Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе. . . . 6

1 Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық

негіздері . . . 9

1. 1 Қазақ халқының ұлттық өнерінің негізгі ерекшеліктері . . . 9

1. 2 Ұлттық өнерге мектеп оқушыларын баулудың тәрбиелік мәні . . . 11

1. 3 Моншақ тоқу өнері арқылы қыз балалардың іс-әрекетін дамыту . . . 16

2 Ұлттық өнерге мектеп оқушыларын баулудың әдіс-тәсілдері . . . 19

2. 1 Ұлттық өнерге мектеп оқушыларын қызықтыру жолдары . . . 19

2. 2 Жоғары сынып оқушыларын ұлттық өнерге баулуда технология пәнінің сипаты . . . 22

2. 3 Моншақ тоқу өнерін 7-9 сыныптарда үйретудің әдіс-тәсілдер………28

3 Практикалық тапсырмаларды орындау . . . 33

3. 1 Моншақпен тоқу тәсілдері . . . 33

3. 2 Моншақтан дайындалған бұйымдар . . . 34

3. 3 Экономикалық бұйым есебі . . . 42

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 45

Қосымша . . . 47

Түйіндеме

Диплом жұмысы, мектеп оқушыларына моншақпен өңдеу аркылы технология сабақтарына қызығушылықтарын дамыту жолдары қарастырылған.

Әрбір бөлімде қазақ халқының ұлттық өнерін ерекшеліктерімен моншақ тоқу өнері арқылы киіз басудың іс-әрекеттерін дамыту жолдары сипатталады.

Практикалық бөлімі барысында моншақ тоқу тәсілдерімен моншақтан дайындалған бұйымдар туралы суреттері енгізілген.

Аннотация

В дипломной работе рассматриваются пути развития интереса учащихся при вышивания с бисерами.

В каждой главе рассмотрены особенности путей развития деятельности народно-национальных искусств при вышивании с бисерами.

В главе практики внедрены рисунки выполненные с бисерными вышивками кашмы.

Annotation

In the research paper discusses the development of students' interest in embroidery with beads.

Each chapter describes the features of ways of development activities People's National Arts for embroidery with beads.

Chapter practices implemented drawings made ​​with beaded embroidery kashmy

Özet

Araştırma yazıda boncuk ile nakış öğrencilerin ilgi gelişimini tartışır.

Her bölüm boncuk nakış işleme için geliştirme faaliyetleri Halk Ulusal Sanat yolları özelliklerini açıklar.

Boncuklu nakış kashmy ile yapılan Bölüm uygulamaları hayata çizimleri

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі мәдени - мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрін дамыту.

-Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 бағдарламасында: “Отандық білім беру жүйесін әлемдік тәжірибе негізінде және білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту” міндеттері көзделген.

Анықтамалар

Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зеріттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.

“Технология” ежелгі гректің “texno”-өнер, шебер, білгір және “logos”-ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология- шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылым.

Жалпы білім беретін мектеп- жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Қолөнер-ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.

Еңбекке баулу- бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа дейін бірте-бірте дамып отырған комплексті үдеріс.

Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция) .
Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технолгия оқу пәні бағдарламасы;

Технология мұғалімі - мектеп технология пәнін оқытатын мұғалім;

ОТ - оқыту технологиясы.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қолөнердің қай саласынан болсын дүние жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне тән қайталанбастай ерекшелігімен дараланды. Ал қандай болмасын өнер және талант, дарын иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық өнер дейміз. Сол халық таланттарынан шыққан қолөнеріміздің біріне моншақтан жасалған бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары мен ұлттық бұйымдардың қай заманда болсын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.

Өзге халықтар сияқты қазақ халқы да өз халқының ұл қыздарына қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының “сегіз қырлы бір сырлы” өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен әрбір ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа жалғастырып, насихаттап, үйретіп келген.

Қазіргі кезде сол ұлттық қол өнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін жалпы білім беретін пәндердің біріне мектептегі технология пәні жатады. Олай болса, “Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеп дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (өнер, үлгі, өнеге) өз орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін де ерекше маңызды деп санаймыз.

Бұл көзқарасты халық педагогикасы (этнопедагогика) мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдардың еңбектері дәлелдеп отыр. Жастарды қолөнердің белгілі саласына үйрету туралы идеялар қазақ халқының ауызекі шығармашылығында ерекше орын алған. Мысалы, “Ақылды қыз ертегісінде тігін, кесте өнерін жете меңгерген қыздар олардың шеберлігі, ісмерлігі жасаған заттарының ерекшелігі туралы әңгімеленді”. Сондықтан қыздарды бұл өнерге тек мектепте ғана емес, әрбір апа-аналарымыз оларды отбасында да үйреткен жөн деп санаймыз. Сонда ғана қыз балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып отырады.

Бүгінгі күні оқушыларды еңбекке дайындау барысында кілем, алаша тоқуда, киіз үйдің жабдықтарын тігуде бірқатар мода ағымына сәйкес, ұлттық стильде киім тігілуде және де моншақтармен жұмыстар жасауда. Қашаннан еңбекке баулу тәрбиелеу барысында ұлттық қол өнерінің ерекшеліктерін дәріптеуді дұрыс жолға қоюды қажет етіп келеді. Сондықтан да, әрбір ұлттық қол өнердің ұшы-қиырын сәндік- қолданбалы өнерді мектеп технологиясы пәнінде тиімді қолданып оқыту мәселесін оқу-процесінде үнемі қолға алып отыруды қажеттеледі. Көне тозады, жаңа озады деген мақал-мәтелдердің мағынасын, ұлттық өнердің озық үлгілеріне жаңаша әдіс-тәсілін ізденуіміз қажет.

Қазіргі кезде елімізде жүріп жатқан экономикамыз нарықтық заманда оқу - материалдық жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағыттары алдымен жалпы білім беретін мектептерде, кейін оны оқу - өндірістік комбинаттарда, кәсіптік мектептерде жалғастырып оқыту мәселесін қолға алудың үлкен практикалық маңызы бар. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруда оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін біршама зерттеп, жаңа әлеуметтік - экономикалық кезеңде, нарықтық экономика жағдайында технология пәнін дұрыс оқытып, бұл мәселені ойдағыдай іске асыруға байланысты экономиканы түпкілікті өзгертуге орай жаңаша ойлай білетін, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне жауапкершілікпен қарайтын жастарды дайындау қажеттігін айта отырып, қазіргі кезде мектеп оқушыларын келешекте қандай жұмыстар істеу керектігі жөнінде әдістемелік жағынан нұсқаулар беріліп отырылуы қажет.

Елімізде жаңа экономикалық арнаға көшу мәселесі қолға алынып, көптеген өзгерістер болып жатқанда, мектеп өмірінде көп бастама, жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңаша еңбекті ұйымдастырудың, әсіресе, нарық жағдайында оқушыны еңбекке даярлаудың әдіс - тәсілдерін анықтау мүмкіншілктерін пайдалану керек [1] .

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларын еңбекке және кәсіпке даярлаудың алға қойған мақсаты, оқушының қабілет - қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы оқушыларды кәсіпке даярлау құрылымы кәсіпке даярлық, кәсіптік бағдар, үйірмелеріне қатысу болып жалғаса береді.

Болашақ мамандарды даярлау жүйесінде кәсіптік оқытуға байланысты "Кастюм тарихы", "Киім композициясы", "Тігін бұйымдарын өңдеу технологиясы", "Тігін бұйымдарын конструкциялау", "Тігін бұйымдарын сәндеу технологиясы", "Киімді конструкциялау", "Түстану", т. б. тарауларына аз көңіл бөлінген. Осы мәселелерді оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда жүзеге асыру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «Қыз балаларды моншақ тоқу өнерінде іс-әрекетін дамыту» деп таңдап алуға тура келді.

Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан - жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу күшейту мәселелері ескеріледі.

Қорыта айтқанда бұйымдағы ою-өрнектердің қолдануын, түрін, бейнесін дәл болмаса да, соған ұқсас түрлері қолданыс табуда. Ал, пішімдері де өзгеріп, жаңа түрде қолданылуда. Сонымен қатар моншақтан жасалған кейбір әшекейлерді той-жиындарда болмаса, күнделікті өмірде тағып жүру мүмкін емес. Сондықтан да, оларды тарихи зерттеулерге сүйене отырып көне бұйымдар қатарына жатқызуға болады деп біз өз диплом жұмысмыздың тақырыбын “ Қыз балаларды моншақ тоқу өнерінде іс-әрекетін дамыту” деп таңдап алдық.

Қазақ халқының “Қарыс-қазы-балықта, қалың қазына халықта” деген мақалы да осы өнер молшылығынан туған еді. Сонымен, халықтың педагогика нәрін оқушыларды сабақ барысында, тәрбие жұмыстарында ізденпаздылықпен бойына сіңіру бағытында ат салысқанымыз жөн.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қыз балаларға моншақтан түрлі үлгідегі бұйымдар әзірлеу барысында оқушыларды халық туындыларын жете меңгерту мүмкіндіктерін педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді зерделеу негізінде жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының объектісі: мектептегі оқу-тәрбие үдерісін.

Зерттеу жұмысының пәні: оқушыларға халықтың тәрбиелік дәстүрлі өнерін пайдалана отырып қызбалаларды ұлттық өнерге баулу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Қыз балалардың моншақ тоқу іс-әрекетін дамыту барысында қыз балаларды инабаттылыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеуге болады: егерде:

  • мектеп қабырғасында қыз балаларды моншақ тоқуға үйрету технология сабағында қажеттілік болып саналса;

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Халықтың дәстүрлі өнер түрлерін ұрпақ тәрбиесінде тиімді қолданылуға байланысты педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерге талдау жасау;
  • ұлттық өнерді шынайы қабылдауға үйрету;
  • халық шеберлерінің тәжірибесін меңгерту;
  • оқушыларға моншақтан түрлі бұйымдар әзірлеуді үйретудің тиімді әдістері мен формаларын анықтау;
  • технологиялық тарауы бойынша:
  • Түрлі моншақтардан алқа, блезік, сырға жасай білу

Зерттеу жұмысының әдістемелік жаңалығы: Диплом жұмысын орындау барысында мектепте өтілетін технология сабағы барысында қыз балаларға моншақтардан гүл әзірлеуді үйрету мүмкіндігі айқындалды;

  • Әдемі болып жүру үйлесімді киім киіп, жарасымды әшекей тағуға байланысты, адамның жас шамасына лайықты болуына тарихи шолу жасалды.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

  • мектепте технология пәні мұғалімдері қыз балаларды моншақтардан түрлі бұйымдар әзірлеу барысында пайдалану арқылы қыз балаларды имандылыққа, әдептілікке, шеберлікке бағыттау мүмкіндігін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануына болады.
  • халықтың тәлім-тәрбиесін, жастарға білім беру барысында оқу-тәрбие ісінде жүйелі қолданыла алады.
  • Мектеп оқушыларының мамандық таңдау ісінде қызығушылықтары жоғары екендігі айқындалды.

1 Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері

1. 1 Қазақ халқының ұлттық өнерінің негізгі ерекшеліктері

Қазақ халқы өз тарихында ұзақ та, күрделі дамудың жолдарынан өтіп бүгінгі күні өз жалғасын табуда. Осындай дамудың нәтижесінде қоғамдық еңбектің түрлі салалары пайда бола бастады. Тұрпайы еңбектен бара - бара халықтық қолөнеріне айналып дамып келеді. Қоғам дамуында адамға құрал - жабдық пен ішер ас, киер киім қандай қажет болса, оны ұқсата білу, икемді де ұнасымды ету, әдемілеп әшекейлеу, келістіріп пайдалану да сондай қажет болды. Әрине бұл айтылғандардың барлығы тек қана қазақ халқында ғана емес, басқа халықтарда да өзіндік ұлттық қолөнерінің шығармашылығының даму тарихымен сипаттас.

Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою, баршылықты молайту, халықтың тұрмысын жақсарту, киім - кешекті, үй жиһаздарын тиімді, қолайлы, сәнді де ұнасымды етіп пайдалану халықтардың бәріне бірдей ортақ мүдде, арман еді. Соның нәтижесінде біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін көптеген асыл мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнетті болуы үшін күрескенде неше түрлі азапты - от пен судың тар жол, тайғақ кешулерінен өтті. Жоқшылық, қараңғылық теңсіздік азаптарын тартты. Сөйте жүріп өз елінің тарихында мәңгілік өнер өрнектерінің мұрасын қалдырды. Халық шеберлері байлыққа байлық қосып, молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты етуге, тұрмыстық жиһаз - мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлкен үлес қосты. Қазақ халқының қолөнерлерінің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани азық болатын, талғамдарын қанағаттандыратын, сұлу да әдемі, тиімді де ұнасымды ұлттық жасау - жабдықтарды жасап отырып тұрмыстық тіршіліктің мұң-мұқтаждарын өтеп отырды. Міне осы халқымыздың мол мұрасын біздің болашақ ұрпақтарымыздың бойына сіңіруге тәрбиелеуге мектеп өте орасан роль атқарады. Мектепте оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде олардың жас және жеке ерекшелектерін ескеру негізгі қағидалардың бірі болып табылады. Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде мұғалім әр уақытта осы қағиданы басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары, әдістері оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай жүзеге асырылады.

Сабақ барысында мұғалім мектептегі оқушыларға қазіргі заман мәдениетіне тән әлеуметтік - гуманитарлық пәндерде мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:

  • оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
  • мәтін көлемі шағындығымен қатар, тақырып мазмұнының ғылымилығы, әсерлілігі, бейнелілігі;
  • берілген тапсырма оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс - әркетіне түрткі туғызуға сай келуі;
  • берілетін білімнің оқушылардың өмір тәжірбиесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы.

Мәдениетті танып білуі үшін, өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра, оқып білген, тәжірибеден үйренген білім арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаларға да үйретеді. Біртіндеп өмір жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі [2] .

Оқушыларға білім беруге арналған құралдардың ең негізгісі оқулық болып саналғанымен, оның мазмұны мемлекеттік құжат - бағдарлама талабынан алшақ кете алмайды. Жеке пәндерді оқытуда оқушыларға ғылыми ұғым беру қажет, ол ұғымдардың саналы меңгеруді жүзеге асырып, ептілікті қалыптастырудың негізгі мүддесі. Нақты заттар мен құбылыстар негізінде бақылау ұйымдастыру біртіндеп ұғымға ұласпақ.

Ұғым - өте күрделі психологиялық үрдіс. Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы танымы-технология жетістіктері техникалар, түрлі машиналар, компьютерлер дәуірі қоғамның өрлеуіне, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне әсерін тигізіп отыруда. Бұлардың барлығы адамның өсіп - өнуіне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтанда ол қазіргі жастар өмірінде жаңаша мәдениетті талап етеді. Оны алдымен оқушыларды еңбекке даярлау қолданылатын бағдарламаларды зерделеу барысында қарастыру қажеттілігі туындайды.

Осы тұста кешеге дейін зеттеу жұмыстарды жүргізіп келген Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа ұсынған "Технология" жалпы білім беретін мектепке арналған интегративті білім саласы негізінде жарыққа шыққан оқулықтарына тоқталатын болсақ, біршама дәйекті мысалдар келтіруге болады [3] .

Қазақстан тарихында алғаш шыққан "Технология" оқулығында бұрынғы кезде еңбекке баулу сабағында өтілетін технология элементтері қамтылған. "Технология" ежелгі гректің "tecno" - өнер, шебер, білгір және "logos" ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология - шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылым. Адам баласының іс - әрекетіне қажет технологияның да сан алуан түрі кездеседі. Дегенмен әрбір адамға үнемі қажет технологиялар да жоқ емес. Олар: тамақ әзірлеу, үй мүлкін күту, ақпараттандыру, киімдерді әшекейлеу технологиясы, көйлектерді дизайындық технологиясы т. б. технологиялары. Сонымен бірге оқулықтарда бағдарлама тарауларына байланысты шығармашылық жұмыстары, жоба берілген. Бағдарлама тарауларына сәйкес қолөнер бұйымдарын әзірлеуге қолөнерге, тамақ әзірлеу технологиясына, үй мәдениеті және тұрмыстағы техника, кәсіпкершілік және жанұя экономикасының элементтері тарауларына оқытуда қазақ халқының көне атауларына, оны қалай үйреткендігіне салыстырмалы талдаулар жасалынбаған.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында және жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен салт - дәстүрлерін оқып - үйрену үшін жағдайлар жасау, оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай - ақ тілін, салт - дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы негізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, әлі де болса терең білімді қажет етеді [4] .

1. 2 Ұлттық өнерге мектеп оқушыларын баулудың тәрбиелік мәні

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі мәдени - мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрін дамыту.

Осы бағытты ескере отырып, қазақ халқының ұлттық қолөнерін кешегі көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.

Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танытып біліп салт-дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - халықтың ұлттық қолөнері. «Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді»-деп М. Әуезов айтқандай өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе. Халқымыздың ұлттық қолөнерін етпегенде, көптеген мағұлматтарды беруге тура келеді.

Қолөнер - ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу - көзі ашық, көкірегі ояу, ар намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы [5] .

Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХҮІІІ - ХІХ ғасырларда - ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды жасылды түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қошқарммүйіз, самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, асадал, аяққап, кесеқап немесе шекпен шапан сияқты киім - кешектер о баста, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп - жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған.

ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Сондықтан өркениетті дамушы елдің ұрпақтары ретінде мектепте берілетін еңбек тәрбиесіне аса көңіл бөлінеді. Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата - бабаларымыздан қалған салт - дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы.

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар - еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Дамыған елдердегі сияқты біздің елімізде де ұрпаққа саналы білім беруде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Ондағы мақсаты алған білімнің негізінде өз ойын еркін бағамдай алатын, өзін дамыта білетін, қазіргі тез өзгеріп отыратын өмірде өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру [7, 8] .

Осы бағытта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген болатын.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, адамның кәсіби мәдениеттілігіне мұқият дәуір. Олай болса, мектепте оқытылатын технология пәнінің оқу материалдарын қоғам талабына сай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Оқушыларға қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуді үйретуде еңбекті ұйымдастыру негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Бастауыш сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу (еңбек дағдысы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz