М. Сеченов, И. П. Павлов белгілі психологтар А. А. Смирнов, А. Н. Леонтьев, А. А. Давыдов, дидактар . Б. П. Есипов. М. А. Данилов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин тағы басқа ғылымдардың енбектерін қол үзбей оқын терең меңгереді. Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактілер де жиі кездеседі. Кейбір мұғалім өздігінше теориялық білІмін одан эрі дамытумен шұғылданбайды, жаңалықтармен сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымынан артта қалып, өз жұмысында үлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер де жібереді. Бақылау мэліметтеріне қарағанда мұндай мұғалімдердің оқушыларға жүйелі тэрбие берудің орнына ұзақ, зеріктіретін, нақыл сөздерді көп айтып,
3
моральдік нормалар мен талаптарды үстіртін үйретумен шектелетіндігі және эр баланың табиги, дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез) еске алмайтындықтары байқалып келеді.
Міне, мектептерді педагогикалық процесті мақсатка сәйкестік принциппен жүзеге асыру үшін әрбір м^талім тәрбие әдістері мен тэсілдерін саралап алумен бірге, тиімді етіп қолдануды да қамтамасыз ету тиіс. Осындай жағдайда оқушылардың дара қасиеттері мүғалімдердің басшылығымен жүргізілетін түрлі тэрбие жұмыстарының ықпалымен дамып жетіледі.
Білім беру саласындагы басты түлға - ұстаз. Ы. Алтынсарин «мектептің тынымсыз соққан жүрегі» деп мүгалімнің алатын орнын өте керемет суреттеген. Ұстаз еңбегі үнемі жаңарып, шығармашылыққа багытталган болуы тиіс. ¥стаз бүгінге емес, болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін -өзі жан-жақты дамытып, гылыми-теориялық білімін жэне педагогтық мамандыгын үнемі жетілдірІп отыруга талаптанады. Болашақ мамандар өз мамандығына байланысты ғыдыми-теориялық мәселелерді жогарғы оқу орындарына сэйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің білімін жетілдіріп отырмаса, жаңа технологияларды меңгермесе ол с тудент болашақта оқушыларға білім жэне тэрбие бере алмайды. Ал, мұндай жағдайды болдырмау үшін болашақ маман иелеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгерту басты міндет болып табылады. Сондықтан болашақ маман иесінің баспасез материалдарында жарияланып отырган тың мэселелермен, педагог -ғалымдардың идеяларымен таныс болуы керек. Жэне сол мэселені өзінше талқыға салып, артық, кемшілік жақтарын таразылап, өз пайымдауларын айтып, дәлелдейтіндей шамада болуы керек. Семинарлар мен ғылыми конференцияларга қатысу арқылы ой-өрісін кеңейтуі керек. Болашақ маманның гылым жетістіктері мен озат тэжірибелердІ заман талабына сай меңгеру, оны өмірде тиімді пайдалану арқылы окушыларга білім мен тэрбие
4
бере алады. Сонда ғана болашақ маман шығармашыл еңбектің тамаша шебері бола алады.
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі мектеп мұғалімдері мен оқытушылар игілігіне айналып отыр. Сондыктан да олардың тэжірибесін зерттеуде зор маңыз бар. Өйткені эрбір жаңа педагогикалық кұбылыс талқылауды, зерттеуді жэне таразылауды қажет етеді. Озат тәжірибені зерттеу жэне оны оқу процесіне енгізу терең сауаттылықты, қажырлы еңбекті талап етеді, сонымен қатар, үнемі өзгеріп отыратын ғылыми жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Соңғы жылдары озат технологиялар бойынша еңбек жазған педогогтар -Ш. А. Амонашвили және П. И. Иванов, В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Ильин, М. П. Шетитин, С. Н. Лысенькова, В. Т. Кабуш, М. П. Гузик, т. б. Осы аталған авторлар оқу-тәрбие рпоцесінің сапасын арттыруда өз тэжірибелерін ұсынды. Ш. А. Амонашвили бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайтын мектеп практикасында 6 жастағы балалармен жұмысты ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дэлелдеді. И. П. Иванов А. С. Макареньконың идеясын жалғастыра келе, ұжым арқылы дамыту мен тәр/биелеудің, қогамдық балалар ұйымдарындаэлеуметтік өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В. Ф. Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін эрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуга қатыстыру, эрбір окушының абыройын, өз-өзіне сенімділігін күшейту қажет скендігін айтады. И. П. Волков 1-ші сыныптан бастап өз бетімен жэне шығармашылық іс-эрекеттері негізінде оқушылардың даму қабілетін жэне білімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстардың белгілі жүйесін жасады. Бұл оқушылармен шығармашылық сабақ өткізіп, олардың қабілеттері мен деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен катар қазакстандық педагог-ғалымдар да инновациялық технологияларына өз үлестерін қосуда. Мэселен, «оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі » технологиясының авторы, п. ғ. д., профессор Жауынбай Қараев, Жанар Кобдикова, «Сатылай комплексті талдау» технологиясының авторы п. ғ. к., доцент Ііұрша Оразахынова, «Модульдік оқыту» технологиясының
5
авторы М. Жанпейісова, «Дамыта оқыту» технологиясының авторы Ботагөз Тұрғынбаева, т. б.
Білім беру саласындағы басты тұлға - ұстаз. Ы. Алтынсарин «мектептің тынымсыз соққан жүрегі» деп мұғалімнің алатын орнын өте керемет суреттеген. Үстаз еңбегі үнемі жаңарып, шыгармашылыққа бағытталған болуы тиіс. Ұстаз бүгінге емес, болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін -өзі жан-жақты дамытып, ғылыми-теориялық білімін жэне педагогтық мамандығын үнемі жетілдіріп отыруға талаптанады. Болашақ мамандар өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді жоғарғы оқу орындарына сэйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің білімін жетілдіріп отырмаса, жаңа технологияларды меңгермесе ол с тудент болашақта оқушыларға білім жэне тэрбие бере алмайды. Ал, мұндай жағдайды болдырмау үшін болашақ маман иелеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгерту басты міндет болып табылады. Сондықтан болашақ маман иесінің баспасөз материалдарында жарияланып отырған тың мэселелермен, педагог -ғалымдардың идеяларымен т^ныс болуы керек. Және сол мәселені өзінше талқыға салып, артық, кемшілік жақтарын таразылап, өз пайымдауларын айтып, дәлелдейтіндей шамада болуы керек. Семинарлар мен гылыми конференцияларға қатысу арқылы ой-өрісін кеңейтуі керек. Болашақ маманның ғылым жетістіктері мен озат тәжірибелерді заман талабына сай меңгеру, оны өмірде тиімді пайдалану арқылы оқушыларга білім мен тәрбие бере алады. Сонда ғана болашақ маман шығармашыл еңбектің тамаша шебері бола алады.
Педагогикалық процесте озат тэжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тэрбие беру, педагогикалық озат тэжірибені зерттеу, жинақтау жэне таратудың нэтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. П. Амонашвили 20 жылдан астам алты жастағы балаларды оқыту жэне тэрбиелеу мәселелері
жөнінде зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін «Как живете, дети?», « Здраствуйте, дети! », атты қүралдарын жазды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И. П. Иванов Ресейдің біраз мектептерінде ( Санкт - Петербург, Челябин жэне басқа қалаларда) коммунар эдісін қолданудың тиімді жолдарын іздестіруде.
Жаңашыл мұғалім В. Ф. Шаталов оқыту процесІне біраз жаңалықтар енгізді. Мысалы, «Ашық ойлар сабақтары», «Десант эдісі», «Тізбек эдісі », «Сүйеніш сигналы» жэне т. б.
Қазақстанда мыңдаған мұғалімдер корпусының ішінде жаңашыл шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаздар да көптеп саналады. Олардың қатарына алматылық жаңашыл мұғалім Ыскақова А ( ол тіпті жаңа тұрпатты мектеп ашуда), Ақтөбелік М. Г. Құрманғалиеваны (№21 мектептің директоры), Талғар қаласындағы №3 орта мектептің биология пэнінің мұғалімі Е. А. Очкурды, алматы облысы Еңбекші казақ ауданының «Ақши» орта мектебінің математика пэнінің мұғалімі А. Момынованы, Өскемендік К. Бітібаеваны, Гурьев облысы Ембі ауданы Гагарин атындағы орта мектептің мұғалімі Р. / Сейдахметованы, Жуалылық (Жамбыл облысы) К. Тоғызбаеваны, т. б айтуға болады. Сонымен қатар «Үшарал» орта мектебінің орыс тілі эдебиеті пэнінің мұгалімІ Р. Исінбаеваны жэне басқаларды көптеп атауға болады.
Осындай шығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тэрбие проблемелерына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс -тэжірибесі мектептер үшін зор сүйеніш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz