Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультетінің

«Педагогика және психология» мамандығының ППП-515 тобының студенті Зиятова Әлияиың «Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру»тақырыбында жазылған дипломдық

жұмысына

ПІКІР

Зиятова Әлияның дипломдық жұмысы орта білім беретін мектептерде сабақтан тыс уақытта оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің жүйесін ғылыми-теориялық жағынан жан-жақты және терең зерттеуге арналған.

Адамзат баласының өмір кешуі жер бетіндегі болып жатқан өзгерістерге тікелей тәуелді болғандықтан, оның тағдыры табиғаттың тағдырына байланысты да. Жер бетіндегі экологиялық жағдайы адамзаттың бақылауға алуының қажеттігі де осында. Планетадағы табиғи заттар айналымын дұрыс жолға қоятын - адам. Ол жер бетінде тек өздері үшін емес, қоғам үшін мәңгілік тіршілік биосфераның қызмет атқаруы қажет.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиелігін қалыптастыру мұғалімнің жеке басына, оның жалпы кәсіби білімі мен шеберлігіне және сыныптан тыс түрлі көпшілік, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осылырдың бәрі бір-бірімен үйлесімді, байланысты жүруі оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беруге мүмкіндік береді.

Демек, оқушыларды экологиялық тәрбие беру саласында білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, тиімді әдістерді ұйымдастыра отырып, сол түрғыда өз болмысын таныта алатын оқушы етіп даярлау қажет екендігін айтып, студент өзінің зерттеу өзінің зерттеу жүмысында тақырыптың өзектілігін аша білген.

Дипломдық жұмыстың құндылығын, онда жасалған зерттеулер мен тұжырымдардың маңыздылығын, атай отырып, дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультетінің

«Педагогика жэне психология» мамандығының ППП-515 тобының студенті Зиятова Әлияның «Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында жазылған дипломдық

жұмысына

СЫН ПІКІР

Зиятова Әлияның «Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру» атты тақырыптағы диплом жұмысы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздеріне арналған

Диплом жұмысының I бөлімі мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері оның ішінде мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруге теориялық талдау жасаған. Сонымен қатар мектеп оқу бағдарламасындағы экологиялық тәрбиенің рөлін қарастырған.

Диплом жұмысының екінші бөлімі бойынша оқушыларға сабақтан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдары мен әдістемесі қарастырылған.

Сонымен қатар экологиялық білім берудің негізгі - табиғат көздерін сақтау мен жақсарту мұраттарын ғылыми позиция тұрғысынан насихаттау. Ал, экологиялық тәрбие жұмысы, мекеп оқушыларын табиғатқа қатысты субъективті, бағалауы мен объективті шындықтың арасындағы кереғар алшақтықтар болдырмау жолын қарастырмақ. Ол үшін мүғалім оқушының айнала қоршаған ортаға деген бастапқы мағлұматын қалыптастырып, түрлі эмоциялық көңіл-күйімен қабылдауын орнықтыруы керек. Егер оқушы бойында өзін қоршаған аймақты жақсарту ниеті оянса, экологиялық білім мен тәрбиенің тиімді болатыны сөзсіз екенін атап көрсеткен.

Дипломдық жұмыс өзінің мақсатына жеткен, талапқа сай орындалған. Зиятова Әлияның дипломдық жұмысын қорғауға ұсынамын және «өте жақсы» деп бағалаймын.

Мазмұны

Кіріспе

І-бөлім. Мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

  1. Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруге теориялық талдау . . . 10
  2. Мектепте оқу барысындағы экологиялық тәрбиенің рөлі………23

ІІ-бөлім. Оқушыларға сабақтан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдары мен әдістемесі

2. 1 Мектеп оқушыларына сабақтан тыс жұмыстарда экологиялық білім берудің мазмұны . . . 39

2. 2Сабақтан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие берудің жолдары мен әдістемесі . . . 51

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі : Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі риногін да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» бұл тұжырымдамада еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігімен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды.

Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу - қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.

Білім беруді дамытудағы мақсат - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктлігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.

Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға сапалы білім беріп, ұлтжанды адамзат етіп қалыптастыруда атқарар ролі зор екені даусыз.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, асқақ руханият пен азаматтықты өркендету, шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам аттағаннан бастап, өзінің ата-анасын, ұстаздарын құрметтеп-сыйлауға, айнала қоршаған табиғатты, туған өлкесін сақтап, қорғауға, сол арқылы адамгершілік мінез-қасиетті орнықтыруға баулу - мектеп ұйымының міндеті.

Жаңа мыңжылдықта ғылым мен техниканың, мәдениеттің шарықтау, биікке көтеріліп, адамзаттың қол жеткізген табыстары өркениетті қоғамның іргесін бекіте түскені ақиқат. Мұнымен қоса, адам баласының алдындағы мақсат - жер әлемінің амандығын, экологиялық ахуалдың бүтіндігін сақтау. Қоршаған ортаның ластану жағдайында болуы, адам өміріне қауіп төнуі, салауатты, саналы өмір сүрудің жолдарын ойластыруға шақырады.

Республика Президенті Н. А. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» Жолдауында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өткен: « . . . экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет»

Табиғат алдындағы жауапкершілік сол табиғат байлығын пайдаланудағы адамгершілік және құқықтық принциптердің сақталуымен өлшенбек. Табиғатқа деген қарым-қатынастың қоғамның барлық саласына, яғни ғылыми, адамгершілік, идеологиялық, құқықтық салаларға қатысы бар, себебі олар ғылыми дүниетанымның негізін қалайды. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Экология және табиғи қор министрлігі бірлесе отырып, орта мектептерге арналған экологиялық білім беруді мемлекеттік стандартқа сэйкес оқу жоспарларына, оқулықтарға сәйкес жасау, тиісті сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін атап көрсетті. Осы мәселелерді шешу жалпы білім беретін мектептің алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды:

  • бүгінгі күннің экологиялық мәселелері туралы білім жүйесін қалыптастыру;
  • адам мен қоғам арасындағы диалектикалық бірлікті түсіндіруге негіздейтін жеке тұлғаны қалыптастыру;
  • экологиялық проблемалардың себептерін талдай алатын ойлау жүйесін қалыптастыру;

Экологиялық тәрбиеге жан-жақтылық сипат беру мақстаы, мектеп оқушыларын тәрбиелеуді кешенді түрде жүзеге асыруға міндеттейді. Осыдан табиғат мэселесіне ғылыми-теориялық тұрғыда келу, оның заңдылықтарын білу, сол заңдылықтарға адам әрекетін сәйкестендіру қажеттілігі туындайды.

Адамзаттың табиғатқа деген эстетикалық қатынасы, оны бақылау мен бағалаудан, әсерленуден шынайы жэне рухани сезім дүниесі арқылы суреттеуден тұрады.

Экологиялық білім берудің негізгі - табиғат көздерін сақтау мен жақсарту мұраттарын ғылыми позиция тұрғысынан насихаттау. Ал, экологиялық тәрбие жұмысы, мекеп оқушыларын табиғатқа қатысты субъективті, бағалауы мен объективті шындықтың арасындағы кереғар алшақтықтар болдырмау жолын қарастырмақ. Ол үшін мүғалім оқушының айнала қоршаған ортаға деген бастапқы мағлұматын қалыптастырып, түрлі эмоциялық көңіл-күйімен қабылдауын орнықтыруы керек. Егер оқушы бойында өзін қоршаған аймақты жақсарту ниеті оянса, экологиялық білім мен тәрбиенің тиімді болатыны сөзсіз.

Табиғатты қорғау мәселесі - педагогикалық мәселелердің негізгі бөлігі. Қай халықта, оның ішінде қазақ халқы, ұрпағына даланы, бабалардан қалған ата қонысты ұлағаттап, қадірлеуді, сақтауды аманат еткен. Кешегі алаштың ардақты тұлғалары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтардың педагогика, психология ғылымдарын негіздеген еңбектерінде жас ұрпақтың қоршаған әлемді, табиғат тамашаларын қызықтап қана қоймай, тіршілікке, табиғат - анаға, ол тарту еткен әсемдікке құмартуға, оны танып-білуге, оның байлығын аялап, қорғауға шақырады. Адамгершілік - эстетикалық тәрбие арқылы жас ұрпақ, әсемдік әлемін түйсініп, аға буын ұрпақтың ізгілікті ісін жалғастырмақ, ой-сезіміне әсерін тигізбек. Осы ретте дүниетаным - адамның өзін қоршаған болмыс дүниесіне қатынасы десек, адам осы дүнитаным арқылы табиғат пен әлеуметтік құбылыстардың арақатынасын ұғынуға ұмтылады.

1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата Заңымызда «Мемлекет адамның өмір сүруі үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды міндет етіп қояды» делінген. 4. Ал, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңында осыған сәйкес педагогикалық міндеттер нақтыланған, 5. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, әлеуметтік және практикалық негіздерін белгілеп берді. О л мынадай тармақтардан тұрады:

  • республикада халыққа экологиялық білім беру табиғат қорғау жөнінде халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асыру:
  • жалпыға бірдей кешенді түрде, үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім беруді басқаратын маман кадрларды кәсіптік жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау;
  • көрсетілген оқу орындарында экологиялық білім берудің қажеттілігі айқындалып, арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;

- арнаулы оқу орныдарының білімдік бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнаулы курстар оқыту.

Экологиялық білім мазмүнының басты компоненті - оқушы әрекеті. әр түрлі әрекеттердің әрқайсысы (саяси, құқықтық, эстетикалық, экономикалық) бірін-бірі толықтырып отырады. Мектеп ұйымы оқушы еңбегінің барлық түріне экологиялық сипат беруде жоғары қоғамдық маңыздылықты үнемі ескеріп отыруға тиіс. Сондықтан экологияны мектептегі оқу процесінде ғылыми тұрғыда қарайды. Экологияны жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды. Мәселен биологиялық пәндер жүйесінде табиғат аясы, биосфера, тірі организм туралы сөз болса, химия сабақтарында ауаға, су көздеріне минералды тыңайтқыштардың ықпалы, яизяка сабақтарында радиоактивті заттар мен олардың қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы сөз болады.

Экологиялық білім жүйесінде жаратылыстану пәндерінің рөлін анықтауда экологиялық мақсатты білім беру, экологиялық білімдегі пәнаралық байланыс, оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға іс жүзінде қатысуы секілді бағыттар көзделеді. Бұл ретте зерттеуші педагог И. Т. Суравегина экологиялық білім мен тәрбие тұжырымдамасын жасап, экологиялық білімнің элеуметтік қарым-қатынас жүйесін орнықтырады. «Бұл жүйеге табиғатқа деген қарым-қатынаста кірістірілген: өндірістік қатынаста; табиғат ресустарына; саяси қатынаста - мемлекет саясатына табиғатты пайдаоану аймағында; отбасылық дәстүрде табиғатьпен қарым-қатынаста болу» 11. Бұл жүйеде табиғатқа қатынас тұтас қамтылған.

Табиғатты қорғау тақырыбында зерттелген шетелдік және отандық ғалымдардың әдістемелік-ғылыми еңбектері мен тәжірибелік жұмыстары біршама. Атап айтқанда ресейлік ғалымдар И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, Н. М. Мамедовтың - еңбектерінде табиғатқа түрлі жағдайларда эсер ету, жан-жақты қатынаста болу мәселесі қозғалған.

Экологиялық тәрбие мәселесін жан-жақты қарастыруда қазақстандық ғалымдар: Ә. С. Бейсенова, Ә. Бірмағанбетов, Н. . Сарыбеков, М. Н. Сарыбеков, Е. А. Мамбетқазиева, А. В. Чигарин, Ж. Ж. Жатқанбаев, К. А. Сарманова, Ж. Б. Шілдебаев, Ж. І. Байтағұлова, Ж. Дәрібаев, М. А. Лигай, А. Г. Сармузинаны атауға болады.

Елімізде танымал педагог-психологтар Ж. Қоянбаев. А. А. Бейсенбаева, И. Нұғманов, С. Үзақбаева . С. Қалиев. Қ. Жарықбаев, Ә. Табілдиев т. б. еңбектерінде жас жеткіншіктерге сапалы білім беру үшін экологиялық тәрбиенің маңызы зор екендігі айтылады.

Оқу әдістемелік сипаттағы проблемалардың бірі - пәнді оқытуды сабақтастыру десек, осы байланысты экологиялық білім мен тәрбие беруде, қазақ тілі мен әдебиеттану мәселесінде көтергендер Ө. Танабаев, Қ. Құрманбаева, Ә. Дайырова, химияны оқытуда Қ. Шайхесләмова, физикада Р. Басекеева, табиғаттануда Д. Жангелдина сабақтан тыс жұмыстар арқылы Қ, Бұзаубақова, жалпы пәнаралық байланыста А. Болтаев, экологиялық тәрбие берудің алғы шарттары жөнінде Г. Сәбденәлиева, Ф. Н. Жұмабекова, А. Е. Манкеш, А. Егенисова, Қ. Сарыбекова, математика пәнін оқытуда табиғатты қорғауда насихаттауда Ж. Тілешева, оқу үрдісінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда Қ. Исламова, мектепте ағылшан тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін жүйелеуде Ж. Базарбекова т. б. ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тэрбие процессі өз орнын жан-жақты нақтылай түсті. Бұл еңбектердің қай-қайсысында да, экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеттері айқындалып, бүл мәселелердің шешілу жолдары сараланды да. Ол жалпы адамзаттық ізгілікке бағытталған тәрбиенің тұтас жүйесі ретінде талданады.

Жастарда эклогиялық тәрбие беру мәселесі жер-жерлерді өткен республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың да негізгі тақырыбына айналды. (Тбилиси, Қазан 1977; Алматы 1991; Жамбыл 1992) .

Экологиялық тәрбие жасөспірімдер үшін отбасынан мектеп жасынан басталады. Себебеі олардың бойында айналадағы өзін қоршаған, ортаға -табиғатқа деген сүйіспеншілігі бүлдіршін жасынан қалыптасады.

Жоғарыда келтірген ғылым-әдістемелік, зерттеулер мен ресми құжаттар жас ұрпақтың эколгиялық жағынан сауатты, тәрбиелі болып өсуіне, қоршаған ортаны, табиғатты сүйіп, қастерлеу керектігін дәлелдей түседі.

Қазіргі қоғамдық-әлеуметтік, рухани өмір талаптарынан туындап отрығанындай, оқу процесінде этномәдениет негіздерін, ұлттық ерекшеліктерді оқушы санасына сіңіру - алдыңғы кезектегі мәселе.

Қазақ этнопедагогикасы туралы ұғым еліміз егемендігін алғаннан бері қайта өрлеп, ұлтымыздың төл психологиясы мен философиясын жаңа арнаға бұрды. Бұл ұлттық мұраға, ұлт даналығы мен салт-дәстүріне деген үлкен бет-бұрыс қана емес, ұрпағымызды ата-баба мұрасына жақындатып, одан рухани ләззат алу, оны дәйекті жалғастыру деген сөз. Қазақ этнопедагогикасы - әрі т»рбие құралы, шежірелер мен діни ілімдердің. Философиялық ой-түйіндердің негізінде жас ұрпақты әлемді тануға, әлеуметті сыйлап, құрметтеуге, сол үшін аянбай еңбек етуге үйретеді.

«Адамның табиғатсыз күні жоқ оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» - деді халқымыз. Мұны айтуға табиғат заңдылықтарын ұғыну, бір міндет болса, сол ілім негізінде оның құдіретін дәріптей отырып құрметтеу, қорғау екінші міндет екенін ескерген аға буынжас жеткіншектердің санасына ертерек сіңіре берген. «Тәрбие - тал бесіктен» деген халық даналығы осыны меңзейді. Ендеше, туған табиғатты туған ел мен жерді құрметтеуге жастарды бүлдіршін жастан бастап баулыған абзал.

Жалпы білім беретін меткептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің мәні өз деңгейінде бағаланбай келеді. Мұнымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбиненің негізі оқу процесінде этнопедагогика элементтерімен үштастыра жүргізіле бермейді. Осы ұлттық салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік сипаттарын, эклогиялық білім мен тәрбие бағытында үндестіре беру мәселелері көп жағдайда сақтала бермейді. Аталмыш мәселелерді зерттеу нысанасы ете отырып, оны шешу жолдарын анықтау -біздің жұмысымыздың басты проблемасы.

Зерттеу мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің жүйесін ғылыми-теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау.

Зерттеудің объектісі: жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар.

Зерттеудің пәні: жалпы орта білім беретін мектептерді сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушылаға эклогиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеу.

Зерттеудің міндеттері:

- жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің өзіміздің зерттеуімізге байланысты педагогикалық негізін айқындау;

  • қазіргі мектеп тэжірибесінде сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтап ұсыну;
  • жалпы орта білім беретін мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің біріңғай жүйесін құру;
  • зерттеу жұмысының қортынындысы мен тұжырымдарының негізінде әдістемелік құрал дайындау.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі:

Адам мен қоршаған табиғи ортаның өзара қатынасы туралы ілімі, таным
теориясы жеке тұлғалық іс-әрекет теориясы, табиғат пен оқушының өзара
қатынасты туралы танымдық пікірлер, тұжырымдамалыр, пікірлер, ғылыми
зерттеулер мен болжамдар.

Зерттеудің негізгі идеясы:

Табиғат, қоғам адамның өзара үйлесімділігі негізінде сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізу барысында жеке тұлғаның табиғатқа деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру біздің зерттеуіміздің басты идеясына алынды.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау.
  • жалпы орта білім беретен мектептерде жүргізілетін барлық пәндер мен осы пәндер бойынша және жалпы жүргізілетін сабақтан және мектептен тыс жұмыстардың бағдарламаларына, әдістемелік құралдарына талдау жасау;
  • озат мектеп іс тэжірибесін жинақтау, талдау жасау:
  • зерттеу бойынша арнайы сауал сұрақ, әңгіме, диагностикалық-тесттік байқау жүргізу;
  • мектептерде және мектептен тыс мекемелерде жүргізілетін сабақтар мен тәрбие жұмыстарын талдау жасау;

- жалпы білім беретін орта мектептерде сабақтан және мектептен тыс уақыттарда оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуде алдынғы қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдап қорыту;

Зерттеу көздері:

  • педагогика, психология, философия ғылымдары классиктерінің еңбектері;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметтерінің ресми құжаттары: заңдар, қаулылар, актілер және т. б. ;
  • оқу министрлігінің бекіткен құжаттары мен бағдарламалары;
  • жалпы орта білім беретін мектептердегі озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрайды.

І-бөлім. Мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің
педагогикалық негіздері

  1. Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруге теориялық талдау

Ежелгі дәуірден-ақ адамзат баласы өзін қоршаған ортаның, табиғаттың құпиясын танып-білуге, адам мен жаратылыстың өзара қарым- қатынасын ұғуға ұмтылды. Өздерінің тіршілік етуіне негіз болатын материалдық игіліктерді еңбек процесі арқылы ала отырып, табиғатқа әсер етуді, өзгертуді үйренді. Табиғаттың байлығын игерді, ол үшін түрлі техника жетістігін қолданды. Сөйтіп, жер шарының тіршілігі бар ортасы-биосфераны толық меңгерді.

Экология - организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы, өзара қарым-қатынасты зерттейтін дербес ғылым ретінде XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптасты. «экология» терминін алғаш рет неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы»., еңбегінде ұсына отырып, оның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердің әволюция процесінде өзгеруі деген ұғымнан құралғандығын дәйектейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz