Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3-6 бет: 3-6 бет
Кіріспе . . .: І тарау. Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
3-6 бет:
Кіріспе . . .:

1. 1. Мектептегі оқушыларға көркемдік білім мен баулудың

педагогикалық мәселелері . . .

3-6 бет: 7-17 бет
Кіріспе . . .:

1. 2. Бейнелеу өнерінің көркемдік тілі және тәлім-тәрбиелік

мәні . . .

3-6 бет: 18-28 бет
Кіріспе . . .:

1. 3. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мазмұны мен

мақсаты . . .

3-6 бет: 28-40 бет
Кіріспе . . .: ІІ тарау. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің тәлім-тәрбиелік мазмұны
3-6 бет:
Кіріспе . . .:

2. 1. Бейнелеу өнеріне баулудың көркем бейнелеу

іс-әрекеттерінің мазмұны және тәрбиелік міндеттері . . .

3-6 бет: 41-46 бет
Кіріспе . . .:

2. 2. Бейнелеу өнері пәніндегі қабылдау сабақтарының

мазмұны мен тәрбиелік мәні . . .

3-6 бет: 46-49 бет
Кіріспе . . .:

2. 3. Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық өнер арқылы

оқушыларды көркем-эстетикалық тәрбиелеу . . .

3-6 бет: 49-54 бет
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3-6 бет: 55-56 бет
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3-6 бет: 57-58 бет
Кіріспе . . .: Қосымша . . .
3-6 бет: 59-61 бет

Жұмыстың мазмұны

Кіріспе

Болашақ қоғамның ірге тасын қалап, Отанымыздың өркениетін жасайтын бүгінгі жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру және олардың көркем-мәдени дамуын жүзеге асыруды мектеп ұстаздары алдына еліміз үлкен педагогикалық міндет етіп қойып отыр.

Жас ұрпаққа білім негіздерін игертумен бірге, олардың рухани-эстетикалық дамуын қамтамасыз ету біртұтас процесс. Бұл процесс эстетиканың, психологияның, педагогиканың, тәсілдеменің және мектептегі оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде жинақталған озық тәжірибелердің, осы кездегі жетістіктердің нәтижелері, ғылыми-теориялық, практикалық зерттеулер мен үлгілердің ескеріле отырып жоспарлануы, ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асады.

Мектеп оқушыларының қоршаған өмір шындығы болмысының әсемдігін, өнер туралы түсінігі мен оның туындыларындағы өмір сұлулығының бейнелеуін түсіне, сол арқылы олардың эстетикалық сезімі мен таным өрісінің кеңеюіне, рухани-мәдениеттілігінің қалыптасуына, олардың шығармашылық қабілеттерінің бекуіне жетелейтін көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын көркемдік білім көзі, тәлім-тәрбие құралы бейнелеу өнері пәні.

Мектептегі бейнелеу өнері - басқа оқу пәндерінен ерекше, өзіндік тәлім-тәрбиелік атқаратын қызметі бар, тәрбиелік әдіс-тәсілдері мол пән.

Бейнелеу өнері тәлім-тәрбие үрдістерінің сан-алуан түрлерін толық қамтиды деуге болады. Ол, ең алдымен оқушының, қоршаған өмір шындығын танып білуге, табиғат сұлулығын, құбылыстарын, адам өміріндегі еңбектің, оның жемісінің мәнін, мәдени дүниенің маңызын, туған халқының өнерін, салт-дәстүрін, эстетикалық құндылықтарын т. б. игеруін қамтамасыз ететін өнер пәні.

Бейнелеу өнерінің жас жеткіншіктерге эстетикалық тәрдбие берудегі мәні мен маңызы туралы атақты педагогтер: А. В. Бакушинский, А. В. Луначарский, Н. К. Крупская; бастауыш тектепгі балаларды бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиелеудің проблемаларына байланысты: Н. К. Сакулина, Н. А. Ветлугина, Т. С. Комарова т. б. еңбектерінде ашып көрсетілген.

Отандық педагогтарымызға бейнелеу және дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер арқылы жас ұрпақтың эстетикалық-имандылық тәрбиесін дамыту құралы ретінде пайымдауларынан бұл пәннің тәлім-тәрбиелік мән-маңызын көруге болады (Асылханов Е., Әльмұханбетов Б., Ералин Қ., Байжігітов Б., Балкенов Ж., Ұзақбаев К., Қамақ Ә. т. б. ) .

Бірақта, көптеген жағдайда бұл пәнді оқыту барысында, оқытушылар пәннің балаларға бейнелеу іс-әрекеттерінің түрлері арқылы тек суреттер салдыру, ою-өрнектер жасату т. б. сияқты практикалық жағына баса назар аударып, сол іс-әрекеттердің мазмұндағы тәлім-тәрбиелік мәніне көңіл бөле бермейді.

Бейнелеу өнеріне баулудың көркемдік іс-әрекеттері, пәннің оқу бағдарламасында: практикалық және қабылдау болып екі бағытта көрсетілген. Әр бағытта түрлі көркемдік іс-әрекеттер арқылы бейнелеу өнерінің қыры мен сырын, жасалу заңдылықтарын игертумен бірге, сол іс-әрекеттер барысында олардың рухани-эстетикалық, мәдени дамуына қажетті тәлім-тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда белгіленген. Сондықтан, педагогикалық білім мен тәрбиенің тұтастығы туралы қағидасын тікелей пайдалану, бейнелеу өнері пәннің өзіне тән мақсаты мен міндетін жүзеге асырудың бірден-бір талабы. Осыған байланысты, біз, өзіміздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбын: «Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің тәлім-тәрбиелік мәні» деп белгіледік.

Бейнелеу өнерінің жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие берудегі мәні мен маңызы туралы атақты педагогтар: А. В. Бакушинский, А. В. Луначарский, Н. К. Крупская; бастауыш мектептегі балаларды бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиелеудің проблемаларына байланысты: Н. К. Сакулина, Н. А. Ветлугина, Т. С. Комарова т. б. еңбектерінде ашып көрсетілген.

Отандық педагогтарымызда бейнелеу және дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер арқылы жас ұрпақтың эстетикалық-имандылық тәрбиесін дамыту құралы ретінде пайымдауларынан бұл пәннің тәлім-тәрбиелік мән-маңызын көруге болады (Асылханов Е., Әльмұхамбетов Б., Ералин Қ., Байжігітов Б., Балкенов Ж., Ұзақбаева К., Қамақ Ә. т. б. ) .

Бірақта, көптеген жағдайда бұл пәнді оқыту барысында, оқытушылар пәннің балаларға бейнелеу іс-әрекеттерінің түрлері арқылы тек суреттер салдыру, ою-өрнектер жасату т. б. сияқты практикалық жағына баса назар аударып, сол іс-әрекеттердің мазмұнындағы тәлім-тәрбиелік мәніне көңіл бөле бермейді. Тақырыптың көкейкестілігі:

Бейнелеу өнеріне баулудың көркемдік іс-әрекеттері, пәннің оқу бағдарламасында: практикалық және қабылдау болып екі бағытта көрсетілген. Әр бағытта түрлі көркемдік іс-әрекеттер арқылы бейнелеу өнерінің қыры мен сырын, жасалу заңдылықтарын игертумен бірге, сол іс-әрекеттер барысында олардың рухани-эстетикалық, мәдени дамуына қажетті тәлім-тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда белгіленген. Сондықтан, педагогикалық білім мен тәрбиенің тұтастығы туралы қағидасын тікелей пайдалану, бейнелеу өнері пәннің өзіне тән мақсаты мен міндетін жүзеге асырудың бірден-бір талабы. Осыған байланысты, біз, өзіміздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбын: «Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің тәлім-тәрбиелік мәні» деп белгіледік.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын, олардың тәлім-тәрбиелік әсерін айқындай отырып, бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің оқытушыларға рухани-эстетикалық тәрбие мәнін анықтау.

Дипломдық жұмыстың нысанасы - бастауыш мектептегі бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім мен тәрбие жүйесі.

Дипломдық жұмыстың пәні - бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнін игерту іс-әрекеттерінің тәлім-тәрбиелік мәні.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектептік бейнелеу өнері пәнін оқыту жүйесіндегі, оқушылардың, көркемдік бейнелеу іс-әрекеттерінде, қоршаған шындық құбылыстары мен өнер туындыларын көркемдік қабылдау іс-әрекеттерімен мақсатты түрде ұштастыра өнердің атқаратын қызметіне негіздеп жүргізгенде ғана оқушылардың өнерге деген ықыластылығы мен көркем бейнелеу қабілеттіліктері танымдық, эстетикалық тәрбие сапалы деңгейде көтеріледі.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. Жалпы бейнелеу өнерінің көркем-мәнерлік тілі туралы түсінікті ашып көрсету .
  2. Бейнелеу өнері түрлерінің тәрбиелік мәнін анықтау.
  3. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мақсат-міндеттерін, көркемдік іс-әрекеттер мазмұнындағы тәрбиелік мәселелерді ашып көрсету.
  4. Бастауыш мектеп мұғалімдеріне, бейнелеу өнері арқылы оқушыларға тәлім-тәрбие беру ісін жақсартуға қойылатын талаптарды белгілеу.

Дипломдық жұмыстар орындау әдістері:

  1. Бейнелеу өнерінің түрлері, көркемдік ерекшеліктері, тәлім-тәрбиелік мәні туралы әдебиеттерді оқу.
  2. Бастауыш мектептің бейнелеу өнері пәнінің оқу бағдарламаларына оқу құралдарына талдау жасау.

І тарау. Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі

1. 1. Мектептегі оқушыларға көркемдік білім мен баулудың педагогикалық мәселелері

Қазіргі қоғам дамуының ықпалды әсерінің талаптарына сәйкес, жас ұрпаққа көркемдік білім негіздерін игерте отырып, эстетикалық-имандылық, рухани-мәдениет саласында тәлім-тәрбие беру міндеттерін жаңғырту, болашақ жан-жақты дамыған азамат тұлғасын қалыптастырудың маңызды мәселелерінің бірі.

Адамдарының шығармашылық ой-өрісін дамыту арқылы, олардың қоршаған өмір шындығына деген адамгершілік-гуманистік көзқарасын қалыптастыру, әрбір тұлғаның алдыңғы ұрпақ жасап қалдырған көркем-материалдық, рухани-эстетикалық құндылықтарды, қоршаған ортаның сұлулығын танып білуге, сақтауға, құрметтеуге жетелейді. Сол құндылықтарды өзінің күнделікті өмірінде қолдануға, халыққа таратуға, насихаттауға белсенді ат салысуға тәрбиелейді.

Жас ұрпаққа көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру ісі - біздің еліміздің бүгінгі және болашақтағы қоғамдық дамуымен, сол дамудың көптеген талаптарымен ұштасып жатқан қажетті - әлеуметтік, мәдени, рухани дамудың өзекті мәселелерінің бір саласы болып табылады. Өйткені, еліміздің жаңа ғасырда өркениетті елдер арасында болуы, тек экономикалық жетістіктермен, саяси белсенділікпен ғана емес, сонымен бірге, мәдениет, өнер, білім мен ғылым саласындағы жетістіктерге де байланысты. Ал адамдардың рухани, мәдени, эстетикалық, көркемдік дамуына зор ықпал жасайтын құрал-өнер.

Өнер түрлері, өзіне тән сан-алуан мәнерлілік құралдарымен, көркемдік образдар арқылы қоршаған өмір шындығын, сұлулықты, табиғатты, оның құбылыстарын кескіндей отырып, адамдардың әсемдікті, тарихи-әлеуметтік құбылыстарды, халықтың өткені мен бүгінгі өмір-тіршілігін, дүниетанымдық белгілерін танып білуіне ықпал етеді. Олардың өзі өмір сүріп отырған өмірге деген эстетикалық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Өнерге баулу арқылы жеке тұлғаның эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық ізденіске баулу мәселелері эстетика, социология, психология, педагогика ғылымдарының мамандарының зерттеу нысанасынан түскен емес. Өнерді игерту барысында, жеке тұлғаны рухани-эстетикалық талғам өрісінді кеңейтуге мүмкіндік туады. Жалпы, өнер арқылы көркемдік немесе эстетикалық талғамды қалыптастыру, адамның бойында қалыптасқан рухани-эстетикалық, мәдени тәрбиесінің деңгейін практикалық-шығармашылық іс-әрекеттер арқылы жаңғыртуына деген ықыластығын туғызады.

Талғамды қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымдар - Ю. Борев, М. Мұқанов, М. Балтаев т. б. талғам табиғат, адам өмірі, оның сұлулығы, өнердің эмоциялы әсері, материалдық, рухани қазыналар сияқты қоршаған шындықтың бар болмысын қамтиды деп тұжырымдайды. Зерттеушілер, талғамды қалыптастыруда адам сезіміне, танымына, ой-өрісінің дамуына, әсемдік ткралы түсініктердің кеңеюіне зор ықпал ететін өнердің бай мүмкіндігіне жүгінеді.

Өнерді игеру барысындағы көркемдік іс-әрекеттердің айқындалуы, сол іс-әрекеттер арқылы шығармашылық ойдың кеңеюіне, өнер туындыларын қабылдау барысында әсерлену сезімінің оянуы, көркемдік танымның, талғамның қалыптасуы адамның сәбилік шағынан бастап, оның әр жас кездеріне сәйкес мақсатты түрде жүргізіліп отыратын педагогикалық жұмыстың барысындағы үзіліссіз көркемдік білім берудің жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Көркем-эстетикалық тәрбие беру, туған елінің мәдени құндылықтары мен эстетикалық дәстүрлеріне деген танымдық, талғамдық қатынасты қалыптастыру жанұя, балабақшадан бастап, білім мен тәрбие беретін балабақша, бастауыш, орта мектеп, колледж, арнайы оқу орындарында жүзеге асырылатын имандылық-эстетикалық тәрбиенің басты міндеті саналады.

Мектеп өмірінде эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім беру негізінен - әдебиет, көркемдік еңбек, музыка, бейнелеу өнері сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы жүзеге асырылады. Осы пәндерді оқыту барысында, оқушылардың өнерге, оның туындыларына деген ықыластығын, қызығушылықпен, әсерлі сезіммен қабылдауын дамыту, өнерден ләзаттануға мүмкіндік жасау, өнерден әсемдікті тануға, оны өз қолымен жасауға деген мұқтаждыққа, шығармашылық ізденіске жетелейді.

Бұл мәселенің нәтижелі деңгейде шешімін табуы, мектеп мұғалімдерінің, педагогикалық, әдістемелік қабілеттіліктері мен бірге, өнер саласынан кәсіби деңгейінің жоғары болуында талап етеді.

Әр кезеңдегі педагогикалық дамуына байланысты педагогикалық ой-пікірлер, теориялық тұжырымдар, әдістемелік тәжірибелер арнайы әдебиеттерде мол жинақталған. Ол тәжірибелер, бүгінгі және болашақтағы жастарға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жүйесін, заман талабына сай, қайта қарауға мүмкіндік беретін әдіснамалық негіз болып табылады.

Жеке тұлғаның рухани-эстетикалық дамуына көркемөнердің зор ықпалы туралы мағлұматтар мен тұжырымдарды санау ерте дәуір ойшылдарының философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінен, Батыс Еуропаның атақты суреткерлері, Қайта Өрлеу дәуірінің титандары Леонардо, Рафаэль, Микеланджело, Дюрер трактаттарынан, өнердің әлеуметтік мәнін айқындап, тәлім-тәрбиелік сипатын ашып көрсеткен ағартушы-педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский еңбектерінен көреміз. Олардың жеке тұлғаның эстетикалық сезімталдығын, әсемдік қиялын, шығармашылық ойын дамытудағы көркемдік білімінің белсенді әсері мен маңызы туралы педагогикалық тұжырымдары, көркемөнерге баулуды ерте жастан бастау керек деп санауы, жалпы ұрпақтың эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру үшін бағалы пікір.

Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие саласындағы тарихи еңбектерден (Ростовцов Н. Н. История методов обучения рисованию. 1-2том), ХХ-ғасырдың алдыңғы ширегі, өнердің түрлі ағымдары арасындағы әсерінен, көркемдік білім беру жүйесінде де түрлі бағыттардың болғаны айтылады. Олар: «Ұжымдық - лабораториялық», «Бригадалық», т. б. және «Бостандық тәрбиесі» ағымдары еді. Бұл бағыттар, өнерге оқыту жүйесінде ғылыми-педагогикалық негізден алшақтаған білім мен тәрбие әдістеріне сүйенеді.

Мектеп оқушыларын өнерге баулу арқылы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие мазмұнын жаңарту саласында А. Луначарский, Н. Крупская, А. Бакушинский, С. Шацкий т. б. бүгінгі күні де құндылығын жоймаған педагогикалық еңбектер, тұжырымдар қалдырды.

С. Шацкий: «Өнер өз табиғатымен баланың сезіміне жеңіл әрі аса қажетті. Тек оны бала бойына сіңіре білудің жолын табу керек», -деп балалардың көркем-эстетикалық дамуына өнердің зор әсерін айқындайды.

Мектеп оқушыларына өнер арқылы көркемдік білім беру ісінің кейінгі кезеңдеріндегі, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда, жаңа мазмұнға ие болуы, бұл мәселемен айналысып, зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтардың ісі еді (Н. Дмитриева, Г. В. Лабунская, В. К. Скатерщиков, В. Н. Шацкая т. б. ) .

Бұдан кейінгі жылдарда эстетикалық тәрбие жүйесі мен оның жүзеге асырудың практикалық мазмұны туралы - В. В. Алексеева, И. Л. Любинская, И. А. Ветлугина, Н. П. Сакулина т. б. педагог ғалымдар мен психологтардың ғылыми еңбектері жарық көріп, мектептегі көркем-эстетикалық тәрбие мәселесін жақсартуға үлес қосты.

ХХ-ғ. 70-90 жылдарында түрлі өнер саласында көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие жұмыстарын жақсартуда шешімін таппай келе Б. Т. Лихачев, Б. М. Неменский, Е. В. Квятковский, В. А. Разумный, Б. П. Юсов, В. С. Кузин сияқты педагог ғалымдар тәжірибелер жүргізіп, еңбектер жазды.

Олар тәжірибе арқылы: көркемдік білім беретін іс-әрекеттердің атқаратын тәрбиелік міндеттері қандай болу керек; эстетикалық тәрбие өзіне тән жеке пәнге, әдіс-тәсілдерге ие ме, әлде ол мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының бір бөлшегі ме?; қазіргі кезде балалардың көркемдік іс-әрекеттерінің мақсаты, педагогикалық жетекшіліктің міндеттері қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеді.

Тәжірибелердің қорытындысы бойынша, олар, балалардың өнерге, сұлулыққа деген құштарлық қатынасын қалыптастыратын, өнер шығармаларын эстетикалық-эмоциялық мәнде қабылдау, түсіну, танымдық білімділігін дамытатын және өнер арқылы туған жері мен халқының көркемдік мәдениетін, әдет-ғұрпын, ұлттық дәстүрлерін игеретін пәндер болуы тиіс деп тұжырым жасайды.

Өнер түрлері сан алуан. Солардың ішінде адамдардың қоршаған өмір шындығының болмысын, әсемдігін көрнекілікпен танып білуге жетелейтін өнер - бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері, өзінің түрлі жанрларымен, әсемдікті жасау құралдарымен адамның рухани дүниетанымын кеңейтуге, эстетикалық тәлім-тәрбиесін қалыптастыруға зор мүмкіндігі бар өнер. Сондықтан, орта мектептегі «Бейнелеу өнері» пәні, жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуына, олардың өздерін қоршаған орта сұлулығын, адамдар өмірінің қызықты болмысын танып білуіне, өздерінің шығармашылық іс-әрекеттері арқылы айналасына сұлулық енгізуге баулитын тәлім-тәрбие құралы. Сонымен бірге, бейнелеу өнері пәні, өзіне тән түрлі көркемдік іс-әрекеттер арқылы мектеп оқушыларын туған халқының мәдени мұраларын, әсемдік дәстүрлерін игеруіне, танып білуіне жол ашады.

«Бейнелеу өнері» пәнін мектепте оқыту, басқа пәндерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар пән. Жалпы адамдарды өнерге баулу ұзақ та күрделі педагогикалық, психологиялық процесс. Өйткені, бейнелеу өнерін оқыту мазмұны, оқушыларға тек сурет салдырудың қыры мен сырын игертумен ғана шектелмейді. Бұл пәндерді оқыту барысында, оқушылардың жалпы көркемдік, рухани-эстетикалық дамуына зор ықпал жасайтын-қабылдау, эмоциялық сезім, ықыластылық, таным, ойлау, қиялдау, талғам сияқты психологиялық факторлардың ескертілуі аса маңызды мәселе.

Көркемдік білім беру тұжырымдамасын дайындаған ғалым-педагогтар, бейнелеу өнерін оқытудың мазмұны оқушылардың бейнелеу өнеріне тән терминдерді, түсініктерді игеруімен немесе бейнелей білу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастырумен ғана шектелмеуі тиіс, ал басты мақсат пен міндет, негізінен, балалардың санасына, ойына әсер еткен көркем бейнелерді қоршаған шындық сұлулығын қабылдаудың барысында әсемдікті жасауға құлшынысын, белсенді қызығушылығын дамыту арқылы, шығармашылыққа баулу, өнер мен өмір шындығына тұжырымдайды. Сөйтіп «тұжырымдама» авторлары, бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің басты мақсаты: балалардың әсерленушілікке бейімділігін пайдалана отырып, оларды қоршаған ортадан әсемдікті қабылдауға, түрлі көркемдік іс-әрекеттер арқылы шығармашылыққа баулу. Бұндай мазмұнда оқыту, оқып үйрету тапсырмаларының ашық сипатта болуын, өнердің ұлттық, тарихи формаларының бірлігін ашып көрсетуге бағытталған мүмкіндіктердің кеңдігін, оқушы мен ұстаз арасындағы диалогтық қатынастың сапалық мәнін т. б. қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін жарық көрген педагогикалық, әдістемелік оқу құралдарының, жинақталған тәжірибелердің мазмұнына көз жүгіртсек, ұзақ жылдар бойы «Бейнелеу өнері» пәні тек балаларға графикалық сауаттылықты дамытуды көздейтін «Сурет салу» сабағы негізінде жүргізіліп келгенін білеміз. Тек 1964 жылы «Сурет» пәні «Бейнелеу өнері» пәні деген атқа ие болды. Бірақта, «Сурет» аталған кездегі пән мазмұны, «Бейнелеу өнері» пәніне айналған да, еш өзгеріссіз қалып келді. Әсіресе, егеменді ел болғанға дейін қазақ мектептерінің оқу бағдарламалары, сол кездегі Ресей мектептеріне арналған оқу бағдарламаларының дәлме-дәл аударма-көшірмесі болды. Сөйтіп, оқу мазмұны қазақ халқының төл өнерін, өнердегі көркемдік дәстүрлерін, ұлттық мәнді ерекшеліктерін ескермеді.

Бейнелеу өнерін, жалпы кеңестік дәуірдегі мектепте оқыту мазмұнын, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сәйкес, осы өнердің өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін негізге ала отырып қайта қарау, жаңғырту ісі кеңестік кезеңнің 70-90 жылдары жүзеге асырылады. Бұл кезеңде, көркемдік білім беру саласындағы жүргізген кең аумақты тәжірибелері, ғылыми-зерттеулері нәтижесінде, бейнелеу өнерін оқытудың жаңа мазмұны, мақсаты мен міндеттері айқындалып, оқу бағдарламалары мен оқу құралдары жарық көре бастайды.

Кеңестік кезеңде Б. П. Юсов, Б. М. Неменкий басқарған арнайы ғылыми-зерттеу тобына біріккен ғалым-педагогтар, мектеп мұғалімдері, бейнелеу өнерін оқыту жүйесін қайта жасауға бағытталған тәжірибелерінің нәтижесінде «Бейнелеу өнері» (1981) және «Бейнелеу өнері және көркемдік еңбек» (1986) атты оқу бағдарламалары дүниеге келді. Бұл бағдарламалар, сол кездегі жеке республикалардың да оқу бағдарламаларының мазмұнын, жергілікті мектеп өміріне, халықтың көркем-мәдени, өнер сипатының ерекшелігіне сәйкес, көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие мазмұнын, мақсат-міндеттерін айқындай отырып, оқу-тәрбие жүйесін қайта құруға мүмкіндіктер туғызды. 1990-2000 жылдар аралығында республикамыздың жүргізілген (Қ. Ералин, Балкенов Ж., Қ. Әмірғазин, Б. Әлмұхамбетов, Ә. Қамақов т. б. ) арнайы ғылыми-зерттеулер нәтижелерінен «Бейнелеу өнері» пәнінің оқу бағдарламаллары (1992), оқу құралдары мен 1-5 сыныптарға арналған оқулықтары жасалды. Бейнелеу өнерін қазақ мектептерде оқыту мәселелеріне арналған көптеген ғылыми, әдістемелік мақалалары жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Жеке тұлға өзіндік құндылық
Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері
Тeрiдeн көркeм бұйым жacaу тeхнoлoгияcын үйрeту әдicтeрi
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz