Мектеп оқушыларының мінез - құлық қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университеті
Психология және әлеуметтік педогогика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Мектеп оқушыларының мінез - құлық қасиеттерінің психологиялық
ерекшеліктері.

050503 – психология және шет тілі мамандығы бойынша

Орындаған: ППФ, психология және
шет тілі
мамандығы күндізгі оқу
бөлімінің 4 курс
студенті
Нұртазина Нұргүл.

Ғылыми жетекшілері:
психол.ғ.докторы,
профессор Каримова
Р. Б.
оқытушы Қисықова Ә.Н.

Кафедра меңгерушісі:

психол.ғ.докторы.,

профессор Каримова Р. Б.

Алматы, 2008

Мазмұны.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

1-Бөлім Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің даму
ерекшеліктері.
1.1. Жасөспірімдердің мінез қасиетінің даму ерекшеліктері
... ... ... ... 6-12

1.2. Мінез акцентуациясының пайда болуының психологиялық
факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13-26

1.3. Мінез акцентуациясының динамикасына қысқаша шолу ... ... ... ..
27-34

2- Бөлім Жасөспірімдердің мінез акцентуациясын эксперименталды
зерттеу.
2.1.Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

2.2.Зерттеудің әдістеріне сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36-38

2.3. Зерттеудің нәтижелерін талдау, өңдеу, қорытындылау
... ... ... ... 39-45

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 46-47

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 48-50

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 51-63

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қандай да болмасын мемлекеттің алдында
тұрған өзекті мәселенің бірі -өсіп келе жатқан ұрпақты ел алдындағы
міндеттерді өз бетінше шеше білуге қабілетті етіп тәрбиелеу. Бұл
тек егер де медициналық психологияда жеке адамдарда кездесетін
мінез акцентуацияларын дұрыс басшылыққа алған жағдайда ғана жүзеге
асады.
Шекаралық психиатрияның бір қатар проблемаларын анықтауға
қарастырылады. Жеке адамның акцентуациясының ролі невроз генезінде,
психопатиядағы және психосоматикалық ауруда зерттелуі мүмкін, сонымен
қатар жеке адамның мінез акцентуациясы маңызды болып есептеледі.
Кеңестік және шетелдік психология ғылымдарының шеңберінде мінез
акцентуация мәселелері, құрылыстары мен қызметтері, факторлары мен
қалыптасулары зерттелген. (П.Б.Ганнушкин, О.В.Кербиков, Г.К.Ушаков,
К.Леонгард, Г.Е.Сухарева, А.Е.Личко).
Психологияда мінез акцентуациясының байланысы өте күрделі мәселе
болғандықтан ол терең де, кешенді зерттеуді талап етеді.
Сонымен осы жұмыста жеке адамның қалыптасуында кездесетін мінез
акцентуацияларының ерекшеліктерін қарастырып, оны зерттеуге қадам
жасалып отыр.
Жасөспірімдердің мінез-акцентуациясының мінез-құлықтарындағы
ауытқуларына қарамастан, бұл мәселе негізінен клиникалық,
медициналық аспектіде қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді
педагогикалық тәжірибеде қолдану қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және
іс-әрекетпен байланысты психологиялық-педагогикалық анализ қажет.
Кеңес психологтары мен педагогтары және педагогтарының жүргізген
зерттеулері (М.А.Алемаскин, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Л.М.Зюбин,
И.А.Невский, В.А.Сухомлинский, В.А.Татенко, Д.И.Фельдштейн, С.Г.Шацкий,
және т.б.) қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-
педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез
акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық
ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар (П.Б.Ганнушкин,
М.М.Кабанов, О.В.Кербиков, В.В.Ковалев, К.Леонгард, А.Е.Личко,
Ю.С.Скроцкий, Г.Е.Сухарева, Н.И.Фелинская, Г.К.Ушаков т.б.) үлкен
үлес қосты.
Зерттеудің мақсаты: Жеке адамның мінез акцентуациясының
ерекшеліктерін анықтау үшін оқушыларға эксперименталдық зерттеу
жүргізу.
Зерттеудің міндеті:
1. Психопатизация мен мінез акцентуациясының арасындағы өзара
байланысты зерттеу болып табылады.
2. Мінез акцентуациясын теориялық талдау.
3. Жасөспірім - акцентуанттардың тұлғалық ерекшеліктерінің құрылымын
қарастыру.
4. Жасөспірімдердің акцентуация типін анықтау әдістемесін іріктеу,
жүргізу, интерпретациялау.
Зерттеудің болжамы: Егер жасөспірімдерде психопатия деңгейі жоғары
болса, онда оларда мынандай акцентуация типтері басымырақ кездесуі
мүмкін: гипертимді, қозғыш, демонстротивті.
Зерттеудің пәні - жасөспірімдердің мінез акцентуациясы.
Зерттеудің объектісі - Алматы қаласы, Алмалы ауданы №136 қазақ орта
мектебінің 8 сынып оқушылары.
Әдіснамалық мәні: Жеке адам акцентуациясы концепциясы медициналық
психологияда және кейбір психиатрия басшылығында қолданылады.
(К.Леонгард, А.Е.Личко)
Практикалық мәні: Акцентуация - бұл орта есеппен айтқанда белгілі
бір ерекшеліктерінің дәрежесінің күшейуі. Мінездің ерекшеліктері
акцентуация кезінде әрдайым көрсетілуі мүмкін, тек кейбір
жағдайларда білінбеуі мүмкін.
Акцентуацияда-әлеуметтік дезадаптация не мүлдем жоқ, не қысқа болады.
Зерттеудің әдістері:
1. Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы.,
2. Леонгардтың мінез акцентуация сұрақнамасы.
3. Тұлғаның мінез акцентуациясы мен нервті-психологиялық
тұрақсыздығы.

1-Бөлім Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің
даму ерекшеліктері.

1.1. Жасөспірімдердің мінез қасиетінің даму ерекшеліктері.
Жасөспірімдік кезең-психикалық дамудың қиын кезеңі, ол
жасөспірім үшін ғана емес, сонымен қатар ересек адам үшін де
қиын. Жасөспірімдік кезең мәселесінің маңыздылығы баланың психикалық
дамуының ерекше әлеуметтік ситуациясымен ғана түсіндірілмейді,
қоғамның өсіп келе жатқан адамнан талап ететін талаптарымен
түсіндіреді.
В.А.Татенко әрекеттің психологиялық структурасында 6 этапты
бөліп көрсетеді:
1. Мақсаттың қойылуы;
2. Оған жетудің құралы мен жолын табу;
3. Мақсатқа жетудің бағдарламасына сәйкес шешім қабылдау;
4. Қабылданған шешімді орындау және практикалық іс-әрекеттің
этапы;
5. Орындалған іс-әрекетті бағалау;
6. Алынған нәтижені фиксациялау мен сақтау.
Берілген схема жасөспірім-акцентуанттардың тұлғалық ерекшеліетерін
қарастыру біздіңше өте қолайлы өйткені, ол іс-әрекеттің структурлы
(блокты) компонент моделі болып табылады 27; 180 .
Мақсаттың психологиялық ерекшеліктерінің блогы.
1. Тұрақсыз акцентуация. Топ-еріксіздік компенсация стимулы.
2. Гипертимді акцентуация. Мақсаты-маңызды іс-әрекетте жетістікке жету
(оқу, кәсіби, спорттық және т.б.), формальды емес топта лидерлікке
ұмтылу, іс-әрекетке деген құмарлық.
3. Истероидты акцентуация. Мақсаты - өзінді эгоцентризмді
қанағаттандыру, лидерлікке деген ұмтылыс.
4. Эпилептоидты акцентуация. Мақсаты - билікке деген ұмтылыс,
материалды жақсылыққа жету, өзінің патологиялық тартымдылықтарын
қанағаттандыру.
5. Шизоидты акцентуация. Мақсаты - өз-өзін жоғарылау, оқуда өз-өзін
дамыту, болашақ кәсіби қызметке дайындау, белсенді болу.
Адамдар бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Мысалы, бір адамның
келбеті екінші адамның келбетінен қатты ерекшеленеді, солай адамның
психикасы да ерекшеленеді.
Бірақ та, жеке белгілер көп болмайды. Адамның жекелігінің
ерекшелендіретін белгілер, әр түрлі психикалық сфераларға жата
алады:
1. қызығушылыққа бағыттылық сферасы;
2. сезім мен ерік;
3. ассоциативті-интеллектуалды сфера.
Адамды жалпы түсіну үшін, оның аталған сфералардың әр түрлі
белгілеріне мұқият қарау керек.
Акцентуация түсінігін алғаш рет неміс психиатры және
психологы, Берлин университетінің неврологиялық клиникасының профессоры
Карл Леонгард енгізген. Ол сонымен қатар тұлға акцентуациясының
классификациясын жасаған.
Невротизация психикалық құбылыстардың 3 классының әсерімен құрылады:
1. тұлғаның эмоционалды-мотивациялы ерекшеліктері;
2. психосоматикалық симптоматика;
3. адамның көңіл-күйі, оның өз-өзін сезінуі, оның уайымдарының
негізгі тоны.
Адамның психикасы өте нәзік, ал адамның өмірінде психикаға кері
әсерлері өте көп, отбасына байланысты кіші реніштерден үлкен
тұлғалық уайымдарға дейін 28; 50
Мінез акцентуациясы-мінездің жеке ерекшеліктерінің тым күшейуі
мөлшерінің шеткі варианттары, басқаларға деген жақсы және жоғарғы
тұрақтылығындағы белгілі түрдің психогендік әсері нәтижесінде
сайлаулық әлсіздік табады.
Көрсетілген дәреженің тәуелділігіне байланысты 2 дәрежесін бөліп
шығардық:
1. Ашық (явная);
2. Жасырын (скрытая) (Личко; Александров, 1973)
Ашық акцентуация варианттың шеткі мөлшеріне қатысты. Мінездің белгілі
түрінің әжептеуір тұрақты ерекшеліктерінің болуымен өзгешеленеді.
Жасөспірім жасында мінездің ерекшеліктері жиі шиелінеседі, ал
психогендік фактордың әрекеттері аз қарсылықты орынға - адресіне
жібергенде психогендік факторлардың әрекеттерінен, тәртіптегі
ауытқулар мен адаптацияның уақытша бұзылуы пайда бола бастайды.
Мінез ерекшеліктерінің есеюінде жеткілікті көрсетілген болып қалады,
бірақ толтырылады және адаптацияға кедергі келтірмейді.
Жасырын акцентуация шеткі вариант мөлшеріне емес, ол кәдімгі
варианттар мөлшеріне жатуы мүмкін. Үйреншікті жағдайда мінездің
белгілі-бір түрінің ерекшеліктері әлсіз көрсетілген немесе мүлдем
байқалмайды.
Жан-жақты зерттеу барысында және өмір баянымен әбден талдап
танысуда да мінездің белгілі бір түрін анық түсіну қиынға соғады.

Психогендік факторлардың басқа түрі, ауыр түрлері де,
психогендік ауытқуларда көрсетілмей ғана қоймай, сонымен қатар мінез
түрлерінде көрсетпей қояды 24; 65 .

Психопатия – бұл мінездің сондай аномалиясы, Ганнушкин бойынша
Индивидтің бүкіл психикалық бейнесіне анықтайды, оның жан дүниелік
құрылымына өзінің өктем ізін, өмір бойы... өте тез өзгерістерге
енбейді және қоршаған ортаға енігу...кедергі келтіреді. Бұл үш
критерийлер тотальдің және мінездің патологиялық ерекшеліктерінің
біршама тұрақтылығы және олардың дәрежеге дейін мәнерлігі әлеуметтік
адаптацияны бұзушы болып О.В.Кербиков бойынша белгіленген
11; 272 .
Белгіленген критерийлер жасөспірімдердің психопатия
диагностикасында негізгі бағыт болады. Бұл жаста әсіресе анық
көрінетін мінездің патологиялық ерекшеліктерінің тотальдылығы. Әр
жерде және әрқашан гипертимдік жасөспірім энергиялы, шизоидті
қоршаған ортадан көрнексіз пердемен қорғанады, ал истероидті
қоршаған ортаның көңілін өзіне аударуға құмар болады.
Егер өте көңілді тынышсыз, шуылдақ бала аяқ асты қатал, тұйық,
жұрттан шеттенген жасөспірім немесе бала кезінде нәзік, сыпайы,
өте сезімтал бала жақындарына өте қатал, суық қанды, қатігез
жігітке айналса, онда бұның бәрі тұрақтылық тәуелділігіне сай
келмейді және психопатиялық ерекшеліктер қалай айтылса да, бұл
жағдайлар жиі психопатияның шегінде болады. Адаптацияның бұзылуы
немесе анығырақ айтқанда, әлеуметтік дезадаптация психопатия кезінде
бүкіл жасөспірімдік кезеңді қамтиды.
Мұндай үш критерий - тотальдік мінездің біршама тұрақтылығы
және әлеуметтік дезадаптация – психопатияны ажыратуға мүмкіншілігі
бар. Мінездің акцентуациялық түрі - өте ұқсас және жарым жартылай
психопатияның түрі сәйкес келеді 11;278 .
П.Б.Ганнушкин (1933) мұндай жағдайларды латентті психопатия -
деп, ал M.Framer (1949) және О.В.Кербиков (1961) предпсихопатия
деп, Г.К.Ушаков (1973) қарапайым мінездің шеткі варианттары - деп
белгілеген.
Ең жоғарғы атақты К.Леонгард (1968) термині тұлғалық
акцентуация (акцентуация личности) алды. Дәлірек айтқанда, мінез
акцентуациясы (Личко, 1966).
Мінез акцентуациясы мен психопатияның арасындағы айырмашылық
П.Б.Ганнушкин - О.В.Кербиков диагностикалық критерийлерінде негізделеді.
К.Леонгардтың ойынша әрбір денсаулығы жақсы адам акцентуацияланған
болып келеді. Оның айтуынша индивидуалды белгілер орташадан
патологиялық ауытқуы болмай тұра, адамдарға қайталанбастықты береді
20;416 .
Акцентуаланған тұлғалар патологиялық болып табылмайды, олар тек
нормадан ауытқу ерекшеліктеріне дайындалады. Олар норма мен
психопатияның арасында жүреді. Леонгард бойынша патологиялық
тұлғалар деп сыртқы факторлардан басқа, ішкі конфликтілердің
әсерінен болатын мінез ауытқуы деңгейіне жететін адамдар жатады.
Таза акцентуаланған тұлғаларға, ол мына мінез типтерін
жатқызады: демонстративті тұлғалар, эпилептоидті тұлғалар.
Адамдар бір-бірінен тек туа пайда болған индивидуалдық
ерекшеліктерімен ғана ерекшеленіп қоймай, сонымен қатар, өмір
ағысымен байланысты дамуында да айырмашылық болады.
Адамның мінез-құлқы қандай ортадан, қандай отбасынан шыққан, қай
мектепте оқыған, яғни қоршаған ортасына байланысты. Алғашында бір-
біріне бейнесімен ұқсас адамдар жүре келе бір-біріне мүлдем
байланысы жоқ болып шығады. Сондай-ақ өмірге байланысты ұқсастығы,
олардың әр түрлі нормадағы реакцияларын және ұқсас ерекшелітерін
туғыза алады. 19; 78 .
Жеке адамның акцентуациялық қалыптасуын және адамның
индивидуалдылығын анықтайтын вариация ерекшеліктерінің арасына шек
қою әрқашан оңайға түспейді. Мұндағы ауытқу екі түрлі бағытта
зерттеледі.
Біріншіден, жеке адамның бөгеттік немесе педанттық немесе
гипомоникалдық ерекшеліктері, адамдарға аса көрінбеуі мүмкін.
Әсіресе, мұнда темпераменттің әр түрлі ерекшеліктерін анықтаған
кезде оның барлық аралық дәрежесінің түрлерінен нейтральдыға дейін
анық көрінеді.
Акцентуация - бұл орта есеппен айтқанда, белгілі-бір
ерекшеліктерінің дәрежесінің күшейуі. Ерекшеліктердің көбін қатаң
дифференциалдауға болмайды, яғни олардың акцентуацияға немесе тек
қана жеке адам вариацияларына жататынын анықтау қиынға соғады.
Жеке адам-біздің білуімізше акцентуацияланғаны, патологиялық
болмайды. 7; 260 .
Жеке адам - бұл түсінік мінезге қарағанда, едәуір күрделі болып
келеді. Ол интеллект, қабілеттілік, бейімділікті т.б. енгізеді.
Leongard жазбаларында әсіресе мінездің түрлері айтылған.
Мінездің акцентуацияларында мына белгілердің еш біреуі де
болмауы мүмкін. Өмір бойы мінездің біршама тұрақсыздығы барлық
жағдайда тотальды емес болуы, мінездің аномалиялық ауырлығы сияқты
дезадаптацияның әлеуметсіздігі. Әдетте, акцентуация мінездің пайда
болу кезінде дамиды және ер жетумен басылады. Мінездің
ерекшеліктері акцентуация кезінде әрдайым көрсетілмеуі мүмкін, тек
кейбір жағдайда және әдеттегі жағдайда білінбеуі дерлік.
Акцентуацияда - әлеуметтік дазадаптация не мүлдем жоқ, не қысқа ғана
болады.
Акцентуациядағы ауытқулар тек кейбір жағдайлардағы белгілі - бір
психикалық жарақаттар кезінде пайда болады, әсіресе берілген
мінездің түріне ең кіші қарсылық орнына және әлсіз звеноға. Әр
акцентуация түрінде өзіне тән басқалардан өзгеше әлсіз жерит бар.
Осы айтылғандардан мінез акцентуациясының анықтамасын беруге болады.
2; 100 .
А.Е.Личко мінез акцентуациясына келесі анықтаманы береді: Мінез
акцентуациясы - бұл оның нормасының шеткі варианттары, бұл жерде
мінездің жеке белгілері қатты күшейген.
Жасөспірімдік кезең - бұл мінездің қалыптасу кезеңі, сондықтан
бұл жерде қоршаған орта үлкен әсер етеді. Бұл жас кезеңі даму үшін
сензитивті болып келеді.
Бірақ та бірдей ортада, бір отбасында психопатияның әр түрлі
типтері өсуі мүмкін, сонымен қатар дені сау тұлғалар да.
А.Е.Личко ойынша, мінез ауытқулары ортаның әсерінен пайда
болады, бірақ та психопатизация деңгейіне жетпеген. 22; 85 .
Мінез акцентуациясы жасөспірім кезінде ғана айқын көрінеді.
Жасөспірімдік кезеңнің соңында акцентуацияланған белгілер жазылады
(компенсацияланады), яғни жасөспірімдік кезең аяқталған соң айқын
акцентуациялар жасырын болады.
Жасөспірімдік кезеңде ең жиі кездесетін ауытқулар мінез-құлықтың
транзиторлы психотикалық емес девиациялары - делинквентті,
алкоголизация, суицидтік мінез-құлық т.б.
Қиын тәрбиеленудің фактісі - шынайылық, бұнымен әрбір мұғалім,
тәрбиеші және ата-ана соқтығысады. 16; 178

1.2. Мінез акцентуациясының пайда болуының психологиялық факторлары
Біз әрі қарай қолданатын жүйеміз негізінен жеке адамның
акцентуацияланған түрлерінен Леонгард (1964; 1968) бойынша және
П.Б.Ганнушкинмен (1933); Г.Е.Сухаревалардың классификацияларынан
шығады. Дегенмен, біздің жүйеміз алдыңғы жүйелерден екі
ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Біріншіден, ол жасөспірімдер жасына арналған, олар осы жаста
қандай болса да сондай болып суреттеледі.
Екіншіден, ол яғни акцентуациялық мінездің патологиялық
ауытқулары, яғни нормалық шеткі варианттары.
Акцентуация және тұлға психопатиясын 3 классификацияға бөлді.
Бұл классификацияларды К.Леонгард, П.Б.Ганнушкин және А.Е.Личко
ұсынған.
Сонымен К.Леонгард акцентуаланған тұлғалардың келесі типтерін
көрсетеді:
Демонстративті (немесе истерикалық);
Педанттық (немесе ананкастикалық);
Тұрып қалатын (немесе параноикалық);
Қозғыш (немесе эпилептоидты);
Гипертимді (немесе гипомоникалдық);
Дистимдік (немесе субдепрессивті)
Уайымдық; эмотивті.
Ол сонымен қатар аффективті - лабильді темпераментті, тұлғаның
экстравертті акцентуациясын, тұлғаның интровертті акцентуациясын бөліп
көрсетті.
А.Е.Личко жасөспірімдердің психопатиясы мен акцентуациясын зерттеу
үшін келесі типтерді бөліп көрсетті: гипертимді, циклоидті,
лабильді, астено-невротикалық, сенситивті, психоастеникалық, шизоидті,
эпилептоидті, истероидті, тұрақсыз, конформды.
П.Б.Ганнушкин психопатия клиникасына кеңес психиатрларының ішінен
алғаш болып келесі типтерге толық суреттеме берген:
Циклоидтар, ол бұл жерге конституционалды - депрессивтілерді,
конструктивті - қозғыштарды, циклотимдерді, эмотивті - лабильділерді
кіргізді;
Астениктер;
Шизоидтар (бұл жерде арманшылдарды бөлек көрсетті);
Параноиктер (фанатиктерді бөліп көрсетті);
Эпилептоидтар;
Истерикалық мінездер (патологиялық өтірікшілерді толық суреттеп
көрсетті);
Тұрақсыз психопаттар;
Антиәлеуметтік психопаттар;
Конституционалды топастар.
Барлық үш авторлардың классификациясын көре отыра, типтердің жартысы
бірдей екенін көруге болады 29; 131 .

Гипертимдік тип.
Бұл типті басқа типтерден тез айыруға болады. Егер де сіздер
энергиялы, өмірге қанағаттанған адамды көрсеңіз, онда оны гипертимді
типке жатқызуға болады. Бұл белгілер тым қатты айқындалса,
психиатрияда оны гиперманикалық күй деп атайды.
Бұл типтегі адамдар бала кезінен ашық, көп сөйлемейтін,
сергек болады. Бала кезінен достары көп болып соларға басшы
болғысы келеді, тынышсыз болады. Гипертимдік жасөспірімдердің
ерекшеліктері – олар ақкөңіл, әрі сергек болады, тек кейде ғана
агрессивті болады, оның өзі тез өтіп кетеді. Айтқан сөзінде
тұруда, сабақта ұқыпты емес. Әсіресе саудаласқанды ұнатады. Ақшаны
қарызға алып, кейін қайтару деген ойды білмейді. Бірақ өтірікшілік
қасиеті тек қатты қиналған кезде болады.
Әдетте, бұл типтегі адамдарда ойлары, сезімдері мен мінез-
құлықтың ерік компоненттері бірдей жақсы дамыған. Олар тез ойлайды,
тез сөйлейді және де шешімді тез қабылдайды 29; 151 .
Олар өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Қалжыңдай отыра олар
уайымды жеңеді. Өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Энергияның
күштілігімен, іс-әрекетке деген құмарлықпен, еңбекқорлықпен олар
кәсіби сферада сәттілікке жете алады. Сәттілікке жетуге оларға
ойлау қабілеті, мәселелерді тез шешу, әр түрлі идеялар көмек
болады. Олар - өте ақылды, тапқыр, сәтті саясаткерлер, шапшаң
аферистер.
Гипертимді темперамент қатты айқындалғанда берілген тұлғаның
көптеген жақсылықтары жетіспеушілік разрядына ауысады.
Бұндай адамдарға жалғыздық , бірқалыпты іс - әрекет, жағдай,
қатал ережелер ұнамайды.
Гипертимді жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы шыншылдық,
адалдықпен ерекшеленеді.
Психопатияның бұл типі детальді түрде ересек адамдарда Schneider
(1923) мен П.Б.Ганнушкин (1933) бейнелеген, ал балалар мен
жасөспірімдерде Г.Е.Сухарева (1959) суреттеген. П.Б.Ганнушкин бұл
типке мынандай ат берген: конситуациялды - қозғыштық және
циелоидтар тобына қосқан.
Мінез акцентуациясының екі классификациялық типі бар:
1. К.Леонгард (1968) ұсынған;
2. А.Е.Личко (1977) ұсынған.

К.Леонгард бойынша А.Е.Личко бойынша мінез
акцентуацияланған тұлғаның типі. акцентуациясының типі
Лабильді Лабильді циклоид

Жоғарғы қозғыштық эмотивті Лабильді
Демонстративті Истероидті
Жоғарғы ұқыптылық Психастеникалық
Регидті-аффективті Эпилптоидті
Басқарылмалы емес Шизоидті
Интравертті Сенситивті
Қорқақ Астено-невротикалық
Неврастеникалық Конформды
Экстравертті Тұрақсыз
Әлсіз ерікті Гипертимді
Циклоидті

Гипертимді жасөспірімдердің ең негізгі белгісі - әрқашан
көтеріңкі көңіл-күй. Кейде ғана қозғыштығы пайда болып агрессивті
болады 17; 387 .
Эмансипация реакциясы әсіресе анық болады. Осының күшімен ата-
аналармен, педагогтармен, тәрбиешілермен өте оңай конфликтілер пайда
болады. Жанұя қол астынан кету үшін гипертимді жасөспірімдер
лагерлерге, туристік экскурсияларға кетіп қалады, бірақ ол жерде де
белгілі күн тәртіппен соқтығысады. Нағыз үйден қашулар
гипертимдерде өте сирек кездеседі.
Топтасу реакциясы ұжымдарға тартымдылықпен ғана емес, сонымен
қатар оларды басқарушылыққа әкеледі.
Гипертимдікдер үшін алкоголизация жасөпірімдік кезеңнен бастап
өте қауіп төндіреді. Олар достарымен бірге компанияларда ішімдікті
қолданады.
Гипертимділердің психопатизациясы - тұрақсыздық варианты өте жиі
болады.
Гипертимді акцентуацияда гипертимді - тұрақсыздық психопатиясының
өсуінің негізгі ролін отбасы ойнайды.
Гипертимді - истероидті вариант өте сирек кездеседі. Гипертимдік
фонда жаймен истероидті белгілер пайда болады. Мүмкін бұл типтің
дамуында ең негізгі ролді орта ойнайды 18; 304 .
Психопатизацияның гипертимді - аффективті варианты аффективтік
жарылғыштық белгісінің өсуімен ерекшеленеді, бұл эксплозивті
психопатияға ұқсас келеді. Гипертимділер үшін қозулар жиі болып
тұрады. Гипертимді - аффективтіліктің эксплозивті эпилептоидпен
ұқсастығы сыртқы жағынан ғана қалады: бұл ренішті тез кешіреді,
әсіресе қазір ғана ұрысып қалған адамдармен достасу. Басқа да
эпилептоидті белгілер жоқ болады. Мүмкін, психопатизацияның бұл
вариантының формалауында ең негізгі ролді ұл балаларда гипертимді
типтің ми жарақаттары ойнайды 17; 390 .
Циклоидті тип. Бұл типті 1921 жылы Кречмер (Kretschmer)
көрсеткен. Ең алдымен ол психиатриялық зерттеулерде кең қолданыла
бастады. П.Б.Ганнушкин (1933) циклоидтар тобына психопаттардың 4
типін қосты:
1. конституционалды - депрессивті ;
2. конституционалды - қоздырғыш;
3. циклотимиктер;
4. эмотивті - лабильді.
Циклотимияны психопатия деп қарастырды.
Жасөспірімдік жаста циклоидті акцентуацияның 2 вариантын көруге
болады:
1. Типтік;
2. Лабильдік 23; 15 .
Типтік циклоид:
Өздерінің құрбыларынан мүлдем айырмашылығы жоқ немесе гипертимдерге
жиі әсер етеді. Пубертаттық кезеңде алғаш субдепрессивті фаза пайда
болады. Оны апатияға бейімділік және ашушаңдылықпен
ерекшелендіреді. Алғашында шулы және әрі пысық жасөспірімдер бұл
кезде енжар болады. Аппетиті жоғалып, бірақ депрессияға тән
ұйқысыздық әдетте ұйқышаңдыққа айналады. (Озерецковский, 1972)
Типтік циклоидті фазалар әдетте қысқа мерзімді және 2-3 аптаға
созылады. Астения және өте қатты шаршау субдепрессивті фазаны
ұзаққа созады да, оқуға деген және оймен істеуге жиіркенушілік
пайда болады.
Лабильді циклоидтар: типтікке қарағанда көбіне лабильділікке
(эмоционалды - лабильділікке және реактивті - лабильділікке) жатады.
Мұндағы фазалар едәуір қысқа - бірнеше жақсы күндер болса, бірнеше
жаман күнге айналады. Жаман күндер енжарлықтан қарағанда
көңілсіздікпен көрсетіледі.
Циклоидті жасөспірімдердің мінез - құлықтық реакциялары типтік
және лабильдік циклоидтарда әдетте сабырлық көрсетілген. Эмоционалдық
бағыттар және құрдастарымен топтасу реакциялары өркендеу кезеңінде
күшейеді.
Циклоидтарда мінездің өзін - өзі бағалауы бірте - бірте жақсы
және жаман тәжірибелерін жинақтау кезеңдерден құрылады.
Жасөспірімдерде бұл тәжірибе әлі жоқ, сондықтан да өзін - өзі
бағалауы әлі анық емес 29; 155 .
Лабильді тип. Бұл тип толық түрде әр түрлі есімдермен
келтірілген, эмоционалды-лабильді (Schneider, 1923), реактивті -
лабильді (П.Б.Ганнушкин, 1933) немесе эмотивті - лабильді
(Leongard, 1964; 1968) және т.б
Бала кезінде лабильді жасөспірімдер әдетте құрбыларының алдында
ерекшеленбейді. Тек кейбіреулерінде ғана невротикалық реакцияларға
ғана бейімділігі пайда болады.
Лабильді типтің басты ерекшелігі - көңіл - күйінің құбылмалылығы.
Себепсіз көңіл - күйдің ауыспалылығы ойдың үстірттілігін және
ұшқалақтылығын туғызады. Лабильді типтің өкілдері шынайы әрі үлкен
құштарлыққа және терең сезімдерге қабілетті. Жақындарына, туыстарына
деген құштарлығы реніштерінің жиілігімен жеңілдігіне қарамастан қатты
сақталады. Лабильді жасөспірімдерге адал достық тән. Сондай - ақ
олар мақтағанды, алғысты және т.б. өте сезгіш келеді, бірақ олар
мақтаншақ және өзімшілдік болмайды. Достарымен айырылысуды,
сәтсіздіктерді, бақытсыздықты өте қатты көңілге алғыш және реактивті
депрессияға, невротикалық ауруларға өте бейім келеді 29; 145 .
Бұндай адамда екі адам қосылған - гипертимді және дистимді
типтер, олар бір - бірін ауыстырып отырады.
Мінез - құлықтың бұл екі полюсі ауысып отырады, кейде сыртқы
бақылаушының көзқарасы бойынша ешбір өзгеріссіз болады. Басқа мінез
акцентуация типтеріне қарағанда бұл тип көтеріңкі эмоциямен ғана
емес, сонымен қатар іс-әрекетке деген құмарлықпен, идеяларының алуан
түрлілігімен ерекшеленеді. Ал жағымсыз жағдайлар көңілін түсіріп
қана қоймайды, сонымен бірге мінез - құлық, ойлау реакциясын
әлсіздетеді.
Әдетте тұлға акцентуациясының бұндай типі жасөспірімдік кезеңде
басталады.
Пубертаттық кезең тез өсімділікті талап етеді және жасөспірім
пассивтіліктен энергиялы адамға айналады. Соңында бір фаза екінші
фазаға периодтық түрде ауысады, бұл кейде уақыттың периодымен
байланысты болады.
Әдетте бұл акцентуанттар кеш кезеңде күшейеді және жағдайдың
көп ауысуы адамды шаршатып жібереді.
Көптеген зерттеушілер екі күйдің бір кезде қосылуын белгілейді,
бірақ та әр түрлі пропорцияда болады.
Лабильді жасөспірімдердің эмансипацияға реакциясы өте сабырлы
болады. Өзін - өзі бағалауы адалдықпен ерекшеленеді. Лабильді
жасөспірімдер өз мінез ерекшеліктерінің бәрін біледі және бәрі
олардың көңіл - күйлеріне байланысты екенін де біледі.
Қолайсыз жағдайларда шыдамсыз, келіспеушілікке шыдамайтын
дауласқыш. Ал егер жолы болып, қолайлы жағдайлар болса, онда ол
қайтпас мақсатқа бағытталған еңбекқор болады 15; 448 .
Астено - невротикалық тип. Астениктер тобына біз күйдің екі
тобын қосамыз: біріншісі - туа пайда болған конституционалды астено -
невростениктер, ол грек тілінен аударғанда жүйке әлсіздігі деген
мағынаны білдіреді, және екіншісі - бұл психостениктер, сәйкесінше-
жан әлсіздігі. Бұл екі топтың негізгі ерекшеліктері бір жағынан,
жүйке әлсіздігі, ал екінші жағынан, жан - ерік әлсіздігі. Көптеген
фильмдер мен кітаптарда неврастеник адамдарды кездестіруге болады.
Өмірде оларды тез тануға болады. Олардың бастары жиі ауырады,
ауырлық сезімі, шаршаңдық, ал кейбіреулерінде соматикалық типті
кездестіруге болады, нашар аппетит, жүрек аурулары, дененің әр түрлі
жерлері ауырады. Егер бұндай адамдар өздерінің денсаулықтарына көп
көңіл бөлсе, онда олар өздерінен көп ауруларды тауып алады. Бұл
жағдайда неврастении -ипохондрия жайлы айтуға болады.
Астено - невротикалық типті жасөспірімдерде бала кезінде невропатия
белгілері пайда болады - мазасыз ұйқы және нашар аппетит,
қорқақтық, жылаңқылық, кейде түнде болатын қорқақтық, түнгі анурез,
кекештік және т.б. 29; 163 .
Астено - невротикалық акцентуацияның басты белгісі - жоғарғы
шаруашылық, қозғыштық және ипохандриялыққа бағыттылық. Шаруашылық,
әсіресе ойлауды қажет ететін жаттығуларда пайда болады. Өте көп
физикалық ауырлықтар, мысалы, спорттық жарыстар өте ауыр болады.
Невростениктердің қозғыштығы эпилептоидтардың қозғыштығынан
ерекшеленеді және гипертимдердің қозғыштығынан да, сонымен бірге
лабильдіктипті жасөспірімдердің аффективті қозғышымен ұқсас келеді.
Ипохандриялыққа бағыттылығы типтік белгі болып келеді. Бұндай
жасөспірімдер өздерінің дене сезімдеріне құлақ бұрады. Ипохондриялық
мазасызданулар өте жиі ұл балаларда жүрек болып табылады
(Кургановский, 1965) 16; 178 .
Невроастеник - ипохондрикке қозғыштық тән. Бұл сапалар оны жаңа
қызығушылықтарға итереді, барлық жаңа нәрселерге қызықтырады. Бірақ,
бұл қызығушылықтар тез кетіп қалады. Сондықтан олардың назары
тұрақсыз. Бұндай адамдар жұмыстағы кедергілерге өте сезімтал келеді,
сондықтан олар бастаған істі аяқтамайды. Осыған қарап оларды
жалқау екен деп ойлайды, бірақ бұл шындығында олай емес.
Астениктерде жиі, әсіресе шаршағанда қозулар болады, бұл олардың
айқын белгісі болып табылады. Бұндай адамдардың кейбіреуінде өз -
өзін бағалауы өте жоғары болады, өз - өздеріне қатты деген қатты
сүйіспеншілік болады, бірақ олар көп еңбектене алмайды.
Невроастениктердің жүйке - жүйесінің әлсіздігі шеткі нәзіктілікте
көрінеді. Олар басқа адамдарға қарағанда интенсивті келеді. Мысалы,
олар қанды көргенде талып қалады, қатты дауыстарда қорқып
айқайлайды. Олар операцияны, төбелестерді, ұрыстарды көре алмайды.
Неврастениктерде өте жиі түстерінің бұзылысы болады. Егер
неврастениктің өз - өзін бағалауы жоғары болса, онда өз - өзін
бағалау деңгейі мен алатын орнының арасында келіспеушіліктер болады.
Ол кейін депрессиялық күйге әкеп соқтырады.
Астено - невротикалық жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы әдетте
оларды ипохондриялық тұрақтылықтары бейнелейді.
Неврастенияны бейнелеуді қорыта келе, ол туа пайда болмайды деп
айтуға болады. Неврастения жүре пайда болады немесе ауыр жұмыс
пен өмірге байланысты болады. Енді астениктердің екінші тобын
қарастырайық. Психастениктер - олардың ең негізгі ерекшелігі, шешім
қабылдай алмаушылық және құбылмалылыққа деген бейімділік.
Психостениктер жаңа нәрселерден қорқады.
Психостениктің басқа бір ерекшелігі ол – басқалардан көмек сұрау,
сондықтан да адамдар оған көмек үшін ғана керек.
Психостениктер өте ұялшақ болады. Оның арманы мен қиялы - ол
театр. Әдетте астениктерді денесінің құрылымына қарап тануға болады.
(Кречмеровскийдің типологиясы бойынша): олардың көбісі
астеникалық немесе лептосомдық типке жатады. 19; 78 .
Сенситивті тип. Бала кезінен қорқақ болады. Мұндай балалар
көбіне, қараңғыдан, жануардан, және жалғыз қалудан қорқады. Олар өте
ұяң болып танымайтын адамдармен тез араласып кете алмайлы. Олар
көбіне өздерінен кішілермен ойнағанды қалайды, өздерін батыл, әрі
сенімді сезінеді.
Сенситивті жасөспірімдердің эмансипацияға реакциясы өте нашар
көрсетілген. Оларға жақындарының ұрысуы, кіналауы өте ауыр тиіп,
жылап жібереді және өте қатты қайғырады. Өзіне және қоршаған
ортасына деген жоғарғы моральдік және эстетикалық талаптар, борыштық
және жауапкершілік сезімдері ерте қалыптасады.
Гиперкомпенсация реакциясының күшінен сенситивті жасөспірімдер ең
негізгі орындарда болады (старосталар және т.б.). Олар тіл
алғыштығынан және тырысатындықтарынан тәрбиешілер алдыға қояды. Бірақ
олар тек қана оларға берілген функцияны формальды жағына ғана
орындайды, ал формальды емес лидерлік бұндай ұжымда басқаларға
тиеді.
Шизоидтарға қарағанда сенситивті жасөспірімдер достарынан
жасырынбайды, өздері ойлап тапқан қиял топтарда өмір сүрмейді және
әдетте жасөспірімдік ортада ақ қарға болуға тырыспайды. Олар
досты жақсы таңдайды, үлкен компаниядан гөрі жақын досты қажет
етеді, достық сезімі өте адал. Кейбіреулері достарының өздерінен
жақсы жағынан үлкен болғанын қалайды.
Әдеттегі жасөспірімдік топтар шулағыштығымен, өте қатаңдығымен
ұнамайды.
Сенситивті жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауы жоғарғы дәрежелі
объективтілікпен ерекшеленеді.
Сенситивті тұлғалардаң әлсіз звеносы олардың қоршаған ортаға
деген қарым-қатынасы болып табылады. 29; 167 .
Психастеникалық тип. Балалық кезде қорқақ болады және оларда
ерте интеллектуалдық пайда болады.
Кейде балалық жаста кейбір құбылыстар пайда болады, мысалы,
фобиялар - таныс емес адамдардан қорқу, қараңғылықтан қорқу, жабық
есіктің ар жағында қалып қаламын деген қорқыныш, және т.б.
Невротикалық тиктердің пайда болуын көруге болады.
Психастеникадық типтің жасөспірімдік кезеңдегі басты белгісі
шешім қабылдай алмауы және ойшылдыққа бағытталуы, мазасыздық және
өзін - өзі анализдеуге деген сүйспеншілігі және обсессия білімнің
жеңілдігі - қорқыныштар, ритуалдар, ойлар, елестеулер.
Психастеникалық жасөспірімдердің мазасыз күмәнданғыштығы астено -
невротикалық және сенситивті типтерден ерекшеленеді. Егер астено -
невротикалық тип өзінің денсаулығы жайлы қорықса (күмәнданғыштығының
ипохондриялық бағыттылығы және мазасыздық), ал сенситивті тип мазақ
күлкіден қорқады (күмәнданғыштығының релативті бағыттылығы және
мазасыздық), онда психастениктің қорқуы тұтастай мүмкінділікке
бағытталады, әсіресе болашақтың аз мүмкінділігі (футуристикалық
бағыттылық).
Жасөспірімдерде әсіресе шеше үшін қорқыныш мінезделеді - оның
ауырып қалуы және өмірден кетуі.
Өзін-өзі анализдеуге деген бағыттылығы өзінің қимыл - әрекетінің
мотивінде болады.
Психоастениктердің физикалық дамуы әдетте жақсыны күтуге
қалдырады. Спорт деген оларға өте қиын болады. Әдетте
психоастеникалық жасөспірімдерде әсіресе қолдары әлсіз болады.
Сондықтан спортты жүгіруден, секіруден, шаңғы және т.б. бастау
керек, бұл жасөспірімге орнығу үшін өте оңай болады.
Жасөспірімдердің бұзылыстарының іс - әрекетінің барлық формалары
психоастениктерге тән ем. Енді астениктердің екінші тобын
қарастырайық - психастениктер. Олардың ең негізгі ерекшелігі - шешім
қабылдай алмаушылық және құбылмалылыққа деген бейімділік.
Психоастеник жаңа нәрселерден қорқады.
Психоастениктің басқа бір ерекшелігі ол - басқалардан көмек
сұрау. Сондықтан адамдар оған көмек үшін ғана керек.
Психоастениктер өте ұялшақ болады. Оның арманы мен қиялы - ол
театр. Әдетте астениктерді денесінің құрылымына қарап тануға болады.
(Кречмеровскийдің типологиясы бойынша): олардың көбісі астеникалық
немесе лептосомдық типке жатады.
Өзін - өзі бағалау, өзін - өзі анализдеу бағыттылығына қарамастан
әрқашан да дұрыс бола бермейді. 14; 64 .
Шизоидті тип. Шизоид деген ат әдетте (Kretschmer, 1921)
Кречмермен жазылады, бірақ алғаш рет 1917 жылы Эльмигер
(цит.Т.И.Юдин, 1926) қолдаған, біріншіге байланысты бұл тип өте
әйгілі болып кетті.
Олар шынайы өмірден үзілген, флегматикті мінезді болады. Олардың
қимыл - қозғалысында шынайылық, гармониялық, нәзіктік болмайды.
Олардың моторикасы келіспеген, әсіресе бұл олардың жүрісінде айқын
еөрінеді: біресе секіреді, біресе түзу жүреді, тізелерін бүкпейді,
кейде жарақаттанған жануар сияқты ақсап жүреді. Олардың мінез -
құлқы олардың жазуында да байқалады.
Шизоидтің өмірге көзқарасы қандай екенін көру өте қиын. Оны
тек бейне арқылы ғана елестетуге болады. Егер біз күлкі
бөлмесіндегі айнаны шағып, оларды қайтадан жалғап қойсақ, шизоидтың
өмірге көзқарасын көреміз. Бізге маңызды емес кішкене зат олар
үшін өте маңызды болып табылады, керісінше біз үшін маңызды зат
олар үшін маңызды емес. Шизоидтардың ішкі дүниесін түсіну өте
ұиын. Оларды қандай эмоция жаулап алғанын түсіну қиын. Сырт
келбетінен олар өте суық болып көрінеді. Шизоидтардың ойлауы да
олардың ішкі күшіне байланысты болады. Олардың ойлауы сыртқы
фактілерден, шынайылықтан, өмір заңдылықтарынан үзілген, ол сөз,
түсінік және сөйлем ойынына бағынады.
Шынайылық пен фактілер шизоидтың еңбек нәтижесін ақтамаса да,
ол үшін бұл маңызды емес. Өзінің ойлауында ол байланыспайтын
сөздерді байланыстырады . 29; 147 .
Шизоидтардың мінезінің белгісіне тұйықтылық, суыққандылық,
уайымдамаушылық, басқалардың пікірімен келіспеушілік жатады. Шындығына
келсек, шизоидтар тек өз - өзін ғана жақсы көреді. Эгоист бола
тұра олар өз - өзін қатты көтереді, және де өзінің қабілеттерін де
көтереді.
Өмірде шизоидтарды көптеген кәсіптерде және қызметтің әр түрінде
кездестіруге болады. Бұл коллекционерлер, кішкене мамандықтың
ғалымдары, дәрігерлер; бір жағынан өмірдің мәдениет құндылықтарымен
келіспейтін қаңғыбастар; екінші жағынан - бұл ақындар, метафизиктер,
философтар, олардың көбісі өздерінің жолдарында жаңа бағыттар,
стильдер, ғылымда өнер мен мектептер ашады.
Бұл типке тұйықтылық тән (Kahn, 1926), олар қоршаған ортадан
шектелген, қарым - қатынасқа түскісі келмейді немесе түсе алмайды.
Басқа типтердің мінез ерекшеліктерінен қарағанда шизоидтықтың
ерекшеліктері ерте дамиды.
Бала кезінде құрбыларына қосылмай, жалғыз ойнағанды қалайды,
шуылдап ойнағандарға жақындамай көбіне үлкендердің арасында жүріп,
кейде ұзақ үндемей солардың әңгімелерін тыңдайды.
Шизоидтық психопатия үшін жасөспірімдік кезең ең ауыры болып
есептеледі.
Эмансипация реакциясы өзіндік түрде айқындалады. Сонымен қатар
эмансипациялық бағыттылық өте оңай әлеуметтік нонкомформдылыққа
айналады.
Шизоидтердің өзін - өзі бағалауы тұйықтылықтың, жалғыздықтың,
контактілердің қиындылығының, қоршаған ортаның түсінбеушілігімен
ерекшеленеді. Басқа проблемаларға деген қарым - қатынасы өте төмен
бағаланады. 2; 47 .

1.3. Мінез акцентуациясының динамикасына қысқаша шолу.
Бізге белгілі, жасөспірімдік кезеңде мінез акцентуациясының
динамикасы айқындалады. Олар компенсация және декомпенсация
түсініктерімен мінезделеді. Компенсациялар микроортаның өзгеруінен
болады (еңбек, отбасы, және т.б.). Керісінше, орта факторының
әсерінен компенсаторлы механизмдердің үзілуі декомпенсация ретінде
белгіленеді.
Мінез акцентуациясындағы динамикалық өзгерістердің 2 негізгі
тобын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топ - бұл ауыспалылар, транзиторлы өзгерістер. Олардың
формасы психопатиядағыға ұқсайды.
Оларда бірінші орында үшкір аффективті реакциялар тұр. Үшкір
аффективті реакцияның бірнеше түрлері кездеседі:
1. Интрапунитивті реакциялар аутоагрессия жолындағы аффектінің
разрядын ұсынады - өзіне жарақат алу, өз - өзін өлімге ұшырату,
өзіне әр түрлі жолдармен жарақат алу. Реакцияның бұл түрі
көбінесе акцентуацияның 2 типінде кездеседі - эпилептоидті және
сенситивті.
2. Экстрапунитивті реакциялар қоршаған ортаға агрессия жолымен
аффект разрядын көрсетеді. Реакцияның бұл түрін көбінесе
гипертимді, лабильді және эпилнптоидті акцентуацияда көруге
болады.
3. Иммунитивті реакциялар. Реакцияның бұл түрі көбінесе тұрақсыз
және шизоидты акцентуацияда кездеседі.
4. Демонстративті реакциялар. Реакцияның бұл түрі көбінесе
истероидты акцентуацияда мінезделеді, бірақ эпилептоидты және
лабильді типтерде де кездеседі.
Транзиторлы өзгерістердің келесі түрі көбінесе жасөспірімдік жаста
байқалады-бұл мінездің психопатолық бұзылыстарға ауысатындар.
Катамнестикалық зерттеулер көрсетуі бойынша, егер мінездің бұл
бұзылыстары мінез акцентуация фонында пайда болса, онда
ересектенудің 80%-де қанағаттанарлық әлеуметтік адаптация басталады.
Мінездің ауыспалы бұзылыстары мынандай түрде көрсетіле алады:
1. делинквенттік;
2. токсикоманикалық мінез;
3. үйден қашу және қаңғыру;
4. транзиторлы сексуалды девиациялар ( ерте жыныстық
өмірдің
басталуы, промискуитет, жасөспірімдік гомосексуализм және т.б.)
Тағы да бір мінез акцентуациясында болатын транзиторлық
өзгерістің түрі - ол әр түрлі психогенді психикалық бұзылыстардың
фонында болады - невроз, реактивті депрессиялар және т.с.с. 25;
572 .
Мінез акцентуациясында болатын динамикалық өзгерістердің екінші
түріне тұрақты өзгерістер жатады. Олар әр түрлі типті болады.
1. Ашық акцентуацияның жабық латенттіге ауысуы.
2. Психопатиялық дамуының негізінде болатын мінез акцентуациясының
формалануы. Бұл үшін бірнеше факторлар әсер етеді:
1) алғашқы мінез акцентуациясының қолда болуы;
2) ортаның жаман жағдайлары берілген мінез акцентуациясына
бағытталуы;
3) олардың іс - әрекеті жалғасуы керек және негіз болуы керек
және т.б.
3. Мінез акцентуация типтерінің трансформациясы.
Типтердің трансформациясы белгілі заңдылықтарда болады. Ешқашан
гипертимді тип шизоидтіге және лабильдіге айналмайды - эпилептоидтыға
немесе сенситивті негізіне айналмайды.
Акцентуация типінің тасымалдануы өскен сайын эндогендік
заңдылықпен түсіндіріледі, сонымен қатар эндогендік факторлары -
биологиялық сияқты заңдылықпен айқындалады.
Эндогендік тасымалданудың мысалы ретінде, гипертимділердің жартысы
жасөспірімдік жастан кейін (18-19 жас) циклоидті типке айналуы
болады.
Күшті тасымалданатын түрі болып, жасөспірімдік кезеңдегі жалғасы
бар әлеуметтік - психологиялық әсерлер болып табылады. Оларға алдымен
дұрыс емес тәрбие берудің әр түрлі түрлері жатады:
1. гипопротекция;
2. гипопротекцияның ерекше түрі;
3. доминанттық гипопротекция (гиперопека)
4. потворствующая гиперпротекция;
5. эмоционалдық қабылдамау;
6. өте қатал қарым - қатынаста тәрбиелеу;
7. жоғарғы моральдік жауапкершілік жағдайда;
8. аурудың культті жағдайында. 25; 581 .
Эпилептоидты типтің басты белгісі дисфорияға деген бағыттылығы
және олармен тығыз байланысқан аффективті жарылғыш инстинктивті
сфераның қысылуы, кейде тартымдылықтың аномалиясына жетеді, сонымен
қатар инерттілік, ауырсалмақтық, қиын жүргіштік. Бұндай жағдайда
көбінесе құмарлықтың патологиялық билігі жайлы айтуға болады. Жеңіл
жағдайда біз қозғыш тұлға жайлы айтамыз, айқындықтың шеткі формасы
кезінде эпилептоидты тұлға жайлы айтуға болады.
Бұндай адамдардың тағы бір ерекшелігі - көңіл - күйдің бұзылуы.
Бұзылулар бірнеше сағатқа дейін созылады. Қозғыш тұлғада бұзылулар
басқаларға қарағанда өзінің ерекшеліктері болады. Ол міндетті түрде
алдымен ішінен қайнайды, сосын разрядты жарылыспен сәйкестіруге
болады. Эпилептиктердің аффектісі өте күшті және жалғасымды, олар
тез пайда болады және ткз жоқ болады, мысалы, холерикалық,
гипертимдік немесе лабильдік тип сияқты. 29; 156 .
Эпилептоидтың кейбір белгілерін балалық шақта көруге болады.
Бұндай балалар көп жылай береді, оларды жуатуға болмайды .Сонымен
қатар оларда садистік белгілерді байқауға болады: олар жануарларды
қинайды, кішілерді ұрады немесе ұрысады, әлсіздерге тиіседі. Олар
әрбір адамды қаны шыққанға дейін ұрып тастай алады. Олар үйден де
қашады, өртеуге бейімді болады немесе өтірік айтады. Жұмыста олар
жиі бостан - бос ұрысады. Нәтижесінде бұл жиі жұмыс орнын
ауыстыруға әкеледі.
Олардың патологиялық мінезінің импульсивтілігі барлық жерде
айқындалады. Мысалы, олар тамақты таңдамай барлығын жей береді,
көбісі алкоголик болып кетеді. Олар жұмыста да, көлікте де іше
береді. Импульсивтілік сонымен бірге сексуалдылық сферада да
байқалады. Бұл типтегі қыз балалар оңай жеңіл мінезді болып
кетеді. Олар шекті білмейді: экстремалды жағдайларда да, қатігездік
актілерінде де, соғыста да, махаббатта да.
Қозғыш тұлғалар моральді нормаларға жатады, олардың өмірінде ол
маңызды рольді ойнамайды.
Қозғыш тұлғаларда ойлаудың ауырлығы байқалады, ойлау процесінің
баяулығы байқалады. Олар үшін біреудің ойын түсіндіру қиын, олардың
жауабы түсініксіз болады. Әңгімелескенде олар өте баяу сөйлейді.
Эпилептоидты типтердің көбісін олардың атлетикалық денесінен
байқауға болады. Оларды күшті фигурасы, массивті торсы, қысқа
аяқтары, төменгі ауыр иегі, жақсы дамыған бұлшықеттері
ерекшелендіреді.
Эпилептоид типіндегі адам жиі отбасында тиран болуы мүмкін. Ол
үй ішінде ескертулерді жиі айтады. Ол оның тілін алғанды қалайды,
ал өзі ешқандай ережелермен келіспейді, сындарды қаламайды. Осы
үшін ол отбасына сыймайды.
Көптеген жағдайларда эпилептоидты психопатия 12-19 жас аралығында
болады.
Аффективті дисфорияның бола алады - жасөспірімдер бұл кезде
мәселені өздері іздейді. Бірақ аффектілер эпилептоидті
жасөспірімдерде болатын конфликтілердің жемісі болуы мүмкін.
Жасөспірімдік жастағы инстинктивті өмір өте қызу болады.
Сексуалды тартымдылық күшпен пайда болады. Бірақ эпилептоидтарға тән
денсаулығы жайлы қорқыныш сезімін қасындағы досына аударады. Бұл
типте махаббат өте тұйық болады, қызғаныш өте көп болады.
Дисгармондық инфантилдар - психикалық дамымаған жасөспірімдердің
тағы да бір тобы, олар көбінесе педагогтардың, заңгерлердің,
дәрігерлердің көз алдына түседі. Бұндай жасөспірімдерде мінездің бір
немесе бірнеше түрлері кездеседі: біреулерінде қозғыш
(эпилептоидтар), ал екіншілерінде - әлсіз еркіндік (тұрақсыз), ал
үшіншілерінде - өтірікке, жалғандыққа деген бейімділік (истероидтар).
Дисгармондық инфантилизмнің қозғыш типі (эпилептоидты акцентуация)
былай қорытындалады, бұндай жасөспірімдерде алғашқы орында
ыстыққандылық, іс - әрекет ойдан озып кетеді.
Гиперпротекция эпилептоидтың тағы да бір ауру жеріне тиеді -
отбасы кумирынан пайда табу. 4; 26-30 .
Доминантты гиперпротекция бұлар өте жеңіл болады, өйткені опека
мен контроль (бақылау) бұл жасөспірімдердің өмірге қажетті
қызығушылықтарына тимейді.
Эмансипация реакциясы эпилептоидтық жасөспірімдерде өте ауыр өтеді.
Эпилептоидты жасөспірімдер бостандықты қажет етеді. Басқа типтерге
қарағанда эпилептоидты жасөспірімдер эмансипация реакциясын
генерализдамайды.
Эпилептоидты жасөспірімдердің өзін - өзін бағалауы бір жақты
мінезді көрсетеді. Олар өздерінің соматикалық негіздерін белгілейді -
қатты ұйқы және оянудың қиындығы, тойымды тамақ ішкенді қалайды.
Олар таныс емес адамдарға қауіппен қарайды, ақиқаттық өмірмен өмір
сүреді. 8; 128
Истероидты тип. Оның негізгі белгісі - шексіз эгоцентризм, таң
қалу, қайрымдылық, т.б. Истероидты белгілер ерте жастан көріне
бастайды (Юсевич, 1934; Певзнер, 1941; Michaux, 1952; Сухарева,
1959). Бұндай балалар олардың көзінше басқа балаларды мақтағанды
жек көреді, басқаларға көңіл бөлгенді ұнатпайды. Ойыншықтан тез
шығады. Өзін мақтағанды қажет етеді. Олар көрерменнің алдында
тақпақ оқығанды, билегенді, ән айтқанды ұнатады, оларда жақсы
артистік қабілеттер пайда бола бастайды.
Истероидті жасөспірімдердің мінезінде ең алдымен суицидтік орын
алады. Олар қауіпсіз әрекеттерді таңдайды (қан тамырын кесу, үй
аптекасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
Бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын теориялық тұрғыда талдау
Баланы тәрбиелеуде келісімі жоқ отбасылар
Мінез - құлықтың қалыптасуының психологиялық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттері
Мінез құрылымындағы қасиеттер
Пәндер