Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Педагогика және психология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың
бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Сынып жетекшілерін кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан
негіздеу
1. Сынып жетекшілерінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-
педагогикалық негізі
1.2 ЖОО болашақ бастауыш сынып жетекшілерінің ата-аналармен байланы-сын
ұйымдастыру педагогикалық мәселе
2. Бастауыш мектепте сынып жетекшісі мен ата-аналардың мектеп оқушыларын
тәрбиелеуде бірлескен жұмысының мазмұны
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшілері мен ата-
аналардың бірлескен қызметінің жағдайы
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшілері мен ата-
аналардың бірлескен қызметін жетілдірудің педагогикалық негізі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Екі ғасыр тоғысындағы қазіргі цивилизация білім
беру саласындағы тоқырауды мойындап отыр. Басқа мемлекеттер сияқты,
Қазақстан Республикасы білім берудің жаңа парадигмаларын қабылдаудың
қиыншылықтарын басынан өткеріп отыр. Ол меншік формаларының өзгеруіне,
әлеуметтік экономикалық қиындықтарға, адамгершілік құндылықтарының
жойылуына байланысты болып отыр.
Бүгін мемлекетіміз қиын тұғырықтан шығып, экономикалық тәуелсіздік,
демократия, тұрақтылық, қоғам өміріндегі сапалы өзгерістер кезеңінде өмір
сүріп жатыр деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев бұл жағдайда уақыт озуына қызмет ететін жастарға
сүйенуіміз керек деп атап көрсетті [1]. Дайындық кезеңінен өткен Қазақстан
саяси, экономикалық білім берудің әлемдік қоғамдастығына кіруге дайын [2].
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің
ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамды гуманизациялау міндеттеріне байланысты
анықталған мақсаттары бар. Әр адамның даму тенденциясы тәрбие үрдісіне жаңа
тұрғыдан келу қажеттілігін айтады. Шығармашылық ойлау қабілеті бар, ұлттық
сана-сезімі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға, жалпы адами құндылықтарды
меңгеру дағдылары қалыптасқан, айналадағы өмірдің өзгерген жағдайына тез
бейімделетін көп мәдениетті тұлға тәрбиелеу тәрбиенің стратегиялық бағыты
болып табылады [3].
Бұл ойлар Мектеп және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу
тұжырымдамасында1995 ж. [4], Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат
тұжырымдамасында1996 ж. [5] Қазақстан Республикасында этно-мәдени
білім беру концепциясында1996 ж. [6], Білім туралы Заңда 2007 ж.
[7], Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбиенің кешенді
бағдарламасында2000ж. [3], 2011-2020 ж.ж. Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы 2004 ж. [8], мектептен
тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан
Республикасының білім және ғылым Министрлігінің құжаттарында орын алды.
Жеке тұлға тәрбиесі уақыт талабына сәйкес өзгерістерге ұшырай
отырып жүзеге асырылады. Әр адамның тәрбиесінің деңгейі сол заманның
мәдениетінің деңгейін анықтайды.
Тоталитарлық бюрократизмге тән демократияның мүлдем орын
алмауы.әлеуметтік белсенділіктің барлық формаларын, инициативаны басып
тастауы,тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде жоққа шығарды. Бұл факт жас
мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесінде ұзақ орын алған
жоқ, өйткені ол әр азаматтың санасының жетілуіне тәуелді болды,тәрбиеге
жаңа қатынас әр жас адамға жаңа психологиялық жағдайды және тұрақты
моральды ахуалды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ғылымның негізгі мақсаты болып жан-жақты тәрбие беру
және жасөспірімдерді дамытудың жаңа жетілген әдістерін іздестіру болып
табылады.
Н.Ә.Назарбаев жан-жақты дамытудың анықтамасына аса зор көңіл бөліп,
оны баланың қабілеттерінің, денесінің, жан-дүниесінің, қызығушылығы мен
қасиеттерінің дамуы деп түсіну керек дейді [1] Қазіргі қоғам жалпыадами
және ұлттық құндылықтардың қабылдануына қайта өрлеуіне мұқтаж болып отыр.
Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің өзара байланысты проблемаларын
түсініп, аша білу керек,өйткені оқытудың қорытынды мақсаты-адамның өзін-өзі
жетілдіруі. Тәжірибе көптеген жастардың азаматтық парыз, жауапкершілік,
қоғамдық қызмет сияқты құбылыстарға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Олар
білімді өмірлік құндылық деп қарастырмайды.Азаматтардың мәдени
құндылықтарға деген қызығушылығы төмендеді (1989-41%, 1999-12%, 1997-
10,5%,). Сонымен қатар халықтың білімді бөлігінің өзінде мәдениеттіліктің
және тәрбиеліліктің жетіспеушілігі орын алды[9].
Қоғамдағы мәдениеттіліктің төмендеуі қоғамның тәрбиелеу институты
мектептің мәдени деңгейінің төмендеуіне ықпалын тигізбей қоймады.Мектеп
өмірінде жауапкершіліксіздік, қарым-қатынаста және іс-әрекеттерге салақтық,
мінез-құлық сапаларының төмендігі, сөйлеу мәдәниетінің төмендігі фактілері
орын алды. Білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарында формализм, жеке
тұлғаның тәрбиесін жетілдіруде белгісіздік, тәрбие жұмысын агитацияға
айналдыру, тәрбиеленушілермен жүргізілетін жұмыстардың сандық есебі
(жиналыс,үйірме,сынып сағаттары, көрме, жарыстар), тәрбие жұмыстарының сырт
формаларына қызығушылық, тәрбие әдістерін қолдануда жеке, дара
ерекшеліктеріне көңіл бөлмеуі қарым-қатынаста әкімшілік-бұйрық стилі орын
алды. Осының бәрі тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның бойында негативтік
сапалардың қалыптасуына әкелді. Тәрбие жұмысы екінші деңгейдегі сипатқа ие
болды,оның басты себебі тәрбие мен оқытуға екі әр түрлі үрдіс ретінде
қарау.
Нарықтық қатынастарға өту жоғары мектепке де әсерін тигізді.
Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы білімгерлерді тәрбие жұмысына даярлау
біздің мемлекетіміздің әлеуметтік, саяси, мәдени сфераларындағы кризис
жағдайында жүзеге асырылуында; білімгерлердің мәдени орталықтар, театр,
кітапханалардан алыстауы; білім беруді коммерцияландыру; білімгерлердің
өзін-өзі басқаруының төмендігі; тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік және
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің төмендігі, жоғары оқу
оындарындағы мақсатты, бағытты тәрбие жұмысының барлық жүйесінің бұзылуына
әкеліп соқты. Бұның бәрі өз кезегінде болашақ педагогтардың дайындығының
интелектуалдық және кәсіптік деңгейіне ықпалын тигізді. Болашақ
педагогтарды тәрбие жұмысына даярлығының жүйесін жетілдіру әлемдік және
отандық тәжірибелердің жаңа жетістіктеріне біріктіру керек. Жоғары оқу
орындарында ұлттық, рухани, бағыттылықты, адамгершілік және мәдени
құндылықты жетілдіруге бағытталған, оларды болашақ педагогтың кәсіптік
дайындығында қолданатын, ұлттық-мәдени қажеттіліктерді дамытуға және
қанағаттандыруға бағытталған жұмыс жүргізілуі тиіс [9].
Көптеген авторлар тәрбиені жәке тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетке
ендіру үрдісі және оның айналадағы қоршаған ортамен жоғары құндылықтардың
негізінде үйлесімді бірлікте өмір сүріп, оны түрлендіріп,қайта құру
қабылетін дамыту ретінде қарастырады [10,11].
Тәрбие проблемасы педагогика тарихында әрқашан маңызды орын алып
отырған, көптеген ғалымдар мен педагогтар оны адамзат және жекелеген
халықтардың дамуы мен өркендеуінің негізгі жағдайының бірі деп зерттеген
(К.Д.Ушинский [12], Ы.Алтынсарин [13], А. Құнанбаев [14], Ж. Аймауытов
[15] , А. Байтұрсынов [16], М.Жұмабаев [17], Н.К. Крупская [18], А.С.
Макаренко [19], В.В. Сухомлинский [20], В.З. Смирнов [21] , Л.И. Рувинский
[22], Г.Г. Ақмамбетов [23], М.Г. Тайчинова [24], Н.Ф. Талызина [25], Р.Б.
Байназаров [26], А.В. Мудрик [27], Х.Қ. Арғынов [28], Н.Н. Полетаева [29],
Ш.А. Амонашвилли [30] , Г.А. Победоносцев [31] және басқалар).
Қазіргі ғылымның жетістіктері,сонымен қатар отандық педагогтар
мен психологтардың еңбектері болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығы
қазіргі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі екендігін дәлелдейді. Болашақ
мамандардың өз қызметінің мазмұны мен мақсатын өз бетінше саналы түрде
қабылдауы аталған үрдістің нәтижелілігінің негізгі жағдайы болып табылады.
Жеке тұлғаның ішкі резервті мүмкіндіктері ғылымда кәсіптік
қызметтің нәтижелілігін арттыру үшін қалыптастырылатын,жүзеге асырылатын
потенциал ретінде қарастырылады.
Болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығы, жеке тұлғаның
тәрбиелеу потенциалының тәрбие үрдісі барысында қалыптасу мәселелерінің
зерттелуінің деңгейінің жағдайын талдауы, ғалымдар әртүрлі аспектілерді
зерттегенін көрсетті:
- Г.Г Акмагамбетов [23], И.И. Байзаков [17], О.С. Богданова [32], А.В.
Мудрик [33,34], Ж.Ж. Наурызбай [35], В.П. Сазонов [36], Г.Н. Филонов [37],
М.И. Шилова [38], Н.Е. Щуркова [39], т.б. оқушыларды әр түрлі бағытта
тәрбиелеу проблемаларымен айналысты;
- Г.К. Ахметова [40], В.П. Беспалько [41], С.Т.Каргин [42], К.Ж.
Кожахметова [43], С.А. Ұзақбаева [43], А.А. Молдажанов [44], К.С. Мусин
[45], А.Н. Нысанбаев [46], В.А. Сластенин [47], А.Ш. Ыстыбаева [48], Н.Д.
Хмель [49, 50], М.Н.Сарыбеков[], Қ.Бөлеев[], Н.М.Көшеров[], т. б. еңбектері
жоғарғы оқу орнында болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығы проблемасына
арналған;
- Б.Г. Ананьев [51], А.А. Бодалев[52], В.Г. Нестеров [53], Л.И. Иванько
[53], т.б. еңбектерінде жеке тұлға потенциалы адами және психо-
физиологиялық мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырылған;
- потенциалдың әр түрі М.В Прохорованың [54], Я.Ф. Аскинның [55],
П.Тереховтың [56] (кәсіптік), Л.В. Соханьнің [57] (интеллектуалдық), Л.М.
Митинаның [59], В.П. Созоновтың [36] (адамгершілік), М.Н. Глазковтың [59],
Т.В. Филоновтың [37], Е.Н. Шияновтың [60] (шығармашылық), Т.И.
Мальковскаяның [61], М.Х. Балтабаевтың [62], Н.И. Шевандринның
[63](коммуникативтік) тағы басқалардың зерттеулерінде орын алды;
- Н.Э. Пфейфер [64], Ю.Г. Фоткинның [65] еңбектерінде тәрбиелеу
потенциалының өзгеру ерекшелігі мен құрылымдық мазмұны қарастырылған.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау, бүгінгі күні жеке
түлғалық және кәсіптік потенциал проблемасына қатысты психологиялық-
педагогикалық материалдың жеткілікті жинақталғанын көрсетеді. Сонымен қатар
бұл проблеманың кейбір жақтары, анықтап айтсақ, әдебиеттерде болашақ
педагогтарда тәрбиелеу потенцилының дамыту проблемасы ғылыми негізделмеген.
Білім беру мекемелеріндегі тәрбие үрдісін ұйымдастырылуын
зерттеуі , педагогтар өздерінің тәрбиелеу мүмкіндіктерін жеткілікті жүзеге
асыра алмайтынын көрсетті,ол жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың
тәрбиелеу потенцилын қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбегенін
дәлелдейді. Осыған байланысты бірқатар қарама-қайшылықтар пайда болды:
өскелең ұрпақты тәрбиелеу алдына қойған қоғам талаптарымен жоғарғы оқу
орындарының болашақ педагогтарды тәрбие жұмысына даярлау деңгейінің
арасында; болашақ педагогтардың тәрбиелеу потенциалын дамыту қажеттілігі
мен аталған проблеманың педагогикалық теория мен тәжірибеде жеткілікті
зерттелмеуінің арасынды.
Тәрбилеу потенциалының мазмұны мен мәнін ашып, оны жоғары
оқу орнында болашақ педагогтардың бойында қалыптастырудың педагогикалық
жағдайларын анықтау, біздің зерттеуіміздің проблемасын белгіледі. Бұл
проблеманы педагогикалық теория мен практикада жеткілікті деңгейде
зерттелмегендігі біздің жұмысымыздың тақырыбын Мектеп оқушыларын
тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының
педагогикалық негіздері деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімініңата-аналармен бірлесе
қызмет атқаруға кәсіби даярлығын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық
тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін ата-аналармен бірлесе қызмет атқара білуге даярлау үрдісі.
Зерттеу пәні: Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби қызметке
даярлығын қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: Егер болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби
қызметке даярлығын қалыптастыруда олардың ата-аналармен бірлесе қызмет
атқару жүйесінің теориялық негізін, педагогикалық шарттарын анықтап, іс-
жүзіне асырудың ғылыми-әдістемесінің жүйесін жасап, тәжірибелік-
эксперименттен өткізсе, болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығының
нәтижесі арта түседі.
Қойылған мақсат пен болжамның негізінде зерттеудің келесі міндеттері
белгіленді:
1. Болашақ педагогтардың оқушылардың ата-аналарымен кәсіби қызметке
даярлығын қалыптастырудың қазіргі жағдайына талдау жасау;
2. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын
қалыптастырудың мәнін, мағынасын, мазмұнын теориялық тұрғыдан
негіздеу;
3. Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде бастауыш мектеп мұғалімінің ата-
аналармен бірлескен жұмысының нәтижелілігін, педагогикалық шарттарын
анықтау және тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық базасы болып жеке-тұлғалық потенциал теориясы,
танымның диалектикалық теориясы, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық
үрдіс теориясы, жеке тұлғаны қалыптастырудағы іс-әрекеттің психологиялық
тұжырымдамасы, тұлғалық іс-әрекет танымы негізінде педагогтың кәсіптік
дайындығы табылады.
Зерттеу әдістері.Зерттеудің алдына қойған мақсат пен болжамды шешу
және тексеру үшін ғылыми-педагогикалық зерттеудің бір-бірімен байланысты
әдістері қолданылды: психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдебиеттерді, оқу
әдістемелік құжаттарды зерттеу және теориялық талдау, педагогикалық
бақылау, анкета, тест, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, зерттеу
нәтижелерін статистикалық өңдеу әдісі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2010-2011 ж.ж) зерттеу проблемасының
педагогикалық теориядағы және практикадағы жағдайы анықталды, жоғары білім
берудің теориясы мен практикасы жөнінде отандық және шетелдік зерттеулерге
талдау жасалды, зерттеу тақырыбы анықталды,зерттеудің ғылыми аппараты
жасалды.
Екінші кезеңде (2011-2012 ж.ж.) болашақ педагогтардың мектептегі
тәрбие жұмысына кәсіптік даярлығының жағдайы зерттеліп, болашақ
педагогтардың, 5 жылға дейін еңбек өтелі бар және 5 жыл еңбек өтелі бар
мұғалімдердің тәрбиелеу потенциалының деңгейі тексерілді, тәрбиелеу
потенциалының концепциясы, тәрбиелеу потенциалын дамытудың педаг огикалық
шарттары анықталды, Педагогтың тәрбиелеу потенциалы арнайы курстының
бағдарламасы жасалды, қалыптастыру эксперименті жүргізілді.
Зерттеу базасы: Жамбыл инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
1. Болашақ педагогтардың кәсіби қызметке даярлығын қалыптастырудың қазіргі
жағдайына талдау жасау;
2. Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде бастауыш сынып жетекшісінің ата-аналармен
бірлескен жұмысын қамтамасыз етуде технологиялық қатынастың нәтижелілігін,
педагогикалық шарттарын анықтау және тәжірибелік эксперимент арқылы
тексеру нәтижелері.

Сынып жетекшілерінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-
педагогикалық негізі
Кәсіптік қызметті білім берудің жаңа жағдайында жүзеге асатын,
дәлірек айтқанда мұғалімнің потенциалын жан-жақты дамытып, оны кәсіптік
қызметте жүзеге асыруға жағдай жасауға, лайықты гуманистік жағдайға мұғалім
дайындау проблемасы, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу проблемасы бүгінгі
күні қоғамның, мемлекеттің, мектептің назарында. Оларды жаңа талаптарға
сай, жетістіктеріміз бен өткеннен алған сабақтарымыздың әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерінің аясында шешуіміз керек.
Кәсіптік-педагогикалық қызметтің сипатының күрделенуіне, қарым-қатынас
және әлеуметтік байланыстардың деңгейінің кеңейуіне байланысты адамдардың
терең жауапкершілігіне, күрделі мақсаттарға, айналадағылармен дамыған қарым-
қатынасына байланысты интеллектуалдық, психикалық, рухани мүмкіндіктерін
жинақтауға және дамытуға деген қажеттілік арта түседі
Кәсіптік педагогикалық қызметтің үрдісінде бар мүмкіндіктер
ғана жүзеге асырылып қоймайды. Потенциалдың ішкі құрылымдық
компоненттерінің виртуалдық жағдайдан, актуалдық жағдайға өзара өтуін
сипаттайтын байланыс, даму үрдісінің нақты мүмкіндіктерін көрсетеді.
Адамның потенциалын қазіргі ғылымда әр түрлі тұрғыдан зерттеп жатыр. В.М.
Бехтерев, Н.М. Щелованов, [93] Н.П. Павлов [94], И.М. Сеченов [95], Б.М.
Теплов [96] т.б. потенциалды адамның биологиялық резерві ретінде
қарастырған. Р.М. Боявский, О.И. Кириллов, С.З. Клецкин [97], А.П.
Берсенева, Ю.Н. Сбруев [98], И.И. Брехман [99], И.М. Козлов [100] т.б.
адамның психо-физиологиялық резерві ретінде В.У. Агивец [101], В.А.
Донченко [79], Я.В. Сохань [57] және т.б. адамның потенциалын зерттеуге
әлеуметтік философиялық тұрғыдан келеді. В.Г.Ананьев еңбектерінде
потенциал мүмкіндік, қайнар көз қор ретінде қарастырылып, оларды нақты
мақсатқа жету, міндеттерді шешу, еңбектің өнімділігін арттыратын тұлғаның
ішкі күш-қуаты ретінде қолданады. Б.Г. Ананьев адам туралы ғылымның негізгі
мақсаты қызметтің субъектісі адамның потенциалдық және актуалдық
мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады деп анықтаған [51]. А.Г. Ковалев,
В.Н. Мясищев [102], Н.В. Кузьмина [103], Л.И. Уманский [104], адамды
зерттеу проблемасын еңбек субъектісі тұрғысынан қарастырып, оның
тәжірибесіне, шеберлігіне, даярлығына сипаттама берілмеді. Еңбек сферасында
жалпы және кәсіптік бейімділік болып көрінетін жеке тұлғаның ішкі
резервтерінің мүмкіндіктеріне тоқталған. Л.В. Сохань потенциалды белгілі
бір қызметті ұйымдастыруға, және ол ресурстарды ортаның өзгеруіне
байланысты қолдана білу қабілетін жеке тұлғаның ресурстарының жиынтығы деп
анықтайды [57].
Өткеннің позициясы тұрғысынан потенциал, педагогтың қалыптасуы кезінде
жинақталған нақты күштердің жиынтығы деп қарастырылса,бүгінгі күнгі позиция
олардың тәжірибелік қолдануының нақты мүмкіндіктерін актуалдандыру үрдісіне
көңіл бөледі [79]. Потенциал ұғымы резерв ұғымымен дәл келіп, жүйенің
жұмыс істеуін толық қамтамасыз ететін, пайдаланбаған мүмкіндік, мықтылық
қоры деген мағынаны білдіреді. Потенциал мәні жеке тұлғаның қызметті
ұйымдастыруға, ресурстарын қолдану қабылеттеріне мүмкіндік беретін
сапаларының жиынтығында [105]. В.П.Сазоновтың пікірі бойынша, жеке тұлғалық
потенциал негізінде дамудың басты нысаналары болып саналатын, адамда келесі
негізгі сфераларды анықтауға болады:
-интеллектуалдық сфера;
-дене тәрбиесі сферасы;
-мотивациялық-қажеттілік сферасы;
-образдық, шығармашылық-жобалау сферасы;
-эмоционалдық-сезімдік сферасы; [36]
Потенциалдың негізінің ғылыми зерттелуі, оның білім және халықтың
тәрбиелік деңгейін көтеру үшін маңызы зор екеніне куә боламыз. Педагог
мамандар даярлауының сапасын, адами потенциалдың дамуымен, қалыптасуының
деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді. [53, 106].
Біздің зерттеуіміз Б.Г.Ананьевтің [51], Н.А.Бодалевтің [52] және
басқалардың зерттеулеріне сүйенеді. Аталған бағыт потенциалды мамандардың
психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері қарастырады, адамның индивид,
субъект, тұлға, дара ретінде өзгеруі мен қалыптасу тұрғысынан адамның
потенциалдық мүмкіндіктерінің негізгі көрсеткіштерін бөліп көрсетеді. Жеке
тұлғаның потенциалының үш жақты табиғаты бар-биологиялық, психикалық,
әлеуметтік [51]. Биологиялық табиғатының негізі болып индивид категориясы
табылады, ол адамның генетикалық табиғатын анықтап, оның психикалық
дамуының негізі болады. Адамның психикалық табиғатының негізін субъект
категориясы қурайды. Оның негізгі көрсеткіші болып көңіл-күйі, шаршауы,
жұмыс істеу қабілеті табылады. Адамды психикалық табиғаттың категориясы
ретінде сипаттайтын негізгі ерекшелік -оның белсенділігі. Адамның
биологиялық және психикалық табиғаты жеке тұлғаның психо-физиологиялық
потенциалын құрайды. Индивид ұғымы оның тарихи-биологиялық мәнін толық
сипаттайды. Индивидтің негізгі ерекшелігі тұқымқуалаушылық болып табылады.
Тұқым қуалаушылық адамның өмірінің генетикалық бағдарламасын анықтап, оның
психикалық дамуының алдын ала табиғи жағдайы болып табылады. Тұқым
қуалаушылықтың көлденең көрінісі болып психикалық үрдістерді өту
ерекшеліктері табылады.
Биологиялық табиғаттың көрсеткіштері, категориялары, ерекшеліктері,
адамның психикалық табиғатымен байланысты. Субъект адамның психикалық
табиғатының негізгі категориясы болып, адамның белсенділігінің негізі
ретінде қарастырылады. Белсенділік адамның психикалық табиғатының негізгі
ерекшелігі болып, оның спецификалық белсенділігін қоршаған ортамен
байланысудың барлық түрінде жүйелі ашып, оның нәтижесінде индивид
субъектіге айналады. Осыған байланысты біз адамның психикалық табиғатының
көрсеткіштерін анықтадық: өзін-өзі сезінуі, шаршауы және жұмыс істеу
қабілеті. Адамның биологиялық және психикалық жағдайының аталған
көрсеткіштері жалпы – денсаулық деп белгіленген шаршау көрсеткіші ерекше
рөл атқарады. Шаршау адам ағзасының барлық жуйесіне ықпал етеді. Шамадан
тыс шаршау, мүмкіндіктерді тым асыру, адам ағзасының физиологиялық
резервтерінің азаюына апарып, әр-түрлі ауруларды қоздыру қаупі туады [64].
Қазіргі ғылымда денсаулықты жұмсау көлемінің бағасы ұғымы бар, бір сөзбен
айтқанда маманның педагогикалық қызмет үрдісінде жұмсайтын биологиялық және
психикалық мүмкіндіктері.
Педагогикалық қызмет – адамның басқа да қызметтері сияқты оның
физикалық және психикалық жағдайына байланысты қажетті дәрежеде жұмсалған
мүмкіншіліктерінің мөлшеріне қарай энергетикалық шығындарды талап етеді.
Тұтасымен алғанда адамның физикалық және психикалық табиғаты соның ішінде,
адамның физикалық және психикалық табиғаты шектелген ептілік және шартты
мінездегі психофизиологиялық сипаттаманы біріктіреді [51].
Адам табиғатының (физикалық) биологиялық сараптамасы, оның тіршілік
ету барысындағы белсенділігін анықтайды. Адам табиғатының әлеуметтік
қалыптасуы оның қоғаммен өзара қарым – қатынасында анықталатын жеке
тұлғаның категориясы болып табылады. Жеке тұлға әлеуметті – мәнділік
сапасының қалыптасуымен сипатталады. Адамның жеке тұлғаға айналуы қоғамда
қалыптасқан қызмет барысындағы әлеуметтендіру, мінез - құлықтарын және
ережелерін меңгеру, тұжырымдау, ұғыну және қоғамда – тарихи тәжірибиесін
жүзеге асыруда қалыптасады – А.Н.Леонтьев бұл туралы ең айқын теориялық
талдау жасаған, яғни жеке тұлғаның шынайы негізі – оның әр түрлі қызметі
кезінде іске асатын қоғамдық қатынастар жиынтығы [107;108]. Адам
табиғатының әлеуметтендіру барысында оның қабілеті мен бағытын көрсететін
мақсаты, дәлелі, мағынасы сияқты ерекшеліктері айқындалады. Жеке тұлғаның
қасиеті, адамның белсенді қызметі кезінде және әр түрлі әлеуметтік, кәсіби
– педагогикалық міндеті атқарғанда дамиды.
Кәсіби өсу процессінде адамның іске асатын және болашақтағы
мүмкіндіктерді, яғни жеке тұлғаның потенциалын қоса алғандағы қызмет
бағдарламасын жасап түзету пайда болады. Осындай мүмкіндіктерді іске асыру
сана мен жігерлік бірлігінің негізгі принципіне алып келеді.
Әр түрлі қызметі арқылы адамның өмірге деген қоғамдық
қатынастарының бәрі жүзеге асады. Дәлелі, талабы, мақсаты бар адам
әлеуметтендіру процессінде өзін - өзі алып жүре алатын субъекті ретінде
көрінеді. В.В.Давыдов әлеуметтік – ортаны және оның нақты жағдайларын жеке
тұлғаның өсіп өнуі мен потенциалды мүмкіндіктерін байланыстыратын фактор
ретінде қарастырады [82].
Адам қызметінің белсенділігі туралы тек қана оның
мақсаты,дәлелі және мағынасының айқындығы жеткілікті анықталғанда ғана
айтуға болады.
Нәтижелі кәсіби қызметке дайындық алдын ала қалыптасады, сонан
соң, оның жетілуі мен кәсіби потенциалына сәйкес өздігінен қызмет ету
барысында дамиды.
Адамның мұндай потенциалы мен қоры, жалпы және кәсіпті еңбекке
қабілеттілігі түрінде оның кәсіптік қызметінің нәтижелілігін көтеру үшін
маңызды. Шығармашылықлық қызмет аумағындағы арнайы потенциал педагогикалық
сияқты зор қабілеттілік болып табылады [96;103;105].
Отандық психологияда жеке адамды сипаттайын , негізінен,
бағыттылық. Бұл дегеніміз, сыртқы әсер мен (тәрбие, оқу – ағарту ісі т.б.)
ішкі жағдайлардың әсерінен (жеке тұлғаның дара ерекшеліктері) қалыптасатын
бір салаға жинақталған ағарту ісі. Жалпы бағыттылық – жеке тұлғаның ішкі
жағдайлары арқылы енген сыртқы әсер [54].
Бағыттылық – жеке тұлғаның психикалық құрылымын анықтайтын, бір
жүйе түзетін қасиет. Б.Ф.Ломов атап көрсеткендей, адам қызмет еткенде
осындай қасиеттің арқасында турлі шындыққа деген субъективті қатынасы,
дәлелі, мақсаты ашылады [109].
Адам бағытын меңгеру сана мен іс - әрекеттің бірігу принципіне
негізделген [107]. Адамның жеке тұлғасын іс-әрекетінде көру қажет, себебі
жеке тұлға - бір жағынан іс - әрекет жағдайы, екінші жағынан - оның
жемісі. Мұндай жағдай оқуда, еңбекте, спортта жеке тұлғаның бағытын
меңгеруге негіз болып табылады. Сондықтан да, бағыттылықты кәсіби –
педагогикалық қызметте айқындауға болады.
Кәсіби бағыттылық адам үшін өте маңызды жетекші роль атқарады. Ол
айтарлықтай дәрежеде жеке тұлғаны қалыптастыруды, өзек секілді оның
айналасында қалыптасып, топтасады және ең жақсы сапасы мен қасиеттері
дамиды [47]. Кәсіптік – педагогикалық бағыттылық ұстаздың өз қабілеттілігін
көрсете білетін және мамандығын шығармашылық тұрғыдан игере алатын, алда
жүретін жеке тұлға сипатында анықталады.
Жеке тұлға дәрежесін сараптау оның негізгі белгілері мен
қызметіндегі субъект пен пенде сипатын меңгеру негізіндегі көрсеткіштерін
тұтастай алғанда психологтық – педагогикалық потенциалға біріктіруге
мүмкіндік береді.
Адамның биологиялық, психикалық және әлеуметтік табиғатын
меңгеріп сараптау қызмет барысында және қоғамдық – тарихи мәдениет
өкілдерімен қатынасында мәдени және басқа да заттар түрін: құрал –
саймандар, қоғамдық қызметтің барлық түрін, тілін, білімін, дағдысын қоса
алғандағы қалыптасқан өзіндік жеке қасиетін анықтауға мүмкіндік
туғызады [108].
Біз қарастырып отырған даралықтың бағыты оның білімін,
іскерлігін (қызмет барысындағы) тәжірибесін және т.б. секілді жетістіктерін
айқындап беруге мүмкіндік береді.
Потенциалдық бірыңғай құрылымын психофизиологиялық немесе
психологиялық – педагогикалық өзгешеліктер арқылы алу мүмкін емес, өйткені
жеке тұлғаның шығу тегі генетикалық шығу тегімен, табиғи болмысымен,
меңгерген білімімен, тапқырлығымен, тәжірибесімен емес, қызмет барысындағы
іскерлігімен , білімімен, тәжірибесімен анықталады. Осыдан мынадай ой
желісі туындайды, яғни маман потенциалын зерттегенде алдымен оның өзіндік
қабілеті арқылы әрбір белгілерін ашу керек, ал одан соң нақтылы іс -
әрекетінің байланысының өркендеуін меңгеру керек.
Даралықтың екінші түсінігі немесе белгісі: іс - әрекетінің белгілі
әдістерін іске асыру тәжірибесінде. Іс - әрекеттің әдістерін меңгерілуі
оның жекеше қайталау жаттығулары арқылы жүргізіледі. Дағды мен ептілік
сезім органының әсерінен сенсорлық тәсіл арқылы игеріледі. Дағды мен
ептіліктің бір сыпырасы жинақтау әдісі арқылы игеріледі. Кейбір ақылды
әрекеттер ептілік және дағды бола алады. Ой өрісті әдет белгілі нұсқауға
сәйкес, дағды бойынша жүзеге асырылатын іс. Білімсіз ептілік болмайды,
болуы мүмкін емес, саналы іс жасау үшін, оны не үшін, қалай жасау
керектігін білу шарт. Сондықтан да, меңгерген білімін іске асыру оны
пайдаланудағы жаңа деңгей. Даралықтың келесі белгісі – педагогикалық
теорияда болжаммен ойлау, бұрын меңгерілгендерді жаңа жағдайға өздігінен
жеткізу, келесі мәселелерді жаңа жағдайда көрсету, шешімдерін таба білу
және оның жолдарын қиыстыру секілді қарастырылған шығармашылық әрекеттің
тәжірибесі. Бұл тәжірибенің мәні келесі мәселелермен бірқатар жағдайларды
шешумен қорытындыланады.
Даралық жайында осы айтылған белгілер мен түсініктер потенциалды
зерттеуде эмоционалды құндылық қатынасының тәжірибесіз жүзеге аспайды.
Мұндай қатынас қажеттілік пен дәлелге сәйкес келетіндей айналасындағылардан
ақиқатты таңдап алады. Әсерленушілік эмоционалды – құнды қатынасының
тәжірибесін меңгеру тәсілі болып табылады, сондықтан да, ол ашық және
ерекше сипатта болып көрінеді.
Бұл тәжірибенің мазмұны - өмірге, іс - әрекетке, адамдарға
қатынастың жүйелі мөлшері. Сондықтан да, эмоционалды – құндылық қатынасы
тәжірибесінің педагогтың потенциалын қалыптастыруға зор маңызы бар.
Адам мұқтаждығын, әсерін және дәлелін біліммен, ептілікпен және
мәселелерді шығармашылық әдіспен шешуді біріктіре қалыптастырып ұстаздың
шеберліігінің пайда болуын және дамуын бақылап отыруға болады. Ұстаздың іс
- әрекетінің негізгі түрлерін айқындау, бізге оның білім беру,
тәрбиелеушілік және ұйымдастырушылық көрсеткіштерін ашуға мүмкіндік береді.
Адамнан әлеуметтік табиғатын, жеке тұлғаның және даралықтың
негізгі дәрежесін зерттеп сараптау, оның түсінігі мен белгілерін тану,
оларды әлеуметтік – педагогикалық потенциалға біріктіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, жеке тұлғаның үш жақты табиғаты биологиялық, психикалық және
әлеуметтік жеке тұлғаның потенциясын, белгілерін, жетістіктерін және мінез
– құлқын анықталған дәреженің негізінде оның қалыптасуы мен ұғымын тануға
мүмкіндік береді.
Осы берілген жайдан педагогтың жеке потециалын білдіретін,
психологиялық – педагогикалық және әлеуметтік педагогикалық негіздегі
психофизиологиялық біртұтастық туралы қорытынды жасауға болады.
Жеке тұлға потенциалы туралы ұғым оның қасиеттерінің қалыптасуы
мен әлеуметтік келешегінің өркендеуі жағынан алып қарағанда ұстаздың бар
мүмкіндіктерін танытады. Е. А. Донченко, Л. В. Сохань және В. Н.
Тихоновичтың жұмыстарында көрсетілгендей жеке тұлға потенциалы кез келген
мәселені ойдағыдай шешуге болатын қорлары, мүмкіндіктері, қабілеттіліктері
бар – жалпы факторлар жинағы [79].
Аталған жұмыстарда потенциал ұғымы анықталған жағдайлар мен
жүйенің үйлесімді жұмыс істеуі арасындағы сәйкестік қатынасын білдіретін
нақты даму шамасы ретінде қарастырылған.
Л. И. Иванько, В. Г. Нестеров жүмыстарында теориялық және
операциялық жоспарда жеке тұлға потенциалы кәсіптік іс - әрекетте адамның
бүтін бір субъект күйіндегі адам факторына бағытталған [53].
Ол шығармашылықта өзін көрсете білу, қоғамдық өз қабылдауына,
адамның маңызды күшін өзінше жүзеге асыруға бағытталған адам әрекетінің
рухани ішкі энергиясы ісіне өз сенімділігіне, өз орындауына бағытталған
қызмет бағдарын сипаттайды.
Ұстаздың жеке тұлға потенциалы деген ұғым қоғамдық және жеке
тұлға қажеттілігінің ең жоғары дәрежедегі сәйкестігін сипаттайтын,
қатынастары мен оның өзіне тән ең маңызды деген қасиетінің эталоны болып
саналады. Жеке адамның потенциалы деңгейінің критериі дегеніміз, оның
физикалық және рухани күшін, шығармашылық қайратын жұмсаудағы сапалы
ерекшеліктері. Бұл ерекшелік ұстаздың кәсіптік педагогикалық қызметінің
жетілуінде, қажеттілігі сияқты қызметіне деген көзқарасын қалыптастыру
дәрежесінде нақты орын алады. Я. Ф. Аскин танымы бойынша педагог потенциалы
тәжірибе ісінде ақиқаттандырылған нақтылы мүмкіндіктер сияқты қалыптасу
сатысында тұрған перспективалы ара қатынаста болатын мақсатты бағдар.
П. Тереховтың ойынша педагогикалык жеке тұлға потенциалы
көптеген жағдайларға байланысты:
- адамның педагогикалық еңбекке бейімділігі;
- кәсіптік және педагогикалық дайындығының үйлесімділігі;
- физикалық және ақыл – ой қабілетінің үйлесімділігі;
- басқару және атқару функцияның үйлесімділігіі;
- шығармашылық және шығармашылық емес элементтердің үйлесімділігі;
- ұстаздың өнегелік – дүниетанымдық бағыттылығы;
- рухани – жеке тұлға қажеттілігі мен қабілеттілігі;
- өмірдегі приоритеттілігі;
- құндылықтың сананың бір түріне әсер ету дәрежесі [56].
П. Терехов ұсынған педагогикалық потенциал тұжырымдамасы
шығармашылық элементтердің үйлесімділігі, ұстаздың өнегелік – дүние
танымдық бағыттылыгы, рухани жеке тұлға қажеттілігі мен қабілеттілігі,
өмірдегі приоритеттілігі мен құндылықтың санаға әсер ету дәрежесін мұнан
былай тәрбиелеушілік потенциалдың негізі ретінде қолданылды. Жеке тұлға
потенциалы ұғымының тиянақты сараптамасы бұл ұғымның көпжоспарлы және
құрама, ұстаздың мүмкіндіктері мен болмысының диалектикалык байланысы
арқылы іс қабілетінің дамуы мен қалыптасуы жайында толық мәлімет береді.
Бірінші суретте төмендегі негізгі элементтерден тұратын жеке
тұлға потенциалының құрылымы көрсетілген:
- физикалық психикалық және әлуметтік тұрғыдағы
психофизиологиялық потенциал;
- дәлелін, мазмұнын және мақсатын біріктіретін психологтық –
педагогикалық потенциал;
- білім беру, тәрбиелеушілік және ұйымдастырушылықты интегралдайтын
әлеуметтік- педагогикалық потенциал; [64].
Біздің зерттеулерімізде, жеке тұлға потенциалының құрамындағы
тәрбиелеушілік потенциал біріктіретін, әлеуметтік – педагогикалық
потенциалға ерекше көңіл бөлінген.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттердің сараптауы бойынша, тәрбиелеу
потенциалын есептемегенде, әлеуметтік жеке тұлға потенциалының барлық
элементтері, қалай болған да ғылымдардың назарынан тыс қалмаған. Сонымен
тәрбиелеу потенциалы, бірқатар себебтерге байланысты, отандық және шетел
әдебиетінде де жеткілікті зерттелмеген, дегенмен, қазіргі заман шындығы
секілді, атап айтқанда, әлемдік тәжірибеде ағарту ісі мен тәрбие, білім
берудің жаңа парадигмасы, ең басты жетістігі жеке тұлға - адам ретінде
тану, тәрбиелеу барысындағы ең басты тәрбие құралы ұстаздың жеке тұлғасы
болуы шарт. Сол себебті тәрбиелеу потенциалы біз үшін ерекше назарда
болады.
3 - әлеуметті –
экономикалық потенциал.
3.1. – білім беретін
3.2. – тәрбиелеушілік
3.3. –
ұйымдастырушылық
Потенциал компоненттері
2 – психологиялық -
педагогикалық
потенциал.
2.1 – дәлелдік
2.2. – мақсаттылық
2.3. – мағыналық
Потенциал компоненттері
1 –
психофизиологиялық потенциал.
1.1 – физикалық
1.2. – психикалык
1.3. - әлеуметтік
болжамы 1– сурет. Жеке тұлға
потенциалының құрылымы.
Зерттеушілер тәрбиелеу потенциалының құрылымында үш құрамдас
бөлікті атап көрсеткен: өнегелі, шығармашылық және коммуникативті [64].
Өнегелі бөлігі адамгершіліктік байлықты; өнегелік сезімді; эмоционалдық –
құндылық қатынастарын құрайды. Шығармашылық бөлігі – шығармашылықтағы
қажеттілік; іс - әрекеттегі шығармашылық тәжірибе; қайта құру ісі.
Коммуникативты бөлігі карым – қатынастағы қажеттіліктен, қатынастағы
сауаттылықтан; топтармен әрекеттестіктегі іскерліктен тұрады.
К. Роджерс жеке тұлға қалыптасуы мәселесіне көңіл қоя отырып,
сезімнің дұрыс, үйлесімді дамуы негізіндегі оның өнегелік бағыты туралы
атап көрсеткен [110]. Осыған байланысты В. П. Созонов мұғалімнің өнегелі
потенциалына назар аударады. Оның пікірі бойынша, өнегелі мәдениеттің
үйлесімді түрін іздеу, өзіндік өнегелі құндылықты жасау,мұғалім–тәрбиешінің
өзін - өзі тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнын құрайды. В. П. Созонов
мұғалімнің өнегелі потенциалы туралы айта келе өнегесіз, қайырымсыз адам
тәрбиелей де алмайды деп ескертеді. Мұғалім нақты, өнегелі құндылықтардың
иесі болу керек, өйткені тәрбие дегеніміз – тәрбиелеушіге өзіменен, өз
құндылықтарымен және қатынасымен ықпал етуі [36]
М. Н. Глазков білім беру жүйесін қарастыра отырып, оның
дамуының қозғаушы күші педагогтың шығармашылық потенциалы болып табылатынын
атап көрсетті, бірақ өкінішке орай білімгерлердің біразы білім ала отырып,
оны шығармашылық тұрғыда пайдалана алмайды [59].
Т.В.Филонов үстаздың іс-әрекетінде маңызды орынды шығармашылық потенциалға
береді,себебі қазіргі заман адамына іс-әрекетке,бірлесіп еңбек етуге
шығармашылық тұрғыдан келудің әлсіреуі көбірек соққы болады. Шығармашылық
потенциал қоғам дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырылады. Шығармашылық
потенциалдың артуы, ұстаздың шығармашылық қызметке қабылетін қамтамасыз
ететін, білім берудің дамуының деңгейіне байланысты. Шығармашылық
потенциалдың деңгейі болашақ мұғалімнің дайындығын бағалаудың бір бағыты
болады.37 Жоғарыда айтылғандарды қорытындай келе, адамдардың шығармашылық
қуатын генерациялайтын және оны еліміздің қажетіне пайдалануға көмектесетін
құрылымдарды өзіміз жасауымыз керек. Т.А.Ильина шығармашылық энергияның
генерациясын шығармашылық ойлаудың экономикалық бостандығымен
байланыстырады, ол қоғам мен жеке тұлғаның үйлесімді және қалыпты дамуына
апарады 111.
О.Н.Крутова жеке тұлғаның дамуын қарастырып,оның мәні
сапаларының функционалдық жетілуінде емес, тұлғаның саналы және белсенді
шығармашылығында,толық қызметінде,ең жақсы қабылеттерінің жан-жақты көрініс
табуында деп нақтылайды 112. Е.Н.Шиянов шығармашылық потециалды,
педагогтың шығармашылық, нақты айтсақ, өндірістік қызметке қабылеттілігі
және мүмкіндігі ретінде қарастырады 60.
Ұстаздық іс әрекетте және оған болашақ мамандарды дайындауда
шығармашылық потенциал маңызды орын алады дей отырып, Н.Э.Пфейфер ұстаздың
даралылығының орын алуының ерекшеліктерінің бірі деп педагогикалық теорияда
проблемаларды шешудің жаңа әдістерін ойластыру сияқты, шығармашылық
қызметтің тәжірибесін атайды 64. А.Әбілқасымов гуманитарлық білімнің
негізгі идеясын қарастыра отырып, педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерінің
белсенді түрде дамуы, оның интеллектуалды-адамгершілік бостандығы қоғамда
болып жатқан өзгерістер сараптамасының негізінде білімгерлерді адамзат
мәдениетінің қазынасына белсенді түрде тартуда жүзеге асатынын ерекше атап
өтті. Педагогтың шығармашылық жаңару позициясының қалыптасуы ұлттық және
жалпы адамдық мәдениеттің құндылықтарын игеру барысында жүзеге асады.
Ұстаздың мәдениеттілік функциясы жаңарту іс-әрекеттірін жүзеге асырады,
оның барлық әрекеттерін қорытындылап, тәрбиелік потенциялын анықтайды 75.
Дербес сипатта болатын коммуникативті потенциалды, Т.И.Мальковская
қарым – қатынасты ерекшелендіретін немесе қиындататын қасиеттер жиынтығы
ретінде қарастырып,оның негізінде, жеке адамның коммуникативтік қасиеттері
қалыптасады, деп анықтайды 61. М.Х.Балтабаевтың пікірі бойынша, диалог-
өзара түсіністікке талпыну, толеранттылық 62. Жеке тұлғаның әлеуметтік
байланыстарының белсенділігі, оның бойында қалыптасқан қасиеттерінің
жиынтығымен реттеледі. Н.И.Шевандриннің айтуы бойынша, коммуникативтік
потенциал жеке тұлғаның басқа адамдармен тіл табысуына, орнаған қарым-
қатынасының беріктілігіне байланысты, оның әлеуметтік мәнінің жүйелігімен
және әртүрлілігімен айқындалады 63. Бұл белгілері, педагогика
саласындағы маман потенциалын зерттегенде эмоционалды–құндылық
қатынастарының тәжірибесіз жүзеге аспайтындығын Н.Э.Пфейфер атап көрсетті
64.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау ерекше әдістемелік
жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына қанша уақыт
болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы шарттардың
нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында 2005-2010
жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында
оқушылардың білім сапасын сапалы деңгейге көтеру маман даярлау жұмысын жаңа
әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін атап
көрсетілген болатын[1]. Онда бастауыш мектепжас ұрпақтың салуатты өмір
салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің дұрыс
бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық
шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру
қарастырылған еді. Ол үшін төменде аталған педагогикалық шарттардың тәлім-
тәрбиелік потенциалы мен күтілетін нәтижелердің мәнділігін сатылап
көрсеткен жөн деп санаймыз.
Біріншіден — тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика
жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды
дамытуға бағыттайды.
Екіншіден — оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализация-
лауын дамыту, адамның өз құндылыгының абсолютті сипаттамасын потенциалдан
шындыққа айналдыру бастауыш мектеп— спорт іс-әрекет түрлерін еркін таңдауға
тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен амалдары.
Жас ұрпақ жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет.
Бастауыш мектеппроцесінде табиғи жаратылысына сәйкес принциптің терең мәні
мынада жатыр: Ол адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін
тигізетін шарттар мен себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне
бағыттайды. Бұл уақыт қамтамасыз етудің морфофункционалды жүйелері мен
қозғалыс дамуының табиғи ырғағына сәйкес болуы мүмкін еді[2].
Осылай адам дамуының тарихи процесінде табиғи дамудың бөлек кезеңдері
арасындағы ұтымды жалғастырушылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және
жүзеге асырылады. Ол байланыстырып ғана емес, сонымен біпге табиғи түрде
оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип тәрбие формаларының
көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде белгілейді. Ол адамдар
таңдаған кәсіп түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және
талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және
қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар
жасауды қажет деп санайды.
Бүл принциптің әдістемелік базасы В.К. Бальсевич, Л.В.Волков, А.А.
Гужаловский, М.И.Семенов зерттеулерінде қарасытырылған. Бұл зерттеу-лерде
адам қозғалысы дамуының ең жақсы нәтижелері, жеке қозғалу қабілеттері мен
әлеуметтік - психологиялық себептерді толық есепке алынуда қамтамасыз
етіледі. Осыдан педагогикалық жүйе мен психологиялық қатынаста басым болып
өз-өзін тәрбиелеу қызметін жүзеге асыруға нақты алдын-ала жағдай жасайтын
формалар мен әдістер табылады.
Оқу бағдарламаның бәріне бірдей мақсаттар қойылуы мүмкін емес, өйткені
мұндай бірлікте басынан қалай тәрбиенің шектеулі құндылығы, сондай-ақ
адамның өз-өзін бағалауының шектелуін жобалайды. Сонымен табиғат
жаратылысына сәйкес принципінің жүзеге асырылуы, әрбір адам табиғатынан
шығуға және тәрбие процесі мазмұнын үйлестіру мен жан-жақты болудан бас
тартуды, жеке адам түлғасына байланысты оқыту, тәрбие және дамудың көп
түрлі және көп нұсқалы бағдарламаларын жасауды талап етеді.
Адам тәрбиесінің әлеуметке сәйкестік принципі адам дамуының әрбір жас
кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін
мойындау болып табылады, яғни өсіп келе жетқан адаммен әлеуметтік тәжірибе
арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейі, өзін қоғамда тану
деңгейі, өзін басқа адамдарға көру деңгейі, қоршаған ортада жауапты
әрекетке бейімделу деңгейі, қоғамға қатынасында оның мен деген орынға
шоғырлануы байқалады. Бір жағынан қоғамға қатынасында Мен деген орнына
жинау нәтижелері, рефлекстің өсуі, өз-өзін бағалау, өз-өзін бақылау, өз-
өзін түсініп дамуы, және оларды анықтауы жүзеге асырылғанда, екінші жағынан
оның әрбір сатысына жіктелу қадам қажеттілігі түлғаның өзін-өзі жүзеге
асырудағы қажеттіліктің ара қатынасын есепке алғанда ғана тәрбие процесінде
өсудің потенциалды мүмкіншіліктерін пайдалана алатын ерекше күйді алуды
белгілейді[3,16 б].
Ол тәрбие процесін, адамның әлеуметтік белсенділігін калыптастырудың
психологиялық заңдылықтарына барабар құруға көмектеседі. Әлеуметтік дамудың
маңызды көрсеткіші ретінде өсіп келе жатқан адамдардың қызығушылықтары алға
шығады.
Онда жеке адам тұлғаның бағыты, оның ақыл-ой, эмоциялық және дене
белсенділігі байқалады. Балалар, жасөспірім және бозбалалардың дамуында
маңызды мәні болып мінез-құлығы мен іс-әрекетінің өзіне, басқа адамдарға,
қоғамға қатынасының сипаты, өз-өзін түсіну және жауапкершілік деңгейі
белгіленеді. Ұрпақ тәрбиесін әлеуметке сәйкестендіру принципі жаттығу-
шылардың қызығушылықтары, себептері, қажеттіліктері мен ұстаған бағыттарына
сәйкес дене шынықтыру саласында құндылық бағыттар арқылы ақылды реттеу
қажеттіліктерін, тәрбие құралдар кешенінің спорт нәтижесіне даярлау
тенденциясына қарсы мақсатқа сәйкес қолдануға негізделген реттелу
қажеттілігін анықтайды. Сондықтан бұл жерде жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша
күрделі және еңбекті көп керек ететін жұмыстың орнына таза техникалық
нәтижелеріне қарай оқытушы оқушылармен тек қана бір жақты, спорттық -
техникалық міндетін орындаумен байланысқан үйретуші орнын алатынын есепке
алу қажет.
Сонымен адам тәрбиесінің әлеуметке сәйкес принципі жеке адам тұлғасының
қоғамда қызмет жасауға үмтылысы мен дайындығында, яғни өзін басқа
адамдармен байланыста қарау секілді қоғамдық мәнді басымдылығынан шығады.
Ол өзінің әлеуметтік қатысуын түсінуге қажетті тақырыпты - практикалык іс-
әрекеті дамуының іс жүзіндегі формалары мен жолдарын белсенді ізденуге
бағыттайды. Тәрбие процесінде қанағаттану принципі адамның Мені әр
алуандық бірлігі, яғни жекелігінің қалыптасуын бақылап отыру формасы мен
оның қажетті негізін құрайды. Бұл принциптің жалпы қисыны өте терең
екендігін көрсетеді.
Сонымен, тәрбиені саралап ұйымдастыру (дифференциация) бірге қоғамдық,
жеке адамға тән ерекшеліктері мен қажеттіліктері адам өмірінің жағдайларын
жақсарту үшін, олардың саналы, мақсатқа сай іс-әрекетінің өнімі болып
табылады. Қанағаттану адам мінез-қүлығындағы негізгі бағыт, яғни оның
қызығушылықтарының табиғи негізі болып табылады. Адам қандайда бір
қажеттілігіне бағынышты болганда онда ол таным мен ойланудан бастамайды, ал
керісінше танымның өзі басынан бастап, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін,
құралдарды іздеуге бағындырады.
Өзінің бағыттау қызметінде қажеттілік психологиялық танымның тақырыбы
болып табылады - деп А.Н.Леонтьев ерекше көрсеткен. Бұл принциптің жалпы
қисынының басқа жолы іс-әрекеттің өз-өзін бағалауды мойындауында. Егер іс-
әрекетті жүзеге асыру барысында қанағаттану сезімі пайда болса, онда мұндай
іс-әрекеттің өзі құнды деп айтуға болады, өйткені ол субъектіде бар
қандайда бір қажеттілік үшін жүзеге асырылмайды, ал қанағаттану ере жүреді,
субъект үшін құндылық бола бастайды. Ойынжар қанағаттанудың көтеріңкі
сезімімен байланысқан жаттығудың түрін құрайды - деп ерекше көңіл
аударған.
Қанағаттану принципі адамда қажеттілік емес, әрекеттің басқа көзін және
басқа мәнін, өз-өзін көрсету, түсініп және ұғынуға көмектеседі. Бүгінгі
күні мәлім болғандай, адам табиғатында оның дене шынықтырудың нақты бір
түріне, мамандануы көрінеді. Іс-әрекет процесінде бұл мамандану
қабілеттерінің толық көрінуі, оқытудағы жетістігі, оқытудың төмен
нәтижесіне байланысты азап шегуі, оның салдарынан қанағаттану немесе
наразылығы көрінеді. Осыдан өте маңызды нәтиже шығады. Адам тек қана өзінің
қажеттіліктері, қызығушылығы, ынтасы, яғни іс-әрекет нәтижелерінен
қанағаттана алады, сонымен бұл іс-әрекетте оның табиғаты жүзеге асыралады.
Бұл мәтінде қанағат іс-әрекетпен бірге жүреді және оны қанағаттандырады,
оған аяқталғандық пен толықтық береді. Ал әрекетті адам өзін көрсету үшін
қажетті шарт және де іс-әрекет түрлерін еркін таңдауын жүзеге асыру үшін
қажетті құрал леп санайтындықтан, оны қанағаттанудың басты құралы ретінде
қолданады.
Тәрбие жүйесінің білім кеңістігінің жоғарыда аталған принципі осы жүйенің
бастапқы, қазіргі және ақырғы жағдайын оқу орнының әрбір түрі үшін
анықтауында. Тәрбие процесінің оған қатысты сыртқы жағдайларымен, сонымен
бірге осы процестің ішкі бөлімдері арасындағы заңды, байланыстар орнату
қажеттілігінде болады. Ол үшін тәрбие мазмұнын дифференциалды ұйымдастыру
жүйесі ішкі бөлімдерінің дамуы және сыртқы ұдайы дамуына бағыттайтын бірден-
бір тиімді форма болмақ.
Жас ұрпақ тәрбиесі жүйесіндегі білім кеңістігінің әлеуметке сәйкестік
принципі жаттығушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін көптеген жеке
ерекшеліктеріне қарай типологиялық тиістілігі бойынша бөлінуін қамтамасыз
етеді. Олар Гегельдің сөзі бойынша түрсіз шексіздіктің түрі болып
табылады. Тәрбие мақсатының жекелену мақсаттарына сәйкес оқу
материалдардың мазмұнын таңдауын, оқыту формалары мен әдістерін, оқу
процессін әдістемелік және қаржы жағынан қамтамасыз етуін алға қарай
жылжыту. Ол мұғалімдер мен жаттығушылардың тығыз байланысқан іс-әрекетін
қалыптастыру және жүзеге асыру қажеттілігінен шығады. Мұндай іс-әрекет
алдын-ала қойылған жағдайда мүмкіндігінше тиімді оқыту, тәрбие және өсуіне
бағытталған. Сол уақытта білім кеңістігін қалыптастыру принципін жүзеге
асыру денеге түсетін күшті анықтау кезінде этикалық, адамгершілік
нормаларды сақтауын, алға қойылған мақсаттарға сәйкес спорт немесе
сауықтыру әдістемелерді пайдалануын қарастырады[3, 37 б].
Осы зерттеу кезінде алынған тәжірибелік материалдармен қатар
қарастырылған қағидалар мен принциптердің дәйекті түрде жүзеге асырылуы
бастауыш мектеп саласында жекешелену идеясы негізінде жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалануға мүмкіндік беретіне көз жеткізіп отырмыз.
Сонымен, бұл процесті ұйымдастыру амалдары мен олардың мәнділігі
бастауыш мектеп сабақтарының мазмұнына инновациялық түр береді деп,
бастауыш мектепсабақтарын жүргізуде дифференциалды қатынас бала қабілеті
мен физикалық табиғатын есепке алыуы тиіс деп санаймыз. Олай болса,
дифференциалды дене тәрбиесінің мазмұнын анықтайтын мәнді кезеңі болып,
бастауыш мектеп саласындағы біз ұсынып отырған жеке адамды қалыптастыру
концепциясы шеңберінде мақсаттарды белгілеу мен міндеттерді қою болып
табылатынын алдыңғы міндеттерге жүктеу қажет болады.
Тәрбие үдерісін ұйымдастыруда адамның өз құндылығын басым деп қабылдау
әдістемесін есепке алып, Д.И.Фельдштейн берген анықтамаға адам тәрбиесінде
нағыз адамгершілік қатынастардың мәнін нақты көрсетеді деп саналады,
өйткені тәрбие деп біз өсіп келе жатқан адамның мақсатқа бағытталған дамуын
қайталанбайтын адамның жекелігі, қоғамдық практиканы құру арқылы осы
адамның рухани және шығармашылық күштерінің өсуін және жетілуін қамтамасыз
етуді түсінеміз[1.38]. Өйткені, қоғамдық практика жағдайында баланың өсе
бастаған кезінде бар нәрсе келесі мүмкіндікті құрайтын шындыққа айналады.
Бұл жерде тәрбиелеу дегеніміз, адамның субъективті дүниесін бір жағынан
қоғамның өсіп келе жатқан адамға қоятын талаптарды жүзеге асыратын, рухани
идеалға сәйкес әрекеттенуі ал екінші жағынан баланың жеке ерекшеліктерін
барынша дамытатын мақсаттарды көздер бағыттау ретінде түсіндіріледі.
Болашақ мұғалінің кәсіби қызметке бағдарлануын ЖОО қалыптастыру
тарихына жасалынған шолу мен талдау жеке адамның тұлғалық қалыптасуында
білім күшінің нақты бір физиологиялық және психо-педагогикалық
заңдылықтарға тәуелді екендігін растап отыр. Осы заңдылықтар жеке адамның
даму және қалыптасу теориясын (Ананьев Б.Г адам әрекетінің жалпы
психологиялық моделі теориясын (Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), функциональды
жүйелер теориясын (Анохин П.К., Пурия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz