Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: 1. 1 Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата-ана жұмыстарының мақсаты мен міндеттерінің бірлігі
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: 1. 2 Ұлттық тәрбие беруде отбасының маңызы
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: 1. 3 Мектеп пен жанұяның ұйымдастырылған іс-шаралардың баланың дамуына ықпалы
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: Қорытынды.
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: ІІ тарау. Үйелмен жүргізілген жұмыстар.
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: 2. 1 Ата-аналарға педагогикалық білім беру
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: 2. 2 Ата-ананың үйіне бару.
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: 2. 3 Ата-аналар жиналысы. .
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: Қорытынды. .
:
І тарау. Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы. .: Әдебиеттер. .
:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының көне заманнан бастап, қазіргі кезеңге дейін болашақты да, қоғам алдында тұрған ең бір жауапты міндет қазіргі өсіп келе жатқан бастауыш мектеп оқушыларын, яғни қоғам мүшелерін ойлы азамат ретінде адамгершілік қасиетін тәрбиелеп білім беру.

Тәрбие жүйесінде жеке адамның моральдық қасиеттерін қалыптастыруда адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамның алатын орны ерекше. Соның бірі - отбасы тәрбиесі.

Отбасы бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі. Бұл тәрбие барысында ата-аналар баласының күнділікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Оларды рухани және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелейді. Олардың бәрі баланың жан дүниесінің қалыптасуына әсері мол.

Мемлекет отбасыға көмекті күшейту, оның беделін көтеру үшін үлкен жағдай жасап отыр. Өйткені отбасыда қоғамның жеткіншек ұрпақтары тәрбиеленіп, сонда ол өзінің тамаша балалық шағын өткізеді, еңбекке, қоғамдық өмірге даярланады.

Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев: “бізбен бірге тұрып жатқан отандас басқа халықты ғана емес, шетелден келген басқа азаматтарды да сыйлағанымыз жөн. Сонда бізді мәдениетті, оқыған өркениетті деп атауға болады. Егер біз тек өз қамымызды күйттеп, қазақтан басқаның бәрі құрысын десек, біздің болашағымыз болмайды”, - дейді.

Сол үшін келешек ұрпағымызды ұлтшыл рухта тәрбиелеуіміз керек.

Баланың отбасында көркемдік-эстетикалық санасы: ұшқыр қиял мен нәзік сезім, әсемдікке құштарлық пен әдемілікті бағалай білетін қасиет, көркем талғам, өнер туындыларын түсіне алатын қабілетті тәрбиеленеді.

Отбасындағы бала тәрбиесі - халықтың әлемдік тарихы бар тәрбие.

Орыстың үлкен педагогы П. П. Блонский “Ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын” - дейді.

Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қойсақ, халқымыздың бүгінгі ұрпағынан қанішер қарақшылар, баукеске ұрылар, жезөкшелер, нашақорлық, тастанды балалар, ұл қызы бала тұра панасыздарға айналған қарттар болмас еді.

Отбасы тәрбиесіне көбірек тоқталуымыз кездейсоқ емес; отбасы - тәрбиенің қайнар көзі, негізгі ұясы ғой, бірақ, осы тәрбие мен мектептен басталатын оқу орындарындағы білім тәрбиенің арасында көк жылдар байланыс болмай, ұлттық тәрбие шет қақпай болып қалғаны мәлім. Көтеріліп отырған мәселені білім-тәрбие саласында жарық көріп, мектеп тәжірибесіне еніп жатқан жаңа оқу әдістемелік комплектердің маңызы болары сөзсіз. Себебі, оның мазмұнында да этникалық мәдениеттің негіздері бар, айтылған отбасы тәрбиесімен байланыстырып жүргізуге мүмкіндік береді. Осы байланысты қалыптастырып, жетілдіру негізгі бір мақсат болу керек.

“Ес түзелмей, ел түзелмейді”, “Әр адам өз заманының перзенті”, “Туа жаман жоқ, жүре жаман бар”, “Заман түзелсе, жаман түзеледі”, олай болса егеменді еліміздің байлығы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие ісімен шешілмек.

Қазан революциясының жеңінуіне байланысты отбасы тәрбиесі де құнды жақтарынан айырылып артқа шегінді.

Тіпті академик С. Г. Струмилен (1877-1974) демографиялық жоспарлау, экономика проблемасына арналған еңбектер жазған, автор, өзінің “Біздің дүние 20 жылдан кейін” деген еңбегінде (1964) ; “Әрбір совет азаматы перзентханадан балабқшаға немесе балалар үйіне, одан мектеп интернатқа, одан өнеркәсіп орнына, не оқуын жалғастыруға жолдама алады”, - деген.

Шынында да отбасы тәрбиесінің маңызы өте төмен болған.

Әл-Фараби “Тәрбиесіз білім адамға апат әкеледі” деген рас. “Тәрбиесіз экономиканы ойлауға болмайды. Бала саналы, есті болу үшін ата-ана жанында өскеннің маңызы өте зор. Өйткен балам осындай дәрежеде өссін” деген ата-ана мектепті шектен тыс қалдырмайды. Мектеппен бірге жұмыс жүргізіп, баласын үлкен азамат етіп өсіруге ықпалын тигізеді.

Аса көрнекті педагог В. А. Сухомлинский: “Адамгершілік, меймандықты, қайырымдылықты тәрбиелейтін шын мектеп отбасы”, - деген. Өйткені отбасы нақты тұрмыстық жағдай жасай отырып, балаға этникалық-мәдени орта тудырады, баланың тұтас дүние - танымының негізін, тарихи, діни, географиялық көркемдік-эстетикалық құқықтық санасын оятып тәрбиелейді.

Сол себепті бастауыш сыныпта мектеп пен жанұяның бірлескен жұмыс формаларын қалыптастыру және жүргізу қайшылықтарын шешу мақсатында біз дипломдық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта мектеп пен жанұяның бірлескен жұмыс формалары» деп таңдадық.

Зерттеу мақсаты

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мектеп, жанұя және жұртшылықтың үйлестіріп жүзеге асыра отырып тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі жүргізу.

Зерттеу орны.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Бауыржан Момыш улы атындагы орта мектебі.

Зерттеу пәні: Төменгі сыныпта мектеп пен жанұяның бірлескен жұмыс формаларын қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері

  1. Тақырыбына байланысты көрнекті, жаңашыл педагогтардың еңбектерін талдау, жинақтау, зерттеу.
  2. Зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныс беру.

Зерттеудің әдістері

Педагогикалық эксперимент

Сұрақ-жауап

Әңгімелесу

Анкета

Зерттеудің болжамы

Егер оқу-тәрбие процесінде үйелменмен, жұртшылықпен еңбек ұжымдарымен табиғи байланыста, ынтымақтастықта бола отырып үйелменмен, ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізілсе, онда жеке тұлғаның жоғарғы моральды қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын жағымды өнегерлерімен мұраларды, дәстүрлерді қалыптастыру қоғамның жоғары саналы азаматы болуына әсер ету мүмкіндігі туындайды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  1. Бастауыш сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне тоқсан сайын барып тұру, әр балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
  2. Ата-анаға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасу жолдарымен даму заңдылықтары туралы білім беру. Осы мақсатта сынып жетекшілері ата-аналармен психология, педагогика, анатомия, физиология және гигиена мәселелері бойынша әңгімелер өткізіп, пікір алмасу.
  3. Ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болу, оларды сыныптарда, жалпы мектепте өтетін шараларға белсенді қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету.

І ТАРАУ. МЕКТЕП ПЕН ҮЙЕЛМЕННІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ

1. 1 Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата-ана жұмыстарының мақсаты мен міндеттерінің бірлігі

Жұртшылықтың барлық күш жігерін мектептен тыс балалар мекемелеріне көмектесуге, жас ұрпақты тәрбиелеумен оқыту проблемасын мектеппен және отбасымен бірігіп шешуге бағытталады. Қоғамның дамуы объективтік даму қозғалысына сәйкес мектептің, отбасының және жұртшылықтың ынтымақтастығы - балалар мен жастардың тәрбие процесін интенсивтендірудің негізгі жолдарының бірі болады.

Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайтын әр түрлі тәрбие факторларды педагогикалық мақсатта пайдаланған жөн. Осыған байланысты мектеп пен отбасының және жұртшылықтың күш салып бірігуімен жүзеге асырылатын тәрбиенің жүйесін қарастырған жөн.

Тәрбие жүйесінде жаңа адамды өмір, еңбек, білім беру процесінде қалыптастыруда қоғамдық тәрбие институттарының ролі өте зор. Оларға мектеп, отбасы, жұртшылық, әр түрлі өндіріс және еңбек коллективтері жатады.

Мектептің сенімді одақтасының бірі - отбасы. Тәрбие жүйесінде отбасының алатын орны өте зор. Отбасы кішігірім коллектив, көп ұлтты мемлекетіміздің негізгі осы шағын коллективтерден қаланады. Осы тұрғыдан әр бір отбасы өзін қоғамының бір бөлігі деп түсінеді. Отбасында жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру, жарқын нысананы нұсқау ата-аналардың ардақты борышы деп табылады.

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.

Мектеп оқу-тәрбие жұмысында үлкен роль атқарады. Мектеп пен үйелмен ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен үйелмен байланысның басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, тағы басқа талқыланды, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.

Байланыс формаларының бәрі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектеп пен үйелмен ынтымақтастығының тағы бір формасы - педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.

Қазір ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын үйелмендерді басшылыққа алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.

Мектептің, үйелменнің, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.

Міне, осы тұрғыдан бүкіл жұртшылықтың ісі болып отыр. Жұртшылықтың барлық күш-жігерін мектептен тыс балалар мекемелеріне көмектесуге, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту проблемасын мектеппен және отбасымен бірігіп шешуге бағыттады.

Қоғамның объективтік даму қозғалысына сәйкес мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың ынтымақтастығы - балалар мен жастардың тәрбие процесін интенсивтендірудің негізгі жолдарының бірі болды.

Мектеп жас түлектерге білім және тәрбие берудің жетекші институттарының бірі. Мектептің өмір мен іс-әрекеті, табиғаты отбасымен, жұртшылықпен және еңбек ұжымдарымен тікелей байланысты. Сондықтан да оның тәрбиелік функциясының күші әрі зор, әрі беделді.

Әрбір ата-ана өз баласын “менің қуанышым, бақытым” дейді, өз махаббатының нұрына бөлейді. Бала үшін олар өзінің барлық күш-жігерін жұмсайды. Сондықтан әке мен ана өзінің баласының келешегін ойлар, отбасындағы сабырлы мінездің үлгісін, еңбектегі қол жеткен табыстарының нәтижелерін көрсете отырып, оны адалдыққа, шындыққа, еңбек сүйгіштікке, ұжымдыққа тәрбиелейді. Салмақты, ілтипатты, тәртіпті, еңбеккер, білімдер әке мен ананы бала жанындай жақсы көреді, бас иеді, мыйлайды. Ол өзінің әкесі мен анасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді қатты бағалайды.

Бірақ, ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктердің барлығын байқауға болады. Қайсыбір ата-аналар “менің міндетім баламды киім және тамақпен қамтамасыз ету, білім, тәрбие беру мектептің ісі”, - деп түсінеді. “Адам болатын бала айтқанымды екі етпейді, өздігінен оқиды, білім алады”, - деушілер де бар. Ал, балаларын шамадан тыс еркелетуші, олардың орынсыз талаптарын бұлжытпай орындаушы, шексіз еркелететін ата-аналар да кездеседі. Кейде баланы орынсыз сөгіп, “Сен топастан ештеңе шықпайды”, - дейтін ата-аналар да болады. Мұндай теріс ұғымдар баланың келешегіне зиян келтіреді, ал орынсыз балағаттап баланың абыройын төгу ата-аналардың беделін түсіреді.

Кейбір ата-аналар өзінің жауапкершілігін сезе бермейді, балаларын тәрбиелеуден қол үзеді, олардың өсіп келе жатқанын, мектептегі, үйдегі өмірін, көпшілік орындарында байқалатын теріс қылықтары мен әрекеттерін зерттемейді. Осының нәтижесінде балалары сабақты үлгермейді, еңбек етуден бас тартады, жеңіл-желпі өмір сүруге бейімделіп, керек десе адамгершілікке жатпайтын қылықтарымен де айналысады. Мұның бәрі блаларды өнері іске, саналы тәртіпке үйретпейді. Білім алуға, еңбек дағдысына бағдарламайды. Сондықтан әрбір әке мен ана балаларына ерекше қамқоршы болып, тәрбие ісіне аса жауапкершілікпен қараулары тиіс.

Озат тәжірибемен қаруланған ұйымшыл отбасы баланы ұстамды берік мінезге тәрбиелейді, еңбекке төселдіреді, мәдени сауыққа дағдыландырады. Отбасы өзінің барлық өмірі мен іс-әрекетін нақты режим бойынша жүзеге асырады. Мұндай отбасыда, оның әрбір мүшесі қуаныш сезіміне, бақыт нұрына бөленеді, жігерлі жарқын жүзді, ұжымшыл, қабілетті болып өседі.

Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Ал, бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Отбасылық тәрбие проблемасын шешу отбасы мен мектептің тікелей міндеті. Олар білім және тәрбие процесін іске асыруда өзара бірігіп күш салады, нәтижелі жұмыс істеуге тырысады, балалардың дер кезінде жалпы орта және кәсіптік білім алуына қажетті жағдай жасайды.

Сонымен балалар мен жеткіншектерді жан-жақты және үйлесімді етіп дамытуда отбасының педагогикалық ықпалы тәрбиенің басты принциптеріне негізделеді. Олар: ата-аналардың тәрбиенің мақсатын жете түсіне білуі, отбасыдағы бірауыздылық, өзара сыйлаушылық пен түсінушілік, жылы шырай - отбасы мүшелерінің рухани күшінің сарқылмас қоры, ата-ананың отбасыда беделі бала үшін байыпты үлгі, ата-аналармен мұғалімдердің балаларға біріңғай талап қоя білуі.

Осы принциптерді жүзеге асыру мектеп пен отбасы арасындағы істелетін жұмыстардың мақсаттарына, мазмұнына, формаларына байланысты. Озат мектептердің іс-тәжірибелеріне сүйеніп, мектеп пен отбасы балаларды бірігіп тәрбиелеу ісінде әр түрлі жұмыс формалары қолданылады.

Ата-аналармен жеке кездесу. Класс жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесу барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге сынып жетекшілері ата-аналарды балаларыың үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн тәртібі, оларды еңбекке баула, үйге берілген оқу тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқиды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет.

Міне, осы жағдайларда ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру өте қажет, сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының барышы, нақты көмек.

Ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар активі мектеп басшылары және сынып жетекшілерімен бірделі жауап береді. Ата-аналар жиналысында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар комитетінің және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстар өткізіп отырудың маңызы өте зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру. Оған мектептердің тематикалық жиналыстарында талқыланып жүрген тақырыптар: “Отбасылық тәрбие жайлы”, “Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы”, “Отбасылық тәрбиедегі кейбір қателіктер, оларды болдырмаудың жолдары”, “Тәрбиеленуі қиын баламен қалай жұмыс істеуге болады”, “Оқушылардың үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруын ата-аналардың бақылауы мен басшылығы”, “Отбасы мүшелерінің арасындағы өзара құрметтілік, достық пен адалдық”.

Ата-аналарға жүргізілетін әңгімелер мен лекциялар. Педагогикалық және психологиялық білімі бар ата-аналарға түрлі тақырыптарда әңгімелер мен лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп реформасы жайлы газет, журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен лекциялар мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет. Мысалы, бастауыш мектеп жасындағы балалар тәрбиесінің негізгі ерекшеліктерімен міндеттері, іс-әрекеттерінің түрлері, әсіресе алты жастағы балалар мен ұйымдастырылған істердің формалары, әдістері мен тәсілдері жайлы. Сонымен бірге қиын балалармен жұмыс істеуде кездесетін кейбір қиыншылдықтарды болдырмауды алдын ала қарастыру, олардың таным қабілетін еңбекке деген ынтасын, қызығушылығын оятып, мұғалімдер ата-аналармен әңгіме өткізеді, пікір алмасады, қажетті кеңес береді.

Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар оқиды.

Конференция өткізу. Отбасылық тәрбиенің басты мәселелері жайлы пікір алмасу негізінде параллельді сыныптар оқушыларының ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек коллективтерінің уәкілдері қатысады.

Әдетте конференцияны мектеп басшыларының беруі немесе ата-аналар комитетінің төрайымы, я болмаса республикаға еңбегі сінген озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алмасу болады. Конференция өз жұмысын қысқа методикалық кепілдеме қабылдаумен аяқталады.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыбына түрлі эскпонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн тәртібі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың текстері, кинофильмдердің тізімі т. б.

Ата-аналар лекторийлері. Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы программа бойынша ата-аналар үшін лекциялар оқылады.

Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекториялердің программасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, миниум-программасында мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

  1. Тәрбиенің мақсаты және міндеттері.
  2. Мектеп реформасы және ғылыми-техникалық прогресс.
  3. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында ортаның және тәрбиенің ролі.
  4. Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі.
  5. Тәрбиенің психологиялық негіздері, принциптері мен жалпы әдістері.
  6. Ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесі.
  7. Балаларды еңбекке даярлауда, сүйенген мамандығын саналылықпен таңдауда мектеп-аралық өндіріс комбинаттарының, өнеркәсіп, ауылшаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
  8. Эстетикалық және дене тәрбиесі.
  9. Халықаралық тәрбие.
  10. Әскери-патриоттық тәрбие.
  11. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-отбасылық өмірге дайындау.
  12. Ғылыми-атеистік тәрбие.
  13. Оқушыларды екінші жылға қалдырмаудың ғылыми педагогикалық негіздері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы педагогикада блім беруді ізгілендіруді теориялық негіздеу
Мектептің оқу тәрбие процесін басқару
Сынып ұжымын ұйымдастыру
Педагогиканың жалпы мәселелері. Педагогика пәні, оның әдіснамалық негіздері
Қазіргі мектенптерде білім беру мазмұны
Адам тұлғасы дамуында еңбектің ролі
Мектеп жасына дейінгі тәрбие
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz