Мектеп оқушыларының ептілік және іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп оқушыларының ептілік және іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың
негізгі ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік экономикалық
міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуының сипаты, халықтың рухани дамуы, саяси-экономикалық
сауаттылығы, адами тұрғыдан салт-санасының өсіп өркендеуі, дүниетанымдық
көзқарасы, жастар арасындағы тәрбие мен білім беруге байланысты болып отыр.
Қашаннан ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру жүйесіндегі өлшеусіз
өзгерістер елімізде өтіп жатқан реформалармен ғылыми техникалық прогрестің
дамуының алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру
кеңістігіне ену мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім
берудің жаңаша жүйесі құрылып, үкімет алдында тұрған ең жауапты
міндеттердің бірі ретінде қарастырылуда.
Қойылған міндеттер оқу - тәрбие үдерісіндегі білім беру қызметінде
жаңаша қарауды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып
саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды және мұғалім іс
әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Өйткені, бүгінгі білімді ұрпақ тек қана біздің өмірдің тікелей
жалғастырушысы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Ал
қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Бүгінгі таңда кез келген
мамандық атаулының барлығы біліктілікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой
қызметі үйлесімді оқушының шығармашылық мүмкіндіктеріне орай дамыта білуді
қажет етеді.
Жалпы адам бойындағы ептілік - адам бойындағы қабілетті дамытып,
олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі
танытуына көмектеседі.
Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің өзіне
тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында ұсынылып
отырған жүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге асатын,
мүмкін болатын құрамалары айқын белгіленген.
Бүгінгі Егеменді Қазақстан мемлекеті, өркениетті қуатты дамушы 30
елдің қатарына қосылу үшін әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен
орын алуға ұмтылыс жасауда. Кезінде ұлы ағартушы-педагог Ахмет
Байтұрсынұлы Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, әм күшті
болуымыз керек. Білімді болуға ұмтылу керек. Бай болуға кәсіп
керек. Күшті болуға бірлік керек деп сара жол сілтеді. Бүгінгі
таңда, өскелең жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің тиімді нұсқаларын әр
түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсатты түрде қоя білудің ізгілік
жолдарын қарастыруымыз керек. Мұнсыз оқушылардың білімін жетілдіру жағы
жемісті бола бермейді деп өз еңбегінде атап өтеді [1].
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсариннің пікірінше,
педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту
әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс тіл табыса білуінде.
Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп,
оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз
ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіссің,- деп атап көрсетеді
[2].
Ы.Алтынсариннің негізгі идеясы бүгінгі күннің негізгі
талаптарына сай келеді емес пе ? Бүгінде ел аумағында орналасқан барлық
мектеп оқушыларын өз білімін ғылыми тұрғыдан шығармашылықпен ұштастыруға
толықтай мүмкіншіліктер жасалуда. Ол үшін тек қана мектеп оқушыларына
бүгінігі қоғам талаптарына сай білім беруде жаңашыл ұстаз болуға ұмтылу
қажет. Дегенмен, мектеп оқушыларының ептілік қабілеттері мен іскерлік
қабілеттерін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері
туралы шетелдік ғалымдармен ресейлік ғалымдар көптеген зерттеулер
жүргізгені белгілі. Ол ғалымдардың зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала
отырып әрбір мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті сабақтарында
оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын байқай біліп, оқушы белсенділіктерін
артырудың жолдарын қарастыруда.
Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір балалардың жас кезеңінде
шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, ептілік,
бейімділік болуы керек дейді.
Қабілеттілік – оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң
білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам
бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы. Өзбек ғұламасы Әлішер Науаи
өзінің „Ғажайып мәжілістері“ атты еңбегінде адам тек рухани
қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.
Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының
тереңінен алады. „Қабілет“ ұғымын ғылымға алғашқы рет енгізген Платонның
да, оның ізбасарларыныңда бұл ұғым жайлы түсініктері таптық көзқарастарға
негізделген болатын. Олар адам туғаннан бастап, бірі басқарушылар, бірі
жауынгер, бірі жер иеленушілер болып туады дегенді уағыздады. Қабілеттерге
байланысты адамдар арасындағы теңсіздік осы кездерден басаталса керек. Ал
Платонның шәкірті Аристотель қабілеттерді адамның ішкі ашылмаған
мүмкіндіктері деп қарастырған [3].
Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны
Шығармашылық іс-әрекетке оқушылар мотивациясын қалыптастыру
Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері
Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi
Салауатты өмір салты ұғымы
Пәндер